Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет78/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Қарсылықты мәнді іргелес салалас
Қарсылықты салалас екі компоненттен құралып, олардың 
мағыналары өзара қарама-қарсы мәнде келеді.
1. Бір не екі субъектінің іс-әрекеті, ой-ниеті бір-біріне қайшы 
болады. Мысалы: Амантайдың даусын естіп Асқар құшағын жа-
зайын деп еді, – Ботагөз босатпады (С. Мұқанов). Тағы сөй лейін 
деп еді, кемпірінен қорықты (С.Жүнісов).
2. Бірінші компоненттегі іс-әрекеттің логикалық қорытын-
дысы ретінде екінші компонентте болуға тиісті әрекет болмай 
шығады немесе басқаша болады. Мысалы: Ауылға көзін аларта 
талай уәкілдер келеді, – ақ үйден аттанарда жымия күледі
(Ғ. Мұстафин). Ізбайшаға Ескендірді көтеріп отыру жарасар-ақ 
еді, тағдыр жазбады (Ш. Мұртаза).
Себеп мәнді іргелес салалас
Компоненттері бірі екіншісіндегі іс-әрекет, жай-күйдің се бебін 
білдіріп, өзара себеп-салдарлық қатынаста тұрады. Себе бін біл-
діретін компоненті, алдымен келгенде, оның баян дауы шы көбінесе 
өткен шақ тұлғасындағы етістіктен жа са лады. Мыса лы: Үл кендер 
қатты қорқытып қойған болу ке рек, үйдегілер дауыстарын шы-
ғара алмай, жаншылып, егіліп жылайды (М. Әуезов). Вася ба сын 
шайқады, мен енді жетеу-ақ қалғанымызды түсіндім (Ғ. Мүсірепов).
Себебін білдіретін компоненттері соңынан келгенде де, 
өткен шақ тұлғалы етістіктен және есім сөздерден жасала береді. 
Мысалы: Нұрым қамшыны да босатпады, – басқа соғар деп 
қауіптенді (Х. Есенжанов). Енді жасыру мүмкін емес, үйлену 
тойы ертең, кеште (Х. Ерғалиев).
Түсіндірмелі іргелес салалас
Түсіндірмелі салаласта алғашқы компоненттің мәні екінші-
сінде ашылады. Мысалы: 
Сол 1926 жылы қазақ мәдение тінің 
тарихында зор бір оқиға болды: тұңғыш рет қазақтың ұлт 


Бердібай Шалабай
130
театры ашылды
(Ы.Дүйсенбаев). 
Екі көзі менде – байқаймын, 
кім екенімді білуге құмартып тұр
(Х. Есенжанов).
Жалпы, түсіндірмелі салаластардың алғашқы жалпылама 
мәндегі компонентінен кейін қос нүкте қойылады. Ал олардың 
компоненттерінің бірі – алғашқысы немесе екіншісі толымсыз 
болып жұмсалса, компоненттерінің арасында түсірілген сөздің 
орнына сызықша қойылады. Ол сөз алғашқы компоненттің 
баяндауышы 
(мынау)
болуы мүмкін. Мысалы: Жылқы ішінің 
тағы бір жат көрінісі – арасында құлын жоқ (М. Әуезов). Екінші 
бір жағдайда соңғы компонентінің бастауышы 
(ол) 
айтылмайды: 
Жәуке мұны да таныды – Құрымбай! (Б. Майлин).
Алғашқы мысалда түсірілген сөз – бірінші жалпылама мән-
дегі компоненттің баяндауышы «мынау» болса, екінші мысалда 
соңғы түсіндіруші компоненттің бастауышы – «ол».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет