Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет34/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

А. ұғымы Ф. Шлейрмахердің теологиясының маңызды элементі ретінде көрінсе, ХIХ ғасырдағы еуропалық ой кеңістігінде мәңгілік оралу жайындағы ілімді Фридрих Ницше ары қарай дамытты.

АПОЛОНИЙЛІК және дионийсилік Ф.Ницшенің адамдық болмыстың екі бастауы мен мәдени типтерді сипаттауға байланысты енгізген ұғымдары. Бұл типтер ойшылдың «Музыка рухынан трагедияның туындауы» атты еңбегінде тұжырымдалған. А. және Д. бастамалары мифол. шығарм.-тың қиялдық бейнелері емес, олар бір болмыстың екі қыры ретінде табиғаттың өзінен нәр алып, көркем өнер тұлғасының бойында тылсымдық бастау ретінде оның ырығын билейді. Бірін-бірі толықтыра отырып, А. және Д. мәдениет ежелгі грек болмысының ғарыштық тұтастығын құрастырады. А. бастау жарық, салқынқанды пайымдаушы, сыншыл және рационалдық бітімдде болып келсе, Д. қызу, күңгірт, шығарм.-сезімдік, органикалық-иррационалдық түрде айқындалады. Д-ді А-ның басуы трагедияға әкеледі, ал трагедия, Ницше бойынша, мәдениет дамуының қозғалушы күші болып табылады. Кейінгі Еуропада рационалдық жеңіс рухани мәдениеттің құлдырауына әкеледі. Аполлондық бастау, Ницше бойынша пластикалық өнердің бейнелерінде ұяланады. Аполлон үйлесімділіктің құдайы және бүкіл болмыс формаларынан әсемдікті тапқысы келеді. Бірақ бұл әсемдік кейбір жағдайларда химералар тәрізді, адамды ұйқыдағы түс көру мен елес сияқты шатастырып кетуі де мүмкін. Аполлон жеке тұлғалық принципін жүзеге асырады. Сократ сөзімен айтқанда, «Өзінді таны!» дейді. Д. бастау музыка өнерімен түбірлес келеді. Оны түсіндіру мақсатында Ницше мас болу мен түс көруден мысалдар келтіреді. Мүлгіген тұлғалық санада бейнелер калейдоскоптағыдай қисынсыз ауыса бреді. Дионис әлемнің жүрегі, оның сағынуы мен асқақтануы. Ретсіз хаостан да ырғақ табуға болады. Д. мәдениет адамның тылсым дүниесінің шексіздігін білдіреді. Д. экстаз тоқтаусыз қайнап жатқан тіршілік ағына ену болып табылады. А. және Д. м. адамзаттың рухани тарихындағы әсерлі, әрі мазмұнды символдарға жатады.
Әдебиет: Ницше Ф. Трагедияның музыка рухынан туындауы. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.

АПОРЕТИКА (грек. Άπορία – апориялар) – Аристотель мен Ф. Брентано еңбектерінде кездеседі. Мәңгілік сауалдардың жауабын табу іздейтін философиялық ойлаудың ерекшелігін көрсету үшін Н. Гартманның таным метафизикасында қолданған негізгі ұғымдарының бірі. Философия тарихын жүйелердің ауысуы деп санайтын түсіндірмелерге қарсы Гартман философия тарихынан сан қилы метафизикалық концепцияларда әртүрлі мағынада тұжырымдалалатын, бірақ, ешқашан да өзінің түбегейлі нақты шешімін таппай келе жатқан субстанция, еркіндік, мүмкіндік пен шындық және т.б. осы секілді шешілмейтін философиялық мәселелердің тұрақты түрде қарастырылып келе жатқанына назар аударады. Гартман А-ны феноменологиялық әдіске альтернатива ретінде ұсынады. Тарихи-ғылыми зерттеулерде А. әдісін эволюция теориясына қатысты бес апорияны (эволюция және тұрақтылық, эволюция және эпигенез, эволюция және революция, эволюция және эманация, эволюция және инволюция), генді түсінуде әртүрлі апорияларды анықтаған орыс биологы А.А. Любищев кең қолданған.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


АПОРИЯ (грекше aporia – тығырық) – көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым, бақылау және тәжірибе арқылы алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің арасында туатын қайшылықтарды білдіреді. А. көне грек философы Зенонның (б.з.б. V – ғ.) тұжырымдарымен байланыстырылады, бірақ оның өзі бұл терминді қолданбаған. Зенонның ең белгілі А-лары – «Дихотомия», «Жебе», «Ахилл және тасбақа». Ол белгілі бір нәрсенің немесе заттың өлшемі туралы ұғымдар қайшылықты деп пайымдайды. Өз пікірін дәлелдеу үшін Зенон бірнеше дәлелдер ұсынады. Оның пікірінше, мөлшер мен өлшем ұғымының қайшылықтылығына байланысты бір заттың көп болуы мүмкін емес: өйткені, бір затты екіге бөлу үшін үшінші нәрсе керек. Егер бір нәрсені көп деп түсінсек, оны шексіз мөлшерде көп деп тануға тура келеді. Себебі, ол қаншаға бөлсең де, бөліне береді. «Дихотомия» (екіге бөлу) апориясында қозғалушы дене белгілі бір қашықтықты жүріп өту үшін әуелі оның жартысыны, ал осы жартыны өту үшін оның жарты бөлігін, сонан соң оның жартысын жүріп өтуі керек. Осылайша, шексіздікке дейін жалғаса береді, яғни қозғалушы дене қозғалысты бастамауы да мүмкін. А. екінші бір түрі бойынша: қозғалыс өзінің қозғалыс мәнінде тұрғанда тоқтауы, кідіруі мүмкін емес. «Ахилл және тасбақа» апориясы: желаяқ Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, себебі тасбақаға дейінгі қашықтықыты жүріп өткенше, тасбақа өзінің орнын ауыстырып, белгілі бір қашықтыққа жылжып кетеді. Ахилл осы қашықтықты игергенше тасбақа тағы да алға жылжи береді, осылайша жалғаса береді. Зенонның осы аталған және тағы басқа апориялары қозғалысты математикалық өрнектеудің және бұл процесте қолданылатын ұғымдардың қайшылықты екенін көрсетті. Ол қайшылықтар бірлігін түсіне алмағанымен, қозғалыстың қайшылықты екенін дұрыс байқады. Зенонның А-лары антикалық математиканың, логиканың және диалектиканың дамуына жол ашты. Ол кеңістік, жеке мен жалпы, бүтін мен бөлшек, қозғалыс пен тыныштық ұғымдарындағы қайшылықтарды көрсетіп, олардың шешімін іздеуге негіз салды. «А.» ұғымы философиялық мәнге Платонның және Аристотельдің философиясында ие болды. Аристотель оған «қарама-қарсы тұжырымдар теңдігі» деген анықтама береді. Әйгілі неміс философы И.Канттың антиномиялары осы А-ға ұқсас .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет