Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

21. [ТІЛЕГІМІЗДІ ҚАБЫЛ ЕТ…] 

—Тілегімізді қабыл ет,

Иманымызды кәміл ет!

Тозақтағы аттан сақта,

Қаңғыған оқтан сақта,

Парақор соттан сақта!

Кірлі су мен ыдыстан сақта,

Ынтымақсыз туыстан сақта.

Қара жүрек батылдан сақта,

Көк долы қатыннан сақта!

Адамды қадірлемес бастықтан сақта,

Нанды қадірлемес кісіден сақта.

Менменсінген жесірден сақта,

Кеудесін керген келіннен сақта,

Мезгілсіз келген өлімнен сақта!

Татымсыз тұзыңнан сақта,

Ұятсыз қызыңнан сақта,

Қайырымсыз жекжаттан сақта,

Білімсіз бекзаттан сақта!

Түнере атқан таңнан сақта,

Жаңбырсыз соққан шаңнан сақта,

Шәқ-шәлекей лаңнан сақта!

Өмір берсең, жайлығын бергін,

Дәулет берсең, сыйлығын бергін.

Әйел берсең, әдепті, жайлығын бергін,

Келін берсең, келісті сыйлығын бергін!

Ағаш ексең, жемісті ғып берсін,


250

251


БАТАЛАР

Тұлпар мінсең, шабысты ғып берсін,

Еңбек етсең, табысты ғып берсін!

Еңбегіміз өрісті болсын,

Қамбамыз астыққа толсын.

Көсегеміз көгеріп, өрісіміз

Мыңғырған малға толсын!

Ақ жүрек болсын жолдасың,

Адалдық әр кез қолдасын.

Жақсылық үшін тірессең,

Жаныңды арың қолдасын!

Арынды болсын шабысың,

Алымды болсын табысың,

Найзадай болсын намысың!

Ұққан жанға осының 

Біле білсең—бәрі сын.

Қиындыққа мұқалма,

Ауырлыққа жұқарма.

Қамқоршы бол кісіге,

Үлкенді үлгі тұт алға!

Е, пәруардігер,

Осы айтқанымның бәрін

Үйіп-төгіп бір-ақ бер де,

Тілегімізді қабыл ет!

Аллаһуакпар! 

22. [ҮЙ ҚОЖАСЫ СІЗДЕРГЕ…] 

—Үй қожасы сіздерге!

Я, Құдайым оңдасын,

Қуаныштан жазбасын.

Осы үйдің болса дұшпаны

Ақыры оның оңбасын!

Сен ұшырған көгершін

Биіктеп ұшып самғасын,

Қанаты оның талмасын!

Ұлғая берсін мал-басың,

Дастарханың мол болсын.


252

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Күлкіден езу жыймасын,

Дос-жараның, қимасың,

Замандасың, құрдасың 

Тура жолдан таймасын!

Кем-кетікті ойласын,

Еңбектен ешбір тынбасын!

Әбүйір алып еңбектен,

Жарысқанда қалмасын.

Партия оны қолдасын,

Адалдықтан таймасын,

Сенің қымбат жолдасың.

Екеуінен шыққан ұрпақтар 

Ғұмырлы, болсын бақытты,

Тырнағы да сынбасын!



23. [БҮЛШІЛ, БҮЛШІЛ, БҮЛШІЛ БОЛ…]

—Бүлшіл, бүлшіл, бүлшіл бол,

Бозторғайдай төршіл бол!

Бұрама темір, сом алтын

Отқа салсаң, күймесін,

Суға салсаң, батпасын!

Балдарыңның мінгені

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Байдың көңілі жай болсын.

Айдағаның қой болсын,

Шайнағаның май болсын!

Аллаху акбар!

24. [АҒАЙЫННЫҢ АЛДЫ БОЛ…]

—Ағайынның алды бол,

Отыз ұлды орда бол,

Әман жұрттың басы бол!

Лұқпандай мың жаса,

Береке дарысын басыңа,

Дұға тисін асыңа!


252

253


БАТАЛАР

25. [СҰРАСАҢ, БАТА БЕРЕЙІН…] 

—Сұрасаң, бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Көк жайлауды жайласаң,

Тай, құлынды байласаң,

Келін тұрсын керіліп,

Салтанатты көрініп.

Сабаң толсын қымызға,

Шараң толсын уызға!

Өрісіңе мал толсын,

Ақ тілеуің жар болсын!

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмас сағыңды.

Балаңыздың сәні өссін,

Толған айдай тағы өссін,

Абыройы тағы өссін!

Қорған болғын халқыңа,

Ел сүйінсін даңқыңа.

Талдырмай білегіңді,

Қалаған тілеуіңді

Басып жүрген жерден берсін,

Ағайының қолдай берсін,

Дос-жараның қорғай берсін!

Көліңде балық қайраңдасын,

Ел-жұрттың жайраңдасын!

Әумин!


26. [Е, ҚҰДАЙЫМ, БАЛА БЕР…] 

—Е, Құдайым, бала бер,

Бала берсең, дана бер.

Тал таяғы қолында,

Талтайып тұрған бала бер!

Онан берсең, мұны бер,



254

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ақ, қара май қойдан бер,

Жирен ала тайдан бер!

Е, Құдайым, оңдасын,

Әулиелер қолдасын.

Ата-бабаңның аруағы 

Қысылған жерде қолдасын!

Қыдыр болсын жолдасың,

Бес жүз қойың қоздасын.

Сексен түйең боталап,

Сегіз келін қомдасын!

Жегенің адал ас болсын, 

Өзіңнен туған балаңыз

Ел-жұртыңа бас болсын!

Айдағаның қой болсын,

Шайнағаның май болсын.

Мінгенің жорға болсын,

Төрт түлігің сай болсын,

Уайымсыз, көңлің той болсын!

Қазаның қаспақты,

Сиырың баспақты,

Қызың моншақты,

Ұлың он шақты болсын!

Аумин!

Аумин десең бізге, 



Құдай берсін сізге!

Есірке де жанды қылсын,

Жарылқа да малды қылсын,

Қатарыңның алды қылсын!

Сауарыңа бие берсін,

Мінеріңе түйе берсін.

Жанды-жақты қылсын,

Дәметкен аруақтарға тие берсін!



27. [БҰРАМА ТЕМІР, СOМ ТЕМІР…] 

—Бұрама темір, сoм темір

Отқа салса, жанбасын,

Суға салса, батпасын!



254

255


БАТАЛАР

Бұл жақтан келсін бес жүз қой,

О жақтан келсін бес жүз қой,

Бәрі жиылып мың болсын!

Балдарыңның мінгені 

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Көңілдерің жай болсын! 



28. [ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАСЫН…] 

—Құдай жарылқасын,

Бай қылсын,

Бақ дарысын!

Дастарханға береке берсін,

Ерге дәулет берсін.

Шыққанның есесін берсін,

Қалғанның берекесін берсін!

Кең пейіл берсін,

Ұзақ өмір берсін. 

От айнала бас берсін,

Өріс толы мал берсін.

Мал берсе, қайырлы, 

Берекетімен берсін,

Бас берсе, азық—

Несібесімен берсін!



29. [БҮЛСІЛ, БҮЛСІЛ БАЙ…] 

—Бүлсіл, бүлсіл, бай,

Бозторғайдай

 

төлшіл,



 

бай.


Орама темір, сом темір,

Отқа салса, күймесін,

Суға салса, батпасын!

Сізден байлық кетпесін,

Сізден байлық кеткенде,

Мұратына жетпесін.

Ала биең құлындап,

Айдалаға сыймасын.



256

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Құла биең құлындап,

Құла далаға сыймасын!

Балаңыздың мінгені 

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Көңіліңіз жай болсын!

Ауадан түскен қорғасын,

Сізді Құдай оңласын!

Алалатсын, бұлалатсын,

Бұл жеңешемді балалатсын!

Ұл да тапсын,

Қыз да тапсын,

Бәрімізге қолқанат болсын!

Әумин!


30. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]

Е, Құдайым оңдасын,

Малымыз бен жанымызға, 

Еш жамандық болмасын!

Жортқанда жолымыз болсын,

Қыдыр ата жолдасымыз болсын!

Жалындаған оттан сақта,

Сарқыраған судан сақта.

Бәле-жаладан сақта,

Алланың кәрінен сақта!

Түн жүріп, түсі қашқаннан сақта,

Дос болып жүріп,

Қас болғаннан сақта!

Құдай Тағала!

Жайған дастархандарың жайыла берсін,

Бауырсақтарың шашыла берсін!



31. [АҚ БАТА БЕРЕЙІНШІ ЖАСТАРЫМА…]

—Ақ бата берейінші жастарыма,

Құдайым бақыт берсін бастарыңа!

Алдарыңнан күн тусын,



256

257


БАТАЛАР

Арттарыңнан ай тусын!

Табалдырықтарың биік болсын,

Шаңырақтарың кең болсын!



32. [ЖАРЫЛҚАСЫН, БАЙ ҚЫЛСЫН…]

—Жарылқасын, бай қылсын,

Төрт түлігін сай қылсын.

Бала-шаға өрбіп, өсіп,

Ата-ана көңілін жай қылсын.

Қуаныштан айырмай,

Күнде-күнде той қылсын!

33. [БАҚ-ДӘУЛЕТ БЕРСІН БАСТАРЫҢА…]

—Бақ-дәулет берсін бастарыңа,

Ғұмыр берсін жастарыңа.

Пәле-жала, жын шайтан 

Жоламасын қастарыңа!

34. [ӘУМИН ДЕСЕҢ, МІНЕ, БАТА…]

Әумин десең, міне, бата, 

Дарысын Қыдыр ата!

Я, Шопан ата,

Беретін малыңның атын ата.

Баратын кісінің орайы жоқ,

Өзің әкеп мата!

Я, Құдай, сиыр бер,

Сиыр берсең, биыл бер.

Одан кейін түйе бер,

Түйе берсең, тимей бер.

Одан кейін жылқы бер,

Ойын менен күлкі бер.

Жирен аттай жолды қыл,

Өзен-судай талды қыл.

Жаңа үйленген екі баламды,

Өз құрбысының алды қыл!

17-0139


258

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



35. [ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАСЫН…]

—Құдай жарылқасын,

Бай қылсын,

Бақ қарасын,

Қыдыр дарысын,

Әулие дарысын,

Аруақ жебесін!

Дастарқанға береке берсін,

Ерге дәулет берсін.

Шыққанның есесін берсін,

Қалғанның берекесін берсін.

Кең пейіл берсін,

Ұзақ өмір берсін!

От айнала бас берсін,

Өріс толы мал берсін.

Мал берсе, 

Қайырлы, берекетімен берсін,

Бас берсе,

Азық-несібесімен берсін.

Берсе, бек тиіп берсін,

Бермесе, сақтап берсін!

Қалмаққа қан жаусын,

Ортасына ойран тисін!

Босып, қаңғып, қыдырсын,

Етегін шеңгел сиырсын.

Дөңгелек жүзді қара сарт,

Қара жерді мойныңа арт!

Біздің қазақ қой берді,

Тілегенін өзіне ет.

Ә, бар Құдая, құлым де,

Мұхамбет үмбетім де!

Құдайға құл болсаң,

Отыз күн ораза тұт!

Бес уақыт намаз оқы,

Құдайға қылған қызметің.

Мұнан соң мал,

Армансыз қылып ал.

Ошақтың үш бұтынан жалқарып,

Қазанға өзің әкеп сал!

Мұнан соң бас,



258

259


БАТАЛАР

Жақсыменен жақындай,

Қыдырменен бол жолдас!

Қыдырдың жолдасы болсаң,

Жолың болмай қалмас.

Мың сан бәле қылсаң да,

Ажалың жетпей алмас.

Шаруаның төрт пірі—

Шопан, қойға келтірме топан,

Қойға толтыр қорасын!

Осы бір байдың сыртынан сақта,

Қатты соққан борасын.

Атың жақсы, Құдайым,

Мен бір тілек сұрайын.

Сұрағанда бергеніңді білейін,

Малды берсең, қойды бер,

Ұлды берсең, бойлы бер,

Жұртқа ақыл салғандай,

Ақылы артық ойлы бер!

Шаруаның төрт пірі—

Жылқышы ата,

Шын бергенің білейін,

Арқанды әкеп мата!

Кісінеуге айғыр бер,

Желісіне бие бер,

Сауған сайын ие бер!

Жезден болсын желісі,

Осы сөздің келісі.

Алтыннан болсын тоқпағың,

Ашыла берсін соқпағың.

Дұрыстап айтайын, тоқта,

Жібектен болсын ноқта!

Шаруаның төрт пірі—

Ойсыл қара,

Жарылқасын ол пана.

Дұспанмен қыла көрме 

Екеуара!

Боталатып өстіріп,

Салтанатпен көштіріп, 

Барғанша аман сақтап,



260

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Аудармай барып тыныштырып,

Дауыл қылмай үй тіктіріп,

Шаруаның төрт пірі—

Зеңгі баба,

Мал беруге ойың болса, маған қара!

Ұрғашы болса қосқа жарайтұғын

Үлкен қара өгіз бер!

Бұзау, торпақ, тайынша,

Ала көбеден жайынша.

Ханнан қаһар келтірме,

Биден мейір кетірме!

Шынымен Астағыпыралла десең,

Алдыңнан шайтан өтер ме?!

Шыныңмен Құдайға тәубе десең,

Дұспанның қарғысы өтер ме?

Патшасын, сұлтанын

Патша қылған Сұғбаным.

Падишадай бақты бол,

Алтыннан астың тақты бол!

Тақтынан айырма,

Бұқара тапты бұл Алаш,

Бір жарлығын қайырма!

Айдан аман сақта,

Желден есен сақта.

Мың бір бәледен сақта,

Жүз бір қатерден сақта.

Аузы қанды бөріден сақта,

Қолы қанды ұрыдан сақта.

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта!

Ізет, абиыр, бақ, дәулет,

Ырыс, несібең кем болмасын!

Алла әкпәр!



36. [ЕЙ, ҚҰДАЙЫМ, МҰНЫҢ ЖОЛЫН 

АШЫҚ ҚЫЛ…] 

Ей, Құдайым, мұның жолын ашық қыл,

Дұшпаныңнан қашық қыл!


260

261


БАТАЛАР

Ей, Құдайым, мұны астыр, тастыр,

Жұлдызбен жалғастыр!

Жамандардан адастыр,

Жақсылармен жолдас қыл!

Ей, Құдайым, мұны көп ет,

Көлдей мамыр ет,

Тілегенін қабыл ет!

Қарағанда көзің жіті болсын,

Қармағыңда қолың ұзын болсын.

Құдайдан не тілесің, соны берсін,

Алдың базар, артың шаһар болсын!

Ей, Құдайым, бұған жаздай бер,

Жаздай берсең, жазбай бер.

Ей, Құдайым, бұған күздей бер,

Күздей берсең, үзбей бер.

Ей, Құдайым, бұған қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер!

Бақыт қонсын, қыдыр дарысын,

Кең пейіл берсін, кетпес дәулет берсін,

Алхам беллахи, алхамның берекетін берсін!

Аллакбәр! 



37. [АҚ САҚАЛДЫ, САРЫ ТІСТІ…] 

Ақ сақалды, сары тісті,

Жасың ұзын болсын.

Үбірінді-шүбірінді,

Жағың түспей жамандық көрме!



38. [ЕЛЕУЛІ БОЛ ЕЛІҢЕ...]

Елеулі бол еліңе, 

Қалаулы бол халқыңа.

Кешірімді кең болшы,

Келтірме атақ атыңа!

Құлағыңды сал батаға,

Кешірім сұра қатаңа.

Кешірімді, кең болшы,

Келтірме атақ атаңа!



262

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Атаңа жақсаң, қарағым,

Ерте тұрып малын бақ.

Енеңе жақ, жарығым,

Ерте тұрып отын жақ!

Қайнатып шайын, дайындап,

Күйеуіңнің бабын тап.

Қайнаға, қайын сіңліңнің

Атама атын, жайын тап! 



39. [ЖАРЫЛҚАСЫН ҚҰДАЙЫМ…]

Жарылқасын Құдайым,

Тартқызбасын уайым.

Байдың дәулетін берсін,

Пайғамбардың берекесін берсін!

Бастарың аманда болсын,

Дұшпандарың табанда болсын!

Отанға тыныштық берсін!

40. [ИӘ, ӨМІР ҚЫЗЫҒЫН БЕРЕ БЕРСІН…]

—Иә, өмір қызығын бере берсін,

Не бергеннің қайырын берсін!

Еңбектерің жемісті болсын,

Тұрмыстары келісті болсын,

Бақ қарасын, Қыдыр дарысын. 

Дененің саулығын берсін,

Дастарханның байлығын берсін!

Берген дәмің бал болсын,

Өріс-қонысың бар болсын.

Осы үйге қастық қылған 

Дұшпаның дал болсын,

Өміріңе Жасаған Тәңір жар болсын! 

Ел басына туған ер бол,

Ақылың дария көл бол.

Көпке бірдей күн бол,

Халық аузында жыр бол,

Халқыңа лайықты ұл бол!



262

263


БАТАЛАР

41. [Е, ҚҰДАЙЫМ, ЖАРЫЛҚА…] 

Е, Құдайым, жарылқа,

Жарылқасаң, малды қыл,

Біткен жұрттың алды қыл!

Бұған қастық жасағанның

Малын алып, жарлы қыл!

Аллаху акбар!



42. [Е, ҚҰДАЙЫМ, БАЛА БЕРСІН…]

Е, Құдайым бала берсін,

Мал мен басты жана берсін.

Саған қастық қылған дұспанды

Табаныңның астына сала берсін!



43. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]

Е, Құдайым оңдасын,

Мың саулығың қоздасын.

Сегіз түйең боталап,

Сегіз келін қомдасын!

Тіленшінің биесін берсін,

Үйсін, қоңыраттың түйесін берсін.

Біткен аруақ бәріңе тие берсін! 

44. [ҚҰДАЙЫМ ЖАРЫЛҚАСЫН, 

БАЙ ҚЫЛСЫН…]

Құдайым жарылқасын, бай қылсын,

Төрт түлігіңді сай қылсын!

Кетпес дәулет берсін,

Кең пейіл берсін!

Құрмалдығың қабыл болсын,

Тілегің дұрыс болсын.

Мұратың асыл болсын,

Тілеген тілегіңізді берсін!



264

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



45. [ҚҰДАЙДЫҢ ӨЗІ ОҢДАСЫН…]

Құдайдың өзі оңдасын,

Бес жүз саулық қоздасын.

Сексен інген боталап,

Сегіз келін қомдасын!

Айдап келген жылқыңнан 

Алпыс айғыр азнасын.

Жиып келген түйеңнен

Жетпіс інген боздасын.

Өзіңнен байлық озбасын,

Ағайынның жарлысы

Бөтен жақта тозбасын!

Сол малыңа ие берсін,

Ата-бабаңа тие берсін!

46. [ҚҰДАЙЫМ, ЖАЗДАЙ БЕР…]

Құдайым, жаздай бер,

Жаздай берсең, жазбай бер.

Құдайым, күздей бер,

Күздей берсең, үзбей бер.

Құдайым, қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер!



47. [АЙДАҒЫСЫЗ МАЛДЫ БОЛ…]

Айдағысыз малды бол,

Ағайынның алды бол.

Отыз ұлды орда бол,

Орман жұрттың басы бол!

Лұқпандай мың жаса,

Береке дарысын басыңа,

Дуа тисін асыңа.

Әркез шайтан келмесін,

Өлгеніңше қасыңа!



264

265


БАТАЛАР

48. [ТҮНДЕ ЖҮРГЕН ҰРЫДАН САҚТА…]

Түнде жүрген ұрыдан сақта,

Жатаңдағы бөріден сақта!

Жаз-жайлауды жаусыз ет,

Қыс-қыстауды қарсыз ет,

Ұл мен қызды мұңсыз ет!

Шыққанның есесін бер,

Кіргеннің берекесін бер!

49. [КҮЛЕ КІРІП, КҮҢІРЕНЕ 

ШЫҚҚАННАН САҚТА…]

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,

Түнде жүріп, түс қашқаннан сақта!

Өзімді малды қыл,

Дұспанымды жарлы қыл!

Пәле-жаладан сақта,

Қауіп-қатерден сақта,

Шайтанның шерінен сақта,

Патшаның қаһарынан сақта! 



50. [АУ, ҚҰДАЙЫМ, ЖАРЫЛҚА…]

Ау, Құдайым, жарылқа,

Жарылқағанның ішінде ет.

Екі аяғын есен ет,

Төрт аяғын түгел ет!

Сақтағайсың сәлемет,

Құлың саған аманат!

Қараңғыда көшірме,

Ұлы дария кештірме.

Кешкі тілеуін кешіктірме,

Ертеңгі тілеуін еріктірме!

Аузы қанды бөріңнен,

Аясы қанды ұрыңнан сақта.

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,

Төрде отырып риямен мекірегеннен сақта!

Отының басын ойнақ ет,

Желінің басын шаңдық ет. 



266

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Байлық пен бақыт беріп,

Құрбысынан оңдақ ет!

Бұл дүниеде жиғаның болсын,

Ол дүниеде иманың болсын!

Түйе атасы—Ойсыл қара,

Сиыр атасы—Зеңгі баба,

Қой атасы—Шопан ата

Жылқы атасы—Жылқышы ата,

Көл ет, көп ет,

Көлді мамыр ет!

Тәңіріне тілегенін әзір етер,

Досты құдай бездірме,

Сүйікті көңілін үздірме.

Араға шайтан от жағып,

Дүние үшін қызығып,

Кінә қылып тіздірме.

Тілектің алды Құдайдан,

Біреуге көзім сүздірме!



51. [ЕЙ, ҚҰДАЙЫМ, БҰЛ ХАНЫМНЫҢ…]

Ей, Құдайым, бұл ханымның

Жасын жүзге жеткіз.

Жарлығын тастан еткен 

Қылығын, Құдайым, жаққыз.

Аузына халқын баққыз, 

Есігінің алдынан

Алтынды жылғалы сулар аққыз!

Балаларын ойната гөр,

Бақ, бақшалы теректі

Алдына еңкейте көр.

Алтын басты еркекке

Атын байлата гөр 

Алтын бағанды терекке!

52. [ӘЙ, ҚҰДАЙЫМ, ЖАРЫЛҚА…]

Әй, Құдайым, жарылқа, 

Жарылқасаң, малды қыл,



266

267


БАТАЛАР

Біткен жұрттың алды қыл.

Бұған қас жасағанның

Малын алып, жарлы қыл!

Әй, Құдайым, бала берсін,

Мал мен басты жана берсін.

Саған қас қылған дұспанға

Табаныңның астына сала берсін!

Әй, Құдайым, оңдасын,

Мың саулығың қоздасын.

Сексен түйең боталап,

Сегіз келін қомдасын!

Тіленшінің биесін берсін,

Үйсін, қоңыраттың түйесін берсін,

Біткен аруақ бәріне тие берсін!

Құдайым жарылқасын, бай қылсын,

Төрт түлігің сай қылсын!

Кетпес дәулет берсін,

Кең пейіл берсін.

Құрмалдығың қабыл болсын,

Тілеуің дұрыс болсын.

Мұратың хасил болсын,

Тілеген тілегіңізді берсін! 

53. [ЖАЗДАЙ ЖАРЫЛҒАСЫН…]

Жаздай жарылғасын,

Жазбай жарылғасын.

Күздей жарылғасын,

Күдерін үзбей жарылғасын,

Қыстай жарылғасын!

Жарылқа, жанды қыл,

Есіркеп малды қыл,

Тең құрбымның алды қыл!

«Әумин» десең маған, 

Екінші бата берем саған.

Үшінші бата беремін

Үш түрлі көйлек кимеске.

Төртінші бата беремін

Түбек тақтай таймасқа.


268

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бесінші бата беремін,

Белгілі жерден айрылып,

...............................

*

Алтыншы бата беремін,



Жалғаның сая болмасқа.

Жетінші бата беремін,

Кіндік жерден оқ тиіп,

Жер таянып қалмасқа.

Сегізінші бата беремін

Сергелдең жолға түспеске.

Тоғызыншы бата беремін,

Тоқсанға келген бабаңдай

Тоңқайып өліп қалмасқа!

54. [АУЫЛДЫҢ АҚСАЛЫ ӘКІМ АТА…]

Ауылдың ақсалы Әкім ата

Берейін, қолыңды жай, мен бір бата.

Осындай берген батам қабыл болса,

Бір жылды қысарықты қырықтан мата!

Бергені бір Алланың кең болғай,

Саууға екі жүзден биең болғай.

Артуға алпыс атан ордаң болғай, 

Мінуге қырық шақты жорғаң болғай!

Қораңда мыңнан саулық қоздасын-ай,

Желіңде жетпіс інген боздасын-ай.

Бағуға жылқы малың қиын дейді,

Жылқың жеті жүзден озбасын-ай!

Ауылың ертеменен көше берсін,

Сыпырауық бауын шеше берсін.

Құлдарың көң артуға әзір тұрып,

Ауылың ерте тұрып көше берсін!

Қар жаумай, жаңбыр жаумай, қылауласын,

Бір ұлың он екі атпен лауласын.

*

 Түпнұсқада бір өлең жолы өшіп қалған.



268

269


БАТАЛАР

Басыңа көп тисем, бейнет болар,

Бір жазда тоқсан қашар бұзауласын!

Астыма атым мінген арындасын,

Дәулетің жылдан жылға арылмасын!

Көлдерде жатқан сусар үйрек едің,

Аспаннан іліп кетші, қара лашын.

Батаның көбінен де азы жақсы,

Осыған риза бол, қарындасым!

55. [БІСІМІЛЛА, РАҚЫМАН, РАҚЫМАН…]

Бісімілла, рақыман, рақыман!

Ия, Құдай оңдай гөр,

Әулиелер қолдай гөр.

Байсалды қоныс бере гөр,

Байтақ ырыс бере гөр!

Тілеген әр тілекті де дұрыс бере гөр,

Өсетін мал бере гөр,

Көп жасайтын жаннан бере гөр!

Мал берсең, құрарыменен бере гөр,

Бас берсең, тұрарымен бере гөр,

Әр нәрсенің де баяныменен бере гөр,

Екі дүнияның абыройын бере гөр!

Алхамдуллах раббіл,

Ғаламның алхамын ақ,

Берекетінен бере гөр!

Жай қолыңды, аллах акбар! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет