РР витаминінің аты “Pellagra preventing “ / пеллагра ауруына қарсы/ - деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі /дерматит/, ауыз қусының кілегейлі қабаты /стоматит/, ал тіл /глоссит/ сияқты дертпен ауырады. Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне және т.б. толып жатқан функцияларға әсерін тигізеді. Пеллагра ауруы, әсіресе қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған. Оның себебі жүгері белоктарында триптофан амин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам организмінде никотинамид немесе РР витамині аз түзіледі. РР витаминінің негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақта, түрлі жармаларда көп кездеседі.
Никотин қышқылына сірке қышқыл мыстың әсері
Никотин қышқылын сірке қышқыл мыстың ерітіндісімен қосып қыздырғанда никотин қышқыл мыс тұзының көк тұнбасы пайда болады.
Жұмыс барысы:5-10 мг никотин қышқылына 10-20 тамшы 10 % сірке қышқылында қыздырып ерітеді. Қайнағанға дейінгі ерітіндіге, сондай мөлшерде 5 % сірке қышқыл мыс ерітіндісін қосады. Сұйықтық лайланып көгілдір түске, біраз тұрған соң көк түсті тұнба пайда болады.
Тақырыбы: Суда еритін витаминдер. Мақсаты: биологиялық активті қосылыстар: витаминдерге жалпы сипаттама беру, витаминдердің классификациясына, витаминдердің тотығу – тотықсыздану реакциялары және витаминдерді алу жолдарымен танысу.
Тапсырма: 1. Пиридоксин / В6 витамині, адермин/
Пиридоксинге феррихлорид әсері
Пангам қышқылы /В15 витамині/.
Аскорбин қышқылының әсерінен калий феррицианинді, метилен көгі, 2,6 – дихлорфенолиндофенол және молекулалы йодтың тотықсыздануы