Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


І. Ыңғайлас (мезгілдес) мәнді іргелес салалас сөйлем



Pdf көрінісі
бет76/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   118
І. Ыңғайлас (мезгілдес) мәнді іргелес салалас сөйлем
Ыңғайлас (мезгілдес) мәнді іргелес салаластар мағынасы мен 
құрылымдық-грамматикалық ерекшеліктері жағынан біркел кі 
емес. Оларды өзара мынадай екі түрге бөлуге болады: бір уақыт-
тағы іс-сапаны білдіретін салалас сөйлемдер, әртүрлі уақыттағы 
іс-сапаны білдіретін салалас сөйлемдер.
1. Бір мезгілдегі іс-сапаны білдіретін салаластар екі компо-
нент тен де, одан көп компоненттен құрала береді. Бұл компо-
нент тердің баяндауыштары лексикалық – грамматикалық жасалу 
құрамы жағынан бірде өңкей етістіктер, бірде өңкей есім сөз 
болып келеді. Сөйлем компоненттері санамаланған интонация-
мен айтылады. Бұл компоненттерінің синтаксистік қыз меті жа-
ғынан тең екенін көрсететеді. Ком понент терінің баяндауышы 
етістіктен жасалғанда, бір түрлі рай, бір түрлі шақ мәнді болып 
келеді (тұлғалас болады), не қайталанған сөз де болады. Мысалы:
1. Арқа жіпсіді, маңдайдан тер будақтады (Ғ. Мұстафин).
2. Тоймай жер әлек, тойғыза алмай нар әлек (Ғ. Мұстафин).
2. Әртүрлі уақыттағы іс-сапаны білдіретін салаластар әрда-
йым екі компоненттен құралады да, 
а) бірде алшақ кезең аралығындағы іс-сапаны білдіреді. Осы-
ған орай алдыңғы компоненттің баяндауышы көбіне, тия нақсыз 
өткен шақ тұлғасында тұрып («еді» дәнекер көмекші етістігіне 
бітіп) жұмсалады да, кейінгі компоненттің баяндауышы басқа рай, 
басқа шақ тұлғалы етістіктер не әртүрлі есім сөздерден жасала 
береді. Ескертетін тағы бір жай: бұл компоненттер айырым 
мезгіл пысықтауышты болып келеді. Сөйлеу стиліне қарай, бұл 
пысықтауыштар бір компонентте, кейде екі компонетте де түсі рі-
ліп отырылады. Мысалы: 
1. Мойныма талай мінгізіп едім, ақтады сонысын (Ғ. Мұстафин).
2. Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір 
асығыстық бар еді, қазір ол жоқ (Ғ. Мұстафин)
3. Бұрын байдың қосын жегетін едім, енді өзім баймын
(Ә. Нұршайықов).
ә) енді бірде жедел кезең аралығындағы іс-сапаны білдіреді. 
Алдыңғы компоненттің баяндауышы бірде тиянақсыз өткен шақ 
тұлғасында, бірде басқа шақ тұлғасында тұрып жұмсалады. 
Кейінгі компонент баяндауышы қандай да болмасын рай, шақ 


Қазіргі қазақ тілі
127
тұлғасында қолданыла береді. Бұл салалас сөйлемдерде де айы-
рым мезгіл пысықтауышты болып келеді, бірақ кейінгі компо-
ненттердегі мезгіл пысықтауыш сілтеу есімдік құрамды сөз тір-
кесі тұрғысынан айтылады. Бұл кейінгі компоненттің іле-шала 
болған қимыл-күйді білдіруіне байланысты. Мысалы:
1. Давыдов енді ғана жауап қайтармақшы болып еді, сол кезде 
аула ішінде автомобилдің салдыры естілді (М. Ш.).
2. Жолбарыс қарғымақ болып көтеріле берген еді, сол сәтте 
Садық гүрс еткізіп атып жіберді (Ә. Әбішев).
3. Ленин мовзолейінен шығып келе жатқан едім, біреу 
иығымнан қаққандай болды (Ш. Мұртаза). 
Бұлардың сызықшамен бөлінетін түрлері болады:
Қарға қарқ етті – ірімшік жерге салп етті.
Тептім, – терекке шықтым (жұмбақ).
Біртектес, бір мезгілдегі іс-әрекетті білдіретін ыңғайлас са ла-
ластардың құрылымдық бір ерекшелігі бар: ол – олардың ашық 
құрылымды болып келуі. Соған орай олар тек екі компо ненттен 
ғана тұрмайды. Үш не одан да көп болып келе береді, яғни 
компонент санын жалғастыра беруге болады. Мысалы: 
1. Үй сыланбаған, сынық терезелері қойылмаған, екі бөлмеге 
ортақ жалғыз пеш құлап қалған (Ғ. Мұстафин).
2. Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, ба-
луан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады (мақал).
3. Бекбай – жұмысшы, Танаш – коммунист, Әуесхан – жалшы 
болатын (Ғ. Мұстафин).
Ал алшақ кезең аралығындағы іс-әрекетті беретін ыңғайлас 
құрмаластар негізінен екі құрамды болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет