Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#9675
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

Әдебиеттер 
1. Методики  преподавания  английского  языка».  [Электрондық  ресурс]  //  Native  English,  2013-
2016. URL: http://www.native-english.ru/articles/prepod. 
2. Методы  изучения  иностранного  языка.  Экскурс  в  методологию».  [Электрондық  ресурс]  // 
Native English, 2013-2016. URL: http://www.native-english.ru/articles/excursus.  
3. Неэффективность традиционных методик преподования английскому языку». [Электрондық 
ресурс] // Grapespeed, 2014-2016. URL: http://www.grapeseed.com/ru/need_fc.html#point_cec. 
4. Теория  и  методика  преподавания  иностранных  языков».  [Электрондық  ресурс]  //  Allbest, 
2000-2016. URL: http://knowledge.allbest.ru/pedagogics/3c0b65635a3bc68a4c43b89421306c37_0.html. 
5. Становление  и  эволюция  коммуникативной  методики  обучения».  [Электрондық  ресурс]  // 
Allbest, 2000–2016. 
URL: http://knowledge.allbest.ru/pedagogics/2c0b65625a2ad68a4d53a88521306c27_0.html. 
 
 
КӨПТІЛДІЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ 
БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ  
 
Г.М. Тохметова, А.М. Сыздыкова, А.Т. Макишева 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Жаңа мыңжылдық білім беру жүйесінде жаңа леп алып келді және бүгінгі күні 
әлемнің  көптеген  елдерінде  білім  беру  жүйесіндегі  басты  құзыреттіліктердің 
қалыптасуы  белсенді  талқылануда.  Солардың  ішінде  болашақта  жас  түлектердің 
қызметте  табысқа  қол  жеткізуіне  үлкен  септігін  тигізетін  коммуникативтілік 
құзыреттілігіне  аса  назар  аударған  жөн.  Шет  тілдеріне  үйрету  кәсіби  мамандарды 
даярлауда  басты  элементтердің  бірі  болып  табылады.  Көптілділік  –  көпмәдениетті 
тұлғаны  қалыптастырудың  негізі.  Елбасы  Н. Назарбаевтың  пікірінше  «...Қазақстан 
өзінің  көпұлттылығымен  бірегей  және  күшті.  Қазақстан  халқының  еуразиялық  түп 
тамыры  шығыстық,  азиялық,  батыстық  және  еуропалық  халық  нөпірін  байланыс- 
тыруға және көпмәдениеттіліктің бірегей қазақстандық нұсқасын жасауға мүмкіндік 
береді» [4]. Қазақстан ежелден әлемдік мәдени үдеріске тартылған болатын. Геогра- 
фиялық  жағынан  Шығыс  пен  Батыстың  қиылысында  орналасуы  Қазақстанның 
этникалық келбетін айқындап берген сияқты.  
Қазақстанда  полиэтникалық  құрамы  бар  мектептер  ХІХ  ғасырдың  аяғында 
пайда  бола  бастады.  Бұған  Еуразия  этностарының  ұзақ  уақыт  бойғы  қарым-
қатынасы, мәдениеттер алмасуы әсер етті. Көптеген ресейлік мұғалімдер ұзақ уақыт 
бойы  қазақ  мектептерінде  жұмыс  істеп,  қазақ  халқына  деген  терең  құрмет 
қалыптасып, қазақ тілін үйрене бастады. Жергілікті халықты орыс мәдениетіне тарта 
отырып, мұғалімдер қазақтардың ұлттық мәдениетіне ықыласпен қарады. Қазақстан- 
да  полиэтникалық  құрамды  мектептер  санының  артуына  түрткі  болған  Ұлы  Отан 
соғысы болды. Көптеген ұлт өкілдерінің батыс аудандардан КСРО-ның оңтүстігі мен 
шығысына  ығысуы  жүрді.  1942  жылдың  көктемінде  7000  мың  эвакуацияланған 
халықтың  600  мыңы  Қазақстанға  орналастырылды.  Осының  нәтижесінде 
мектептердің басым бөлігі полиэтникалық статусқа ие болды. Қазақстанда әрі қарай 
осындай  мектептер  қатарының  артуына  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру,  ірі 
өнеркәсіп орындарының құрылысы үлкен роль атқарды. Қазақстанда жаңа жерлерді 
игеру  үшін  Кеңес  Одағының  түпкір  түпкірінен  көптеген  ұлт  өкілдерінің  еріктілері 
келді. Осылай қазақстан халқы қалыптасты. Қазақстан Республикасы тілдік ахуалды 
зерттеу  орталығының  қызметкерлері  Р.Б. Абсаттаров  пен  Т.С. Садыков  жүргізген 
сауалнама  бойынша,  Қазақстанның  бес  облысынан  қатысқан  1392  респондеттің 
«әрқайсысы кем дегенде бес ұлттың өкілімен көрші тұратынын айтты, 83,1 % – басқа 
ұлт  өкілдерінен  жақын  достары  бар,  50  %  –  жақын  туыстары,  91,9  %  –  өзге  ұлт 
өкілдерін  қонаққа  шақырып,  өздері  де  қонаққа  баратынын  айтты»  [6].  Сонымен, 

169 
 
экономикалық байланыстардың артуы, өнеркәсіптік өнімнің өсуі, жаңа қалалар мен 
елді  мекендердің  пайда  боуы,  урбанизация,  миграциялық  үдерістер  полиэтникалық 
құрамды мектептер санының артуына септігін тигізді. Сондықтан Қазақстанда біздің 
республикамызда  тұрып  жатқан  этностардың  тілдерін  оқуға  үлкен  көңіл  бөлінуде. 
Мектеп,  колледж  және  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  мемлекеттік  тіл  –  қазақ 
тілінде  және  ұлтаралық  қарым  қатынас  тілі  орыс  тілдерінде  жүргізіледі.  Осылай, 
Қазақстанда  қостілділік  қалыптасқан  болса,  бүгінгі  күні  көптілділік  білім  беру 
тенденциясы да қалыптасуда.  
Қазақстан Республикасының тілдік саясатының барлық құжаттарында бірнеше 
тілдерді игеру қажеттілігі негізгі идея  болып табылады. Көптілділік пен көпмәдени 
білім  беру  принциптері  Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңында,  «Қазақстан 
Республикасындағы  тілдер  туралы»  және  «Білім  беру  туралы»  заңдарында  орын 
алған.  Мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  жаңа  заман  оқулықтары  елімізде  алты 
тілде: қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, түрік және неміс тілдерінде басылып шығарылады. 
Болон  үдерісіне  қосылған  соң  Қазақстан,  жаһандық  білім  беру  платформасы- 
ның қатысушысына айналды. Қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін білу, 
білім берудің сапасын қамтамасыз етудің және халықаралық байланысты дамытудың 
негізі  және  Болон  Декларациясының  басты  принциптерінің  бірі  –  академиялық 
ұтқырлық принципін тиімді енгізіудің алғышарты болып табылады [3].  
«Қазақстан  бүкіл  әлемде  халқы  үш  тілде  сөйлейтін  және  жоғары  білімді  ел 
ретінде қабылдануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық 
қарым қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ықпалдасу тілі» [5].  
Көптілді  білім  беру  қазақстандық  түлектердің  халықаралық  деңгейде  бәсекеге 
қабілеттіліктерін  арттыру  үшін  жағдай  жасайды.  Бұл  тұрғыдан  Қазақстанның  білім 
беру жүйесінде, мазмұны жағынан да, ұйымдастырушылық жағынан да маңызды оң 
өзгерістер  болды.  Шет  тілдерін  оқу  ең  алдымен,  бүгінгі  жаһанданған  әлемде  адам 
өмірінің  практикалық  және  кәсіби  өсуінің  кепілі  ретінде  әлеуметтік  маңызды  деп 
танылған.  Қазақстандық  білім  беру  кеңістігінде  шет  тілінің  орны  қазақ  және  орыс 
тілдерімен  қатар  –  халықаралық  қарым  қатынас  тілі  ретінде  айқындалған. 
Көптілділік білім беруді іске асыру жөнінде әлемдік мектептердің алдыңғы қатарлы 
тәжірибесін  зерттеу,  шет  тілдерді  оқытуды  әрі  қарай  жетілдіру  мен  оны  меңгеруді 
тереңдету  үшін  ертерек  енгізудің  қажеттілігін  көрсетті.  Бірқатар  концептуалды-
методологиялық мәселелер шешілді. Халықаралық типтегі республикалық мектептер 
мен  тілдік  жоғары  оқу  орындарында  оқудың  халықаралық-стандарттық  деңгейін 
енгізу үшін «арнайы мақсаттарға бағытталған тіл» бойынша экспериментальді түрде 
концептуалды  базис дайындалып, бекітілді.  Шет тіліне оқытудың жаңа педагогика- 
лық  және  ақпараттық  технологиялары,  соның  ішінде  қашықтан  оқыту  жүйесі 
енгізілді.  Тілдік  және  тілдік  емес  жоғарғы  оқу  орындарында  практикалық  шет  тілі 
және  «арнайы  мақсаттар  бағытталған  тіл»  бойынша  типтік  бағдарламалардың 
жобалары құрастырылды.  
Елімізде  басқа  тілде  білім  беруді  ұйымдастыруда  бірқатар  қиындықтар  бар: 
мектептерде  ағылшын  тілін  меңгерген  пән  мұғалімдері  жетіспейді;  жоғарғы  оқу 
орындарында  шет  тілінде  оқытатын  оқытушылар  саны  аз;  бүгінгі  күні  абитуриент- 
тердің  ағылшын  тілін  меңгеру  деңгейі  төмен;  білім  алушылар  тарапынан  шет  тілін 
үйрену тек олардың жеке басының тырысуынан екені әлі де толық түсінбеген.  
Елбасының  тапсырмасы  бойынша  2013  жылдан  бастап,  барлық  мектептерде 
ағылшын  тілін  үйрету  бірінші  сыныптан  енгізілген.  Екі-үш  жылдан  соң  бұл 
мектептер  кейбір  пәндерді  ағылшын  тілінде  жүргізе  бастайды.  Сол  уақытқа  дейін, 
осы  жұмыстарды  іске  асыратын  білікті  мамандарды  даярлау  қажет.  Сондықтан  да 
қазірден бастап, еліміздің педагогикалық жоғарғы оқу орындарында, түрлі пәндерді 
ағылшын  тілінде  сабақ  жүргізу  алатын,  ағылшын  тілін  жақсы  меңгерген  мұғалім 

170 
 
мамандарды  даярлаудың  нақты  және  тиімді  шаралары  басталып  керек.  Оқытылып 
жатқан түрлі оқу пәндері, мәселен, тарих, информатика, биология, елтану және т.б. 
пәндері шет тілінде жүргізілген жағдайда ғана біз көптілділік білім беру туралы айта 
аламыз.  
Еліміздің  жоғары  оқу  орындарының  алдында,  басымдылық  мамандықтар 
бойынша  пәндерді  ағылшын  тілінде  жүргізе  алатын  білікті  мамандарды  даярлап 
шығару  міндеті  тұр.  Аталмыш  міндет  Еурокомиссияның  кәсіби  мамандарды 
даярлайтын  жоғарғы  оқу  орындарында,  болашақта  мамандардың  өз  кәсіби 
салаларында  шет  тілінде  коммуникативті  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  үшін, 
оқыту  ішінара  шет  тілінде  болуы  керек  деп  жариялаған  принциптерінің  бірінен 
көрініс табады. Бір сөзбен айтқанда, Еуроодақтың тілдік саясаты оқу орындарының 
түлектері  халықаралық  экономикалық  жүйеде  емін  еркін  ықпалдаса  алуына 
бағытталған [2]. 
«2011–2020  жылдарына  арналған  ҚР  білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік 
бағдарламасы»  білім  беру  жүйесіне  көптілділікті  енгізуді  міндет  етіп  қояды. 
«Оқытуда  ағылшын  тілін  қолданатын  педагогтардың  үлесі  30  %  жету  керек». 
Сондықтан  еліміздің  бірқатар  ЖОО  мен  мектептерінде  көптілділік,  яғни  пәндерді 
шет  тілінде  жүргізу  енгізілуде  [1].  «Бес  институционалдық  реформасын  жүзеге 
асырудың  100  қадамы»  бағдарламасының  №79  қадамында:  Білім  беру  жүйесінде  – 
жоғары  сыныптар  мен  ЖОО-ларда  ағылшын  тілінде  оқытуға  кезең-кезеңмен  көшу. 
Басты мақсаты –даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім 
беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру деп көрсетілген. 
Сонымен, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының алдында, басым- 
дылық  мамандықтар  бойынша  пәндерді  ағылшын  тілінде  жүргізе  алатын  білікті 
мамандарды  даярлап  шығару  міндеті  тұр.  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық 
институтында  болашақ  мамандардың  халықаралық  білім  беру  мен  экономикалық 
ортада  еркін  ықпалдасуы  үшін  оқыту  мен  білім  беру  үш  тілде  (қазақ,  орыс  және 
ағылшын) жүргізіледі. 
Сонымен,  көптілділік  білім  беру  қазақстандық  түлектердің  халықаралық 
деңгейде  бәсекеге  қабілеттіліктерін  арттыру  үшін  жағдай  жасайды.  Бүгінгі  күні 
көптілділік  білім  беру  жүйесі  Қазақстанның  дамуы  мен  халықаралық  ықпалдасу 
үдерісімен  шартталған  қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  сұранысқа  ие  деп  толық 
айта  аламыз.  Бұл  Қазақстанның  халықаралық  ықпалдасу  жағдайында  білім 
алушылар  мен  практик-мамандардың  жоғары  бәсекеге  қабілеттілік  пен  кәсіби 
құзыреттіліктікті арттыруға деген ұмтылысымен түсіндіріледі.  
 
Әдебиеттер 
1. »Государственная программа развития образования РК на 2011-2020» утвержденная Указом 
Президента от 7 декабря 2010 года [Электронный ресурс] // http://online.zakon.kz/Document/ (дата об-
ращения: 05.06.2014). 
2. »Концепция  развития  полиязычного  образования  в  Республике  Казахстан»,  КарГУ  им. 
Е.А. Букетова  [Электронный  ресурс]  http://www.ksu.kz/modules.php?name=Content&pa  (дата  обраще-
ния: 05.04.2014). 
3. Кузьминых Т. Языковая компетенция на фоне внедрения полиязычного образования. // ХVІІІ 
Международная  научно-практическая  интернет-конференция  «Проблемы  и  перспективы  развития 
науки 
в 
начале 
третьего 
тысячелетия 
в 
странах 
СНГ» 
[Электронный 
ресурс] 
http://oldconf.neasmo.org.ua/ (дата обращения: 05.06.2014). 
4. Назарбаев,  Н.А.  Стратегия  трансформации  общества  и  возрождения  евразийской  цивилиза-
ции. – М., 2000. – С. 16-18. 
5. Назарбаев,  Н.А.  Социальная  модернизация  Казахстана: Двадцать  шагов  к  Обществу  Всеоб-
щего Труда // Казахстанская правда. – 2012. – №218-219. – 10 июля. 
6. Сауханова, Ж.С. ,Абдрахманова, А.А. Вопросы полиязычного образования в вузах Казахста-
на // ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.[Электронный ресурс] http://www.assembly.kz/news/1/320/ (дата обраще-
ния: 13.06.2014). 

171 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖОБА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ 
 
Г.А. Шалабай, А.О. Каримова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Білім беру жүйесіне ірі өзгерістер ықпал етуде. Балаға деген көзқарас қаралып 
жатыр:  ол  объекттен  субъектке  ауысуда,  мұғалім  жетекші  мәртебесінен  кеңесші 
мәртебесіне айналуда. Ұстаздың еңбек өнімі бұл – дамыған, тәуелсіз, табысты, өзіне 
сенімді  тұлға,  ал  бұл  үшін  табысқа  лайықты  жағдай  жасау  керек,  мұғалім  осы 
мәселені  естен  шығармауы  қажет.  Оқушы  мектеп  табалдырығын  аттап,  өзіне 
сенімсіз  және  өзінің  шеңбер  мүмкіндіктері  аясында  әрекет  етуге  тырысып, 
сәтсіздіктерге  душар  болса,  яғни  мұндай  оқушы  өзінің  сенімсіздігі  мен  қиындық- 
тарын жеңуге үйренген жоқ, мұндай адам өмірде өз орнын таба алмайды. Сонымен 
қатар,  әр  оқушыда  өзін  -өзі  іске  асыру  жіне  жетістіктерге  жету  талаптары  мен 
қажеттіліктері  болады.  Бұл  үшін  балаға  жағдай  және  эмоционалдық  қолдау  жасау 
керек,  яғни  ол  өзінің  ішкі  дүниесінен  нақты  мүмкіндіктер  тауып,  соларға  сүйене 
отырып,  қиын  жағдайлардан  шыға  білуі  қажет.  Өз-өзіне  деген  мұндай  сенімділік 
баланың рухын одан әрі дамыда түседі.  
Осылайша,  қазіргі  кезеңде  оқушылардың  проблемалық  жағдайларын  шешу 
үшін және жеке  көзқарас құру  үшін, оқушылардың танымдық қызметін жандандыр 
үшін, білім беру жүйесінде психологиялық қолдау өзекті болып табылады.  
Жобалау – «proicere»деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау»  сияқты 
мағынаны  немесе  жоспардың  жүзеге  асырылуын  білдіреді.  «Жоба»  ұғымы 
педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен 
қолданылатыны  белгілі.  Мысалы:  құрылыс  жобасы,  зерттеу  жобасы, оқыту  жобасы 
т.б.  Жоба  әдісі  оқушылардың  бір  проблеманы  шешуін  талап  етеді.  Ал  проблеманы 
шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр 
түрлі  пәндерден  алынған  білімнің  интеграциясын  пайдалануы  қажет.  Демек,  жоба 
әдісі  оқушылардың  білімділік  ситуацияға  түсіп,  өз  проблемаларын  іздеп,  тауып, 
шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы. Жобалап оқыту технология- 
сы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те 
атаған.  Америка  философы  әрі  педагогы  Дж.  Дьюи,  және  оқушысы  У.Х. Килпатри 
ойлап  тапты.  Дж. Дьюи  оқудың  белсенді  формасын  ұсынды.  Бұл  жерде  өмірден 
алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы  керек, оны шешу 
үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек [1, 2 б]. 
Баршаға  мәлім,  шет  тілін  үйренудің  әр  сатысындағы  негізгі  талап,  бұл  – 
оқушының  коммуникативтік  акт  және  коммуникативтік  міндеттерді  асыра  алу 
қабілеттілігі.  
Ағылшын тілі мұғалімі санатынан, менің өз міндетім ретінде, оқушыларды тек 
ағылшын  тілінде  сөйлеу  ғана  емес,  сонымен  қатар  жан-  жақты  дамыған  тұлға 
қалыптастыру  деп  есептеймін.  Белсенді  оқыту  әдістерін  қолдану  жеке  тұлғаның 
шығармашылық  белсенділігін  дамытуға  және  мінез  –  құлықтарын  түзетуге  ықпал 
етеді деп есептеймін. Бұл технология орта деңгейдегі мектеп оқушыларына тән, яғни 
жасөспірімдер  болып  саналады.  Жасөспірімдер  жасына  сәйкес,  орыс  психологтары 
Л.С. Выготский,  Д.Б. Эльконин,  В.В. Давыдов  –  тың  ойынша,  оқушылардың  тұлға- 
аралық  қарым-қатынасы  жетекші  қызмет  болып  саналады.  Дәл  осы  жаста  (13–14 
жас)  оқушыларда  ізденуге,  мектептен  тыс  іс-шараларға  қатысуға,  бүкіл  дүниені 
танып,білуге  және  ғылыми  зерттеулерге  деген  қызығушылықтары  тартым  болады. 
Оларда абстрактілі ойлау және логикалық жады дами бастайды. Өкінішке орай, 13–
14 жас аралығындағы оқушылар сабақтан алған білімдерін пайдалану мүмкіндіктері 
болмай, шет тілін  уйренуге қызығушылықтарын жоғалтады. Жоба әдісі, сөзсіз, шет 

172 
 
тілін  үйренудегі  ең  белсенді  әдістерінің  бірі  болып  саналады.  Көптеген  білім  беру 
жүйесін  жоба  әдістері  қызықтыруда,  яғни  «Мен  не  үйренемін,  білемін  және  бұл 
білімімді қайда және қалай қолдана аламын» [2, 4-5 б]. 
Жоба  әдісі,  әрдайым,  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне  бағытталған, 
яғни жеке, жұптық, топтық, сонымен қатар олар бұл жұмыстарды белгілі бір  уақыт 
кезеңінде  жүзеге  асырады.  Оқушылардың  өздік  жұмыстары  кезінде,  оларда  уәж, 
өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі  ұйымдастыру  және  т.б  жеке  қасиеттері  неғұрлым  айқын 
көрініп,  дамиды.  Егер  оқушы  мектеп  кезінде  ғылыми-зерттеу  дағдыларын  игерсе, 
яғни  ақпараттағы  фактілерді  салыстыруды,  жеке  талдау  жасауды,  қорытындылай 
алуды білсе, бұл оқушы болашақта өмір өзгерістеріне оңай бейімделеді және өзінің 
дағдысы болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.  
Біздің қоғам ғылыми, өндірістік, қоғамдық және жеке туындайтын мәселелерді 
шешуге  қабілетті  адамдарға  мұқтаж  болып  табылады.  Өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу 
және  қалыптастыруда  мұғалімнің  рөлі  алдыңғы  қатардағы  орындарға  ие.  Әрине 
әрбір  мұғалім  мектепте  және  сабақтан  тыс  іс-шараларда  өз  пәні  арқылы  балаларды 
тәрбиелеу және дамыту жолдарын іздейді.  
Осы  орайда,  шет  тілі  мұғалімі  үлкен  мүмкіндіктерге  ие.  Шет  тілі  пәні 
оқушыларға басқа елдің мәдениетін оқып, танып білуге үлкен мүмкіндік ашады, ал 
бұл өз кезегінде еліміздің мәдениетіне және қазақ тіліне деген құрметті көздейді. Әр 
тілді  бір  –  бірімен  салыстыру  барысында,  тіл  –  бұл  адамдар  арасындағы  байланыс 
жасау  құралы  екеніне  көз  жеткізеді.  Мектепте  шет  тілін  меңгеру  қарқынды 
белсенділік  қызметін  қамтиды.  Оқушының  жұмыс  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету 
үшін  оны  ынталандыру  қажет.  Ынта  деңгейін  арттыруға  не  әсер  ете  алады?  Ең 
алдымен, шет тілін үйренудегі тиімділік пен қызығушылықты қамтамасыз ету болып 
табылады.  Шет  тілін  үйренудегі  әрбір  кезеңінде  оқушылар  танымдық  белсенділігін 
көрсете алуы, тұжырымдар жасауға, және ана тілі мен шет тілінде өз ойларын жетік 
қалыптастырып,  жеткізе  алулары  өте  маңызды  болып  есептеледі.  Әр  оқушының 
жеке  қабілетін  дамытып,  жүзеге  асыру  үшін  сыныпта  арнайы  жағдай  жасау  керек. 
Оқу процесі үш маңызды құрамдас бөліктен тұрады: а) мұғалім мен оның шеберлігі, 
б) оқушы және оның ынтасы, с) меңгеруді қамтамасыз ететін пән.  
Педагогикалық  әдістердің  бірнеше  түрлері  бар.  Сабақ  оқу  үдерісінде, 
тақырыпты  жетік  меңгеру  үшін  әрбір  пәнде  өзінің  жеке,  тиімді  әдіс-  тәсілдері 
болады [3, 62 б].  
Жобалау  әдісі  –  оқу  үрдісін  ерекше  етіп  тұратын  кешенді  оқыту  тәсілдердің 
жиынтығы.  Бұл  әдіс  –  оқушылардың  әрекеттерін  өз  бетінше  жоспарлауға, 
ұйымдастыруға  және  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Жобалау  әдісі  оқушыларға 
тақырып таңдауға, мәліметтердің  дереккөздерін жинауға және презентация жасауда 
өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым – қатынастың жаңа түрін 
үлгілеуге  арналған.  Зерттеу  барысында  оқушының  бойында  төмендегідей  біліктер 
қалыптасады:  
– Алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді. 
– Мүмкіндіктері  мен  мүмкіндіктер  шегін  тексеруге  және  дамытуға  жағдай 
жасайды.өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады. 
– Алдына  қойған  міндетіне  қарай  жұмыстың  мазмұнына  өз  бетінше  талдау 
жасай алады. 
– Өз бетінше 
– Мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.  
Аудиторияның  алдында  еркін  сөйлеуге,  ойын  жетік,  дәлелді  және  логикалық 
жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.  
– Өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады. 
– Шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі [4, 404 – 408 б]. 

173 
 
Осыған  орай  ғылыми  зерттелген  білім  беру  әдістерін  іс  жүзіне  асыруда  білім 
берудің  сан  алуан  жаңа  технологиялары  пайдаланылып  жүр.  Солардың  бірі  – 
Ұлыбританияның  «Кэмбридж»  университетінің  әдістемесінің  басылымындағы 
«Cutting  Edge»  оқулығы.  Модульдеп  оқыту  технологиясы  негізінде  жасалынған 
оқулық  –  біріншіден,  жасөспірімдерге  күнделікті  тұрмыс  қажетіне,  ситуацияларға 
негізделген  коммуникативтік  курс.  Екіншіден,  бұл  әдіс  ағылшын  грамматикасын 
анық  және  жанамалап  таныстыратын  күнделікті  сөздерде  қолдануға  үйрететін 
структуралық  курс.  Сондықтанда,  бұл  әдісте  оқушылардың  тілге  деген  қызығу- 
шылығын арттыратын тақырыптар мен тапсырмалар көп берілген. Коммуникативтік 
курс негізінде оқытудың түрлері: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу тығыз байланысты-
рылып құрылған [5, 1-2 б]. 
 
Әдебиеттер 
1. http://referatikz.ru/publ/prezentacija_na_kazakhskom_jazyke/aralas/zhobalau_distemesi/9-1-0-3367 
2. file:///C:/Users/Admin/Downloads/metod-proektov-na-uroke-inostrannogo-yazyka%20(1).pdf 
3. Колкер Я.М., Установа Е.С., Еналиева Т.М Методика обучения иностранному языку, 2003. 
4. Филатов В.П. Методика обучения иностранному языку, 2005  
5. Sarah Cunningham and Peter Moor – New Cutting Edge, 2007 
 
 
М. ЖҰМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ СӨЗ-СИМВОЛДАР 
 
Ү. Амринова, Б.М. Кадырова 
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.  
 
Мағжан  Жұмабаев  –  қазақ  поэзиясының  шолпан  жұлдыздарының  бірі  әрі 
бірегейі. Ақын өзі өмірден өтсе де ұрпақтарына мол рухани азық қалдырып кетті. Ол 
тек рухани азық қана емес, ғылыми тұжырымдар жасауға қажетті зерттеу нысаны да 
болуда.  Оған  дәлел  ретінде  тілшілер  мен  әдебиетшілер  тарапынан  жарияланып 
жатқан  ғылыми  жұмыстарды  айтуымызға  болады.  Онда  ақынның  өмірі,  өлеңдері, 
поэмалары, ақын тілінің ерекшелігі мен қолданылған әдіс-тәсілдер және т.б. туралы 
зерттелген.  Сол  зерттеулерде  ақынға  «Жыр  жұлдызы»  деген  «атақ»  беріледі.  Ақын 
өлеңдерін оқи отыра шынымен, «Жыр жұлдызы» деген мадақтауға лайық екендігіне 
көз жеткізгендейміз.  
Мағжан  ақынның  табиғаты  өте  күрделі,  сырға  толы.  Талайды  аузына  қаратып 
тамсандырған  ақын  сырын  қалай  түсінуге  болады?  Бұл  сұрақтың  жауабын  поэзия- 
сынан  табамыз.  Ақын  нені  айтса  да  бейнелеп,  жүрекке  жетерліктей  етіп  айтады. 
Меніңше, ақын туындыларының басты ерекшелігі  уақыт сынына төтеп берерлік тіл 
байлығы мен ой тереңдігі, сөз қолдану шеберлігі мен көркемдігі болса керек.  
Біз  бұл  мақаламызда  ақын  шығармаларындағы  символдық-сөз  қолданыстарды 
қарастырмақшымыз. Ақын өлеңдерінде алаш,  күн, от, ой, у, дерт, жел, өмір, өлім, 
жан т.б. сөз-символдар жиі кездеседі. 
Ақын поэзиясында жиі қолданылатын «От» сөзі. Ежелгі түркі жұртының киелі 
тотемі саналатын «от» ұғымы Мағжанның «От» деп аталатын өлеңінде негізгі ойды 
білдіріп, өзінің ішкі болмысын, рухын танытқандай. 
Мысалы: 
   
 
 
Күннен туған баламын, 
   
 
 
Жарқыраймын жанамын, 
   
 
 
Күнге ғана бағынам 
   
 
 
Өзім – күнмін, өзім – от, 
   
 
 
Сөзім, қысық көзім де – от, 
   
 
 
Оттан басқа Тәңірі жоқ [1]. 
 

174 
 
–  деп  жалын  ата  сөйлейді.  Сөзден  сурет  салып,  жан  бітірген  Мағжан  ақынның  кез 
келген өлеңін алсақ та, шебер кестеленген бейнелі сөздерді кездестіреміз.  
От лексемасының ақынның «Жан сөзі» өлеңіндегі қолданысы: 
 
   
 
Әміріңді екі қылмай орындадым, 
   
 
Есімде отқа, суға ұрынғаным
   
 
Өтті жылдар, жапанда жалғыз қаппын, 
   
 
Өмірімді осынша улап, не қылғаның?! 
 
   
 
«Жел бол!» – дедің, жел болып еспедім бе? 
   
 
Уақыт талғап,ерте я кеш дедім бе? 
   
 
Желдей жынды есалаң екпінді боп, 
   
 
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?! 
 
   
 
«От бол!» – дедің,от болып жанбадым ба? 
   
 
Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба? 
   
 
Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым. 
   
 
Мынау «күл, мынау «гүл» деп таңдадым ба?!  
 
   
 
«Ойы жоқ, ессіз отты тәңірі көрген, 
   
 
Тұншығып жат, есерім!» – деп күлер ме?! [1]. 
 
Аталмыш  өлеңде  от  сөзі  төрт  рет  қолданылған.  Осы  қолданыстардағы  от 
сөзінің семантикасы бірдей емес. «Есiмде отқа-суға ұрынғаным», – дегендегi «отқа-
суға»  сөздерi  де  ауыспалы  мағынада  қолданылып,  символдық  белгiге  айналған. 
Себебi қаһарман бiресе отқа, бiресе суға түсiп, азап шеккен екен деп, сөзбе-сөз ұғына 
да, ұғындыра да алмаймыз.  
«Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!» бұнда күш-қуат пен қатар қайсарлық 
қасиеттері сезіледі. Қиыншылық, азапқа өзі барып түсуінен осыны байқаймыз. «От 
бол!» –  дедің,  от  болып жанбадым  ба?»  дегенде  осы  әрекет  дами түседі.  Сонымен 
қатар  ұлтжандылық  қасиетін  де  көруге  болады.  От  болып  жану  екінің  бірінің 
қолынан  келмейтін  қасиет.  Оған  тек  күш-жігері  мықты,  қайсар,  өз  ұлтын  сүйетін 
адамдар ғана бара алады.  
Жыр  жұлдызы  Мағжан  Жұмабаев  поэзиясының  эмоционалды-экспрессивтік 
әсерлілігін  одан  әрі  еселендіре  түсу  үшін  сипаттау,  көріктеу,  айшықтау,  түйдектеу 
тәрізді әдіс-тәсілдерді шебер қолданады.  
Жоғарыда келтірілген «От бол» – дедiң, от болып жанбадым ба? // Күйдiрмей, 
сiрә, нәрсе талғадым ба? // Күлдi де алдым құшаққа, гүлдi де алдым, // Мынау «гүл», 
мынау  «күл»  деп  таңдадым  ба?»,  –  шумағында  шарттылық  бар.  Лирикалық 
қаһарманның  от  болумен  де  тынбай  «күлдi  де»,  «гүлдi  де»  құшаққа  алуы 
шарттылықпен бiрге астарлауды да білдіреді.  
От  сөзі  Мағжан  Жұмабаевтың  «От»,  «Пайғамбар»,  «Жер  жүзіне»,  «Күміс 
нұрлы  ай»,  «Тілегім»  атты  өлеңдері  мен  «Батыр  Баян»  поэмасында  кездеседі.  «От» 
өлеңінде  23  рет,  аталған  басқа  өлеңдерінде  1  және  7  реттен  қолданылған.  Ақын 
тіліндегі от сөзінің білдіретін мағыналары: 
 
   
 
 
 
От-қайсарлық 
   
 
 
 
От-күш-қуат 
   
 
 
 
От- қайғы-қасірет 
   
 
 
 
От-құштарлық, сезім, махаббат 
   
 
 
 
От-өмір, тіршілік 
   
 
 
 
От-қиындық, азап 
   
 
 
 
От-тәңір, жаратушы 
   
 
 
 
От-қаһар, ашу-ыза 
   
 
 
 
От- қуану, шаттану 

175 
 
   
 
 
 
От-кие, қасиет 
   
 
 
 
От-ұлтжандылық 
 
Контекске  қарай  осы  мағыналарда  жұмсалып  отырады.  Мағжан  Жұмабаев 
қолданысындағы  «От»  сөзінің  мағынасын  ашып  көрсетсек,  ақын  бейнесімен  «От» 
сөзінің  сабақтастығын  анықтаймыз.  «Мағжанның  сыры  неде,талайды  аузына 
қаратып,  тамсандырған  ақын  феноменін  қалай  түсінуге  болады?  Ол  құдіреттің  аты 
не, заты не? Ол – от. От емес – ау, Мағжан бойындағы жалын атқан – от!» Бойында 
жалын  атқан  «оты»  бар  ақын  Мағжанның  «От»  бейнесінде  өз  халқын  күреске 
шақырады. Ақын отаршылдықпен күресу үшін су да, жер де, ауа да түк емес дейді, 
олар  күресу  құралы  бола  алмайды.  Күресу  құралы  –  от.  От  болсаң  ғана  алдыңа 
қойған мақсатыңа жетесің  дей келе,  «Сүйген  нәрсе күйеді, Ұшырғанды шоқ қылар, 
Шоқ  қылар  да  жоқ  қылар.  Мұның  аты  –  От  болар».  Оттың  астарында  өжеттілік, 
намысшылдық  жатыр  деп  ойлаймын.  Ақынның  көздегені  де  осы.  Ол  жастардың 
намысшыл, өжет болуын жан жүрегімен қалайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет