Тозуқұнышегерілгенненкейінгібастапқықұнынеме-сеоныңқалдыққұны(ҚҚ) деп те атайды. Мұнда анықталған кезең бойы қызмет еткеннен кейінгі құнның сақталған (қалған) бөлігін айтады. Оны анықтау үшін толық бастапқы құннан тозу сомасын шегереміз. Егер негізгі капиталдар өте ескіргендіктен жəне тозығы жеткендіктен істен шығып, металл сынықтары ретінде пайдаланылса, онда осы сынықтарды сатудан түскен құн бойынша есептеледі. Статистикада оны жойылу құны ретінде си- паттайды жəне ақша есебімен жүргізіледі.
Қалпынакелтіруқұны(ҚКҚ) деп қазіргі жағдайда жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтарын күр- делі жөндеуден өткізуге, қалпына келтіруге, кеңеюіне жəне техникалық қайта жарақтандырылуына жұмсалған қаржы шығындарының жиынтығын айтады. Бұл құндық көрсеткіш көп- теген себептердің əсер етуіне байланысты уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Демек, əр кездерде жасалған бір-біріне ұқсас объектілердің де бағалары əртүрлі болады. Сондықтан ҚКҚ анықтау үшін негізгі капиталдарды түгендеу жəне қайта бағалау жұмыстары жүргізілу тиіс. Бұл өте күрделі жəне қымбат тұратын жұмыс болып саналады. Қайта бағалауды жүргізу үкімет қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне жүк- телген жəне оны жүргізу барлық кəсіпорындар мен мекемелер үшін бір мезгілде өткізіледі. Негізгі капиталдардың бағасын қайта бағалау кезінде: төмендегідей экономикалық мəселелерді шешуге көмегін тигізеді:
негізгі капиталдардың шын мəнінде, тозу мөлшері;
негізгі капиталдардың салыстырмалы бағаларын бір жүйеге келтіру;
амортизациялық жарна мөлшерін есептеу сияқты экономи- калық мəселелерді шешуге көмегін тигізеді.
Осы көрсетілген мəселелерді шешу арқылы өндіріс орын- дарының өндіретін (өндірген) өнімдерінің өзіндік құнын анық- тауға жəне тиімділік дəрежесін білуге толықтай мүмкіншілік туады.