Психология педагогика және және и



Pdf көрінісі
бет120/172
Дата17.02.2023
өлшемі12,4 Mb.
#68848
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   172
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
отырған ұл-қыздарымыз үшін жауаптымыз, 
оның ǩрбір ісіне, тǩрбиесіне бǩріміз де атса-
лысуымыз қажет. Ол болашақта қандай жол-
ды таңдайды, өз еліне, жақындарына пайдасы 
тие ме ǩлде зияны ма деген сұрақ ǩрдайым 
көкейімізден кетпеуі керек. Оларға дұрыс 
таңдауды өзін-өзі тану ǩрі Сүйіспеншілік 
сабақтары үйретеді» [3]. «Бөбек» Ұлттық 
ғылыми-практикалық, білім беру жǩне сауық-
тыру орталығының білім берудің жаңа нұс-
қасы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы болып 
отыр. «Бөбек» орталығында халықаралық ба-
лалар орталықтары жұмыс істейді. Дарынды 
мұғалімдер, ǩдіскерлер мен педагогтар осы 
орталықта адамның үйлесімді дамуы үшін 
талмай қызмет етіп келеді. 
ůлемдік білім беру тǩжірибесінде білім 
берудің құзыреттілігін қамтамасыз ету, білім 
алушылардың өзіндік ерекшеліктерін, білім, 
білік, дағдысын қалыптастыру бірінші орын-
ға қойылған. Ол үшін адамның үйлесімді 
тǩрбиеленуі оның табысты ǩрекет етуіне, өз 
ойын дұрыс жеткізуіне себеп болады. Жаңа 
білім беру стратегиясында гуманитарлық 
бағытта білім беру күшеюде.
Қазақ халқының ұлағатты өнегесі арқылы 
тұлғаны-рухани адамгершілік мǩдениетіне 
қалыптастыру төңірегінде қаншама құнды-
лық ты ойлар айтылған. Сонау халықтық педа-
гогикадан бастап, бүгінгі заманауи құнды-
лықтардың бǩрі де адам үшін қызмет етеді. 
Рухани-адамгершілік 
мазмұндағы 
ǩдеби 
көркем мǩтіндердің ішінде Абай мен Шǩкǩрім 
шығармаларының 
алатын 
орны 
ерекше. 
Екеуі де адамзат баласын, адам ǩлемін сезіне, 
сүйе білуге шақырып, ізгілік еліне сара жол 
салады.«Абай шығармаларының алтын арқауы 
болып Адам тұрады, адамға деген махаббат 
тұрады. Ұлы ақын нағыз адам, толық Адам 
қандай болуы керек? – деген мǩңгілік сұраққа 
жауап іздейді, ǩрі оған жауап береді де», – деп Қ. 
Бітібаева айтқандай пейілі кең, ойы орнықты, 
талғамы терең, сезімі сергек, санасы жоғары, 
ең бастысы жүрегі жылы адамның мǩдениеті 
жǩне рухани байлығы да мол болады. 
«Өзін-өзі тану» пǩнінің негізгі идеясы − 
оқыту барысында балаларды, жасөспірімдер 
мен жеткіншектерді рухани-адамгершілікке 
баулу, тǩрбиелеу болып табылады. «Өзін-өзі 
тану» пǩні сонымен қатар, баланың тұлға бо-
лып қалыптасуы үшін, өз өмірін түсіну үшін 
өзіндік «Мен» ұғымынан яғни өзін танудан 
бастау керек деген ұстанымды ұсынады.
«Өзін-өзі тану» пǩні оқу үдерісінде ақпа-
раттық жетекшілік мақсатта жүру мен қатар, 
облыстық теледидар беттерінде рухани-
адамгершілік бағытта білім беруге байла-
нысты телебағдарламалар құрылды. Со-
нымен 
бірге, 
«Самопознание.KZ» 
атты 
рес пуб ликалық ғылыми-ǩдістемелік журнал 
шыға рылуда. «Өзін-өзі тану» пǩні адамға 
мǩдени, адами құндылықтарды игертумен 
қатар, адамның ерекше шығармашылық 
қасиет терін, қайталанбас жеке қабілеттерін 
ашатын бірден-бір пǩні болып саналады. 
«Өзін-өзі тану» пǩніндегі негізгі ұғымдардың 
бірі рухтандырушылық үш ұғымнан құралған. 
Олар: интеллектуалдық, этикалық жǩне 
эстетикалық. Пǩннің базалық мазмұны төрт 
бөлімнен тұрады: адамның өзін-өзі түсінуі; 
адам жǩне қоғам; адам жǩне қоршаған орта; 
адамның рухани тǩжірибесі. Өзін-өзі танудың 
пǩндік аймағы білім беру үдерісіне мақсатты 
бағытталған. Ол ǩр баланың табиғатынан 
берілген дарындылығын, қабілетін ашу, шы-
ғар машылық ǩлеуетін, ішкі ǩлемін, өзі нің 
ешкімге ұқсамайтын ǩрі қайталанбас тұлға-
лық қасиетін көре білу жǩне оята білу.
Сабақтар адамның рухани мұрасына 
сүйе ніп өткізіледі. Оны көбінесе «халық 
дана лығы» деп атайды. Оқушылар өз ішкі 
дүние леріне үңіліп, оған талдау жасап, өз 
ǩрекет теріне баға береді. Жеке «Мен» де-
ген түсініктен шығу жолдарын іздеп, оны 
түйсініп, зерттеп, талдап, бойындағы жақсы 
жǩне жаман қасиеттерін ажыратады. Сабақ 
барысында мұғалім мен оқушы арасында 
ашық ǩңгіме жүргізіледі. Ол түрлі ǩлеуметтік-
рөлдік ойындар арқылы, адамның ішкі жан 
дүниесін зерттейтін тренингтер арқылы да 
жүзеге асуы мүмкін. Пǩннің ерекшелігіне 
байланысты сабақтар ǩр түрлі болып өтеді. 
Маңызды рөлді мұғалімнің өзі атқарады. Ол 
қазіргі заманғы ǩдістерді қолдана отырып, 
оқыту мен тǩрбиелеуден бөлек психоло-
гиялық білімін, өзінің педагогикалық білікті-


151
Тǩрбие мǩселелері – Вопросы воспитания
лігін пайдаланып сабақ өткізеді. Сабақ 
дǩстүрлі немесе дǩстүрлі емес типте өтеді. 
Мұғалім тұлғаның шығармашылық ǩлеуетін, 
жеке қабілеттерін ашу үшін бар күшін са-
лады. Рухани адамгершілікті білім алу үшін 
оқушылардың сандық емес сапалық жағынан 
бағаланады [4]. «Өзін-өзі тану» пǩні − 
тұлғаның өзіндік жетілуі мен өзін-өзі дамы-
туы үшін өте қажетті пǩн.
Білім беру – тұлғаның рухани-адамгер-
шілікті болып қалыптасуы үшін қазіргі ǩлем-
дегі ең ұлы құндылықтардың бірі. Қоғамда 
жай ғана білімді адамдардан көрі нағыз 
кǩсіби, шығармашыл,сенімді мамандар көп 
болса, онда ол ел озық болары анық. Бұл үшін 
«Өзін-өзі тану» пǩнінің алар орны ерекше.
Сара Алпысқызы еліміздегі балалардың 
мүддесін жоғары қоюмен қатар, жас ұрпақ-
тың 
тағдырын 
рухани-адамгершілікпен 
сабақ тастыра білген , болашақ ұрпақты ізгілік 
бесігіне бөлеген, жаңа, ізгі ілімді үйретуге 
қадам жасаған ұстаздың бірі.
Қорытындылай келе, отандық психолог-
тардың зерттеуінше, жасөспірімдердің бой-
ында рухани-адамгершілік құндылықтарды 
қалыптастыруда: өзін бақылауына, өзін-өзі 
қабылдауына, өзін-өзі күшейтуге деген қа-
жет тіліктері жайдан-жай туындамайды, ол 
рухани-адамгершілік қажеттіліктен туын-
дайды. Яғни, жасөспірім өз жетістіктерін, 
кемшіліктерін ұғуға талпынған кезде болады. 
Өзіндік мақсатына ǩрекет жасай бастағанда 
дұрыс жолды таңдағанын, ол үшін не керек-
тігін түсінеді. Мұның барлығы адамға алды-
мен рухани қажеттілік туғанда пайда болады.
ůДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан Республикасының білім беру 
ұйымдарында тǩрбиелеудің 2006-2011 ж. 
арналған кешенді бағдарламасы. – Астана, 
2006.
2 Особенности организации учебного про-
цесса по предмету «Самопознание». //http://
www.bala-zan.kz. .
3 Раченко О.И. Интегративные принципы 
предмета «Самопознание» как основа нрав-
ственно-духовного образования младших 
школьников //http://www.portalus.ru.
4 Национальный научно-практический, 
образовательный и оздоровительный центр 
«Бөбек». //http://bobek.kz/about.
5 Самоукина Н.В. «Первые шаги школьно-
го психолога», − Ярославль. 2002.
6 Игенбаева Б. «Адамгершілік сабақтары», 
− Алматы, 2003.
7 Балтабаев М.Х. «Үздіксіз білім беру 
жүйесінде оқушыларға рухани-өнегелі тǩрбие 
берудің концепциясы», − Алматы, 2002.
А.И. КОХАНЕЦ 
Психологический центр «Личность»
Университет «Туран»
a.kohanets@yandex.ru
г.Астана, Казахстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет