Республикасы



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата23.02.2017
өлшемі9,89 Mb.
#4715
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
КЛЗЛҚСТЛН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКЛРЛСЫ
кезекте Қазақстанның, Қ ы рғы зстанн ы ң ж эн е Өзбекстанның 
арасындағы  Орталық  Азиялық  Одақты  нығайту,  басқа 
мемлекеттердің  істеріне  араласпау,  келісімге  келу  актілері 
үстем  болуы  тиіс»,  — деп  атап  көрсетті  [127,  11  б.].
Қазақстан 
тәуелсіздігін 
алғаннан 
кейін 
өзінің
оңтүстік мемлекеттік шекарасымен шектесетін Қырғызстан, 
Өзбекстан 
және 
Түрікменстан 
республикаларымен 
дипломатиялық 
қарым-қатынас 
орнату 
негізінде 
республикалардың 
үкіметаралық 
комиссиялары
мемлекеттік шекараны делимитациялау жэне демаркациялау 
мәселелері  бойынша  келіссөздер  жүргізіп 
шекараның 
өтетін  сызығын  анықтауда.  Қазақстан  Республикасының 
сыртқы  істер  министрі  қызметін  атқарған  Е.Ы дырысовтың 
пайымдауынша,  республикамыздың  оңтүстік  мемлекеттік 
шекарасының 
үзындығы 
Қырғыз 
республикасымен 
шамамен  1050  шақырым,  Өзбекстанмен  2150  шақырым 
жэне  Түрікменстанмен  400  шақырым  қүрайды  [128].
Қазақстанның 
Орталық 
Азиядағы 
саясатында 
Өзбекстан 
Республикасымен 
ынтымақтастық 
басым 
бағыттың  бірі 
болып 
табылады. 
Бүл 
Өзбекстанның 
экономикалық  элеуеті  мен  саяси  салмағына  байланысты. 
Ішкі  түрақтылықты  қамтамасыз  етуге  қол  жеткізген,  ірі 
мемлекет саналатын Өзбекстан жақын болашақта Қазақстан 
дипломатиясында  маңызды  орын  алатыны  сөзсіз.  Екі 
мемлекеттің 
бір-бірімен 
татулықта, 
ынтымақтастықта 
бейбіт  өмір  сүруі  аймақтың  қауіпсіздігінде  түрақтылықты 
сақтап  қоймай,  оларды  болашақта  екі  жақты  саяси-
экономикалық дамуға  жетелеитіні  сөзсіз.
Екі 
мемлекет 
арасындагы 
қарым-қатынаста 
негізге  алынатын  принциптер  Қазақстан  Республикасы 
мен 
Өзбекстан 
Республикасы 
арасындағы 
«Достық, 
ынтымақтастық  жэне  өзара  көмек  көрсету  туралы»  шартта
белгіленген.  Қүжатқа  1992  жылғы  24  маусымда  қол 
қойылды  [95,  105  б.].  Шартта  екі  жақты  экономикалық 
ынтымақтастықты  дамытуға  айрықша  көңіл  бөлінеді.  Осы 
мақсатта  тараптар  сауда-саттықта  бір-біріне  анағүрлым 
қолайлы  жағдай  жасауға,  сондай-ақ  барлық деңгейде  өзара 
тиімді  экономикалық  жэне  сауда  қатынастарын  дамытуды 
кетермелеуге,  тікелей  инвестициялар  үшін  жагдайды 
жақсартуға,  бірлескен  кэсіпорындар  қүруға  міндеттенді. 
Шартта,  сондай-ақ,  маңызды  саяси  қағидалар  орын  алған.
120

Атап  айтқанда,  тараптар  Қазақстан  мен  Өзбекстанның 
аумақтық 
тұтастығын 
және 
қазіргі 
шекараларының 
мызғымастыгын  мойындайды  әрі  құрмет  тұтады,  осы 
шекараларға  кез  келген  қол  сұғушылықтан  бас  тартады. 
Құжатта  мемлекеттік  шекаралар  жүйесін  орнату  мен 
өзгерту  өзара  уағдаластық  бойынша  жүзеге  асырылатыны 
айтылады.
1994  жылы  10-12  қаңтарда  Ташкентте  екі  мемлекет 
басшыларының 
кездесуі 
өтті 
[96, 
96 
б.]. 
Кездесу 
барысында  екі  жақтың  қызыгушылық  танытатын  бірнеше 
мәселелері  бойынша  сүрақтар  қарастырылды.  Соның  бірі 
екі  ел  арасындағы  мемлекеттік  шекара  мәселесі  болды. 
Осы  басқосуда  екі  республика  басшылары  қалыптасқан 
мемлекеттік 
шекараның 
өзгермейтіндігін 
жариялап, 
аймақтағы қау іпсіздікті сақтап, бейбіттіршілікті қамтамасыз 
ету  жолында жүмыс  жасайтындықтарын  мәлімдеді.
Екі 
елдің 
арасындағы 
мемлекеттік 
шекараны 
делимитациялау 
екі 
жақты 
қатынастардың 
түрақты 
болашагына  жауап  береді.  Қазақстан  мен  Өзбекстан 
арасындағы  мемлекеттік  шекараны  қүқықтық  түрғыдан 
рәсімдеу 
халықаралық 
нормаларға 
жауап 
беретін 
шекаралық,  кедендік,  көші-қон,  санитарлық  жэне  басқа 
да  бақылау  жасауды  қамтамасыз  етеді.  Осы  маңызды 
мақсатқа  жету  жолында  Қазақстан  өз  тарапынан  қыруар 
жүмыстар атқарып жатыр деп айтуға болады.  Бірақ арадағы 
байланыстардың  жақсы  қарқын  алғанына  қарамастан,  екі 
мемлекет  арадағы  шекараны  анықтау  барысында  біраз 
қиындықтар  мен  қарама-кайшылықтарға  тап  болды.
Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Өзбекстан 
Республикасы  арасындағы  шекараның  үлттық  дербес 
республикалар 
ретінде 
қалыптасу 
тарихы 
Кеңес 
мемлекетінің  қүрылуынан  бастау алады.  Ең  алғашқы  нақты 
шекара  сызығын  анықтау  1924-1925  жылдары  жүргізілген 
Орталық 
Азиядағы 
ұлттық-территориялық 
межелеу 
кезінде  болды.  Шекара  сызығының  өтуі  РКФСР  БОАК 
Төралқасының  1925  жылғы  9  қарашадағы  мэжілісінің 
№28  Хаттамасы  қосымшасының  9  бабында  және  эскери- 
топографиялық  бөлімнің  карталарында  көрсетілген.  Құжат 
шикілеу  және  баяндау  мен  графикалық  бөліктерінде 
түсініксіздеу  шыққан.
Тэуелсіздік  алысымен  Озбекстан  Орталық  Азия

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ.1ЕКЕТТ1К ШЕКАРАСЫ
аймағында  орын  алған  ғеосаяси  жағдайда  басты  рөл 
ойнагысы келіп, осы бағы ттабіраз батыл қадамдар жасағаны 
белгілі.  Мұндай  жағдайды  Өзбекстанның  шекараға  басып 
кіріп,  басқа  бір  мемлекеттің  жеріне  өз  бетінше  жерге 
қазықтар  қағып,  белгілер  қоюымен  қатар,  «таласты»  деген 
жерде  мал  багып  жүргені  үшін  қазақ  шопандарына  оқ 
жаудыруларынан  байқаймыз.
Екі 
арадағы 
шекара 
мәселесі 
2000 
жылдың 
қаңтарында  өзбек  әскерлерінің  өз  еркімен  қазақ  жерлеріне 
кіріп,  шекара  бағандарын  орнатуымен  басталған  еді. 
Осыдан  кейін  шекара  бойында  екі  ел  арасындағы  шекара 
мәселесі  бойынша тартыстар  одан  эрі  өрши түсті.  Екі  елдің 
ортақ  шекараларында  болған  келеңсіз  жағдайдан  кейін 
мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі үкіметтік 
комиссиясы  қүрылды.
Келіссөздер  жүргізу  мен  жүмыс  барысын  қадағалау 
үшін  екі  мемлекеттің  премьер-министрлері  басқаратын 
үкімет  комиссиялары  қүрылды.  Қазақстан  комиссиясы 
қүрамына  ҚР  СІМ-нің  қызметкерлері,  ҚР  ҮҚК  Шекара 
қызметінің  офицерлері,  ҚР  Жер  ресурстарын  басқару 
жоніндегі 
агенттігінің 
окілдері, 
инженер-геодезистер, 
Қазақстанның  Өзбекстанмен  шекараласатын  облыстары 
мен  аудандары  әкімдіктерінің  окілдері,  сондай-ақ  басқа  да 
ведомстволар  мен  қызметтердің  өкілдері  кірді.
2000 
жылдың 
қаңтарында 
ҚР 
Сыртқы 
істер 
министрінің 
бірінші 
орынбасары 
Ә.Ахметовтың 
басшылығымен  үкімет  делегациясы  мемлекеттік  шекараны 
делиметациялау  мен  демаркациялау  жолында  бірнеше 
кездесулер  өткізіп,  жүмыс  бастаған  болатын  [120,  249  б.]. 
Екі  ел  территориясының  кеңестік  дэуірде  бірнеше  мэрте 
өзгеріп  отырғандықтан  жэне  1920  жылдардың  ортасында 
Орталық  Азия  республикаларында  жүргізілген  үлттық- 
территориялық  межелеу  барысында  жекелеген  учаскелерге 
байланысты  шекараны  анықтау нақты жүргізілмегендіктен, 
аймақтағы 
мемлекеттер 
тәуелсіздік 
алған 
кезенде
мемлекеттік  шекара  мәселесі  даулы  мэселеге  аиналды. 
Яғни,  делимитациялау  қай  жылдардағы  қүжаттар  негізінде 
жүргізілуі  тиіс  деген  сүрақ  туып,  осы  түста  екі  жақ  өзіне 
ыңгайлы  кезеңді  алға  тартып,  біраз  қиындықтар  туғызды.
2000 жылы сәуір айында Ташкентте екі мемлекетбасш ылары 
кездесіп,  мемлекеттік  шекара  бүрынғы  КСРО  түсындағы
122

әк ш ш іл ік   бөлініс  күйінде  қалай  болса,  сол  күйінде  еш 
өзгеріссіз  қалсын деп  мәлімдеді. Яғни,  мемлекеттік шекара 
1991  жылғы  Алматы  Декларациясы  бойынша  қалдырылды 
[129,  15  б.].
Республикалар  арасында  «таласты»  деп  табылған 
учаскелерге  байланысты  ҚР  Президенті  Н.Назарбаев  2000 
жылы 2 қазанда ҚР СІМ алқасының кеңейтілген мэжілісінде 
сөйлеген  сөзінде  шекараны  делимитациялау  барысындағы 
келіссөздерде  «жиналып  қалған  тарихи  трансшекаралық 
шаруашылық  мэселелерді»  достық  жэне  сенім  рухында 
сауатты  шешуге  негізделген  қүқықтық  база  қүрудың 
маңыздылыгына  ерекше  мэн  берді  [130].
2001  жылдың  басына  қарай  үкіметаралық  бірлескен 
екі 
жақты 
комиссияның 
күрделі 
жүмысы 
алғашқы 
нәтижелерін 
бере 
бастады. 
Жалпы 
үзындыгы 
2150 
шақырымның  қазақ-өзбек  шекарасының  190  шақырымы 
бойынша  мэселе  шешілді.  Майдантал  өзенінен,  яғни 
Қазақстан,  Қырғызстан  жэне  Өзбекстан  шекараларының 
түйіскен  жерінен  Багым  ауылына  дейін  және  Арнасай 
шатқалынан  90  шақырым  далалық  участкеден  солтүстік- 
батысқа  қарай,  сондай-ақ  Достық,  Көктерек  жэне  Жібек 
Жолы  шекаралас  ауылдарының  ірі  масштабты  суреттері 
түсірілді. 
Делимитациялау 
жүмыстарын 
жүргізуде 
үкіметаралық  комиссия  Жоғарғы  Кеңестің  1956,  1963  жэне 
1971  жылғы  республикалар  арасындагы  экімшілік  шекара 
туралы  актілері  мен  қазіргі  экімшілік-территориялық 
бөліністер  туралы  қүжаттар  негізге  алынган.  Сонымен 
катар,  эрбір  таласты  жерлер  эр  кездегі  топографиялық 
карталармен  нақтыланып,  оған  талдау  жасалынып  отырды.
Екі  жақты  келіссөздер  барысында  2001  жылы  16
қарашада қазақ-өзбек шекарасын делимитациялау жөніндегі 
келісімге  қол  қойылды  [131,  25  б.].  Келісімнің  4  бабында 
қосымша  қарауды  талап  ететін  шекараның  үш  учаскесі 
бойынша  шекара  сызығын  анықтау  одан  әрі  жалгаса  береді 
деп  келісілді.
Шекараны анықтау барысында Кеңес Одагы түсында 
«халық  шаруашылығын  оңтайландыру  мақсатында»  деп 
көрші өзбек ағайындарга жэне  қорганыс  мақсатында эскери 
бөлімдерге жалға  берілген  жэне  тәуелсіздік  алганнан  кейін 
©з иесіне қайтпай қалған жерлер төңірегінде  ресгіубликалар 
арасында  біраз  келіспеушіліктер  туындады.
123

КЛЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ПІЕКАРАСЫ
Одактас  республикалардың  Конституцияларында 
тиісті  республикалар  арасында  шекараны  өзгерту  сол 
республикалар  арасындағы  келісімді,  заң  актілерін  КСРО 
Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы ресми түрде бекіткен соң ғана 
жүргізіледі деп айтылған.  Сондықтан, екі елдің арасындағы 
мемлекеттік  шекараны  делимитациялау  кезінде  Қазақстан 
тарапы  Қазақ КСР-інің жер беру туралы Жарлығы емес, осы 
Жарлықтың  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Төралқасы  бекіткені 
туралы  заң  актісі  басшылыққа  алынуы  тиіс,  өйткені  сол 
кездегі  Конституция  талабы  екенін  алға  тартты.
КСРО 
түсында 
Қазақстаннан 
Өзбекстанға 
екі 
дүркін  жер  беріліп,  екі  дүркін  шекара  өзгертілгені  белгілі. 
Біріншісінде  Бостандық  ауданы,  екіншісінде  Мақтарал, 
Жетісай,  Киров  аудандары  берілді.  Осы  жөніндегі  заң 
актілерін  түпкілікті  зандастыру  үшін  1971  жылы  ҚКО 
комитеті,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  Төралқасы, 
Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі  Өзбекстанға  берілген 
жердің  көлемін  егжей-тегжейлі  көрсетіп,  КОКП  Орталық 
Комитетіне,  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасына,  КСРО 
Министрлер  Кеңесіне  арнайы  хат  жолдады.  Міне,  осы  хат 
бойынша  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Төралқасы  қабылдаған 
Жарлық  түпкілікті  қүжат  болып  саналады.  Қазақстандық 
комиссия 
шекараны 
делимитациялау 
барысында  осы 
қүжатты  негізге  алып,  осы  Жарлық  бойынша  Өзбекстанға 
қанша  жеріміз,  қай  жеріміз  берілсе,  оған  дауымыз  жоқ,
1991  жылғы  Декларацияның  талабы  да  сондай,  Елбасымыз 
да  осыны  айтты,  ал  берілмеген  жеріміз  қайтарылуы  тиіс
деген  принцип  үстанған  еді.
Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының  1956 
жылғы  22  қаңтардағы  Жарлығы  бойынша  Өзбекстанға 
Бостандық  ауданынан  418  мың  га  жер  берілген  [132]. 
Бүл  Қазақ  КСР-нің  осы  мәселеге  байланысты  шыққан 
жарлығының 
мэтінінде 
де 
көрсетілген. 
Бірақ 
осы 
шекараны  анықтау  кезінде  екі  мемлекет  арасында  талас 
тудырған  сол  кездегі  Сары-Ағаш  ауданының  Бағыс  жэне 
Түркістан  ауылдары  мен  біраз  қосымша  жерлер  Өзбекстан 
қүрамына беріледі деген  ешбір  мәселе болмаған,  ол туралы 
жарлықтарда  көрсетілмеген.  1956  жылғы  21  қаңтардағы 
Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының  төрағасы 
Ж .Тэшенов  қол  қойған  Қазақ КСР-і  қүрамынан  Өзбек  КСР- 
і  қүрамына  Бостандық  ауданы  мен  біраз  далалык  жерлерді
124

беру жөніндегі Қазақ КСР-і Жоғаргы Кеңесінің қаулысында 
бүл  мэселелер  нақты  аталып  көрсетілген  [133].
Қаулы  бойынша:  Оңтүстік  Қазақстан  облысының 
Бостандық  ауданы,  оның  территориясындағы  Оңтүстік 
Қазақстан 
облысы 
мен 
Жамбыл 
облысы  үжымдары 
пайдаланатын  жайылымды  жерлерді  қоспағанда:
Оңтүстік  дала  арнасы  қарамағындағы  жерлерден 
көлемі  95  мың  га;
Орталық 
дала 
арнасының 
сол 
жағалауы 
карамағындагы  жерлерден  көлемі  75  мың  га;
Қазақ  КСР  Үкіметі  1936-1937  жылдары  Өзбек  КСР- 
іне уақытша  пайдалануға  берген  жер  көлемінен  329  мың  га 
жер  берілсін  делінген.
Біздің  бұл  қүжаттан  аңғаратынымыз,  екі  мемлекет 
арасында 
талас 
тудырган 
Сары-Ағаш 
ауданының 
аталмағандығы. 
Жамбыл 
және 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облыстарының 
кейбір 
үжымдары 
деп 
көрсетілген 
шаруашылықтар  бүгінгі  Оңтүстік  Қазақстан  облысының 
Төле-би  және  Қазыгүрт  аудандарының  Майдантал  өзені 
бойы  мен  Үғам  өзенінің  жогарғы  ағысы  аудандарының 
жерлері  болатын.  Ал  қалған  Бостандық ауданының 418  мың 
га  жері  Өзбекстан  қүрамына  өтуі  тиіс  болатын.  1956  жылы 
15  наурызда  Қазақ  КСР-і  мен  Өзбек  КСР-і  үкіметтерінің 
делегациясының  алты  жоғары  лауазымды  басшылары 
Бостандық  ауданының  бір  бөлігін  беру  мен  қабылдап  алу 
туралы  біріккен  хаттамаға  қол  қояды.
2001 
жылы  31  қазанда  Қазақстанның  сол  кездегі 
сыртқы  саяси  ведомствосының  басшысы  Е.Ыдырысов 
«Үғам»  жэне  «Майдантал»  учаскелерінің  көлемі  76  мың 
және  45  мың  га  (жалпы  көлесі  121  мың  га)  жерді  қүрайды 
деп мәлімдеді [134].  Яғни, талас тудырган жерлер шекараны 
бөлуде  дүрыс  жүргізілмей,  қаулыда  көрсетілғен  жерлер 
толықтай  Өзбек  КСР-і  қүрамына  өтіп  кеткенге  үқсайды. 
Сонымен  қатар,  екі  жақты  шекараны  анықтау  барысында 
Бағыс жэне Түркістан ау ылдарының түргындары ҚР Сыртқы 
істер  министрлігіне  Бостандық  ауданының  қүрамына  сол 
кезде  қосымша  ешбір  рәсімделусіз  100  мың  га  жер  өтіп 
кеткен  деген  наразылықтарын  білдірген  еді.
Қазақстан 
мен 
Өзбекстан 
арасындагы 
мемлекетаралык  шекараны  анықтау  барысында  біраз 
қазақстандық  қогамдық  үйымдар  Бағыс  жэне  Түркістан
2 5

КЛЗАҚСТЛН  РЕСПУБЛИКЛСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
ауылдары  тұрғындарының  мүдделерін  қорғау  мен  жалпы 
Қазақстан  Республикасының  территориялық  тұтастығын 
сақтау  жолында  белсенділік  танытқаны  белгілі.  Әсіресе, 
Бағыс  пен  Түркістанды  қорғау  жөніндегі  жастар  комитеті 
айтарлықтай  оң  істер  атқарды.  Жастар  комитетінің  сұрауы
бойы нш а,Қ Р¥ҒА Географ ияғы лы ми-зерттеуинституты 2002
жылы  көктемде Бостандық ауданының көлемін Өзбекстанга 
берілерден  екі-үш  ай  бүрынғы,  1955  жылғы  1  қарашадағы 
шекараларымен 
1:250.000  масштабта  өлшеу  жүргізді. 
№7094  планиметрімен өлшеудің нэтижесінде ауданның жер
көлемі  539.500  га  емес,  612.000  га  болғандығын  анықтады. 
«Майдантал» учаскесінің көлемі бұрынғы 45 мың га орнына 
39.350  га  көлемінде  белгіленіп,  оның  айырмасы  5750  га 
құрады. « ¥ ғ а м » у ч а с к е с ін ің к ө л е м і 76600 га о р н ы н а  70090 га 
көлемінде  белгіленіп,  оның  айырмасы  5.910  га  құрады.  Екі 
учаскенің  жер  көлемі  бұрынғы  121.000  га  орнына  109.440
га  көлемінде  анықталды,  оның  сомалық  айырмашылығы 
11.560  га  құрады.  География  институтының  комиссиясы 
Өзбекстанға  берілғен  Бостандық  ауданының  жер  көлемін 
бұрынғы  418.000  га  орнына  502.560  га  көлемде  анықтады. 
Бұдан  Бостандық ауданының 418.000  гектарынан  басқа жер 
Өзбекстанға  құжатсыз  84.560  өткендігін  байқаймыз.
Сонымен  қатар,  назар  аударатын  мэселе,  талас 
тудырған  Бағыс  пен  Түркістан  ауылдары  этникалық 
жағынан  алғанда,  қазақ  ауылдары  болып  табылады.  1999 
жылы  ақпанда  жүргізілген  халық  санағының  мәліметтері 
бойынша, Бағыс ауылында этникалық қазақтар 98% құраған 
және  ауылдың  барық  тұрғындары  4  өзбекті  қосқанда, 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  шыққан. 
Ал  Түркістан  ауылында  этникалық  қазақтар  78%,  өзбектер 
10%  құраған.  Бұл  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Сары-Ағаш 
ауданы  Ақжар  ауылдық  округі  экімінің  қол  қойып,  мөр 
басылған  анықтамасынан  алынған  дерек.  Негізгі  талас 
тудырған  Түркістан  ауылы  экімшілік жағынан  Өзбекстанға 
қараған  болатын,  бірақ  онда  тұратын  халықтың  2/3 
Қазақстан  азаматтары  болды.
Делимитация  барысы  күрделі  жағдайда  жүрді. 
Анықталатын  шекара  учаскелерінің  қиын  деп  табылған 
жерлерінде  делегацияның  топографиялық  жұмыс  тобы 
біріккен  далалық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  тура 
келді.  Территорияны  шаруашылық  игеруде  болған  күрделі
126

өзгерістерге байланысты, делегация тобыныңжүмысшылары
ірі  масштабты  суретке  түсіру  жүмыстарын  жүргізді.
Арал 
теңізінің 
акваториясында, 
белгілі 
экологиялық
апаттың  салдарынан  оның  жагалау  сызыгында  болган
күрделі  өзгерістерге  байланысты  жаңа  космофотокарта 
жасалындыД
Осы  түста  екі  жақтың  карталары  сәйкес  келмеген  3 
учаске бойынша үкіметаралық комиссия  күрделі  және ауыр 
жүмыстар  жүргізді.  Екі  жаққа  да  қиын  сәтте  Өзбекстан 
мэселені  өз  пайдасына  шешу  жолында  Қазақстанмен 
біраз  геосаяси  ойындарға  да  барғаны  ара-түра  байқалып 
отырды.  Өзбек  үкіметі  мәселенің  шешілуіне  өз  үпайын 
түгендеу  барысында  Қазақстан  жағына  мүмкіндігінше 
қысым  көрсетуге тырысып  бақты.  Осы  түста Қазақстанның 
оңтүстігін 
толықтай 
газбен 
қамтитын 
Өзбекстан 
Республикасы  негізсіз  газ  багасын  қымбаттатып,  кей- 
кезде  ешбір  ескертпестен  газ  беруді  мүлде  тоқтатып 
отырды.  Сонымен  қатар,  жаз  айларында  егістікті  суғару 
маусымында  Орталық  Азия  республикаларынан  бастау 
алып,  Өзбекстан  арқылы  келетін  өзендердің  суын  жөнсіз 
бүрып,  оны  келісілген  мөлшерден  аз  жіберіп,  шекараны 
делимитациялау  барысына  эсер  етуге  тырысты.
2001 
жылы  16  қарашада  Қазақстанга  Өзбекстан 
Республикасының 
Президенті 
И.Кэрімовтың 
сапары 
барысында 
Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Өзбекстан 
Республикасы 
арасындағы 
қазақ-өзбек 
мемлекеттік 
шекарасы  үзындығының  96%  анықтайтын  келісімге  қол 
қойылды.  Сонымен  қатар,  президенттер  АҚШ -та  болған 
қыркүйектегі  қасіретті  жагдайдан  кейін  әлемде  болып 
жатқан  халықаралық  жағдайды  талқылап,  лаңкестікке 
қарсы  барлық  мемлекеттердің  бірігулері  қажет  деген 
түжырым  жасады.  Екі  жақты  кездесу  барысында  сыртқы 
істер  министрлері  деңгейінде  шекара  мэселесі  бойынша 
өзара  байланыс  пен  ынтымақтастық  жөніндегі  шартқа, 
қазақ-өзбек  шекарасында  өткізу  бекеттеріндегі  үкіметтік 
байланыс  саласындағы  ынтымақтастық  келісіміне  жэне 
шекара өкілдерінің қызмет атқаруындағы учаскелер туралы 
хаттамаға  қол  қойылды  [135].  Анықталмай  қалған  4%-дь; 
қүрайтын  үш  учаске,  шекара  бойында  орналасқан  елді 
мекендер  болғандықтан,  олар  бойынша  біріккен  шешім 
қабылдау  үшін  қосымша  анықтауды  қажет  етті.  Барлық  үш
127

КЛЗЛКСТЛЫ РЕСПУЬЛНКАСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАҒЛСЫ
учаске  эр  түрлі  жағдайларга  байланысты  азаматтары  бір 
елде  тіркелген,  ал  экімшілік  жағынан  екінші  мемлекеттің 
иелігіндегі  елді  мекендер  болды.  Бүл  Багыс  ауылына 
қатысты  болды,  оны  шекара  сызығы  екіге  жарып  жатты:  ол 
әкімшілік  жағынан  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Сары- 
Агаш  ауданына  бағынды,  онда  мыңнан  астам  Қазақстан 
азаматтығы  бар халық түрды.  Дэл  осындай  жагдай  Арнасай 
бөгеті  ауданындағы  5  кіші-гірім  ауылдарга  да  қатысты 
болды, ауыл тұрғындарының барлығы Қазақстан азаматтары 
болғанына  қарамастан,  территория  Өзбекстан  иелігінде 
болатын.  Сонымен  қатар,  осындай  жағдай  Қызылорда 
облысының шекаралы ауданындагы Нысан-1, Нысан-2 жэне 
Баймурат  өзбек  ауылдарында  болды.  Олар  территориялық 
жағынан  Қазақстан  жагында  орналасқан  еді.
Күрмеуі  қиын  бүл  ауылдардың  мәселесін  шешуде 
ауылдың  болашағы  мен  ондагы  өмір  сүретін  адамдардың 
тағдыры  жатты.  Белгілі  бір  мемлекеттің  қарауына  өтетін 
ауылдың  болашақта  эрі  қарай  тіршілік  етуге  жеткілікті 
жері,  ауыз  су  алатын.  бастауы  мен  егін  суғаратын  суы 
жэне  ата-бабасының  зираты  оның  қүрамында  бірге  өтуі 
тиіс  болды.  Сонымен  қатар,  аумақтарды  тең  ауыстыру 
барысында,  ол  жерлердің  басқа  шаруашылық  иеліктерінде 
болуы,  шекаралы  елді  мекендердің  мүдделеріне  қайшы
келмеитіндеи  етіп  шешуді  қажет  етті.
Екі  жақты  облыстық  жэне  аудандық  әкімшілік 
өкілдерінің  көзқарастарын  қанағаттандыру  жолындағы 
қиын  келіссөздер  барысының  нәтижесінде  мэселені  шешу 
жолдары табылды.  800 гектарға жуық жері көлемі бар Бағыс 
елді м екені,тұрғы ндарды ңсұрауы бойы нш а,ата-бабазираты  
мен  ауыз  су  бұлағымен  Қазақстанга  өтті.  Тең  көлемдегі 
жерлер  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Сары-Ағаш  ауданы 
жерлерінің пайдасына Түркістан елді  мекенінің оңтүстігіне 
қарай  орналасқан  жерлер  өтті,  оның  орнына  Өзбекстанга 
Қызылорда  облысында  орналасқан  Нысан-1,  Нысан-2  жэне 
Баймұрат  өзбек  ауылдары  берілді.  Көп  эңгіме  туғызған 
Түркістан  ауылының  тағдыры  да  осы  жолы  шешілді.  Бұл 
ауыл  1970  жылдардың  аяғы  мен  1980  жылдардың  басында, 
ягни,  Қ азақ  КСР-і  мен  Өзбек  КСР-і  арасындағы  шекара 
осы  учаскеде  қалыптасып  болғаннан  кейін  құрылған.  Елді 
мекен  толықтай  Өзбекстан  территориясында  жатыр.  Оған 
қарсы  шығып,  заңды  түрде  дәлелдейтін  еш  бір  дәйегіміз
128

өзінің  болашағын  Қазақстанмен  байланыстырғысы  келсе, 
мемлекет  оларды  оралман  дэрежесінде  қабылдап,  олардың 
орналасуы  мен  жұмысқа  тұруларына  көмек  жасайды  деп 
мәлімдеп,  екі  жақты  үкімет  комиссияларының  шешімімен 
Түркістан  ауылы  Өзбекстан  иелігіне  берілді.
Арнасай  су  бөгеті  учаскесі  мен  оған  қосылып 
жатқан  территориялар  жөнінде  тараптар  шекара  сызығын 
келесідей  өзгертуге  келісті.  Барлық  Арнасай  су  богеті 
Шардара 
су 
қоймасы 
гидротехникалық 
кешенінің 
қүрамдас  бөлігі  ретінде  Қазақстанға  өтті.  Сонымен  қатар, 
Қазақстанға  оның  азаматтары  түратын  5  кіші-гірім  ауыл 
өтті.  Бүған  осы  көлемдегі  айырбас  ретінде  Қазақстан 
жағы  суғаруға  өте  қиын  пайдаланбайтын,  мақта  өсіруге 
болатын  Үлкен  Далалық  коллектордан  оңтүстікке  қарай 
орналасқан  шамамен  1700  гектар  жер  берді.  Қызылорда 
облысы  мен  Қарақалпақстан  Республикасы  арасындагы 
шекарада орналасқан Н ы сан-1, Нысан-2 және Баймұрат елді 
мекендері  учаскелері  бойынша  тараптар  өзбек  азаматтары 
түратын  ауылдар  Өзбекстан  қүрамына  өтетіндігі  жөнінде 
келісті.
2002 
жылы  9  қыркүйекте  Қазақстанга  Өзбекстан 
Президенті 
И.Кәрімовтың 

күндік 
ресми 
сапары 
басталды.  Астанадағы  ҚР  Президентінің  резиденңиясында 
болған  екі  жақты  келіссөздердің  нәтижесінде  ҚР  мен  ӨР 
Президенттері  Н.Назарбаев  пен  И.Кәрімов  Қазақстан 
Республикасы  мен  Өзбекстан  Республикасы  арасындағы 
қазақ-өзбек  мемлекеттік  шекарасындағы  жеке  учаскелер 
туралы  келісімге  жэне  екі  ел  басшылары  1998  жылы  31 
қазанда  қол  койған  елдер  арасындағы  мәңгілік  достық 
туралы  келісімнің  орындалуы  барысындағы  Декларацияга
қол  қойды  [136].
Келісімге  қол  қою  салтанатынан  кейін  журналистер 
алдында  сөйлеген  сөзінде  ҚР  Президенті  Н.Назарбаев, 
біздің  елдер  арасындағы  2440  шақырымға  созылган  ортақ 
шекара  толық  шешілді,  бүл  Қазақстан  мен  Өзбекстан 
арасындағы  «таласты  учаскелер»  туралы  мәселені  күн
тэртю інен  түсірген  үлкен  тарихи  оқига  деп  атап  өткен  еді. 
Бүл  саяси  ісімен  біздің  бауырлас  елдер  мен  мемлекеттер 
өздерінің  тарихында  жаңа  бет  ашып,  өзара  сындарлы 
шынайы  достығын  үлгі  ретінде  паш  етеді  делінді.  Бүган
129

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЕЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
дейін  Қазақстан  мен  Өзбекстан  арасындағы  шекараның 
96%  анықталып,  оны  делимитациялау  жөнінде  келісімге 
қол  қойылып,  шекара сызығы  үш  учаске  бойынша уақытша 
шешілмей  қалгандығын  жоғарыда  атап  көрсеттік.  Кездесу 
барысында  өз  атынан  жэне  қазакстандықтар  атынан 
Н.Назарбаев  И.Кэрімовке  достық  жэне  ынтымақтастық 
шекарасы 
болып 
қабылданған 
шекара 
мәселесін 
шешу  барысында  көрсеткен  ерік-жігері  үшін  алғысын 
білдірді.  Сонымен  қатар,  президенттер  дипломатиялык 
қатынастардың орнауының  Ю ж ы лды қм ерекесі қарсаңында
1998  жылы 31  қазанда қабылданған мэңгілік достық туралы 
қазақ-өзбек  келісімінің  орындалуы  барысын  талқылады. 
Тараптар  соңғы  жылдары  қол  жеткізген  жетістіктердің  екі 
жақты қабылданған кел ісімніңөзуақы ты нда қабылданғанын 
ерекше 
атап 
өтті. 
Өзбекстан 
басшысы 
И.Кэрімов 
республикалар  арасындагы  шекара  мәселесіне  қатысты 
қол  қойылған  қүжаттарға  түсініктеме  беріп,  Қазақстан 
мен  Өзбекстан  арасындағы  шекара  мэселесіне  катысты 
жасалған  келісім,  мүндай  келісімдерге  элі  келмегендерге 
үлгі  болуы  тиіс  деп  атап  өтті  [136].
Қазақстанның  Өзбекстан  сияқты  маңызды  елмен 
ынтымақтастыгының 
нэтижелерін 
бағалай 
отырып, 
мемлекет 
басшысының 
күш-жігерінің 
арқасында 
ең 
бастысы  -   екі  жақты  қатынастардың  түрақтылыгына  жэне 
оны  болжап  білуге  болатындығына  қол  жеткізілгендігін 
айту  кету  керек.  Республикалар  арасындағы  күрделі 
экономикалық  байланыстар  мен  аймақтагы  бүгінгі  танда 
орын  алып  отырган  геосаяси  жағдайда  елдердің  ғасырлар 
бойғы  бауырластығы  мен  достығы  қиыншылыққа  тап 
болуда.  Мүндай  жағдайда  сабырлылық  пен  төзімділік 
сақтау,  біздің  еліміздің  стратегиялық  мүдделеріне  нүқсан 
келтірмейтінсындарлыәрі ымырағакелу сияқты шешімдерді 
түрақты  түрде  іздестіру  айрықша  маңызды.  Қазақстан  мен 
Өзбекстан  арасында  қалыптасқан  саяси-экономикалық 
жэне  мәдени  байланыстардың  одан  эрі  тереңдей  беруі 
аймақ болашагының түрақтылығы  мен  дамуын  қамтамасыз 
ететіні  сөзсіз.
Географиялық  жақындыгы,  тарихи  тамырластығы, 
тіл,  мэдениет,  салт-дэстүрлер  ортақтығы  Қазақстанның 
Қырғызстан  Республикасымен  жаңа  тиімді  ынтымақ- 
тастығының 
сенімді 
негізі 
болып 
табылады. 
Екі
130

жақты  қарым-қатынас  1993  жылғы  жасалған  Достық, 
ынтымақтастық  жэне 
өзара 
көмек  туралы 
шарттың 
ережелеріне  сәйкес  құрылады  [96,  99  б.].
Шартта  тараптардың  әрқайсысы 
өз  аумағында 
тұрып  жатқан  екінші  тараптың  азаматтарына  жалпыга 
бірдей  танылган  азаматтық,  әлеуметтік,  экономикалық 
жэне  мәдени  кұқықтар  мен  еркіндіктерге  кепілдік беріледі. 
Құжатта сауда-экономикалық,  мэдени,  ғылыми-техникалық 
жэне  басқа  да  байланыстарды  кенейтуге,  экологиялык 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  айрықша  маңыз  берілген.
Республикалардың 
тэуелсіз 
мемлекет 
ретінде 
қалыптасқан 
10  жылдам  астам  мерзімде  екі  жақгы 
қатынастардың  шеңберінде  өмірдің  эр  саласын  камтитын 
90-нан  астам  құжаттарға  қол  қойылды.  Олардың  ішінде 
Сауда-экономикалық  ынтымақтастық  принциптері  туралы, 
Еркін  сауда-саттық  туралы,  Қазақстан  мен  Қыргызстан 
Үкіметтері мен Үлттық банктері арасындағы және ел өмірін 
қамтитын  басқа  да  маңызды  құжаттардың  қабылдануын 
ерекше  атап  өтуге  болады.  Қыргызстанның  Қазақстан  мен 
Өзбекстан  арасындағы  Біртұтас  экономикалық  кеңістік 
құру  туралы  шартқа  қосылуы,  осы  шартка  үш  тарапты 
күжаттың  сипатын  беру  шын  мэнінде  Орталык  Азия 
республикаларының 
арасындагы 
ынтымақтастықтың 
жаңа 
кезеңі 
басталғандыгын 
көрсетеді, 
олар 
өзара 
тиімді  байланыстарды  нығайту  максатында  күш-жігерді 
біріктіруге  деген  үмтылыстарын  анық  білдірді.
Екі  жакты  қатынастарды  кеңейту  үшін  президент 
А.Ақаевтың  1997  жылгы  8  сәуірдегі  Қазақстанға  ресми 
сапарының  маңызы  зор  болды.  Екі  мемлекет  басшылары 
Мэңгілік  достық  туралы  шартқа  қол  қойды  [96,  100  б.]. 
Бұл  құжат  Қазақстан  мен  Қыргызстанның  жан-жақты 
ынтымақтастығының  тұрлаулы  болашағын  белгілеп  берді.
Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Қырғызстан 
Республикасы 
арасындагы 
мемлекеттік 
шекараны 
делимитациялау  мәселесі  1993  жылы  8  шілдедегі  екі  ел 
басшылары 
рәсімдеген 
қазақ-қыргыз 
қатынастарының 
негізінде  жасалган  Достық,  қарым-қатынас  жэне  өзара 
көмек  жөніндегі 
келісім-шартта 
қарастырылгандыгын 
жоғарыда  көрсеткен  болатынбыз.  Сонымен  қатар,  алғашқы 
жасалған  шарттан  кейінгі  онжылдықта  республикалар 
арасында 
бірнеше 
мэрте 
территориялық, 
қорганыс,
131

КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЬЩ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
қауіпсіздік мэселелері оойынша келісімдерге қол  қоиылып, 
өзара  келіссөздер  жүргізілген  еді.
Шекара 
сызыгын 
анықтау 
барысындагы 
екі 
жақты  келісімдердің  біріне  1998  жылы  17  шілдедегі 
Шолпан-Ата  қаласындагы  екі  ел  басшылары  бекіткен 
Қазақстан  Республикасы  мен  Қыргызстан  Республикасы 
арасындагы 
мемлекеттік 
шекараны 
делимитациялау 
туралы  Меморандумды  жатқызуга  болады  [131,  2  б.].  Бүл 
бірлескен  қүжатта  екі  тарап  1993  жылгы  8  маусымнан 
бастау  алатын  Достық,  ынтымақтастық  жэне  өзара  көмек 
туралы  шарт  незігінде  мемлекеттік  шекараларын  күзете 
отырып,  екі  жақты  байланыстарды  одан  эрі  терендете 
беретіндіктері жайлы уагдаласты.  Сонымен  қатар, тараптар 
мемлекеттік 
шекара 
делимитацияланып 
болганнан 
кейін  де  оның  азаматтардың  еркін  түрып  жүруіне  және 
мемлекеттердің  еркін  жүк  тасуына  кедергі  болмауы  тиіс 
деп  атап  өтті.  Тараптар  қабылданган  қүжат  бойынша  1999 
жылдың  қаңтарынан  Қазақстан  Республикасы  мен  Қыргыз 
Республикалары 
арасындагы 
мемлекеттік 
шекараны
халықаралық қүқық нормаларына  саи  заң жүзінде  рәсімдеу 
үшін  делимитациялау  жөнінде  келіссөздер  бастайды  жэне 
шекараны  делимитациялау  жүмыстарын  атқаруга,  қажетті 
мемлекетаралық 
келісімдерді 
дайындау 
үшін 
тиісті 
мемлекеттік  органдардан  делегация  қүрады  деп  келісті.
Қазақ-қырғыз 
мемлекеттік 
шекараларын
делимитациялау 
мақсатында 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің  1999  жылғы  1  қыркүйектегі  №1283  Жарлыгы 
шыққан  болатын,  бүл  жарлықта  екі  ел  арасындағы 
шекара  мәселесін  анықтау  және  белгі  бағандарын  орнату 
қарастырылған  [137].
Алдында келісілген шарт бойынша екі ел арасындагы 
мемлекеттік  шекараны  анықтау  үшін  арнайы  қүрылган 
үкіметаралық  комиссия  мүшелері  бірнеше  рет  кездесіп, 
мемлекеттік  шекарадағы  делимитация  және  демаркация 
мэселелерін шешу барысында тиянақты жүмыстар атқарды. 
Екі  ел  арасындағы  тағы  бір  күрделі  мәселелердін  бірі,  бүл 
трансшекаралық  өзендерден  біздің  елдің  оңтүстік  өңіріне 
судың  келуі  мәселесі.  Қазақстанның  оңтүстік  аймақтары, 
әсіресе  егістің  өсіп-өнуі  кезінде  су  тапшылыгын  көретіні 
белгілі.  Шекарадагы  су  мәселесі  күн  тэртібінен  көптен 
бері  түспей,  екі  республика  арасында  өз  шешімін  таппай
132

келе  жатқан  сұрақтардың  бірі.  2001  жылы  наурыз  айында 
болған  үкіметаралық  комиссиялардың  Тараз  каласындағы 
келіссөздерінде 
Қырғыз 
Республикасындағы 
Тоқтағүл 
су  қоймасынан  берілетін  су  мөлшері  еғістікті  суғару 
маусымында  көбейтіліп,  оның  орнына  Қазақстан  жағы  қыс 
маусымында электр энергиясын  өндіру  үшін  Қырғызстанға 
мазут  беретін  болып  келісілді  [138].  2001  жылы  шілденің 
аяғына қарай республика басшыларының Бішкектегі кезекті 
кездесулерінде  осы  мэселені  түбегейлі  шешу  үшін  су- 
энергетикалық консорциумын қүру қажеттігі туралы мэселе 
көтерілді.  Бұл  күрмеуі  қиын  мэселе  болғанына  қарамастан 
екі  елдің  үкіметтері  оны  шешуге  аянбай  кірісуде.  Бірақ 
Қырғыз  Парламенті  оның  территориясында  жиналатын  су 
ресурстарын  көрші  елдерге  сату  туралы  заң  қабылдады. 
Қыргыз  Үкіметінің  бүл  эрекетіне  Н.Назарбаев  өз  кезегінде 
мүндай  шешім  халықаралық  қүқық  нормаларына  сай  емес 
деген пікір білдірді. Жалпы, екі реепубликаның жақындыгы, 
туыстығы  мемлекеттік  шекараны  жэне  шекарааралық 
өзендердің маңызын айқындауда өз көмегін тигізуде. Қазіргі 
таңда  трансшекаралық  өзендер  мэселе  бойынша  екі  ел 
арасында ешбір даулы  мэселе жоқ жэне  шекара сызығының 
өтуі  барысын  анықтау  мәселелері  достық,  туыстық  қарым- 
қатынас  жолында  шешілуі  тиіс  деп  күтілуде.
Екі 
елдің 
президенттері 
екі 
республиканың 
арасындағы  мемлекеттік  шекараны  қүқықтык  түрғыда 
рәсімдеудің  орындылығы  туралы  пікір  білдірді.  Осы 
уағдаластықты 
орындау 
үшін 
тараптар 
Қазақстан 
Республикасы  мен  Қырғыз  Республикасы  арасындағы 
шекараны  делимитациялауға  кірісті.  2001  жылы  маусымда
Н.Назарбаевтың  Бішкекке  сапары  кезінде  екі  мемлекет 
басшылары  осы  жүмысты  тиісті  шартқа  қол  қою  үшін 
жылдың аяғына  дейін  аяқтау  ниеті  туралы  мэлімдеді.
Қазақстан  тәуелсіздігінің 
10  жылдык  мерекесі 
қарсаңында  Қырғызстан  Республикасының  Президенті
А.Ақаевтың  2001  жылдың  15  желтоқсанында  Қазақстанға 
сапары  басталды.  15  желтоқсанда  Астана  қаласында  екі  ел 
Президенттері Н.Назарбаев пен А. Ақаев кездесіп, Қазақстан 
Республикасы  мен  Қыргызстан  Республикасы  арасындагы 
Мемлекеттік  шекараны  делимитациялау  туралы  шартқа, 
шекара  ауданындагы  өзара  сенім  мен  оны  қорғаудагы 
ынтымақтастық  жөніндегі  келісімге,  сонымен  қатар  екі
133

КАЗАКСТАН  РЕСПУБЛИКЛСЫНЫҢ МЕ.М.1 ЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
ел  басшыларының  ортақ  мәлімдемелеріне  қол  қойды
[139].  Осы  ІІІарт  негізінде  екі  мемлекет  бір-біріне  деген 
территориялық  талаптарының  жоқ  екендігін  мәлімдеді. 
Қол  қою  рәсімінен  кейін  өткізілген  баспасөз  мәжілісінде 
ҚР  Президенті  Н.Назарбаев  қол  қойылган  құжаттар 
рәсіміне  «маңызды  тарихи  оқига»  деген  бага  беріп,  екі 
бауырлас  жэне  тагдырлас  халықтардың  тарихында  тұңгыш 
рет  мемлекеттік  шекара  айқындалып  отыр  деп  ерекше 
атап  өтті.  Сонымен  қатар,  осы  сапар  барысында  қазақ- 
қыргыз  үкіметаралық  комиссияларының  біріккен  мәжілісі 
болып,  онда  су  жэне  электр  энергиясы  ресурстарын  бөлу 
мәселелері  қарастырылды.
Екімемлекетарасындагыш еш ілуіқиынгатүсіпжатқан
мэселелердің  болганына  қарамастан,  республикалардың 
бір-бірімен  қарым-қатынасын  жемісті  эрі  келешегі  бар  деп 
сенімді  түрде  багалап,  болжауга  болады.
К елесібіртуы стас-көрш ілес,Қ азақстанм енш екарасы  
ортақ  мемлекеттің  бірі  Түрікменстан  Республикасы.  Екі 
елдің арасын  бөліп  жатқан  мемлекеттік  шекара  сызыгының 
үзындығы  шамамен  400  шақырым  қүрайды.
Қазақстан  мен  Түрікменстан  арасындағы  екі  жақты 
қарым-қатынастарының  негізгі  принңиптері  1993  жылдың 
19  мамырдағы  қол  қойылған  достық  қарым-қатынастар 
жөніндегі  келісімдерде  жэне  оны  одан  эрі  дамыту  туралы
1997  жылгы  27  ақпандағы  декларацияда  жатыр  [96, 
103  б.].  Бүгінгі  күнге  дейін  екі  мемлекет  арасындағы 
байланыстардың  дамуын  бақылап  отыратын  50-ге  жуық 
келісімдер  мен  шарттарға  қол  қойылған.  Қазақстан  үшін 
Түрікменстан іс ж үзіндетранзиттік маңыздылыққа ие болып 
отыр.  Бүл  мемлекет  Қазақстанмен  қүрлықта  ғана  шектесіп 
қоймай,  екі  республиканың  мемлекеттік  шекаралары  одан 
эрі  теңізде  жалгасып  жатыр,  яғни  оның  Каспий  жагалауы 
елдерінің  қатарына жататындығы  Қазақстанның оган  деген 
саясатының  маңызын  арттыратынын  байқатады.
Саяси-экономикалық 
түргыда 
Каспий 
теңізінің 
мэртебесі,  Каспий  ресурстарын  пайдалану,  көмірсутегі 
шикізатын  өндіру,  сондай-ақ  әлемдік  нарыққа  тасымалдау
жэнежүктасымалдау саласындаелдерарасындағы эріптестік
пен  кооперация,  сондай-ақ  Экономикалық  Ы нтымақтастық 
Ұйымы шеңберінде екі тараптың мүддел ерін ілгері жыл жыту 
жөніндегі  багыттарды  жақындастыру  екі  мемлекеттің  күш-
134

жігерін  жандандыруда  анағұрлым  болашагы  зор  бағыт 
болып табылады  [120,  263  б.].
1999 
жылғы сәуірдегі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 
Ашхабатқа  сапары  екі  жақты  қатынастардың  тарихында 
маңызды  оқиға  болды.  Қазақстан  мен  Түрікменстан 
Президенттері 
өзара 
ынтымақтастықты 
терендетуге 
бағытталған 
практикалық 
шараларды 
талқылады. 
Сапардың  қорытындысы  бойынша,  Мемлекеттік  шекараны 
делимитациялау  туралы  меморандуммен  қатар  бір  топ 
маңызды  құжаттарға  қол  қойылды  [96,  104  б.].  Екі  елдің 
_  басшылары  өздері  басшылық  жасайтын  Саяси  кеңесшілік 
кеңес  құрып,  болашақта  республикалар  арасындағы  екі 
жақты  ынтымақтастықты  дамыту  жөніндегі  жұмыс  осы 
органның  міндетіне жүктелді.
Өз  кезегінде  мемлекеттердің  екі  ел  арасындағы 
мемлекеттік  шекараны  делимитациялау  барысында  үкімет 
комиссиялары  белсенді  жүмыс  атқарып, 
мемлекеттік 
шекараны  делимитациялау  және демаркациялау  мәселелері 
бойынша  ешбір  талас  тудыратын  мәселелердің  жоқтығын 
мәлімдеген 
болатын. 
Екі 
ел 
арасындағы 
шекараны 
белгілеуде 
бұрынғы 
КСРО 
кезіндегі 
республикалар 
арасындағы  әкімшілік  шекаралар  туралы  қабылданган 
құжаттар 
басшылыққа 
алынды. 
Бүгінгі 
танда 
бұл 
республикалар  арасындағы  мемлекеттік  шекараны  қорғау 
үшін  “Д ала”  және  “Үстірт”  шекара  заставалары  құрылып, 
олар Қазақстан жағындағы мемлекеттік шекараны күзетуде. 
Сонымен қатар, екі жақты комиссия Каспий теңізінің табиғи
оаилықтарын  тиімді  жэне  жан-жақты  паидалану  ооиынша 
келісіп  істер  атқарытындықтары  жөнінде  мэмілеге  келді.
Қол 
жеткізілген 
уағдаластықтарды 
дамыту 
мақсатында  2001 
жылғы 
5-6 
шілдеде 
Түрікменстан 
Президенті  С.Ниязов  Қазақстанға  ресми  сапар  жасады. 
Осы  сапар  барысында  екі  ел  Президенттерінің  өзара 
кездесулерінен 
кейін,  екі  елдің  үкімет  делегациясы 
өкілдерінің 
қатысуымен 
Саяси 
кеңесшілік 
кеңестің 
кеңейтілген мәжілісі өтті. Кеңес барысында күн тәртібіндегі 
екі  жақты  мәселердің  барлығы  бір  ауыздан  келісілді. 
Мәжіліс соңына қарай екі жақты кел ісімдерге қол қою рәсімі 
басталды. Тараптар Мемлекеттік шекараны делимитациялау 
және  демаркациялау  барысы  туралы  шартқа,  Мемлекеттік 
шекараны  қоргаудағы  ынтымақтастық  туралы  келісімге,
135

КЛЗАҚСТЛН РЕСІГУБЛИКАСЫНЫН М ЕМ ЛЕКЕГПК ШЕКАҒЛСЫ
сондай-ақ  үкіметаралық  бір  топ  келісімдерге  қол  қойды
[140]. 
» 

^
 і
Түрікменстанмен 
ынтымақтастық 
біздің
мемлекетіміздің  сыртқы  саясатында  маңызды  орын  алады. 
Екі  республиканың  болашақта  елдер  арасындагы  тарихи 
бауырластық пен келешекке деген үмтыл ыстардың негізінде 
үлттық  мүдделердің  саласына  жататын  мэселелерді  шешу 
үшін  екі  елдің  бүрынгыдан  да  жақындасуына  саяси  және 
экономикалық  алгышарттар  аз  емес.
Орталық  Азия  республикалары  тэуелсіз  мемлекет 
болып  қүрылғаннан  кейін  бүрынғы  ортақ  шекараны 
күзеткен  КСРО  Шекара  қызметі  әскерлері  таратылып, 
оның  орнына  эр  мемлекеттің  өз  шекараласын  күзететін 
жаңа  шекара  қызметтері  қүрылды.  ¥ л т т ы қ   қауіпсіздікке, 
ішкі  түрақтылыққа  төнетін  қауіп-қатер  сырттан  келетінін 
ескерсек, мемлекеттік шекараның, оны қорғайтын қүзыретті 
органдардың  қаншалықты  маңызды  эрі  қажет  екендігін 
түсінуге  болады.  Осы  мақсатта  Қазақстанның тәуелсіздігін 
сақтап, оның сыртқы шекарасын күзету жолында  1992 жылы 
18 там ы зд аҚ Р  П резидентініңҚ азақстан Республикасы ¥ Қ К -  
нің  Шекара эскерін  кұру туралы  Жарлығы  шықты  [141,  153
б.].  ¥ л т т ы қ   шекара  эскерін  құру  кеңес-қытай  жэне  кеңес- 
ауған  учаскелеріндегі  мемлекеттік  шекараны  күзеткен 
КСРО  Шекара  эскері  Шығыс  шекара  округі  негізінде  іске 
асырылды. Жас тэуелсіз республикалардағы бастапқы кезде 
болған  қаржы  тапшылығы  мен  экономикалық  дағдарыс 
қорғаныс  саласын  қамтамасыз  етуде  өз  эсерін  тиғізбей 
қоймады.  Қаржы  тапшылыгы  жаңа  пайда  болған  шекара 
учаскелерінде  эскери  бөлімдер  құруда,  ескірген  эскери- 
техникалық  жабдықтар  мен 
қару-жарақты  жаңартуда 
көптеген  қиындықтар  туғызды.  Сол  себептен,  бірқатар 
республикалар  бастапқы  кезде  өз  учаскелеріндегі  сыртқы 
мемлекеттік  шекараны  күзету  мен  шекаралық  бақылауды 
біраз  босаңсытып  алды.
Осыдан  барып,  республикаларға,  соның  ішінде 
Қазақстанға  жақын  жэне  шалғай  елдерден  заңсыз  келетін 
адамдар  саны  күннен-күнге  арта  түсті.  Соның  салдарынан, 
бүгінде  Қазақстан  территориясында  жүрген  жэне  көрші 
мемлекеттерге өту мақсатында оның шекарасын басып өткен 
шетел  азаматтарының  санын  білу  мүмкін  болмай  отыр. 
Соңгы  кездері  Ауғанстан,  Пэкістан,  Тынық  мұхитының
136

азиялық  аимағынан  және  т.б.  мемлекеттерден  Тәжікстан 
мен  Қырғызстан  арқылы  Қазақстанға  келіп,  одан  эрі 
Ресей  арқылы  Еуропаға  отудің  заңсыз  жолы  қалыптасқан. 
Заңсыз  төл  құжаттар  Ауғанстан  жерінде  жасалынып, 
оған  жалған  виза  Қырғызстанда  қойылады  екен.  Ал  ТМД 
мемлекеттерінің  арасында  азаматтардың  визасыз  еркін 
жүріп-тұруы  қарастырылғандықтан,  осы  тәуелсіздіктің  он 
жылдығында  орын  алған  заңсыз  көші-қонды  эзірге тоқтату 
немесе  оны  бір  қалыпты  ізге  түсіру  мүмкін  болмай  отыр. 
Осындай  төлқұжат-визалық  тэртіп  бұзып  тіркелетіндердің
саны  жылына  60  мыңға жетіп  отыр  [131,  26-27  б.].
Шекара  бойында  алаңдататын  тағы  бір  мэселе  бұл 
Орталық  Азия  мемлекеттерінде  соңғы  жылдары,  яғни  жыл 
сайын  Қырғызстан  Республикасының  шекарасын  бұзып 
кіріп  жүрген  содырлардың,  Орталық  Азия  мемлекеттеріне 
қауіп  төндіріп  тұрған  лаңкестік  пен  діни  экстремизмді 
айтпай  кетуге  болмайды.  Тэуелсіздіктің  алғашқы  он 
жылдығында  Тэжікстан  Республикасындағы  әскери-саяси 
жагдайдың күрделенуі, Өзбекстадағы діни экстремистердің 
сепаратистік  козкарастарының  жайылуы,  Ауғанстандағы 
Талибан  үкіметінің  билікке  келуімен,  олардың  Орталық 
Азия  аумағына  қарай  жылжуға  деген  ниеттері  еліміздің 
оңтүстігі  мен  оңтүстік-батыс  бөлігінде  шекара  қорғайтын 
мықты  күш  құрылымдарын  құруды  қажет  етті.  Сөйтіп, 
шекара  қызметінің  алдында  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік шекарасы периметірі бойынша шекараны күзету 
үшін  қажетті  күш  жинау  міндеті  тұрды.  Шекара қызметінің 
аткарар  міндеттерінің  артуына  байланысты,  сондай-ақ 
шекараны  қорғау  қызметінін  тәсілі  өзгергендіктен,  шекара 
қоргау  қызметін  қарулы  күштер  құрамында  эрі  қарай 
қалдыра  беру  тиімсіз  болды.
Осыған  орай, 
1999  жылы 
10  желтоқсанда  ҚР 
Президентінің 
Жарлыгымен 
мемлекеттік 
шекараны 
қорғайтын 
күштер 
қорғаныс 
күштері 
құрамынан 
шығарылып,  ҚР  ¥ Қ К -н е   бағынатын  Шекара  қызметі  болып 
қайта  құрылды  [142].  Бұған  дейін,  тәуелсіздіктің  бастапқы 
жылдары  сыртқы  шекарадағы  күзету  шараларын  күшейту 
мақсаты  мен  шекара  қызметін  реформалау  барысында  1995 
жылғы  ҚР  Президентінің  Жарлығына  сэйкес  ҚР  шекара 
эскерлері ҚР мемлекеттік шекарасын күзететін мемлекеттік 
комитет  болып  құрылды  [143].  Осы  кезеңде  комитетті
137

ҚАЗАҚСТЛЫ РЕСІІУЕЛИКЛСЫНЫЦ МЕМЛ ЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
қару-жарақпен,  эскери  техникамен  және  а р н а и ы ' құрал- 
жабдықтармен,  сондай-ақ  ТМД  мемлекеттерімен  эскери 
саладағы  ынтымақтастық  шеңберінде  арнайы  мамандарды 
даярлау  мәселесі  де  шешілген  болатын.
Кейіннен  шекара  қызметіндегі  басқаруды  одан  әрі 
жетілдіру жолында  1997 жылы 4 наурызда ҚР П резидентінің 
Жарлығымен 
ҚР 
мемлекеттік 
шекарасын 
күзететін 
мемлекеттік комитет таратылып, шекара қызметі ҚР қарулы 
күштері  қүрамына  кіретін  мемлекеттік  шекараны  күзету 
күштері  болып  қайта  кұрылды  [131,  25  б.].
1999 
жылы  10  желтоқсанда  ҚР  Президентінің 
Жарлығымен  қайта  қүрылган  ¥ Қ К   құрамындағы  шекара 
қызметіне  аймақтағы  жағдайды  ескере  отырып,  жаңа 
міндеттер жүктелді.  ҚР  ¥ Қ К  Шекара  қызметінің атқаратын 
міндеттеріне: мемлекеттік шекараны қоргау жэне күзету; ҚР 
мемлекеттік  шекарасына  қол  сүғылмауды  қамтамасыз  ету; 
ҚР  территориясына  занды  бұзып  кірушілердің  кез-келген 
әрекеттерін эшкерелеу; мемлекеттік шекарадан ш етелдердің
арнаиы  қызмет  агенттерінің  ел  территориясына  өтуін 
болдырмау;  ҚР территориялық тұтастығы  мен  егемендігіне 
қарсы  бағытталған  кез  келген  эрекеттер  мен  қастандықтың 
жолын  кесу;  мемлекеттік  шекарада  ҚР  мүдделерін  жэне 
азаматтарын  қорғау  жүктелді  [144].  ҚР-ның  «Мемлекеттік 
шекара  туралы»  Заңы  ҚР  Конституциясына,  сонымен  қатар 
ҚР  қол  қойған  халықаралық  келісім-шарттарға  негізделіп 
эзірленді.  ҚР-ның  «Мемлекеттік  шекара  туралы»  Заңы 
бойынш а 
республиканың 
сыртқы 
шекарасын 
қорғау 
еліміздің  жалпы  мемлекеттік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 
жүйесінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.
Оңтүстік  шекарада  көптен  бері  шешілмей  келе 
жатқан  тағы  бір  мәселе,  есірткі  бизнесі  соңғы  он  жыл 
көлемінде  күн  тэртібіндегі  маңызды  мэселелердің  бірі 
болып  отыр.  Халықаралық  есірткі  мафиясы  Қазақстан 
территориясы  арқылы  Ресейге  жэне  Еуропа  елдеріне 
есірткі  тасымалдауда  транзитті  канал  орнатуға  тырысуда. 
Ауганстан  есірткі  өндірудің  негізгі  ошағы  болғандықтан, 
осы елден көп көлемде есірткінің Тэжікстан территориясына 
тасымалданып,  одан  басқа  мемлекеттерге,  соның  ішінде 
Қазақстанға  таралуы  елге  үлкен  қауіп  төндіруде.  ҚР  ІІМ 
таратқан  деректер  бойынша,  ел  ішінде  азаматтардың 
есірткі  пайдалану  жағдайлары,  оның  ішінде  ж астарды ң
138

үлес  салмағы  жылдан-жылға  артуда.  ТМД  мемлекеттері 
арасындағы  шекаранын  «ашық»  болуынан  Ауғанстаннан 
посткеңестік 
мемлекеттер 
территориясына, 
одан 
эрі 
Еуропаға  есірткі  тасымалдауды  тоқтату  эзірге  мүмкін 
болмай  отыр.
Сонымен  қатар,  шекараның  ашықтығы  мен  оны 
күзетудегі 
эскерлеріміздің 
дэрменсіздігінен 
90-шы 
жылдардың  соңына  қарай  белең  алып,  бүгінде  тиылмай 
отырған  шет  елдерден  келіп  жатқан  эпидемиологиялық 
аурулардың  жиі  тіркелуі  туралы  айта  кеткен  жөн.
Жоғарыда  айтылған  күрмеуі  күрделі  мэселелердің 
бэрін  шешіп,  еліміздің  қауіпсіздігін,  ішкі  және  сыртқы 
саяси  жағдайдың  түрақтылығын  қамтамасыз  ету  үшін 
және  еліміздің  жаңа  шекараларында  қорғанысты  күшейту 
мақсатында  ҚР  Президенті,  Бас  әскери  қолбасшы  Н.Ә. 
Назарбаевтың  бүйрыгымен  1999  жылы  республика  аума- 
ғында  жаңадан  4  әскери  округ:  «Орталық»,  «Оңтүстік», 
«Шыгыс»  жэне  «Батыс»  округы  қүрылып,  ҚР  Қауіпсіздік 
Кеңесінің  2001  жылгы  15  қаңтардағы  шешіміне  сәйкес, 
ҚР  ¥ Қ К -н ің   Шекара  қызметі  бүрынғы  Кеңес  Одағының 
қүрамында  болған  республикалармен  арадагы  мемлекеттік 
шекараларда  шекара  заставаларын  жасақтады.  1999-2001 
жылдар  аралығында  бүрын  шекарашылар  бақылауында 
болмаган  учаскелерде  Сарыағаш, 
Қызылорда  шекара 
отрядтарын  біріктіретін,  «Оңтүстік»  аймақтық  шекара 
басқармасы қүрылып, Өзбекстанмен шектесетін мемлекеттік 
шекара 
бойында 
шекара 
заставалары 
орнатылды. 
Қырғызстанмен 
шекаралас 
аймақтарда  Тараз  шекара 
отряды  қүрылып,  оның  қүрамында  4  шекара  заставасы 
қызмет  атқаруда. 
Түрікменстанмен 
шекараны 
күзету 
жолында  екі  “Дала”  және  “ Үстірт”  заставалары  қүрылып, 
өз қызметтерін  атқаруда.  Жалпы,  оңтүстік шекараны  күзету 
үшін  20  шекара  заставалары,  4  комендатура,  20  бақылау- 
тексеру  пункттері  қүрылды.  Олар  қосымша  эуе,  саперлік 
жэне  байланыс  бөлімдерімен  күшейтілген  [1451.
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  оның  Каспий
теңізі жағалауындагы оасқа елдермен теңіздегі  мемлекеттік 
шекарасы  пайда  болды.  Теңіздегі  шекара  бүрын  екі 
мемлекеттің,  яғни,  Кеңес  Одағы  мен  Иранның  мемлекеттік 
шекарасы  болса,  КСРО-ның  ыдырауынан  кейін  теңіз 
жагалауында  бірден  бес  мемлекеттің  мүдделері  түйісті.
139

КЛЗАКСТЛН РЕСПУЕЛИКАСЫНЫҢ МЕМ.1ЕКЕТТ1К ШЕКАРЛСЫ
Теңіздегі мұнай қорыныңмолдығы мен КСРО сияқты алпау ыт 
мемлекеттің  күйреуінен  аймақтағы  геосаяси  ж ағдайдың 
күрделі  өзгеруі,  батыс  мемлекеттерінің  аймақтагы  саяси- 
экономикалық  жағдайға  белсенді  араласа  бастауы  онсыз 
да  қиын  мәселені  одан  эрі  күрделендіріп  жіберді.  Каспий 
теңізінің  мэртебесін  анықтауда  осы  теңіздің  жағалауында 
орналасқан  бес  мемлекеттердің  мүддесі  түйісуде.  Бүл 
мэселені  бір  жақты  шешу  жағалаудағы  мемлекеттерге 
қиынға соқпақ. Аймақ мемлекеттері арасында бұрын-сонды 
тең  дэрежелі  диалогтың  болмауы  осыған  себеп  болды. 
Жэне,  Каспий  эрқашан  тек  тарихи-мэдени  аймақ  қана 
болып  келсе,  Кеңес  Одагының  ыдырауы  мен  осы  өңірден 
мұнай  қорының  көптеп  табылуынан  аймақта  жаңа  жағдай 
қалыптасуда.  Каспий  жағалауы  мемлекеттерінің  алдында 
өзара  іс-қимылының  үзақ  мерзімді  жэне  берік  қүқықтық 
негізін жеделдетіп құру міндеті тұр, осы міндетті іске асыру 
Каспий  теңізін  жэне  оның  байлығын  болашақ  ұрпақтар 
үшін  сақтауымызга  мүмкіндік  береді.
Каспийде бүгінгі таңда қал ыптасқан жағдайды талдау 
оны  делимитациялау  барысын  аяқтаудың  жэне  теңіздің 
құқықтық  мәртебесінің  басқа  да  аспектілеріне  байланысты 
мэселелерді  шешу  қажеттілігі  туралы  қорытынды  жасауга 
жетелейді.
Он  бес  жылға  жуық  уақыт  бойы  Каспий  теңізінің 
мэртебесі 
мэселелерін 
шешудегі 
сақталып 
отырған 
көзқарастардың  айырмашылықтарына  қарамастан,  біздің 
пікірімізше, мемлекеттердің теңіздегі ынтымақтастығының 
елеулі  құқықтық  негізі  бірте-бірте  қалыптасып  келеді.
1992 
жылы 
Каспий  теңізінің  жаңа  құқықтық 
мәртебесін  анықтау  мақсатында  Каспий  мемлекеттері 
арасында  келіссөздер  басталды.  Осы  мақсатта  Каспий 
теңізінің  құқықтық  мэртебесі  туралы  конвенцияны  эзірлеу 
жөніндегі  Арнайы  жұмыс  тобы  құрылды.  Жағалаудағы 
мемлекеттер  құрған  Каспий теңізінің  құқықтық  мэртебесін 
реттеудің  негізгі  тетігі  -   сыртқы  істер  министрлері 
орынбасарлары  деңгейіндегі  Арнайы  жұмыс  тобының 
тиімділігінің  арқасында  соңғы  кезде  осы  мәселе  бойынша 
пікірталасты  практикалық  жолға  қоюдың  және  Конвенция 
жобасы  мәтінінің көптеген баптары  бойынша келісудің сәті 
түсті.
Қазақстан  Конвенцияның  тұжырымдамалық  ереже-
140

лері  бойынша  өзара  қабылдауға  болатын  шешімдерді 
іздестіру  үшін түрлі  форматтағы  екі жақты  жэне  бес жақты 
кеңесулер  мен  келіссөздерді  жандандыру  қажет  деген 
пікірді  үстанады.  Елдердің  теңіздегі  өзара  іс-қимылының 
негізгі  багыттарын  белгілейтін  конвенцияның  принциптік 
ережелері  жөніндегі  шешімдер  Каспий  достық,  тату 
көршілік  жэне  ынтымақтастық  теңізі  болуы  тиіс  деген 
талап-тілекке  жауап  береді.
Сонымен  қатар,  бүл  теңіздің  өз  ерекешеліктеріне 
байланысты  АҚШ,  ҚХР,  Еуропалық  Одақ  сияқты  әлемнің 
жетекші  державалары  аймақтағы  жағдайға  ерекше  көңіл 
бөлуде.  Каспий  теңізі  әлемдегі  ішкі  континенталды  су 
қоймасының  ең  ірісі,  оның  су  бетінің  көлемі  шамамен  440 
мың  шаршы  шакырым  қүрайды.  Мүнда  қызыл  балықтың 
әлемдік  қорының  90%,  30-ға  жуық  жануарлар  мен  қызыл 
кітапқа  енген  өсімдіктердің  20-дан  астам  түрі  өседі  [146].
Каспий  теңізі  мен  оны  қоршаған  территориялар 
көмірсутегі  шикізатының  үлкен  қорының  жинақталған 
жері  болып  табылады.  Мамандардың  алдын-ала  жасаган 
болжамдары  бойынша,  теңіздің  Қазақстан  жағы  бөлігі 
мен  оған  жалғасқан  территориядағы  ресурсы  мүнаймен 
есептегенде  4,5  млрд  тонна  қүрайды  [147].
Соңгы  уақыттағы  БАҚ-ның  хабарлауынша,  Каспий 
теңізінің  Қазақстан  жағалауының  солтүстік  бөлігінен 
табылған  Қашаган  кеніші  соңғы  20  жыл  ішінде  әлемде 
табылған  кеніштердің  ең  байы  болуы  мүмкін.  Бүл  кеніштің 
қоры  8  млрд-тан  50  млрд  баррель  мүнайды  қүрауы  мүмкін.
Қазақстан  жағалауындағы  Теңіз  гигантында  6-9 
млрд  баррель  мүнай  бар.  Салыстырып  қарасақ:  Солтүстік 
теңіз  кенішінен  алынатын  қор  1 7  млрд баррель  қүрайды,  ол 
негізінен  Үлыбритания  мен  Норвегияға  қарайды,  ал  Сауд 
Арабиясындағы  әлемдегі  өндіру  көлемі  жағынан  Товар  ірі 
мүнай  кенішінің  қоры  70-85  млрд  баррель  қүрайды.  Газ 
конденсатының қор көлемі — 1,6  млрд тонна, ал табиги  газ — 
5,9  трлн  куб  метр  қүрауда  [148].
Әуел  бастап  бүл  теңіз  екі  мемлекетке  -   КСРО  мен 
Иранға  қарағанын  айта  кету  керек.  Каспий  жағалауында 
бүрынғы  ҚСРО  жерлерінде  жаңа  тэуелсіз  мемлекеттердің 
пайда  болуы  жаңа  геосаяси  жағдайды  тудырды.  Каспий 
теңізі  екі  мемлекеттің  теңізінен,  бес  мемлекеттің  теңізіне 
айналды.
141

ҚАЗАҚСТАЫ РЕСПУБЛИКАСЫНЫН МЕМИЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
Бұған  дейін  Каспий  теңізінің  мэртебесі  РКФСР  мен 
Иран арасындағы  1921  жылғы 26 ақпандағы жэне КСРО мен 
Иран  арасындағы  1940  жылғы  25  наурыздағы  келісімдер 
неғізінде  анықталған  болатын  [149].  Осы  келісім  бойынша 
теңіз  тек  екі  мемлекеттің  меншігі  ретінде  қарастырылды. 
Кеңес  дәуірінде  екі  жақты  қабылданған  құжаттар  бүгінгі 
күн  талаптарына  жауап  бере  алмағандықтан,  заңды  күші 
бар  құжаттар  бола  алмайды.  Сол  себептен,  құжаттар 
Каспий  теңізінің  жағалауында  орналасқан  мемлекеттер 
арасындағы  қатынастарды  толық  көлемде  өзара  тиімді 
бақылай  алмайды  және  бұған  бірнеше  себептер  бар:
1.  Жоғарыда  аталған  келісімдерде  екі  жақ  ретінде 
РКФСР  жэне  КСРО  мемлкеттері  халықаралық  құқық 
субьектісі 
ретінде 
танылмайды. 
Сондықтан, 
Каспий 
теңізінің  құқықтық  мәртебесін  Каспий  жағалауындағы 
мемлекеттер  арасында  жаңа  келісім  негізінде  анықтап, 
бекіту  қажет.
2.  Аталған  келісімдерде  Каспий  теңізінде  бұрынғы 
одақ 
республикалары 
арасындағы 
шекараларға 
еш 
сілтеме  жасалмаған,  яғни  кеңес  заңдары  бойынша  шекара 
мэселелерін  шешу тек орталық органның құзырында болды. 
Каспий  теңізінде  одақтас  республикалар  арасында  шекара 
болмады,  яғни  КСРО-ға  қараған  теңіз  бөлігі  федералды 
болып,  республикалардың  ондай  шекараны  анықтауға
құзыры  болмады;
3.  Көрсетілген  келісімдерде  тек  сауда  мэселелерін 
қадағалау  туралы  айтылған, 
бірақ  Каспийдің  толық 
көлемдегі  құқықтық  мәртебесі,  соның  ішінде  теңіз  түбі 
мен 
қойнауындагы 
ресурстарын 
пайдалану 
мәселесі
анықталмаған.
Кеңес Одағы Каспий теңізінің мәртебесін «ішкі ресей 
суатынан»  «ішкі  кеңес-иран  суаты»  мэртебесіне  ауыстыру 
керек деп,  оны  жоғарыда  аталған  келісім-шарттарды  жасау 
барысында  ұлтаралық  өзендер  мен  теңіздері  бөлудегі 
қалыптасқан  тәртіп  бойынша  Каспий  теңізіндегі  арадағы 
шекараның  өтуі  жөнінде  мәселе  көтермеген.  Бір  қызығы, 
Иран  тарапынан  мұндай  сұрақ  туындамаған.  Керісінше, 
екі  тарап  бірнеше  рет Каспий  ішінде  шекараның жоқтығын 
мәлімдеген.  Ол  жөнінде  1976  жылы  Иран  СІМ-нің  КСРО 
Елшілігіне  жіберген  нотасынан  байқаймыз.  Онда:  «Иран 
мен  КСРО  арасында  Каспий  теңізінде  шекара  сызығы
142

туралы  еш  бір  келісім-шарт  немесе  орныққан  тэртіп  жоқ»,
— деп  көрсетілген.  Бірақ,  соған  қарамастан,  екі  тараптың 
арасында  1934 жылдан  су және әуе бойынша  Астара-Гасан- 
Кули  сызығы  жөніндегі  екі  жақ  ұстанатын,  құқықтық 
рэсімделмеген  шартты  теңіз  шекарасы  болды.  Бірақ 
КСРО-ның  1982  жылғы  «Мемлекеттік  шекара  туралы» 
Заңы  бойынша,  егер  шекара  сызығы  өзендер  мен  басқа  да 
суаттарда  КСРО  халықаралық  шарттарымен  анықталмаса, 
шекара  сызығы  оның  құрлыққа  шыгатын  екі  нүктесімен 
түзу 
жүргізіледі 
деп 
көрсетілді. 
Бүдан 
КСРО-ның 
Иранның  келісімінсіз  Каспийді  өзен  мәртебесінде бөлгенін
байқаймыз  [150].
Айта  кететін  бір  жэйт,  Каспий  жағалауындагы 
1991  жылдан  кейін  пайда  болған  тәуелсіз  мемлекеттердің 
осы  мэселе  бойынша  көзқарастары  эр  түрлі,  бірак  кейбір 
жерлерде  олардың  түйісетін  жерлері  бар.
Әзірбайжан  Каспийді  шекаралық  көл  деп  танып, 
судың акваториясын, түбі мен қойнауын үлттықсекторларга 
бөлу  қажет  деген  позиция  үстануда.  Егер  Каспий  көл  деп 
қарастырылатын болса, онда оның жагалауында орналасқан 
шекаралас 
елдердің 
кұқыгы 
халықаралық-қүқықтық 
нормалармен  анықталады,  яғни  бірнеше  мемлекетпен 
қоршалган  шекаралы  өзендерге  таралатын  нормаларға  сай 
жүргізіледі.
Халықаралық  заңдарға  сай  бірнеше  мемлекеттің 
ортасында  орналасқан  көлдер  олардың  келісімі  бойынша 
немесе  мемлекеттік  шекаралар  негізінде  және  көлдің 
орталық  нүктесінен  өзара  бөлісулері  қажет.  Мұндай 
жағдайда  Каспийде  кеме  саудасында,  балық  аулау,  сондай- 
ақ  теңіздің  басқа  биоресурстарын  сақтауда  және  тиімді 
пайдалануда  киындықтар  туатыны  анық.  Бірақ  Баку  өзінің
10  мильдік аймағынан тыс  ірі  мұнай  қорын  иелену жолында 
эр  түрлі 
шараларга  баруда.  Әзірбайжан  КСРО-Иран 
келісімдерінде  тек  балық  аулау  мәселелері  қарастырылған, 
ол  бүгінгі  күн  талаптарына  сай  емес.  сондықтан  оның 
мэртебесін  басқаша  қарауымыз  қажет деген  уэж  айтуда.
Ресей  Каспий  теңізі  кондоминиум  негізінде  ортақ 
пайдаланыстағы  теңіз  болуы  керек,  яғни  Каспийдің  табиғи 
ресурстары  теңіздің  түбіндегі  минералды  ресурстарымен 
қоса,  барлығына  таралуы  қажет  дейді.  Әр  мемлекет 
жағалаудан  10-мильдік  болікке  ие  болып,  сол  жерлерден
143

КЛЗЛҚСТАН РЕСПУЕЛИКЛСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
теңіз  түбіндегі  минералды  ресурстарды  барлау  мақсатында 
қүқыққа  ие  болсын  деген  үсыныс  жасауда.  Ал  зонадан 
тыс  орналасқан  минералды  ресурстарды  пайдалануда 
бес  мемлекеттің  өкілдерінен  түратын  комитет  қүрылып, 
соның  қүрамында  болу  қажет  дегенді  үсынады.  Сонымен 
қатар,  Ресей  Каспий  теңізі  тек  жагалауда  орналасқан 
мемлекеттердің  жабық  теңізі  деген  үстанымдар  үсынып, 
оның  мәртебесі  толық  анықталганынша,  бүрынгы  кеңес- 
иран  келісімін  басшылыққа  алу  қажеттігін  айтуда.
Бүл  үсыныстың  басқа  мемлекеттерге  тиімсіз  екенін 
айта  кеткен  жөн.  Өйткені,  бір  мемлекеттің территориясы на 
теңіз  түбінің  көп 
бөлігінің  жақын 
болуы 
олардың 
тәуелсіздік  қүқыгын  бүзады  және  Каспийдің  түбіндегі 
ресурстарды  бақылау  мен  барлауга  шетел  инвестициясын 
тартудақи ы н ды қтартугы зады , сонымен қатар кондоминиум 
идеясының  элемдік  тәжірибесіне  ешбір  үқсас  жагдай 
болмагандықтан,  бүгінгі  таңда  оны  жүзеге  асыру  көптеген 
қиындықтар  тугызбақ.
Түрікменстан 
12-мильдік 
территориялық 
суға 
өз  иелігін  орнатты,  бүл  Ашхабаттың  Қазақстан  сияқты 
Каспийді 
түйық 
теңіз 
ретінде 
қарастыратындығын 
көрсетеді.
Сонымен  қатар,  Түрікменстан  Ресейлік  45  мильдік 
зона  орнату  жөніндегі  үстанымына  қосылуда.  Иран  жагы 
Ресей  позициясына  жақын  келетін  Каспий  ресурстарын 
көршілес  мемлекеттердің  ортақ  байлығы  ретінде  санауды 
үсынып  отыр.
Қазақстан  жағы  Каспийдің  ерекекшеліктерін  ескере 
отырып.оны пайдалануда  1982 жылы Б ¥ ¥  Конвенциясының 
теңіз қүқығы ережелерін Каспий теңізіне тарату позициясын 
үстануда. Теңіз түбі мен ондағы ресурстарды барлық Каспий 
жағалауындагы  мемлекеттер  арасында  халықаралық  тәсіл 
жэне  элемдік  тэжірибелер  бойынша  ортақ  сызық  негізінде 
делимитациялауды 
үсынуда. 
Минералды 
ресурстарды 
игеру  мен  барлауды  эр  мемлекет  өз  еркінше  өз  зонасында 
айқындауға 
тиіс. 
Каспий 
теңізіндегі 
Қазақстанның 
мемлекеттік  шекарасы  Каспиймен  шектесетін  барлық 
мемлекеттердің шекаралары  арасындағы  ең үзыны,  ол  1700 
шақырымнан  артық.
Каспий  теңізінің  қүқықтық  мәртебесіне  қатысты 
Қазақстан Республ икасы үстанымының негізгі аспектіл еріне
144

тоқталатын  болсақ.  жағалаудағы  мемлекеттердің  саяси 
жэне  экономикалық  мүдделерін  тиімді  түрде  қамтамасыз 
ету  мақсатында  Қазақстан  Каспийде  аумақтық  теңізді, 
балық  аулау  аймағын  және  ортақ  су  кеңістігін  белгілеуді 
ұсынған  болатын.
Бүл  аймақта  тиісті  режимдерді  белгілеуге  ерекше 
назар  аудару  орынды  сияқты  көрінеді.  Аумақтық  теңіздің 
сыртқы  шекарасы  мемлекеттік  шекара болып табылуы тиіс, 
оның  шегінде  жағалаудағы  мемлекеттер  барлық  егеменді 
құқықтарына  толықтай  ие  болады.  Бұл  шекаралардың 
мызғымастығын  және  аумақтық  тұтастықты  қамтамасыз 
ету түргысында қауіпсіздіктің қосымша кепілдіктерін алуға 
мүмкіндік  береді.
Балық  аулауды  жэне  биоресурстарды  пайдалануды 
тиісті  аймақтарда,  сондай-ақ  балық  аулау  мен  кәсіпшілікті 
лицензиялаудың  келісілген  квоталары  негізінде  ашық 
теңізде  жүзеге  асыру  қажет.
Балық аулау аймағын оның ендігі мен режимін келісе 
отырып,  мүмкіндігінше  жеке  санатта  бөліп  көрсету  керек.
2004 
жылы  қазақстандық  жақ  Каспий  теңізіндегі 
қару-жараққа  бақылау  жасаудың  бесжақты  тетігін  қүру, 
қару-жарақтың түрақты тепе-теңдігін  орнату және олардың 
шектерін белгілеу туралы бастама көтерді. Мүндай шаралар 
жанжалдардың  алдын  алудың  жэне  мемлекеттеріміздің 
бейбіт  ынтымақтастығын  дамытудың  анағүрлым  сенімді 
қүралдардың  бірі  болуда.
Қазақстан  барлық  көлік  қүралдарымен  транзит 
еркіндігіне  арналған  Каспий  жағалауы  мемлекеттерінің 
қүрлық 
ішіндегі 
күқығын 
жэне 
бірқатар 
әмбебап 
халықаралық  шарттарда  бекітілгеніндей,  басқа  да  теңіздер 
мен  Әлемдік  мүхитқа  жол  ашуды  Конвенцияда  қадап  айту 
қажет деп  санайды.
Экологиялық  қауіпсіздікке  сэйкестігін  байқап  көру 
үшін  теңіз  түбі  бойынша  қүбыр  желілерін  төсеуге  Каспий 
жағалауындагы барлық мемлекеттердің сараптама жүргізуі, 
мүдделі  тараптардың  экономикалық  жобаларын  дамытуға 
кедергі  келтіретін  күрделі эрі үзақ процес  болып табылады. 
Учаскелері  арқылы  қүбыр  желілері  өтетін  елдермен 
қүбыр  желілерін  төсеудің  талаптары  мен  бағытын  келісу 
анағүрлым  оңтайлы  нүсқа  деген  көзқараста.
Қазақстан 
Республикасы 
Каспийдің 
басқа 
да
145

ҚАЗЛКСТЛН РЕСПУЕЛИКЛСЫНЫЦ МЕМ.1 ЕКЕТТ1К ШЕКЛРЛСЫ
мемлекеттерімен  Каспийдің  Қазақстан  бөлігі  ресурстарын 
игеруге  атсалысуға  қадам  басуда,  бұл  жұмысқа  қатысу  түрі 
де  әр  алуан.
Қазақстанның  пікірі  бойынша,  Каспий  теңізінің 
байлыгын 
анықтауда 
Каспий 
мемлекеттерінің 
мүнай 
комиссиялары  қазіргі  күнгі  консорциумдарға  тиіспеуі 
керек.  Екі  немесе  бірнеше  зона  арасындағы  кеніштерді 
игеру  барысында  мемлекеттер  арасында  тиісті  өнімді 
бөлісу  жөнінде  келісімдер  қажет.  Каспийдің  мүмкіндіктері 
жөнінде,  соның  ішінде  кеме  жүзу,  балық  аулау,  қоршаған 
ортаны 
қорғау 
мәселелесінде 
қарым-қатынас 
жасау 
жолында  Қазақстан  кез  келген  келісімге,  оның  ішінде 
кондоминиумға  да  дайын  екендігін  жариялады.
Сонымен  қатар,  эр  мемлекеттің  келісілген  көлденең 
территориялық  сулары  болуы  қажет,  ягни  олардың  балық 
аулау  зонасы  сол  үлттың  қүқыгында  болуы  қажет.  Теңіздің 
қалған  бөлігі  мемлекеттер  арасындағы  кеме  қатынастары 
жүру  үшін  ашық  болуы  қажет.
Еліміз  тәуелсіздігін  алғаннан  бері  мемлекеттік 
шекараның  маңызы  арта  түсті.  Елдің  мызғымастығы 
мемлекеттік  шекараның  беріктігімен  тығыз  байланысты. 
Ата-бабаларымыз  қаншама  ғасыр  бойы  ақ  найзаның 
үшымен,  ақ  білектің  күшімен  сыртқы  күштерден  қорғаған 
жерімізді  бекемдеу  үшін  Қазақстан  Республикасының 
Президенті,  Қарулы  Күштердің  Жоғарғы  Бас  қолбасшысы 
Нүрсүлтан  Назарбаевтың  Жарлығымен  1992  жылғы  18 
тамызда  Үлттық  қауіпсіздік  комитетінің  Ш екара  қызметі 
дүниеге  келді  [151].
Еліміздің тек қана  қүрлықтағы  шекарасының жалпы 
үзындығы  14  мың  шақырым  қүрайды.  Ал  оны  күзету 
айтуға  ғана  оңай.  Мемлекетіміздің  шекара  саясаты  ішкі 
жэне  сыртқы  саясаттың  қүрамдас  бөлігі  ретінде  шекара 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  біртүтас  жүйесін  қүруға, 
мемлекеттің  аумақтық  түтастығы на  қол  сүғудың  алдын 
алуға және оған тосқауыл  қоюға бағытталған.  Оның үстіне, 
көршілес  елдермен  мемлекетаралық қатынастар қарқын ала 
бастаған  сайын  еліміздің  шекарасында  экономикалық және 
саяси  мүдделерді  қорғау  қажеттігі  туындап  отыр.  Осынау 
міндеттерді  орындау  мақсатында  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  2000  жылғы  3  шілдедегі  Ж арлыгымен 
Мемлекеттік 
шекараны 
қалыптастырудың 
жэне
146

жайластырудың  2004-2006 жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы 
қабылданды. 
Еліміздің 
мемлекеттік 
шекарасын  күзетуді  үйымдастыруда  Шекара  қызметі  осы 
қүжаттарды  басшылыққа  алуда.  Аталган  бағдарламаны 
жүзеге  асыру  шеңберінде  “Ш ығыс”,  “Оңтүстік”,  “Батыс”, 
“Солтүстік” өңірлік басқармалары  қүрылды.  Осы аймақтық 
басқармалардың қүрамында бірнеше шекара отрядтары бар. 
Сонымен қатар, теңіз  шекара дивизиясы  қүрылған болатын. 
Осы  жылдар  аралыгында  теңіз  шекарашылары  Каспий 
теңізінің қазақстандық бөлігінен еліміздің аумағына заңсыз 
кірген  ондаған  кеменің  жолын  кесті.  Биылғы  маусымның 
өзінде  ғана  браконьерлерден  800  килоға  жуық  бекіре 
түкымдас  балық  уақытында  тәркіленіп,  тиісті  орындарға 
өткізілді.  Каспий теңізіндегі жағдайды бақылайтын  күштер 
мен  қүралдарды кешенді  пайдалануды қамтамасыз ету үшін 
автоматтандырылған  радиолокациялық  жүйені  толықтай 
іске  қостық.  Бүл  теңіз  бетін  жүздеген  шақырымга  дейін 
бақылауға  мумкіндік  береді.
Каспий  теңізінің  қүқықтық  мэртебесінің  анықталуы 
жолында 
Қазақстан 
бүкіл 
Каспий 
жағалауындагы 
мемлекеттердің  заңды  мүдделерін  толығымен  сақтауға 
тырысып, 
олардың 
барлығының 
қүқықтарының 
сақталуына  күш  салуда.  Бүл  көршілес  мемлекеттердің 
теңіз  байланыстарын  игеруде,  сондай-ақ  Каспийдегі  нақты 
келісімдерге  байланысты  таласты 
мэселелерді 
шешу 
жолында  үзақ  уақытқа  бағытталған  сенімді  негіз  бола 
алады.
Б ¥ ¥   Бас  Ассамблеясының  1993  жылғы  26  шы 
желтоқсандағы  №48/170  жэне  1995  жылгы  27  ақпандагы 
№49/102  Қарарларына  сәйкес,  сондай-ақ  1982  жылғы 
Б ¥ ¥   Теңіз  қүқығы  туралы  Конвенциясының  ережелері 
мен  принциптері  негізінде,  ішкі  континенталды  Каспий 
мемлекеттері  элемдік  мүхитқа  жэне  басқа  теңіздерге  шығу 
үшін,  Ресеймен  арнайы  келісімдер  негізінде,  Ресейдің  су 
артерияларын  пайдалануга  қүқылы  [152].
Каспий 
теңізінің 
қүқықтық 
мәртебесі 
туралы 
Конвенцияның 
қазақстандық 
жобасында 
минералды 
байлықтарды  игеру  тәжірибесі  мен  халықаралық өлшемдер 
пайдаланылып  қана  қоймай,  КСРО  мен  Иран  арасындағы 
Каспий 
түбінің 
байлықтарын 
пайдалану 
тәжірибесі 
жүмыстары  келтірілген.

КАЗАҚСТАН РЕСПУЕЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
Қазақстан Республикасы Каспий теңізінің қүқықтық 
мэртебесін  тез  арада  шешу  мен  Каспий  мемлекеттері 
арасындағы 
келісімдерге 
жету 
негізінде 
конвенция 
қабылдау  үшін  ат  салысуда.  Каспий  мемлекеттері  алдында 
күн  тэртібінде  кезек  күттірмес  мэселе,  Каспий  теңізінің 
түбін  делимитациялау  барысында  ортақ  шешімге  келу 
және  маңызды  мәселелерге  байланысты  көзқарастарын 
барынша 
жақындату 
болып 
отыр. 
Каспий 
теңізінің 
тағдыры  —  оның  жағалауында  орналасқан  мемлекеттер 
шешетін  мэселе,  сондықтан  бүл  жерде  мемлекеттер  келісім 
негізінде  бір-бірінің  жэне  ортақ  мүддені  ескере  отырып, 
мәселені  шешулері  кажет.  Ол  тек  келісім  негізінде  барлык 
5  мемлекеттің  арасында  шешілуі  мүмкін.  Соңғы  уақытта 
мемлекеттердің  басшылығы  Каспий  теңізін  ортақ  сызық 
принципі  негізінде  бөлу  қажет деген  пікір  айтуда.
Каспий  мэселесін  толық  шешу  ісінде  үлкен  тиімді 
қадам  болғаны  Қазақстан  мен  Ресей  басшыларының  1998 
жылғы қаңтардагы Каспий түбін әділ шешу қажеттігі туралы 
мәлімдемелері  болып  табылады.  Осыдан  көп  кешікпей, 
1998  жылы  ақпанда,  Астрахань  қаласында  сыртқы  істер 
министрлерінің  1-ші  орынбасарлары  деңгейінде  Каспий 
теңізінің  құқықтық  мэртебесі  бойынша  қазақ-орыс  пікір 
алмасулары  болды  [153].
Екі жақ қазақ-орыс учаскелерінің түбін қарсы жатқан 
жағалаулардан нақты бөлу, яғни, қарама-қарсы нүктелерден 
дэл ортасынан бөлу әдісімен делимитациялауға келісті. Бүл 
өткен  кездесудің  нэтижелі  аяқталғандығын  көрсетеді.
1998  жылғы  9  сәуірде  Қазақстан  Республикасының 
Президенті 
Н.Назарбаев 
пен 
Ресей 
Федерациясының 
Президенті  Б.Ельциннің  Мэскеудегі  кездесуінде  Б.Ельцин 
Ресейдің  Каспий  түбін  үлттық  секторларға  бөлуге  дайын 
екендігін  айтты.  Президенттер  Каспий  теңізінің түбін  болу 
туралы  екі  жақты  келісімге  қол  қойып,  Каспий  теңізінің 
қүқықтық  мэртебесі  туралы  конвенцияны  дайындау  үшін 
жүмысты  жылдамдатуға  келісті  [154].
1998 
жылғы  6  шілдеде  Мэскеуде  Қазақстан  жэне 
Ресей  Президенттері  Каспий  теңізінің  солтүстік  бөлігін 
игеру 
жүмыстарын 
жүргізу 
мақсатында 
егемендік 
қүқықтарын  іске  асыру  үшін  шекараны  анықтау  келісіміне 
қол  қойылды  [155].  Бүл  -   өте  маңызды  оқиға,  өйткені 
біріншіден, 
Каспий 
теңізінің 
қүқықтық 
мәртебесін
148

анықтауға  апаратын  екі  жақты  мәселелерді  анықтаитын 
келісімдерге  қол  жеткізіп,  мәселе  орнынан  қозғалды, 
екіншіден,  бұл  Ресей  позициясының  өзгергендігінің  нақты 
көрінісі  болып  табылады.  Үшіншіден,  Ресеймен  болған 
өзара  түсіністік,  екі  жақты  келісімге  қол  жеткізу  келісу 
процесінің  басқа  да  қатысушыларымен  келісімге  қол 
жеткізудің  негізі  бастамасы  болады  деген  сенім  білдірілді
[156].
Қазақстан  Каспий  мэселесін 
шешу  барысында 
ымыраға  келуге  және  консенсус  іздеуге  мүдделі  және 
дайын  екенін жариялауда.  Бірақ,  бүл  мәселеде жақын  арада 
мемлекеттер арасында ортақ бір шешімге келу, жагалаудағы 
бес  мемлекеттің  талаптарын  толығымен  қанағаттандыруда 
біраз  қиындықтардың  болатыны  анық.  Соған  қарамастан, 
мемлекеттердің  ортақ  бір  шешімге  келуге  мүмкіндіктері 
бар.  Оны  уақытында, 
көп 
кешіктірмей 
пайдаланған 
жөн.  Жалпы,  жоғарыда  атап  өткендей,  Каспий  теңізінің 
мәртебесін 
анықтауға, 
ондағы 
мемлекеттердің  ортақ 
шекарасын  белгілеуге,  елдер  арасындағы  қатынасты  толық
жандандыруға  «мұнаи  қасіреті»  кедергі  келтіруде.
Мұнай  экономика  саласына  қажетті  шикізат  қана
оолып  қоимаи,  жалпы  адамзат  өркениетінің  дамуына 
қауіп 
төндіруде. 
Егер 
әлемдік 
тэжірибеге 
сүйеніп,
мүнаилы  аимақтарға  көз  жүгіртетін  оолсақ,  көп  жағдаида 
ондай  өңірлерде  қақтығыстардың  толастамайтынын,  ол 
мемлекеттердің көш соңында келе жатқандығын байқаймыз. 
Бүған  Парсы  шығанағы  мысал  бола  алады.  Ол  жердегі 
мемлекеттер  арасында  ымырашылық  болган  да  емес  және 
қазіргі  кезде  оның  белгілері  де  байқалмайды.  Сондықтан, 
Каспий  теңізінің  жағалауындағы  бес  мемлекет  арасында 
ымыраға  орнап,  мемлекеттер  осы  күрмеуі  қиын  мәселені 
шешуі  үшін  түрақты  бір  келісім  алаңын  қалыптастыру 
аса  қажет.  Ал  ортақ  бір  келісімге  келмейінше,  осы  өзекті 
мәселелер  бойынша  нақты  бір  шашім  қабылдамайынша, 
барлық  елдер  үшін  қиындықтардың  болары  белгілі.  Тағы 
бір  ескермей  кетуге  болмайтын  маңызды  мәселе,  Каспий 
теңізінің  қүқықтық  мәртебесі  мен  ондағы  мемлекеттер 
арасындағы  ортақ  шекараны  аныктауда  мүнай  саясатының 
ықпалын  мүмкіндігінше  азайту  қажет.  Өткені,  ол  осы 
мэселе 
бойынша 
ортақ 
келісімге 
келу 
барысында 
айтарлықтай 
кедергілер 
келтіруі 
мүмкін. 
Аймақтағы
149

КАЗАҚСТАН ГЕСПУЕЛИКАСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
тұрақтылық  пен  қауіпеіздікті  қамтамасыз  етуге  қатысты 
мемлекеттердің іс-қимылдары  кең ауқымдагы  халықаралық 
іс-қимылдарга  үйлесімді  кірігуі  тиіс.  Осыған  байланысты, 
Қазақстан  тарапы  бірлескен  күш-жігер  арқылы  Каспий 
теңізіндегі  Түрақтылық  пактісі  нысанында  саяси  құжатты 
әзірлеуді  жэне  қабылдауды  ұсынуда.  Ол  құжатта  басқа  да 
мәселелермен  қатар ланкестікке  қарсы,  қарудың,  есірткінің 
заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға қарсы  күрес сияқты 
ынтымақтастық  бағыттары  қарастырылган.
Сонымен қатар, осы күрделі мәселелерді шешудетагы 
бір  алаңдататын  мәселе,  бұл  элі  де  болса  мемлекеттердің 
нақты  шешім  қабылдаудағы  жалтақтығы  мен  жағалаудағы
мемлекеттер 
арасындағы 
аимақтық 
оірліктің 
тиісті 
дэрежесінде болмауы.  Сондай-ақ осы  елдердегі  саяси  билік 
ауысқан жагдайда олардың сыртқы саяси багытында күрдел і 
өзгерістердің  болмайтынына  ешкім  кепілдік  бере  алмайды. 
Ж эне  барлық  аймақ  елдеріндегі  тұрақтылық  бағытының 
қаншалықты  сақталатынына  ешкім  болжау  жасай  алмайды, 
яғни  бұл  жерде  де  еш  бір  кепілдік  жоқ.  Сонымен  қатар, 
соңғы  кездері  Әзербайжан  мен  Иран  арасындагы  теке- 
тірестер,  Түрікменстанның  оқшаулану  багыты  жэне  Ресей 
тарапынан  империялық  қарқынның  пайда  бола  бастауы 
бұл  мэселеде  еліміздің  қырағылық  танытуының  аса  қажет 
екендігін  байқатса  керек.
Қорыта 
келгенде, 
90 
жылдардың 
басындағы 
алып 
қызыл 
империяның 
күйреуі 
республикалардың 
тэуелсіздікке  қол  жеткізуіне  алып  келді.  Бұл  егеменді  ел 
ретінде  мемлекет  аумағын  белгілеуді  қажет етті.  Қазақстан 
үшін  басқа  көрші  мемлекеттермен  шекарасын  анықтап, 
оны  халықаралық  құқық  талаптарына  сай  бекіту  маңызды 
шаралардың  бірі  еді.  Он  жылдан  астам  уақыт  бойы  осы 
бағытта  атқарылған  қажырлы  еңбектің  арқасында  бүгінгі 
XXI  гасырдың  бастапқы  кезеңінде  шекарамыз  толық 
айқындалуға  таяу  қалды,  занды  түрде  реттелуде,  ал  мұның 
өзі  бізді  қауіп-қатерден  сақтап,  еліміздің  гүлденіп-көркейе 
беруіне  игі  ықпал  жасайды  деген  сенімдеміз.
150



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет