Пайдаланған әдебиеттер: Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№26 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Жекпе – жек спортының физиологиялық сипаттамасы Сабақтың жоспары: 1.Жекпе – жек спорт түріндегі қимылдардың жалпы физиологиялық сипаттамасы 2.Бокстың физиологиялық сипаттамасы 1.Жұмыс қуаты және энергия шығынының әр түрлі варианттылығы. Жекпе-жек ойындарының барлық түрлері ситуацияның үнемі ауысуымен сипатталады. Ситуацияның әрбірі спортшыдан шабуыл немесе қорғану әрекеттерінің жаңа бағдарын талап етеді. Осыған байланысты жұмыс оның қуаты мен энергия шығынының үнемі өзгеруімен орындалады.
Дене салмағын жасанды төмендету. Бокс және күрес бойынша жарыстар, штанга көтеру сияқты салмақ категориясының есебімен жүргізіледі. Сондықтан спорттың осы түрімен мамаңданатын спортшылар өздерінің салмақтарына қарау керек және қажетті жағдайда оны жасанды түрде төмендету үшін шаралар қолдануы керек. Спортшы өзінің оның жоғары машықтану жағдайын сипаттайтын дұрыс салмағын білуі қажет. Денесінің дұрыс салмағы туралы мәліметті жүйелі түрде таразыға өлшеу және машықтанудың әр түрлі кезеңдеріңде салмақты бақылау жолымен алып отырады.
Спорттық тәжірибеде дене салмағын төмендету үшін тағам мен суды шектейді, арнайы диеталар, булы монша, жарық-жылы ванналар және т.б қуралдар қолданады. Көмірсу мен тұзды шектеумен диета қолдану екі тәулік ішінде салмақты 2-3,5кг төмендетуді қамтамасыз етеді. Монша қолдану дене салмағын тез төмендетуді қамтамасыз етеді. Бірақ буда ұзақ болу (25-30 минут) және суды шектеу көбінесе әлсіздікке, ұйқының бұзылуына, жүйке жүйесінің қозғыштығына, жүрек соғу жиілігінің өсуіне, қан қысымының жоғарылауына соқтырады. Мұның бәрі спортшының жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Қысқа мерзімді (10-15 минут) монша қолдану салмақты аз төмендеткенімен, қолайсыз жағдайларға соқтырмайды.
Организмнің жұмыс қабілетін төмендетпейтін жарық-жылы ванналар қайта қоддану кезінде дене салмағын 2кг және одан көп темендетуі мүмкін. Дене салмағын жасанды төмендету үшін ауа моншасын және ыстық душ қоддануға болады.
Дене салмағын төмендетудің физиологиялық тиімді құралы ұзақ физикалық жұмыс болып табылады (мысалы, жүгіру). Бірақ мұндай жолмен салмақ төмендетуді жарыс алдында қолдануға болмайды.
Қысқа мерзім ішінде салмақты едәуір төмендету спортшының көңіл куйінің нашарлауына соқтырады және жұмыс қабілетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан белгілі бір салмақ категориясында жарысқа шығатын спортшы үнемі өзінің салмағын қадағалап отыруы тиіс.
Боксшының қимылдық қызметі айнымалы қуаттағы жылдам-күшті динамикалық жұмыс болып табылады. Соққы берген кездегі боксшының және соққыға қарсы қорғану кезіндегі қарсылас боксшының қимылы циклді емес қозғалысқа жатады. Қозғалыстың сипаты мен құрылымы қарсыласының әрекетіне байланысты.
Кейбір раундтарда жұмыстың қуаты өте жоғары Раунд арасындағы қысқа үзілістер кезінде толық қалпына келу болмайды және алдыңғы раундтарда пайда болған оттегі қарызымен және басқа қызметтік өзгерістермен боксшы қайтадан рингке шығады.