Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет23/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
11Лекция
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жүктемелерінің жіктелуін, спорттық жаттығулардың қағидаларын және жоспарлануын физиологиялық негіздеу.
Сабақтың жоспары:
1.Спорттық шынығудың және жаттығуды дамытудың физиологиялық қағидалары.
2.Спорттық жаттығудың физиологиялық сипаттамасы.
3.Шынығу жүктемелерін жүктеудің, спорттық жаттығуды жоспарлаудың физиологиялық негіздері.

Жас спортшылармен оқу жаттығу сабақтары түрлі бағыттағы жаттығулар кешенін пайдаланумен жүргізіледі. Бұндай амал спорттық нәтижелер үшін негізгі дайындық құрумен қатар жас спортшылардың көңіл – күй мен жұмыс қабілетін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен, сабақ мазмұнына күш пен жылдамдық – күш қабілеттерін, төзімділік пен ептілікті дамытуға арналған жаттығулар кіреді. Дене және қимыл қабілеттерін дамытудыңжас ерекшеліктерін зерттеуде ықпалдың таңдаулы әсері сенситивтік жаттықтыру құрылғыларының бағытын анықтайды. Алайда спорттық іс – тәжірибеде жаттықтыру жүктемелерінің таңдаулы бағытын кешенді түрде, нақты жоспарлауға мүмкіндік беретін мәліметтер қажет. Дене қабілеттерін өлшегенде түрлі өлшем бағалары – сантиметр, килограмдар, секундтар пайдаланады, ал дене және қимыл қабілеттерінің дамуының жалпы бейнесін құру үшін барлық шаманы бірдей бағалау өлшеміне келтіру қажет.


Алғашқы дайындық сатысында 8-10 жаста ұлдар мен қыздар үшін жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемін жоспарлауда елеусіз айырмашылықтар болады.Сонымен 8 жасар қыздарда жаттықтыру жүктемесінің үлкен көлемін, ал ұлдарда орташа көлемі жоспарланады. Одан кейінгі жастарда жаттықтыру көлемі өзгеріп, қыздарда орташа, ал ұлдарда үлкен болады. Он жаста екі жыныс өкілі үшін де дене жүктемесінің көлемі азаяды.Жаспарлануы даму ырғағы көрсеткіштерімен атқарылатын дене қабілеттері де өскелең ағзаның белсенділігіне байланысты болады. Табиғи дамудың үлкен көлемді ырғағы жылдамдық – күш қабілеттерінің көрсеткіштерінде байқалады. Үш жылда бұл көрсеткіштер ұлдарда 44%- ға, қыздарда 34% –ға артады.
Жасында жылдамдық – күш бағытындағы жаттығулар жоспарлау ең басты орындарда тұрады. Көлемі бойынша олар ұлдарда да, қыздарда да үлкен болады. Жүктеменің үлкен көлемі жылдамдық қабілетін тәрбиелеуде жоспарланады. Даму ырғағы үш жылда ұлдарда 10%, қыздарда 15% ды құрайды. 8-9 жаста қыздар үшін дене жаттығуларының көлемі ұлдарға қарағанда көбірек. 9-10 жаста жүктеме көлемі ұлдар мен қыздар үшін бірдей болады.
10-11 жаста ұлдар шапшаңдықтың даму ырғағынан өз сыныптас қыздарынан алда тұрады. Қыздарда иілгіштікті дамытуда 8-9 жаста өсу 0%-ды, 9-10 жаста 1% - ды, 10-11 жаста 3% - ды құрайды. Ұлдарда да осы қабілеттердің даму ырғағының төмендеуі байқалады. (-5%) сосын 4% болады, ол ұлдар үшін иілгіштікке арналған жаттығулардың көлемі мен санын біршама арттыруға көмектеседі.
Қыздар мен ұлдардағы ептілікті дамытудың жасына қарай жүретін ырғағы әртүрлі, ол күрделі үйлесімді қимылдарды орындауды қамтамасыз ететін жүйені қалыптастырудың мерзімдері әртүрлі болатынымен түсіндіріледі.
Ұлдарда бұл қабілетосы уақыттың барлығында 6% ға, қыздарда -15%-ға артады.Осыған байланысты ұлдарда да қыздарда да 8-9 жаста ептілік жаттығуларының үлкен көлемі қолданады. Сосын біршама төмендеу болады, ол ұлдардадаму ырғағының айқын төмендеуіне (-8%), қыздарда артуына (9%), жалғасады. Бұл 8-9 жаста үлкен, 9-10 жаста орташа, 10-11 жаста ұлдар үшін аз, ал қыздар үшін көп болатындай етіп ептілікті тәрбиелеуде жүктеме көлемін жоспарлау үшін негіз болып табылады. Сонымен төменгі сынып жасында жылдамдық – күш, жылдамдық және ептілікті дамыту үшін қажетті құралдарының үлкен көлемін жоспарлайды. Мұнда жас айырмашылықтары да ескеріледі. Бұл әсіресе жылдамдық қабілетін тәрбиелеуде иілгіштік тәрбиелеуде 10-11 жаста, иілгіштікке тәрбиелеуде 9-10, 10-11 жаста және ептілікке 8-9 жаста қажет. Бұл кезеңде қыздарда ү\ұлдарға қарағанда жүктеме көлемі аз. Қыздар үшін 8-9 жаста шапшаңдықты, ал 10-11 жаста ептілікті тәрбиелеудегі жүктеме көлемін арттырған жөн болады. Жасөспірімдік кезең жас және жыныстық айырмашылықтарына қарай жаттықтыру құралдарының көлемін жоспарлаудағы елеулі өзгерістерімен сипатталады. 14 жаста барлық ағзаның жүйелерінің дамуына қарай қыздар үлкен көлемді жақсы көтереді. Бұл жастағы жасөспірімдер үшін үлкенжәне кіші көлем жоспарланады. 12-13 жаста жасөспірімдерде жүктеме көлемі орташа болады. 12 – жастағы қыздарда да көлем осындай, ал 13 жаста өте төмендейді. 14-15 жасар жасөспірімдер үшін бүкіл ағзаның сенімділігін арттыру тән, ол үлкен көлемдегі дене жүктемелерін пайдалануға мүмкіндік береді. 14және 15 жастағы қыздар үшін түрлі көлемдегі жаттықтыру құралдарын жоспарлайды. Егер 14 жаста орташа көлемдерді қолдану мүмкін болса, ал 15жаста оларды өте төмендету қажет. Жаттықтыру құралдарын таңдаулы жоспарлауда осы кезеңдестіруге бағынады.
11-12 жасар жасөспірімдердің жылдамдық – күш қабілеттерінің даму көрсеткіші 10% - ды құрайды және қыздардағы 7% көрсеткіштен аса ерекшеленбейді. Жасөспірімдік кезеңде ұлдар мен қыздарда аталған қабілетінің дамуында тағы бір белсенді кезең байқалады.Бұл жас жыныстық есеюдің соңғы аяқтаушы кезеңі тәрізді болады, ол қыздарда 13-14 жаста басталып, жылдамдық –күш қабілеттерінің даму ырғағы 13% - ға тең болады. Ұлдардағы бұндай өзгерістер 14-15 жаста болып, өсу ырғағы 11%- ды құрайды. Ұлдардағы жылдамдық – күш қабілет тәрбиелеу құралдарының көлемін арттыру 11-12 және 14-15 жаста, яғни жыныстық есеюдің бастапқы және аяқтаушы кезеңдерінде өтеді.қалған жастарда жүктеменің орташа көлемі пайдаланады. Қыздардағы жылдамдық – күш сипатындағы дене жаттығуларынң үлкен көлемі 11-120және 13-14 жасқа жоспарланады. Қалған жылдары бұл қабілеттің дамуы біршама баяулап, жүктеменің орташа көлемін пайдалану ұсынылады. Ал жалпы өсу ырғағына келсек, ұлдарда ол бүкіл жасөспірімдік кезеңде 31% -ға, ал қыздарда 12% - ға тең болады. Жасөспірімдік кезеңде жылдамдық қабілеті көрсеткіштерінің даму ырғағының артуы байқалады, ол ұлдарда 26% -ға қыздарда 11%-ға тең. Бұл қабілет ұлдарда үлкен белсенділік танытады, ол жылдамдық сипатындағы көптеген жаттығуларды пайдалануға мүмкіндік береді. Тек 12-13 жаста ғана өзгешеліктер кездеседі. Мұнда жүктеменің орташа көлемі қолданылады, себебі жылдамдықтың өсу ырғағы 2% -ды құрайды. Қыздардағы осы бағыттағы дене жаттығуларының үлкен көлемі 12-13 жаста беріледі, қалған жылдары орташа көлемде болады. Жасөспірімдік кезең ұлдарда да, қыздарда да иілгіштікті дамыту ырғағы көрсеткіштерінің біршама төмендеуімен сипатталады. Аталған қабілетті тәрбиелеуді жоспарлау ұлдарда 14-15 жаста, қыздарда 13-14 жаста жүргізілуі қажет. Бұл кезеңдерде үлкен көлемдегі жүктемелер қолданылып, табиғи иілгіштікті дамытуға көмектесетін жаттығулар саны артады. Қыздарда 11-12 жаста жүктеменің орташа көлемін қолданған жөн. Ұлдардағы ептілікті тәрбиелеуге бағытталған жаттығулардың көптеген түрлері 11-14 жас, орташа көлемі 14-15 жаста болады. Қыздардағы бұл қабілет екі жаста 11-12 және14-15 жаста артады, көлемі жоспарланады. Демек, ептілікті тәрбиелеуге бағытталған құралдардың үлкен көлемін ұлдарда бүкіл жасөспірімдік кезеңде, ал қыздарда тек екі жаста ғана пайдалануға болады. Төзімділікті дамыту ырғағы жасөспірімдік кезеңде ұлдарда 13-15жаста жоспарланады, қыздар үшін 14-15 жаста жүктеме көлемі орташа немесе елеусіз артықшылықта болады.
Төменгі сынып жасына қарағанда жасөспірімдік кезеңде дене қабілеттерінің таңдаулы дамыту құралдарын жоспарлауда біршама жыныстық айырмашылықтармен сипатталады. Бұл өз кезегінде жан- жақты амалды талап етеді. Жасөспірімдік кезең жаттықтыру құралдарының орташа көлемде тұрақталуымен сипатталады. Бұл жігіттерге де, қыздарға да тән. Дене қабілеттерін тәрбиелеу құралдарын жоспарлауда жыныстық айырмашылықтарды ескеру қажет. Жоғары сыныптағы ұлдарда жылдамдық – күш қабілетінің үлкен көлемімен қоса, жылдамдық қабілетінің де сондай көлемі жоспарланады.Ұлдардағы иілгіштікті дамыту ырғағының төмендеуі барлық жоғары сынып жасында байқалады, ал қыздарда әлі де болса дұрыс бағытталған тәрбие үшін мүмкіндік бар. Ептілік факторларының құрылымы - бірқатар зерттеулерде жиі аталып жүрген, үйлесімділіктің жалпы айқындалған факторлары бойынша мамандар арасында "Ептілік" туралы түсінік жайлы біркелкі ой пікір жоқ. Бұны тез үйренудің қабілеттілігі және ауыспалы жағдайға сай қозғалыс әрекетін тез өзгерту деп те есептейді. Америкалық әдебиеттерде ептілік деп дене қозғалысының бағытын тез өзгерту қабілеттілігін немесе кеңістіктегі оның бағдарын айтады.
Ептілік - адамның бағытталған қимылына, статистикалық және динамикалық теңдікке, көру, қозғалыс және вестибулярлық тітіркендіргіштер өзгерген жағдайға (еңбек, тұрмыс, спорт) байланысты кеңістікте өз денесін игеруі және басқаруы. Ептілік - еңбек процесін арттыруға қажетті бұлшық ет қимылын жүргізу, қажет уақытта дене теңдігін ұстау, өндірістегі және спортта болатын жарақаттарды төмендету болып табылады.
Қорыта айтқанда, ептілік оқушылардың қозғалыс белсенділігінің дәрежесімен және пубертатты кезеңнің әсерімен, ағзаның және физиологиялық мүмкіндіктерінін, өзгеруімен, көбінесе келісіп алынған жинақты, көп факторлы күштер болып бекітілген.
Сондықтан күштерді шынықтыру барысында, ағзаның жас ерекшеліктеріне, мамандығына, таңдап алынған спорттық ойындардың түрінен басталған бұлшық ет топтары күштерінің дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Үлкен адамға тән деңгейге тек 16-20 жаста жететін бұлшық ет күштерінің айрықша өсуі болатын жас кезеңде жүктемені төмендетпеу маңызды. Бүған осы жас кезендегі дене салмағының өсіп жетілуі ғана мүмкіндік туғызады. Бұлшық еттің жылдамдығын арттыру, ұзақ статистикалық ширығуға үдемелі мүмкіндік, бұлшық ет - антоганистердің әрекетін бұлшық-ет - синергистердегі функциональді моторлы бірліктердің ең көп санын тез жұмылдыруды камтамасыз ететін қозғалыс үйлестігін арттыру ерекше мәнге ие болады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Жылдамдық – күш бағытындағы жаттығулар

  2. Ептілік - адамның бағытталған қимылы

  3. Бұлшық еттің жылдамдығын арттыру неге байланысты?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет