Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
32 
сайын  жаңарып  отыратын  жақсы  қасиеттерді  біртуар  жанның  басына  бере 
салғаны қандай ғанибет! «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты»,- деп 
Бауыржан  Момышұлының  өзі  айтқандай  оның  есімі  ел  жүрегінде  мәңгіге 
сақталады.  Ендеше,  Бауыржан  батыр  шын  мәнінде  бақытты  ер.  Майданда 
шайқасып  жеңілістің  ащы  дәмін  де,  жеңістің  қуанышын  да  татқан 
жерлестеріміздің бірі.     
Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары 
үшін 20 қызылордалық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың 
ішінде Нағи Ілиясов, Жақыпбек Махамбетов, Әнуар Әбутәліпов, Иван Журба, 
Николай Соморков Даңқ ордендерінің толық иегері болды.   
Ешқашан да жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің 
ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап 
қалған  байтақ  жеріміз  бүгінгі  күні  дүние  жүзін  таныған,  әлем  мойындаған 
мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш. Бүгінде біздің 
азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің,  жерінің адал 
патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке 
тәрбиелеу. 
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 
төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Солардың  
жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның 
туын жықпай, ананың намысы үшінтуған жердің топырағын жауға таптатпай, 
еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс 
күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да туғаны бар халқы үшін қуаныш болған 
күн. Сондықтан да бұл қасиетті мереке. 
«Ерлік  – елге мұра, ұрпаққа үлгі».Бабаларымыздың әрбір жүріп өткен 
жолы  біз  үшін  үлгі,  шежіре,  тағдыры  –  тарих  деп  есептеймін.  «Ел  ерімен 
еңселі».  «Елім»  деп  еңіреп  туған  ерлердің  есімі  еш  уақытта  елеусіз 
қалмайтыны  ақиқат,  халық  мұндай  қаһарман  ұлдарын  жыр  аңызға 
айналдырып,  өшпес  ерлігін  ауыздарынан  тстамай,  жан  жүрегінде  сақтайды. 
Бүкіл  бір  елдің  қсиетін  өз  бойына  дарыта  алған,  туған  ұлтын  шексіз  сүйіп, 
терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. 1932-
1956  жылға  дейін  үзбей  әскери  қызметте  болған  Бауыржан  атаның  жолы 
өзінше  бір  ерлік  дастан.  Ол  Ұлы  Отан  соғысының  жан  беріп,  жан  алысқан 
қиян-кескі  майданында-ақ  асқан  ержүректілігімен,  әділетсіздікке  қаны  қас, 
қиындыққа қайтпас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете          меңгергені, 
дарынды қолбасшылығыменаңызға айналып, қаншама өнер туындыларының 
басты кейіпкеріне айналды. Елім деп соққан жүректер еш азаймайды, себебі, 
ол жүректер қазақ деген ұлы халықтың жылы алақанында қамқорлықта емес 
пе?!  Ерте заманнан бүгінге дейінгі, яғни қазақтың дүниеге келгенінен қазіргі 
өміріне аяқ басуына дейінгі аралықтағы ел тірегі де сол қайран ерлер ғой. Тіпті 
кейініректе болған жалындаған жастардың көтерілісі мұзға от жағып, елі үшін 
болған дүниенің ұлы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.     

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
33 
9  мамыр  –  бұл  мейрамды  бүгінгі  майдангерлер  –  соғыстың  алғы 
шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгілерін 
көрсеткендер,  ал  бүгінде  бейбіт  еңбекке  араласып  жүрген  Ұлы  Отан 
соғысының ардагерлері мен өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті 
шыңдаған шаруалар, әкелерін, ерлерін, ұлдарын көзінен жасы сорғалай жүріп 
төзімділікпен күткен аналар мен қыздар тойлайды. Осынау Ұлы Жеңіс күнінде 
Отанымыз үшін өзінің жанын құрбан еткен қаһарман ерлерді ел болып еске 
түсіреміз.  Осы  күнде  аналар  мен  жесірлердің  жүрегі  осыдан  жетпіс  жыл 
бұрынғыдай 
сыздайды, 
жеңімпаздардың, 
олардың 
балалары 
мен 
немерелерінің  жүрегі  мақтаныш  сезіммен  лүпілдей  соғады.  Сол  соғыста 
батырларымыздың  жасаған  еңбектері  ешқашан  да,  еш  уақытта  да 
ұмытылмайды.  Қазір  Республикамыз  дүние  жүзінің  алдыңғы  қатарындағы 
мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы елімізде бейбітшілік пен ынтымақ өріс 
алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатқаны үшін, біз, 
ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз! 
Әнапия Назгүл 
 9 сынып, С.Әлжіков атындағы №144 
орта мектебі Қызылорда қаласы 
   Жетекшісі: Есіркепова Ләззат 
        
Ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды! 
    Жеңіс! Жеңіс! Қандай әдемі, құлаққа жағымды естілетін сөз! Осынау 
бар болғаны бес ғана әріптен тұратын сөздің мағынасы кең әрі тереңде жатыр. 
Өткенге  көз  жіберсек,кешегі  күні  Одақтың  құрамында  болған,ал  бүгінде  өз 
алдына  жеке-дара  отау  тіккен  бауырлас  халықтардың  тыныс-тіршілігі, 
тағдыры ортақ болғандығы тарихтан белгілі. Әсіресе, біздің баршамыз үшін 
фашистік Германиямен 1941-1945 жылдары болған сұрапыл  соғыс орасан зор 
қайғы-қасірет    әкелді.  Ұлан-байтақ  аймағымыз  тұтастай  майдан  даласына 
айналды.  Тіршілік  атаулыны  тажалдай  жалмаған  қаскөй  жаумен  айқасқан 
адамдарымыздың бүкіл күш-қуаты мен мүмкіндігін сарқа жұмылдыруға тура 
келді.  Ел  басына  күн  туған  қатерлі  шақта  миллиондаған  ержүрек  ерлеріміз 
бостандығымыз  бен  тәуелсіздігімізді  жанқиярлықпен  қорғады.  Аштық  пен 
азапты, зорлық пен қорлықты, зұлымдық пен жыртқыштықты қисапсыз бастан 
өткерсе  де,  қаһарман  халықтарымыз  әлемнің  тең  жартысын  тізе  бүктірген 
айбатты да қайратты дұшпанды тек өзара тығыз топтасу, ынтымақ пен бірлік, 
төзімділік  пен  қайсарлық  таныту    және  достықтың  арқасында  ғана  күйрете 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
34 
жеңіп  шықты.  Ұлы  жеңіске  қазақстандықтар  қосқан  қомақты  үлесте  біздің 
Сыр елінің де лайықты  сыбағасы бар екенін мақтанышпен айта аламыз. 
Алайда, жеңіс бізге оңай келген жоқ. Құрбандарымызға сан жетпейді. 
Сұм  соғыс  ойраңын  салмаған,отына  шарпымаған  отбасы  некен-саяқ.  Ана 
сүйікті  перзентінен,  ару  асыл  жарынан,бала  аяулы  әкесінен  мәңгілікке 
айрылып,қаншама отбасы қара жамылды. Еліміз бойынша бұл зұлмат соғыста 
20  миллионнан  астам  адам  опат  болды.  Оның  ішінде  қазақстандықтар  жүз 
мыңдап саналса, ал біздің Қызылорда облысының өзінде ғана  шейіт болған 
боздақтардың  саны  отыз      мыңға  жуықтайды  екен.  Ал  Сыр  жерінде  ұрыс 
далаларында  жарақат  алған  жауынгерлерді  емдеген  барлығы  10  әскери  
госпиталь болған. 
Майданда ерлік істерімен айрықша көзге түскен, ерлік істеріне лайықты 
Кеңес Одағының Батыры атақ-құрметіне ие болған жерлестеріміздің болғаны 
бізге зор мәртебе. Ж.Махамбетов, Т.Көмекбаев, Ж.Нұрсейітов, Ә.Әбутәліпов, 
М.Балмағанбетов,  И.Подольцев,  Е.Нетқалиев,  С.Ларионов,  Н.Самороков, 
Ж.Қизатов, И.Махорин, В.Счастнов  және  тағы басқа соғыс батырлары бар. 
Облысымыздан  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  20  Кеңес  Одағының    Батыры 
шықты.  Жалағаш  ауданының  боздағы  Ілияс  Нұркенов  Ұлы  Отан  соғысы 
басталған  сәтте  екі  ағасын  бірдей  майданға  аттандырып  салды  да,  үшінші 
болып өзі сұранып батысқа сапар шекті. Польшаны азат ету шайқастарының 
бірінде ерлікпен қаза тапты. Батырдың майданнан жазған хатында: 
Әбеке, сау болыңыз келгенімше, 
Оралып,дидарыңды көргенімше, 
Аман бол,Әбдіразақ, тетелесім, 
Сәлемді қуанышпен бергенімше, 
Тізіліп көз алдымнан кетпейсіңдер, 
Көз жұмып,шам-шырағым сөнгенімше. 
Қатардан қалмағаным жақсы емес пе, 
Тылда тек баспаналап жүргенімше?! 
Кіремін қан майданға төрт-бес күнде, 
Қайтпаймын, жауды өлтіріп, жеңгенімше! 
-деп    туған  жер  алдындағы  борышын  ант  бергендей  өлең  жолымен 
білдірген  екен.  Міне,  осындай  өлең  жолдарынан-ақ  азаматтарымыздың 
қайтпас қайсарлығы мен   ержүректілігін аңғару қиын емес. 
Туған  жер  төсін  қасық  қандары  қалғанша  қорғап,  жер  бетіндегі  өмір 
үшін,  тіршілігіміздің  жалғасын  табуы  үшін,  бейбітшілігіміз  бен 
бостандығымыз үшін  аяулы  арыстар  ақтық демдерін  үзді. Қасіретті,  қаралы 
жылдардың  жаңғырығы  әлі  күнге  жүректерді    сыздатады.  Тән  жарасы 
жазылғанмен,  жан  жарасы  жазылған  жоқ.  Ол  қайғылы  шежіре  халықтың 
зердесінде  қанмен  жазылып,  жадында  сақталады.  Ешкім  де  еш 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
35 
уақыттаұмытылмайды. Майдангер  аға-апаларымыздың ерлік істері  бізге әр 
уақытта өшпес үлгі-өнеге, ұлағатты тәрбие. Біз олардан туған халқына ақырғы 
деміне  дейін  қалтқысыз  қызмет  жасауды  үйренеміз.  Уақыт  алға  жылжыған 
сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті  мен бағасы артып, тағлым-
тәрбиесі мен мән-мағынасы мейлінше тереңдеп,даралана түспек. Күллі әлем 
зарыға  күткен  жеңіс  сағатын  жанқиярлық  істерімен  жақындата  түскен 
майдангерлер,  тылдағы  еңбеккерлерге  шексіз  құрмет  пен  ыстық  ықылас 
таныту кейінгі ұрпақтың міндеті. Бүгінгі болашақ ұрпақ   азаматтық арды ту 
көтеріп,  ең  қымбаты-өз  өмірлерін  құрбандыққа  шалып,  Отаны  үшін  опат 
болған жандардың әруақтары алдында әрдайым   терең сезіммен басымызды 
иіп, тағзым етеміз. Қан кешкен жауынгерлеріміздің бейнесі мен ерлік істерін 
ешқашан естен шығармаймыз. 
Егеменді,  тәуелсіз  мемлекет  атанып,  еңсе  көтеріп,  бар-жоғымызды 
түгендеп жатқан ұлттық өрлеуіміздің қазіргі  белесінде уақыт, тарих, ел мен 
жер, аға ұрпақ  алдындағы парызымыз бен қарызымызды өтеу әрбір жастың 
қасиетті борышы.  
Биыл,  міне,  ұлы  Жеңіске  70  жыл  толғалы  отыр.  Бұл  аз  уақыт  емес. 
Қаншама қиын кезеңді артқа тастап, ата-бабаларымыз қорғаған жерімізге ие 
болып, Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз. 
Бұл біздің  батырларымыздың арқасы. Олай болса, бабалар аруағына бас  иіп, 
олардың  өмір  жолын,  адалдығы  мен  ерлігін  ғибрат  тұтамыз.  Күндердің 
күнінде    ел  басына  қатер  төне  қалса,  егемендігіміз  бен  бейбіт  өмірімізді 
қорғауға әрқашан дайынбыз. 
Байназарова Ақмарал 
10 сынып, №28 орта мектебі, Ақжар ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі:  Шоқбарова С. 
 
Жеңістің тойы – баршаның тойы 
Әділетті  соғыстың  әрқашан 
рухы  күшті  болады.  Өйткені 
оның  төркінінде  елді,  жерді 
қорғау принциптері жатады. 
Н.Ә.Назарбаев 
70 жыл бейбіт көктем таң атқалы, 
70 жыл – шуақты күн таратты әнін. 
Есімде сонан бері 70 рет 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
36 
Ашылды Жеңіс күннің парақтары 
70 жыл үзілмеді құстар әні, 
Кетті енді сұм соғыстың қайғылы әні 
70 жыл жауымыздың ажал оғы, 
Біздің елдің  үстімен ұшпағалы. 
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан 
кезде  елімізге  қауіп  төнді.  Халқымыз  адам  айтқысыз  қиын-қыстау  кезеңге 
душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. 
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. 
Суық  хабар  сол  күні  байтақ  елімізге,  жер-жердегі  ауылдарға  тарады.  Ер-
азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұранып аттанған болатын. 
Қасиетті  жеріміз,  бейбіт  жатқан  еліміз,  құлақ  естіп,  көз  көрмеген  апатқа 
ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша 
шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан 
зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Бұл жылдары жүрегі Отаным 
деп  соққан  әр  азамат  барынша  күресе  білді.  әрбір  азамат  өз  Отанына  деген 
антын орындап шықты.  
Соғыс  қасіреті  осылайша  ананы  баласынан,  баланы  әкеден,  әкені 
баладан айырып, көздің жасын көл етті. 
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады. 
Ақ сүт берген анасын қорғады. 
Самал ескен даласын қорғады. 
Пәк жүзі арай баласын қорғады. 
Бейбіт жатқан елге Германия фашистері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да 
жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.  
1417 күнге созылған Екінші дүниежүзілік соғысына Қазақстаннан 1 млн 
200 мың адам соғысқа аттанды. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған 
шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-
ақ  майданға  аттанды.  Осы  қан  майданда  мерт  болған  ерлердің  рухына 
басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да 
ұмытпауға тиіс. 
Дәл осынау жадыраңқы жай күні, 
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы 
Ұлы Отаным басын иіп бір минут, 
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
37 
ХХ  ғасырдағы  қанды  қасірет  ІІ  Дүниежүзілік  соғыс  еді.  Оған  әлем 
халықтарының 80 пайызы қатысты, майданға 61 мемлекет тартылды, 40 елдің 
жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды. 
Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945 соғыс жылдарында 1 миллион 
196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Мұның елеулі бөлігі қыздар 
болғаны  белгілі.  Мәселен,  оның  бірден-бір  дәлелі  Ақтөбе  облысынан  1941-
1942  жылдары  әскерге  алынған  80226  адамның  950-і  әйелдер  мен  қыздар 
болған.  Атырау  қаласынан  23,  Доссор  кентінен  4,  Атырау  облысы  Теңіз 
ауданынан, Қызылорда облысы, Арал ауданынан бірнеше ондаған қыздар мен 
әйелдер  майданға  аттанғанын  дәйекті деректер  анықтайды.  әскерге  алынған 
қыздар  мен  әйелдер  соғыс  техникалары  мен  құралдарын  жетік  меңгерді. 
Жеңістің  70  жылдығы  қарсаңында  қазақ  қыздарының  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдары көрсеткен ерлігін атап өтуді парызымыз деп санаймын. 
М.Мәметова  Батыс  Қазақстан  облысы,  Бөкей  ордасы  ауданында  1922 
жылы туған. 1942 жылы өз өтініші бойынша Кеңес әскері қатарына алынған.  
Абайлады сонда Мәншүк жан-жағын, 
Көрді өзінің жапа-жалғыз қалғанын. 
Көзге жанар, көкірекке кек толып, 
Қинады қимай серік-саңлағын. 
Қара көзі жарқ етті тек танадай, 
Төңкерілді ашылып бір қарамай 
Пулеметте ойнап тұрған он саусақ 
Қалды қатып, бір серпуге жарамай. 
1943  жылы  қазан  айының    7-сі  күні  Невель    қаласының  маңында 
орналасқан Изочка темір жол станциясын басып алу ұрысы болды. Осы ұрыста 
жанқиярлықпен  соғысып,  пулеметпен  көптеген  фашистердің  көзін  жойды. 
Бірақ  өкініштісі  –  сол  шайқаста  өзі  де  ерлікпен  қаза  тапты.  Шығыс 
халықтарының  тарихында  әйелдер  арасында  тұңғыш  рет  теңдесі  жоқ  ерлік 
көрсетіп,  туған  Отанын,  халқымыздың  ар-намысын  қорғаған  М.Мәметова 
есімін барлық уақытта да жастарға өшпес өнеге болмақ.  
Кеңес  Одағының  батыры  Әлия  Нұрмұхамбетқызы  Молдағұлова  1925 
жылы  Ақтөбе  облысы,  Қобда  ауданында  туған.  1944  жылы  14-ші  қаңтарда 
Казачиха деревнясы үшін кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін 
қиып түсті. Бұл 1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі 
қалса, Әлия 5 айдан соң 19 жасқа толар еді... оның қысқа өмірінің 2,5 жылы 
қанды майданда от кешумен өтті. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, 
елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас етті... 
... Жан емес пе махаббат пен бақыт  үшін жаралған, 
Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр алған!? 
Күйер мекен от-жалынға жапырағындай жас талдың 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
38 
Әлияның жүрегінде өркен жайған бар арман?! 
Қазақтың батыр қызы Әлияның тіршіліктегі өмірі осындай  қысқа. Ал, 
ерлігі мәңгілік! 
Хиуаз Доспанова қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, ержүрек батыры. Ол 
1922 жылы қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосында 
өмірге келген. Хиуаз апа Берлинге дейінгі ұзақ жолында 300-ден астам аспанға 
көтеріліп,  екі  рет  жаралы  болыпты.  Жау  үстінде  жасындай  сорғалап 
гитлершілердің  берекесін  қашырған  қазақтың  ұшқыш  қызы  талай  рет  көзге 
түсіп,  «Жауынгерлік  Қызыл  жұлдыз»,  Отан  соғысы  ордендерімен  және 
көптеген  медальдармен  марапатталған.  Мәскеуде  медицина  институтында 
оқып жүрген кезінен майданға өз еркімен аттанып, Кеңес Одағының Батыры 
М.Раскова  басқарған  46-гвардиялық  түнгі  барлаушы  ұшқыштар  полкінің 
құрамында  Кеңес  аэродромынан  өзіне  бекітілген  ПО-2  самолетімен  300  рет 
ұшып шығып Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Германия жеріндегі жау 
бекіністерін жайратқан, дұшпандарына қара түнек орнатқан. Соғыстан соңғы 
жылдары Хиуаз бейбіт өмірге оралғаннан кейін халқының қалаулысы болды. 
Түрлі жоғары мәртебелі жұмыстар атқарды. Қазақстан Комсомолы Орталық 
Комитетінің  бірінші  хатшысы,  Қазақстан  Жоғары  Кеңесінің  жауапты 
хатшысы,  Алматы  қалалық  комитетінің  екінші  хатшысы  болды.  Еліміз 
егемендік  алғаннан  кейін  Хиуаз  Доспанованың  майдангерлік-жауынгерлік 
еңбегі әділ бағаланып, Халық Қаһарманы атағы берілді.  
1945 жыл 30-шы сәуірдің кешінде, 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. 
Ту  тіккен  Рақымжан  Қошқарбаев  болатын.  4  жылға  созылған  қантөгіс 
аяқталды.  Бұл  соғыс  адамзат  баласы  үшін  өте  зор  қырғын  майдан  болды. 
Бүгінгі  деректерге  сүйенсек:  бұл  соғыста  қаза  болғандар  саны  56  миллион, 
оның ішінде біздің отандастарымыз 20 млн-нан астам құрбан болған. Соғыс 
тек қана қасірет әкелді. 1945 жылы Берлинде фашистік Германия жеңілгенін 
мойындап  қол  қойды.  Ал  9  мамыр  күні  1000  зеңбіріктен  бұрын-соңды  30 
дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Иә, Жеңіс! Жеңіс! 
Неткен қастерлі сөз еді! Қарғыс атқыр сұм соғыс, аяқталып түбіңе жеттің бе? 
Бұл күнді сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап сарыла күтті. Жеңіс 
жолында  миллиондаған  асыл  азаматтар  мерт  болды.  Жауымен  жан  аямай 
шайқасып,  ерліктің  терең  үлгілерін  көрсетті.  Ана  жарын  жоғалтып,  жесір 
атанды, бала әкесін жоғалтып, жетім болды. Ал тылда қалған қариялар, аналар, 
жас балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, аш құрсақпен тынбай 
жұмыс атқарды. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Ендеше, осы 
бүгінгі тамаша жеңістің 70 жылдық мерекесіне жеткізген, ер жігіт етігімен су 
кешіп, сұр шинелді төсек етіп, ақ қар көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан 
асыл  әкелер  мен  өз  ағаларымыздың,  абзал  азаматтарымыз  бен  есіл 
ерлеріміздің батырлығына тағзым етіп, үлкен алғысымды білдіремін.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
39 
Иә,  аспанымызда  Жеңіс  туы  желбірегеніне,  мінеки,  биыл  70  жыл 
болады. Соғыс өрті өшіп, қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына – 70 
жыл. Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, 
бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері 
біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді. 
Қасиетті Жер-Ананың   төсінде  бейбіт өмір, бейбіт  еңбек орнасын. Біз 
бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. 
Елімізде және жер бетінде тыныштық сақталсын!  
Бақытбек Ақерке 
6 сынып, №261 орта мектебі Қызылорда қаласы 
Жетекшісі: Арленкеева Бақыт 
 
Біздің қазақтар Ұлы Отан соғысы болып жатқанында көп қиыншылықты 
аз  көрген  жоқ.  Қазақтао  өз  елі  үшін  .жері  үшін  көп  тер  төкті.  Ертеректе 
қазақтарға  жоңғарларда  соғыс  ашқан  болатын.Гитлердің  көздеген  мақсаты 
бүкіл  дүниежүзін  өзіне  бағындыру  болды.  Ал  оған  берілмеген  қазақтар  өз 
Отанын  қорғады.  Гитлердің  ойы  болса  жүзеге  аспады.Адамдар  соғыспен 
арпалысып жатқанында сол жердегі солдаттарға оңай болған жоқ.Бауыржан 
Момышұлы  батыр  атамыздың  арқасында  жеңіске  жеттік.Өз  елін  жаудан 
қорғаған  апамыз  Әлия  мен  Мәншүк  апаларымыз  өз  еріктерімен  соғысқа 
аттанып,жау әскерлеріне қарсы шапты. 
Ер  азаматтардың  бәр  армия    қатарында  болғандықтан,  зауыттарда  
әйелдер,    қариялар,    жасөспірімдер    еңбек  етті.    Еңбек  тәртібі  қатайтылды,  
жұмыс  уақыты    ұзартылды.      Алты  апталық,    23  сағаттық      жұмыс  күні  
бекітілді,    демалыстар  тоқтатылды.   Бірақ  ешкім   қынжылған жоқ.   Бүкіл 
ел    «Бәрі де  майдан үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін!» деген ұранмен  еңбек етті. 
КСРО-ның батыс өңірлерінен    көшірілген  халықпен     қоса, 1941 жылдың 
күзінде  Қазақстанға  Полвольжеден жүздеген  мың    немістер мен   поляктар  
жер   аударылды. 1942-1944  жылдары   507 мың  балқар,  қарашай,   ингуш,  
шешен    халқы,  110 мың  түрік-месхетиндер,  180 мың  қырым татарлары  
күшпен  жер  аударылды.  Оған  қоса,  күн  сайын  Қазақстанға  жаралы 
жауынгерлер  мен  офицерлер  тиелген  пойыздар  ағылып  жатты.  Әскери 
госпитальдердің  көбісі Алматыда    құрылды.  Ұлы Отан  соғысы   4   жылға  
созылды. Майдан даласында  600 мыңнан  астам қазақстандық   қаза  тапты. 
Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр  сілкіндірді.  
Жекелеген  мәліметтер  бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең     зұлмат  соғыс 
20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін   қиды. 1710 қала және 70 
мыңнан  астам  село-деревнялар,  31  850  өнеркәсіптік      кәсіпорын,    65  мың 
шақырым  темір    жол,  4  100  теміржол    стансасы,  36  мың    пошта-телеграф  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
40 
мекемесі,      телефон  стансасы  және  басқа  да  байланыс  бекеттері    жермен-
жексен   болған  немесе  жартылай   қираған. 40 мыңдай  аурухана  немесе 
басқа да емдеу мекемелері,  74 мың мектеп,   техникум,   жоғары оқу орны, 
ғылыми-зерттеу  институттары,  42  мың  кітапхана  және  басқа  да  көптеген 
нысандар жойып  жіберілген, тоналған. Бүгін  Қазақстанның барлық қалалары 
мен ауылдарында Даңқ  монументтеріне, Ұлы Отан соғысында  қаза  тапқан  
жауынгерлердің  ескерткіштеріне    гүл  шоқтарын  қою  рәсімдері  өтуде.  Бұл 
соғысты  ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет