D) Екі не одан да көп сөзден
13. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі қай сөз табынан жасалған?
Атамыз сабырлы, еңбексүйгіш, адал, шыншыл болған.
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Етістік
D) Сан есім
14. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді табыңыз.
А) Ақ шұбар көбелек гүлге қонды.
В) Қадырәлі есік алдында ойнап жүр.
С) Екі бала тоғайға барды.
D) Жандос қағаздан ұшақ, қайық, кеме жасады.
15. Күрделі етістікті белгілеңіз.
А) Ұшты
В) Жазбаған
С) Көріп келді
D) Жинапты
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Сыныптастарыңа тест тапсырмаларын құрастырып көр.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
(Ж) 2-тапсырма - -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
1. Көп нүктенің орнына қажетті бірыңғай мүше болатын сөздерді жаз. Сөйлем мүшесіне талда.
Біздің сыныптың оқушылары шетінен өнерлі, ... , ... екен.
Алмаз мәтінді мәнерлеп, ... , ... оқыды. Бақшада сәбіз, ..., ... , ..., ...., ... өседі. Әр адам табиғатты қорғап, ... , ... керек. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ... , ... .
2. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрап жаз.
Сөз тіркестері: 1) Үш қыз, бес ұл 2) шаңғы, теуіп, коньки теуіп
3) асқар тау, айдын көл
4) ән айтты, би биледі
3. Жұмбақтардың шешуін тап. Бірыңғай мүшелердің астын сыз.
А)Тау, қыр, жазық, өзен, көл-
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел же, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.
/ Карта/
Ә) Гүл секілді
Қызарады, көктейді.
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.
4. Мәтінді түсініп оқыңдар. Бірыңғай мүшелерді көшіріп жазыңдар.
Қазақстан таулары.
Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Қаратау, Ұлытау, Қазығұрт, Іле, Алатауы бар. Тау биіктеген сайын ауа райы салқындайды, ауаның қысымы кемиді. Ауа таза, мөлдір, салқын болады.Таулардың теріскей жағы салқындау, дымқыл болады, ал күнгей жағы жылырақ, құрғақтау болады.
Достарыңызбен бөлісу: |