Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет125/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ЗЕРЕКТІК – адамның тапқырлығы, ненің де болса алдын алған, айтарлықтай нәтижеге жеткізетін көрегендігі, өзінің жанындағы заттар мен болып жатқан құбылыстарды танып білуіндегі сезімталдығы, ақыл-ойының ұшқырлығы, ойлау әрекеттерінің оралымдылығын білдіретін даралық қасиеті. З. адамның психикалық әрекетіндегі түйсіну, қабылдау, сезіну, ойлау, талдау мен біріктіру, нақтылау мен абстракциялау, салыстыру мен пайымдау сияқты амал-тәсілдерімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, ол жеке адамның жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, темпераментіне, мінез-құлқы мен қабілетті деңгейіне де қатысты. Қазақ ұғымында З-тік, зерек (алғыр) оқушы, зерек (алғыр) адам ұғымында, адамның жеке басы қасиеттеріне байланысты қолданылады.


ЗЕРТТЕУ – жаңа ғылыми білімнің пайда болу үдерісі, таным қызметі түрі. З. объективтілігімен, дәлелділігімен, дәлдігімен сипатталады. Оның өзара байланысты екі деңгейі ажыратылады: эмпириялық және теориялық. Бірінші деңгейде ғылымның жаңа фактілері анықталады және оны қорытындылау негізінде эмпириялық заңдылықтар құрастырылады. Екінші деңгейде бұрын ашылған фактілер мен эмпириялық заңдылықтарды түсіндіруге, сонымен қатар болашақ оқиғалар мен фактілерді алдын ала болжауға, көре білуге мүмкіндік беретін, тек осы пәндік сала үшін құрастырылған жалпы заңдылықтар алға шығады. З.-дің негізгі құрамдас бөліктері болатындар: алға міндет қою; бар мәліметтерді талдау; бастапқы гипотезаны қалыптастыру; гипотезаны теориялық талдау; экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру; экспериментті өткізу; алынған нәтижені қорытындылау және талдау; алынған фактілер нәтижесінде бастапқы гипотезаны тексеру; жаңа фактілер мен заңдарды құрастыру т.б. З. әр түрлі негіздерге сүйеніп топтастырылады. Оның ең кең таралғаны іргелі және қолданбалы, сандық және сапалық, бірегей және кешенді және т.б. болып келеді.


ЗЕРІГУ – сірескен ауыр сезім, рухтың тұнжыраған жай-күйі, әрекетсіздік, қажу жағдайлары. Жалғыздықта немесе бос, қияли сағынышпен өмір сүру, келеңсіздіктен шаршау, өз жайы туралы уайым қайғы шегу, өзгерісті тілеу. Кімді немесе нені де болса сағынып қайғыру, шаршау негізінде пайда болатын адамның психологиялық жай-күйі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет