Проблемы современного образования к вопросу о развитии системы повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров в республике казахстан


АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ІС ҚАҒАЗДАРЫН



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6672
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ІС ҚАҒАЗДАРЫН  
ЖҮРГІЗУГЕ ОҚЫТУ 
 
Г.Е.Самашова - 
п.ғ.к., Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 
жалпы техникалық пəндер жəне еңбекке баулу əдістемесі кафедрасы 
 
Ел Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік 
жəне саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында «Біздің болашақтың жоғары технологиялық жəне 
ғылыми  қамтымды  өндірістері  үшін  кадрлар  қорын  жасақтауымыз  қажет.  Осы  заманға  білім  беру 
жүйесінсіз,  əрі  алысты  барлап,  кең  ауқымда  ойлай  білетін  осы  заманға  басқарушыларсыз  біз 
инновациялық  экономика  құра  алмаймыз»-  дей  отырып,  кəсіби  білім  берудің  сапасын  қамтамасыз  ету 
мəселесін алға қояды [1]. 
Бүгінгі таңда ақпараттық технология негізінде іс қағаздарын жүргізуге оқыту мəселесі теориялық 
жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.  
Жаңа  педагогикалық,  ақпараттық  технологиялардың  қолданылуы  нормативті-əдістемелік 
құжаттардың  кешеніне  қойлатын  талаптарға  негізделуі  керек,  себебі  білім  беру  стандарттары,  біліктілік 
сипаттамасы  жəне  мамандықтың  паспорты,  типтік  оқу  жоспарлары,  сонымен  қатар  белгілі  мамандарға 
деген  мемлекеттік  жəне  қоғамдық  сұраныс  кəсіби  қызметте  белгілі  білімді,  білікті  жəне  машықты 
қалыптастыруға бағытталған. 
Қазіргі  заманғы  білім  жалпы  білімге,  студенттерді  болашақ  кəсіби  қызметке  білікті  жəне  жаңа 
білім  дағдысын  қалыптастыруға,  кəсіби  мəселелерді  шешуге,  қолданылатын  шешімдердің  нəтижесін 
болжауға, кəсіби қызметке жауап беруге бағытталуы тиіс, себебі жоғары білім беруге қойылатын қазіргі 
заманғы  талаптардың  қажеттілігі  бар.  Ақпараттық  технология  ғасырында  сол  талаптар  тереңдей  түседі, 
кəсіби  қажеттілік  білімді  жаңартуды,  міндеттерді  шешудегі  потенциалды  дайындық,  ақпаратты 
массивтарда жəне олардың өңделетін технологияларында жақсы бейімделуді қажет етеді.  
Студенттерде  арнайы  білімді,  білікті  жəне  дағдыны  қалыптасыру,  оларды  іс  қағаздарын  жүргізу 
қызметіне даярлау. Берілген процесс іс қағаздарын жүргізу білімін, білігін жəне дағдысын қалыптастыру 
процесінде жүзеге асады. Сол себептен тиімді оқу процесін ұйымдастыру қажеттілігі туындайды, ал біздің 
жағдайда  ақпараттық  технология  негізінде  іс  қағаздарын  жүргізу  даярлығын  енгізу,  мұнда  ақпаратты 
жүйелеу, өңдеу, сақтау, қолдану бойынша ББД-ні қалыптастыру. 
Ақпараттық технология негізінде іс қағаздарын жүргізу даярлығын жүзеге асыру мақсатында оны 
оқыту бойынша білім, білік жəне дағды қалыптастыру қажет, осылардың негізінде іс қағаздарын жүргізу 
даярлығы  компоненттері  бойынша  білім  жүйесін  қалыптастырудың  бағалау  деңгейін  беруге  болады. 
Ұсынылып  отырған  іс  қағаздарын  жүргізуге  оқыту  технологиясы  оның  барлық  компоненттерінің  оқыту 
технологиясын  ақпараттандыру  процесіне  негізделген,  сонымен  қатар  оқытудың  қазіргі  заманғы 
технологияларына, студенттің тұлғасын дамытуға оқу пəндерінің тұтынуға жəне ерекшелігіне есептелген.  
Біздің  ұсынып  отырған  авторлық  педагогикалық  шарттарда  орын  алған ақпаратты-дидактикалық 
кешенді келесілерге бөліп қарастыруға болады: 
-  теориялық  курс,  оған  келесілер  енеді – авторлық  басылым  «Іс  қағаздарын  жүргізу  жəне 
құжаттану» [2], ол  «Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу»  пəні  бойынша  теориялық,  практикалық 
материалдарды  қарастырылады,  мұнда  осы  пəннің  негізгі  ұғымдары  жəне  терминологиясы,  дамуы, 
нормативті-əдісмемелік  базасы    ашылады; «Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу» [3], «Құжаттарды 
өңдеу технологиясы» [4] пəндері бойынша электронды оқулықтар.  
-  практикалық  курс, «Іс  қағаздарын  жүргізу  жəне  құжаттану»  оқу-əдістемелік  құралының  ІІІ-
тарауында аталмыш пəн бойынша практикалық сабақ материалдары, тест тапсырмалары, сонымен қатар 
«Құжаттану  циклы  пəндері  бойынша  терминологиялық  сөздік  (орыс,  қазақ  тілдерінде)» [5], мұнда 
құжаттану  саласында  қолданылатын  терминдер  жинағы,  анықтамалары,  олардың  аудармасы  келтірілген. 
Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Технология обработки 
документов»  əдістемелік  нұсқауда  белгіленген  пəн  бойынша  зертханалық  сабақтардың  материалдарды 
толық қамтылған [6]. «Оқу-əдістемелік құжаттаманы рəсімдеу ережелері. Мəтіндік құжаттамаға арналған 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
71
жалпы талаптар» атты фирмалық стандарт (қазақ, орыс тілдерінде) – мұнда оқу процесінде студенттердің 
орындайтын  тапсырмаларының,  атап  айтқанда  баяндама,  реферат,  курстық  жұмыс,  дипломдық  жұмыс 
бойынша толық мəліметтер келтірілген [7].  
-  бағдарламалық  қамтамасыз  етілу,  оның  құрамына  «АВТОҚұжат-Сөздік»  автоматты  оқыту 
жүйесі  кіреді,  оған  авторлық  куəлік  алынған [8]. Бағдарламалық  жоба  студенттер  бойына  іс  қағаздарын 
жүргізу дағдысын  қалыптастыру мақсатында қолданылады, жəне оқу проблемасының техникалық түрде 
жүзеге асуын қамтамасыз етеді.  
Ақпараттық  технологиялармен  ұсынылған  құралдар  білім  беру  жүйесінде  қолданылады  жəне  ол 
жоғары оқу орнында оқыту міндеттеріне есептелген. Электронды курстарды, автоматты оқыту жүйелерін 
жасау  жəне  құрастыру  əлді  де  болса  көкейкесті  проблемалардың  бірі  болып  табылады.  Педагогикалық 
құндылық,  электронды  курстардың  жəне  автоматты  оқыту  жүйелерінің  сапасы  қойылатын  талаптар 
жинағының  ескерілуі  қаншалықты  ескерілгеніне  байланысты  А.А.Кузнецова,  Т.А.Сергеева],   
С.Р.Лысенко,  Е.С.Полат,  Т.С.Назарова [9] сынды  авторлардың  еңбектерінде  оқу  процесінде  электронды 
курстарды белсендендіру сұрақтары қозғалады. 
Енді  төменде  «Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу»  арнайы  курсының  дəрістік  жəне 
практикалық  сабақтарының  мазмұны  ұсынылады.  Арнайы  курсты  əзірлеу  кезінде  проблеманың  бүгінгі 
жай-күйін  бейнелейтін  дерекнамалар  қолданылды.  Дəрістік  сабақтарды  мазмұны  келесі:  Қазақстан 
Республикасында қазақ тiлiнде құжатпен қамтамасыз етудiң  мəнi (4 сағ.); Іс қағаздарын жүргізудің негiзгi 
ұғымдары жəне терминдері (4 сағ.); Құжаттың құрылымы (4 сағ.); Қазақстан Республикасының құжаттама 
жүйесi (4 сағ.);  Құжаттарды  компьютерде  дайындау  технологиясы (6 сағ.);  Құжаттармен  жұмыс  істеуді 
ұйымдастыру (4 сағ.);  Қызмет  бабы  бойынша  құжаттарға  қойылатын  талаптар (4 сағ.);  Құжат  мəтiнiне 
қойылатын негiзгi талаптар жəне құжатпен жұмыс iстеудi ұйымдастыру (4 сағ.); Іс қағаздарын жүргізудің 
мұрағаттық сақтаумен өзара байланысы (4 сағ.). Барлығы – 38 сағат. 
«Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу»  арнайы  курсы  бойынша  ұсынылып  отырған 
материалдың  құндылығы  оның  тақырыптық  мазмұнында.  Ал  енді  аталмыш  пəн  бойынша  практикалық 
сабақтың  мазмұнын  келтіреміз:  Іс  қағаздарын  жүргізудің  нормативті-əдістемелік  базасы (4 сағ.); 
Қызметтік  құжаттарды  қазақ  тіліне  аудару  ерекшеліктері (2 сағ.);  Құжаттарды  рəсімдеудің  жалпы 
ережелері (2 сағ.);  Қызмет  бабы  бойынша  құжаттарды  құрастыру    (компьютерлік    техникамен) (8 сағ.); 
Бірізділік  негізде  басқарма  қызметін  құжаттау (4 сағ.);  Алқалық  негізде  құжаттама  қызметін  басқару (4 
сағ.);  Қызметтік  жəне  коммерциялық  хаттарды  рəсімдеу  ерекшеліктері (4 сағ.);  Баяндау,  түсініктеме 
хаттарды  жəне  анықтамаларды  құрастыру  (компьютерлік  техникамен) (4 сағ.);  Іс  жағдайын  тіркейтін 
құжаттарды құрастыру (компьютерлік техникамен) (4 сағ.); Құжат жүйесі жəне оны сақтауды қамтамасыз 
ету (2 сағ.). Барлығы – 38 сағат. 
Келесе  арнайы  курс  ол - «Құжаттарды  өңдеу  технологиясы»  атты  арнайы  курс «091240 – 
Құжаттану  жəне  басқарманы  құжатпен  қамтамасыз»  ету  мамандығында  оқытылды.  Курс  оқу  жоспары 
бойынша Арнайы пəндер циклінің ЖОО-ның таңдауы бойынша компонентінде орын алған.  
«Құжаттарды  өңдеу  технологиясы»  курсының  оқыту  нысаны  қағаз  негізіндегі  мəтіндік  құжаттар 
жəне басқару салаларында пайда болатын əр түрлі тасымалдаушылардағы құжаттар болып табылады. 
Пəннің  мақсаты:  ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып  құжаттарды  құрастыру  жəне 
рəсімдеу. 
«Құжаттарды    өңдеу  технологиясы»  курсын  оқыту  негізінде  студенттер  мыналарды  білулері 
керек:  ұйымдастыру  техникасы  құралдарын  жіктеудің  қазіргі  кездегі  жүйесін;  мəтіндік  құжаттарды 
дайындаудың  компьютерлік  технологиялары;  кестелік  құжаттарды  дайындаудың  компьютерлік 
технологиялары;  құжаттық  ақпараттық  сақтау  мен  іздеуді  ұйымдастырудың  компьютерлік 
технологиялары;  мəліметтер  базасын  басқару  жүйелері;  басқарушылық  қызметтегі  қамтамасыз  етудің 
эксперттік жүйелері. 
Жалпы  біздің  ұсынған  арнайы  курстарымыздың  тиімділігін  тексеру  мақсатында  біз 
эксперименттік жұмысты ұйымдастырдық. Экспериментті келесі мамандықтар өткізуді жөн көрдік: 
басқарма (091240 «Құжаттану жəне басқаруды құжатпен қамтамасыз ету»); 
тілдік (050207 «Шетел филологиясы», 050119 «Шет тілі: екі шет тілі»); 
-  педагогикалық  (031540 «Бастауыш  оқытудың  педагогикасы  жəне  əдістемесі», 031440 
«Педагогика жəне психология»); 
техникалық (150100 «Ақпараттық жүйелер»); 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
72
- қызмет ету (2001 жылғы 3001 «Жүк тасымалын жəне жол қозғалысын ұйымдастыру», 300440 
«Жол қозғалысын ұйымдастыру»). 
Эксперимент  нəтижелері  жан-жақты  болу  үшін,  даярлық  деңгейлері  əр  қилы  жоғарыда  аталған 
мамандық студенттері қамтылды. 
Ақпараттық технологияның кез келген білім саласына кең құлаш жая енгенін, соның ішінде кəсіби 
педагогика, іс қағаздарын жүргізу саласы да тыс қалмағанын байқаймыз. Біздің пікірімізше, ақпараттық 
технология  дегеніміз  не?  Ол  дегеніміз  адам  іс-əрекеті  арқылы  ауызша,  жазбаша  немесе  басқа  түрлі 
тəсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы. 
Берілген ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша 
тəжірибелік жұмыс ұйымдастырылды, ал авторлық педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін тексеру 
мақсатында ол жоғары оқу орнының оқу процесіне енгізілді, дегенмен де ол жеке бір зерттеу тақырыбы 
болмақ. 
 
1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында // 
Егемен Қазақстан. – 2005. - №32-33.  - 19 ақпан. – Б.1-3. 
2. Самашова Г.Е. Іс қағаздарын жүргізу жəне құжаттану. Оқу-əдістемелік құрал. – Қарағанды: 
Cанат, 2006. – 120 б. 
3. Самашова Г.Е. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша электронды оқулық. 
Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куəлігі. №2196, 26.04.2007. 
4.  Самашова  Г.Е.  Құжаттарды  өңдеу  технологиясы»  пəні  бойынша  электронды  оқулық. 
Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куəлігі. №56, 01.03.2007. 
5.  Сарыбеков  М.Н.,  Муликова  С.А.,  Самашова  Г.Е.  Құжаттану  циклы  пəндері  бойынша 
терминологиялық сөздік. - Қарағанды: Санат, 2005. -  97 б. 
6.  Данильченко  Н.А.,  Самашова  Г.Е.,  Бакенова  Ж.Д.  Методические  рекомендации  к  выполнению 
лабораторных работ по дисциплине «Технология обработки документов». - Караганда: ТОО Алем, 2001. - 
122 с. 
7.  Құрымбаев  С.Ғ.,  Самашова  Г.Е. «Оқу-əдістемелік  құжаттаманы  рəсімдеу  ережелері. 
Мəтіндік  құжаттамаға  арналған  жалпы  талаптар»  атты  фирмалық  стандарт  (қазақ,  орыс 
тілдерінде). - Қарағанды: ҚарМУ, 2001. - 41 с. 
8.  Самашова  Г.Е.,  Құрымбаев  С.Ғ.,  Муликова  С.А. «АВТОҚұжат-Сөздік».  Зияткерлік  меншік 
объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куəлігі. №2195, 26.04.2007. 
9.  Кузнецов  А.А.,  Сергеева  Т.А.  Компьютерная  программа  и  дидактика // Информатика  и 
образование. – 1986. - №2. - С. 17-21. 
 
Резюме 
В  статье  автор  рассматривает  вопросы  организации  экcпериментальной  работы  по  обучению 
студентов делопроизводству на основе информационных технологий. 
 
Summary 
In article author considers the questions to organizations experimentum work on education student to 
paperwork on base information technology. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
73
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ƏДІСПЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 
 
Ж.Б.Шілдебаев - 
Абай атындағы ҚазҰПУ  п.ғ.д.,профессор, 
А.О. Сеитманбетова - ғылыми ізденуші 
 
Соңғы уақыттарда қоршаған ортаның мəселесі өте күрделеніп барады.  
Барлығымызды  ғаламшардың  экологиялық  жағдайының  күрт  нашарлауы,  белгілі  бір  деңгейде 
тіршіліктің хромасомалық өзгеріске ұшырауы, тіптен жер бетінен тіршіліктің жойылып кету қауіпі негізгі 
мəселеге  айналып  отырғаны  толғандырады.  Бұл  мəселені  шешуде  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  даму  стратегияларында:  саяси,  экономикалық,  технологиялық,  əлеуметтік  тараптардан 
қарастырылған. Оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өмір 
сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» - деген нақты мақсаты 
дəлел бола алады [1].   
Ал  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 38-бабында  «Қазақстан  Республикасының 
азаматтары  табиғатты  сақтауға  жəне  табиғат  байлықтарына  ұқыпты  қарауға  міндетті»  деп  көрсеткен. 
Сонымен қатар, 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 73,74,75 
–  баптарында  экологиялық  мəселелердің  өте  жоғары  деңгейде  шешілуі  қажет  екендігі  атап  көрсетілген. 
Бұл  заңда  адамның  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қоршаған  ортаның  тазалығын  қамтамасыз  ету, 
экологиялық  білім  мен  тəрбие  берудің  педагогикалық  қағидалары  жалпыға  бірдей  жүргізу  қажеттілігі 
көрсетіліп,  табиғатты  қорғаудың  экономикалық,  практикалық  жəне  əлеуметтік  негіздері  анық  айтылған 
[2]. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығымен 
мақұлданған  «Қазақстан  Республикасының 2004-2015 жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігі 
тұжырымдамасында» қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге 
бағытталған қоғам  көзқарасының  жүйесін  қалыптастыру  процесі  деп  атап  көрсетілді.  Оны  жүзеге  асыру 
үшін  экологиялық  білім  беру  мен  тəрбиелеудің  жаңа  əдістермен  ғылыми  жағынан  қамтамасыз  етіп, 
экологиялық үгіт-насихатты бүкіл халықтың бірлесе отырып қатысуымен жүргізу қажет [3]. 
1999  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының 3- бабында 
көрсетілген  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саяси  принциптердің  бірі  ретіндегі  «Білім  берудің 
ғылыми  сипаты,  құқылық,  экологиялық  бағыты»  туралы  Заңы  қазіргі  заман  талабына  сай  жаңа 
экологиялық білім мен тəрбие берудің қоғам өміріндегі маңызы мен рөлі артып отырғанын дəлелдейді [4]. 
Бұған  қоса,  маңызды  құжаттардың  бірі – ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан - 2030» 
жолдауында  табиғат  ластануы  туралы  «Экологиялық  нашар  ахуал  бүгінде  адам  өлімінің  жиырма 
пайызына  себеп  болып  отыр,  ал  кейбір  аймақтарда  жағдай  мұнан  да  қиын.  Қоршаған  ортаны 
ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет» - деп экологиялық мəселеге аса назар аударған [5]. 
Ал 2000 жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында: «Білім  беру 
жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  жəне  кəсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологиясы  мен  инновациялық  əдіс-тəсілдерді  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу», - деп  білім  беру  жүйесін 
одан əрі дамыту міндеттерін көздейді [4]. Бұл міндеттерді іс-жүзіне асыру мұғалімдердің жəне білімі жан-
жақты үлгілі мұғалімді дайындайтын оқытушылардың көрегендігіне байланысты. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  білім  берудің  ұлттық  үлгісі – жаңа  парадигмасы  қалыптасуда.  Алайда 
экономиканың  өрлеуіне  орай,  қоршаған  ортада  антропогендік  жəне  техногендік  əсердің  күшеюіне 
байланысты  түрлі  қауіпті  мəселелер  көбейіп  кетті.  Биосферадағы  əлемдік  экологиялық  мəселелерінің 
шешілуі бүкіл адамзаттың  қоршаған орта туралы жаңа сапалы білім алуына байланысты.  
Сол  себепті,  бұл  маңызды,  түбегейлі  мəселені  шешу  үшін,  оның  жолын  табуда  Қазақстан 
Республикасы  экономикалық  даму  кезеңі  қалыптасу  барысында  болашақ  «мұғалім-оқытушы» 
студенттерге  міндетті  түрде  жаңа  бағыттағы  экологиялық  білім  беру  арқылы  студенттерді  қоршаған 
ортаны қорғауға тəрбиелеуге, экологиялық сауатты болуға мүмкіндік беретін «кілт» ретінде көздеп отыр. 
Бұл қарастырылған мəселені жан-жақты зерттеп, ҚР білім жəне ғылым министрлігі мен ҚР экология жəне 
табиғи қор министрлігі біріге отырып, Заңның 74- бабында, «Экологиялық білім беру» бағдарламасында 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
74
жəне 75 – бабында «Қоршаған ортаны қорғау» саласында бекіткен [2]. Ол бағдарламада орта мектептерде 
оқушыларға  экологиялық  білім  беру  бірнеше  арнайы  жағдайларды,  оқу  жоспарларын,  оларға  сай 
оқулықтар,  сыныптан  тыс  жəне  мектептен  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  т.б.  мүмкіндіктерді  жасаудың 
қажеттілігі  жөнінде  жəне  бұл  міндеттерді,  экологиялық  білімді  жəне  табиғат  қорғаудан  жан-жақты 
əзірленген  мұғалімдер  ғана  атқара  алатындығы  айтылған.  Сондықтан,  оқушыларды  айналадағы  табиғи 
ортаны қорғайтын, білім беретін тəжірибелі болашақ мұғалімдер əзірлеу – ең маңызды міндеттердің бірі 
делінген.  Бұл  тұжырымдаманың  негізі  студенттерге,  біріншіден,  экологиялық  қағидалар  жəне  «қоғам-
табиғат-адам» арасындағы өзара байланысының негіздері туралы білім беру қажеттігін көздесе, екіншіден, 
болашақ «мұғалім-оқытушылар» қоршаған ортаның мəселелеріне сын көзімен қарап, оны сақтай білудегі 
студенттердің  жауапкершілік  борышын  ақтауға  тəрбиелеу  қажеттігін  атап  көрсетеді.  Сол  себептен, 
экологиялық білімді үздіксіз кешенді, жаңа бағытпен жүйелі түрде жан-жақты жүргізу мəселесін шешуде 
педагог мамандарға іске асыруға жүктелген.  
Философиялық, логикалық, психологиялық көз-қарастар дүниеге деген танымдық ойды тереңінен 
жүргізетін  болса,  онда  біздің  қазақ  жерінде  сан  ғасырдан  бері  келе  жатқан  атадан  балаға  мұра  ретінде 
қалдырған  ұлы  данышпандарымыздың,  ұлы  ойшылдарымыздың  еңбектерінен  де  экологиялық,  яғни 
табиғатқа  деген  сан-қырлы,  түкпірлі,  өнегелі,  терең  ойлы  сөздер  мен  жазулар  қаншама.  Дəлірек  айтсақ, 
Асан қайғы, Ақтамберді, Жамбыл, Біржан мен Сара, Қазтуған, Үш би, Құрманғазы, Шал, Сүйінбай, Бұқар, 
Жиембет,  Махамбет,  Дəуіт,  Қорқыт  Ата,  т.б.  көптеген  ақын-жыршылар,  суырып  салма  айтыскерлер  өз 
толғаныстарынан - бар  жан-тəнімен  өлең  шумақтарын,  шешендік  сөздерін  шығарып,  табиғаттың 
көркемдігін  жəне  сондай  сұлу,  жаны  тыныш  аймақтарды  іздеп  кезгендерін,  бар  нəрсенің  қадірін  білу 
керектігін, судың да сұрауы бар екенін айта отырып, табиғатты, Жер-Ананы қорғау керектігін жайдарлы 
тілмен бұйыртады [6-8]. 
Орта  ғасыр  ойшылдары  да  табиғатты  қорғау  жағынан  философиялық,  метафизикалық, 
астрономиялық,  логикалық,  психологиялық,  педагогикалық,  георафиялық,  биологиялық,  этикалық, 
эстетикалық,т.б.  ғылыми  көзқарастар  бойынша  саны  жетпес  еңбектер  жазған.  Солардың  ішінде  əсіресе, 
бүкіл дүние жүзі бойынша екінші ұлы ойшыл ғалым Əл-Фараби «Адам ағзалары», «Жануарлар ағзасы», 
«Табиғат», т.б. жанынан шыққан еңбектерінде əрбір тіршіліктің, оның ішінде адамның ролі табиғатта зор 
екенін көрсетеді [9].   
XYIII-XIXғ.ғ.  Ы.Алтынсариннің,  Ш.Уəлихановтың,  А.Құнанбаевтың,  А.Байтұрсыновтың, 
Ш.Құдайбердиевтің,  М.Жұмабаевтің,  С.Сейфулиннің,  Ж.Аймаутовтың,  М.Дулатовтың,  Ақан  Серінің, 
Ғ.Мүсіреповтің,  т.б.еңбектерінде  қоршаған  ортаның  сол  қалпында  сақталуын  жəне  оны  көркейту 
керектігін  айтып,  жаза  отырып,  тəрбиелікке,  имандылық  пен  адамгершілікке  қарай  бағыттап,  ұйқылы 
жатқан халықты оятқанын көреміз. [10-11].    
Қазіргі  кезде  қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдардың  көбеюі  жəне  жаңа  бағыттағы 
экологиялық  білім  берудің  биік  деңгейге  жетуіне  көптеген  себептер  бар:  ол XIX- ғасырдың 60-70 
жылдарында  бастау  алған  жəне XX-ғасырдың 60-70 жылдарында  «экологиялық  білім  беру»  туралы 
конференциялардың бастамасы.  
1992  жылы  маусымда  Рио-де-Жанейрода  БҰҰ – ның  əлемдегі  қазіргі  экологиялық  жағдай, 
қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  сақтау  мəселесін  шешуге  арналған  конференцияның  қорытындысы 
биосфералық қоғамның экологиялық дамуына, білім беру мен тəрбиелеудің экологияландырылуына жаңа 
көзқараспен қарауға жəне біздің елімізде экологияның жаңа бағытпен дамуына негізгі себеп болуда.  
Экологиялық  білім  мен  тəрбиенің  жүйелі  жүргізілуі  оқыту  мен  тəрбиелеу  үрдісін 
экологияландыруды  оның  барлық  сатыларын  іске  асыруға  негізделеді:  отбасы – балабақша - бастауыш 
сынып - жоғары сынып оқушылары – колледж - университет студенттері – жұмысшылар - қызметкерлер 
болып үздіксіз білім берудің жаңа технологиялық жүйесімен байланысуы тиіс.        
Экология  ғылымы  биология  ғылымынан  бөлініп  шыққалы  бері  көптеген  жетістіктерге  жетіп 
келеді.  Дəстүрлі  өтіліп  келген  сабақтар  бұл  күнде  жаңартылып,  инновациялық  əдістермен  өтілуде.  Ал 
қоршаған  ортамыздағы  экологиялық  мəселелердің  шешімін  табу  жан-жақты  терең  дамытылып  өтілген 
сабақтар ғана болары анық. Ол үшін экология сабағы мынадай тұжырымдармен іске асуы тиіс: 
1. Сабақтар өзге барлық ғылым салаларымен тығыз байланыста болу керек. 
2. Əрбір өтілген тақырыптар келесі сабақта қайталанбайтын инновациялық əдістермен өтілуі тиіс. 
3.  Экология  ғылымы  қоршаған  орта  туралы  ғылым  болғандықтан,  яғни  табиғатпен 
байланыстылығы тығыз болғандықтан, бұл ғылым саласын діни ағымдағы ғылыммен де байланыстырып 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
75
отыру керек. Бұл жастарды адамгершілікке, имандылыққа, болашаққа деген үлкен сенімге тəрбиелейді. 
4. Сабақ барысында əрбір студент белгілі бір тапсырмамен шұғылданып, бос отырмауы тиіс. 
5. Дəріс барысында жас тұлғалар қажитындай дəрежеге жетпеу керек. 
6.  Əрбір  қорытынды  шептерде  студенттермен  бірге  серуендеуге,  табиғаттың  сан  қырлы 
құбылыстарымен танысуға міндетті түрде уақыт бөліп отыру. 
7. Студенттермен бірге зауыд, фабрикаларды аралап, олармен танысу. 
8.  Студенттерді  бірнеше  топпен  бірге  танымжорыққа,  саяхатқа  алып  бару,  қоршаған  ортаның 
ерекшеліктерімен таныстыру, экология ғылымының мағынасын өтілген теориялық сабақтармен терең, əрі 
жан-жақты түсіндіру. 
Бұл  күнде  жастарға  экологиялық  ғылымды  инновациялық  əдістермен  түсіндіру  жəне  қоршаған 
ортамен  байланыстыра  отырып  жеткізу,  экологиялық  тəрбие  беру  керектігін  өмірдің  өзі  дəлелдеп  беріп 
отыр.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет