Құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет10/19
Дата09.11.2022
өлшемі1,25 Mb.
#48906
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
akma. физио 2 рк

Жүрек қызметіне парасимпатикалық, симпатикалық жүйке талшықтарының және олардың медиаторларының әсері.

Симпатикалық жүйенің жүрек қызметіне әсері. (1867 жылы Цион ашкан.)
Симпатикалық жүйкенің жүрек етіне тигізетін әсері көбінесе кезеген жүйке әсеріне қарама-қарсы, жүрек етінің барлық физиологиялық қасиеттерін күшейтеді:
Симпатикалық жүйенің жүрекке 5 оң әсері бар:
оң хронотроптық әсер – автоматиялық қасиетін жоғарылатады, яғни соғуын жиілетеді;
оң инотроптық әсер - жиырылу күшін жоғарылатады;
оң дромотроптық әсер - жүрек етінің қозу өткізгіштігін жоғарылатады;
оң батмотроптық әсер – қозғыштығын жоғарылатады;
оң тонотроптық әсер - жүрек етінің тонусын жоғарылатады.


Кезеген жүйкенің (ПЖЖ) жүрек қызметіне әсері. 1845 жылы ағайынды Веберлер ашкан. Кезеген жүйке жүректің физиологиялық қасиеттерін төмендетеді.
Кезеген жүйкенің жүрекке 5 теріс әсері бар:
теріс хронотроптық әсер - автоматиялық қасиетін төмендетеді, яғни соғуын азайтады;
теріс инотроптық әсер- жиырылу күшін төмендетеді;
теріс дромотроптық әсер - жүрек етінің қозу өткізгіштігін төмендетеді;
теріс батмотроптық әсер - қозғыштығын төмендетеді;
теріс тонотроптық әсер - жүрек етінің тонусын төмендетеді.



  1. Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі. Данни-Ашнер рефлексі.

Кезеген және симпатикалық жүйке орталықтарының тонусы өзгеруінен болады. Орталықтар тонусы рецептордардан келетін импульстармен реттеледі.

  1. экстрорецепторлардаң

  2. проприорецепторлардаң

  3. интерорецепторлардаң

  4. Рефлексогенді аймақтардаң (аорталды, сино-каротидті, өкпелік, Бейинбридж аймағы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет