Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет19/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Жылдамдық деп - дене қасиеттерінің аз уақыт арасында қозғалыс әрекетін жасай алу қабілетін айтады. Мұнда тапсырманы орындау аз ғана уақытта іске асып, шаршау болмайды деп түсініледі.
Жылдамдық саласын зерттеген ғалымдар [50, 51, 52, 53] жылдамдықтың үш қарапайым түрін дәлелдейді, бұл:
- қозғалыс әсерінің уақыты;
- жеке қозғалыс жылдамдығы, бұл сыртқы қарсылықтар аз болған жағдайда;
- қозғалыс жылдамдығы.
Бұған қоса жылдамдықтың көрінуінің ең қарапайым түрлері бір-біріне тәуелсіз, бұл, әсіресе, қозғалыс әсерінің уақыт көрсеткіштеріне қатысты, олар көбіне қозғалыс шапшандығының көрсеткіштерімен тура келмейді, қозғалу баяу, жай бола тұрып, өте шапшаң қозғалыс әсеріне ие болуы мүмкін немесе керісінше де болады.
Көрсетілген жылдамдықтың үш түріндегі сәйкестігі осы қасиеттің барлық көріністерін бере алады. Мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіргендегі нәтиже, сәреден шығу, қадам қарқыны мен жеке қозғалыстар шапшандығы қозғалыс әсерінің уақытына байланысты болады және тағы басқа ғалымдардың пікірінше, жүйкенің қозғалыс процесі жылдамдықты көрсетуде маңызды роль атқарады. Есептеуінше, қозғалыстың ең жоғарғы жиілігі болып табылатын жылдамдықтың даму деңгейі қозғалыс аппаратының физиологиялық тұрақсыздығы, яғни белгілі уақыт бірлігінде саны ете жоғары импульстер тудыра алу қабілетіне ғана емес, қозғалыстың жүйке орталықтарының қозу жағдайынан тежелу жағдайына немесе керісінше өте алу қабілетіне де байланысты.Көрсетуінше, басқа қалыпқа көшу процесі қалай жиі өтетіндігі қозу және тежелу процестерінің жиілігінің біртіндеп жоғары ауысу кезінде антогонистік бұлшық еттердің қозғалыс орталықтары қаншалықты бір-бірімен сәйкестенуіне және осы субъектке тән ырғақтық қозғалыстардың жиілік шегіне байланысты болады.
Сыртқы әсерді жеңу немесе бұлшық еттердің күшімен қарсы келу қабілеті күш – қуат деп аталады. Бұлшық етпен түзілген күш қуат жүйке жүйесінің процестерімен байланысып, олардың жиырылғыштығы, жылдамдығымен және жиырылатын ақуыздарына тәуелді болып келеді. Басым күш – қуатты дамыту үшін, қозғалыс бұлшық еттерінің көпшілік бөлігі қатысуы керек. Бұл жағдайда жүйке жүйесіндегі қозу сәйкес келетін мотонейрондар да байқалуы қажет.
Күш қуаттың дамуының физиологиялық негізі келесі процестерін: мүмкіндігінше бұлшық еттердің көпшілік өлшем бөлшегінің жиырылуы антогенез бұлшық еттердің босауы және синегист бұлшық еттердің алдын ала созылып: синергис бұлшық еттердің жұмысында бірдеңгейліктің байқалуы анықталады. Күш қуаттың дамуына бұлшық етте байқалатын басқа да өзгерісте әсер етеді, (бұлшық ет талшықтарының жуандауы, олардың құрылыстық және биохимиялық процестерінің нығайтылуы).
Арнайы жаттығулар барысында бұлшық еттердің күш қуаты алғашқы көрсеткіштерімен салыстырғанда 3-4 есе өседі.
Адамның милемелді қысқа мерзімде қимылды орындау қабілетін жылдамдық деп атайды. Жылдамдықтың қарапайымдық және жүйелілік түрлері кездеседі. Қарапайым жылдамдыққа төмендегіні жатқызуға болады:
1.Қозғалу реакцияның жасырын уақыты (тітіркендіргіштің әсерінен қозғалудың басталу арасындағы уақыт)
2.Жеке қозғалу уақыты
3.Қозғалудың жылдамдығы.
Компекстік жылдамдық – спорттық қызметтегі спринтерлік жүгіруде, секіруде байқалады. Жылдамдықтың барлық түрлерінің байқалуы үшін қозудың жылдамдығы мен осыған байланысты жүйке комплекстерімен бұлшық еттегі биохимиялық реакциялардың жүйесі аса маңызды. Жаттығу кезіндегі процестердің жылдамдығы жоғарылай, қозумен тоқырау процестерінің жеке орталықтағы тез алмасуы байқалады. Осылардың нәтежесінде қозудың жоғары темпі байқалады. Спорттық қызметке қозғалыстың барлық түрі күш - қуатпен жылдамдықтың бірлігі жұмсалады. Күш - қуаттың даму дәрежесі жылдамдыққа негізінен әсер етеді.
Жылдамдықты дамытудың физиологиялық негізі. Қозғалу өлшем бірлігі мен қозудың жүйке, бұлшық ет талшықтары арқылы таралу жылдамдығының жоғарылауы: бұлшық ет талшықтарының жуандауы, жылдамдықтың өсуі; жүйке орталықтарындағы қозудың таралу жылдамдығының жоғарылауы; бұлшық еттердің босауы мен жылдамдығының көтерілуі; жаттығулар кезінде жылдамдық күш - қуатпен төзімділікке қарағанда баяу дамиды. Жылдамдықты негізінен дамытуға қолайлы кезең балалар мен жасөспірімдерде байқалады.
Ағзаның ұзақ мерзімде белгілі бір дәрежедегі жұмысты орындау қабілетін төзімділік деп атайды. Ол ағзаның жалпы және жергілікті гаместозына қарсы келуі мен белгіленіп бұлшық еттің жұмыс барысында пайда болатын жүйелік өзгерістермен жабдықталынады.
Төзімділіктің дамуы жылжумен вегетативтік функциялардың және ағзаның түрлі жүйлерінің функциялық қызметтерінің жоғарылауымен байланысты. Бұл жүйелерге қан айналым және тыныс алу мүшелері кіріп, жұмыс жасап жатқан бұлшық еттерге және басқа ұлпаларға оттекті жеткізеді. Ұзақ және жылдам жұмыс барысында гемоглобиннің санына байланысты қандағы оттегінің жоғарғы көлемі қажет етіледі. Төзімділіктің физиологиялық негізі келесі көрсеткіштерге байланысты, тыныс алу және қан айналым мүшелерінің даму дәрежесі. Қандағы оттек көлемінің көрсеткіші: буверлік жүйенің көлемдік көрсеткіші және қанның сілтілі көлемі: организмдегі энергетикалық заттардың қоры және оларды пайдалану мүмкіндігі: аэропты және анаэропты процестердің қуаты: қозғалыстың және вегетативтік функциялардың зерттелуі. Төзімділіктің бірнеше түрін ажыратуға болады: жалпы және арнайы төзімділік, жылдамдылықты және күш қуатты.
Жалпы төзімділік ағзаның бұлшық ет қозғалысы кезіндегі шаршауға қарсы тұру қабілеті. Спорттық жаттығудың әсерінен жалпы төзімділік жоғарылайды. Арнайы төзімділік – ұзақ мерзім ішінде күш қуатпен бірге жұмыс істеу қабілеті. Төзімділіктің бұл түрі арнайы жаттығулардың ұзақ мерзімде орындалу және соның әсерінен ағзадағы арнайы өзгерістердің пайда болуы мен байланыстырылады. Соңғы кездері спорт саласында төзімділіктің спортшыларға аэробты және анаэробты қуатпен қамтылу процестерінің даму деңгейінің классификациясы мен байланыстырылады.
Аэробты төзімділік АТФ – тің аэробты синтезінің максимальды мүмкіндігі мен белгіленеді. Анаэробты төзімділік АТФ – тің анаэробты синтезінің үлкен мүмкіндігімен белгіленеді. (креатинфасфатты және гликалитикалық механизм). Жаттығулардың жылдамдылығы мен ұзақтылығымен байланысты аэробты және анаэробты өнімділік белгісі пайдаланады.
Икемділік екінші дәрежедегі сапа белгісі болып есептелініп, күш қуаттың, жылдамдықтың және төзімділіктің жүйелі дамуына тәуелді болып келеді. Икемділіктің қалыптасуы орталық жүйке жүйесінің функциональды дамуымен байланысты. Кейбір спорт түрлеріндегі ортаның тез өзгеруі сенсорлық жүйеден келген ақпаратты жылдам өңдеп және жауап реакцияларының тез қалыптасуына жоғары талаптар қойылады. Икемділікті дамытудағы ұзақ жаттығулардың нәтежесінде жүйке процесінің жылдамдығы жоғарырақ, бұлшық еттердің жұмысқа тез кірісуі және жиырылудың босаңсуға жылдам ауысуы байқалады.
Жаттығулардың жүйелі процесінде барлық қозғалыс сапасы дамиды. Күш қуаттың жылдамдықтың және төзімділіктің бірлігі олардың дамуындағы физиологиялық механизмдерінің бірлігімен айқындалады.

Бақылау сұрақтары:


1.Төзімділік дегеніміз не?
2.Төзімділіктің физиологиялық негізі қандай көрсеткіштерге байланысты өзгереді?
3. Компекстік жылдамдық қандай спорт түрлерінде кездеседі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет