3.11.
Шотан батыр есімі қҧрметке лайық тҧлға
Ҧлы Отан соғысы қазақ халқының басына ҽлi кҥнге орны толмай
келе жатқан ауыр
-
ауыр қасiреттер арқалатқан уақиға болды. Сонымен
қоса тигiзiп кеткен бiр пайдасы да бар болатын. Коммунистiк партия
соғыс басталысымен халық бойындағы ерлiк пен батырлықтың рухын
ел жадына оралту, ҽр кiсiнiң жанындағы кҥштеп жоғалтылған ерлiк пен
батырлықтың ҧлттық дҽстҥрлерiн қалпына келтiру қажеттiгiн байқады.
Ол қазақ халқының эпостық шығармалары мен батырлар жыры
арқылы ғана iске асатын шаруа едi. Сол сҽттi ҿте тиiмдi пайдаланған
Мҧхтар Ҽуезов бастаған бiр топ ҧлтжанды патриоттар бҥкiл Қазақстан
бойынша ерлiк дастандарды қағазға тҥсiрте бастады. Осылайша
Мҧрын жыраудан ―Ноғайлық‖ жырлары деп жырланатын ―Қырымның
қырық батыры‖ жазылып алынды. Сонда бастап жыршылар
цензурадан ҿткен жырларды айтуға мҥмкiндiк алды. Қазақ халқы тек
қана ҧлы мҧраға ие болып қалған жоқ, жыраулық ҿнерiн сақтап қалуға
да мҥмкiндiк алды. Талай
-
талай қазақ халқы ҥшiн қаны мен жанын
қҧрбан еткендер ел есiнде сақталып қалды. Ҽлi есiмiзде, сол кездегi ел
тек қана сол дастандарды айтқызумен рухани дем алатын.
Осындай қасиет дҥние жҥзiнiң барлық халықтарына тҽн керемет
қасиет. Ол –
уақыттың ерекше елегi ҿзiнiң сҥзгiсiнен ҿткiзгеннен соң
барып елдiң табынары мен сағынарларын тандап алу қасиетi. Ел
ондай жандарды:
ел билеген хандардың,
сҿз саптаған билердiң,
қол бастаған батырлардың,
ел рухын сақтаған ақындардың,
елдiң тҿрт қҧбыласы секiлдi, тiрi
кезiнде
-
ақ жҧрт сҥйiспеншiлiгiне бҿленiп, артына ҿшпес iз
қалдырғандардың iшiнен iздеген. Осы дҽстҥр елiмiз егемендiгiн
алғаннан соң жақсы жалғасын таба бастады. Қазақстанда ондаған,
тiптi жҥздеген бабалар аты жҧрттың жабырқау назарына жылылық
162
берер нҽрге айналды, елдiң табынары мен
сағынарлары екшелiп шыға
бастады. Бiз бҥгiн тек қана Маңғыстау ҿлкесiн жеке алып қарайтын
болсақ ең кҿрнектi жерлерде елдiң қасына барып, тҽубе етерлiктей
ескерткiш тҧғырлары пайда болды.
… Бiрiнде ел тiзгiнiн ҧстаған Тобанияз атамыз тҧр…
… Ендi бiрiнде елдiң ақындық рухы iспеттес Қашаған бабамыз…
… Ендi батырлар мен билер кезегi де келген секiлдi…
Жақын арада қаламыздың кҿрнектi жерiнде бiр ескерткiш тҧғыры
босап қалды. Тҥбек тағдырын, Маңғыстаудың рухани тiршiлiгiн ҿз
ҿмiрiм деп есептейтiн жандардың ―Ол жерде кiмнiң бейнесiнiң тҧрғаны
дҧрыс?‖ –
деген сҧраққа жауап iздейтiнi анық… Бiз де сондайлардың
бiрi едiк…
… Маңғыстау ҿңiрiнен Жошы мен Батиға ерiп (мҥмкiн
амалсыздан) батысқа қоныс аударған, Қырым, Кавказ, Едiл, Жайық,
Алатау, Тҥркiстан, Сайран сапарында 500 жылдай ғҧмырын ҿткiзiп,
тарихтың не бiр тауқыметiн бастан кешiп ата
-
бабасының қҧтты
қонысына қайта оралған елдi бабалар мекенi Маңғыстауға бастап
келген Шотан батырдың аты мен iзi тек қана ел есiнде емес қазақ
халқының тарихында да сайрап жатыр. Бiр мысал келтiре кетелiк…
Тарихшы Ҽбдiкҽрiм Хасенов (қазақ тарихының бес мың жылдық
баяны, Мектеп, 1996ж.) былай дейдi…
… Тҽуке хан Ордасы тҧрған Тҥркiстан қаласын айнала Матай,
Алтай, Тҿртқара, Адай, Шанышқылы, Шыпырашты,Дулат сияқты
жауынгер руларды қоныстандырды. Соның арқасында 1710 жылы
жоңғарларды Iле басына дейiн шегiндiрдi… Алшындардың сол кездегi
Аға Батырлары Берiште Ағытай, Адайда Назар, Шотан, Есенқҧл,
Сабытай… батырлар едi…
… ―Ертеде ерлер кҿп ҿткен…‖ деп, Сҽттiғҧл қарт жырлағандай,
батырлары қаншалықты кҿп болса да Адай тайпасының Алтын Орда,
Ноғайлық мырзалар кезi мен Қазақ хандығы заманындағы
Маңғыстаудан шетте жҥрген жылдардағы қасиет тҧтар бабаларының
есiмдерi ел жадынан ҿшiп кеткен. Олардың бҧ заманда қҧрмет тҧтар
есiмдерi мен тҽу етер зираттары текқана Ата мекен
-
Маңғыстауға
соңғы оралуынан басталады, сол бес жҥз жылдық ҧлы сапардан ҿз
жиделiбасынына оралмақ болғанда, ҿз темiрқазығына бет тҥзегенде
жҧрт ноқтасын қолына ҧстатып, ел тағдырын сенiп тапсырған Шотан
батыр ел сенiмiн ақтап шықты деп ойлаймыз. Маңғыстауда жерленiп
қалған бауырлас елдермен ҥлкен қан тҿгiске бармай, Ҧлы даланы бiр
айналып шыққан, сол кездерде "Ҧлын Ҧрымға (Римге) ― апарып
ҥйлендiрiп, ―қызын Қырымға‖ жеткiзiп тҧрмысқа берiп, ҿздерi ―Балқан,
Балқан, Балқан тау, о да бiздiң барған тау‖ деп, жҥрген жерлерi туралы
географиялық кендiктi сездiре мақалдатқан бабаларымыз, ҿзiнiң
қасиеттi мекенiне қайта оралды…
… Ендi бiз, Алла тағалаға, Маңғыстауды ҧрпақтарымызға мҽңгiлiк
мекен ете кҿр! –
деп, жалбарыналық…
163
… Басына бақ қонған ел басшыларынан –
Маңғыстауды
ғасырлар бойы жҧрт iздеген ―қой ҥстiне бозторғай жҧмыртқалаған‖
мекенге айналдыра кҿрiңдер! –
деп, тiлек тiлелiк…
…Содан соң барып ҽуелi Алла тағаладан, қалды ел
басшыларынан босап қалған тҧғырға осы ҧрпақ ата
-
бабасын осы
жерге жеткiзген, Шотан батырдың, сол арқылы тҧтас адай тайпасының
арпалыс жылдарды басынан ҿткiзген, ат ҥстiндегi ҿмiрiн бейнелейтiн
ерлiкке толы жылдарының бейнесiн кҿзге елестетер ескерткiш
туындысын ҿмiрге келтiрерлiк мҥмкiндiк жасай кҿр деп сҧралық…
… Алматыда 1994 жылы бiр суретшiнiң кҿрмесiнде дҽл осы ойды
кҿзге елестете алар мҥсiндi кҿрiп те едiм…
9 мамыр
2001 жылы
164
4. Тіліміз бен дініміз
4.1. “Қазақстанның болашағы –
қазақ тiлiнде”
Елбасымыз Нҧрсҧлтан Назарбаевтың ―Қазақстанның болашағы –
қазақ тiлiнде!‖ деген сҿзi ендiгi жерде мемлекетiмiздiң ҧлттық
идеологиясына, қазақ халқыныңҧлттық ҧранына айналып кететiнiне
сенiмдiмiз.
Бiз қолымызға қалам алмас бҧрын бiраз сҧрақтарға жауап iздедiк.
Солардың iшiнде жасы алпыстан асып, жетпiске жақындаған адам
ретiнде осы уақытқа дейiн ана тiлiм ҥшiн не тындырдым, неге
ризамын, нендей ҿкiнiшiм бар деген сҧрақтарда болды.
Бiз сол сҧрақтарға ҿз санамыздың, ҿзiмiздiң ана тiлге деген
сҥйiспеншiлiгiмiздiң жобасына сҽйкес жауаптарды тапқы та…
Солардың 6ipi ―сен қазақи айналайынмен ауызданып ҿскен ауыл
баласы едiң‖ дейдi. Елу жасқа шыққанға дейiн жиындар мен алқалы
жерде ҿз ойыңды ана тiлiнде айта алмай, ―iш қазандай қайнайды,
кҥресерге дҽрмен жоқ‖ ережесiмен, бҥғып қана ҿмiр сҥрмеп пе едiң деп
ескiнi еске салады.
Дегенмен олар: "Сен жолың болған адамсың!" –
дейдi маған.
Елiңнiң еркiндiкке қолы жетiп, жасың елуге келгенде еңсең
кҿтерiлмеп пе едi! Содан бастап ана тiлiнде сҿйлеп айбындана
бастамап па едiң!
Мен аса қҧрметтi де адам екенмiн. Президент сайлауында 100
сайлаушының 90
-
нан астамы ҿз ризашылық сезiмiн бiлдiрген,
ел сҥйiктiсiне айналған Елбасымыз Маңғыстауға келген сапарында
менiң дастарханымнан дҽм татып, немерелерiмнiң маңдайынан
сыйпап,
батасын берген едi.
Ойланып карасам, мен осындай сый қҧрметтерге ана тiлiмнiң
арқасында, ана тiлiмде сҿйлейтiн халкымның мҽдени мҧрасына еткен
еңбегiмнiң арқасында жеткен екенмiн.
Ҽртҥрлi ҧлттардың ҿкiлi мекен ететiн Қазақстан Республикасы
секiлдi елде ҧлтаралық қатынастарды, дiни тҥсiнiктердi, тiл
мҽселелерiн революциялық жолмен кҥштеп шешу, ҿзге тiлдiлердi
зорлап қазақшаға ҥйрету керек дейтiндер дҥбірҽ
адамдар деп
ойлаймын.
Елбасымыз бен саясаткерлерiмiз ел мен елдi жауластырмай, ҧлт
мен ҧлтты дауластырмай елiмiздi аман
-
есен iлгерi бастырып келедi.
Жылдан
-
жылға барлық мҽселелер бойынша дамып келемiз,
болашағымызға сенiмiмiз арта тҥсуде.
Бiз осындай жетiстiктерiмiздi алға тарта халқымызды шҥкiршiлiк
пен қанағатқа шақырамыз. Сабыр менен ақылға шақырамыз. Қазақ
165
даналары
"асықпаған
арбаға
мiнiп
қоянға
жетедi"
деген
данышпандығын қазақтардың тап қазiргi тарихи мезгiлiне, ҽсiресе ана
тiл туралы мҽселелер туындайтынын бiлiп, соған арнап айтқандай.
Ана тiлдiң дҽрежесiн тек қана заң жҥзiнде емес ic жҥзiнде де
мeмлeкeттiк тiлге айналдыру, дамыту, оның пайдалану аясын кеңейту
мҽселелерi барлық уақытта да мемлекеттiң алдына қояр 6ipiншi
шаруасы болуға тиiс деп ойлаймыз. Бҧл мҽселе тек қана мемлекет
басындағылардың емес ҽрбiр қазақтың да мҥддесi. Екi мҥдденi
ҧштастыра жҧмыс жасай алғанда ғана ана тiлiмiз бҽрiмiз армандаған
биiктен кҿрiне алмақ.
Содан барып "мемлекетiмiз ана тiл
беделiн бар қазақ армандаған
деңгейге кҿтеру ҥшiн не icтеуi қажет?" деген сҧраққа жауап iздеймiз.
Заңдар мен қаулы шығара алатын мекемелер тiлдi дамыту туралы
шешiм қабылдағанда ҿзi де орындай алатын, қоғам мҥшелерi де
орындай алатын, ең бастысы мемлекетiмiздiң тыныштығы мен
жҧртымыздың татулығын қамтамасыз ете алатындай заңдар
қабылдауы тиic. Сондай заңдар мен бағдарламалар қабылдағанда
оны халық орындай ала ма? "Қабылданған заңды icкe асыру ҥшiн
халыққа қандай жағдай жасау керек?" деген сҧраққа жауап бере отыру,
жетiстiкке жетудiң басты қҧралы деп ойлаймыз.
Мысал келтiрелiк. Мемлекет ата
-
аналарға балаңды қазақша оқыт
деп, қазақша тiлге ҥйрет деп ҧран тастады делiк. Егер менiң ҥйiмнiң
қасында баламды орналастырар қазақша тiлдi бала
-
бақша болмаса,
немеремдi апарар уй жанында қазақша тiлдi мектебiм болмаса ол
ҧранды мен калай жҥзеге асырмақпын?
Тiлдi жасы жеткендерден емес, бесiктегi балаға ҥйретуден бастау
қажет. Қазақша мектеп пен бала
-
бақшалар саны бҥгiнгi қазақтардың
сан жобасын емес, болашақтағы санын қамтамасыз ете алатындай
болғанда ғана, мемлекеттiң қазақтарға қазақша сҿйле деп бҧйыруға,
неге балаңды қазақша оқытпайсың деп бҧлдануға қақысы болмақ.
Мемлекетiмiздегi
барлық
балабақша
мен
мектептерi,
гимназиялары мен жоғары оқу орындарының 70
-
80 пайыздай жобасы
қазақ тiлдi болғанда ғана ана тiлдiң ҿpeci ҿз
-
ҿзiнен биiктей бастамақ.
Ақшамыз мол деп жар салып жатырмыз. Ақшаны жҧмсайтын орын
табылмай жыл сайын миллиардтап игерiлмей қалып жатыр дейдi.
Ақша жҧмсаудың ең қажеттi жерi осы. Бiр сыныпта қазақ тiлiн отыз
емес он бес бала оқығанда ғана бiлiмнiң сапасы кҿтерiлмек.
Қазiр ҿзiмiз қатарынан орын аламыз деп жатқан елу озық
елдердiң кейбiреулерi мемлекет қауiпсiздiгiне қанша қаржы жҧмсаса
оқу
-
ағарту жҧмыстарына да сонша қаржы бҿледi екен.
Ана тiлiн ардақ тҧту, қазақы болмысты сақтап қалу жҧмыстары
жастармен ҥздiксiз еңбек етудi қажет ететiн шаруа.
Тiл тағдыры туралы ҽңгiме еткенде, балаларымызды оқытқанда
бiздер ана тiлiмiздiң, қазақ ҧлтының нҽр алып жатырған тамырлары
тым тереңде жатқанынан бастауымыз керек деп ойлаймыз. ҿз тегiне
166
деген мақтаныш сезiмi —
ол ең абзал сезiмдердiң 6ipi. Бiздер
жастардың сондай сезiмдерiн оятуға тырысуымыз қажет.
Тарих тылсымының деректерi менiң ҿз басымда қазақ болып
туғаныма деген мақтаныш сезiмдерiн оятады. Қалай мақтанбассың!..
Бiздiң эрамыздан мыңдаған жыл бҧрын ҽлемдегi ең алғашқы
жазуларды ойлап тауып, артына кҥйдiрiлген саз тақтайшаларға
жазылған кiтап қалдырған шумерлер бiздiң қазақтардың бабалары
екен! Сол саз кiтаптардағы сҿздердiң ең кҿп ҿзгермей сақталғаны
қазақ тiлiнен табылады екен. Бiздiң эрамызға дейiн сан мың жыл,
одан кейiнгi 2 мың жыл бойы бiздiң ана тiлiмiз ҽлемдi аралап, ҿз
мҽдениетiн ҥпгiттеумен келiптi...
Сҿйтсек, тҥркi тҧқымдас елдер, солардың ошағына от тҧтатып
отырған бiздер, қазақтар, ең ежелгi ел ҿкiлдерi екенбiз. Жер бетiнде
алғашқы қалаларды салып, ең алғашқы жазуларды ойлап тапқан кҿне
тҥркiлердiң бабалары екен. Мысалы, Кҥлтегiн жырларындағы:
Соноу бастан, о бастан
Бip
-
6ipiнe жараскан
Жаралғалы Қара Жер,
Жаралғалы Кҿк Аспан
Естеби мен Бумынның
Адамзаттан бағы асқан.
Тҿрт бҧрышы дҥниенiң
Соларменен санасқан.
Бҥкiл тҥркi ҽлемi
Екеуiне қарасқан.
Апақ
-
сапақ, iңiрде
Олар салған дҥбiрден
Қаптап жатқан қалың жау
Шыбын жаннан тҥңiлген.
Дырдай болып келгенмен,
Бордай болып ҥгiлген.
Басы барлар иiлiп,
Тiзесi бар бҥгiлген... деген секiлдi образды жолдар жастар тҥгiл
жасы жеткен бiздердiң делебемiздi қоздыра бастайды.
Осыларды оқып
отырып ҿзiңнiң ескi тҥркi тҧқымы екенiңе қалай
мақтанбассың.
Мiне, бҧл дерекгер бастауыш мектептердiң "Ана тiлi"
оқулықтарының, жоғары сынып оқушыларының "Ҽдебиет" кiтабының
алғашқы беттерiнен орын алуға тиiс
деп ойлаймыз. Соларды оқып,
мақтаныш сезiмiне
бҿленген балалар ҿз аталарының ҧлы
болғандығын, тiлдерiнiң дҥниежҥзi тiлдерiне 15
-
20 пайыз сҿз қосқанын
бiлуi қажет. Ең алғашқы ҽpiптi ҿздерiнiң бабаларының ойлап
тапқанына мақтана ҿмiр сҥруi қажет. Сонда ғана бiз орыс тiлдi
бауырларымыздың бетiн берi қайтара аламыз. Ҿз ҧрпақтарымызды
қазақша бiлуге қҧмар ете аламыз.
167
Билiк басындағылардың кҿпшiлiгi балалары мен немерелерiн
тҽрбиелеуде ҽлi кҥнге ҿзге тiлдi iлгерi тҧтынады... Олар сол арқылы
ҧзақ уақыт билiк басында болуды армандайтын сияқты.
Сондықтан да елiмiздiң болашақ азаматтарын қазақ тiлдi етiп
дайындау —
ең маңызды мҽселе!
Бала
-
бақшалар мен мектептердiң 70
-
80 пайызы қазақ тiлдi
болганда, орыс тiлдi мектептерде қазақ тiлiн оқыту сағаты бар
сабақтан жоғары тҧрғанда ғана балалар қазақ тiлдi болып
тҽрбиеленедi...
Бҧл мҽселедегi ең бастысы —
қазақтардың ҿз сезiмiндегi
отаншылдық намыс болуы!
Кез
-
келген қазақ: ―Ана тiлiм –
тек қана анам емес, немерем мен
шҿберем де‖ дейтiн болса…
Кез
-
келген
қазақ:
"Баласы
мен
немересi
ана
тiлiнде
сҿйлемейтiндер —
бҧл ҿмiрден ҧрпақсыз ҿткен жандардай!" —
деген
сезiмде жҥрсе…
Ана тiлдi қорғау —
Отанынды сыртқы басқыншы жаудан қорғау
секiлдi нағыз патриоттық сезiммен iске асырар iс.
Бҧл iске нағыз Отаншылдық сезiммен кiрiсу керек! Керек
болғанда бiзге мҽдениеттi, ешкiмдi
қорламайтын, ешкiмге кҥш
кҿрсетпейтiн Отаншылдық керек.
Отан деген сҿздiң —
отбасы сҿзiнен шыққанын қазiр бiраз кiсiлер
мойындап, бiраз ғалымдар дҽлелдеп болған.
Қайталап айтсақ "Ел болам десең бесiгiндi тҥзе!"...
Ал қазақ жастарына айтарымыз олар бiр
-
бiрмен бiлiм
жарысында бҽсеке ретiнде қабылдайтын 6ip ҿмiрге кажеттi тҥйсiктi
бойларына сiңiру қажет ceкiлдi...
Сонда бiз болашақ Қазақстан ҥшiн де, болашақ қазақтар ҥшiн де,
ана тiлiмiз ҥшiн де уайым шегiп, қайғы жемеген болар едiк...
«Ҽдебиет айдыны», 20.07.2006.
4.2
. Ана тілің –
тек қана анаң емес, ол немерең мен шӛберең де!
Жиында сҿйленген сҿз
Қҧрметті ана тіліміздің жанашырлары! Осы мақаланы арнайы
Сіздерге бағыштап жазғалы отырмын.
Елбасымыз Нҧрсҧлтан Назарбаевтың ―Ана тілі‖ газетіне берген
сҧхбаты ―Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде!‖ деген бір ауыз
сҿзбен ҿрнектелген екен. Біз бҧл нақыл сҿздің ендігі жерде
мемлекетіміздің ҧлттық идеологиясына, қазақ халқының ҧлттық
ҧранына айналып кететініне сенімдіміз. Шіркін, сол сенім бізді
алдамаса ғой!
168
Осы тақырыпта сіздердің алдарыңда сҿз сҿйлемек болып,
біразды кҿрген, біраз жасаған адам ретінде, осы уақытқа дейін ана
тілім ҥшін не бітірдім, неге ризамын, нендей ҿкінішім бар деген
сҧрақтарға жауап іздедім.
Біз сол сҧрақтарға ҿз санамыздың, ҿзіміздің ана тілге деген
сҥйіспеншілігіміздің жобасына сҽйкес жауаптарды таптық та...
Солардың бірі ―сен қазақи айналайынмен ауызданып ҿскен ауыл
баласы едің‖ дейді. Елу жасқа шыққанға дейін жиындар мен алқалы
жерде ҿз ойыңды ана тілінде айта алмай, ―іш қазандай қайнайды,
кҥресерге дҽрмен жоқ ережесімен ҿмір сҥрмеп пе едің?‖ деп ескіні
еске салады.
Дегенмен олар: ―Сен жолың болған адамсың!‖ –
дейді маған.
Еліңнің еркіндікке қолы жетіп, жасың елуге келгенде еңсең
кҿтерілмеп пе еді! Содан бастап ана тіліңде сҿйлеп айбындана
бастамап па едің! Енді баяғыша бҧғып қалмай, ҽлемге ана тіліңмен
жар салуға жарасаң, жазушы
-
ақын атансаң, маңғыстаулық Сейіт би
бабаңша толғанғанда, ―Бақыт одан асып не болсын!‖ –
дейді, маған...
Мен аса қҧрметті де адам екенмін. Президент сайлауында 100
сайлаушының 90
-
нан астамы ҿз ризашылық сезімін білдірген, ел
сҥйіктісіне айналған Елбасымыз Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы Маңғыстауға
келген сапарында менің дастарханымнан ас ауыз тиіп, немерелерімнің
маңдайынан сыйпап, батасын берсе, қарапайым азаматқа кҿрсетілер
―Қҧрмет одан асып не болсын!‖ –
дейді...
Мен қайраткер азамат екенмін! Байтағымыздың ғҧламалары
Абай, Шҽкҽрім, Мҧхтар шыққан, қасиетті Шыңғыстаудағы Абай
ауданының Қҧрметті азаматы атансам, орақ тілді, жалын жҥректі
Махамбет ақынның атағымен аталатын Атыраудағы Махамбет
ауданыны мені қҧрметті азаматым деп қастерлесе, Маңғыстау
облысының
қҧрмет
грамотасын
екі
рет
алсам,
Қазақстан
Республикасының еңбегі сіңген қайраткері атансам ―Қайраткерлік одан
асып не болсын!‖ –
дейді...
Бҧл сҿздерді мен тек қана ҿзімді
-
ҿзім мақтау ҥшін емес, қазақ
халқының ҽдеті мен ғҧрпына, тілі менен сеніміне еңбек еткен адам
елімізде қалай бағаланып жатқанын айтқым келіп отыр.
Ойланып қарасам, мен осы атақтар мен құрметтерге ана
тіліме еңбек еткеннің арқасында, ана тілімде сөйлейтін
халқыма еңбек еткеннің арқасында жеткен екенмін.
Мен осы сҿйлемдер арқылы бҧғанасы қатып ҥлгермей жатып
егемен еліміздің ана тіліне еңбек еткендерге қалай қҧрмет кҿрсеткеніні
туралы мысал келтіргім келді. Ҽйтпесе кейбір есепқор жандар қазақша
сҿйлесем желсҿзім жҧрт жадына жетпей қала ма, іс басындағылар
елемей тастай ма деп қауіптеніп, тіпті орынды жерінде жарап тҧрған
жорғадай ана тілін пайдаланбай, ордаң
-
ордаң орысшасына басатынын
қайтерсің!
169
Мемлекетіміз егемендігін алғалы, Елбасымыз Қазақстанның жан
-
жақты даму процесін эволюциялық жолмен ілгері дамытып келеді. Бҧл
саясатты оппозиция ҿкілдері мен билікке таласушылар, талай рет
найзадай тілдерінің ҧшына ілген, қылыш жҥзіндей тілдерімен
қидалаған. Бірақ уақыт Елбасының ҧстанған саясатын ақтап шықты.
Экономиканы дамытуға да, сол секілді тіл мҽселесі бойынша
ілгері басуға да сабырлық керек екен. ―Жауластырмақ жаушыдан,
елдестірмек елшіден!‖. Жауласуға сылтау таппай отырған бір жағыңда
ҿзіңнен 20 есе ормандай орыс қоршап тҧрса, бір жағыңда ҿзіңнен мың
есе қытай қамап отырса... Елбасы амал ойламай қайтеді... Ел
амалсыздан сабыр сақтамай қайтеді...
Кҿптеген ана тілдің асығыс жанашырлары ‖ҿз тҿрімізде, ҿз
елімізде отырып неге жалтақтаймыз. Бҽрін де қазақша сҿйлету керек,
кҿнбейтіндер жҿнін тапсын‖ дейтін, кҥш кҿрсету саясатын ҥгіттейді.
Ҽртҥрлі ҧлттардың ҿкілі мекен ететін Қазақстан Республикасы
секілді елде ҧлтаралық қатынастарды, діни тҥсініктерді, тіл
мҽселелерін революциялық жолмен кҥштеп шешу, ҿзге тілділерді
зорлап қазақшаға ҥйрету керек дейтіндер –
меніңше халқымызға халық
жауынан да қауіпті адамдар деп ойлаймын.
Елбасымыз ел мен елді жауластырмай, ҧлт мен ҧлтты
дауластырмай елімізді аман
-
есен ілгері бастырып келеді. Жылдан
-
жылға барлық мҽселелер бойынша дамып келеміз, болашағымызға
сеніміміз арта тҥсуде. Оқу орындарын бірте
-
бірте қазақшаландырып,
мектептер мен бала
-
бақшаларға назар аударылуда. Бҧны ана тілге
қамқорлық емес деп, қазақ халқына қамқорлық емес деп кім айта
алады?..
Ешкімді ренжітпейтін саясатпен реттеліп республикамызда қазақ
саны басым кҿпшілікке айналды. Бҧны ана тіл қамы емес деп кім айта
алады?..
Бірнеше облыстарымыз, сол секілді біраз мекемелеріміз іс
қағаздарын ана тілде жҥргіземіз деп шешім қабылдады. Қолынан
келгенін атқарып та жатыр. Бҧл ана тілдің ілгері басқаны емес пе?..
Біз осындай жетістіктерімізді алға тарта халқымызды шҥкіршілік
пен қанағатқа шақырамыз. Қазақ даналары ―асықпаған арбаға мініп
қоянға жетеді‖ дегенде қазақтардың тап қазіргі тарихи мезгіліне,
ҽсіресе ана тіл туралы мҽселелерге арнап айтқандай.
Қазақстан Республикасының қҧрылғанына 15 жыл болды.
Сарапшылар Ана тілінің ҿз дҽрежесінде мемлекеттік тілге
айналуына ҽлі де 10
-
15 жылжай мерзім керектігін дҽлелдейді.
300 жыл бойы біреуге тҽуелді бола жҥріп болмысы мен рухын
сақтап қала алған халқымыз, қажет десе тағы да 10
-
15 жыл кҥтуге
шыдамы жетеді деп ойлаймыз. Қазақ халқының тек қана сол мезгілге
емес, бойдағы бары мен арын мҽңгі сақтай алатынына сеніміміз мол.
Біздің бҧл шҥкіршілігіміз ана тілі алдында тҧрған мҽселелерге
тҧсау болу ҥшін айтылып тҧрған жоқ.
170
Ана тілдің дҽрежесін тек қана заң жҥзінде емес іс жҥзінде де
мемлекеттік тілге айналдыру, дамыту, оның пайдалану аясын кеңейту
мҽселелері барлық уақытта да мемлекеттің алдына қояр бірінші
шаруасы
болуға
тиіс.
Бҧл
мҽселе
тек
қана
мемлекет
басындағылардың емес ҽрбір қазақтың да мҥддесі. Сонда ғана тіліміз
бҽріміз армандаған биіктен кҿріне алмақ.
Сондықтан да біз бірден екі сҧраққа жауап іздегеніміз дҧрыс.
Біріншісі, мемлекетіміз ана тіл беделін бар қазақ армандаған биікке
кҿтеру ҥшін не істеуі қажет?
Екіншісі, біздер, қазақтар ана тіл беделін арманды межемізге
жеткізу ҥшін не істеуіміз қажет?
Міне, бір
-
бірінен туындайтын ағалы
-
інілі, немесе ҽкелі
-
балалы
осы сҧрақтар бір
-
біріне қамқорлық етсе ғана, ана тіл ҥшін еңбек етсе
ғана Қазақстан мен қазақтар ойлаған мақсатына жақындай тҥспек..
Мемлекет ана тілін дамыту туралы шешім қабылдағанда ҿзі де
орындай алатын, қоғам мҥшелері де орындай алатын, ең бастысы
мемлекетіміздің тыныштығы мен жҧртымыздың татулығын қамтамасыз
ететіндей заңдар мен ережелер қабылдауы тиіс.
Мемлекет бағдарламалар қабылдағанда, сол бағдарламаны,
жоспарды іске асыру ҥшін халыққа жағдай жасауды ҧмытпауы тиіс
дейміз.
Мысал келтірелік. Мемлекет жҽне мемлекеттік баспасҿз
журналистері ата
-
аналарға ‖балаңды қазақша оқыт деп, қазақша тілге
ҥйрет‖ деп ҧрандатып жатады. Егер менің ауданымда сол баламды
орналастырар қазақ бала бақшасы болмаса, немеремді апарар ҥй
жанында мектебім болмаса ол ҧранды мен қалай жҥзеге асырмақпын?
Тілді жасы жеткендерден емес, бесіктегі
балаға ҥйретуден бастау
қажет. Қазақша мектеп пен бала
-
бақшалар саны бҥгінгі жобаны емес,
болашақты қамтамасыз ете алатындай болғанда ғана, мемлекеттің
қазақтарға қазақша сҿйле деп бҧйыруға, балаңды қазақша оқыт деп
халыққа бҧлдануға қақысы болмақ.
Мемлекетіміздегі барлық оқу, тҽрбиелеу мекемелердің 80
-90
пайыздай жобасы қазақ тілді болғанда ғана ана тілдің ҿресі ҿз
-
ҿзінен
биіктей бастамақ.
Ақшамыз мол деп жар салып жатырмыз. Ақшаны жҧмсайтын ең
қажетті орын осы. Бір сыныпта отыз емес он бес бала оқығанда ғана
білімнің сапасы кҿтерілмек. Қазір ҿзіміз қатарынан орын алу ҥшін
еңбек етіп жатқан кейбір озық елдер мемлекет қауіпсіздігі мен оқу
-
ағарту жҧмыстарына бірдей қаржы бҿледі екен.
Ана тілін ардақ тҧту, қазақы болмысты сақтап қалу жҧмыстары
жастармен ҥздіксіз еңбек етуді қажет ететін шаруа.
Бірнеше жылдан бері ―Ана тілі‖ газеті ҧйымдастырып келе жатқан
―арулар сыны‖ секілді тамаша бастама қазақ халқының ҿнері мен ҽдет
-
ғҧрпы, тілі мен ҧлттық болмысы тақырыбындағы жарыстар аудандық,
облыстық, республикалық дҽрежеде бала
-
бақша, мектеп, гимазия,
171
жоғары оқу орындарында жыл сайын ҿте жоғары марапатталып ҿтіп
жататын болса, олардың жастар тҽрбиесіне тигізер ҽсері мол болар
еді.
Сондай жарыс қортындысы анықтаған жеке
-
дара білімпаздары
бала
-
бақшада тегін бағылуға, ақылы мектептерде тегін оқытылуға,
жоғары оқу орындарына тҥсуге қҧқық беретін мемлекеттік гранттарға
ие боларлық сый
-
сыйапа алып жатса, ондай жарыстар аны тіліміз бен
ҽдет
-
ғҧрпымыздың тамырына тамызған су емес бал болып шығар еді.
Бҧндай шаралар жоғарыдан шешім кҥтпей, ҽр облыстың оқу,
тҽрбие жҧмыстарымен айналысатын басқармалаларының іске асыра
алатын шаруасы секілді.
Біз қазақтарға ана тілін ардақтаудың, оның беделін кҿтерудің
жаңа сатысына, шешуші сатысына жеттік деп ойлаймыз.
Біз осындай сҿздерді бҧдан 15 жыл бҧрын дҽл осылай ашық айта да
алмаған болар едік. Ол кезде сҽл нҽрсеге шамданып қалатындар мол
болатын. Саясаткерлеріміздің ақылмен амал қылғандығынан аман
-
есен бҧ кҥндерге жетіп отырмыз.
Жақын арада Елбасымыз ―Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде‖ деп
ҧран тастады. Демек, он бес жылғы ―ақырын жҥріп, анық басқан‖
қадамдарымыздың біздерді бір жобаға жеткізгені. Дегенмен қауіп жоқ
десек қателескен болар едік.
Жақында ғана Владимир Жириновский деген нақҧрыстың
Қазақстан туралы, Россия қарауындағы ҧлттық республикалар туралы
айтқан
сандырағын
естіген
боларсыңыздар.
Естімесеңіздер
татарыстан, башқҧртстандеген атаулар болуға тиісті емес. Бізде тек
қана Россия деген бір атау болуға тиіс. Қазақстан деген ел ойдан
шығарылған мемлекет деп орталық
теледидардан жар салып тҧрды.
Осындай тек қана біздерге емес, ҽлем қауіпсіздігіне нҧсқан келтірер
қауіпті ойлар біз жеке Жириновскийдің айтып отырған ойы деп
ойламаймыз. Оны айттырып отырған кҥш бар екенін, айтақтап отырған
саяси салмақты тҧлғалар бар екеніне сенімдіміз. Жириновский сенат
мҽжілісінде депутат ҽйелді сабағыны ҥшін, тағы бірде бір депутаттың
бетіне тҥкіргені ҥшін кезінде бір ай бойы дауыс беру қҧқығынан
айрылмап па еді. Сол есерсоқ жақын арада Ресей мемлекетінің ең
дҽрежелі орденімен марапатталды... Оның қай еңбегіне бола орден
алып отырғанын кім білсін?..
Осындай қҧбылыстарға сана жҥгірткенде шҧғыл шаралар арқылы
қазақ тілін революциялық жолмен шешіп тастауды ҧсынатындардың
тіл мен елге тигізер пайдасынан зияны кҿп секілді.
Біз бҧл мҽселе туралы бҧрын да ҿз ойларымызды айтқанбыз.
Тіпті ―Ана тілі‖ газетінің бетінде осы сҧрақпен айналысып жҥргендерге
пайдасы тиер ме екен деп ҿз бағдарламамызды да ҧсынған
болатынбыз. Ол ―Ана тілі‖ газетіне басылып та шыққан.
Тіл тағдыры туралы ҽңгіме еткенде,
балаларымызды оқытқанда
біздер ана тіліміздің, қазақ ҧлтының нҽр алып жатырған тамырлары
172
тым тереңде жатқанынан бастауымыз керек деп ойлаймыз. Ҿз тегіне
деген мақтаныш сезімі –
ол ең абзал сезімдердің бірі! Біздер
жастардың сондай сезімдерін оятуға тырысуымыз қажет.
Тарих тылсымының деректері менің ҿз басымда қазақ болып
туғаныма деген мақтаныш сезімдерін оятады. Қалай мақтанбассың!..
Біздің эрамыздан 6 мың жыл бҧрын ҽлемдегі ең алғашқы жазуларды
ойлап тауып, артына кҥйдірілген саз тақтайшаларға жазылған
кітап
қалдырған шумерлер біздің қазақтардың бабалары екен! Сол саз
кітаптардағы сҿздердің ең кҿп ҿзгермей сақталғаны қазақ тілінен
табылады екен. Біздің эрамызға дейін 6 мың, одан кейінгі 2 мың жыл,
сегіз мың жыл бойы біздің ана тіліміз ҽлемді аралап, ҿз мҽдениетін
ҥгіттеумен келіпті...
Профессор, жазушы Ҽбілфайыз Ыдырысовтың ―Шумерлер мен
тҥркілер‖ (―Дала мен қала‖, 20 қаңтар, 2006 ж.) атты мақаласы, Асан
Бахтидың ―Шумеры. Скифы. Казахи. (Древняя история происхождения
тюрков)‖. атты кітап деректері, дҥниежҥзілік турколгтардың, Гумилев
пен Олжас Сҥлейменовтің зерттеулері бҧ кҥндері кез
-
келген тҥркі
тҧқымдас елдердің ҿз тегінің тарихымен мақтануына дҽлелдер тауып
берді.
Сҿйтсек, тҥркі тҧқымдас елдер, солардың ошағына от тҧтатып
отырған біздер, қазақтар, ең ежелгі ел ҿкілдері екенбіз. Жер бетінде
алғашқы қалаларды салып, ең алғашқы жазуларды ойлап тапқан кҿне
тҥркілердің бабалары екен. Ал кҿне тҥркілер кімдер деген сҧраққа
Мырзатай Жолдасбеков ҿзінің ―Орхон ескерткіштері‖ деген кітабында:
―Ал кҿне тҥркі дегенді кҿбіне қазақ тайпалары деп ҧққан жҿн болады‖ –
деп жауап береді. Ал Асан Бахти болса ҿзінің ―Шумеры. Скифы.
Казахи‖ атты еңбегінде шумер сҿздігінен тек қана қой малы туралы
200-
дей қазақы сҿз тауып отыр.
Ефрат пен Тигр ҿзендерінің бойында ондаған қалалар салған,
алғашқы ҽріптерді, сына жазуды ойлап тапқан, артына саз кітаптарын
қалдырған шумерлер кейін арий, каспий, кассит сынды протҥркі
тайпалар болғанын, одан кейінірек олардың сақ, скиф, одан да
кейінірек массагет, сармат, конгуй, дай, дах, болып атанып ҿмір
кешкендігін тарихшылар, бҧлтартпас деректерге сҥйене дҽлелдеп
берді...
Сол ең ежелгі шумерлер тіліне ең жақын тіл біздің ана тіліміз боп
шықты. ―Шумерлер, сақтар, қазақтар‖ деген кітапта келтірілген
салыстырмалы сҿздіктен ғаламдардың байқағаны олар, шумерлер
сҥтті сҥт депті. Қойды қой, ешкіні ешкі деп атаса, сан сануда да
бірнеше сандары ҽлі кҥнге біздің тілімізде сақталып қалыпты. Кҿптеген
жер мен су аттарын тарих толқындары ҽлі шайып кете алмаған секілді.
Біз
ҧрпақтарымызды
бабаларының
жақын,
алыс
ерлік
дастандарымен де таныс етуге тиіспіз.
Мысалы, Кҥлтегін жырларындағы:
Соноу бастан, о бастан
173
Бір
-
біріне жарасқан
Жаралғалы Қара Жер,
Жаралғалы Кҿк Аспан
Естеби мен Бумынның
Адамзаттан бағы асқан.
Тҿрт бҧрышы дҥниенің
Соларменен санасқан.
Бҥкіл
тҥркі ҽлемі
Екеуіне қарасқан.
Апақ
-
сапақ, іңірде
Олар салған дҥбірден
Қаптап жатқан қалың жау
Шыбын жаннан тҥңілген.
Дырдай болып келгенмен,
Бордай болып ҥгілген.
Басы барлар иіліп,
Тізесі бар бҥгілген... деген секілді образды жолдар жастар тҥгіл
біздердің делебемізді қоздыра бастайды.
Осыларды оқып отырып ҿзіңнің ескі тҥркі тҧқымы екеніңе қалай
мақтанбассың.
Міне, бҧл деректер бастауыш мектептердің ―Ана тілі‖
оқулықтарының, жоғары сынып оқушыларының ―Ҽдебиет‖ кітабының
алғашқы беттерінен орын алуға тиіс деп ойлаймыз. Соларды оқып,
мақтаныш сезіміне бҿленген балалар ҿз аталарының ҧлы
болғандығын, тілдерінің дҥниежҥзі тілдеріне 15
-
20 пайыз (Олжас
ағаның деректері) сҿз қосқанын білуі қажет. Ең алғашқы ҽріпті
ҿздерінің бабаларының ойлап тапқанына мақтана ҿмір сҥруі қажет.
Сонда ғана біз орыс тілді бауырларымыздың бетін бері қайтара
аламыз. Ҿз ҧрпақтарымызды қазақша білуге қҧмар ете аламыз.
Билік басындағылардың кҿпшілігі балалары мен немерелерін
тҽрбиелеуде ҽлі кҥнге орыс тілін ілгері тҧтынады... Олар сол арқылы
ҧзақ уақыт билік басында болуды армандайды. Ҽзірге бҧл саясат
жартылай іске асып келеді де.
Сондықтан да еліміздің болашақ азаматтарын қазақ тілді етіп
дайындау –
ең маңызды мҽселе!
Бала
-
бақшалар мен мектептердің 80
-
90 пайызы қазақ тілді болғанда,
орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту сағаты бар сабақтан жоғары
тҧрғанда ғана балалар қазақ тілді болып тҽрбиеленеді...
Қазақ тілінде сабақ беретін облыстық пединституттарды ҽр
облыста қалпына келтірмей, бастауыш мектептер мен орта мектеп
мҧғалімдерінің статусын кҿтермей, жҧмсауға орын таба алмай
жатырған қаражаттарды сол жерлерге салмай, қазақтар екі жақ боп
дауласқаннан тҥк те шықпайды...
174
Қазір ана тілімізді арман биігіне жеткізу ҥшін мемлекетімізге ақылға
бағынған сабыр, тҽжрибеге бағынған есеп, соларға жҧмсар мол қаржы
керек, тілге мемлекеттік қамқорлық қажет.
Ал екінші мҽселе бойынша, ана тіл беделін арманды биікке кҿтеру
ҥшін, ҽр қазақ не істеуі қажет?
Біз кез
-
келген қазақтың ―Ана тілінің –
тек қана анасы емес, оның
немересі мен шҿбересі де‖ екенін сезіне білуі қажет деп ойлаймыз.
Содан барып біз: ―Баласы мен немересі ана тілінде сҿйлемейтіндер –
бҧл ҿмірден ҧрпақсыз ҿткен жандардай!‖ –
деген ойымызды, біреулер
арына тиетін сҿз болса да айтқымыз келіп тҧр.
Ана тілді қорғау –
Отаныңды сыртқы басқыншы жаудан қорғау секілді
нағыз патриоттық сезім іске асырар іс.
Бҧл іске нағыз Отаншылдық сезім керек!
Болғанда мҽдениетті патриотизм –
ешкімді қорламайтын, ешкімге кҥш
кҿрсетпейтін потриотизм керек.
Отан деген сҿздің –
отбасы сҿзінен шыққанын қазір біраз кісілер
мойындап, біраз ғалымдар дҽлелдеп болған.
Отаншылдықты ҽуелі ҽркім ҿз отбасынан бастаса...
Ошақбасында орысша сҿйлеу тҥгілі, сҿйлеміне ҿгей сҿзді
кірістіріп жібергенді ҧятқа санайтындай жобаға жеткізе алса... Сонда
ғана ҽр қазақ ана тілі алдында ҿз борышын ҿтеп шығады деп
ойлаймыз.
Осылармен қоса айтылуға тиіс, бірақ айтылмай келе жатқан бір
ақиқат бар.
Ол кҿпшілік орыстар мен орыс тілді адамдарының елу жыл тіпті
жетпіс жыл қазақ арасында ҿмір сҥріп, қазақша сҿйлемеуі,
мойындамауы, менсінбеуі...
Ендігі жерде олардың жетпіс жасқа келген қарттарының жетпіс
жыл бойы ҿз Отаным деп есептейтін Қазақстанды Отаным деп сҥйе
алмауы, қазақтарды отандастарым деп қадірлей алмауы туралы
ҽдепті тҥрде ескертіле бастауы қажет. Ҿздері Отаным деп отырған
елінің ана тілін ҥйрене алмаған дарынсыздығымен ҧялту қажет.
Орыс тілділердің ҽлгі кемшіліктері беттеріне кемшілік ретінде
жасырылмай, кҥл
-
білтеге саланбай айтыла бастауға тиіс. Мҽдениетті
тҥрде, олардың арына тимей қазақша, орысша басылымдарда жазыла
бастауы дҧрыс дер едік. Айтылмағасын олар ҿздерінікін дҧрыстыққа
санауда. Айтылмағасын, естімегесін олардың ҧрпақтары да солай
тҽрбиеленуде.
Баяғыдан бері қазақ тілін қолдап келген Терещенко мінезі біздің бҧл
ойымыздың дҧрыстығын дҽлелдейді.
Бірақ жасы жеткендерді, оқы деп, біл деп зорлау орынсыз деп
ойлаймыз.
Ал қазақ жастарына айтарымыз олар бір
-
бірімен білім
жарысында бҽсеке ретінде қабылдайтын бір тҥйсікті бойларына сіңіру,
тырысу қажет секілді... Мектеп бітіретін ҽр қазақ жасының ешкім біл
175
деп зорламаған, ешкім оқы деп бҧйырмаған, бірақ оны ҿзі ішкі
сезімімен, тҥйсік санасымен қабылдаған бір мақсаты болуға тиіс...
Олар, қазақ жастары, орыс пен ағылшын тілдерін де ана тіліндей біліп
шығамыз деп талпынатын болса...
Олар, біздің бҥгінгі ҧрпақтарымыз, егемен еліміздің болашақ
иелері, осы ҥш тілді қатар жарыстыра сҿйлейтін азаматтар болса...
Сонда біз болашақ Қазақстан ҥшін де, болашақ қазақтар ҥшін де,
ана тіліміз ҥшін де уайым шегіп, қайғы жемеген болар едік...
«Ана тілі», 3.01.2
006.
Достарыңызбен бөлісу: |