С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)



жүктеу 2.71 Mb.
Pdf просмотр
бет1/19
Дата16.02.2017
өлшемі2.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ISSN 1728-5461
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК
 
 
 
«Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы  
Серия «Исторические и социально-политические науки» 
№ 4 (31), 2011 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2011 
 

Абай атындағы 
Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетi 
 
ХАБАРШЫ
 
 
«Тарих және саяси-әлеуметтік 
ғылымдар» сериясы,  
№ 4 (31), 2011 
 
Шығару жиiлiгi – жылына 4 нөмiр. 
2000 ж. бастап шығады
 
 
 
Бас редактор 
тар.ғыл.д. Ғ.Қ. КЕНЖЕБАЕВ 
 
 
Редакция  алқасы: 
тар.ғыл.д., проф.С.Т.Орумбаев 

ас ред. орынбасары), 
тар.ғыл.к.,доц. С.Х.Байдильдина   
(жауапты хатшы), 
тар.ғыл.д.,проф.Х. М.Әбжанов, 
тар.ғыл.д.,проф.Қ.Т.Жұмағұлов, 
Тюбинген университетінің 
профессоры М. Майер (Германия), 
тар.ғыл.д., проф. В.М.Козьменко
 
 
(Ресей Федерациясы),  
тар.ғыл.д.,проф. Қара Әбдіуақап 
(Түркия), 
тар.ғыл.д.,проф.М.Қ.Қойгелдиев 
тар.ғыл.д., проф. К.Р.Несіпбаева, 
тар.ғыл.д.,проф. О.Д.Осмонов 
(Қырғыз Республикасы), 
тар.ғыл.д., проф. А.Б.Соколов  
(Ресей Федерациясы),  
тар.ғыл.д., проф. Ғ.Х.Халидуллин 
 
©
 
Абай атындағы  
Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетi, 2011
 
 
Қазақстан Республикасының мәдениет 
және ақпарат министрлiгiнде 
2009 жылы мамырдың 8-де тiркелген  
№ 10102 - Ж  
 
Басуға 16.02.2012 қол қойылды. 
Пiшiмi 60х84 1/8. Көлемi 20 е.б.т. 
Таралымы 300 дана. 
Тапсырыс 29. 
 
050010, Алматы қаласы,  
Достық даңғылы, 13.  
Абай атындағы ҚазҰПУ 
   
Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университетiнiң 
өндірістік-жарнама бөлімінің 
 баспаханасы 
 
 
Казахский национальный 
педагогический 
университет имени Абая 
М а з м ұ н ы 
С о д е р ж а н и е 
 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАРИХ 
СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКАЯ ИСТОРИЯ 
 
Берлібаев  Б.Т.  Қазақстандағы  тарихи  білімнің  даму 
тенденцияларын іріктеу................................................................. 
Тулекова  М.К.  Қазақстандағы  көші-қон  процесі:  заңсыз 
миграция және иммиграция мәселесі........................................... 
Пилипчук Я.В. Война в жизни кыпчаков. Противостояние с 
другими кочевниками.................................................................... 
Абдирайымова  А.С.,  Мырзалы  С.К.  О  развитии 
человеческого капитала в условиях независимости................... 
Қабдөшев Б. Орынбордағы өлкелік заң курсы........................... 
Жаманбаева  Л.К.  Кеңестік  күштеу  саясатының  әлеуметтік-
демографиялық саладағы көріністерінің зерттелуі..................... 
Айтказина М.М. Нормы права и обычаи казахской степи....... 
Джолдыбаева  У.М.  Орталық  Азиялық  мемлекеттерде 
шекарааралық экологиялық мәселелердің шешілуі.................... 
Дюсебаева  Г.К.  Некоторые  страницы  истории  ислама  в 
Павлодарском Прииртышье в 20-30 гг. хх века……………….. 
Мырзатаева  З.  Алаш  зиялыларының  еңбектеріндегі 
қазақтардың  күнделікті  өмірі  (ХІХ  ғ.  соңы  –  ХХ  ғ. 
басы)................................................................................................ 
Утегалиева 
А.Д. 
Социокультурные 
последствия 
модернизации 1920-1930 годы в Казахстане............................... 
Кулиева З. Новые факты генезисе Кура-Аракской культуры в 
Нахчыване....................................................................................... 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР 
ПЕРСОНАЛИИ 
 
Хафизова К.Ш. Чокан Валиханов в китайской историографии. 
Кенжебаева  Ғ.Қ.,  Манкеев  Н.Б.  Х.Әділгереев  тарихшы-
ғалым және ұлағатты ұстаз............................................................... 
Шалтықов Ә.Е. Шоқан Уәлиханов – саяси қайраткер.............. 
Әзіретбергенова  Э.  Сералы  Лапин  және  Ресей  мемлекеттік 
думасы............................................................................................. 
 
ЖАЛПЫ ТАРИХ 
ВСЕОБЩАЯ ИСТОРИЯ 
 
Shumagulov K. Die literarischen nachrichten der antikezeit über 
die frühgermanen.............................................................................. 
 
ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХНАМА 
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ И ИСТОРИОГРАФИЯ 
 
Тимченко  С.В.  Политика  России  и  некоторые  вопросы 
казахско-кокандских отношений в русской дореволюционной 
историографии................................................................................ 
Меңілбаев  Ғ.А.  Қазақ  халқында  ру-тайпа,  шежіре,  жеті  ата 
тарихының алатын орны................................................................ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
12 
 
18 
20 
 
25 
29 
 
31 
 
36 
 
 
39 
 
44 
 
46 
 
 
 
 
49 
 
54 
58 
 
62 
 
 
 
 
 
65 
 
 
 
 
 
 
70 
 
76 
 
 
 
 
 
 

 
ВЕСТНИК 
 
Серия «Исторические  
и социально-политические 
науки», 
№ 4 (31), 2011 
 
Выходит с 2000 года. 
Периодичность – 4 номера в год 
 
Главный редактор  
д.и.н. Г.К. КЕНЖЕБАЕВ 
Редакционная коллегия: 
д.и.н., проф. С.Т.Орумбаев 
(зам.гл.редактора), 
к.и.н., доцент С.Х.Байдильдина 
(ответ.секретарь), 
    д.и.н., проф. Х.М.Абжанов, 
    д.и.н., проф. К.Т.Жумагулов, 
профессор Тюбингенского 
университета М. Майер 
(Германия)
д.и.н., проф. В.М.Козьменко 
(Российская Федерация),  
д.и.н.,проф. Кара Абдиуакап 
(Турция), 
д.и.н., проф.
 
 
М.К.Койгелдиев

д.и.н., проф. К.Р.Несипбаева, 
д.и.н., проф. О.Д.Осмонов 
(Кыргызская Республика), 
д.и.н., проф. А.Б.Соколов 
(Российская Федерация), 
д.и.н., проф. Г.Х.Халидуллин 
 
© Казахский национальный 
педагогический университет  
имени Абая, 2011 
 
Зарегистрировано  
в Министерстве культуры и информации 
Республики Казахстан  
8 мая 2009 г. № 10102-Ж 
 
Подписано в печать 16.02.2012.  
Формат 60х84 1/8. 
Объем 20 уч.-изд.л.  
Тираж 300 экз. Заказ 29. 
 
050010, г. Алматы,  
пр. Достык, 13. КазНПУ им. Абая 
 
Типография производственно-рекламного 
отдела Казахского национального 
педагогического университета 
 имени Абая
 
АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ 
АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ 
 
Котошева  Г.  Субстанциональная  сущность  этноса  как 
системы............................................................................................ 
Төлеубаева  К.М.  Қазақтар  мен  өзбектердің  қайтыс  болған 
адамды 
жерлеу, 
өліктің 
артын 
күту 
ғұрыптары 
(салыстырмалы түрде)................................................................... 
Калыш  А.Б.  Қазақ  халқының  дәстүрлі  мерекелері  мен 
ойындары: генезисі және даму тенденциясы............................... 
Гаджылы  З.Дж.  Захоронения  с  каменными  покрытиями 
бассейна  реки  Товузчай,  относящиеся  к  концу  бронзового-
началу железного периода............................................................. 
Котошева 
Г. 
Этническое 
мировоззрение 
как 
самоидентификация духовной сущности этноса........................ 
 
ЖАС ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
ИССЛЕДОВАНИЯ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ 
 
Тагиева  М.  Русские  чиновники  о  месте  азербайджанского 
шелка в международной торговле в первой половине XIX в.... 
Манкеев  Н.Б.  Абай  атындағы  қазақ  педагогика  институты: 
ғылыми-педагог  кадрлар  әлеуетінің  сандық-сапалық  құрамы 
және олардың кәсіби белсенділігінің артуы (1960-1990 жж.).... 
Байжұманова  З.  Тәуелсіз  қазақстан:  табыстары  мен 
жетістіктері..................................................................................... 
Аманжолова Д. Религиозная политика российской империи в 
кочевом обществе........................................................................... 
Канагатова  А.И.  Каспийский  регион  и  нефтяной  фактор  в 
международных отношениях........................................................ 
Nurzhanova  Zh.A.  The  Great  Silk  Road  is  the  way  of  the 
civilization dialogue......................................................................... 
 
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА 
АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХ ЖӘНЕ 
ТҰЛҒА. ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-
ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНАН 
2011 ЖЫЛ, 25 ҚАРАША 
 
Қойгелдиев М.Қ. Старшын Исатай Тайманұлы және Жәңгір 
хан (баяндаманың тұжырымдары)................................................ 
Қосымова Г. Махамбет шығармаларындағы тарихи шындық. 
Ажибекова З. Махамбет мұрасындағы Исатай батыр тұлғасы 
Қозиева
 
Г.Б.  Халел  Досмұхамедұлы  Исатай  Тайманұлы 
бастаған азаттық қозғалыстың зерттеушісі................................. 
 
Тәуелсіздік  –  еліміздің  ерлік  жолы
.
  Абай  атындағы 
ҚазҰПУ-де  тарих  факультеті  студенттерінің  қатысуымен  ел 
еркіндігінің 20 жылдық торқалы тойына арналған «тәуелсіздік 
– еліміздің ерлік жолы» тақырыбында дөңгелек үстел.............. 
 
Тәуелсіз  Қазақстанның  саяси  жаңаруы:  тәжірибе  және 
тағылым. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих факультетінің 
теориялық-қолданбалы 
саясаттану 
және 
әлеуметтану 
кафедрасы өткізген дөңгелек үстел.............................................. 
 
 
 
 
 
 
83 
 
 
87 
 
93 
 
 
101 
 
105 
 
 
 
 
 
110 
 
 
114 
 
122 
 
125 
 
131 
 
134 
 
 
 
 
 
 
 
 
137 
139 
141 
 
143 
 
 
 
 
146 
 
 
 
 
149 
 
Білім  және  ғылым  саласында  қадағалау  және  аттестациялау  жөніндегі  комитеттің  2005  ж.  №  476  «Диссертациялардың  негізгі 
ғылыми  нәтижелерін  жариялайтын  басылымдар  тізбесіне»  2003  ж.  26  маусымдағы  №  433-3  ж  бұйрығына  толықтыру  енгізу  туралы 
бұйрығы негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ тарихи ғылымдары бойынша (07.00.00. мамандығы) Хабаршы БҒСҚАК тізіміне енгізілген. 
 
На основании приказа Комитета по надзору и аттестации в сфере образования и науки за № 476 от 2005 г. о внесении дополнений 
в приказ от 26 июня 2003 г. № 433-3 ж "Об утверждении Перечня изданий для публикации основных научных результатов диссертаций" 
Вестник КазНПУ им. Абая по историческим наукам (специальность 07.00.00) внесен в Перечень КНАСОН 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАРИХ 
СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКАЯ ИСТОРИЯ 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ІРІКТЕУ 
 
Б.Т. Берлібаев – т.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры 
 
Бүгінгі  таңда  дүниежүзілік  тарих  ғылымының  стратегиясы  жаңа  мыңжылдықтағы 
қоғамдық  даму  тенденцияларының  бірнеше  белгілерін  басшылыққа  алумен  сипатталады. 
Осы  үрдіспен  санасу  барысында,  Қазақстан  үшін  оның  негізгі  төрт  белгісінен  туындайтын 
басымдықтарға  сүйеніп,  соның  ішіндегі  өзімізге  қолайлы  тенденцияларды  іріктеуге  тура 
келеді...  Біздің  айтайық  деген  әлемдік  деңгейдегі  қоғамдық  даму  тенденцияның  бірінші 
белгісі,  кейбір  дамушы  елдердің  өз  қоғамындағы  гуманитарлық  ғылым  саласына  қаржы 
бөлгенде,  оған  ерекше  басымдық  беру  ерекшелігімен  байқалса,  екінші  белгісі,  тағы  бір 
елдердің гуманитарлық сала кадрларының бәсе-кеге қабілеттілігін бірінші орынға қоюымен 
сипатталады.  Үшінші  белгісі  –  ХХ-ғасырдың  соңғы  жылдарынан  орныққан  технологиялық 
ақпарат  жылдамдығы  мен  жаһанданудың  әсерінен  болған  елдер  арасындағы  қоғамдық-
экономикалық  даму  тепе-теңдігінің  бұзылуынан  туындайды.  Бұдан  байқайтын  тарих 
ғылымының  алдындағы  кезек  күттірмейтін  мақсат,  ол  –  елдер  арасындағы  даму  тепе-
теңдігінің бұзылуына тосқауыл қоя білумен ерекшеленеді. Жаңа мыңжылдықтағы даму тен-
денцияларының төртінші белгісі, қоғамдық дамудағы ғылым мен техниканың және білімнің 
адамзат игілігіндегі рөлін барынша бағалаумен сипатталады. 
Әлемдік тарихи білімнің дамуында ескеретін осы жоғарыдағы тенденцияларды ескергенде 
және  қазіргі  таңдағы  бүкіл  әлемдік  қаржы  дағдарысының  үдемелі  жағдайында,  Қазақстан 
үшін  дүниежүзілік  тарихи  білімнің  ілгері  басуындағы  бірінші  белгіні  таңдаудың  қажеті 
шамалы.  Біздің  ойымызша,  қазірге  өтпелі  кезеңнің  күрделі  түрін  бастан  өткізіп,  қаржы 
дағдарысына  бәлендей  ұрына  қоймаған  біздің  еліміз  үшін,  жоғарыда  айтылған  әлемдік 
тарихи  білімнің  ілгері  басу  тен-денциясының  ішінде,  бәсекеге  қабілетті  кадрлар  таңдаумен 
сипатталатын оның екінші белгісін таңдау – көңілге қонады. 
Ал  біздің  еліміздің  тарихындағы,  тіпті  бер  жағын  жұқалап  айтқандағы,  қазақ  этнонимі 
туралы  басы  ашылмаған,  екі  ұшты  күрделі  мәселелердің  байыбына  бармай  тұрғанда,  елдер 
арасындағы  тепе-теңдікті  тұрақтандыруға  дәнекер  болу,  немесе  дүниежүзілік  ғылымда, 
техникада,  білімде  басқалардың  алдына  шығып,  лидер  рөлін  атқару  сияқты  үшінші  және 
төртінші  даму  тенденция-ларына  арқа  сүйеу  –  біздің  еліміздің  даму  барысын  кездейсоқ 
келеңсіздіктерге  ұрындыруы  мүм-кін.  Соған  қарамастан,  біздің  елімізде  жаңа 
мыңжылдықтағы даму тенденцияларының үшінші және төртінші белгілеріне бейімделуден 
туңындайтын  алға  оза  шапқан  көріністері  бар.  Айта-лық,  қазіргі  дүниежүзілік  өркениеттің 
игілігі  үшін  этникалық,  рассалық  және  идеологиялық  ерек-шеліктеріне  қарамастан, 
өркениетті әлем жұртшылығының алдын орап, адамзаттың бірлігі жөнінде ұсыныс білдіру – 
Қазақстан басшылығының ой-тұжырымдарында кездеседі. 
Өткен тарихымзға үңілсек, тарихи білімдегі  ой-сананы дамытуда Кеңес дәуірінде де ХХ 
ға-сырдың  50  жылдарының  аяғы  мен  60  жылдарының  бас  кезінде  қарама-қарсы 
тенденциялар  орын  алған  еді.  Сол  дәуірдегі  кеңестік  идеологияға  негізделген  тарихи 
білімдегі  1-ші  тенденция  бойын-ша,  оқуды  еңбекпен  ұштастырған  жағдайда  ғана,  адамның 
бойындағы  тарихи-білімдік  ой-сана  жұғымды  болатыны  дәріптелді.  Алайда,  мектептің 
өмірмен  байланысын  әр  елдің  өзінің  ерекшелі-гіне  сәйкес  дамыған  шынайы  тарихы  ғана 
көрсетіп  бере  алатын  еді.  Осыған  қарамастан,  кезіндегі  кеңестік  саяси  озбырлықтан 
туындайтын жымысқы түрдегі шовинистік ықпалға байланысты КСРО-дағы барлық одақтас 
республикаларда негізінен орыс тарихы басыңқы түрде оқытылған-дықтан, ХХ ғасырдың 50-
60  жылдарындағы  КСРО  басшылығы  өз  кезегінде  тағы  да  саясатқа  жү-гініп,  тарихи 
шындықтың  сырын  ашатын  тарих  ғылымының  рөлін  халықтан  жасыруға  тырысты.  Ал 
кеңестік  гуманизмге  негізделген  сондағы  2-ші  тенденция  бойынша,  тек  қана  әділеттіліктің 
шыңына  жетелейтін  коммунизмнің  «шындығы»  насихатталғандықтан,  тарихи  білімдік  ой-
сана  негізінен  осы  дақпыртқа  бағындырылды.  Дұрысында,  кеңес  өкіметінің  алғашқы 
жылдарынан  бас-тап  көптеп  ашылған  педагогикалық  оқу  орындарының  құдіретімен 

қалыптастырылған  кеңестік  тарихи  білімдік  ой-сана,  1950-1960  жж.  кеңес  басшылығының 
әбден  шатасуынан  барып  қабыл-данған  шешімдер  барысында,  одақтас  республикалардағы 
ұлттық тарихи-білімдік ой-сананың біртіндеп қалыптасып келе жатқанын байқамай да қалды. 
Көріп отырғанымыздай, қалай болғанда да, кез келген мемлекеттің прогрессивті даму өрісі, 
негізінен  гуманитарлық  ғылымның  ілгері  ба-су  тенденцияларымен  өлшенеді.  Бірақ  оларды 
өмір ағымына байланысты таңдай білу – ең алды-мен белгілі бір елдегі тарихшы кадрлардың 
біліктілігі мен бірлігіне байланысты шешіледі. 
Қазақстан  Республикасының  2030  жылға  дейін  белгіленген  даму  стратегиясында  білім 
беру  саласына  мемлекеттік  басымдық  берілуі  де  жоғарыдағы  әлемдік  ақиқатты  терең 
сезінумен  байла-нысты.  Осы  орайда,  еліміздің  дербес  даму  бағыты  айқындалып,  халықтың 
тарихқа деген көзқара-сы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңда мемлекеттің тарихи 
сана  қалыптастыру  мақса-тына  жетудегі  міндеттердң  бірі  –  «тарихи  ілім-білімнің  негізгі-
негізгі нысаналарын айқындау» болып отыр. [1] 
Түптеп  келгенде,  білім  беру  ісін,  оның  ішінде  тарихи  білімді  де  жаңа  заманның  талап-
тілек-терімен үйлестірмей, қай жұрттың да көсегесі көгермейді. Тарихи білім дегеніміздің 
өзі,  кең  мағынасында  алып  қарағанда,  адамдардың  өткен  өмір  сырларының  шындығынан 
ақпарат  алуы  болып  табылады.  Тар  мағынасында,  тарихи  білім  түсінігі,  белгілі  бір 
мемлекеттегі  тарихи  сананы  қалыптастырудың  негізгі  тетігі  деген  ұғымды  білдіреді.  Ал 
тарихи білімді пәнге айнал-дыру дегеніміз – адамға қажетті кез-келген кемел тұжырымды 
әлемдік  тәжірибе  ретінде  өзі-нің  ұрпағына  жеткізу.  Олай  болса,  «Жалын  мен  оттан 
жаралып»  өлеңінде  Абайдың  кемел  тұжырымның  сырын  кәміл  ұғынған  бала  білімділікке 
жетпек  деген  пайымдауы  бүгінгі  халық-аралық  ұйымдардың  XXI  ғасырдағы  білім 
мазмұнының макромоделі «Мәдениет. Білім. Тарих» болсын деген ұсынысымен үндеседі. 
Соңғы  жылдары  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігін  алып,  жаңа 
аза-маттық  қоғамның  дүниеге  келуімен  тарих  ғылымы  да  күрделі  бетбұрыс  жасауға 
мүмкіндік  алды.  Әсіресе,  Қазақстан  тарихы  бойынша  ұлттық  білім  беру  мен  тәрбиені 
жаңарта  түсу  –  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне  айналды.  Ел  басы  –  Н.Ә.  Назарбаевтың 
сөзімен  айтсақ,  «...біздің  болмысымыздың  ең  көкейкесті  сұрақтары  –  ұлттық 
үндестігіміздің  мән-мағынасы  неде,  қазіргі  Қазақстан  үшін  мәдениетке  қатысты  үлгінің 
қандайы  қонымды,  біздің  ұлттық  санамыздың  арқауы  неде,  қазіргідей  жедел  құбылатын 
заманда «Мен» дерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады – міне мұның бәрі 
де  нақтылы  өмірмен  беттескен  саясаттың  сұрақта-ры».  [3]  Яғни,  адамзатқа  белгілі 
нәрсенің  бірі,  қандай  да  бір  ұлттық  белгілерден  тысқары  білім  жүйесі  болған  емес, 
болмайды да. Антропология ғылымының анықтамаларына сүйеніп, Қазақ елінің көне заман 
тарихы  мен  болмысын  еске  алғанда  бүгінде«есте  жоқ  ерте  заман»  деген  бос  сөздің  күні 
отті.  Өйткені  бұл  күнде  белгілі  антрополог  Оразақ  Смағұлдың  дәлелі  бойынша  қазақ 
ұлтының  естілігі  мен  оның  көне  заман  туралы  тарихи  ұғымы  әлемдік  физикалық 
антропология-да  дәлелденген.  Демек,  қазақ  халқы  қазіргі  тұрып  жатқан  жерінде  сан 
мыңдаған 
жылдар 
бойы 
ұрпақ 
жалғастыруы 
үзілмей 
келе 
жатқан 
әрі 
этноантропологиялық  жағынан  қалыптасқан  дара  ұлт  болып  табылады.  Ендеше,  білім 
берудің тұтқасы болып отырған арнаулы және жоға-ры оқу орындары тек кәсіби дәрежесі 
жоғары маман кадрлар даярлап қана қоймай, соған қосымша, әр халықтың ұлттық ділінен 
туындайтын  ақыл-парасаты  мен  кісілігі  мол,  зиялы  аза-маттар  тәрбиелеп,  өсіруге 
бейімдесе  ғана,  мемлекетіміздің  білім  саласындағы  стратегиялық  міндеттері  межеленген 
мерзімде орындалған болар еді. Сондықтан, бүгінгі таңдағы уақыт күттірмейтін мәселенің 
бірі  –  білім  беру  мен  тәрбие  ісін  ұлттық  белгілермен  тығыз  ұштасты-ра  отырып,  оқу 
бағдарламасын  осыған  сәйкес  құру  үшін  жаңа  тарихи  білімнің  бәсекеге  қабілет-ті  кадр 
таңдай білуге негізделген ілгері басу тенденцияларымен санасуға тура келеді. 
Қазіргі  таңда  біздің  еліміздегі  тарихи  білімнің  дамуында  көңілге  қонымды 
тенденциялармен  санасудың  мүмкіндіктері  бар.  Мәселен,  УІІ  ғасырда-ақ  тасқа  қашап 
жазылған  асыл  жәдігерле-ріміз,  Білге  Қаған  мен  Тоныкөк  жырлары,  Қорқыт  күйлері  мен 
Қожа  Ахмет  Яссауи  хикметтері,  әл-Фараби  мен  Махмұт  Қашқари  трактаттары,  Асан 
қайғыдан Абайға дейінгі  ұлы ақындары-мыз бен жыршыларымыздың өлеңдері  жастардың 
бойында ұлттық рухымызды, дәстүрлі дүниетанымымызды қалыптастырары сөзсіз. Міне 

осы арада бізде зерттеу әдісіне машықтан-ған тарихшы кадрлардың көмегі қажет. Бірақ 
олар қазірге саусақпен санарлық күй кешуде. 
Халықтың  жоғарыдағыдай  біртуар  дарындары  мен  ғұламаларының,  ақын-
жазушыларының, билері мен шешендерінің аңыздық-фольклорлық бай мұраларынан тарихи 
оқиғаларды топшылап, саралау – Қазақстан тарихынан ұлттық білім беру мен тәрбие ісін 
бүгінгі  өмір  талаптарына  сәйкес  шешуге  жол  ашады.  Қазір  бұрындары  беймәлім  болып 
келген  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  «Тарих-и-Рашидиінің»  қазақша  нұсқасының  өзі 
көпшіліктің  қолына  тиді.  Оның  барша  оқырман  үшін  тәрбиелік  мәні  сонда,  ол  бүкіл  орта 
ғасырдағы  бар  еңбектерді  ғылыми  тұжырымдап,  қорытқан  тамаша  туынды.  Оның  осы 
еңбегінде Тұрпан, Тұран, Иран мен Үнді елдері жөнінде жан-жақты мәліметтер мен құнды 
дерек  көздері  кездеседі.  Сондай-ақ  онда  дала  мен  тауларды  мекендеген  тағдырлас  талай 
халықтардың  тыныс-тіршілігі  көрініс  табады.  Ендеше,  біз  мұндай  еңбектерді  оқып-
үйренудің  жолдарын  көрсетсек,  ұлт  санасын  оятумен  бірге  исі  мұсылман  ата-уының 
ынтымағын  жарастыра  түсер  едік.  Бірақ  ондай  жолдарды  үйрету  де  зерттеу  әдісін 
білетін білікті тарихшы кадрлардың үлесіндегі мәселе болып тұр.  
Тәуелсіздік  алғалы  отандық  тарихнаманың  зобалаң  жылдарында  «Жаным  –  арымның 
садаға-сы»  деп,  тағдыр  талқысына  түскен:  Ә.Бөкейхановтан  Е.Бекмахановқа  дейінгі  қазақ 
тарихының көрнекті тұлғаларының еңбектерінің жарық көруі бүкіл халықты қуантты. Енді, 
сол  арыста-рымыздың  асыл  бейнелері  мен  әділ  ой-тұжырымдарын  шыншылдықпен  жан-
жақты  ашып  бер-сек,  жас  ұрпақты  отаншылдық  пен  мәрттікке,  имандылық  пен  ар-ұждан 
тазалығына тәрбие-лейміз. Өкінішке орай, қазіргі таңда тарихи зерттеу әдістерінің қолданыс 
аясының  кемшілдігі-нен  олардың  ғылыми  тұлғасын  сомдаудан  әрі  аса  алмай  жүрміз. 
Халқымыздың  тарихында  саясат  саласы  мен  әлеуметтік  істерді,  мәдениет  мәселесін  бірдей 
алып  жүрген  еңбектері  жағынан  ерекше  әділ  бағасын  алып,  қалдырған  олардың  өсиет-
өнегелерін стандартқа сай келе-тін бағдарламалық негізде оқытуымыз керек еді, бірақ ондай 
оқытуға  әлі  де  болса,  кешенді  түр-де  жете  алмай  келе  жатсақ,  бұл  кемістігіміз  тағы  да 
зерттеу әдісі мен әдістемесін жан-жақ-ты білетін кадр тапшылығынан туындайды. 
Бүгінгі  Қазақстанның  жаңа  жағдайдағы  тарихты  оқытуда  білім  мазмұнының  ұлттық 
болуына айрықша назар аударумен бірге, алдыңғы орынға азамат жинаған құндылықтарды, 
өркениеттер  тарихын,  мәдениет  жетістіктерін  оқытып  үйрету  тенденциялары  да  көтерілді. 
Осы орайдағы өркениеттің бас белгісі болып табылатын мемлекеттік пен оның идеологиясы 
жөніндегі пікірта-лас тарихшылар арасында әлі тұрақталған жоқ. 
А.Байтұрсынов  айтқандай,  өркениеттік  мәдениет  үш  жолмен  өрбиді:  бірі  –  жаулап  алу 
арқы-лы, екінші – отарлау арқылы (колонизация), үшіншісі – мәдени байланыс, дипломатия, 
сауда-сат-тық,  қарым-қатынас  арқылы.  Қазақ  елінің  тарихында  осы  үш  жол  да  болғаны 
белгілі.  Осы  жол-дардан  жүріп  өткен  қазақ  халқы  әлемдік  өркениетке  қандай  үлес  қосты 
десек,  оның  көшпелі  бола  тұра,  жауынгер  халық  ретіндегі  үлкен  этнотерриториялық 
бірлестікті  қалыптастырғанын  бірінші  ауызға  алуға  болады.  Егер  бүгінгі  таңдағы  тарих 
факультеттерінде  3000  жылдық  Дала  өркениеті-нің  ядросы  болған  халқымыздың  әскери 
тарихы жөнінде арнайы курстар оқытылып жатса, мұның өзі тәуелсіз Қазақстандағы тарихи 
білімнің  ілгері  басу  тенденцияларымен  санасудың  бір  көрінісін  білдіреді.  Өйткені  қазақ 
халқының  жауынгерлік  дәстүрін  жан-жақты  біле  бастаған  оқу-шы,  тарихи  білім  бұлағына 
қаныға  отырып,  әуелгі  өркениеттің  шығыстан  бастау  алған  тұстарын  білуге  ұмтылатын 
болады. 
Отан  тарихының  құрамды  бөлігі  –  мәдениет  тарихы.  Мәдениетті  кең  мағынасында  алып 
қарас-тырсақ,  оны  этностың  өмір  сүруінің  түйіні  деп  қарау  керек.  Ал  ұлттық  мәдениетінен 
айырылған  халықтың  экономикасын,  өркениеті  мен  саясатын  шыңдаймын,  ұлтаралық 
татулықты  орнықтыра-мын  деудің  өзі  судың  бетіне  сурет  салумен  бірдей.  Шын  мәніндегі 
мәдениеттің өркениет символы екенін де естен шығармау абзал. Егер қазақ халқы адамзаттық 
мәдениетке  қандай  үлес  қосты  десек,  онда  ойланбастан,  әрі  зор  мақтанышпен  музыкалық 
өнерімізді  айтқан  болар  едік.  Тіпті  қазақ  музы-касын  бір  кісідей  сезінген  ұлты  бөлек 
Затаевичтің  өзі  Асан  қайғы  күйін  тыңдаған  сәтте  көңілі  шал-қып,  жаны  жадырап,  көтеріңкі 
сезім күйіне бөленетін болған. Ендеше, оқушыға дәріс бергенде, кез келген ұлттық мәдениетке 
алдымен  ұлттық  музыканың  да  талғам-танымымен  сезініп  қарай  алғанда  ғана,  оның  тарихи 
білімдік  мәнінің  қырлары  мен  сырлары  жарқырай  ашылатынын  түсіндірген  жөн.  Олай 

болмаған  жағдайда,  бүгінгідей  аумалы-төкпелі  заманда  ұлттық  татулық  тұрмақ,  мемлекеттің 
аты берілген ұлттың өзіндік ерекшелігінен айырылып қалуымыз ғажап емес. 
Өкініштісі, бүгінгі күні ұлттық өмір ағымында бастан кешетін мың түрлі ахуалдың Еуро-
центрлік  көріністері  музыкалық  мәдениетімізге  де  салқынын  тигізді.  Тарих  ғылымындағы 
Еуро-центрлік  ұстаным  бірнеше  жылдар  бойы  мектептегі  дүние  жүзі  тарихы курсында  көп 
зиянын  тигізіп  келгенін  біле  тұра,  бүгінгі  таңдағы  дәстүрлі  музыкалық  мәдениетіміз  еуро-
орыстық  музы-каны  орындауға  бейімделуге  тосқауыл  қоймаса,  оқушыға  ұлттық  мәдениет 
тарихын дәріптеудің ешбір мағынасы болмайды. 
Тарих  ғылымындағы  Еуроцентрлік  ұстаным  бойынша  оқытылатын  дүние  жүзі  тарихы 
кур-сында ежелгі, орта ғасырлардағы көшпелілер өркениеті,  оның дүниежүзілік өркениетке 
қосқан  үлесі,  сондай-ақ,  Ресей  империясының  Орта  Азия  мен  Қазақстанды  отарлауы,  оған 
қарсы  болған  ұлт-азаттық  қозғалыстар  туралы  мәліметтер  мүлде  айтылмай  келді.  Онда, 
әсіресе орыс өркениеті-нің ықпалы басым болғандықтан сол пәнді оқыту арқылы жастарды 
боданшылдық  пен  мүсәпір-шілдікке  көндіктіріп,  бойларын  орыстарша  бар  болса  батып 
жеуге,  көп  болса  шашып  жеуге  үйреттік.  Шүкіршілік,  қазіргі  таңда  тарих  саласындағы 
академиялық  ұжымның  қажырлы  еңбегі-нің  арқасында  және  әл-Фараби  атындағы  ҚазМУ 
тарихшыларының  сүбелі  үлесінің  арқасында  Отан  тарихы  жаңа  деректемелік  негізде 
жасалып  келеді.  Айталық,  Қазақстан  тарихына  профес-сор  Т.Омарбеков  енгізген  Ф.И. 
Галащекиннің  Кіші  Қазан  идеясы  қазірде  патриоттық  сезімдегі  қазақтардың  бәрінің 
санасында  орнықты.  Сол  сияқтыц  Қазақстанның  Ресейге  қосылу  тарихын  алсақ,  отандық 
тарихнамада Ресейге  «өз еркімен қосылу» емес, оның құрамына амалсыз ену кон-цепциясы 
жан-жақты дәлелденуде. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттігінің көп томдық тарихы мен бір-тұтас 
ұлт-азаттық  тарихы  т.б.  мәнді  мәселелер  жазылып  жатыр.  Сөз  жоқ,  болашақта  басы  ашыл-
маған зәрулі проблемалар төңірегіндегі зерттеулер қолымызға тисе, оқыту мен тәрбиелеудегі 
жіберілген  бүгінгі  кемшіліктер  түзетіліп,  жастарымыздың  ұлттық  намысын  оятуға  жол 
ашылады.  Әрине,  күн  тәртібінде  өзінің  зерттеушілерін  күтіп  тұрған  мәселелер  жоқ  емес. 
Айталық, қазақ халқының ХХІ ғ. дейінгі мәдениет деңгейі, өркениеттік динамизм, даму, өрбу 
тарихы,  кейбір  кез-дейсоқ  адамдарды  Отан  тарихынан  аластатып,  тарихта  болған 
тұлғалармен  алмастыру,  шежіре  тануды  дербес  пәнге  айналдыру  арқылы  шежіре 
проблемасын мемлекеттің аты берілген қазақ халқын барша әлемге танытуға пайдалану т.б. 
сияқты мәселелер болашақтың ісі. 
Сонымен,  Отанды  сүюдің  түп  негізі  ұлттық  намыс  екенін  сезінсек,  ұлт  намысына  қаны 
қыза-тын  жаңа  буын  тәрбиелеу  –  өмірдің  талабы.  Осы  арада  Ахмет  Байтұрсыновтың 
«Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» деген сөзінің 
байыбына  барар  болсақ,  бәрі  де  қазіргі  жаңа  буын  тарихшыларының  зерттеу  әдісіндегі 
біліктілігіне келіп тіреледі. 
Өзінің  ана  тілі  мен  төл  мәдениетін,  ұлттық  асылдар  мен  қазыналарын  сақтап  қалу  мен 
дамыту-да  ең  алдымен  оқыту  мен  тәрбие  беру  ісіне  үміт  артамыз.  Бұл,  ең  әуелі  мектеп 
арқылы  жүзеге  асады  дегенімізбен,  бәрібір  ондағы  негізгі  тұлға  мұғалімдер  кадрі  арқылы 
жүзеге асырылады. 
Егер тарихшы мамандығы жағына келсек, Республика Президентінің қазіргі кезеңде жаңа 
тарихи сана қалыптастыру ісіне көңіл бөлуінен бастаған жөн.  «Бүгінгі таңда, дейді ол, – біз 
әлем-дік даму динамикасын ескермесек, өзгелердің даму қарқынына қарап отырмасақ, тарих 
шеруінің  соңында,  шаң  қауып  қалуымыз  әбден  мүмкін».  [4]  Оның  осы  бір  үні,  жоғарыда 
айтылғандай  тиіс-ті  халықаралық  ұйымдардың  ХХІ  ғасырдағы  орта  білім  мазмұнының 
макромоделі  «Мәдениет-Білім-Тарих»  болсын  деген  ұсынысымен  де  үндеседі.  Бұл  жерде 
бүкіл  республика  тарихшыларын  шоқтығы  биік  және  уақыт  көтермейтін  мәселе  күтіп  тұр. 
Біздің  айтарымыз,  қазіргі  күні  көпшілік-тің  көмегімен  өткеніміздің  санадан  да,  қағаздан  да 
өшіріле бастаған тұстарын қалпына келтіру бар да оны жеткіншек ұрпаққа жеткізу бар. Яғни 
бүгінгі таңда жазу дағдысын білетін тарихшы-лардың негізгі дені тарихтың «ақтаңдақтарын» 
зерттеуге  құлшына  кірісіп  кетті  де  олардың  жаз-ғандарын  оқушыға  жеткізу  –  қолдарында 
тарихты оқытудың әдістемелік жүйелі оқулықтары жоқ тарихшылардың үлесіне тиіп отыр. 
Алғаш рет Тәуелсіз елден шығарылып жатқан құжаттар ішінде 2002 жылы жарық көрген 
Қазақстан  Республикасы  орта  білім  мемлекеттік  стандартында  ұлттық  және  аймақтық 
ерекшелік-терге  мән  беріп  отыру  мәселесі  кеңінен  көрініс  тапқан.  Ал  мұндай  әлеуеттік 

үрдістерге,  бұрынғы-дай,  ресейлік  немесе  кеңестік  саяси  рең  беру  үлгісі  стандарттан 
тазартылған.  Осы  маңызды  құжаттың  мазмұнында  мәдени  аумақтық  бірегейлікке  қатысты 
Елбасының  пікірімен  санасу  бай-қалады.  Н.Ә.  Назарбаев  елді  тарихтан  тағылым  алуға 
шақырып,  былай  дегені  бар:  «Орталық  Азияны  ұлттық-аумақтық  белгілеріне  қарай  бөліп, 
жалған 
автономиялар 
құру, 
туысқан 
халықтар-дың 
тілі 
мен 
мәдениетіндегі 
айырмашылықтарды  бадырайта  көрсетіп,  әдейі  тереңдете  түсу  шара-лары  сол  аймаққа 
әскери-саяси бақылау жасау мақсатымен жүргізілді». [5, 258] 
Кеңес  дәуірінде  В.В.  Вельяминов-Зернов  сияқты  тарихшылардың  қателігін  айту  аса 
қауіпті болатын. Тарихта «Бекмаханов ісі» деп аталған саяси қуғын бұған дәлел бола алады. 
Осыған бай-ланысты тәуелсіздік алғанға дейінгі Ресей және кеңес тарихшыларының ұшқары 
пікірлері  «Қазақ  КСР  тарихының»  негізін  қаласа,  бүгінде  ондағы  қисынсыз,  дәлелсіз 
жазылған  ой-пікірлерді  сана-мыздан  аластатып,  қазақи  тарихнама  қалпына  келтірілу 
үрдістері  жүріп  жатыр.  М.Тынышбаев,  А.Асфендияров,  Қ.Кемеңгеров,  Т.Шонанов, 
М.Шоқай,  М.Жұмабаев,  Х.Досмұхамедов,  Ә.Марғұлан,  Е.Бекмаханов  т.б.  сынды  қазақ 
зерттеушілері жинаған материалдар назардан тыс қалмай, көбіне-көп басшылыққа алынуда. 
Бұған  ортағасырлар  зерттеулерін  жаңа  замандағы  тарихшылар  тарапынан  зерделенуін 
ескерсек,  бүгінгі  жекелеген  тарихшылардың  қазіргі  кездегі  әлемдік  тарихи  білімнің  ілгері 
басу  тенденцияларымен  санасуын  байқаймыз.  Мысалы,  орта  ғасырлардағы  Мұхамед 
Салихтің 
«Шайбанинамасы», 
Өтеміс 
Қажының 
«Шыңғыснамасы», 
Өтейбойдақ 
Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік  баяны»,  Әбдірзақ  Самарқанидің,  Мұхаммед  Хайдар 
Дулатидің  және  қазіргі  кездегі  қазақ  тарихына  қатысы  бар  авторлардың  (Ж.Қасымбаев, 
М.Қозыбаев, 
М.Қойгелдиев, 
К.Нұрпейісов, 
Б.Көмеков, 
К.Байпақов, 
Т.Омарбеков, 
К.Есмағамбетов,  Қ.Атабаев,  Б.Аяған  тегі,  Т.Тұрлығұлов,  Ж.Артықбаев  Нәбижан 
Мұхаметқанұлы,  Зардыхан  Қинаят,  М.Сәнік,  Нығмет  Мыңжанұлы)  жинаған  материалдары 
назардан  тыс  қалмай,  қажет  тұсында  бас-шылыққа  алыну  үстінде.  Дегенмен,  Жошы 
ұлысының  (Алтын  Орда)  тұсында  жазылған  барлық  әдебиеттер  қазақ  тіліне  аударылса,  әрі 
осы  ұлыстың  Түркиямен,  Византиямен,  Иранмен,  Венеция  және  Генуямен,  Литвамен, 
Польшамен,  басқа  да  мемлекеттермен  жасасқан  құжаттарын  іздестіріп  тауып,  зерттеу 
нысанасына айналдыру ісі күн тәртібінде тұр. Сондай-ақ түркілердің мемлекеттік бастауын 
ЕжелгіҮйсін  Елінен  бастау  жөніндегі  бүгінгі  тарихшылардың  пікір  алалығын  реттей  алсақ, 
тек сонда ғана төл тарихымыздың бет-бағдары барған сайын айқындалып, тәуелсіздік алған 
қазақ елі өзінің мемлекеттігінің тарихын анық білуге жол ашылады. Ал бұның өзі жас мем-
лекеттің нығаюына қызмет етері даусыз. 
 
1.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1995. 
2.
 
Назарбаев Н. Тарих толқынында. Ұлттық келбетті ұлықтайық. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б. 
3.
 
Оразақ Смағұл. Қазақ ұлты туралы бірер сөз // Актуальные проблемы исторической науки Казахстана
– Алматы: Қазақстан, 2009. – 59 б. 
4.
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақтың бүкіл тарихы  – бірігу тарихы, тұтастану тарихы // Қазақ тарихы.  – 1998, 
№3. – 9 б. 
5.
 
Назарбаев  Н.  Тарих  толқынында  //  Орталық  Азияның  тәуелсіз  мемлекеттері  және  тарих  тағы-
лымдары. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б. 
 

Каталог: docs -> vestnik
vestnik -> С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> Казахский национальный педагогический
vestnik -> «Арнайы педагогика» сериясы Серия «Специальная педагогика»


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет