1
4-
нұсқа
Сәуір 2015
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жоспары
(орта білім мазмұнын жаңарту
аясында
)
1-
сынып
Сәуір
2016
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
Мазмұны
Орта мерзімді жоспарлар
6
1A бөлім: Өзім туралы
6
1Б бөлім: Менің мектебім
14
2A бөлім: Менің отбасым және достарым
27
2Б бөлім: Бізді қоршаған әлем
36
3A бөлім: Саяхат
44
3Б Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
53
4A бөлім: Тағам және сусын
72
4Б-бөлім: Дені саудың – жаны сау
82
Қысқа мерзімді жоспар
95
Сабақ жоспары
Ошибка! Закладка не определена.
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
«Дүниетану» пәні
1 сынып
I тоқсан
II тоқсан
III тоқсан
IV тоқсан
1A бөлім–Өзім туралы
2A бөлім– Менің отбасым және
достарым
3A бөлім– Саяхат
4A бөлім– Тағам және сусын
Мен кіммін?
Қажетті заттар
Оқушының күн тәртібі қандай
болу керек?
Жақсылықпен жаным дос
Менің отбасым
Отбасындағы мерекелер
Менің үйім
Алғашқы адам
Ежелгі ата-бабаларымыз
Ұлы дада тарихы
Ертедегі саяхат
Саяхат,саяхатшы
Біз қалай тамақтанамыз
Ертеде қалай тамақтанған
Дәмді әрі пайдалы
Қазақстанда жасалған
1Б бөлім – Менің мектебім
2Б бөлім – Бізді қоршаған әлем
3Б бөлім – Салт-дәстүр және
ауыз әдебиеті
4Б бөлім – Дені саудың –
жаны сау
Мен және менің мектебім
Мектепке баратын жол
қауіпсіздігі
Мектепке саяхат
Мектеп ережелері
Дос болайық бәріміз
Бағдарлауды үйренеміз
Қала мен ауыл
Мен қайда тұрамын?
Ауа райы деген не?
Мен қазақпын
Қазақстан рәміздері
Көне жазбалар
Алтын адам туралы аңыз
Бәйтерек- өмір ағашы
Денің сау болсын десең
Тазалақ денсаулық кепілі
Үйдегі қауіпсіздік
ережелері
Айналадағы қауіп-қатер
Ескертпелер:
Бөлімдерге белгілі бір тақырыптар оқып-үйретілетін бірнеше сабақтар кіреді. Әрбір тоқсан екі бөлімнен тұрады. Бөлімдегі сағаттар саны тоқсандық
сағат санымен сәйкес.
Ұ- ұжымдық жұмыс(сыныппен)
Т – топтық жұмыс
Ж – жұптық жұмыс
Ө – өзіндік жұмыс
ОТ – оқушының тәжірибесі
МК – мұғалімнің көрсетуі
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
Қ – қалыптастырушы (формативті) бағалау
Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші
сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші
бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
Тілдік мақсаттар туралы
Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісінде пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге
тең қолдау көрсетілетін оқу ортасы қалыптасады.Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір
пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау
қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін
қолданылатын негізгі құрал. Оқушылардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін
білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді оқыту барысында білім беру
мазмұнында қазақша ғылыми тілінің дамуы тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші
тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар
үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты.
Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалім мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға,
өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар
назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге
көмектеседі.
Оқушылар ғылыми тілді оқып үйренуі үшін мұғалім сабақ жоспарларына жүйелі түрде
төмендегі оқу мақсаттарын қосуұсынылады:
• оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына
жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);
• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы,
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін
қажетті сөздер мен сөз тіркестері);
• алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін
қажетті термин мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды қолдану;
• оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-
тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі
мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
• оқушыларды пікірталас диалогтерге қатысуын ұйымдастыру (мысалы, оқушылардан
қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз
білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа
қатыса алуы үшін қажет лексикалық сөздік қормен қамтамасыз ету);
• тілге қатысты оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру,
металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен
жұмыс дағдылары);
• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру,
оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді
бағалау);
• сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол
жеткізген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі
сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға
оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер ортамерзімді жоспарда
тақырыпшалармен көрсетілген:
(1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология.
(2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі оқушылар үшін
түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол
жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау,
санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру,
сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу,
дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру,
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар
ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен
анықтама жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына
қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар
аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын
үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге
келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты
қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.
Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға байланысты, бірақ ең
кемінде бір мақсат тілге арналуы тиіс.
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
Орта мерзімді жоспар
«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп.1-сынып
1A бөлім: Өзім туралы
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушыларата- аналар, балабақша, ақпарат құралдарынан алған білімдері арқылы пәннің мақсаты мен ерекшеліктерін ашудағы алғашқы
сатысымен таныс. Баланың отбасы мүшелері, достары, туыстары, өзі жақсы көретін ойыншығы, өзіне ұнайтын іс-әрекет түрлері туралы білімі
болады.
Мазмұны
Оқушылар мектеп қауымдастығының мүшелеріне айналады. Олардың білім алуы өзі туралы, білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға негіз
болатын отбасында қалыптасқан білімдері, жеке тәжірибесі мен ресурстарына сүйенеді. 1-бөлімге және оның жекелеген сабақтарына арналған
негізгі және қосалқы сұрақтарды, тақырыптарды оқып үйренудің сабақтастығы төменде көрсетілген Қысқаша шолудан қараңыз.
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты
Осы бөлімдегі оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Тілдік мақсат
Пәнге қатысты лексика мен
терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар:
- басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра
үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады;
- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.
Нешінші сыныптың оқушысы
Өзіне сабақта қажетті оқу-құралдары
Өзінің жеке бас гигиенасы
Өз үйі мен мектебі арасындағы қауіпсіздікті
сақтау
Талқыланатын мәселелер:
Сіз қандай оқушысыз?
Сіздің сүйіп оқитын пәндеріңіз?
Сыныпта қандай оқу-құралдарын пайдалану
керек?
Жеке бас гигиенасын қалай сақтау керек?
Жолда жүру ережелері қандай?
Үй мен мектеп арасында қандай қауіпсіздік
маршрутын құру керек? ….
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы»
бөлімінен қараңыз.
Қысқаша шолу
1-бөлім. «Мен кіммін?» деген басты сұраққа «Өзім туралы» бөлімінің тақырыптарында көңіл бөлінеді. Бөлімді оқып үйрену оқушылардың
мектепке келгендегі білімдеріне негізделген. Оқыту сөйлеу/аудиодан тыңдау/тыңдау, сурет салу,оқу және жазу дағдыларын дамытуға
бағытталған.
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
1-бөлім оқушыларды оқу үдерісіне тарту үшін басқа сабақтармен байланысты болады. 1-бөлім «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасымен
пәнаралық байланыста ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Көркем еңбек» пәнімен (портреттерді салу) және дене тәрбиесімен байланыс бар.
Оқу
бағдарламас
ына сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер
Оқыту ресурстары
1.2
Мектеп
және мектеп
қоғамдастығы
1.1.2.6 Өзін мектеп
оқушысы
және
сынып ұжымының
мүшесі
ретінде
сипаттау
Мен кіммін?
(Ұ) Балалар шеңбер құрып отырады.
Әрбір бала кезектесіп өзі туралы
хабарлайды:
аты-жөні;
жасы;
өзіне не ұнайды?
Сен
мектепалды
даярлық
сыныбында оқыдың ба?
Сен онда не үйрендің ?
(Ж) Оқушыларды жұптарға бөліңіз.
Олар
кім
екенін
және
қайда
тұратынын
айта
отыра
өздерін
таныстырады. Одан кейін оқушылар
өз
өмірінің
кейбір
сәттерін
талқылайды:
1.
ұнататын заты, аяқ киімі және
киімі;
2.
естеліктері;
өзі туралы қызықты (ерекше)
жайттар;
Оқушылардың
үйден
әкелген
фотосуреті (немесе мұғалім ұсынғын
фотосуреттер).
(Ж) Кері байланысты жүзеге асыру
үшін оқушылар жұптаса отырып,
талқылау нәтижелерімен сыныпты
таныстырады.
(Ө/Ж)
Сыныпқа
олар
өз
Сабақ
төмендегі
іс-әрекеттер
бойынша жүзеге асырылады:
сабақтың кіріспе бөлімін мұғалім
басқарады;
сабақтың негізгі бөлігінде оқыту
әрекетінің бір немесе бірнеше
түріне басты назар аударылады;
сабақ
қысқаша
қорытынды
жасаумен аяқталады.
Жұмысты сабақтан тыс уақытта
жалғастыру мүмкіндігі бар.
Бірінші тапсырманың мақсаттары:
оқушылар өздерін бір-біріне
таныстыру тиіс;
оқушылар
сыныптастарының
есімдерін біледі;
оқушылар
өздері
және
жолдастары
туралы
ақпарат
жинайды.
оқушы қандай болу керек
екендігін айтуы тиіс?
мектепалды даярлық сыныбында
оқыған
пәндердің
аттарын
атайды
оқушылар
қандай
пәндерді
жақсы көретіндігін айтады?
(W) Шеңберде отырып сұхбаттасу –
Балалық
шақтағы
фотосуреті және сүйікті
заты.
Ата-
аналардан/қамқоршылард
ан оқушының бала
кездегі фотосуретін және
бір
сүйікті
затын
мектепке
әкелуін
сұраңыз.
Портреттің үлгісі келесі
ақпараттарды
қамтуы
керек:
адам есімі;
ерекшелігі
(оны
өзгелерден
ерекше
ететін
үш
сипаты).
Фотосуреттер
көрмесін
жасау.
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
сыныптасының
портретін
салатындарын хабарлаңыз. Портрет
сыныпқа ілініп қойылады. Суретте
сыныптасы
қандай
көңіл-күйде
екендігін (бақытты, мұңлы, ойлы)
көрсетуі, яғни алдында талқыланған
үш ерекше белгіні бейнелеуі тиіс.
Әрбір
жұмысқа
қол
қойылады.
Оқушылар
өз
портреттерімен
алмасады және онда салынған суретті
талқылайды.
(Ұ) Рефлексия. Мұғалім балалардан
бүгін нені үйренгенін сұрайды.
бұл оқушылардың бірін-бірі білуі,
тәртіп ережелерін үйреніп және
сыныптағы және мектептегі өмірге
араласуы үшін жақсы мүмкіндік.
Балалармен
бірлесіп
сабақты
қорытындылау – бұл қызметтің
әрбір түрі үшін стандартты тәртіп
болып
табылады,
яғни
еске
түсіру/түйіндеме/бекіту,
сабақ
үстіндегі әрекеттерді басқарудың
түсінікті және анық үлгісі.
1.1
Мен
және менің
отбасым
1.1.1.5
Тұтыну
заттарына деген өз
қажеттіліктерінің
құрылымын,
олардың
қайдан
келетінін анықтау
Қажетті заттар
(МК, Ұ) Күнделікті өмірде бізге
қандай
заттар
қажет?
Берілген
суреттер топтамасынан өзіңе ең қажет
заттарды іріктеп алу.
Сынып
бөлмесіндегі
жабдықтармен,
оларды
қауіпсіз
пайдалану
жолдарын
талқылау.
Егер де сыныпта мектепке дейінгі
мекемеге,
даярлық
топтарына/сыныбына
барған
балалар
болса,
оларға
сынып
бөлмесі
мен
балабақшадағы
бөлмелерді салыстыру тапсырмасын
беруге болады.
(МК)
Мұғалім оқушыларға оқу
құралдарын және сыныптағы оқуға
қажетті барлық тұтынатын заттарды
көрсете отырып, оларды қандай
мақсатта
қолдануға
болатынын,
қызметі мен маңызын болжауға
Оқушылар көздерін жұмып, қандай
да бір заттар туралы ойлау және
оларды талқылау мүмкіндігіне ие
болады. Оқушылар оқу құралдары
мен сыныпта өздері тұтынатын
заттарды не үшін және қалай
қолдану керектігін айтады.
Құралдардың маңызы жөнінде өз
пікірін білдіреді.
Міндеттің дұрыс құрылғанына,
әрбір оқушының белсенді қатысып,
идеялар мен нәтижелерді ұсына
алатынына көз жеткізіңіз.
Сыныптан кері байланыс алу және
оқушылардың
идеяларын
тізіп
шығу үшін маркерлік тақта мен
интерактивті тақтаның болғаны
жақсы.
Мүмкіндігінше
көбірек
оқушыны/жұптарды
тапсырманы
Сабаққа
арналған
парақтар.
Түрлі-түсті қарындаштар,
стикерлер,
маркер,
интерактивті
тақта,
маркерлі тақта, флипчарт
және т.б.
Сыныптағы
тұтынатын
заттар мен оқу құралдары.
Тақта,
бор,
парта,
орындық, кітап, дәптер,
сызғыш,
қарындаштар,
өшіргіш, т.б.
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
шақырады. Оқу құралдары (кітап,
дәптер, сызғыш, қалам, қарындаш
т.б.). Сыныптағы тұтынатын заттар
(тақта, парта, орындық, бор т.б.).
(Ө.Т) Сынып оқушыларын 2 топқа
топтастырыңыз.
Екі
топ
оқушыларына оқу құралдары мен
сыныпта
тұтынатын
заттарды
берілген сурет бойынша ажыратады.
1-топ оқу құралдарын, ал 2-топ
сыныпта
тұтынатын
заттардың
суретін қоршап сызады.
Дидактикалық ойын: «Кім табады?»
екі топтан балалар шығып нұсқау
бойынша аталған заттарды бірінші
болып ұстап табу қажет.
Мысалы:- Тақта қайсы? - Бор қайсы?
т.б. Қорытындылау үшін балаларға:
сынып
бөлмесінде
болмайтын
заттарды
атауға
арналған
–
«Сыныпта нені таба алмайсың?»;
көрнекіліктер немесе сөз арқылы
ұсынылған
заттардың
ішінен
(парта, тоңазытқыш, бөлме гүлдері,
шаңсорғыш, сынып тақтасы, бор
және т.б.) анықтау үшін – «Не
артық?»,
-
сияқты
ойын
жаттығулар ұсыныңыз.
(Т) Сыныпты 3-4 оқушыдан тұратын
топтарға бөлу. Әр топтан жоғарыда
аталған
бес
тармақтың
бірін
талқылауын сұраңыз. Оқушылардан
көздерін жұмып, таңдап алған тармақ
орындауға тартуға тырысыңыз.
Сабақ
қысқаша
қорытынды
жасаумен аяқталады.
Бірінші тапсырманың мақсаттары:
-
Оқушылар оқу құралдары мен
сыныпта
өздері
тұтынатын
заттарды ажырата алады.
-
Заттардың атқаратын қызметі
мен маңызы жөнінде біледі.
4-
нұсқа
Сәуір 2016 ж.
туралы 30 секунд ойлануын және одан
кейін өздерінің не туралы ойлағанын
бір сөзбен хабарлауын сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |