Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет79/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ГЕНЕЗИС (грек. Gеnesіs пайда болу, қалыптасу) – генетикалық-диахрондық әдістемеде дамушы құбылыстың, нәрсенің, болмыс бітімдерінің бастапқы кезеңі, шығу тарихы, қалыптасу сатылары. Г. ұғымы мәдениеттану ілімінде кеңінен қолданыс табады. Тарихи мәдениеттануда тарихи-мәдени типтердің қалыптасуына үлкен мән беріледі. О. Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби оқшау мәдени типтерді зерделегенде, олардың бастапқы қалыптарын талдау нәтижесінде алынған ерекшеліктерінен кейінгі даму бағыттарын айқындайды. Мифологияның санада Г. хаостан (ретсіздіктен) гармонияға (үйлесімділікке) өту ретінде қарастырылады. Антикалық мәдениетте Г. табиғи және әлеуметтік нақтылы болмыс бітімдерінің қалыптасуы түрінде зерделенген (Логос, атом, стихиялар, субстрат пен субстанция ). Жаңа заманда Гердер, Кант, Гегель және т.б. Г. ұғымын жалпы даму ілімінің аумағында қарастырады. Эволюциялық теорияның қалыптасуы Г. ұғымын жан-жақты толықтырды. К. Юнг Г. ұғымын дамудың бастапқы үлгілері-архетиптер тұрғысынан зерделейді. Феноменологияда ғылыми зерттеудің статикалық және генетикалық әдістемелері негізделеді. Қазіргі мәдениеттануда құрылымдық-синхрондық зерттеулердің генетикалық-диахрондық ізденістермен бірге жүгізілуі маңызды әрі нәтижелі болады деп ессптеледі.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. Алматы: Жазушы, 2006.

Генетикалық эпистемология (грек.genesis – шығу тегі және epistemologia – таным теориясы) – биогенетикалық концепцияның нұсқасы. Негізгі мәселесі – білімнің құрылымы мен дамуының алғашарттары болып табылатын психологиялық механизмдерді зерттеу. Бұл жерде онтогенетикалық дамуды экспериментальды зерттеу барысында алынған деректерді қазіргі заманғы логика мен математиканың жалпы теорияларымен біріктіру талпынысы жасалған. Білім дамуының тарихи және сондай ақ онтогенетикалық процесі эгоцентризм мен феноменализм қалпынан басталады. Бұл қалып танушы субъектінің өз позициясын түсіне алмауымен сипатталады. Бұдан әрі бұл даму объектінің мәніне тереңдеу арқылы да және өзіндік танымдық белсенділікті рефлексиялау арқылы да жүзеге асады. Зерттеудің осы стратегиясын Ж. Пиаже «жылдамдық» «ұзақтылық» сияқты физикалық ұғымдардың қалыптасуын генетикалық талдау барысында қолданады. Бұл стратегия аталған ұғымдарды кеңістіктік реттілік қатынасынан шығаруға мүмкіндік берді.

ГЕНОН Рене (1886-1951) – француз ойшылы, философия бакалавры. 1912 жылы ислам дініне кірген. Интегралды дәстүр ілімінің авторы. Басты жұмыстары: Индуистік ілімдерді зерттеуге жалпы кіріспе (1921) Теософия, немесе, бір жалған діннің тарихы (1921), Спириттердің қатесі (1923), Шығыс пен Батыс, Қазіргі әлемдердің дағдарысы, Әлем падишасы, Рухани және уақытша үкімет, Крест символикасы (1931), Болмыс ахуалының көпнұсқалылығы (1932), Шығыс метафизикасы (1939), Көп болу патшалығы және уақыт жорамалы (1945) және т. б. Генон ілімінше, гуманизмге және техникалық прогреске қарсы Ақиқат бір түптен шығып, кейін, даму емес, құлдырау үстінде болған. Сондықтан ең игі мақсат патшалығынан безіп, бұрынғы ақиқатты тірлікке жету ләзім. Міне, осы мақсатта бұрынғы дәстүрлі танымдарды зерттеп, оларды интегралды (тұтас) дәстүрге айналдыру керек. Бұрынғы тірлік руханилығы мол сана патшалығы болған. Кейін сол тірлік бұзылып, сана орнын сан басып, әлем көп болу патшалығына ауысқан. «Абыл мен Қабыл» деген шығармасында Генон көп болу әлемінің қарама-қайшы күштері ретінде көшпенділер мен отырықшыларды атайды. Генонша, бұл екі таным бір біріне тәуелсіз, бірақ көшпенділер бұрынғы бірлікке, біртұтас Ақиқатқа жақындау. Отырықшылдар, керісінше, бұл идеяға қарсы шығып, әлемде шашыраңқылықты және көп болу нұсқаларын көбейткен. Осының нәтижесінде руханилық қылсын, қазір жоқ болудың қасында. Кезінде Қабыл Абылға қалай зұлымдылық жасаса, отырықшылар да көшпенділерді солай жоқ қылады. Міне, осы тұрғыдан Генон дәстүрлі қоғамға бірігуді көксейді. Іс жүзінде тарих қайталанбайды, мұндай қоғамға бірігу мүмкін емес. Сондықтан қазіргі метафизика күйреген заманда Генон идеялары, қанша білімге толы болса да, кертартпалық сипатта көрінеді. Мысалы, шайтанның мұнарасы ретінде ол Кеңес одағы мен Америка Құрама Штаттарын атаған. Әлемнің азып-тозуы иудейлік және масондық ұйымдардың тірлік етуінен деген. Бұл саяси қақтығыстарға әкелетін тұжырым. Сонымен қатар, Генон әлемдік рухани элита қалыптастыру керек деген идеясы құптауға тұрарлық. Генонша, тек эзотерикалық деңгейде дәстүрдің қосындылары рухани тәжірибеге айналады.

ГЕНОТИП – органикалық жүйедегі барлық тұқымдық факторлардың жиынтығы, фенотипте көрінетін тұқымқуалаушылық белгілер. Мәдениеттануда гомогендік және архетип ұғымдарына жақын мағынада қолданылады. Мифологиялық сананы талдаушы ғалымдар Г-тің ілкі дүниетанымда арғы ата-тек түсінігімен тығыз байланыстылығын атап өтеді. Арғы ата-тек туралы адамдардың ежелгі түсініктерінде тотемдік сенім-нанымдар басымдық танытқан. Тотемизм Г. ретінде нақтылы бір киелі жануарды немесе табиғи құрылымды алумен байланысты. Мыс., түркілер өз тотемі деп Көкбөріні қабылдаған. Иудаистік-христиандық-исламдық дүниетанымда Г. символында Адам ата алынады. Жер шарындағы барлық адамдар бұл тұрғыдан Адам ата мен Хауа анадан өсіп өрбіген. Мәдениеттің гомогендігі оның бір этникалық аяда қалыптасып, дәстүр сабақтастығының үзілмегендігін білдіреді. Мыс., қазақ мәдениеті көшпелі түркілік дәстүрдің архетиптерін ХХ ғ. басына дейін сақтап келген гомогенді құрылымға жатады.

ГЕНОФОНД – органикалық жүйелердегі әр түрлі тұқымдық жинақтың сапасы мен түрлік ерекшеліктерінің қосындысы. Мәдени Г. деп нақтылы бір этностық немесе өркениеттің адамзаттың жалпы мәдени қазыналар қорына қосқан құндылықтарының жиынтығы, әлемдік мәдениетердің көптүрлілігі мен өзіндік ерекшеліктерін атайды. Этномәдени Г. халықтың ғасырлар бойы жинақтап, сұрыптап, уақыт сынынан өткізген игіліктер жүйесін қамтиды. Бұл мәдени Г. тарихи сабақтастықта архетиптер ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Мәдени Г. халықтың шығарм. және жасампаздық үлгілерін, табиғат пен қоғамдық ортаны меңгерудің ұғымды тәсілдерін, білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық бітімдерін, көркем өнердің құнды туындыларын, әртүрлі идеяларды т. б. қамтиды. Мыс., қазақтың мәдени Г-да скиф-сақтардың аң стилі, әскери демократияның далалық үлгілерінде қалыптасқан бірегейлену мен ынтымақтастықтың айрықша формалары, ортағасырлық түркі даналарының парасаттылық өрісі, эпос-жырлардағы отансүйгіштік сарындар, суырып салма ақын-жыраулардың өнер жетістіктері, сөз мәдениетінің биік тұлғалары билердің шешендік өнері, т.б. терең ұялаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет