С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата16.02.2017
өлшемі2,71 Mb.
#4212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Түйін 
Қазақстанның көшпелі халқының әдеттегі салты тек тіркеліп қана қоймай сонымен бірге жаңа жағдай-ларға 
бейімделген, яғни билік өкілдерінің араласуымен өзгерістерге ұшыраған. Бұл өзгерістер мен толық-тырулар аса 
маңызды  болғаны  соншалықты,  роман-германдық  құқықтық  отбасының  кіріс  актілеріне  және  жаңа  құқықтық 
нормалардың пайда болғанын көрсетеді. 
 
Summary 
Usual norms of nomad people of Kazakhstan were not only fixed but they were adapted to new conditions, i.e. they 
have been already undergone to some changes taking into account the interferes  of power representatives. Thus, these 
changes and additions were essential, which allow to speak about the appearance of new right norms and acts entering 
the roman and Herman right family. 
 
ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ШЕКАРААРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУІ 
 
У.М. Джолдыбаева – т.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академик 
Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті 
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  адамның  табиғатпен  қарым-қатынас  жасау  барысында  табиғи  қорды 
ұтымды  пайдалану  мен  молықтыруды,  табиғи  ортаны  мүмкіндігінше  сауықтырып,  оның  сапасын 
жақсартуды көздейді. Алайда адамзат қызметінің шектен тыс әсер ету жағдайында жер биосфера-сы 

мен оның жекелеген құрамдас бөлшектері, яғни әр деңгейдегі экожүйелердің дұрыс қызмет ету және 
қайта  жаңғыру  мүмкіндіктері  шектеледі.  Барлық  табиғи  апаттардың  орын  алуы  көбінде  бізге 
беймәлім  күрделі  табиғи  процестердің  нәтижелері  ғана  емес,  олар  адамдардың  қоршаған  ортаға 
техногендік  ықпал  жасауымен  ұштасып  отырады.  Экологиялық  қауіп  төндіріп  отырған  негізгі 
проблемалар  ауа,  су  және  топырақтың  химиялық  және  радиоактивті  ластануы,  биология-лық  және 
табиғи  әралуандылықтың  жойылуы,  жерлердің  шөлейттенуі  мен  тозуы,  табиғи  қордың  сарқылуы, 
жерасты суларының көтерілуі, жаһандық жылыну мен озон қабатының жұқаруы, кли-маттың өзгеруі 
болып  табылады.  Бұл  мәселелер  дүние  жүзі  ғалымдарының  талқысына  салынып,  оларды  толық 
шешудің  жолдары  мен  әдіс-амалдары  іздестірілуде.  Сонымен  қатар  шекараралық  және  жаһандық 
сипатқа  ие  бұл  проблемаларды  жеке  мемлекеттер  дербес  түрде  шеше  алмайтын-дықтан,  бүкіл 
халықаралық қоғамдастық бірлесе отырып күш жұмсауда.  
Орталық  Азиядағы  шекарааралық  экологиялық  проблемалардың  маңыздылары  – 
атмосфера-лық  ауаның  және  су  көздерінің  ластануы.  Атмосфералық  ауа  ластануының 
антропогендік  көзде-ріне  өнеркәсіптік  кәсіпорындар,  көлік,  жылу  энергетикасы,  тұрғын 
үйлерді  жылыту  жүйелері,  ауыл  шаруашылығы  т.б.  жатады.  Өндірістік  кәсіпорындардың 
қызметі  нәтижесінде  қоршаған  ортаға  зиянды  әсер  тигізетіндерге:  шикізаттар,  әр  түрлі 
материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға 
тарайтын  шығарындылар  (газ,  бу,  ауа  тозаңы),  энергетикалық  шығарындылар,  шу, 
инфрадыбыс,  ультрадыбыс,  электромагнитті  өріс,  жарық,  ультракүлгін,  лазерлі  сәулелер, 
иондалған шығарындылар және т. б. жатады. Ауаны лас-тайтын заттардың химиялық құрамы 
отын-энергетика  ресурстарының  түріне,  өндірісте  қолданы-латын  шикізаттарға,  оларды 
өңдейтін  технологияларға  байланысты  болып  табылады.  Соған  бай-ланысты  өндірістік 
орталықтар  мен  қала  аймақтарындағы  ауа  ластануының  шекарааралық  сипа-ты  Орталық 
Азия  өңірінің  басымдыққа  ие  экологиялық  проблемасына  айналды.  Ластағыш  зат-тардың 
негізгі  көздері  металлургия,  химия,  құрылыс  және  гидроэнергетика  кәсіпорындары  болып 
отыр. 1999 жылы ластағыш заттардың өндіріс және көлік көздерінен шығатын мөлшері  7,5 
млн.  тонна  құраған.  Оның  ең  жоғары  мөлшері  Қазақстанда  43,7%  –  болса,  Өзбекстанда  – 
28,7%,  Түркменстанда  –  22,9%,  Қырғызстанда  –  3%,  Тәжікстанда  –  1,6%  болғаны 
анықталған. [1] 
«ТМД елдері аумақтарында 1994 жылы күкірт пен азот қоспаларының шекарааралық тараты-луы» 
есебінде  [2]  келтірілген  мәліметтерді  талдау  көрсеткендей,  Қазақстанның  аумағына  келіп  түсетін 
ластағыш заттардың (өз еліміздегі көздерден кейінгі) ең көп мөлшері Ресей, Украина, Өзбекстан және 
Еуропа  мемлекеттерінен  таратылады  екен.  Қазақстанға  тараған  шекарааралық  ластағыш  заттардың 
құрамы  төмендегідей  болды:  күкірт  –  54%  (446087  тонна),  қышқылды  азот  –  81%  (197810  тонна), 
(қалпына келтірілген) азот  – 49% (10857 тонна). Қазақстанда таралатын күкірт қоспалары бойынша 
еліміздің өз ластағыштарынан кейінгі ең қомақты үлес Ресейге (28%), Өзбекстанға (10%), Украинаға 
(8%),  Қырғызстанға  (1%)  келеді.  Бұл  орайда  Орталық  Азия  елдері-нің  көпшілігі  үшін  ірі  де  тиімсіз 
өндірістер  күрделі  проблема  болыр  отырғандығын  айта  кеткен  жөн.  Ластағыш  заттар  ең  көп 
мөлшерде  шығатын  өнеркәсіп  көздері  адамдардың  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  аса  зор  қауіп 
төндіруде. Өңірдегі зауыттар мен ауылшаруашылық жүйелер өнді-ріс ресурстарының көлемі жоғары, 
ал  тиімділік  деңгейі  төмен  технологиялар  мен  техникаға  негіз-делген,  ал  бұл  ластану  деңгейінің 
жоғарылауын туындатып отыр. Өнімділікті арттырып, ірі көлемді өнеркәсіпті дамытуға бағытталған 
саясат,  сонымен  қатар  секторлық  әралуандылықты  шектеу  кіші  және  орта  өнеркәсіптің  дамуын 
тоқыратып  отыр,  сондықтан  өңір  елдерінің  алдында  өтпелі  кезеңнің  бірегей  проблемалары 
туындауда.  Атап  айтқанда,  өңір  елдерінде  аймақтағы  тау-кен  өндіруші  және  металл  өңдеуші 
кәсіпорындардан шыққан ақаба сулардағы ауыр металдар, сонымен қатар азот пен цианидтер сияқты 
органикалық ластағыш заттардың улы деңгейдегі көлемі өсуде.  
Аймақта  қалдықтарды  басқару  саласында  бірқатар  проблемалар  орын  алуда.  Атап 
айтқанда,  елдерде  қалдықтарды  қайта  өңдеу  кәсіпорындары  жоқ;  қалдықтарды  жою 
орындары  көбінесе  санитарлық  талаптарға  сай  келмейді;  өнеркәсіптік  улы  қалдықтарды 
жоюға  арнайы  орындар  бөлінбеген;  қалдықтарды  жоюды  нақты  тіркеу  жүргізілмейді; 
қалдығы  аз  технологиялар  сирек  қолданылады;  радиоактивті  және  металлургиялық 
қалдықтарды  көму  орындарына  байланысты  қауіпті  жоюға  бағытталған  іс-шаралар  жоққа 
тән. 

Бұрынғы  КСРО-ның  он  бес  республикасының  әрқайсысында  қандай  да  бір  ядролық 
қызмет  немесе  ядролық  қарудың  құрамдас  бөліктері  болды.  Сондықтан  Орталық  Азия 
мемлекеттерінде  қазірге  дейін  ядролық  өнеркәсіпке,  соның  ішінде  ядролық  қалдықтарға 
байланысты  проблемалар-дың  түйіні  толық  шешілмеуде.  «Адам  өз  өмірін  қалай  бұрғысы 
келсе,  солай  құруға  мүмкіндік  беретін  күштің  көзі  болып  табылатын  атом  энергиясын  өз 
қолына алатын уақыт жақындады… Адам осы күшті пайдаланып, оны өзін-өзі жоюға емес, 
жақсылыққа  ғана  бағыттай  ала  ма?  Ол  ерте  ме,  кеш  пе,  ғылым  өзіне  беретін  осы  күшті 
пайдалануды  үйренді  ме?  Ғалымдар  өздерінің  ғылыми  жұмыстарының,  ғылыми  прогрестің 
ықтимал  нәтиже-салдарларына  көз  жұмбауы  тиіс.  Олар  өздерін  барлық  жаңалықтары  үшін 
жауапты  сезінуі  керек.  Олар  өз  жұмыстарын  бүкіл  адам-затты  барынша  дұрыс 
ұйымдастырумен байланыстыруы тиіс». [3] 
Атмосфераның  ластануымен  салыстырғанда,  су  жүйелерінің  ластануы  үлкен  қауіп 
төндіреді,  себебі  ауадан  гөрі  сулы  ортада  өздігінен  тазалану,  яғни  регенерация  процесі  өте 
баяу  жүреді,  су  қоймаларын  ластайтын  көздердің  қатары  да  көбейе  түседі.  Оның  мысалы 
ретінде  аймақтағы  су  қорының  ең  ірі  көздерін  –  Арал  мен  Каспий  теңіздерінің  жағдайын 
келтіруге болады.  
Арал теңізінің экологиялық апаты – экожүйелердің барынша тозып отырғандығының айғағы. Шөл 
дала  ортасында  орналасқан  бұл  теңіз  төңіректегі  аймақтардың  табиғи-климаттық  және 
экологиялық  жағдайына  оң  әсерін  тигізіп,  оңтүстік  тараптан  келетін  құрғақ  желден  қорғап, 
ылғалдықты  реттеуші  қызметін  атқарып  келген.  Бұрынғы  деңгейі  +583  метр,  су  айдынының 
көлемі 66 мың км
2
, ал судың табиғи мөлшері 1064 мың м
3
 құраған [142, c. 30] теңіз-дің биологиялық 
өнімділігі  деңгейі  аса  жоғары  болған.  Шаруашылықты  ұтымсыз  жүргізу  сал-дарынан  Арал  теңізі 
алабында  аймақтық  деңгейде  басымдыққа  ие  болып  табылатын  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
экологиялық  проблемалар  туындады.  Суды  көп  талап  ететін  дақылдар  мен  өсімдіктерді  қорғау 
құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды пайдалана отырып суармалы егіншілікті кеңінен дамыту 
бұл  өңірдің  бүкіл  экологиялық  ортасында  терең  әрі  қайтымсыз  про-цестердің  прогрессивті  түрде 
дамуына әкеліп соқты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында-ақ теңіздегі тіршілік толығымен 
жойылып,  су  сапасының  күрт  төмендеуі,  кең  көлемді  шөлейтте-ну,  топырақтың  тұздануы  мен 
сортаңдануы,  әралуандылықтың  қысқартылуы  және  климатқа  кері  әсердің  күшеюі  сияқты  бірқатар 
негативті факторлар пайда болған. 
Арал  өңірі  жағдайының  нашарлауы  өткен  ғасырдың  60-шы  жылдарынан  бастау  алған.  Кеңес 
Одағының тұсында Орта Азия республикаларындағы кәсіпорындардың өндірістік ақаба сулары мен 
мақта  және  күріш  өсіруге  арналған  минералды  тыңайтқыштардың  қалдықтары  осы  теңізге  құятын 
Сырдария мен Әмудария өзендеріне төгіліп отырғаны белгілі. Ол төгінділердің құрамын-дағы ауыр 
металл қалдықтары және әр түрлі пестицидтер теңіздің суы тартылып, құрғаған жер-лерде тозаңмен 
араласып,  адамдардың  тыныс  мүшелеріне  зиян  келтірді.  Сонымен  қатар  Сырдария  мен  Әмудария 
суларын  қосымша  каналдар  арқылы  ауылшаруашылық  қажеттіліктерге  жөнсіз  әрі  тоқтаусыз 
пайдалану  салдарынан  теңіз  деңгейі  төмендей  түсті.  “Возрождение”  атты  аралдың  қорғаныс 
мақсатында  пайдалану  үшін  құрғатылуы  да  кері  әсерін  тигізді.  Қазіргі  кезде  Арал  теңізі  мүлде 
құрғауға  айналып,  екіге  бөлінді:  Үлкен  Арал  теңізі  Өзбекстан  Республикасы  аумағына,  ал  кейбір 
дүниежүзілік  құжаттарда  Солтүстік  Арал  деп  аталатын  Кіші  Арал  теңізі  Қазақстанның  аумағына 
қарасты аймақтарда тұр.  
Теңіздегі  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі  жойыла  бастады.  Балық  және  су  шаруашылығы 
тоқырап,  соңғы  жылдары  оны  қайта  жандандыру  қолға  алынғанымен,  Арал  өңірінде  тұратын 
жүздеген мың адамдардың әлеуметтік жағда-йы нашарлап, олардың көші-қоны жиіледі. Теңіз түбінен 
көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. тоннаға жетті. Қазіргі кезде эколо-гиялық ауыр 
жағдай  салдарынан  Арал  теңізі  жағалаудан  100  км  астам  шегініп  кеткендіктен,  көле-мі  2  млн.  га 
артық  Аққұм  атты  кеңістік  пайда  болды.  Жыл  сайын  75  млн.  тоннаға  жуық  тұз  өзге  аумақтарға 
таратылуда,  тұзды  шаңдардың  әсері  Орталық  Азия  республикалары  аумақтарына  дейін  жетіп, 
олардың  халық шаруашылығы-на  да  көп  зиян  тигізуде.  Топырақтың  тұздануы  Өзбекстанда 60%-ға, 
Қазақстанда 60-70%-ға артып, ауыл шаруашылығына зардап келтіріп отыр. [4] Арал теңізінің тұздары 
соңғы  жылдары  Түркияның  шай  плантациясына  елеулі  зиян  келтіруде.  Америка  ғалымдары  Арал 
тұздарының Солтүстік мұзды мұхитқа жеткені туралы мәліметтер беруде. Оның зардабы Сібірдің ну 
орманына, Үндістан мен Пәкстанның тағы басқа елдердің табиғатына зиянды әсерін тигізетіні туралы 

ғылыми  болжамдар  айтылуда.  Сонымен,  қазіргі  кезде  Арал  теңізінің  экологиялық  проблемасы 
бүкілдүниежүзілік деңгейге шықты.  
Соңғы  жылдардағы  су  тапшылығының,  өзен  суларының  ауыл  шаруашылығы  қажеттіліктеріне 
мөлшерден  тыс  жұмсалуы  себебінен  Арал  теңізіне  құйылатын  су  көлемі  бұрынғы  60  км
3
-ден  6-15 
км
3
-ге,  ал  су  мөлшері  төмен  болған  жылдары  2-3  км
3
-ге  дейін  кемуде. Мысалы,  Әмудария  өзені-нің 
суын  Орталық  Азия  республикаларымен  қатар  Ауғанстан  да  пайдаланады.  Сондықтан  аймақ-тағы 
мемлекеттер арасында жасалған бірқатар келісімдер негізінде бұл өзеннің суын пайдалану-дың нақты 
мөлшерлері белгіленген [5]: 
 

 
БАРЛЫҒЫ – 61,5 км
3
, яғни 100%; 

 
Өзбекстан – 29,6 км
3
, яғни 48,2%;  

 
Тәжікстан – 9,5 км
3
, яғни 15,4%;  

 
Қырғызстан – 0,4 км
3
, яғни 0,6%;  

 
Түркменстан – 22,0 км
3
, яғни 35,8%. 
Бұл  орайда  Түркменстан  және  Өзбекстан  Республикасының  1996  жылы  «Су  шаруашылығы 
мәселелері бойынша ынтымақтастық құру туралы» екіжақты келісімге қол қоюы  – мемлекеттер-дің 
Әмудария өзені суын пайдалануға тең қатысу құқығын иеленуінің дәлелі болып табылады. [5] 
Өкінішке  қарай,  бүгінде  Орталық  Азия  аймағындағы  су  энергетикасы  мәселелері  мемле-
кеттердің  сыртқы  саясатында  бір-біріне  қысым  жасайтын  құралға  айналуда.  Қызылорда  және 
Оңтүстік Қазақстан облыстарының басты су арнасы болып табылатын Сырдария өзенінің негізгі ағыс 
көлемі  Қырғыз  Республикасы,  Өзбекстан  және  Тәжікстан  Республикалары  аумағында  орна-ласқан 
алабының  жоғарғы  жағында  қалыптасады.  Өзен  суы  үш  ірі  су  қоймаларында  реттеліп  отырады. 
Сырдария маңын мекендейтін халықтың негізгі қызмет саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. 
Оңтүстік аймақтар ұзақ жылдар бойы Тоқтағұл су қоймасы суымен қамтылып келді. Орталық Азия 
елдері тәуелсіздік алғанға дейін Сырдария өзенінде орналасқан барлық су шаруашылығы объектілері 
өзара тығыз байланысты су жүйесі ретінде қарастырылып, сол жүйе-нің реттеуші қызметін атқарған 
Тоқтағұл су қоймасы оның тұрақтылығын аса тиімді түрде сақтап отырған. Ал соңғы жылдары бұл су 
қоймасы  Қырғыз  Республикасының  меншігіне  өтуіне  байла-нысты  оның  жұмыс  тәртібі  Орталық 
Азия  елдерінің  қалыптасқан  су  шаруашылығы  кешенінің  жұмысына  сай  келмей  отыр.  Оның  ішкі 
пайдалануға  әрі  экспортқа  арнап  арзан  электр  энергия-сын  өндіруге  бағытталған  өзіндік  тәртібі 
орнатылып,  қысқы  кезеңде  су  қоймасынан  суды  көп  мөлшерде  шығару  тәжірибесі  қалыптасты. 
Әсіресе  қыс  мезгілінде  Арал  теңізіне  едәуір  су  мөлше-рін  шығару  судың  үлкен  аумақтарға 
жайылуына  әкеліп  соқтырады.  Нәтижесінде  Сырдарияның  төменгі  ағысындағы  су  өткізу  көлемі 
айтарлықтай азайып, 1994 жылы жылына 10 км
3
 мөлшерді құраса, 2000 жылы жылына 5,4 км
3
 дейін 
төмендеді. Қазіргі кезде Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы су жетіспеушілігі жылына 1,2-3,5 м
3
 
дейін  жетеді.  Арна  процестерінің  орын  алған  морфодинамикалық  өзгерістері  өзен  каналдары  мен 
арналарының лайлануына және соның салда-рынан Сырдария атырабы мен Арал өңірі экожүйесінің 
нашарлауына әкеліп соқтырды. 
Қазіргі  кезде  бүкіл  Арал  өңірі  экологиялық  апат  аймағына  айналып  отыр.  Өзендердегі  судың 
көктемгі тасуы толығымен жойылған, қамыс-қоға өсімдіктерінің аумағы күрт қысқарды, топы-рақтың 
құрғауы  мен  ылғалдануы  төмендеп,  тозу  процестері  жалғасуда,  құрғақшылық  кезеңі  артып,  құмды 
шөлейттер  аумағы  ұлғаюда,  сол  себепті  климат  та  теңіз  климатынан  континентал-ды  сипатқа 
ауысуда. Суармалы жерлердегі ауаның ылғалдығы 15-18%-ға дейін төмендеп, Арал өңірінің оңтүстік 
бөлігіндегі  жайылымдық  жерлердің  20-25%-ы  жарамсыздыққа  ұшырады.  Соны-мен,  экожүйенің 
тозуынан  туындаған  шаңды-тұзды  дауылдар,  ылғалдың  жетіспеушілігі,  фауна  мен  флора 
әралуандылығының  жойылуы,  ауыз  су  сапасының  төмендігі  сияқты  кері  салдарлар  тұрғындардың 
денсаулығының  нашарлап,  түрлі  ауру-сырқауларға  ұшырауына,  тіпті  өлім  жағдай-ларына,  жердің 
құнарлылығы мен өнімділігінің азаюына, кедейшілік деңгейінің жоғарылап, жұмыссыздық деңгейінің 
артуы салдарынан көші-қонның жиілеуіне әкеліп соғуда.  
Каспий  алабына  экологиялық  және  экономикалық  қызығушылықтың  дезинтеграциялануы  бұл 
бірегей экожүйеге елеулі қауіп төндіріп отырғандықтан, қазіргі кезеңде халықаралық конвенция-лар 
мен  келісімдер  негізінде  аймақтағы  басымды  экологиялық  мәселелерді  шешуге  бағытталған  іс-
шаралар атқарылуда. Соңғы жылдары ТАСИС, БҰҰ өкілдіктері, Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ), 
Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдар қолдауымен БҰҰ аясында Каспийдің экологиялық 
жағдайын  тұрақтандыруға  бағытталған  бағдарлама  (КЭБ)  жүзеге  асырылып  отыр.  Оның  мақсаты  – 

Каспий  теңізінің  табиғи  ортасын  басқару  және  аймақтың  орнықты  дамуын  қам-тамасыз  ету. 
Бағдарлама  шеңберінде  Каспий  өңіріндегі  әр  елде  екіден  бұл  мәселені  әр  қырынан  зерттейтін  он 
аймақтық  экологиялық  орталық  құрылды.  Каспий  аймағы  мемлекеттерінің  2002  жылы  өткізілген 
Ашхабад саммитінде жоғарыда аталған бес мемлекет басшылары теңіздің мәр-тебесі, әр мемлекетке 
қарасты  аумақтар,  мұнай  өндіру  аумақтарының  шекаралары,  кеме  қатына-сы,  балық  аулау 
принциптері  және  ең  бастысы  –  теңіздің  экологиялық  жағдайын  сауықтыру  жөніндегі 
ынтымақтастық  құру  мәселелерін  қарастырды.  Соңғы  жылдары  қалыптасқан  күрделі  геосаяси 
жағдайға байланысты осы мәселелердің барлығы аса жоғары маңызға ие болып отыр.  
Табиғи  сулардың  жылу-энергетика  өндірістерінен  шығатын  ақаба  сумен  ластануы 
нәтижесін-де  су  объектілеріндегі  температура  режимі  өзгеріп,  санитарлық  талаптарға 
сәйкессіздік  орын  ала-ды.  Өзен,  көл,  теңіз  және  мұхиттардың  кейбір  жерлеріндегі  ластану 
деңгейінің көтерілгені сон-шалықты, олардың өз-өзінен тазалану қабілеті жеткіліксіз болып 
отыр. Ауылшаруашылық ағын сулар Орталық Азия өңіріндегі су ластануының негізгі көзіне 
айналуда.  Кәріз  суларда  пестицид-тер,  азот  және  фосфатты  құрамдас  бөліктердің  мөлшері 
өте  жоғары,  бұл  жағдай  экологиялық  әлсіз  аймақтарға  және  тұрғындарды  ауыз  сумен 
қамтамасыз  ету  жүйесіне  елеулі  қауіп  төндіруде.  Суармалы  жерлерден  кәріз  жинақтау 
орындарына келіп түсетін кәріз сулар құрамында егіндік-терде қолданылған азоттың 25%-ы, 
фосфаттардың  5%-ы  және  пестицидтердің  4%-ы  бар  екені  анықталды.  Бұл  заттардың  ағын 
судағы мөлшері заңда белгіленген ең үлкен мөлшерден 5-10 есе артық болып отыр. Қазіргі 
кезде  кейбір  елдерде  тұщы  судың  тапшылығы  анық  сезіле  бастады,  сондықтан  тұщы  суды 
таза  ұстау,  оны  ластамау,  орынды  пайдалану,  үнемдеп  жұмсау  мәселелері  бүкіл  халықтық 
өзекті  мәселеге  айналып  отыр.  Су  қорының  қалыптасу  аймағындағы  қазіргі  және  болашақ 
гидрологиялық  өзгерістерді  есепке  алмағанда,  Арал,  Каспий  теңіздері  және  Іле-Балқаш 
алабы  су  секторындағы  ірі  жобаларды  іске  асыру  нәтижесінде  жоғарыда  аталып  өткен 
проблема-лар  күшейе  түсті.  Мысалы,  су  қорының  қалыптасу  орындарындағы,  яғни 
таулардағы,  сонымен  қатар  суды  белсенді  түрде  пайдалану  аймақтарындағы  жер  үсті  және 
жер  асты  суларының  өзара  байланысына  жеткілікті  назар  аударылмаған.  Басқа  мәселелер 
судың  мемлекеттер  арасында  бөлі-нуі  мен  судағы  ластағыш  заттардың  шекарааралық 
ауысуына байланысты болып отыр. [6] 
Бір де бір қоғамның жеткілікті су қорынсыз орнықты дамуға қол жеткізе алмайтыны анық. 
Өнімділікті  арттырып,  ірі  көлемді  өнеркәсіпті  дамытуға  бағытталған  саясат,  сондай-ақ 
секторлық  әртүрлілікті  шектеу  кіші  және  орта  өнеркәсіптің  дамуын  тоқыратып  отыр, 
сондықтан  бұл  аймақ  елдерінің  алдында  өтпелі  кезеңнің  бірегей  проблемалары  туындауда. 
Оларды  қалдығы  аз  және  табиғи  қорды  сақтау  мүмкіндігін  беретін  өндірістік 
технологияларды қолданумен қатар шекара-лас жатқан мемлекеттер арасында шекарааралық 
өзен  ағыстарын  реттеу,  су  жіберу  ғимараттары-ның  құрылысын  жүргізу,  су  пайдалану 
мөлшерлерін белгілеу мәселелерін екіжақты және көп-жақты келісімдер жасасу арқылы ғана 
тиімді  түрде  шешуге  болады.  Сондықтан  Жер  бетіндегі  халықтың  80%-ға  жуығы  әлі  күнге 
дейін  таза  ауыз  суға  қолы  жетпей  отырған  жағдайда  өміршең  шешімдерді  қабылдау  үшін, 
Орталық Азия елдері тығыз байланыс жағдайында жұмыс істеуі тиіс. 
Қорытындылай  келе,  Орталық  Азия  аймағындағы  қоршаған  ортаның  ластануы 
шекарааралық  сипатқа  ие  болғандықтан,  оның  мемлекеттердің  қазіргі  экологиялық 
жағдайына тигізетін әсері орасан зор деген тұжырымға келуге болады.  
 
1.
 
Старые проблемы требуют новых решений // Эко-Правда – Казахстан. – 2002. – 15 ноября.
 
2. «ТМД елдері аумақтарында 2007 ж. күкірт пен азот қоспаларының шекарааралық таратылуы» есебі // 
http:// 
www.nature.kz
. 
3. Нурпеисова Г.А. Водные ресурсы Центральной Азии // Мелиорация и водное хозяйство. – 2002. – №1. – С. 
16-19. 
4.  Духовный  В.А.,  Умаров  П.Д.  Водосбережение  –  главный  фактор  стабилизации  развития  региона  бас-
сейна Аральского моря // МиВХ. – 1999. –  №4. – С. 28-33. 
5. Ниязов С. Внешняя политика нейтрального Туркменистана. – Ашгабад, 2006. – 176 с.  
6.  Национальный  план  действий  Президента  Туркменистана  Сапармурата  Туркменбаши  по  охране 
окружающей среды (НПДООС). – Ашхабад, 2002. – 235 с. 
 

Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  решения  государствами  Центральной  Азии  трансграничных 
экологических проблем.  
Summary 
In given article questions of the decision are considered by the states of the Central Asia. Environmental problems. 
 
 
 
 
 
 
НЕКОТОРЫЕ СТРАНИЦЫ ИСТОРИИ ИСЛАМА В ПАВЛОДАРСКОМ 
ПРИИРТЫШЬЕ В 20-30 ГГ. ХХ ВЕКА 
 
Г.К. Дюсебаева – к.и.н., ст. преп. Кафедры история 
Казахстана им. академика Т.С. Садыкова, КазНПУ им. Абая 
 
Одним  из  краеугольных  камней  идеологии  Советской  власти  в  ходе  социалистического 
строи-тельства, как известно, был атеизм. Известный марксистский лозунг «Религия – опиум 
для наро-да» в годы культурной революции был активно взят на вооружение. Повсеместно 
закрывались церкви и мечети, подвергались гонениям служители культа. Борьба с религией 
приняла  формы  организованной  кампании,  на  которую  была  поднята  общественность  под 
руководством  партии  большевиков.  Создавались  специальные  общественные  организации, 
субсидируемые  государ-ством,  задача  которых  заключалась  в  том,  чтобы  в  короткие 
исторические сроки сделать страну Советов атеистическим сообществом. 
В  Павлодарском  Прииртышье  накал  антирелигиозной  работы  в  20-30-х  гг.  прошлого 
столетия  был  достаточно  сильным.  Мусульманское  население  региона  такую  атаку  власти 
встретило холодно. Потребности населения в духовных знаниях, в отправлении религиозных 
обрядов была высокой. Граждане писали письма с просьбой вернуть здания школ, которые 
ранее были приход-скими мектебами, чтобы обучать там своих детей исламу.  
Об  этом  17  ноября  1920  г.  сообщает  Президиуму  Коллегии  Семипалатинского  ГубОНО 
подот-дел нацменьшинств Павлодарского  исполкома. Отмечается, что авторы обращений и 
писем при этом опираются на решение Комиссариата по Национальным делам от 21 августа 
1920  г.,  где  говорилось,  что  некоторые  здания  школ,  построенные  на  средства  прихожан, 
могут  быть  возвра-щены  мусульманской  общине.  Понимая,  что  в  случае  возврата  зданий 
негде будет обучать детей по программе советских светских школ, власти решили пойти на 
компромисс.  В  Павлодаре  было  принято  решение  о  разрешении  преподавания 
«магометанского вероучения» по одному часу в единотрудовых школах после уроков. [1]    
Учитывая  настроения  населения,  Наркомат  Просвещения  КАССР  своим  циркулярным  пись-мом 
от  25  февраля  1925  г.  был  вынужден  разрешить  домашнее  религиозное  образование  детям,  не 
достигшим 18 лет, при условии, что дети из разных семей в одном доме не будут собираться, т.к. это 
рассматривалось, как частная религиозная школа. [2] 
В конце 1926 г. в Казахстане усиливается атеистическая работа. 14 декабря 1926 г. Секретари-ат 
Казкрайкома  ВКП  (б)  разослал  на  места  секретное  Постановление  «Об  активизации  антирели-
гиозной  пропаганды».  Рекомендовалась  на  страницах  газет  и  журналов  –  «Жаңа  мектеп»,  «Қызыл 
Қазақстан»,  «Лениншыл  жас»,  «Әйел  теңдігі»,  «развернуть  материалистическую  критику  ани-
мистических  и  языческих  верований  наряду  с  материалистическим  объяснением  соответствую-щих 
явлений в хозяйственно-бытовой и общественной жизни аула». [3] 
7  июня  1927  г.  Бюро Казкрайкома  ВКП  (б)  приняло  секретное  Постановление  «О  мерах 
борь-бы с мусульманским религиозным движением». 
С  тревогой  отмечая  растущее  мусульманское  религиозное  движение  среди  казахского 
населе-ния, документ указывал на следующее: 
1.  Ислам  в  Казахстане  в  отличие  от  соседних  с  ним  советских  республик  более  молодое 
явление. 

2.  Татарская  торговая  буржуазия  использует  в  своей  среде  ислам  в  качестве  орудием 
национа-лизма и пантюркизма. 
3.  Среди  узбеков  ислам  преобладает  с  ритуальной  стороны,  он  вошел  в  быт,  как  орудие 
куль-турного  влияния  торгового  и  ремесленного  города  на  средневековый  кишлак  еще  в 
докапиталис-тическом прошлом. 
4.  Среди  казахов  ислам  –  извне  воспринятая  форма  и  содержание  религиозного 
созерцания и религиозного самообмана полупатриархального крестьянства. 
Так  представляли  себе  власти  состояние  ислама  и  влияние  его  на  разные  этносы 
советского Востока. 
Указывая  на  особенности  мусульманства  среди  казахов,  внимание  акцентируется  на 
следую-щих моментах: 
1.  Религиозное  сознание  и  религиозная  пропаганда  развивается  на  основе  суфизма  и 
шаманиз-ма (полуязыческое и полубуддисткое верования). 
2. Там, где слабы местные судебные органы, исторически изжившие себя нормы обычного 
права заменяются шариатом.  
3. Духовенство связано родственными узами с казахскими феодалами и выступает заодно 
с ними. Поэтому религиозное движение сохраняет кастовый характер.  
4.  На  казахов  сильное  влияние  оказывает  татарское  и  узбекское  духовенство.  Из 
Татарстана  и  Узбекистана  сюда  едет  самое  реакционное  мелкое  духовенство,  могущее 
сочетать религиозные проповеди с обязанностями жреца.  
5.  Ошибкой  считали  власти  организацию  духовной  иерархии  с  подчинением  казахского 
духо-венства Уфимскому центру (ЦДУ).  
Учитывая  особенности  мусульманского  религиозного  движения  в  Казахстане,  для 
дальнейше-го ослабления позиций ислама, Бюро Казкрайкома постановляет: 
1. Повысить возраст поступающих в религиозные учебные заведения до 18 лет. 
2. Изолировать казахское духовенство от ЦДУ, ликвидировать духовную иерархию прави-
тельственными мерами и разложения рядов самого духовенства. 
3.  Усилить  идейное  вооружение  партийных  рядов,  особенно  ее  казахской  части, 
материалис-тическими  знаниями  по  вопросам  ислама,  анимистических  и  языческих 
верований с одной сторо-ны, а с другой – обычного права и шариата. 
4.  Организовать  систематическую  борьбу  с  эксплуататорскими  поползновениями  и 
антиобще-ственными, уголовно наказуемыми явлениями, как врачевание, незаконные сборы, 
закабаление  и  т.п.,  но,  не  допуская  при  этом  оскорбления  и  озорства  по  отношению  к 
религиозным чувствам верующих. 
5.  Всемерно  усилить  идейно-культурно-просветительную  работу  всех  советских 
школьных  учреждениях,  среди  населения,  организуя  различные  кружки  и  общества: 
краеведения, любите-лей природы, самообразования, юридической грамотности и т.п. 
Проведение  всей  этой  работы  вменялось  партийным  и  комсомольским  органам.  Особое 
вни-мание они должны были уделять школам, они должны были стать авангардом борьбы с 
религиоз-ными  проявлениями.  Этой  работе  было  рекомендовано  проявлять  огромный 
интерес и оказывать всемерную помощь. 
Законодательно  предусматривалось  недопущение  открытия  реформистских  религиозных  школ  и 
преподавание там общеобразовательных дисциплин. 
Для улучшения атеистической работы предлагалось открыть курсы для учителей и других 
активистов. [4]   
На  этот  фронт  борьбы  с  религией  партия  и  государство  мобилизовали  советские 
профсоюзы.  В  связи  с  этим  председатель  Казсовпрофа  Курамысов  в  своем  письме  к 
профсоюзным  организа-циям  акцентировал  внимание  на  усиление  атеистической  работы 
среди  казахского  населения  на  родном  языке  посредством  стенгазет,  агитационно-
пропагандистской  работы  в  клубах,  красных  уголках  и  в  трудовых  коллективах. 
Настоятельно  рекомендовалось  создавать  кружки  безбожни-ков,  работу  которых  должно 
организовать,  созданное  в  Казахстане  Краевое  Оргбюро  Союза  без-божников,  и  активно  
вовлекать в него казахов. 

Особо  отмечалось  о  необходимости  проводить  антирелигиозные  вечера  с  беседами  на  родном 
языке  среди  казахских  рабочих  и  «вкрапливать»  в  них  доступный  им  материал.  Обеспечение  ате-
истической литературой на казахском языке профсоюзы брали на себя. [5] 
Все  отраслевые  профсоюзы  включились  в  эту  кампанию,  с  рвением  выполняя  поставленные 
задачи.  К  примеру,  Центральное  правление  профсоюза  медработников  разослало  на  места  пись-ма, 
где  говорилось  о  мерах  и  методах  антирелигиозной  пропаганды  и  указывалось  на  необходи-мость 
создания «кружка безбожников и выписки газеты «Безбожник», проведения разъяснитель-ной работы 
по  поводу  происхождения  человека,  природы  и  т.п.  Пропагандистам  рекомендова-лась  отмечать 
абсурдность  и  дурман  религии,  берущий  начало  от  некультурности  и  господства  царей  и 
капиталистов». [6]    
Таким  образом,  власти  взялись  за  искоренение  религии.  8  апреля  1929  г.  ВЦИК  и  СНК  РСФСР 
приняли  Постановление  «О  религиозных  объединениях»,  на  основании  которого  все  религиоз-ные 
объединения  должны  были  быть  взяты  на  учет  и  местные  органы  должны  были  всемерно  усилить 
контроль над ними. [7] 
Следующим шагом на пути преследования религии стало циркулярное письмо ЦИК КАССР от 21 
февраля  1930  г.,  в  котором  указывалось  на  необходимость  ликвидации  религиозных  куль-товых 
сооружений или они необходимость ликвидации культовых сооружений либо передачу их под другие 
надобности. Здание могло остаться верующим лишь в случае обжалования факта изъятия такового у 
религиозной общины в двух недельный срок. Опасаясь всенародного недо-вольства, местные органы 
власти  предупреждались  о  том,  что  эта  кампания  требует  осторожного,  внимательного  и 
безошибочного подхода к вопросу.    
Прекращение  функционирования  мечети,  как  и  церкви,  должно  было  быть  санкционировано 
Центральной  властью.  Тем  не  менее,  перегибы  и  превышение  власти,  конечно  же,  имели  место. 
Например, имели место случаи закрытия культовых зданий под большие религиозные праздники, с 
использованием административного нажима, растаскивание имущества религиозной общины из этих 
зданий, нетактичное отношение к верующему населению. 
Закрытие культовых учреждений надо было обставить так, чтобы инициатива исходила от самих 
граждан,  с  приложением  протокола  собрания  верующей  общины,  чтобы  формально  соб-люсти 
законность.  В  циркулярном  письме  инспектора  по  административному  надзору  НКВД  КазАССР 
Ванжулы,  в адрес начальника Павлодарского окружного административного отдела Кулмухаметова 
от  17  июля  1930  г.  говорилось  о  недопустимости  принудительной  ликвидации  религиозных 
объединений. Даже если культовое здание у религиозной общины изымалось, она сама имела право 
на  существование  при  обязательной  регистрации,  как  религиозного  руководи-теля,  так  и  самой 
общины.  Свои  мероприятия  они  могли  проводить  в  других  частных  зданиях.  Чиновники, 
допускающие  самовольное  и  стихийное  закрытие  культовых  зданий  без  согласова-ния  с  КазЦИК 
должны были привлекаться суду. 
Отбирая  здание,  власти  осторожничали  и  возвращали  здание,  если  религиозная  община  была 
настойчива,  окончательное  изъятие  производилось  лишь  только  решения  центральных  органов 
власти.  Органы  власти  были  обязаны  принимать  жалобы  и  протесты  верующих,  которые  переда-
вались наверх. [8] 
Чтобы все-таки добиться закрытия мечети, органы власти придумали право религиозной об-щины 
на самоликвидацию, что по их замыслу должно было дать возможность «умыть руки». [9] 
Закрытие  религиозно-культовых  зданий  сопровождалось  изъятием  и  национализацией  доро-гих 
предметов, находящихся в них. [10] 
Власти  вели  строгий  учет  закрываемых  мечетей.  Так  по  данным  Павлодарского  администра-
тивного отдела ОГПУ на 1928-1929 гг. в округе были закрыты мечети в аулах №1,6, 7, 16. Оста-лись 
функционировать две мечети в г. Павлодаре, и по одному в аулах № 5, 8, 10, 17. [11] 
Были  организованы  кампании,  когда  избиратели  «давали  наказ  депутатам»  –  усилить  антире-
лигиозную  пропаганду  с  целью  закрытия  мечетей,  церквей  и  молитвенных  домов,  чтобы  исполь-
зовать их под иные надобности населения. 
В  организованных  наказах  указывалось,  что  «классовые  враги  в  лице  попов,  сектантов,  мулл, 
кулаков и баев ведут ожесточенную борьбу против социализма» и потому храмы рассматрива-лись, 
как очаги контрреволюции.  
Население  «предлагало  советизировать  город»,  ибо  он  «продолжает  жить  по  старой  психологии  и 
традициями мещанства, обывательщины и пляски, представляя собой павлодарское болото». [12] 

Подготовив  почву  для  изъятия  храмов,  в  декабре  1934  г.  по  просьбе  Павлодарского  райсовета, 
изложенного в соответствующем письме, городские власти передали здание мусульманской мечети г. 
Павлодара, расположенного по улице Фрунзе, «из-за полного отсутствия верующих был совершенно 
пуст» под спортивно-физкультурный клуб». [13] Это было каменное здание, построенное на средства 
мусульманской общины города в начале ХХ века, в соответствии с канонами исламского зодчества. 
Однако  сказать,  что  антирелигиозная  деятельность  властей  проходила  легко  нельзя.  Мусуль-
манская община оказывала молчаливое сопротивление. 
Недовольное  темпами  и  качеством,  проводимой  работы,  Бюро  Казкрайкома  20  июля  1935  г. 
провело заседание, на котором отмечалась слабая антирелигиозная работа в крае. В резолюции было 
указано,  что  антирелигиозная  пропаганда  в  крае  не  развернута  должным  образом,  создан-ные  СВБ 
(Совет безбожников) развалились, ячейки СВБ не работают. Средства на антирелигиоз-ную работу не 
выделяются. Обкомы и райкомы не уделяют достаточного внимания антирелиги-озной работе. 
Было  принято  решение  –  распустить  прежний  состав  Крайоргбюро  СВБ  и  ввести  в  его  состав 
новых людей – Лекерова, Бутлера, Ибрагимова, Боровых, Алибаева. 
Для  активизации  работы  было  предписано  создать  областные  СВБ  и  в  августе  текущего  года 
провести районные и областные съезды СВБ. 
25  сентября  1935  г.  было  намечено  в  г.  Алма-Ате  собрать  краевой  съезд  СВБ,  где  главным 
вопросом повестки должен был стоять вопрос – Очередные задачи антирелигиозной работы. [14] 
Сами  священнослужители  и  совершеннолетние  члены  их  семей  были  лишены  избирательного 
права.  27  ноября  1930  г.  Павлодарский  Горсовет  потребовал  от  городского  ЗАГСа  списки  несо-
вершеннолетних  членов  семей  священнослужителей  Лекерова,  Мухаметова,  Галимова,  Хасана  и 
Метенева, чтобы внести их в списки лишенных права голоса на выборах. [15] 
Таким  образом,  Советская  власть  боролось  с  религией.  Её  должна  была  заменить  коммунисти-
ческая идеология. 
 
1.  Из  истории  ислама  в  Павлодарском  Прииртышье.  1919-1991  гг.  Сборник  документов.  Сост.  Болтина 
В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар, 2001. – С. 14-15. 
2. ЦГА РК. Ф.81. Оп.2. Д.8. Л.181. 
3. ЦГА РК. Ф.81. Оп.4. Д.3. Л.45. 
4.  Из  истории  ислама  в  Павлодарском  Прииртышье.  1919-1991  гг.  Сборник  документов.  Сост.  Болтина 
В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар, 2001. – С.27-33. 
5. ЦГА РК. Ф.81.Оп.1. Д.171. Л.8. 
6. ЦГА РК. Ф.81.Оп.1. Д.171. Л.7. 
7. ГАПО. Ф.844. Оп.1. Д.2. Л.30. 
8. ГАПО. Ф.844.Оп. 1. Д.2. Л.3, 4,12. 
9. ГАПО. Ф.844.Оп. 1. Д.2. Л.32-34. 
10. ГАПО. Ф.844.Оп. 1. Д.2. Л.33-35. 
11. ГАПО. Ф.844.Оп. 1. Д.50. Л.51. 
12. ГАПО. Ф.17. Оп. 1. Д.55. Л. 12, 15-16.  
13. ГАПО. Ф.2. Оп. 1. Д.16. Л. 25. 
14. ГАПО. Ф.141.Оп.1. Д.8064. Л.42. 
15. ГАПО. Ф.844.Оп. 1. Д.50. Л.51.              
 
Түйін 
Мақалада  ХХ  ғ.  20-30  жж.  Павлодар  өңірінде  орын  алған  дінге  қарсы  Кенес  билігі  жүргізген  насихаты 
талданып, ислам дініне қарсы қуғын-сүргін шаралары зерделенген. 
 
Summary 
This article is about antireligious Soviet propaganda, particularly on Islam in Pavlodar Priyirtyshye in 20
th
 -30
th
 of 
XX century during bolshevists cultural revolution. 
 
АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ (ХІХ 
Ғ. СОҢЫ – ХХ Ғ. БАСЫ) 
 
З.Мырзатаева – Магистратура және (PhD) докторантура доценті, 
т.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ 
 

Тарихи зерттеулердегі батысевропалық мемлекеттер негізін қалаған әлеуметтік бағыт бүгінгі қазақ 
өмірінің де күрделі, назардан қалған көмескі беттеріне қайта үңілуге ықпал етіп отыр. Империялық 
билік үстемдік еткен ел тарихында ең алдымен «қарапайым қазақ адамы» тұрғаны бірден байқалып, 
бірден  ауызға  алына  қойған  жоқ  еді.  Ал  шынында  отарлық  қыспақ    қарапайым  халық  бұқарасы 
жанына қатты батты. Ата-бабаларымыздың сол кезеңдегі ішкі жай-күйі, тіршілік тарихы ешқашан да 
зерттеу нысаны болмаған. Ендігі тұста адам мәселесін қашан да бірінші кезектен таныған мәдениеті 
озық  елдер  үлгісін  алға  тартып,  «кішкентай  адамдар  тарихын»  жазу-ды  бастайтын  уақыт  жеткен 
болар деп ойлаймыз. 
Зерттеу  проблемасына  кірісер  алдында  тарихи  зерттеудің  жаңа  бағыты  «күнделікті  өмір  тари-
хына» қысқаша тоқталуды жөн көрдік. Қарапайым адамдардың күнделікті өмірінің қоғамда ала-тын 
орнын,  оның  (зерттеушілер  назарынан  тыс  қалып  бара  жатқан)  тіршілік-тынысын  анықтау  тек 
тарихшылар  емес  әлеуметтану,  мәдениеттану,  философия  т.б.  ғылым  саласы  мамандары  үшін  де 
маңызы зор. Сондықтан европалық, ресейлік ғалымдар тәжірибесінен алынған нәтижелерді қолдана 
отырып, Отандық тарихты зерттеу ісінде оның қажеттілігі артуда.  
Күнделіктілік  –  бұл  адам  әлеміндегі  барлық  дүние,  яғни,  зерттеу  обьектісі  тек  материалдық 
дүниемен  шектелмей,  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамның  жеке  адамның  көңіл-күйіне  ықпалы,  күн-
делікті  тұрмысы,  күнделікті  әдеттегі  іс-әрекеті,  кәсібі  және  т.б.  адам  өміріндегі  кездесетін  барлық 
жайттар  жөнінде  қарауды  қажет  ететін  кең  масштабтағы,  адам  туралы  ғылымды  зерттеу  бағыты 
болып табылады. Тарихшы-ғалымдар көп уақыт адам тұрмысының нақты тарихи аспектісін назардан 
тыс қалдырып келді. Гуманитарлық пәнаралық байланыстың бірегейлігіне назар аудара алмады. Ал, 
қазіргі  тарих ғылымы  тарихымыздың  өткен  беттерін  сол  кезде  өмір  сүрген  адамдар-дың  күнделікті 
өмірі арқылы тануға жол ашып отыр.  
Сонымен,  Отандық  тарихта,  XIX  ғ.  соңы  –  XX  ғ.  басы  жалпыимпериялық  отарлық  басқару 
билігінің  шырқау  шыңына  жеткен  кезі  болатын.  Ел  мен  жерді  бөліп  алып  билеуге  кіріскен  түрлі 
сатыдағы  шенеуніктер  зорлық-зомбылықтың  неше  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолданды.  Бұл  халықтың 
тұрмыс  жағдайын  қалжыратып,  қайыршылық  күйге  түсірді.  Әсіресе,  елдің  арқасына  аяздай  қатты 
батқан  «Түркістан  өлкесін  басқару  туралы  Ереже»  мен  «Дала  облыстарын  басқару  туралы  Ере-же» 
еді.  Қабылданған  жер  аудару  заңдылығының  қоғам  өміріне  қаншалықты  қиындықтар  әкелге-нін 
назардан  тыс  қалдыруға  болмайды.  Өйткені  аталған  Ережелер  бойынша  қазақ  даласында  бұрын-
соңды  болып  көрмеген,  жазалау  түрі  –  саяси  мемлекеттік  сенімсіз  «түземдіктерді»  (қазақ-тарды) 
жазықсыз, негізсіз бес жылға өз елінен қуғындау заңы енгізілген еді. Әділетсіз үкіметтің бұдан басқа 
да  экономикалық,  оқу-ағарту,  дін,  жер  мәселесі,  жергілікті  басқару  ісі  салаларын  қамтыған,  неше 
түрлі қитұрқы өңге енгізілген заң баптары болды. 
Сондықтан  да  М.Тынышпаев,  «қазақ  жерінде  –  бюрократтық  өкіметтің  ең  жабайы  және  мәнсіз 
ережелері  енгізілді»,  –  деп  сынға  алуы  тегін  емес  еді.  Отарлық  заңдар  ең  біріншіден  жазалаушылық 
сипатымен ерекшеленді. Генерал-губернатор, әскери-губернатор, тіпті уезднойлар, урядник, страж-ник 
дегендер қазаққа өтірік жала жауып, оп-оңай жер аударып жіберу құқығына ие болды. Аталған отарлық 
заң әкімшілігіндегілердің жазалау шараларының кез-келгенін өз қалауынша пайдалануға мүмкіндіктер 
әперді.  Мұны  өз  кезегінде  Ә.Бөкейханов  «Қажетсіз  генерал-губернаторлық»  деген  мақаласында  [1] 
жан-жақты  көрсеткен  болатын.  Ол  тіпті  Мемлекеттік  Думаның  депутатына:  «Егер  Сіз  генерал-
губернаторлықты жоймасаңыз, онда күнәға белшеңізден батқаныңыз» [2], – деп көре-гендікпен айтып 
салған  еді.  Генерал-губернаторлардың  надандығын,  парақорлығын,  жыртқышты-ғын  М.Тынышбаев 
өткір  әшкереледі.  Ол  былай  деді:  «Генералдар,  олардың  көмекшілері  және  тағы  басқа  паразиттер 
халықты  сүліктей  сорды,  тонады,  талады».  [3]  Ал,  бұл  заңдылықтың  қасіретін  әбден  шеккен  Жақып 
мырза  Ақпаев  та  қазақты  бұл  қорлықтан  алып  шығудың  амалын  іздестірумен,  басқарманың 
әділетсіздігіменен ғұмырының соңына дейін күресумен болды. Тіпті, терең заңдық білімінің арқасында 
көптеген  жазықсыз  айдалып  бара  жатқан  қазақтарды  құтқарды.  Заңгерлік  дарындылығы  талай 
тығырықтардан шығуына көмектесті. Ал, бірде өкіметтің әділетсіздігіне шама-сы жетпей қиналды. [4] 
М.Дулатов, М.Тынышбаев т.б зиялылардың баса көрсетіп айтқанындай кір-шіксіз адал жандар не үшін 
айдауға кетіп бара жатқанын білмеді. [5] 
Сондай қазақ азаматының бірі – Мекеш Оразбековтің ісін Ж.Ақпаев әділетпен шешуді өкімет-тен 
талап  етіп,  3  жыл  жүрді.  1913  жылы  басталған  іс,  1916  жылы  сәтсіз  аяқталды.  [8]  Сол  сияқты 
жазықсыз айдаудағы Тұрымбай Байғониннің (Байдәулет болысы, Ақмола уезі) өтініш-хат мазмұ-ны 
да осы сарындас. Ол әкімшіліктен кедейшілікте өмір сүріп жатқан сегіз баласы мен әйелі, сексендегі 
қарт анасы бар екендігін, өзінің  түк кінәсі жоқ екендігін айтып абақтыдан босатуды сұранғанда, [7] 

ондағылар  өтінішті  кеңседе  сақтап  қоюмен  ғана  шектелді.  Осы  секілді  жан  айқа-йы  қарамен 
жазылған қамаудағы, айдаудағы қазақтардың мұрағаттарда сақталған, қалың етіп тігілген өтініштерін 
оқысаңыз өзекті ашу кернейді. 
Генерал-губернаторлар  қазақ  мұңын шешпек  тұрмақ,  мысалы,  Мемлекеттік  Дума  трибунасы-нан 
айтылған  Шмидтің:  «Сендерді  қазақ  иттерді  қуаң-далаға  қуып  шығамын!»  дегені  де  бар  еді  Ал, 
Керенский 4 – Мемлекеттік Думада трибунадан тұрып: «Мырзалар, қырғыздар мекен еткен Түркістан 
мен Дала облыстары Томбов пен Тула емес, оларды ағылшындардың өз отарларына жасағаны секілді, 
қырғыздарға  біз  де  солай  қарауымыз  керек»  [8],  –  деп  одан  сайын  халыққа  үрей  туғызды. 
Қызылүндістер сияқты қазақтарды қырып-жою керек деген Макаровтың да цитаты бар-шаға аян. [9] 
Әйгілі  автономистердің  I-съезінде  М.Тынышбаев  Қазақстандағы  бұл  әкімшіліктің  көп  саты-лық 
құрылымын,  ондағы  билеушілердің  сауатсыздығын,  жылдан-жылға  олардың  паразиттік  мик-роб 
секілді  көбейіп  елді  үлкен  дертке  ұрындырып  отырғанын  әшкереледі.  Әсіресе,  орыс  әкімшілі-
гіндегілердің  қазақтарды  адам  санатында  көргісі  келмей,  зиянды  бір  зат  секілді  қарайтынына 
ашынды.  Түркістан  генерал-губернаторына  жазған  хатында  өкімет  билігіндегілердің  қылмыста-рын 
бүкпесіз баяндады. Соның ішінде Петров деген уезд басшысының қазақ ауылын тонауға кел-ген бір 
жорығында  қазақ  қыздарына  жасаған  қорлығын,  оның  соңы  қыздың  қайғылы  өлімімен  аяқталған 
қылмыстық  істерін  өткір  әшкерелейді,  айыптайды.  Уезд  басшылары  қолдарындағы  билік  пұрсатын 
пайдаланып халықты бейшара халде ұстағанын айтты. Ол туралы Міржақып Дулатов та былай деген 
еді:  «Қазақтар  генерал-губернаторды  қойғанда,  уезд  басшыларының  алдында  діріл  қақты.  Одан  да 
төмен  буындағы  урядниктер  (невыносимые  унижения)  шыдауға  мүмкін  емес  қорлықтар  көрсетті. 
Кедей  қазақтарды  ұрып-соқты,  мал-мүлкін  тартып  алды  сөйтіп  ойына  келгенін  істеді.  Солар  қазақ 
ішінен  өздері  сияқты  өсек-аяңмен  айналысатын,  парақор,  жалақор,  ауыр  салықтар  жинауға  құмар 
болыс басшыларын, тілмәштарды әкімшілікке тартты, сосын олармен бірігіп ұрлық жасады... Қазақ 
әйелдері  құлдық  өмір  кешті...  Қазақтар  адам  тұрмақ  тіпті,  жануарлар  тұра  алмайтын  жерлерге 
ығыстырылып,  көшірілді...»  [10],  –  деп  барлық  қиын  өмірді  талдап    жазды.  М.Тынышпаев  әсіресе, 
патшалықтың  ортағасырлық  инквизиция  іспеттес  әрекеттерін  де  өткір  сынға  алады.  Қазақтардың 
христиан дінін мойындай қоймағаны үшін мойындарына қыл бұрау салып азаптағанын назардан тыс 
қалдырған  жоқ.  «Ресей  –  мұсылман  әлемінің  басты  жауы»  атты  мақала  авторы  М.Шоқай  ашуға 
булыққан өткір тілменен орыстардың діни тұрғыдағы қылмыстарын айыптайды. Дәл орыстар секілді 
ешбір  христиан  мемлекет  халық-тарының  мұсылмандарға  қатты  өштесіп,  мешіттерді  қиратып, 
халқын  жоймағанын  айтты.  Сон-дай-ақ,  нақты  айтар  болсақ,  Мұстафа  Шоқайұлы  «Қанқұмарлықты 
бойына  әбден  сіңірген  орыс-тар,  мұсылмандардың  қанын  төгуде,  зорлық-зомбылық  жасауда 
ешқандай халықты алдына түсір-мейді...» [11], – деді. 
Сонымен,  уезд  басшыларының  сорақылығының  тағы  бір  дәлелі  1890  жылғы  15  наурызда  Семей 
қазақтарының генерал-губернаторына жазған хат мазмұнынан кездеседі. Онда былай делінген: «уез 
басшыларының әділетсіздігі туралы сұрасаңыз, онда оның түбі мен шегі жоқ қой!» [11] 
Уезд  басшыларынан  кейінгі  әкімшілік  саты,  ол  –  крестьянский  начальниктер.  Қазақ  зиялыла-
рының  барлығы  дерлік  бұл  әкім-сымақтардың  да  озбырлығын  айыптайды,  ашуланып  сөгеді.  Өйт-
кені, қазақты жазалап, тіпті, өлтіре салу олар үшін түк емес. Семей облысының Баянауыл болы-сы, 
Павлодар  уезі  қазақтарынан  түскен  шағымда  “крестьянский  начальник”  Ребровский  бастаған 
тобырдың  қызмет  бабымен  жүріп,  әрқайсысы  қолдарына  бір-бір  бөтелке  ішімдік,  қамшы  алып 
қазақтарды ұрып-соққандығы айтылады. Тіпті Жанжемов деген бір тұрғынның басын жарып өлтіріп 
тастаған.  Ал  бұл  қылмысы  үшін  олар  ешқандай  жазаға  тартылмаған.  [23]  Бұл  сияқты  сарындас 
деректер  өте  көп.  Патшалықтың  қай  буынындағы  басқарма  қызметкерлерінің  ісін  қарастырсақ  та, 
мұндай  бассыздықтарды  есепсіз  көп  кездестіреміз.  Түрлі  заңсыздықтардан  қазақ  ауылы  қатты 
ашынып,  булыққанын  да  архивтік  деректер  дәлелдейді.  Урядник  («крестьянский  начальниктен” 
төмен буындағы басшы) Михайл Дроздов нөкерлерімен Жүсіпов деген бір тұр-ғынды жазықсыздан-
жазықсыз  тұтқынға  алмақшы  болған  кезде  оның  бүкіл  отбасы  балтамен,  айламен,  тоқпақпен 
қаруланып  қарсы  шыққанда  андағылар  қорқып,  кері  қайтқан  екен.  [24]  М.Дулатов  айтқандай 
“қазақтардың  ешқандай  провасының  жоқтығы  оларды  осылайша  қатты  ызаға  булықтырды”.  [25] 
“Крестьянский  начальник”,  урядник,  стражниктер  былай  тұрсын  орыс  мұжықтарының  өзі  де 
қазақтарға  қоқан-лоққы  көрсетті.  Мұны  дәлелдейтін  деректердің  бірінде:  “…они  буйно  ведут  себя, 
грабят  ближайшие  аулы,  которые  вынуждены  были  уходит  в  глубь  сте-пи,  у  жителеий  насильно 
отбирают дома, птицы и хлеб… Крестьяне все запьяненные, имеют с собой водки…” [26], – делінген. 

Сонымен  қатар  бұл  бастықтар, барымта жасап  ұрлық  ұйымдастырды, сайлау  кезінде елді жік-ке 
бөлді  бір  сөзбен  айтқанда  қазақты  іштен  ірітті!  Сондықтан  да  Әлихан  ағамыз  айтқандай  қазақ-тар 
крестьянский  начальниктерді  қасқырдай  жау  көрді.  [12]  Ғасыр  басындағы  қазақ  зиялылары-ның 
бастауымен  патшаға  жазған  петиция  мазмұнында  жалпыұлттық  мәселелердің  ішінде  нақ  осы 
крестьянский  начальниктерді  жою  талабы  тұрды.  Әсіресе,  15  қарашадағы  Қарқаралыда  митингіні 
ұйымдастырушы  Ж.Ақпаев  соңынан  ерген  езілген  ұлт  өкілдерімен  бірге  «Полиция  жойылсын!», 
«Крестьян  басшылары  жойылсын!»  деп  қала  көшелерінде  кеш  түскенше  жүруі  [13],  әлгі  басбұ-
зарлардың жұрттың берекесін қашырып, шектен асқан жауыз болғандығын дәлелдейді. 
Ал,  М.Дулатұлы  крестьянский  начальниктердің  (кр.  нач  атауы  мұрағат  құжаттарындағы  жазба 
негізімен  берілді  М.З.)  әкімшіліктің  ең  төменгі  сатысы  болса  да  халықты  бір  уыста  ұстап  озбыр-
лықпен  жәбірлегенін  айтып  ызаланады.  Газет  беттерінде  ол  былай  деді:  «Крестьянский  началь-
никтер қазақтардың қандай да болсын приговорларын бұзуға ерікті. Біздің қазақты олар көптен билеп 
келеді. Жұрт ісі түгел бұлардың қолында, тұр десе тұрады, жат десе жатады!»  Осы жерде көрнекті 
ұлт  қайраткері  Ахмет  Байтұрсынұлы  жазған  «Дағдарыс»  өлеңінде  халықтың  осындай  қайғы  мұңы 
асқан шеберлікпен суреттелген: 
Көпірген көп қиялдар жел болып тұр, 
Негіздік «күрес» пенен «бел» болып тұр. 
«Қан құмар Шыңғыс пенен Темір еді, 
Несі одан бұл күнгінің кем болып тұр» [14] 
Қараңғы қапастағы қайғылы заман барша елге ауыр тиді. Көзі ашық, сауаты бар елағалары мықтап 
тұрып  орныққан  отарлық  билік  қызметін  тоқтатуға  бар  күш-жігерін  салып  бақты.  М.Әуезов  өз 
кезеңінде-ақ  жоғары  дәрежеде  бағалаған  –  ақын,  Мағжан  Жұмабаев  өлеңдерінде  де  жан  тебіренісі 
орын алған: 
Қараңғы, дауылды түн сар далада, 
Патшалық құрған өлім айналада. 
Шыраққа қолымдағы от тұтаттым, 
Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?» [15] 
Крестьянский  начальниктерден  кейінгі  орынды  иеленуші  орыс  шенеуніктері  ол  –  урядник  пен 
стражниктер.  Басбұзарлардың  «інішектері»  сол  саясаттан  әрі  асып  кете  алмады.  Отаршылдардың 
қолшоқпары  урядниктің  озбырлығы  Ақан  сері  еңбегінен  кездесті.  Ол  –  «Марқамет  патшамыздан  ала 
алмадық, Ия Бұқар кетеміз бе, ия Түркия? Урядниктің астында қалғаныңша, тірлікте іздеңіз исламия», 
[18]  –  деуі  қайғы-мұң  шеккен  қазақтардың  қашатын  жер  таппай  сандалғанын  көрсетеді.  Әсіресе 
«Маңайдағы он болыс елдің ұлығының уряднигі, тілмашы, приставы, адвокаты, объездны-йы – казак-
орыс. Олар шетінен парақор, жалқау, ұры-қары. Бірақ бәрі бай. Үй басы – қазақ малайы. Егінді қазақ 
салады,  пішенді  қазақ  шабады,  отынды  қазақ  тасиды,  жарады.  Казак-орыстың  өмірі  арақ  ішіп,  мас 
болумен,  тәлтіректеп  көшеде  өлең  айтумен,  тас  түбінде  қылжиып  жатумен  өтеді.»  деп  ұлт  зиялысы 
Ж.Аймауытов  та  терең  толғаныспен  жазған  еді.  [19]  Отаршылдар  мазағынан  ыза-ланғаннан  туған 
Мағжан  өлеңдерінің  бірінде  дәл  біз  талдап  отырған  жағдайлар  керемет  ашылған.  Қараңызшы: 
«...Иванов қалқам, Мә саған Сары Арқам! Әй керек-ау, әй керек. Арақ ішсең май керек, төрелерге жем 
керек, оқығанға шен керек. Март, апрель, май, Жорта тұр! Уайдай! Дүбір жатыр, Гүбірнатыр – біздің 
бай. Керенский Саша, Жаса Саша! Жаса! Вся Россия наша! [20] 
Қазақ жеріндегі жалпыимперлік басқарманың ең төменгі буыны ол  – болыстық. Ешқандай саяси 
маңызы  жоқ  бұл  билік  қызметін  Абай  атамыз  айтқандай  «Жақсы  менен  жаманды  ажырата  алмаған 
қалың қазақ елі» үлкен дәреже көрді. Патшалықтан силық алса төбесі көкке жеткендей қуанды. Бұл 
жөнінде  айтылатын  бір  деректе  Маевтің  патшалықтан  шапан  алғандағы  қуанғаннан  айтқаны.  Ол: 
«...енді  мені  барлығы  білетін  болады,  бұл  шапан  үшін  мен  бүкіл  әйелдерімді,  бай-лығымды  бере 
саламын»  [16]  деген  екен.  Осы  сарындас  жағдайларға  Ә.Бөкейханов  өз  көзқарасын  былайша 
баяндайды:  «Қазақ  орысқа  қараған  соң  бәйгі  аттай,  жорғадай  туысымен  болатын  шешен  озған  би 
жоғалды. Кім орысқа жағымтал болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды... Пара беріп ақты 
қара, қараны ақ қылатын күн туды, қазақ жақсысы орыс етегінен жем жегенді зор өнер көрді. [17] 
Болыстық  сайлау  кезіндегі  ел  ішіндегі  дау  қантөгіске  ұласып  жатты.  Бірін-бірінен  болыстық-ты 
қызғанып,  ағайын-рулас  ауылдар  партияға  бөлініп  жауласты.  Ал  мұны  уезд,  крестьянский 
начальниктер,  урядник,  стражниктердің  әдейі  ұйымдастырып  отырғанын  қазақтар  жете  түсіне 
алмады. Бұл саналы қоғам қайраткерлерін қатты қынжылтты. М.Дулатовтың «Сайлаулар хақын-да» 
атты өлеңі осындай ыза-кектен туған-тын: 

Сайлау басы төреге мың-мың ақша  
«Жаныңда стражник жоқ па екен онан басқа?» 
Стражник пен писірлер сүйінші алады, 
Бермей тағы болмайды hәм тілмәшқа 
Волост болар мал шашып, шығынданып, 
Сайлау өтер осылай тынымданып, 
Әбден болып алған соң расходын 
Бітіреді халықтан жылында алып. 
 
Қазағым бұл ғадлетті тасталық та, 
Халықты тура жолға басталық та 
Волост, билік, ауылнайлық, выборнойлық   
Қимайтұғын соншалық падишахлық па? [21] 
Осылайша  билік  үшін  өзара  қырқысып,  сайлау  кезінде  уезд  басшыларына  жағымпазданып  пара 
беріп, алысып-жұлысып жүріп билікке ие болған болыстарға арнап Абай ата былай дейді: 
«Бас-басыңа би болған өңкей қиқым, 
Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын 
Өздеріңді түзелер дей алмаймын, 
Өз  қолыңнан  кеткен  соң  енді  өз  ырқың»  [22],  делінген  шумақтар  сол 
елбұзарлардың қылмысын әшкерелеп-ақ тұр. 
Аталған  кезеңдегі  қазақтың  күнделікті  өміріндегі  өзгерістер  зиялылардың  еңбектерінде  асқан 
толғаныспен, еліне деген жанашырлықпен баяндалып жатқанына куә болды. Интеллигенция өкілдері 
биліқараңғылығы  көрініп  жататын  сайлау  мәселесін  ерекше  көтеріп,  оны  тоқтатуға  бар-лық  күшін 
салғанын  байқайыз.  Сондықтан  Алаш  ардагерлері  сүйектен  өтетін  сыни  теңеулер,  айыптаулар  мен 
түсіндіру, жол көрсетуге арналған шығармаларды дүниеге әкелді... 
Сонымен  мақала  соңын  қорыта  келе,  XIX  ғ.  соңы  –  XX  ғ.  басында  енді  ғана  қалыптасып  келе 
жатқан  зиялы  қауым  –  отаршылдықтың  қасіретін  жастайынан  көріп  өскен  азаматтардан  тұрды. 
Мұндай ел жанашырлары отарлық билік жүйесін өмірлеріне қанша қауіпті болса да, қайсарлық-пен 
қарсы  тұра  білді.  Сондықтан  келешек  ұлттың  жарқын  бейнесін  сомдау  бар  үшін  күш-жігерін 
аянбады.  Отан  алдында  адал  қызмет  жасап,  бостандық,  теңдікке  жетудің  амалдарын  іздеп,  қолда-
рында бар мүмкіндіктерді қолданып бақты. Отарлық билік жүйесінің нағыз жыртқыштық қызме-тін 
қазақ элитасы осылайша өткір сынға алды, әшкереледі, айыптады. 
 
1.  Сибирские вопросы, 1908., №45-46 – 6-10 б. 
2.  Сонда. 
3.  Доклад  1-съезду  Автономистов,  читанный  19-ноября  1905  года.  //  Тынышпаев  М.  История  казахско-го 
народа:Учебное пособие. – Алматы: «Санат», 2002. – 28 б. 
4.  ҚРОМА 64-қор, 2637-іс, 1-тізбе.  
5.  Дулатұлы М. (құраст. Дулатова Г., Иманбаева С.) 2003. – 78 б. 
6.  ҚРОМА 64-қор, 1-тізбе, 2637-іс, 36-парақ 248-313 парақ. 
7.  ҚРОМА 64-қор, 1-тізбе, 2637-іс, 36-парақ. 
8.  1-ГосДума., Стенограмма. Петроград 1916, – С. 99. 
9.  Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы., 1995, – 85 б.  
10.  Дулатұлы М. Шығармалар. – Алматы, 1992, 7 том 2, – 31 б. 
11.  ҚРОМА 15 қор, 1-тізбе, 212-іс, 38-парақ. 
12.  Бөкейханов Ә. Шығармалар – Алматы: Қазақстан, 1994. – 112 б. 
13.  ҚРОМА, 64-қор, 1-тізбе, 1144-іс 
14.  Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-том. – Алматы, «Алаш баспасы», 2006. – 175 
б. 
15.  Жұмабаев М. Шығармалар. 3 томдық, 1-том. – Алматы: Білім, 1995, – 99 б. 
16.  Царская колонизация в Казахстане. Сост. Оразаев С. – 86 с. 
18.  Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы, 1995, – 194 б. 
19.  Қазақ әдебиеті 5 қазан 1990. 
20.  Аймауытов. Ж. Шығармалар жинағы, 1989, – 106 б. 
21.  Жұмабаев М. Батыр Баян. – Астана: Елорда, 1998. – 196 б. 
22.  Дулатұлы М. (құраст. Дулатова Г., Иманбаева С.) 2002. – 38 б. 

23.  Қойгелдиев М. Ресей билігіндегі Жетісу. – Алматы, 2005. – 33 б. 
24.  ҚРОМА 64 қ., Іт., 2549 іс, 15-21П. 
25.  ҚРОМА. 64 қ., 1169 іс, 3 П. 
26.  Дулатов М. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1992 – 31 б. 
27.  ҚРОМА 369 қор., 6030 іс, І т. 
28.  ӨзРОММ, 461 қ, 1т, 1788 іс, 17П. 
 
Резюме 
Статья  рассматривает  источники  архива  ЦГА  РК,  где  выявлены  документы,  отражающие  критические 
взгляды  в  трудах  казахской  интеллигенций  на  колониальную  функцию  административного  аппарата 
Российской  империй.  Повседневная  жизнь  и  быт  казахского  аула  освещается  в  ракурсе  режима  имперской 
власти. Проблема исследования опиралась на новое направление  «социальная история». Содержание воп-роса 
раскрывается  на  основе  творчества  казахской  интеллигенций,  которые  были  свидетелями  колониаль-ного 
режима российской власти. 
 
Summary 
Article  considers  archive  TSGA  RK  sources  where  the  documents  reflecting  critical  sights  Kazakh  on  colonial 
function  of  administrative  apparatus  Russian  empires  are  revealed.  The  everyday  life  and  a  life  of  the  Kazakh  aulis 
shined  in  a  foreshortening  of  a  mode  of  the  imperial  power.  The  research  problem  leaned  against  a  new  direction 
«social history». The question maintenance on the basis of creativity Kazakh which were witnesses of a colonial mode 
of the Russian power. 
 
СОЦИОКУЛЬТУРНЫЕ ПОСЛЕДСТВИЯ 
МОДЕРНИЗАЦИИ 1920-1930 годы В КАЗАХСТАНЕ 
 
А.Д. Утегалиева – к.и.н., доцент кафедры социальных дисциплин, 
Алматинский Университет Энергетики и Связи 
 
1920-30  годы  были  драматической  вехой  в  развитии  казахского  этноса,  так  как 
кочевавшие на протяжении многих веков казахи подверглись насильственной модернизации 
и коллективизации, и этот процесс принял резкие, сжатые и трагические формы.  
Большевики  в  соответствии  с  логикой  тоталитарного  мышления  форсировали  этот 
процесс  и  навязывали  свой  путь  к  светлому  будущему.  Они  не  видели  необходимости 
растягивать оседание и адаптацию номадов в несколько десятилетий. Напротив, они видели 
в  кочевом  хозяйстве  одни  недостатки,  рассматривали  казахов-кочевников  как  диких 
аборигенов, которых надо посадить на землю и цивилизовать, превратив их в управляемую 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет