Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет175/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)


МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1853 – 1938) ұлы ақын, қазақ мәдениетінің үздік өкілі. М. бір жағынан, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің табанды қайраткері болса, екінші жағынан, орыс және еуропа мәдениетіне терең сусындаған тіпті, бүкіл Шығыстың атынан сөйлейтін теңбе-тең қарсыласына айналған. М. заманы О. Шпенглердің «Еуропа ақыры», Зия Гокалптың «Түркішілдік негіздері» жарық көрген, бүкіл әлемде отаршыл еуропашалдыққа қарсы күрес көтерілген кезең еді. Сондықтан М. шығарм.-да гуманитарлық емес, елсүйгіштік сезімі басым. Ұлы Абай мен Шәкәрім ислам мәдениетін, Шығыс пен Батыс өнерінен нәр алған әлем азаматы сезінсе, М. ХХ ғ. құндылықтарына сай ұлттық поэзия қалыптастыруға тырысқан. Егер В. Брюсов М. қазақ Пушкині десе, бұл өте нақты анықтама. Өйткені М. Пушкин сияқты ұлттық поэзияны дәстүрлі нұсқадан өз заманына сай жаңашыл нұсқаға көтерген ақын. М. өте әсерлі деңгейде смиволизм эстетикасын игерген дарынды ақын. М.ақпан төңкерісін үлкен үмітпен қабылдап, Кеңес үкіметі құндылықтарын көпке дейін қабылдай алмайды. «Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған. Білген емес иман деген не нәрсе, Қарын деген сөзді ғана жаттаған». Міне, М. үшін марксизм қарын ілімі болды. Кеңес үкіметі заманын ол ақырзаман ретінде қабылдады. Заманның өзгергенін білсе де, оған икемделгісі келмеді. М. құндылығы осы тұтастығында, грек халқының бостандығы үшін қаза тапқан Байронға ұқсас бірбеткейлігінде. Қазақ поэзиясының атасы Абайды сүйетіндігін айта келіп, Мұхтар Әуезов (1929): «Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен ақсандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманнан басы озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет