Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


ІІ. Салыстырмалы мәнді іргелес салалас



Pdf көрінісі
бет77/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   118
ІІ. Салыстырмалы мәнді іргелес салалас
Салыстырмалы мәнді іргелес салаластар кейде екі компонент-
тен, кейде одан да көп компоненттен құралады. Бұларды екі топ 
ыңғайында қарастыруға болады:
1) мақал-мәтел тұрғысынан айтылатын;
2) жай сөз түрлерінде айтылатын салыстырмалы мәнді 
салалас сөйлемдер.
1) Мақал-мәтел түріндегі салыстырмалы салалас сөйлемдер 
екі компоненттен де, одан да көп компоненттен де құралады. 
Олар дың баяндауыштары бір түрлі шақ тұлғасында жасалады. 


Бердібай Шалабай
128
Компоненттері құрылысы жағынан синтаксистік қатар құрап қа -
лыпта сып жұмсалады. Мысалы: 1. Еңбек ерлікке жеткі зер, ерлік ел -
дік ке жеткізер. 2. Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асы -
мен көрікті. 3. Еңбегің – дәулетің, беделің – сәулетің (мақал дар).
Жай сөз түрінде жұмсалатын салыстырмалы мәнді салалас тар 
әрдайым екі компоненттен құралады. Олардың да баянда уыш-
тары бір түрлі рай, шақ тұлғасында айтылады. Бұл компонент-
тер де мынандай ерекшеліктер бар:
а) салыстырмалы мәнді салаластар мақал-мәтелдер сияқты, 
құрылысы жағынан лексикалық-синтаксистік қатар құрап тұра-
ды. Мысалы: 1. Қазақ халқы ел сұлуының бірі, қазақ жері – жер 
сұлуының бірі (І. Есенберлин). Олардың біразы майданнан кел-
гендер, біразы жергілікті қазақтардан құралғандар (С.М.). Бұл 
– саниструктор, мен – солдат (С.Қ.). Мен – қыз, сен – ұл (С.М.). 
Сен менің орныма отыр, сенің орныңа мен отырамын. (Ә. Әбішов).
ә) Салыстырмалы мәнді салалас сөйлемнің алдыңғы компоненті 
сұрау есімдік мүшелі болып келеді де, компоненттер баяндауышы 
көбіне, қайталанған есім сөздер тұрғысынан жұм салады. Мұндай 
сөйлемдердің эмоционалдық-экспрессивтік реңі басым болып 
келеді. Сондықтан олар көркем әдебиет сти лінде, публицистикалық 
стильде және ауызекі стильде жиі кездесіп отырады. Мысалы: Бұл 
күнде шаруашылықта не көп, зулап тұрған машина көп (Қаз. әд).
Қазақта ол кезде кім көп, батыр көп (І. Есенберлин).
Кейде осындай сөйлемдердің компоненттерінде сұрау, сілтеу 
есімдіктері жарыса айтылады. Мысалы: Күн көзі қалай жылт 
етті, шөпшілер де солай жадырап шыға келді (Қ.Ә). 
б) салыстырмалы мәнді салалас сөйлемде алдыңғы компо нент 
баяндауышы 
сондай, сонша, соншалық 
сілтеу есім дігі не гіз дес 
үстеулерден жасалады. Мысалы, Оның мөлдір лігі сонша лық, тү-
бі не түскен түйме алақандағыдай көрінеді (С.Қ.). Сабыр лы Олжа-
бек тің сасқаны сонша, ол орнынан ұшып тұрды (Ғ. Мұстафин).
Алдыңғы компонент баяндауышы ілгерідегі үстеу сөздер мен 
сын есімнің тіркесінен де жасала береді. Мысалы: Сондай суық 
екен, шекеңнен өтеді (М.Ш.). Ән сондай әдемі, теңіздің толқын 
үні мен екеуін жыл бойы тыңдауға да болады (Ғ. Мүсірепов). 
Салыстырмалы мәнді сөйлемдердің енді бір тобында ал дың ғы 
компонент баяндауышы лексикалық-грамматикалық болымсыз 


Қазіргі қазақ тілі
129
мәнді, кейінгі компонент баяндауышы лек си калық-грам матика лық 
болымды мәнді болып келеді. Олар кейде қайталанған сөздер тұр-
ғысынан да жұмсалады. Бұл компоненттердің арасында бір қа ра-
ғанда қарсылықты мағына бар сияқты, алайда, са лыстырмалы ма-
ғына басым болып келеді. Мысалы: Алысқан ал майды, ақыл ала ды 
(мақал). Мәселені стол басындағылар шеш пейді, халық ше шеді, 
апа (Ғ. Мұстафин). Өнерді аспаннан іздеме, халықтан ізде (мақал). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет