https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/24970/
Оқулық
5-сынып
«Атамұра» баспасы
2017жыл
Бекітемін: ___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 9-сабақ.
Бөлім:
|
1. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Нәтиже сабақ. Бөлім бойынша жиынтық
бағалау-1
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
5. 1. 1. 1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;
5. 4. 1. 1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
|
Сабақтың мақсаты
|
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады, қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
7 минут
Сабақтың ортасы
8 минут
25 минут
Сабақтың аяқталуы
5 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Қолдағы хат»
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
Суреттерден нені байқадың? Бүгінгі талдау жасайтын мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
1.Мәтінде не туралы айтылған?
2.Сенің сурет бойынша айтқан болжамыңмен салыстыр.
3. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақал қандай мағынаны білдіреді?
4.Қарияның батасын қалай түсіндің?
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас.Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Оқу мақсаты: 5. 4. 1. 1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Жазба ( диктант) жұмысы
«Сөздің көркі-мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі.
Мақал-мәтелдер –ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақалдар жасап отырған.
Мақал-мәтелдер өлең сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдері өте ықшам, басы артық сөз болмайды, оның сөздерін басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты болып келеді.
Мақал-мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріңе тоқып жүрсеңдер, сендердің де тілдерің байып, сөйлеген сөздерің сұлу, әсерлі шығады.
(Шешендік сөздер, 95 сөз)
|
Достарыңызбен бөлісу: |