Оқу: Жеңіл атлетиканың қысқа 60м жүгіру техникасын біліп, меңгеру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуін дамыту. Жылдамдықты, ептілікті, шапшаңдықты дамыту әрі жетілдіру.Жүгіруге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік: Студенттердің өз ойларын ашық жеткізе білуге, өз-өзін бағалай білуге тәрбиелеу.Салауатты өмір салтына насихаттау.
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
1.Қысқа қашықтыққа жүгіру ережесін және техникалық қауіпсіздік ережесін білу.
2.Сөреге тұрып төменнен алатын бастау техникасын біліп, меңгеру.
3.Мәреге келу техникасын біліп, меңгеру.