2.Иілгіштік факторларының құрылымы - "Иілгіштікң сапасы спортпен тиімді айналысуға байланысты, даму деңгейінен адамның моторикалық құрамдас бөлімі ретінде қарастырылды.
Іc-тәжірибеде бұл сапаны бағалау үшін әдістердің кең жиынтығын қолданады.
Икемділікті бағалау үшін қолданылатын барлық әдістер екі топқа бөлінеді:
1. Алынған нәтижені бұрыштық өлшеммен білдіретін, арнайы құралдардың көмегімен [мысалы, гипометрлер] буындардағы қимылдарды бағалауға мүмкіндік ететін әдістер.
2. Қозғалудың әртүрлілігі және сызықты шамамен берілетін, буындағы қозғалысты бағалауга мүмкіндік беретін жай бейімділіктілер.
Екінші топтың әдістері спортты - педагогикалық зерттеулер іс-тәжірибеде жиі қолданылады және дұрыстығы аз деп есептелінеді.
3.Ептілік факторларының құрылымы- бірқатар зерттеулерде жиі аталып жүрген, үйлесімділіктің жалпы айқындалған факторлары бойынша мамандар арасында "Ептілік" туралы түсінік жайлы біркелкі ой пікір жоқ. Бұны тез үйренудің қабілеттілігі және ауыспалы жағдайға сай қозғалыс әрекетін тез өзгерту деп те есептейді. Америкалық әдебиеттерде ептілік деп дене қозғалысының бағытын тез өзгерту қабілеттілігін немесе кеңістіктегі оның бағдарын айтады.
Ептілік - адамның бағытталған қимылына, статистикалық және динамикалық теңдікке, көру, қозғалыс және вестибулярлық тітіркендіргіштер өзгерген жағдайға (еңбек, тұрмыс, спорт) байланысты кеңістікте өз денесін игеруі және басқаруы. Ептілік - еңбек процесін арттыруға қажетті бұлшық ет қимылын жүргізу, қажет уақытта дене теңдігін ұстау, өндірістегі және спортта болатын жарақаттарды төмендету болып табылады.
Қорыта айтқанда, ептілік оқушылардың қозғалыс белсенділігінің дәрежесімен және пубертатты кезеңнің әсерімен, ағзаның және физиологиялық мүмкіндіктерінін, өзгеруімен, көбінесе келісіп алынған жинақты, көп факторлы күштер болып бекітілген.
Сондықтан күштерді шынықтыру барысында, ағзаның жас ерекшеліктеріне, мамандығына, таңдап алынған спорттық ойындардың түрінен басталған бұлшық ет топтары күштерінің дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Үлкен адамға тән деңгейге тек 16-20 жаста жететін бұлшық ет күштерінің айрықша өсуі болатын жас кезеңде жүктемені төмендетпеу маңызды. Бүған осы жас кезендегі дене салмағының өсіп жетілуі ғана мүмкіндік туғызады. Бұлшық еттің жылдамдығын арттыру, ұзақ статистикалық ширығуға үдемелі мүмкіндік, бұлшық ет - антоганистердің әрекетін бұлшық-ет - синергистердегі функциональді моторлы бірліктердің ең көп санын тез жұмылдыруды камтамасыз ететін қозғалыс үйлестігін арттыру ерекше мәнге ие болады.
Бақылау сұрақтары:
Күш мүмкіндіктерінің факторлары.