Жұмыс барысы: 5 тамшы 1 % сульфанил қышқылына 5 тамшы 5% NaNO2 ерітіндісін құямыз. Осылай диазореактивті алады. Диазореактивке аздаған тиамин ұнтағын /шыны таяқшаның ұшы арқылы/ және 5-7 тамшы 10 % сода ерітіндісін қосады. Сұйықтық қызыл-сары немесе қызыл түске боялады. Егер сода ерітіндісін ептеп пробирканың қабырғасы арқылы жіберсе, онда екі сұйықтықтың қосылысқан жерінде қызыл сақина түзіледі.
Тиаминнің тиохромға тотығу реакциясы.Темір синеродты калийдің әсерінен тиамин тотығып, сары түсті тиохром пигменті түзіледі, оның көк флюоресценциялық қасиеті бар. Реакция төмендегідей өтуі тиіс.
Жұмыс барысы: 1 тамшы 5 % тиамин ерітіндісіне немесе 2 - 3 мг ұнтағына 5 - 10 тамшы 10 % NaOH ерітіндісін және 1- 2 тамшы 5 % темір синеродты калий ерітіндісін қосып, араластырады. Қыздырған кезде сары түс пайда болады. Бұл тиаминнің тиохромға айналғанын көрсетеді. Тиохром ерітіндісіне ультракүлгін сәулені түсіргенде көк флюоресценция көрінеді.
Рибофлавиннің тотықсыздану реакциясы
Егер рибофлавин ерітіндісіне концентрлі тұз қышқылы мен мырыш қосылса, одан күшті түрде сутегі бөлініп, сұйықтық алғаш сары түске, содан қызылға боялып, ең соңында түссізденеді. Бұл реакция рибофлавиннің қызыл түсті родофлавинге /аралық қосылыс/, ал одан кейін түссіз лейкофлавинге дейін тотықсыздануына негізделген. Оның реакция теңдеуі төмендегідей:
Жұмыс барысы: пробиркаға 10 тамшы рибофлавиннің судағы ерітіндісіне, 5 тамшы концентрлі тұз қышқылы мен мырыш ұсағын салғанда күшті түрде сутегінің бөлінуі басталады да, сұйықтың алғаш рет ал-қызыл не қызыл түске, ал соңынан сұйықтық мүлдем түссізденеді. 1. Біраз тұрғаннан кейін сұйықтықтың жоғарғы қабаты сары түске боялады, ол лейкофлавиннің ауаның құрамындағы оттегімен тотығып рибофлавинге айналуына байланысты.
Егер сұйықтықтың қызыл түсі өзгермейтіндей болса, онда мырыштың қайтадан жаңа мөлшерін қосу керек.