Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


МАКЛЮЭН Маршал (1911 – 1980) –



бет176/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)


МАКЛЮЭН Маршал (1911 – 1980) канадалық мәдениеттанушы. М. мәдениетте коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады деп есептейді. Байланыс құралдары мәдениеттің бейне-реңкін анықтайды және адамның сезімдік ағзаларының біреуінің немесе келесісінің қызметін жандандырады. Сондықтан мәдениеттер бір-бірінен адамның әйтеуір бір сезімдік ағзасының белсенді қызметіне байланысты өзгешеленеді. Коммуникацияның әрбір жаңа түрінің пайда болуы жаңа әлеум.-экономикалық және мәдени құрылымдардың, жаңа «галактиканың» пайда болуына әкелді. Сондықтан да ол тарихты бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүре алатын «галактикалардың» кезекпен ауысып отыруы деп таниды. Адамзат тарихы төрт кезеңге бөледі: жазу пайда болғанға дейінгі жабайылық кезең; фонетикалық жазу мыңжылдығы; «Гутекбергтік галактика» баспа техникасының бес жүзжылдығы; «Маркони галактикасы» қазіргі электрондық өркениет.


МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛ – дәстүрлі танымның ситуациялық философиясы. М. мен м. ритуалдан тыс жағдайда туып, халықтың жеке-тұлғалық қиялына, пайымдалуға тиісті белгілі жағдайдың пайда болуына байланысты. Мыс., «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген мақал Әз Тәуке хан Жеті Жарғысын шығарар алдындағы нақты жағдайдан туындаған. Немесе, «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар» деген мақал тотемизмнен генотеисттік құдай идеясына көшкенде өмірге келген. Бұл құбылыстың кітаби дәстүрден айырмасы, жағдайы туындамаса, мақал керексіз боп қалады. Ол өзіне тиісті бір жағдай ахуалында туып, тек соған ұқсас жағдайларды суреттеуге жаралған. Егер кітаби білім жағдайды өзі қалыптастыра алса, М. мен м. жағдайға тәуелділігінен танбайды. Мыс., «Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі» деген мақал данышпанның бүкіл философиясын ашып беретіндей деңгейде айтылған.



МАҚСАТ белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. М. тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік жігерін бағындыратын ішкі заң еңбегіндегі практикаға өзек болады. М. адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, обьективті заңдарға, қоршаған ортаның және субьектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда сана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы диалект, қарым қатынас көрініс табады. М. шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс-қимыл жасаған да ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. М. келешектегі, таяудағы тікелей жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «М.» терминімен ғылымда (биол., кибер.) кері байланыс (мақсатқа лайықтылық) жолымен қол жеткізетін жүйенің жалпы күй-жайы белгіленеді.

МАҚСАТҚА ЛАЙЫҚТЫЛЫҚ сөздің кең шартты мағынасында белгілі бір мақсатқа, нәтижеге, алып келетін процестер мен құбылыстардың қасиеті. М.л. органик. Дүниеде, қоғамдық жүйелерде, адамның іс-әрекеттерінде өзіне тән ерекшелікпен байқалып отырады. М.л. әр салада әр қилы болып келеді: органик. Табиғатта – организмдердің белгілі бір жағдайға бейімделуі және реттеліп отыруы, даму процестерінің нысаналылығы формасында, қоғамдық өмірде – күні өткен леум. Құрылымдардың құрып бітуінен және қоғамның одан әрі дамуына жәрдемдесетін жаңа тәртіптің пайда болуынан, адамдардың белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған қызметінен және т.б. көрінеді. Кибернетика кең мағынасында М.л. деп кері байланыс әсерлерін түсінеді. Бұл жерде қажет және нақты нәрсенің арасындағы айырмашылық туралы хабарлама жүйесі талап етіліп отырған жағдайға барған сайын жақындай түсуінің себебіне айналады. М.л-тың ең жоғарғы формасын – адам қызыметінің М.л-ғы, онда себеп-салдар байланысының аса маңызды буыны ретінде оған саналы мақсат келіп қосылады. Адамның әлдебір мақсатқа сай келетін барлық іс-әрекеті кең мағынасында «М. Л.» болып табылады. Сөздің неғұрлым тар мағынасында дәл қазіргі сәттің жағдайларына ғана емес, сондай-ақ дамудың жалпы бағытына сай келетін оның обьективті заңдары мен қажеттерін білуге негізделген қызмет қана «М. л.».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет