Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі


дәріс.Ұлттар және ұлтаралық қатынастар



бет24/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
дәрістер

15 дәріс.Ұлттар және ұлтаралық қатынастар.


Жоспары:
1.Этникалық қауымдастықтар және олардың формалары.
2.Этностардың даму процестері.
3.Ұлтшылыдық және оның түрлері.

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымында класстар мен қабаттардан кейін маңызды орынды этникалық қауымдастықтар алады. Этникалық қауымдастықтар дегеніміз:- тұрмыстары, территориясы, әдет-ғұрыпы ,сенімі, тілі және т.б ортақ факторлары арқылы біріккен адамдардың тұрақты топтары. Адамзат тарихи даму процесінде этникалық қауымдастықтардың ру,тайпа, халық, ұлт секілді негізгі формалары пайда болды.


Этникалық қауымдастықтардың ру-тайпалық формасы алғашқы қауымдық қоғамға тән. Ру-қандық туысқандық топтар, ал тайпа –рулардың біріккен жиынтығы. Ал сауда қатынасы мен жекеменшік, кластар мен мемлекеттер пайда болғаннан соң әртүрлі тайпалар халықтарға біріге бастады. Осыған байланысты бұрынғы қандық-туысқандық байланыстың орнына шаруашылық, тілдік, мәдени байланыстар келді. Ақыр соңында феодалдық қоғам ыдырап және капиталистік қатынастар мен ұлттық , нарықтық қатынас кезінде адамзаттың неғұрлым дамыған тарихи формасы-ұлт пайда болды. (5-схема)
Халықтар мен тайпалардың ортақ территориясына, экономикасына, тіліне, дініне, мәдениетіне, ұлттық танымына қарай күрделі бөлінуі мен бірлігі нәтижесінде ұлттардың ұзыннан-ұзақ қатары пайда болды. Сондықтан ұлт және халық ұғымын шектеу оңайға соқпайды. Кейбір ғалымдар ұлт пен халық арасындағы айырмашылықты ашып көрсетуден бас тартты. Ұлттардың маңызды көрсеткіші ретінде адамдардың ұлттық танымын, яғни өздерінің қайсыбірэтносқа жататындығын сезінуі мен ұғынуын айтуға болады.
Этнос ұғымына байланысты тағы да екі ұғым:ұлттық және халық ұғымдары бар. Әлемнің көптеген елдерінде бұл ұғымдар мемлекеттік органдар арқылы емес, ерікті адамдар арқылы анықталады. Бұның өзі өркениетті демократиялық қоғамдағы жеке тұлғаның ұлттық танымы мен бостандығының көрінісі болып табылады.
“Халық” ұғымы көбіне ұлттардың белгілі бір елге бірігуін білдіреді. Басқаша айтқанда халық –белгілі бір мемлекеттің, елдің , республиканың барлық тұрғындары. Мысалы, Ресей халқына татарлар, якуттер, еврейлер, әзербайжандар, белорустар, немістер, орыстар және т.б ұлттар-яғни Ресей жерінде қоныстанған барлық ұлттар мен халықтар жатады.

(5-схема)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет