тапсырмада есептің кесте түріндегі моделін пайдаланып, есептің сұрағына жауап беретін өрнек құрады.
3 тапсырмада есепті теңдеу құрып шығару үлгісімен танысады, түсінеді.
Қалыптастырушы бағалау.
Мұғалімнің қолдау сөздері.
Кері байланыс:
«Оқушымен сұхбат».
3-тапсырма.
Критерий:
жай есептің шешуін санды теңдеу түрінде модельдеу. Дескриптор:
есепті теңдеу құрып шығарады.
CD диск.
Көрнекі кестелер:
«Қосу мен азайтуға берілген жай есептерді модельдеу және шығару».
№13 кесте .
Слайд. Есепті кесте,
қысқаша жазу, теңдеу, өрнек түрінде модельдеп жазған үлгі кесте.
Демек, 41 саны концертке неше бала қатысқанын білдіреді, 17 саны концертке қатысқан ұлдар санын білдіреді, ал х – белгісіз қыз санын білдіреді. Демек, белгісізді х-пен белгілеу.
– х + 17 өрнегі нені білдіреді? (Барлық бала санын білдіреді.)
Барлық бала саны 41-ге тең, ендеше әріпті өрнек
(х + 17) пен санды (41) теңестіреміз. Теңдеуді шешу алгоритмін басшылыққа алып, теңдеуді шешеміз:
х + 17 = 41,
мұндағы х – белгісіз қосылғыш, 17 – белгілі қосылғыш, 41 – қосындының мәні. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз.
х + 17 = 41
х = 41 – 17
х =24 24 + 17 = 41
41 = 41
4-тапсырма.Жоғарыда берілген үлгі бойынша кестедегі деректерді талдай отырып, 24 + х = 41 түріндегі теңдеу құрады, шешеді.
Белгісіз қосылғышты табу үшін қандай амал қолдандың?
Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді азайту амалының көмегімен шығардық.
ТҰЖЫРЫМ
Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайту керек.