Резюме
В статье рассматривается история подготовки юридических кадров в 1920-1930 годы в Казахстане.
Summary
The article deals with the history of law specialists in Kazakhstan in 1920s and 1930s.
КЕҢЕСТІК КҮШТЕУ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
САЛАДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Л.К. Жаманбаева – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Қазақстан тарихының өзекті де жан ауыртарлық беттерінің біріне қазақ халқының
әлеуметтік-демографиялық мәселесі жатады. Қазақ тарихында орын алған небір қилы
зұлматтар ұлтымыз-дың өсіп-өнуіне көп залалын тигізгені бүгінде белгілі. Еліміздің
тарихындағы соңғы 300 жыл түрлі демографиялық метамарфозалардың, яғни күрт және кілт
өзгерістердің кезеңі ретінде сипатталып жүргендігі де шындық. [1, 13 б.]
Осындай апатты да зұлматты кезеңдердің бірі кеңестік кезең еді. Халқымыздың ғасырлар
бойы қалыптасқан этнодемографиялық жағдайы, алғашқыда отарлау саясаты әсерінен, кейін
ком-мунистік идеология ықпалынан көп өзгеріске ұшырады. Билік басына келген
коммунистік партия ұстанған әміршілдік-әкімшілдік қағида қоғамның барлық саласын толық
қамтып қана қоймай, қазақ халқының демографиялық жағдайына апатты әсер етті.
Қазақстанның кеңестік кезең тари-хының басты оқиғаларына негіз болған аграрлық
реформалар; байлардың мүлкін тәркілеп өзде-рін жер аудару; саяси репрессиялар; күштеп
отырықшыландыру; ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктің салдарынан болған қатты
ашаршылық; жергілікті халықтың шекаралас басқа рес-публикаға көшіп кетуі сияқты басқа
да саяси шаралар қазақтардың әлеуметтік-демографиялық жағдайына кері әсер еткен
факторлар. Кеңес үкіметі мен коммунистік партияның аталмыш саяси шараларының аймақта
күштеу саясаты арқылы жүзеге асқандығын жоғарыдағы мәселелер тарих-намасынан
байқадық. Осыдан шыға келе, халқымыздың санының азаюына әсер еткен кеңестік күштеу
саясатының мәнін мәселенің зерттелу деңгейін анықтау арқылы талдаудың маңызы зор.
Кеңестік кезең тарихнамасында, демография төңірегінде қомақты зерттеу еңбектері
жарық көрмеді десе де болады. Бірен-саран жазылған зерттеулер мәселені таптық тұрғыдан
бағалап, тек қана сандық мәліметтер ғана берді. Негізінен алғанда мәселеге қатысты
жариялымдар қатарында әр жылдардағы өткізіліп тұрған халық санақтарының мәліметтерін
атап өтуге болады. 80-ші жыл-дардан бастап, Қазақстан халқының демографиялық дамуына
деген көзқарас өзгеріп, зерттеуші-лер еңбектерінде демографияға саяси факторлардың әсері
талдана бастады.
Тәуелсіздік жылдары аталмыш мәселе төңірегінде бірқатар еңбектер мен зерттеулер
жарық көрген. Дегенмен, халықтың әлеуметтік-демографиялық жағдайына қатысты кеңестік
күштеу саясатының тарихын арнайы зерттеген еңбек жоқ. Аталмыш бағытта жазылған
еңбектер қатары-на, ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғаларға байланысты жарық көрген
еңбектер және жекелеген аймақтарды әлеуметтік-демографиялық мәселелрді ашып көрсетуге
тырысқан диссертациялық зерттеу жұмыстары жатады.
1990-шы жылдардан бастар болсақ, М.Қозыбаев, Қ.Алдажұманов, М.Қойгелдиев,
Т.Омарбеков секілді бірқатар тарихшы ғалымдардың кеңестік кезеңдегі күштеу саясатының
мәнін ашып көрсе-тетін еңбектері жарық көре бастады. Аталмыш авторлар зерттеулері
тікелей демографиялық мәселелерді қарастырмағанмен, сол кезеңдегі қалыптасқан
жағдайдан шыға отырып, халықтың азаюы мен апатқа ұшырауы салдарын ашып көрсете
алды.
Мәселені өзіндік жаңа қырынан қарауда ғалым, академик М.Қозыбаев зерттеулерінің
қосар үлесі зор. Танымал зерттеуші-ғалым еңбектерінде ХХ ғасырдың алғашқы
онжылдықтарында тарих бетінен орын алған әртүрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер жаңа қырынан талданып, тарихи зерттеудің ғылыми әдістері мен
теориялық-методолгоиялық негізі қаланған. Ғалымның «Тарихи сананы қалыптастырсақ»
деген мақаласында, «ХХ ғасырда демо-графиялық күйреулер нәтижесінде он қазақтың үшеуі
елін тастап, босып кетті. Шоқындыру, орыстандыру саясаты, қара шекпенді мұжықтарды
көшіру, тұтас халықтарды қазақ жеріне айдау нәтижесінде қазақ өз елінде азшылыққа
айналды. Оның тілі, діні, ділі, тарихы ұрпаққа керек болудан қалды», [2] – деп аталмыш
саясаттың апатты жақтарын ашып көрсеткен.
Т.Омарбеков сталиндік режимнің күштеп ұжымдастыру жылдарында орын алған алапат
аштықтан туындаған демографиялық апатты анықтауға мүдделі болмағандығын, мұндай
зерттеу «ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру» деген атпен жүргізіліп
шаруа халыққа орасан зор қасірет әкелген, кінәсіз жандарды жаппай жазалауға ұласып
кеткен қызыл империя саясатын әшкерелеуге алып баратындығымен түсіндірген. Зерттеуші,
аталмыш еңбегінде демо-графиялық мәселелердің ашаршылық жылдары кеміп кеткен
адамның қаншасы аштықтың және одан туындаған жұқпалы аурулардың құрбандықтары
деген тұстарын, босқындар, қазақтар қожа-лықтарының күштеп ұжымдастыру қарсаңындағы
саны туралы, басқа ұлттардың келіп қоныста-нуы мен олардың сандық көрсеткіші сияқты
жақтарын әртүрлі деректерді салыстыра, дәлелдей отырып талдаған. Мысалы, 1926, 1937,
1939 жылдардағы Бүкілодақтық сынақтар материалдарын және т.б. мұрағат деректерін өзара
салыстыра отырып, жалпы алғанда Қазақстаннан шығып кет-кен босқындар саны 500
мыңнан асып түсетінін анықтаған. 1933 жылы көктемде 500 мыңнан астам босқынның 300
мыңға жуығы Қазақстанның өзінің ішіндегі босқындар болғанын Л.Мирзоян-ның
И.Сталинмен В.Молотовқа жазған хатының мәліметтерін мұрағаттағы басқа да құжаттармен
салыстыра отырып дәлелдеп нақты көрсеткен. [3, 308 б.]
М.Х. Асылбеков пен Ә.Б. Ғалиевтың Қазақстанның 1917-1980 жылдар аралығындағы
әлеумет-тік-демографиялық ахуалын, жалпы сипаттап, осы кезеңдегі әлеуметтік-
экономикалық, саяси процестермен байланыстыра отырып жан-жақты қарастырған.
Мақаш Тәтімовтың 1993 жылы жарық көрген «Қазақ әлемі» [1, 160 б.] атты кітабында
демо-графиялық мәселелер көбіне кеңестік кезеңдегі саяси оқиғалардың күштеулік сипатын
баса айту арқылы талданған. Негізінен алғанда, М.Тәтімовтың бұл кітабы халқымыздың
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, кітап жазылғанға дейінгі аралықтағы демографиялық
дамуының жай-жап-сары жан-жақты зерделегендігімен құнды. Соның ішінде, голощекиндік
геноцид, сталиндік реп-рессия жылдарындағы озбыр шындық ашық көрсетілген.
М.Тәтімовтың, тек 1926-1959 жылдары ғана қазақтардың саны 58,7 пайыздан 29,8 пайызға
құлдыраса, орыстардың саны 20,5 пайыздан 42,7 пайызға бірақ көтерілгендігі туралы
мәліметтері [1, 11 б.], орталықтың күштеу саясатының бет-бейнесін айқындай түсетіні анық.
Сонымен қатар, демограф зерттеулерінде, 1937-1938 жылғы репрессия құрбандарына
байланысты 1938 жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның
атылғандығы туралы мәліметті [1, 128-144 бб.], мұрағаттан алынған атылғандар тізмін
қосымша көрсете отырып берген.
Ал, А.Н. Алексеенконың еңбегінде әлеуметтік-демографиялық жағдайдың күрт
нашарлауы-ның себептерін талдауда кеңестік билік саясатын емес, табиғат қуаңшылықтарын
көбірек кінә-лап, халық санының кемуі туралы біржақты пікір айтады. Еңбек тәуелсіздік
тұсында жазылған-мен, автордың әлі де болса, шынайы тұжырымдар жасауға бет
бұрмағанын көреміз.
Д.М. Сдыковтың өз зертеуінде 30 жылдар Кеңестік Қазақстанның тұрғындары тарихының
ең бір күрделі кезеңі ретінде бағаланып, оның трагедиялық мәні тек қана адамдар
шығынында емес, Сталин бастаған ел басшыларының тарих соты мен келешек ұрпақтан
тығып қойғысы келген қылмысты саясатының мәнінде екенін автор ашық көрсеткен. Ұзақ
жылдар бойы аталмыш мәсе-ле төңірегіндегі шындық қарапайым халықтан жасырылып
келгендегі ақиқат. 20-30 жылдары Қазақстанда қазақтардың басым бөлігі тоталитарлық жүйе
құрбанына айналып, азшылықты құра-ған болатын. Міне осы мәселелер М.Сдыков еңбегінде
орынды ашық көрсетілген. Автор мәлімет-терінің біріне сүйенсек, 1926 жылдың деректері
бойынша, бүкіл Қазақстан тұрғындарының 20,3 пайызы мекендеген Батыс Қазақстанда
жаппай қырылу нәтижесінде этнодемографиялық жағдай-дың күрт өзгергенін көрсетеді.
Соның ішінде, 400 мыңға жуық адамның қырылуы тұрындардың 20 пайызға азаюына алып
келгендігін көреміз. [4, 195 б.] Автор көрсеткен халықтың кему дина-микасы туралы
мәліметтері кеңестік күштеу саясатының жемісі екендігі зерттеуде жан-жақты талданып,
бағасын алған.
Демографиялық мәселелер тәуелсіздік жылдарында бірқатар диссертациялық жұмыстарға
арқау болды. Әртүрлі деңгейдегі зерттеу жұмыстарында демографиялық әлеуметтік
мәселелер аймақ шеңберінде қарастырылған. Аталмыш мәселе төңірегіндегі алғашқы
диссертациялық жұмыс 1996 жылы жарық көрді. А.М. Мамырханова зерттеулері [5] 1897
және 1926 жылдардағы санақ аралығындағы қазақ тұрғындарының демографиялық ахуалына
арналған. Ізденуші қазақ халқының саны мен орналасу проблемасын деректер арқылы
зерттеуге талпыныс жасаған. Екі санақтың сандық мәліметтерін келтіре отырып, жергілікті
тұрғындардың арасындағы халық ағар-ту, денсаулық сақтау проблемасын көрсетуге,
жұмысшы мамандардың қалыптасуын көрсетуге талпыныс жасаған.
С.Айымбетов 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық
және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер мәселесін зерттей отырып, кеңестік билік
әкелген жаңа идеялар мен зор өзгерістер тоталитарлық жүйе қыспағымен, зорлық-зомбылық
арқылы арқылы жүзеге асырылғандығынан атап көрсетеді. Зерттеуші 20-30 жылдар тарихын
тарихи демография тұрғысынан, яғни 1926, 1937, 1939 жылдардағы халық санақтарының
қорытындыла-рының негізінде зерттеп, талдау сол кезеңдегі елдің әлеуметтік-эконоимкалық,
мәдени жағдайын дұрыс айқындауға көмектесетіндігін ашып көрсеткен. Ізденуші пікірі
бойынша, санақ қорытын-дылары бойынша, тек халық саны туралы мәліметтерді
салыстырғанның өзінен, елдегі саясаттың халықтың өсу динамикасына тигізген әсерін көруге
болады және жалпы санақ қорытындыларын-да берілген мәліметтер өз кезеңіндегі елдегі
жүргізілген саяси, әлеуметтік, экономикалы, мәдени өзгерістердің, саясаттың көрсеткіші
іспеттес. [6, 4 б.]
Сонымен қатар, зерттеуші, 1926-1939 жылдардағы республика халқының санын және
ұлттық, жастық, жыныстық құрамын, білім деңгейі мен территориялық орналасудағы
өзгерістерді, оның себептерін ашу, әсіресе, 1931-1933 жылдардағы жаппай аштықтың
қазақтарды демографиялық апатқа ұшыратқандығын көрсетіп, одан құрбан болғандардың
санын нақтылауға тырысқан. Зор-лап жаппай ұжымдастыру саясатының нәтижесінде
жекеменшік шаруалардың, колхоз мүшелері-не айналуын, олардың саны мен құрамындағы
әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерді белгі-леуге талпыныс жасаған. Атап көрсетер
болсақ, автор, 1931 жылы ауыл-село тұрғындары 4263,6 адам болып, 1930 жылмен
салыстырғанда 1 млн. 710 мың адамға азайғандығы туралы, құжаттар-ға негізделген мәлімет
береді және оның бірнеше себебін атап көрсетеді. «Біріншіден – деп жаз-ды С.Айымбетов –
сол жылдары республикада әр түрлі құрылыс орындарының кең өріс алуына байланысты,
ауыл тұрғындарының арасынан сол құрылыстарға кету байқалады, екіншіден, ұжымдастыру
кезінде көпшілігі бұрын егін екпеген халыққа астық салығы салынды. Мал өсіру-дің орнына
қуаңшылық жерлерде егін егуге мәжбүр болған халық, шықпаған астықтың орнына
қолындағы малын сатып, түскен қаржысына астық сатып алып өкіметке өткізген еді.
Нәтижесін-де аштық басталды. Үшіншіден, зұлмат жылдарында жан сауғалап өзге
республикаларға, шет елдерге қоныс аударған қазақ қожалықтары көп болды». [6, 58 б.]
Халықтың әлеуметтік-демографиялық жағдайына қатысты кеңестік күштеу саясатының
көріні-сін, автордың жоғарыда көрсеткен себептерінен анық көруге болады. Сондықтан да,
С.Айымбетов зерттеулері мәселенің зерттелу деңгейін ашуда құнды еңбек болып табылады.
Қазақ халқының әлеуметтік-демографиялық ахуалына кеңестік саясаттың күштеулік мәнін
ашуға көмектесетін зерттеулер қатарын толықтыратын М.Малышеваның еңбегінде 20-30
жыл-дардағы демографиялық тұрғыдан этностың 40 пайызынан айрылуы, күмәнсіз қазақ
халқының трагедиясы екендігінен шыға отырып, автор, қазақтардың аштықтан құтылу үшін
Қазақстаннан тысқары қашуы өмір үшін болған арпалыс екендігін көрсетілген. Сібір өлкелік
атқару комитеті-мен басқарылған аймақта 40 мыңға жуық қазақ болғандығын, аштықтың бас
кезінде, ол санның «қашқын көшпенділер» есебінен тағы бірнеше есеге өскендігін, аштық
біткеннен кейін халықтың біразі елдеріне оралғаннан кейін де қалған қазақ диаспорасының
саны 60 мыңға жеткендігін [7, 10 б.] ғылыми тұрғыдан дәлелдей отыра ашып көрсеткен.
Сонымен қатар, М.Малышева, Кеңес өкіметінің ұлт мәселесі төңірегіндегі бағдарламалық
және директивалық нұсқауларының ішкі мазмұнын талдай отырып, әміршіл-әкімшіл жүйенің
қазақ халқының әлеуметтік-демографиялық ахуалына тигізген зардаптарын, күштеулік мәнін
терең талдаған.
Халықтың әлеуметтік-демографиялық жағдайына қатысты кеңестік күштеу саясатының
зерт-телуі мәселесін қорытындылай келе, әлеуметтік-демографиялық ахуалға қатысты
мәселелер тәуелсіздік бәрқатар еңбектерде жан-жақты талданғаны анықталғанмен, осы
мәселе аясындағы күштеу саясатының зерттелуі алғаш рет проблема ретінде көтеріліп
отырғандығын баса көрсете-міз. Сондықтан да, болашақта сталиндік-голощекиндік күштеу
саясатының қазақ халқының демографиялық дамуына тигізген кері әсерлері жеке мәселе
ретінде диссертациялық зерттеулерге арқау боларына сенеміз.
1. Тәтімов М. Қазақ әлемі. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993. – 13 б.
2. Тарихи сананы қалыптастырсақ // мына кітапта: Қозыбаев М. Киелі тәуелсіздік. – Алматы: Баспалар
үйі, 2003. – 448 б.
3. Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстандағы демографиялық апаттың зардаптары //
Т.Омарбеков 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. – 303-314 бб.
4. Сдыков М.Н. История населения Западного Казасхтана. – Алматы, 2004. – 408 с.
5. Мамырханова А.М. Казахское население между переписями 1897-1926 гг. Автореф. Дисс. канд. ист. наук.
– Алматы, 1996. – 24 с.
6. Айымбетов С. 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық және
әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. тар. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 1998. – 191 б.
7. Малышева М.П. Казахи в Сибири в период демографических кризисов (1919-1934 гг.). автореф. док. ист.
наук. – Алматы, 2002. – 50 с.
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы изучения силовой политики в социально-демографической
сфере советского периода. Автор на основе историографического анализа показывает основные направле-ния
изучения данной проблемы. Отмечает важности изучения негативных влияний советской силовой политики на
демографическое развитие казахского народа.
Summary
Problems of studying a strong-arm policy in socially-demographic sphere of the Soviet period are considered in this
article. On the basis of the historiographic analysis the author shows the basic directions of studying the issue. Also the
author makes special attention of importance of studying the negative influences of the Soviet strong-arm policy on
demographic development of the Kazakh people.
НОРМЫ ПРАВА И ОБЫЧАИ КАЗАХСКОЙ СТЕПИ
М.М. Айтказина – к.и.н., доцент кафедры «СГД» КазАТК им. М.Тынышпаева
Правовая система Казахстана входит в романо-германскую правовую семью, образуя в ней
вместе с правовыми системами России и других республик СНГ самостоятельную
"евразийскую" группу.
Вплоть до 1920-х гг. на территории современного Казахстана господствовала система
обычно-го права. Она существовала преимущественно в устной форме, что было естественно
при почти сплошной неграмотности населения. Обычное право отличалось архаичностью и
противоречиво-стью, его нормы соответствовали потребностям патриархального общества
кочевников-скотово-дов. Особенностью изучения истории казахского права русскими
исследователями стал его при-кладной характер: казахские правовые нормы фиксировались
и собирались с целью их дальней-шей кодификации в иную правовую систему.
Первые попытки русской власти реорганизовать суды биев в степных областях относятся
к началу XIX века. По территориально-административной реформе – «Устав о сибирских
кирги-зах» от 1822 года из компетенции бийских судов выводились «уголовные
преступления», к кото-рым, кроме преступлений против власти, были отнесены убийства,
грабежи. Телесные наказания были отменены, бии имели право приговаривать осужденных
только к штрафам.
В 1830-1850-х годах был принят ряд новых законодательных актов. В частности,
кочевники формально получили право по их желанию обращаться не к биям, а в имперский
суд. Вскоре эти попытки регулирования народного суда были признаны безуспешными и
неудачными, поскольку лишь дискредитировали судебную власть в глазах населения,
которое избегало русского суда и стремилось решать дела по обычным правилам.
В 1832 г. вышла работа А.И. Левшина, которая представляла собой составленное по
архивным материалам и личным наблюдениям описание устного свода обычного права
казахов «Жеты-Жаргы». Наиболее значительная кодификация обычаев была предпринята
при Тауке-хане: соз-данное им «Жеты-Жаргы» не было писаным правом, а представляло
собрание устных пословиц и изречений, которые обязаны были знать каждый носитель
власти – хан, султаны, судьи, старши-ны и аксакалы казахских родов.
Считается, что при создании своих законов Тауке-хане собрал трех биев Старшего,
Среднего и Младшего жузов и провел классификацию кодификации права в современном
понимании, т.е. рассмотрел существовавшие казахские обычаи, старые статьи адаптировал к
новым социальным условиям.
Пополнялись и видоизменялись в процессе судебной деятельности ханов, султанов и
особенно биев, решения наиболее авторитетных из которых становились обязательными
прецедентами. Одной из форм правотворческой деятельности биев были положения
нескольких биев (ереже) о том, какими именно нормами обычного права они будут
руководствоваться при рассмотрении определенных судебных дел. Такие ереже становились
источниками права. Посредством судеб-ных прецедентов и ереже казахские бии внесли в
обычное право (под влиянием мусульманского духовенства) некоторые нормы шариата,
жестоко каравшие за отступления от требований ислама, например «…богохульника,
изобличенного семью свидетелями, должно убивать камнями» или «…еже ли кто примет
христианскую веру, у того родственники отнимают весь его скарб».
Организации суда, штраф за правонарушения и преступления. Открыто были выделены
преи-мущества неимущих слоев в казахском обществе: это выделение особого статуса
султанов, ход-жей: «Кто убьет султана или ходжу, тот платит родственникам убитого «кун»
за 7 человек. Оби-да султана или ходжи словами наказывается долгом в 9 скотин, а за побои
– 27 скотин».
Право частной собственности на землю по представлениям казахов вплоть до и после
присое-динения Казахстана к России отсутствовало. Пастбища по обычному праву казахов
считались общей собственностью. Фактически вся земля была собственностью хана. За нее
они получали феодальную ренту в виде всевозможных податей. Зимовки уже в XVIII веке
находились в част-ном владении феодалов.
В обычном праве юридического оформления нормы купли-продажи в кочевой семье не
имели под собой законности; дарения, наследования земли происходили как процесс веками
закреплен-ный предками передачи от старшего к младшему. Практически скотоводов,
кочующих на огром-ных пространствах, интересовало лишь два вида юридического
отношения к земле: право распо-ряжения кочевьями-пастбищами и право захвата пастбищ и
водопоев. Все эти права принадлежа-ли казахским феодалам. На остальные средства
производства, в том числе на скот и на средства потребления, в казахской степи с
незапамятных времен существовала частная собственность. Однако она по обычному праву
была существенно ограничена патриархальными формами. Так, не только сын у отца, но
даже племянник у дяди имел право брать трижды без разрешения любую вещь из его
имущества и делать ее своей собственностью. По законам Тауке-хана знаком частной
собственности на скот была семейная тамга.
Наиболее распространенными видами договоров у казахов были мена, заем, ссуда скотом.
Мена была договором, посредством которого кочевники приобретали у среднеазиатских и
русских купцов орудия труда, которые окупалось или обменивались на скот и на продукты
ско-товодства. Мена производилась непосредственно на меновых базарах и дворах.
Предметом займа был скот – срок не более года. Должник обязан был возвратить долг с
при-плодом. Для обеспечения обязательства кредитор мог при заключении договора
требовать от должника представления поручителя. Поручителем обычно выступал
достаточно состоятельный скотовод. Он мог брать на себя два вида обязательств – отвечать
за должника в случае его несостоятельности и предоставить кредитору должника к
обусловленному сроку для исполнения обязательства.
Семейное право в кочевом обществе представляло собой семейную ячейку аула,
состоявшего из нескольких родственных семей и зависимых скотоводов и обедневших
сородичей.
Семья не являлась хозяйственно-обособленной ячейкой, она была связана с родственными
семьями. Обычное право, определяя круг родственников, исходило из принципа экзогамии
до седьмого колена родства. Семьи, входившие в круг экзогамного родства, сохраняли
хозяйствен-ное и общественное единство. Имущественные и иные споры внутри этой семьи
не были подсуд-ны бийскому суду.
Главой семьи считался отец; жены, дочери и даже матери были ограничены в правах. Муж
и отец распоряжался всем имуществом семьи, но не в ущерб интересам семьи и рода. Так,
отец имел право наказывать сына, но не мог лишать его права на выдел, обязан был выдать
дочь замуж с приданым, выплатить кун за преступление сына. При жизни мужа наравне с
ним могла распоряжаться имуществом и жена, но не в ущерб детям и родичам мужа. Вдова
распоряжалась имуществом до достижения сыновьями совершеннолетия и при условии
проживания среди роди-чей мужа.
Правовые отношения в кочевом обществе (суд биев). В казахском обычном праве дело не могло
возбуждаться по факту преступления, процесс начинался только по инициативе потерпев-шего. Суд
по казахскому обычному праву был гласным, состязательным, все дела, как уголов-ные, так и
гражданские имели исковый характер.
Бии выбирались по взаимному соглашению сторон, причем бию мог быть дан отвод, но толь-ко до
начала процесса. Рассмотрение дела начиналось с обряда бросания перед судьей плетей истцом и
ответчиком. Это символизировало согласие обеих сторон с составом суда и согласие с будущим
решением.
Прежде чем начать процесс, бий предлагал сторонам примирение и в случае отказа начинал
слушанье. Обычно это происходило при большом стечении народа, причем не только заинтересо-
ванных людей, но и всех желающих.
Дело излагалось в устной форме истцом или его представителем, ответчик также мог изло-жить
свою версию сам или через представителей. В их роли выступали чаще всего лица, знако-мые с
нормами обычного права. Бий мог вызвать свидетелей, явка которых обеспечивалась заин-
тересованной стороной.
Казахское обычное право предусматривало различный подход к свидетелям в зависимости от их
социального статуса. Не принимались свидетельства женщин, ближайших родственников ист-ца и
ответчика, несовершеннолетних и лиц, признанных сумасшедшими. Свидетельства рядовых
общинников имели доказательную силу только после того, как честность свидетелей подтверж-
далась присягой. Свидетельства же султана, бия и других влиятельных лиц, принимались без
присяги.
Справедливость судебного процесса была зависима от авторитета бия и вынесенных им реше-ний,
максимально удовлетворяющих обе стороны.
Данный орган оставался закрытым для русской администрации в плане судебных решений и с
позиции формального учета деятельности народного суда. В целом при такой ситуации русская
администрация не могла эффективно контролировать порядок и уровень преступности среди
местного населения.
В середине 1850-х годов к окончанию царствования Николая I практическое
использование кодексов казахского адата оставалось нереальным делом.
Изменение центральной власти не могло быть составляющей необходимостью имперской
политики на окраинах России. Такой поворот во взглядах правительства частично был связан
с реакцией на серию волнений на окраинах, включая восстание Шамиля и выступления
кочевого населения в казахской степи в 1830-1840 гг.
Дальнейший сбор и письменная фиксация норм «Адата» проводились в научно-
познаватель-ных целях. В этом были заинтересованы, в частности, уездная и областная
администрации Степ-ного и Туркестанского края. Администрация и уездные судьи по роду
своей деятельности долж-ны были контролировать систему народного суда и управления у
кочевого населения; при этом они постоянно сталкивались с необходимостью рассматривать
многочисленные жалобы местных жителей. В 1870-1890 годы русская власть обязала биев
записывать решения в особые книги, чиновники и ученые стали собирать и публиковать
ереже.
Таким образом, казахские обычные нормы не только были зафиксированы, но и
адаптированы к новым условиям, то есть подверглись некоторым изменениям уже за счет
вмешательства пред-ставителей власти. Причем эти изменения и дополнения были настолько
существенны, что поз-воляют говорить о появлении новых правовых норм и актов. Это
наглядно проявилось в содер-жании норм «Семи уложений», донесенных до нас первым
письменным правовым источником.
1.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких гор и степей.
2.
Рулан Н. Юридическая антропология. – М.: Норма, 2000.
3.
Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии. – М.,
1980.
Достарыңызбен бөлісу: |