Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
15 
өте таза, әдемі, зәулім  ғимараттары бар үлкен қала. Оған бармаған да, барған 
да  арманда.  Мен  Астана  қаласына  барып  көрген  емеспін.  Бірақ  оны 
теледидардан көріп, қатты барғым келеді. Астанаға бару үшін мен тынымсыз 
еңбек  етемін  және  білімімді  жетілдіремін.  Қазіргі  заман  қарумен  соғысқа 
түсетін емес,  біліммен сынға түсетін заман. Иә, қазір білімнің заманы. Білемін, 
үйренемін деген балаға ешқандай қиындық жоқ. Кітап, ұстаз, ғаламтор бар, 
бұлар  –  адамның  сауатын  ашады.  Алла  тағала  «иманды  өзім  сүйген    құлға, 
білімді  өзі  сүйген  құлыма  беремін»  деген.  Ерінбей  кітапты  оқысақ, 
оқығанымызды  ойымызға  түйсек,  бізден  келешек  мақтан  тұтатын  еліміздің  
азаматы мен азаматшасы шығары анық. Біз қазір дамыған 30 елдің қатарына 
қосыламыз деп талпынып жатырмыз. Иә, ол күн де алыс емес. Бірақ дамыған 
30 елдің қатарына қосылу үшін,  бір адамның емес, миллиондаған адамның 
көмегі керек. 
 Біз  қазақ  елі  қонақжай,  бауырмал,  ақкөңіл  халықпыз.  Біздің 
қонақжайлылығымызға  барлығы  қызығады  және  таң  қалады.  Біз 
қонақжайлылығымыздың  арқасында  өзге  елдермен  татумыз.  Өзге  ұлт 
өкілдерін  жатырқап,  жатсынбаймыз,  керісінше  оларға  қазақтың  тілін, 
мәдениетін, дінін үйретуге тырысамыз. Олардың мәдениетін көруге, тілдерін 
білуге  асығамыз.  Ал  бауырмалдылық  қасиетіміз  –  әрбір  қазаққа  тән  қасиет. 
Мысалы, біз спортшыларымыз жарысқа қатысып жатса, олардың тілеуін тілеп, 
жеңіске жеткенінін қалаймыз. Жақында «әлем чемпионатына» көптеген аға- 
әпкелеріміз  шықты.  Біз  стадионда  отырмасақ  та,  үйімізде  отырып,  оларға 
жанкүйер  болдық.  Илья  аға  біріншісінде  қолтемірді  көтерді,  біз  сол  кезде 
отбасымыз боп қуандық. Ал, екіншісінде көтере алмағанда бәріміздің еңсеміз 
түсіп кетті, бірақ Илья ағаның жеңіске жететініне сендік. Илья аға халықтың, 
елбасының  сенімін  ақтап  жеңіске  жетті.  Сол  сәттегі  бәріміздің 
қуанышымызды жеткізу мүмкін емес еді. Соңында гимн шырқалғанда, бәріміз 
қосылып шырқадық. Ол да – біздің бауырмалдылығымыздың бір белгісі. Мен 
осындай елде туылғаныма сондай бақыттымын. Біздің еліміз – дамушы,үлкен 
мемлекет.  Менің  арманым:  Қазақтың  көк  туы,  әрқашан  көкте  желбіреп, 
әнұранымыз әрқашан шырқалса екен. Елбасымыз аман болып, еліміз әлде де 
дами берсе екен деп армандаймын. Біз осы күнді сыйлаған аға-әпкелерімізді 
ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта еліміз тек қана бақытты күндерді бастан 
өткерсін. 
Аманжолов Қасым 
 7 сынып, №131 орта  мектебі, Тереңозек кенті 
Сырдария ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Нұрышева Л. 
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
16 
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Барды жоқ ететін, тауды жер 
ететін.Жер бетіндегі тіршілік атауының бәрін жалмап жұтатын тажал – 
соғыс. Сол қанды еске түсіріп, ата – бабамыздың ерлігін еске түсіріп 
отыратын газет – журнал, телехабарлар аталар ерлігін мақтаныш етеді. 
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған 
жоқ, әрине. 
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш 
ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 
қайсарлықпен шайқас жүргізген ардагерлер тойлайды. 
Біз, Ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіске күшпен жеттік. Ол күш әрине  
«бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. 
Бұл жеңіс он бес одақтас мемлекеттің ортақ бір мерейтойы. Сол кездегі Кеңес 
Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап,жеңіске  қазақ  халқы  көп 
үлес  қосты  деп  ауыз  толтырып  айтуға  болады.Қазақстандық  жауынгерлер 
Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барады.  Олар  Сталинград  түбінде 
шайқаста,  Днепр  өткелінде,  Москва  мен  Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда 
ерен ерліктер көрсетті.Енді, Ұлы отан соғысы ұғымы                    1941 жылғы 
шілденің  3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. 
Сталин  өз  сөзінде  «ұлы»  және  «отан»  деген  сөздерді  бөлек  –  бөлек  бірімен 
байланыстырмай қолданды. Қазіргі уақытта адамзат тарихындағы ең сұмдық 
соғыстың  болып  өткеніне  биыл  70  жыл  толды.  Бірақ  Ұлы  Жеңістің 
ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмайтын ізін қалдырды. Жеңіс күні 
– бұл  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке.  Бұл  мереке  бейбітшілік  пен
қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығың, Отан қорғаған жауынгер солдаттар 
мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың 
ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің 
аталарымыз  бен  әкелеріміздің  батырлығы  мен  жанқиярлықты,  олардың  өз 
Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері қазақстанның бүгінгі  жауынгерлері 
үшін мақтан тұтарлық үлгі тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты 
байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен  ұлттық  қайта  өрлеуінің 
жоғары  адамгершілік  негізі.  Жеңіс  күні  –  абыройымыз  бен  даңқымыздың 
басты  мерекесі.  Табандылық  пен  ерлік,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  қатал 
соғыста Жеңіске жеткізді.     
Сол бір сұрапыл соғыс жылдар қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген 
патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді  бес  жүзден  астам 
жерлестеріміз, оның ішінде тоқсан алты қазақ Кеңес Одағының батыры атағын 
алды. Олар: Б. Момышұлы, Т. Бигелдинов, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, С. 
Луганский және тағы басқа батырлар. Жауға қарсы шайқаста алдыңғы шептегі 
ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. 
Елімізде екі миллионнан астам міндетті әскери даярлықтан өтті. Қазақстанға 
жыиырма жеті әскери оқу орны көшірілді.Онда соғысқа қажетті он алты мың 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
17 
әскери  офицер  даярланды.  Қырық  екі  мың  қазақстандық  әскери  училищеде 
оқыды.  
Қарулы  күштер  мен  еңбек  армиясының  қатарында  барлығы  1,8 
миллиондай Қазақстандықтар болды. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған 
босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейіріммен  тартушы  үлкен  арсеналға 
айналды. Сол жылдардағы қазақтың жомарттығы, дарқандығы әлі күнге дейін 
өз жалғасын табуда.  
Бүгінгі таңда біздің еліміздің жоғарғы оқу орындарында сан мыңдаған 
шетелдің  жастары  оқып  білім  алуда,  сонымен  бірге  әр  ұлттың  өкілдері 
бақытты да, бейбіт өмір сүруде.  
Қорыта  келе,  Ұлы  Отан  соғысы  барлық  елдерді  есеңгіретіп  тастады. 
Сондықтан бейбіт күннің қалай келгенін, біз қазақ елі, жас ұрпақ ешқашан да 
есімізден шығармауымыз керек. Бейбіт күннің аясында білімді ұрпақ атанып, 
ертенгі  елімізге  пайдасы  тиетін,  келешекте  саналы  азамат  болып 
қалыптасуымыз  керек.  Ұлы  Жеңіс  күнінің  қарсаңында  бізге  бақытты  өмір 
сыйлаған  аталарымызға  сый-құрмет  көрсетіп,  оларды  ардақтау  әрбір  жас 
ұрпақтың парызы деп білемін.     
Амантай Әдемі 
10 сынып, №121 орта мектебі 
Жосалы кенті, Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Қозыбақов А. 
 
Ұлы Жеңіске қосылған үлес 
  Биылғы  жылы  Ұлы  отан  соғысына  70  жыл  толып  отыр.  Соңғы 
мәліметтер    бойынша,  бұрынғы  Кеңес  Одағының  27  миллиондай  адамын 
жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан 
аямай  шайқасты.  Осынау  соғыста  бүкіл  КСРО  бойынша  12  мыңнан  астам 
жауынгерлер,  командирлер,  қолбасшы¬лар,  партизандар,  қарапайым  халық 
өкілдері  осы  елдегі  1934  жылы    белгіленген  ең  жоғарғы  құрмет  –  Кеңес 
Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында оған ие болған қазақ 
ұлтының азаматтарыда бар. 
Жамбыл  облысында  тұратын  Ершібұловтар  әулетіне  бүгін  күтпеген 
хабар  келді.  Олар  Ұлы  Отан  соғысына  аттанған  аталарының  70  жыл  бұрын 
жазған  хатын  енді  алып  отыр.    Украинаның    Каменец-Подольск  қаласында  
неміс  әскерінің    қолына  түскен  хат  осы  уақытқа  дейін  Австриядағы  
мұрағаттардың бірінде сақталып келіпті.  
Латын  әріптерімен  өлең  түрінде  жазылған  үшбу  хатта  жауынгер 
майдандағы өмірі туралы айтып, сәлем-хат жолдаған екен. Жарты ғасырдан 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
18 
астам  уақыт  өтсе  де  сол  қалпында  сақталыпты.  1941  жылы  Жамбыл 
облысының  Қордай  кентінен    майданға  аттанған  Жайлаубек  Ершібұловтан 
ешқандай хабар болмағандықтан, туыстары оны опат  болған жауынгерлердің 
қатарына жатқызған.  Ал осыдан тура бір жыл бұрын Ресейдің  «Жди меня» 
хабарынан    Жайлаубай  ақсақалдың  хаты  туралы  естіген.  Жетпіс  жыл  бойы 
сақталған  хатты  Австрия  үкіметі  Жеңістің  65жылдығында  орай  Украинаға 
қайтарыпты.  Жайлаубай  ақсақалдың  немерелері  хаттың  түпнұсқасын  сол 
жақтан алдыртқан. 
Аталмыш  көрсеткіш  бұрынғы  деректерде,  тіпті  тарих  оқулықтарының 
беттерінде бірде 95 немесе 97, енді бірде 98 болып беріліп келген болатын. 
Міне, соны нақтылай түсу мақсатымен көптеген анықтамалық кітап¬тардағы 
12  мыңнан  астам  батырдың  өмірбаяндарын  сүзе  қарап,  қазақ  азаматтарын 
зерделей  іздеуге  тура  келді.  Өзбектер  иеленіп  кеткен  айтулы  қазақтар: 
генерал-майор  Сабыр  Рахимов  пен  бөлімше  командирі  Расул  Есетов  осы 
санатқа қосылды. Дәлірек айтқанда, соғыс кезеңінде бұл атақ 100 адамға нақты 
берілсе, 1946 жылы оны Сұрағанов Құдайберген, 1965 жылы генерал Рахимов 
Сабыр, ал 1990 жылы Момышұлы Бауыржан алды.  Бұл таза ұрыс алаңында 
барлығы 103 қазақ осы жоғары атаққа ие болды деген сөз. Кейін, яғни бейбіт 
кезеңде  оған  қазақтың  тұңғыш  ғарышкері  Тоқтар  Әубәкіров,  Ауған 
соғысының  қаһарманы  Қайырболат  Майданов  қосылды.  Соңғы  азамат 
кейіннен  Чешенстандағы  қантөгісте  Ресей  Батыры  атағын  да  иеленді. 
Өкінішке  қарай,  2000  жылы  оның  тікұшағы  атып  түсіріліп,  өзі  қазаға 
ұшырады.  Бұлардан  тыс  90-шы  жылдардың  соңында  кеш  те  болса  Ресей 
Батыры  атағын  Ұлы  Отан  соғысында  ерлікпен  қаза  тапқан  ұшқыш-радист 
жетісулық  Бақтыораз  Бейсекбаев  та  алды.  Біздер  төменде  ұлтымыздың 
мақтанышына  айналған  Ұлы  Отан  соғысындағы  батырларымыздың 
нақтыланған  қысқаша  мәліметтерін  назарларыңызға  ұсынып  отырмыз.  Бұл 
деректер осыдан 30-40 жылдай бұрын шыққан көп томдық «Герой Советского 
Союза»,  «Қазақстандық  Совет  Одағының  Батырлары»,  «Қазақ  Совет 
Энциклопедиясы»  кітаптары  негізінде  қорытылғандықтан,  олардың 
өмірбаяндық  деректері  сол  кезге  сәйкес  келеді.  Қазіргі  таңда  соғыстан  тірі 
оралған  батырлардың  дені  өмірден  өтіп  кеткендігін  қаперде  ұстаған  жөн. 
Соңғы  шыққан  «Қазақстан»  Ұлттық  энциклопедиясында  батырлар  ішінара 
қамтылыпты. Атап айтқанда, жалпы тізім түрінде берілген. 
 Бірақ  олардың  өзі, өкінішке  қарай, толық  емес. Бізге  ең  маңыздысы  – 
кешегі Ұлы дала батырларының тіккен ерлік туын құлатпай, асқақ ұстаған осы 
заманғы  қазақ  батырларын  жас  ұрпақ  қастер  тұтсын,  ардақтасын  деген  ізгі 
тілекті  жүзеге  асыру.  Өйткені,  қазақ  қанынан  жаралған  жас  ұрпақтың  Отан 
үшін  от  кешкен  аталары  мен  апаларының  есімдерін  әрдайым  қастер  тұтып 
жүргендері  абзал!    1941  жылдың  22  маусымында  фашистік  Германияның 
Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 
1418  күн  мен  түнге  созылған  сұрапыл  соғыста  біздің  сан  мыңдаған 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
19 
бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың 
құрбаны  болғаны  –  ащы  шындық.  Олардың  басым  көпшілігі  ерліктің  ерен 
үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мына төменде беріліп 
отырған  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған  қандастарымыздың  тізімі  – 
соның  айғағы.  Төмендегі  беріліп  отырған  әрбір  қысқаша  деректің    соңында 
ерекшеленіп  көрсетілген  даталарды  ағаларымызға  Кеңес  Одағының  Батыры 
атағы  қай  күні  берілгендігін  білдіретін  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі 
Президиумының Жарлығы шыққан күн деп ұғыңыздар. 
Айтықов  Ізғұтты  (1922-1944).  Шығыс  Қазақстан  облысының  Ұлан 
ауданында  туған.  Гвардия  старшинасы,  барлаушы.  Батыс  Двина  өзенінде, 
Полоцк қаласында болған ұрыста ерлік көрсеткен. 22.7. 1944. 
Әбдіәлиев  Қарақозы  (1908-1943).  Шымкент  облысының  Ленгір 
ауданында  туған.  Лейтенант.  Батыр  атағына  1943  жылғы  Мелитополь 
қаласындағы ұрыста көрсеткен ерен ерлігі үшін ұсынылған. 1.11.1943.   
Әбдіжаппаров  Садық.  1925  жылы  Шымкент  облысының  Шаян 
ауданында  туған.  Қатардағы  жауынгер.  Батыр  атағына  Батыс  Двинадан 
жалғыз өзі өтіп, жау пулеметін және 30-дай неміс солдатын жойған ерлігі үшін 
ұсынылған. 22.7.1944.  
Әбутәліпов  Әнуар.  1923  жылы  Қызылорда  облысының  Жаңақорған 
ауданында туған. Пулемет расчетінің командирі.  Батыр атағына Тисса өзені 
маңында болған ұрыста өзеннен 47 рет қайықпен қатынап, рота жауынгерлерін 
әскери жабдықтармен қамтамасыз еткен еңбегі үшін ұсынылған. 24.03.1945.  
Балмағанбетов  Мақаш.  1914  жылы  Қызылорда  облысының  Қазалы 
ауданында  туған.  Қатардағы  жауынгер.  Днепропетровск  облысының 
Бородаевка  қыстағы  маңында  болған  шайқаста  қаһармандық,  теңдессіз 
батылдық көрсеткен. 22. 2.1944. 
Қауынбаев  Тоғанбай.  1923  жылы  Шымкент  облысының  Қызылқұм 
ауданында  туған.  Қатардағы  жауынгер.  Днепрден  өту  кезінде  асқан  ерлік 
жасап, көзге түскен. 30.10.1943.  
Махамбетов  Жақыпбек  1912  жылы  Қызылорда  облысының  Сырдария 
ауданында туған. Кіші сержант. Пулеметші. Черкасск облысының Крещатик 
селосы үшін болған шайқаста 40-тан астам жауды жер жастандырып, бір танк 
пен үш машинаны жойған. 22.2.1944. 
 Ілиясов Нағи. 1920 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында 
туған. Қатардағы жауынгер. Дунай өзенінен өту кезінде батылдық пен ерлік 
көрсеткен. 9.4.1945. 
Мінекей  осындай  азаматтарымыздың  ерен  еңбегін  айта  берсең 
таусылмас.  Біз    осы  азаматтарымыздың  арқасында,  осындай  елде,  осындай 
жерде шалқып өмір сүріп жүрміз. 
Асанбаева Айсара 
8-сынып, №54орта мектебі, Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
20 
Жетекшісі: Байжанова Мысырша Сұлтанқызы      
Ұлы  Жеңіс ел жадында 
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 70 жыл бұрын азамат тарихында ең 
сұрапыл, жойқын соғыс аяқталды. Осынау дүние жүзілік соғысқа әлемдегі    6 
материктен 60-тан астам дербес ел қатысқан болатын. 
Айбынды  білек,  жеңіске  қүштар  ыстық  жүректерімен  қайрат-
күштерімен  кешегі жігіттер, бүгінгі аталарымыздың арқасында 1945 жылы 9 
мамырда соғысты жеңіспен аяқтадық! 
Бүгінде  Жеңіс  күні  мерекесі  –  адамдардың  ұлтына,  дініне,  тілі  мен 
мәдениетіне  қарамастан,  ортақ  қканыш  күні.  Бұл  мереке  бейбітшілік  пен 
қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлер мен 
офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік 
еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. 
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Туған елін қорғап, сүйем жер үшін талай 
азаматтар  қанын  да  төкті,жанын  да  қиды.  Ауданнан    ұлы  отан  соғысына 
аттанған 5000-ға тарта  жауынгердің 2000-нан астамы майдан даласында  қаза  
тапты.Оларға  топырақ туған жерден  жырақта  бұйырды. 
Біздің 
аталарымыз 
бен 
әкелеріміздің 
батырлықтары 
мен 
жанқиярлықтары,  олардың  өз  Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл 
бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта 
өрлеуінің  адамгер  шілік  негізі.  Жеңіс  күні  абыройымыз  бен  даңқымыздың 
мерекесі.  Табандылық  пен  ерлік,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  қатал  соғыста 
жеңіске  жеткізді  .Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  отанына, 
жеріне  деген  патриоттық  сезімін  ,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден 
астам жерлестеріміз, оның ішінде 97-сі  қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын 
алды. Олар қазақтың қос шынары  Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, 
Төлеген  Тоқтаров,  Бауыржан      Момышұлы,Талғат  Бигелдинов,  Сергей 
Луганский,  т.б.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі  ұрыстарда  ғана 
емес,алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. 
Көрнекті  ақын    Ж.Жабаев    Ленинградтың  ауыр  тағдыры  туралы    өз 
өлеңінде: 
Ленинградтық өренім, 
Мақтанышым сен едің! 
Нева өзені сүйкімді, 
Бұлағымдай көремін, 
-деп қоршаудағы  ленинградтықтарға ерекше рух,ерекше жігер берді. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
21 
     Ұлы Отан соғысына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. 
Олардың 497-сі қазақтар,еліне оралмағандар 410 мыңнан астам.Осы соғыстан 
оралмай  қалған  жауынгерлердің  рухына  әрқашан  бас  иеміз.  Өзіміздің 
ауданымыз  бен  ауылымыздан  да  соғысқа  қатысқан  қаншама  аталарымыз  да 
бар.  Біздің Жаңақорған  ауданымыздан    4949    жауынгер  аттанды.  Ұлы  Отан 
соғысына  қатысқан  ауданымыздың  2  азаматына  Кеңес  Одағының  батыры 
атағы берілді. Аудан еңбекшілері майданда да,тылда да ерен ерліктер жасады 
және  уақытпен санаспай  жігермен еңбек  етті.  Сонымен  қатар  ауылымыздан 
соғысқа  қатысқан  ардагерлеріміз  еліне,  жеріне  оралғаннан  кейін  ел  игілігі 
үшін  бүгінге  дейін  еңбек  етті.Бүгінгі  таңда  ауылымызда  бір  ғана  соғыс 
ардагері бар. Ол кісі Асанов Нұрман атамыз. Нұрман атамыз Соғыс ардагері 
орденімен  марапатталған.  Біз  тек  Нұрман  атамызбен  ғана  мақтанбаймыз, 
сонымен  қатар  осы  атамыз  сияқты  соғысқа  қатысып,қаза  тапқан 
аталарымызбен де мақтана аламыз. 
 «Ер  бақыты  ел  қолында,ел  бақыты  ер  қолында»  деп  батыр  атамыз  
Бауыржан  Момышұлы  айтып  кеткендей  адагерлер  Қазақстан  халқына 
бейбітшілік,  тыныштық,  береке,  бақыт  орнатқандар.  Сұрапыл  соғысты 
басынан  өткеріп,  бізді  жеңіске  жеткізген  ағаларымыз  бен  әкелерімізді  сол 
жылдарда  қиындыққа  төзіп,  тылдағы  ауыр  жұмыстарды  атқарып,  сонымен 
Жеңіс  күндерді  жақындатқан  аналарымызды  да  мақтан  етеміз.  Соғыс 
майдангерлері отанға деген сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, 
жігер-қайратымен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында Ұлы Отан 
соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. 
Жалпы  тарих  үшін  бұл  аз  ғана  уақыт  болса,  адамзат  өмірінде  алатын  орны 
ерекше.Қан  майдан,сұрапыл  соғыс  жылдарында  «Отан  үшін  отқа  түс, 
күймейсің»  деген  ұранмен  шайқасқан,  бүгінгі  күні  санаулы  қалған 
ардагерлеріміздің  ерліктеріне  бас  иіп,  құрмет  көрсету-бүгінгі  ұрпақтың 
өтелмес парызы. 
Келешек еліміздің дархан даласы кең,аспаны ашық болсын! 
Жұдырықтай жұмылғын, білектей біріккен кеңпейіл қазақ елі жасасын! 
Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жемісті  еңбегімен  соғысқан 
еңбекшілердің  ерен  еңбектері  ұмытылмайды.  Бүгінде  біздің  азаматтық 
міндетіміз  –  отанын  сүю,  елінің,  жерінің  адал  патриоты  болып,  достық  пен 
бірлікте, отансүйгіштікте болу. Қазақ елін әр кезде де биіктерден көрсетейік 
жас достар! 
Асылбекова Сымбат 
5 сынып, № 13 мектебі 
Арал қаласы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Досаханова Л. С. 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
22 
Міне бір жылдан кейін  Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Бұл  жеңіске еңбек 
сіңірген батыр көп болған. Бірақ қазір санаулы ғана батырлар қалды. Батырлар 
қатары  осы  2014  жылы    Талғат  Бигелдиновпен  азайды.  Тіпті  70  жылдыққа  
жете  алмады.  Ол  кісі    Ұлы  Отан    соғысында  екі  мәрте    Кеңес  Одағының  
батыры  атағын  алған    қазақстандық  ұшқыштардың    бірі.  Ол  1922  жылы  5 
тамызда Ақмола облысы Ақкөл ауданы  Майбалық ауылында дүниеге келді. 
Жалғыз    Т.Бигелдинов  емес,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұловада, 
Рақымжан  Қошқарбаевта  т.б  көптеген  батырлар  еңбек  сіңірген.  Олардың 
ішінде  Бауыржан  Момышұлы    елеусіз  қалдыруға  болмас.  Ол  1924  жылы 
туылып,  1982  жылы  дүниеден  озған.  Ол  тіпті  батыр  ғана  емес  жазушыда 
болған. Ал батырларымызбен, Жеңісті жырлаған ақындар қаншама. Олардың 
бірі Сағи Жиенбаев, Ұлы той өлеңінде Жеңісті былай жырлайды.  
Көк аспандай Тулардың
Желбірейтін күні бұл. 
«Елім» дейтін ұлдардың 
Елжірейтін күні бұл. 
Атамекен – ақ   үйдің, 
Азат болған күні бұл. 
Құндақтағы сәбидің, 
Жұпар шашқан гүлімнің 
Жаңа ашылмаған күні бұл. 
Менің ана тілімнің 
Қазақ болған күні бұл. 
Бағы ашылған күні бұл. 
Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні бұл. 
Бір – бірімен жарасып, 
Бауырласқан күні бұл 
Дүбірлетсін өңірді, 
Дүрілдетсін дүлділі... 
Қазақ деген елімнің, 
Құтты болсын бұл күні 
Ал  енді  осы  күнге  жетіп  отырғанымыз  осы  батырларымыздың 
арқасында.  Осыны  ескере  отырып  елбасымыз  әр  көшеге  батырлардың 
есімдерін қойып жатыр. Мысалға біздің  Аралда Мәншүк  Мәмедоваға, Әлия  
Молдағұловаға  арналған  көшелер  бар.  Ал  әрбір  ауыл  –  аймақтардағы  
әскердегі  жастар 9 мамыр күні мерекелік шеруге шығады. Және де өмірден 
өткен  батырларымызды  еске  алып,  тірі  қалған  батырларымызды  құрметтеп, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
23 
мерекелік  концерт  қояды.  Әрбір  қазақ  баласы  осы  күнге    қалай  жетіп 
отырғанын ұмытпауы керек.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет