Иілгіштік - қозғалысты үлкен амплитудада орындай алу қабілеті, иілгіштік өлшеуіші қозғалыстың үлкен амплитудасы болып табылады. Зерттеулерде оны шартты түрде бұрыштық градустармен белгілейді: тәжірибеде көбінесе аса дәл емес сызықтық өлшемдер қолданылады. Иілгіштікті өлшеу үшін ғалымдар көптеген тәсілдер мен құрал-жабдықтарды ұсынады.
Иілгіштіктің белсенді және енжарлы түрлерін көрсетуге болады. Белсенді иілгіштік белгілері - буын арқылы өтетін бұлшық ет топтарының белсенділігінің есебінен қозғалыстың үлкен амплитудасына жету қабілеті. Енжарлық иілгіштік қабілеті - сыртқы күштер арқылы ең жоғарғы амплитудаға жету. Белсенді иілгіштіктің көрсеткіштері енжар иілгіштіктің көрсеткіштерінен кем болады.
Иілгіштік бұлшық ет пен сінірдің иілгіштік қасиетіне, сондай-ақ буындағы қозғалмалылықка байланысты, қорғаныштық кызметі бар созылмалы бұлшықеттердің қозуы ерекше роль атқарады. Қозғалыстың үлкен амплитудасында иілгіштіктің өсуінен және бұлшық еттің тартылуынан қозу басталады да, олардың белсенділігі төмендейді. Иілгіштік дененің құрылыс ерекшелігіне, дене сигменттерінің ұзындығына байланысты болмайды.
Иілгіштік ортаның сыртқы температурасына байланысты болатыны белгілі; жоғары температурада ол күшейеді. Басқа дене қасиеттеріне қарағанда иілгіштік тәулік мерзімдерінде көп көрінеді.
Мысалы, таңертеңгі уақытта иілтіштік елеулі түрде төмендейді. Әртүрлі жағдайда [температура, күн мезгілдері] оның тұрақсызданып, ауысып отыратынын дене тәрбие сабағын жүргізу барысында ескеру керек.
- Дене қасиеттерін жетілдіруде және бағалауда қолданыла-тын әдістемелік жаттығулар мен тәсілдер
Дене қасиеттері
|
Әдістемелік тәсілдердің мазмұны
|
Қолданылатын жаттығулар
|
Ептілік
|
Секіртпе жітшен орындалатын жаттығулар
|
Секіртпе жіппен алға, артқа секіріп жүгіру, бір орнында оң және сол аяқты алмастырып секіру.
|
|
Қозғалыстың қарқыны мен бағытын өзгертіп орындалатын жаттығулар.
|
Белгі бойынша тоқтап бағытымен жылдамдығын өзгерте жүгіру.
|
|
Қосымша қозғалыстармен күрделендірілген жаттығулар
|
Олаңқай оқушылар сол қолмен допты дәлдікке ату, допты кедергілердің арасымен алып журу т.б.
|
|
Қашықтыққа түрлі жаттығу- ларды орындап жүгіріп өту.
|
Кедергінің астымен өту, алға, артқа аударылып түсу, кедергінің үстінен секіріп оту т.б.
|
|
Оқушылардың топпен немесе жұптасып бір-біріне қарама-қар-сы қолданылатын жаттығулары
|
Спорттық ойын барысында [футбол, баскетбол] әртүрлі тактикалық тәсілдерді қолдану.
|
Төзімділік
|
Бір келкі ұзаққа созылған жаттығулар
|
Ұзақ қашықтыққа жүгіру, суға жүзу
|
|
Ауыспалы қарқынмен орында-латын жаттығулар
|
400, 800, 1500 м жүгіру
|
|
Жоғарғы қарқынмен орында-латын жаттығулар
|
Ең үлкен жылдамдықпен 60, 100 м жүгіру т.б.
|
Күштілік
|
Жылдамдық күш қабілеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар
|
Қайталау едісімен жүгіру, 4x1 Ом, 2x30 м, т.б.
|
|
Төзімділік күшті дамытуға арналған жапығулар
|
6-7 жаттығу түрлерінен тұратын айналмалы жаттығулар
|
|
Максимальді күшті дамытуға арналған жатығулар
|
Ауыр доптарды [2-3 кг] көтеру кермеге тартылу, арқанға өрмелеп шығу [2, 5-3 м], гантель көтеру, жерге жатын қолды бүгіп жазу
|
Иілгіштік
|
Аяқты бүкпей, қолдың ұшын еденге жеткенше иілу
|
Қолдың үшы еденге жетсе жеткілікті
|
|
Отыру және иілу жаттығулары
|
Екі аяқты алшақ қойып, оң және сол аяққа отыру, т.б. гимнастикалық төсеніште көпірге тұру және шпагат жасау
|
|
Еденде отырып, тізе буынын бүкпей, алға "АБ" сызығына дейін иілу
|
"АБ" белгісінен асырса "+" оған жетпесе "-" 5; 10; 15
|
|
Гимнастикалық орындықтың үстінде тұрып, тізе буынын бүкпей алға иілу
|
"0" жоғары [-] 15 см дейін, ал "0" төмен қарай [+] 35 см дейін
|
Иілгіштікті тәрбиелеу үшін қозғзалыстың амплитудасы жоғары жаттығуларда қолданынады. Олар - белсенді және енжар қозғалыстар тобы болып екіге бөлінеді.
Дене қабілеті түсінігіне профессор Зациорский В.М. өзінің ғылыми еңбектерінде адам моторикасының мынадай жақтарын біріктіреді:
1. Қозғалыстар бірдей параметрлерде көрсетіледі, сәйкес тәсілмен өлшенеді және оларға бірдей өлшеуіш қолданады [мысалы, барынша көп жылдамдық];
2. Біріне-бірі ұқсас физиологиялық және биохимиялық механизмдері бар психиканың да ұқсас касиеттерін талап етеді.
Осы материалдың нәтижесі ретінде, дене қабілеттерін тәрбиелеу, қозғалыстың нақты бір түріне тәуелсіз, жалпылама ортақ қасиеттерге ие болады. Мысалы, жүзудегі төзімділік, жүгірудегі қозғалыс кимылдары әртүрлі болғанмен, көбіне ұқсас жолдармен жасалынады.
Дене қабілеттері туралы алғашқы түсінік әдістемелік әдебиеттерде зерттелді, ал кейін бірте-бірте басқа да ғылыми пәндерде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі спорт физиологиясы ретінде қарастырылды.
Дене қасиеттері туралы айтқанда қандайда бір дененің қасиетін тәрбиелеу және дамыту деген терминдердін айырмашынығын анықтау керек, себебі, біздіңше, мұның елеулі мәні бар. Денедегі қасиеттерді дамыту дегеніміз - адамның өмір барысындағы олардың өзгеру процесі. Мысалы, күшті дамытуда оның 20-25 жасқа қарай бірте-бірте жоғарылайтынын, одан соң тұрақтау кезеңі, біршама уақыт өткеннен кейін төмендеп отыратыны байқалады.
Дене қасиеттерін тәрбиелеу - әдетте педагогикалық басқару процесі болып қалыптасқан. Дамуды өзіміз қалаған бағытта өзгерту үшін оған әсер ету; мысалы, жылдамдықты тәрбиелеу, мұнда дене жаттығуларын таңдау немесе жинақтау, оларды мөлшерлеу қарастырынады. Басқаша айтқанда, даму терминімен ағзада өтетін өзгерістер, ал тәрбиелеу терминімен осы өзгерістер тілімізде сәйкес қажетті іс-әрекеттер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |