Проблемы современного образования к вопросу о развитии системы повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров в республике казахстан


БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПƏНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПƏНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
БІЛІМ БЕРУДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
Ж.Б.Қалдыбаева - 
ҚазҰПУ оқытушысы 
 
Білім  беру  халықтық  жəне  мемлекеттік  ұлттық  құндылық  болып  саналумен  қатар,  қоғамдық 
өмірдің тұрақты дамудың қамтамасыз ететін құрал да болып отыр. Алдыңғы қатарлы елдерде экономика 
жəне  сапалық  деңгейде – білім  беруге  негізделген  үрдістер  өмірге  енуде.  Қазақстан  Республикасының 
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, қазақстандық білім 
берудің  мазмұны  қазіргі  кезде  бұрынғы  жүйе  түрінде  қалып  отыр,  ал  құрылымы  жалпыға  танылған 
халықаралық  стандарт  ұстанымдарға  сəйкес  келмейді  деп  атап  көрсетілген.  Осыған  орай  педагогикалық 
кадрларды  даярлау  жүйесінің  сапалығын  арттыру  үшін,  əлемдік  білім  кеңістігінің  талаптарына  сəйкес, 
оны реформалау қажеттігі туып отыр.  
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында кəсіби міндеттерін өз бетімен шығармашылық 
тұрғыдан шешетін, кəсіби тұлғасы мен қоғамдық маңызын түсінетін жəне сол үшін жауап беруге кəсіби 
жағынан білікті, бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді 
жүйесі құрылатын болды [1]. 
Педагогикалық  кадрларды  даярлауда    мұғалім  мамандығына  сұраныстың  азаюы,  олардың 
əлеуметтік  мəртебесінің  төмендеуі,  білікті  мамандардың  экономиканың  жоғары  төленетін  салаларына 
кетіп қалуы сияқты біршама қиыншылықтар кездеседі. Бұл мəселе бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде де 
шешім  тапқан  жоқ.  В.Д.Симоненко  ХХІ  ғасырда  адамға  мынадай  жетекші  талаптар  қойылады  деп 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
51
ескертеді: үйретуге жарамдылық, яғни өз білімінді үздіксіз көтеру жəне түрлі аралық түрпішіндері арқылы 
жетілдіру  қабілеттілігі,  іс-əрекеттің  жаңа  түрлерін  игеру;зияттық-денелік  даму,  яғни  жаңа 
технологияларды тек зиятты дамыған тұлға ғана игере алады; креативтілік, яғни шығармашылықты түрде 
ойлау жəне əрекет жасау; өз Отанының  патриоты болу, жоғары адами қасиеттерді мақсат тұту [2]. 
Осындай адамды даярлау жалпы алғанда білім беруде, соның ішінде жоғары білім беру саласында 
басымдылыққа ие болу керек. Бұл «жинақталған» адам тəжірибесін иеленуші педагогқа белгілі талаптар 
деңгейін ұсынған. 
Экология ғылымының да қалыптасуы мен дамуы күрделі кезеңдерден өткені белгілі. Адам баласы 
табиғаттың  туындысы  ретінде  табиғат  компоненттерімен  қарым-қатынаста  болып  келеді  жəне  бола 
бермек.  Əрбір  қоғамдық  формацияда,  мемлекеттік  жүйеде  табиғатқа  деген  көзқарас  бірдей  болмады. 
Нəтижесінде,  адам  баласы  мен  табиғат  арасындағы  тепе-теңдіктердің  бұзылуына  əкеп  соқты.  Ғылыми-
техникалық прогрестің дамуы табиғатқа бұрын-соңды болмаған салмақ түсірді. Жер шарында урбандалу 
мен экологиялық апаттарға жол берілді. Осыған байланысты бүгінгі талап табиғат ресурстарын болашақ 
ұрпақтар үшін сақтап қалу, көбейту жəне қайта түлету  проблемасы күн тəртібінде тұр. Бұл проблеманы 
шешу жолдарының бірі көпшіліктің жалпы экологиялық сауатын ашу жəне экология мамандарын даярлау. 
Ол  үшін  отбасы,  бала-бақша  жəне  мектеп  қабырғасынан  бастап  экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  ісін 
мемлекеттік деңгейде дұрыс жолға қою қажет.  
Экологиялық білім беруді жақсарту жолдарының бірі – мамандардың білімін дамыту жəне қайта 
даярлау  институттарының  рөлін  көтеру.  Шын  мəнінде  біздің  жалпы  орта  білім  беретін  мектептеріміз 
экология  мамандарымен  қамтамасыз  етілмеген.  Олардың  рөлін  биологтар,  географтар,  физиктер  мен 
химиктер  атқарып  жүр.  Нəтижесінде,  экологиялық  дайындығы  жоқ  ұстаздар  экология  ғылымының 
негіздері,  экологиялық  педагогиканың  негізі  қағидалары  мен  заңдарына  мəн  бермей  өздерінің 
мамандықтарына  сəйкестендіріп  білім  беруге  бейім  келеді.  Мұндай  жағдайда  экологиялық  білім  мен 
тəрбие  беру  деңгейі  күрт  төмендеп  оқушылардың  экологиялық  дүниетанымы,  қызығушылығы  мен 
табиғатқа  деген  жауапкершілігі  бейжайлыққа  қарай  өзгереді.  Сол  үшін  жоғарғы  оқу  орындарында 
экология мамандарын дайындауды одан əрі жақсарта түсуді қажет етеді.  
Пəндерді  экологияландыру  немесе  экологиялық  арнайы  курстарды  оқытуда  инновациялық 
əдістерді  қолдану  жақсы  нəтиже  береді.  Қазіргі  кезде  оқу-тəрбие  процестерін  компьютерлендіру, 
ақпараттандыру,  дистанциондық  оқыту  əдістері,  оқытудың  дəстүрлі  емес  формаларын  енгізу,  модулдік 
жүйе  бойынша  оқыту  жолдары  педагогикалық  жəне  психологиялық  экологияның  жаңашыл  үрдістерін 
өмірге əкелді.  
Педагогикалық  мақсатпен  зерттеу  жүргізгенде  ең  алдымен  сол  пəннің  мазмұнын  студенттерге 
жеткізудің сан-қырлы дидактикалық талаптарын жүзеге асыру жолдары талданатыны белгелі. Олай болса 
біз өз ізденісімізде педагогикалық мəселелердің түйінді шешімдерін анықтауға тырысамыз.  
Педагогикалық тұрғыдан қарағанда оқыту дегеніміз – жеке адамның бойына ұжымдық тəжірибені 
сіңіру.  
Дидактикалық тұрғыдан оқыту дегеніміз – білім берудің мазмұнын білім алушыға жеткізу ісіндегі 
сабақ беру (оқытушының қарекеті) мен оқудың (білім алушының таным əрекеті) бірлігі.  
Бұл жерде болашақ мұғалімдерге пəнаралық байланыста (жаратылыстану пəндері негізінде) оқыту 
арқылы  экологиялық  білім  беру  мəселесі  болғандықтан,  жаратылыстану  пəндерінің  мазмұнындағы 
экологиялық білім беру жайы сараланып, оларды белгілі бір жүйеге келтіру (Сурет 1).  
Пəнаралық  байланыста  (жаратылыстану  пəндері  негізінде)  берілетін  экологиялық  білім  берудің 
жүйесі  жастардың  төменгі  курстан  бастап  болашақ  мамандықтарына  кəсіби  бейімделуіне  жағдай  жасап, 
мүмкіндік  береді.  Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесі  барлық  пəндерді  өзара  байланыстыра,  кіріктіре, 
сабақтастыра  отырып  оқыту  арқылы  білім  беріп,  жастарды  шығармашылық  əрекетіне  үйрету,  жекебас 
дербестігін  дамыту,  бойларына  жауапкершілік,  орнықтылық  қалыптастыру  т.б.  мəселелерді  шуше 
мақсатын көздеп отыр.  
Пəнаралық  байланыста  (жаратылыстану  пəндері  негізінде)  экологиялық  білім  беруді 
ұйымдастыру,  жеке  пəндер  мазмұның,  мəтінінің  бір-бірімен  өзара  жымдасуын  қамтамасыз  ететіндей 
белгілі  бір  жүйелілікті  керек  етеді.  Экологиялық  білім  берудің  мазмұны,  нақты  пəндердегі  білім - 
əлеуметттік  экологиялық  білім – мамандықтармен  байланыстырған  білім,  тізбегіндей  бір-бірімен  өзара 
ұштасып, сабақтасып жатса, онда əрбір жеке адамда жоғары əлеуметтік-экологиялық сана-сезім, əрбір іс-
əрекетте ойлылық, жауапкершілік қарекеттерінің қалыптасатыны анық. 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
52
 
Экологиялық білім беру жүйесі 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 - Пəнаралық байланыс (жаратылыстану пəндері) негізінде экологиялық білім беру жүйесі 
     
Экологиялық білім мен тəрбие беру материалдарды сұрыптағанда, қоршаған ортада болып жатқан 
əр  түрлі  құбылыстарды  жалпы  жəне  жеке  заңдар  мен  ережелер  негізінде  түсіндіруден  бастаса, 
студенттерде қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үрдістерге танымдық көзқарасы жетіліп, ол жалпы білімнен 
мамандықтарына қатысты кəсіби білімге ұласа алады. Ал, мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең 
алдымен  оқытылатын  əрбір  пəннің  мазмұнына  оқытудың  мақсатын,  нəтижесін  анықтайтындай  оқу 
бағдарламасында көрініс табу қажет.  
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғау проблемасын жүзеге асыру 
əлеуметтік,  экономикалық  жəне  экологиялық  жағдайлардың  біртұтас  жүйе  ретінде  əрекет  етуді  талап 
етеді.  Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  өтпелі  кезеңінде  табиғатты  тиімді  пайдалану  мен 
қоршаған ортаны қорғауды тұрақтандырудың бірнеше негізгі міндеттері тұр:  

еліміздің табиғи-ресурстық мүмкіндігін есепке ала отырып ұлттық байлықтың шексіздігін 
реттеу; 

табиғат байлықтарын пайдалану, өндіру жəне қорғау барысында оның экономикалық тиімді 
жолдарын өмірге енгізу;  
Э К О Л О Г И Я 
П Е Д А Г О Г И К А Л Ы Қ   Т Е Х Н О Л О Г И Я 
Білім беру түрлері:  
- Дəріс  
- Семинар  
- Сарамандық 
- Зертханалық 
- СӨЖ 
- СОӨЖ 
- Аудиториядан 
 тыс  жұмыстар 
- қашықтан оқыту 
 
Оқыту əдістері: 
-  Ауызша 
-  Жазбаша  
-  Сөздік  
-  Көрнекілік 
-  Тəжірибе 
-  Бақылау 
-  Диспут, пікір-талас 
-  Конференция 
-  Дистанциондық 
-  Модулдік 
-  Бағдарлап   
-  Интерактивті 
Бағалау, қадағалау 
түрлері: 
-  емтихан 
сұрақтары 
-  тест  
-  аралық жəне 
ағымдық 
бақылау 
-  коллоквиум  
-  сынақ 
-  емтихан 
Н Ə Т И Ж Е 
Жаратылыстану пəндері (география, биология, химия, физика т.б.) 
Экологиялық білімі қалыптасқан жеке тұлға 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
53

экономиканы экологияландыру; 

көпшілікке экологиялық білім берудің мемлекеттік бірігей жүйесін міндеттеу; 

мемлекеттің экологиялық саясатына қолдау көрсету;  

қоршаған ортаны қорғау туралы экологиялық заңдарды жетілдіру; 

экологиялық білім кодексін қабылдау. 
Қазақстанның  əлеуметтік-экономикалық  жағдайларының  тұрақтануы,  оның  құрамдас  бөлігі 
экологиялық  аспектісі.  Экологиялық  проблемалардың  туындауы  табиғат  ресурстарын  тиімді  пайдалану 
мен  қорғаудың  экономикалық  жолдарының  экологияландырылмауынан  болып  отыр.  Табиғатқа  деген 
көзқарастың Кеңестік  тоталитарлық-əкімшілік  кезеңі,  тарихи-əлеуметтік  жағдайлардың  өтпелі  кезеңдері, 
экологиялық  білім  мен  тəрбие  берудегі  дағдарыстар  т.б.  көптеген  факторлар  еліміздегі  экологиялық 
ахуалды шиеленістіріп жіберген еді.  
2003 жылы Елбасы өткен заңнамаларды сараптай отырып «Қазақстан Республикасының 2004-2015 
жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігін  сақтау  тұжырымдамасы» (2003), елімізде  қалыптасқан 
экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа бағыттарын нақтылап берді.  
Жаңа  тұжырымдамада  іске  асырылмаған  міндеттерді  шешу  ұсынылады.  Олардың  ішінде: 
экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, 
оның  ішінде  іргелі  ғылыми  зерттеулердің  ілгермелі  дамуын  қамтамасыз  ету;  қоршаған  ортаның  жай-
күйіне  мониторингтің  бірыңғай  жүйесін  енгізу;  Қазақстан  Республикасының  аумағын  экологиялық 
аудандарға бөлу жəне арнаулы картографиялау ұсынылады.  
Қабылданған тұжырымдаманың негізгі мақсаты – табиғи жүйелердің, қоғамның өмірінің маңызды 
мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік жəне табиғи əсерлердің нəтижесінде 
туындайтын қатерлердің қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.  
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:  

климаттың  өзгеруі  мен  Жердің  озон  қабатының  бұзылуына  дұшар  ететін  антропогендік 
əсерді азайту; 

биоəртүрлікті сақтау жəне жердің тозуы мен шөлейттенуінің алдын алу; 

экологиялық апат аймақтарын, əскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту; 

Каспий теңізі қайранының ластануын алдын алу;  

су ресурстарың тозуының жəне ластануының алдын-алу; 

табиғи  ластануларды,  ауа  бассейнінің  ластануын,  радиоактивті,  бактериялогиялық  жəне 
химиялық оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою жəне олардың алдын алу; 

өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;  

табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. 
Қойылатын міндеттерді шешуге: 

Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғатты пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық 
бақылаудың жəне экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру жəне жүйеге келтіру; 

табиғатты  пайдаланудың  жəне  экологиялық  сараптаманың  рұқсат  ету  жүйесін 
оңтайландыру; 

қоршаған  ортаны  қорғау,  экологиялық  статистика,  экологиялық  білім  беру,  экологиялық 
үгіт-насихат жəне жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту; 

халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.[4] 
Тұжырымдамадағы өзекті мəселе мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
экономиканы, заңнаманы, білімді жəне қоғамды экологияландыру болып табылады.  
Экономиканы  экологияландыру - өндірістің  табиғатқа  қажеттілігін  азайту  арқылы  тұрақты 
экологиялық  қауіпсіз  табиғатты  пайдалануды  қамтамасыз  етуде  жəне  ресурстық-экологиялық  тепе-
теңдікті сақтауда болып табылыды. 
Қоғамды  экологияландыру – бұл  адамның  табиғат  үйлесімділігіне  қол  жеткізуге  багытталған 
қогам  көзқарасының  жүйесін  қалыптастыру  процесі.  Оны  жүзеге  асыру  экологиялық  білім  беру  мен 
тəрбиелеуді  дамыту,  ғылыми  тұрғыдан  қамтамасыз  ету,  экологиялық  үгіт  насихат  жане  жұртшылықтың 
қатысуы жолымен жүргізіледі. 
Қабылданған  құжаттың  маңыздылығы  сонда  Дүние  жүзілік  тұрақты  даму  шеңберіндегі 
экологиялық  проблемаларға  оңтайландыра  отырып,  Қазақстандағы  экологиялық  ахуалды  жан-жақты 
талдап,  оның  ендігі  жерде  жұмыс  істеу  тетігін  айқандап  берді.  Соның  ішінде  ең  маңызды  проблема – 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
54
экологиялық  білім  мен  тəрбие.  Қоғамның  экологиялық  мəдениетін,  өрекниеттілігін  қалыптастырудың 
негізі ретінде Тұжырымдамада ерекше орын берілген.  
Елбасы экологиялық білім мен тəрбие беруді нақтылай келіп Қазақстан Республикасы Білім жəне 
ғылыми министрлігінің алдына нақты міндеттер қойды. Атап айтқанда:  

білім  берудің  барлық  деңгейдегі  оқу  бағдарламаларына  экология  жəне  тұрақтандыру 
мəселелерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін қалыптастыру; 

міндетті  жəне  қосымша  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейі  үшін  экология  саласындағы 
кадрларды дайындау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру; 

экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау қажет деп міндеттеледі.  
Аталған  құжат-қағадалары  Республикамыздың  барлық  оқу  жүйелерінің  бұлжытпай  орындайтын 
күн  тəртібіне  айналатыны  сөзсіз.  Республикамызда  экологиялық  білім  мен  тəрбие  берудің    жоғары 
деңгейде көтерілуі бұл саладағы қарама-қайшылықтардың пісіп-жетіліп дұрыс шешімін табу қажеттілігін 
тудырады.  
 
1.
 
ҚР  Білім  беруді  дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы. 
ҚР  Президентінің 11.10.2004 ж.  №1459  жарлығымен  бектілген.  ҚР  Президентінің  актілер  жинағы. 
б.11,бап-8. 39/2004. б.3-23 
2.
 
Симоненко  В.Д.  Преодоление  трудности  специальности  и  обучение  детей-сирот 
средствами  технолого-экономического  образования//  Роль  и  место  образовательной  области 
«Технология» в системе общего среднего образования. Тез.докл. 4 МНПК. – Брянск: Изд. БИПКРО, 1998. – 
С. 108-110. 
3.
 
Зверев  И.Д.  Приоритеты  экологического  образования//  Развитие  непрерывного 
экологического  образования;  Матер. 1 Моск.НПК  по  непрерывному  экологическому  образованию. –М.: 
МНЭПУ, 1995. - С.16-22. 
4.
 
Қазақстан  Республикасының 2004-2015 жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігін 
сақтау тұжырымдамасы. –Астана, 2003. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  социально-педагогические  аспекты  формирования  экологического 
образования  на  основе  естественных  наук.  Для  достижения  этой  цели  используются  как  общие  или 
классические педагогические технологии (в школьных дисциплинах «география», «биология», «физика», 
«химия»  и  т.д.),  так  и  новые  формы  обучения  и  контроля  знаний,  а  также  новые  методы.  Автор  статьи 
использует работы ученых-педагогов, а также собственные разработки.  
 
Summary 
In this article are considered social-pedagogical aspects of forming ecological education on the natural 
sciences base.  In order to achieve this purpose both classical (common) pedagogical technologies (school 
disciplines – geography, biology, physics, chemistry etc.) and  new forms and methods of education and 
monitoring of knowledge can be used

Author of the article uses scientific- pedagogical works, and his own 
working-outs. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
55
ФОРМИРОВАНИЕ САМООБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ   
СТУДЕНТОВ В  ВУЗЕ 
 
Н.Ю.Кифик - 
ст.преподаватель кафедры Всемирной истории, права и экономики, 
Костанайский государственный педагогический институт 
 
Необходимость усиленного внимания к вопросам самообразования в процессе профессиональной 
подготовки специалистов в системе высшего образования обусловлена в настоящее время ориентацией на 
конкурентоспособность  специалистов  на  мировом  интеллектуальном  рынке  труда,  высокой  скоростью 
распространения  научно-технической  информации  и  темпов  практического  воплощения  научно-
технических  достижений,  направленностью  общества  на  гуманизацию  и  демократизацию  всех  сфер  его 
жизнедеятельности. 
Одним  из  перспективных  направлений  повышения  качества  подготовки  специалистов  в 
современных  условиях  выступает  формирование  их  самообразовательной  компетентности.  В  силу  этого 
огромное  значение  в  вузовской  подготовке  будущего  специалиста  имеет  формирование  у  будущих 
учителей  самообразовательной  компетентности  как  одной  из  существенных  квалификационных 
характеристик, отсутствие которой сказывается на уровне владения профессиональной компетентностью в 
целом. 
Поскольку категория "самообразование" является исходной по отношению к основному понятию 
настоящего  исследования - самообразовательная  компетентность  будущего  учителя,  уточним  ее 
содержание.  В  толковом  словаре  русского  языка  С.И.Ожегова,  Н.Ю.Шведовой  самообразование 
трактуется как "приобретение знаний путем самостоятельных занятий, без помощи преподавателя" /1/. 
По  мнению  А.Я.Айзенберг,  самообразование  представляет  собой  "непрерывное  продолжение 
общего и профессионального образования, благодаря которому актуализируются и расширяются знания и 
восполняются  пробелы  в  духовном  развитии  человека"/2/.  Исходя  из  данного  определения  сущности 
самообразования, исследователи выделяют следующие его функции: 
 
расширяет, уточняет базовое общее и профессиональное образование; 
 
компенсирует недостатки базового образования; 
 
помогает осмыслению опыта других и собственной самостоятельной деятельности; 
 
способствует формированию индивидуального стиля профессиональной деятельности; 
 
выступает средством самопознания и самосовершенствования 
Под 
педагогическим 
самообразованием 
понимается 
систематическая, 
личностно 
и 
профессионально  значимая  познавательная  деятельность,  способствующая  разностороннему  развитию 
личности  учителя,  повышению  его  профессиональной  компетентности,  вследствие  чего  повышается 
результативность  профессионально-педагогической  деятельности,  проявляющаяся  в  качественных 
изменениях  развития  личности  обучающегося.  По  мнению  Н.В.Кузьминой,  самообразование - это 
приобретение  знаний  путем  самостоятельных  занятий. "В  самообразовательной  работе  план,  методы, 
средства  и  время  занятий  определяются  самими  учащимися" /3/. В  связи  с  этим  важно  подчеркнуть 
внутреннюю свободу личности и добровольность самообразования. 
В связи с этим, основным условием формирования знаний, умений и опыта самообразовательной 
деятельности  выступает  специальным  образом  организованный  в  рамках  профессиональной  подготовки 
педагогический  процесс,  учитывающий  условия  профессиональной  деятельности  специалиста  при 
кредитной  системе  обучения.  Проанализировав  существующие  в  психолого-педагогической  литературе 
взгляды на сущность самообразования, мы сформулировали следующее определение. Самообразование - 
это  самостоятельная  познавательная  деятельность  личности  по  достижению  определенных  личностно  и 
общественно значимых целей образования. 
Принимая  во  внимание  принципиальную  важность  подготовки  будущего  учителя  к 
педагогическому  самообразованию,  правомерно  говорить  о  необходимости  формирования  у  него 
самообразовательной  компетентности,  как  одной  из  значимых  составляющих  профессиональной 
компетентности  учителя,  которая  обеспечивает  готовность  личности  к  высококвалифицированному 
выполнению функций учителя в области педагогической деятельности. Учитывая то обстоятельство, что 
подготовка  будущего  учителя  к  самообразовательной  деятельности  после  окончания  вуза  является 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
56
ключевым  звеном,  следует  говорить  о  необходимости  формирования  самообразовательной 
компетентности 
будущего 
учителя. 
Для 
уточнения 
содержательного 
аспекта 
категории 
"самообразовательная компетентность" обратимся прежде к анализу понятия "компетентность". 
В толковых словарях компетентность определяют как осведомленность, эрудированность. 
В  исследовании  М.В.Болиной  компетентность  рассматривается  как  профессионально 
сформированное  качество  личности  специалиста.  Основой  для  дальнейшего  формирования  и  развития 
компетентности выступает компетенция как некоторая степень знания, опыта в какой-либо деятельности 
/3/. 
Профессиональная  компетентность  определяется  исследователями  в  целом  как  совокупность 
профессиональных знаний, умений, а также способы выполнения профессиональной деятельности. 
Основываясь  на  вышеизложенной  сущности  понятий  компетентности  и  профессиональной 
компетентности специалиста, мы определяем самообразовательную компетентность будущего учителя как 
систему  знаний,  умений  и  опыта  самообразовательной  деятельности,  включающую  также  личностное 
качество - познавательную  самостоятельность,  и  обеспечивающую  продуктивное  качественное 
осуществление  самообразования  и  эффективную  организацию  самообразовательной  деятельности 
учащихся
Учитывая  специфику  кредитной  системы  обучения,  формирование  самообразовательной 
компетентности  должно  быть  обязательным  компонентом  содержания  обучения,  занимающим 
полноправное  место  в  общей  профессионально-педагогической  подготовке.  Кроме  того,  решение 
проблемы  формирования  у  будущего  учителя  самообразовательной  компетентности  является  социально 
значимым, так как результаты его самообразования оказывают двустороннее влияние: с одной стороны, на 
личность  самого  специалиста  и  его  профессиональную  деятельность,  с  другой  стороны,  на  личность 
учащихся. 
Данные направления необходимо взять за основу при планировании   и  организации   процесса  
формирования  самообразовательной компетентности в целом и опыта самообразования будущего учителя 
в частности.  
Следовательно,  приобретение  и  усвоение  будущим  учителем  опыта  самообразовательной 
деятельности  является  одним  из  основных  механизмов  формирования  его  самообразовательной 
компетентности. 
 
1.
 
Ожегов  С.И.,  Шведова  Н.Ю.  Толковый  словарь  русского  языка: 80 000 слов  и 
фразеологических  выражений/  Российская  академия  наук.  Институт  русского  языка  им. 
В.В.Виноградова. - 4-е изд., дополненное. -М.: Азбуковник, 1999. - 944с. 
2.
 
Айзенберг  А.Я.  Самообразование:  история,  теория  и  современные  проблемы. -М., 1986.- 
168 с. 
3.
 
Болина М.В. Формирование социокультурной компетентности будущего учителя: Дис. … 
к.п.н. - Челябинск, 2001. - 176 с.  
 
Түйін 
 «ЖОО-дағы  студенттердің  өз  бетімен  білім  алу  құзырлығын  қалыптастыру  сұрағы»  атты 
мақалада  келесі  түсініктер  қарастырылған:  өз  бетімен  білім  алу,  құзырлық;  осы  түсініктердің  негізінде 
басты түсінік – «өз бетімен білім алу құзырлығы» қалыптасады. 
Білікті  мұғалімдерді  даярлау  мақсатында  өз  бетімен  білім  алу  құзырлығы  негізгі  талап  болып 
табылады,  оның  құрылымына  өз  бетімен  білім  алу  білімі,  өз  бетімен  білім  алу  іскерлігі,  танымдық 
дербестігі кіреді. Келтірілген əрбір компоненттің өзіне  тəн ерекшеліктері бар. 
 
Summary 
In the article “The formation of self-educational competence of the students in high educational 
institution” there are terms are  being discussed, such as “ competence”, “self-education”. In accordance to these 
terms the basic term – “self-educational competence” is formed. 
To build up the professional competence of teachers one needs to form self-educational competence, 
which includes self-educational knowledge, self-educational ability, cognitive independance. Each component has 
its peculiarities. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
57
ƏОЖ  371.13:004.048 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет