Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген жеке алушы жазып алған құжат түрлерінің жазылу үлгісін ұсыныңыз



бет33/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
46. Жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген жеке алушы жазып алған құжат түрлерінің жазылу үлгісін ұсыныңыз.
Факс – телефон байланыс арнасы арқылы арнайы аппаратпен алынған құжат. Факс мəні бойынша берілетін құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез келген түрі жіберіледі. Алайда факстер көп жағдайда іскерлік əріптестер мекемелер арасындағы хат алмасудың бір түрі болып қалады. Факсті ресімдеу қызметтік хатты ресімдеу секілді жүреді. Тек адресат деректемесінде почталық мекен-жаймен бірге алушы қаласының коды мен факс нөмірі көрсетіледі. Қалған деректерді аппараттың (теелфакс) өзі қояды: - жіберушінің коды; - беру күні мен уақыты, сондай-ақ оның ұзақтығы; - ақпарат берілген телефакстың нөмірі, - берілген беттердің саны. Егер алынған факсте маңызды ақпарат болса жəне ұзақ уақыт қолдануға арналса, оларды көшіріп алу керек, өйткені көптеген факс аппараттарының пайдаланатын қағазы жұқа болып келеді. Ал кəдімгі қағазды пайдаланатын қымбат факстерді көшірмесе де болады.


47. Қолхат, кепілхат үлгісін жазып, тірек сөздердің астын сызыңыз.
ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- құжаттың аты;
- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- қолхат жазылған күн;
- тараптардың қолы;
- мекеме мөрі.

Үлгі:
Қолхат


Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ...
15 ақпан ,2003ж. (қолы)

Қолхат
Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым. 2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.
10.12.2003жыл қолы

Кепілхат
Алматы қаласы, 25 қараша 2003 жыл.
Мен, азамат Ержан Бауыржанұлы Хайрош мекен-жайым Алматы қаласы, Абай даңгылы, 10 үй, 5пәтер, жеке басымның куәлік №010777888 ҚР ІІМ берген Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй, 106 пәтерде тұратын жеке басының куәлІк №10356706 ҚР ІІМ берген Әсел Тұрарбайқызы Жұмаділовадан 150 000 (жүз елу мың) теңге алдым.
Өз міндеттерімді орындауға:
— келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп түруға;
— алынган ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
— келісім-шарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
— мекен-жайым өзгерген жағдайда бүл туралы 3 күн ішінде хабарлауга кепілдік беремін.
Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған:
Бір данасы Алматы қаласы 47 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы - азамат Жұмаділова Әселге берілген, үшінші данасы - азамат Ержан Хайрошта сақталған.
25.12.2003 Қолы_
Ержан Хайроштың қолын растаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет