С. Б. Балшыкеев


Мҧсылмандар ӛмір сҥретін орнына және жағдайына қарамастан, бір  халықты қҧрайды. 2



Pdf көрінісі
бет111/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117
1.
Мҧсылмандар ӛмір сҥретін орнына және жағдайына қарамастан, бір 
халықты қҧрайды.
2.
Ішкі 
және 
сыртқы 
дҧшпандардың 
алдында 
мҧсылман 
мемлекеттерінің саяси-діни одағын қҧру қажет.
3.
Бҧл мемлекет одақтарында барлық қоғамдық ӛмір ислам 
принциптеріне негізделуі қажет.
4.
Мҧсылман ынтымақтастығының принципі – исламның бҥкіл 
дҥниежҥзіндегі жеңісінің басты шарты болып табылады.
Панисламизм идеологиясы кӛп жағдайда этникалық сипатта болды 
және 
пантюркизм 
мен 
панарабизм 
сияқты 
ҧлттық 
сипаттағы 
идеологиялармен 
ҧштасты. 
Ӛзінің 
тартымдылығына 
қарамастан,
панисламизм мҧсылман мемлекеттері мен халықтары арасында бірлікті 
орната алмады.
Алайда, ХХ ғасырда қазіргі заманға дейін ӛмір сҥріп келе жатқан 
«дҥниежҥзілік», «халықаралық» және т.б. эпитеттері бар кӛптеген 
мҧсылман ҧйымдары пайда болды. Олардың ішінде ең бастылары болып 
келесілері табылады: 
Дүниежүзілік ислам конгресі 
(ДИК). Бҧл ҧйым ҥкіметтік емес 
ҧйымның мәртебесіне ие. ДИК-тің штаб-пәтері Карачиде орналасқан. Оның 
филиалдары мен бӛлімшелері дҥниежҥзі бойынша барлық мҧсылман 
мемлекеттерінде бар. Конгресс тӛрт жылда бір рет жиналады, басшылық 
конгрес отырысы арасында Жоғарғы кеңесті жҥзеге асырады. Бҧл ҧйым 
ислам тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландырады
симпозиумдар, кӛрмелер ҧйымдастырады, «Мҧсылман әлемі» апталығын 
және басқа да әдебиеттерді басып шығарады.
Ислам Конференциясы Ұйымы
(ИКҦ). 50-ге жуық мҧсылман 
мемлекеттерін біріктіреді. Жоғарғы орган – мемлекет және ҥкімет 
басындағылардың конференциясы. Ең алғаш конференция арасындағы 
атқару органы - бас секретариат болып табылады, оның штаб-пәтері 
Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) орналасқан. ИКҦ – ғылым, мәдениет, 
шариғат, бҧқаралық ақпарат қҧралдары, сауда және т.б. бойынша бірқатар 
мамандандырылған комитеттері бар ҥкіметтік ҧйым. Ислам Конференциясы 
Ҧйымы мҧсылман ішіндегі дауларды шешуге тырысады, мҧсылмандық 
емес мемлекеттерде ӛмір сҥретін мҧсылмандарға әр тҥрлі кӛмек кӛрсетеді, 
мҧсылман ынтымақтастығына ықпал жасайды, жалпы мҧсылмандық 
мәндегі кӛптеген жобалар мен зерттеулерді қаржыландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет