Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4


[ДАҚ, ДАУ, ДАУЫҢ БАР МА ТҮЙЕМДЕ…]



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

26. [ДАҚ, ДАУ, ДАУЫҢ БАР МА ТҮЙЕМДЕ…]

—Дақ, дау, дауың бар ма түйемде,

Дауың болса түйемде,

Жүр, барайық біреуге.

Құдай Тағала бақ берсе,

Билік тиер біздерге.

Орман таудың басында

Дегелек тұр қақылдап,

Монтаны тұр тақылдап,

Қара тұяқ басына

Шығайын деп жақындап.

Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен 

Көй-көй-ау, шық!

 


138

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



27. [БҮЙІ, БҮЙІ, БҮЙІ ШЫҚ…]

—Бүйі, бүйі, бүйі шық,

Бүйі келді әнде шық,

Айыр құйрық аса шық,

Тұрымтайдан түріле шық,

Дүрқара бүйі аяғынан шық!

Қой келді, қозы келді,

Сиыр келді, Сүлеймен келді.

Шықпасаң, бір Құдайдан парман келді,

Күп, шық!

 

28. [СЕН, СЕН МЕКЕР, СЕН МЕКЕР…] 

—Сен, сен мекер, сен мекер,

Сенен бетер мен мекер,

Аталы мекер, ай мекер.

Кай көмем төре-шөре,

Баһақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен

Күп шық!

 

29. [КІНЕТ, КІНЕТ, КЕР ЖЫЛАН…]

—Кінет, кінет, кер жылан,

Кереге бойлы бір жылан.

Өмендегі бір жылан,

Шөпендегі бір жылан,

Манара таудың басында

Дегелек келді, шық, жылан!

Шығар болсаң, жылдам шық,

Шықпасаң, қайта оқимын.

Көспеңді қой, келді,

Күп, шық! 



138

139


АРБАУ

30. [АЛА ҚАНДА, ҚАРА ҚАНДА…]

—Ала қанда, қара қанда,

Қайылғанда, жайылғанда,

Толған қанда, анда қанда

Кім келді?

Сүлеймен пайғамбар келді,

Деміменен көспенді.

Күп, шық!

 

31. [ҚАМБАР, ҚАМБАР, ҚАМБАР ШЫҚ…]

—Қамбар, Қамбар, Қамбар шық,

Қамбар болсаң, қалмай шық.

У заһаріңді жаймай шық!

Менің демім емес,

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демі.



32. [КЕЛЕҢ, КЕЛЕҢ, КЕЛЕҢГЕР…]

—Келең, келең, келеңгер,

Бауыры шұбар келеңгер,

Үсті шұбар келеңгер,

Тас төбеңнен түсермін,

Таң ұрғандай қылармын.

Танауыңды тілермін,

Шатты, бұтты қылармын!



33. [ӘЙ, МӘКІР, ӘРІ МӘКІР…]

Әй, мәкір, әрі мәкір,

Келді мәкір, кезенді мәкір.

Үт түйлі, мүт түйлі,

Ігір-мігір, шытынай мәкір,

Зыңғылдай шық!

Мысық келді,

Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!



140

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



34. [ӘЙ, МӘКІР, АЛА МӘКІР…]

—Әй, мәкір, ала мәкір!

Алмас, келмес,

Аттап өтпес.

Апы-күпі

Сар жаулы мысық келді.

Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық! 

35. [ЖЫЛАН БОЛСАҢ ЖЫЛЫП КЕЛ…]

—Жылан болсаң, жылып кел,

Жылдырған басын қиып кел.

Қара жерді қазып кел,

Қара топырағын шашып кел!

Жеті қабат жер астында

Түн түсті қара жылан,

Сенің арбауыңнан

Қара мақпал тон кеткен.

Айда, залым, суырылып шық!



36. [ҚАРАҒАЙ ОҚАЙ СУ ҚАЙТТЫ…]

—Қарағай оқай су қайтты,

Тілім оңай су қайтты.

Айдап келген алты құдірет,

Ай алдына барған құдірет,

Ханнан келген қара құдірет,

Хан алдына барған құдірет! 

Хан алдында не дейді,

Қатты демді сал дейді.

Құдірет болсаң, қыдыр сыйқат,

Жара болсаң, жабы сыйқат.

Таң атқанша, күн шыққанша

Бақты баят деміменен шық,

Бір Құдайдың жарлығымен шық.

Пайғамбардың өкімімен шық,

Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!



140

141


АРБАУ

37. [АЙ, МЕКЕР, АНПАР МЕКЕР, КЕР МЕКЕР…]

—Ай, мекер, Анпар мекер, кер мекер,

Құдіреті құдірет!

Айып келді, қайып келді, дау келді,

Ас тарат, үс тарат.

Мар құнда, қара құнда, сейкәр құнда,

Келдім-келдім қар бастым,

Келдім-келдім жар бастым.

Мұқамбет құлыйып, Мұқамбет байыз,

Мұқамбет тайыз.

Нар дәрі,

Теген жерің сардар.

Жеті қара молданың, 

Демімен Тақ Сүлеймен 

Үф-күф, шық!

  

38. [КЕЛДІМ, КЕЛДІМ, КЕЛДІМ БИ…]

—Келдім, келдім, келдім би,

Керегенің көзі би.

Таулым би, таулықанның өзі би.

Қой келді, қозы келді,

Су келді, субан келді,

«Шықсын» деп Мұса келді.

Мұса тілін алмасаң,

Дайыр тақсыр, пайғамбардың өзі келді.

Қара қойдан қалмай шық,

Сары қойдан салмай шық,

Тұрымтайдай тура шық,

Жағалтайдай жандап шық,

Жан-жағыңа қоймай шық!

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!



39. [АЙ, МЕКЕР…]

—Ай, мекер,

Ақар мекер, кер мекер,


142

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Кемер мекер,

Үнді мекер, үнсіз мекер,

Келді кесіртке,

Шанышар шаян.

Қара қой келді,

Қара шұнақ қошқар келді.

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық! 

40. [КІЛЕҢКІР…]

Кілеңкір,

Әукір баба,

Назыр кілеңкір,

Шатыр-бұтыр, кілеңкір,

Шатырыңды бұзбасам,

Ташкір ұрғандай қылмасам,

Білім-білім қылмасам,

Тілім-тілім қылмасам,

Тәңір ұрғандай қылмасам,

Менен емес, Құдайдан!

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

  

41. [БҮЙІ, БҮЙІ, БҮЙІ МЕН…]

—Бүйі-бүйі, бүйімен,

Алабота дәмімен,

Жыңғыл оты күлімен,

Өткір пышақ ұшымен,

Өтпес пышақ дүзімен.

Алмас қылыш қолымда,

Өлсем сенің жолында!

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

  

42. [АЙДЫҢ АЛА ҚҰРТЫ…]

—Айдың ала құрты,

Күннің күміс құрты,

Өр Алатаудың басынан


142

143


АРБАУ

Дегелек келді қасынан.

Үрпек бас өзі келді,

Бізге бұйырды.

Қара қойдан қалмай шық,

Сары қойдан салмай шық.

Тұрымтайдай тура шық,

Жағалтайдай аңдап шық,

Жан-жағыңа қоймай шық.

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

  

43. [АРЫ БАР, БЕРІ БАР…]

—Ары бар, бері бар,

Кекіре мен миялар.

Дүйім жалбыздай

Жан қинамай, үзіп шық,

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!



44. [ТАМАМ ТАЗДЫҢ АТАСЫ…]

—Тамам таздың атасы—

Нарым базар әулие

Нарым базарға жол берген.

Қарақожа әулие

Сайым сойдым десе де,

Сары секет әулие

Ақырып та бақырып,

Мың бір ауыз әулие,

Байдың ұлы Тілеуке,

Теліқара әулие

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

  

45. [АРЫСТАН, АРЫСТАН, ҚҰШТАЙЛЫҚ…]

—Арыстан, Арыстан, құштайлық,

Қылта таба мекірет


144

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Дүние тілкер.

Адыр-мадыр

Төтекен су қатыр.

Алеке мамыр,

Қой көшек,

Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!



46. [БАСТАН, БАСТАН, БАР БАСТАН…]

—Бастан, бастан, бар бастан,

Құм құрайда,

Құтпан парайда

Теген зенде тіміті керез.

Ағаштай байладым,

Тастай қат!

47. [ЫБЫР, ЫБЫР, ЫБЫРЛАМА…]

—Ыбыр, ыбыр, ыбырлама,

Мен тұрғанша қыбырлама.

Қой қорадан өрген жақ,

Бала-шаға тұрған жақ.

Морт байладым,

Шарт байладым,

Тура жыланның аузын байладым.

 

48. [ЫБЫР, ЫБЫР, ЫБЫРАМА…]

—Ыбыр, ыбыр, ыбырама,

Қыбыр, қыбыр, қыбырама.

Матаудан түйе өргенше,

Қорадан қой өргенше.

Өзімнен бұйрық келгенше,

Мент түйдім,

Жеті қабат мент түйдім.

Мүхәмәт рәсүлолла,

Тура қара, құрттың аузын байладым.



144

145


АРБАУ

49. [БАСТАН, БАСТАН, БАР БАСТАН…]

—Бастан, бастан, бар бастан,

Бәлікейлер мұнда бар,

Арма-шырма жер табар.

Қотанды қой елді маңыратып,

Оны көрген Ыбыт—мен.

Берік байладым,

Шарт байладым,

Соңымнан жет керден!

  

50. [ОРМАН ТАУДЫҢ БАСЫНДА…]

—Орман таудың басында

Дегелек келді қасынан,

Сен де келдің, мен де келдім.

Ақ боран, тілім ойран,

Өзен-судың басынан

Шаңлаттым да арбадым.

Тәтті бүйе, кетті бүйе,

Кесмұран қара бүйе.

Тақ Сүлеймен пайғамбар,

Деміңді ал да, қуып шық!   

 

51. [ТЕМІР, ТЕМІР, ТЕМІР ЖАН…]

 

—Темір, темір, теміржан,



Темірдің ұлы қауғажан.

Тасырқасаң, тас жаудыр,

Қаһарлансаң, қар жаудыр.

Буырқансаң, мұз жаудыр,

Мұздай темір құрсандыр.

Кел, кел, кел, бұлт,

Екі енеге тел, бұлт.

Ағысы қатты сулардан

Аса соғып кел, бұлт.

Шырай соғып, кел, бұлт.

10-0139


146

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Шөптің басын аймалай,

Жүгіре соғып, кел, бұлт!

Қайың басын айыра соқ,

Арша басын айыра соқ.

Тобылғы басын толғай соқ,

Атан түйені жыға соқ.

Ат бауырынан өте соқ,

Үзеңгіні үзе соқ,

Тебінгіні тебе соқ,

Мәңкі байды баса соқ,

Қошқарбайды қоса соқ!

Түрлі таудан тау қойма!

Ақ атыма мінейін,

Алладан сені тілейін.

Көк атыма мінейін,

Көктен сені тілейін.

Оныменен көк жирен,

Көк Сүлеймен пайғамбардың деміменен

Тасымнан медет тілейін!

Ербек-ербек бай атай,

Еркек қана күрең тай.

Шиын қара, шиын қара,

Құлан-бұлан тай,

Тартай, мартай,

Түрлен, қара бұлтым.

Дария шор, дария шор!



52. КҮН ЖАЙЛАТУ

—Тақ Сүлеймен, Сүлеймен,

Сенен медет тілеймін,

Алла, сенен тілеймін!

Қой басындай көк бұлт,

Қожам, сенен тілеймін!

Қоғалы көлдер құрыды,

Құба жондар шөлдеді,

Қолдан қара жауын бер?!


146

147


АРБАУ

Қара сабам қаусады,

Сары аяғым саусады.

Қасымнан қараң-құраң кетті ғой,

Маңдайымнан ащы шуақ өтті ғой.

Жандай досым, ақ бұлт,

Омыраудан соқ, бұлт!

Топай-топай ақ бұлт,

Омыраудан соқ, бұлт!

Есек желді сұр бұлт,

Зеріктірмей жете көр!

Мен тасымды торлайын,

Торсыққа салып қорлайын,

Тәңірі өзің берсең зорлайын.

Тұңғиық қара көлдерден 

Шөп алайық, ақ бұлт,

Омыраудан соқ, бұлт!

Ербек-сербек бай атай,

Еркек қана күрең тай.

Шеп қара, шеп қара,

Құлан, жылан, бұлан тай,

Тартай, мартай,

Тері тоқым мар тұрғай,

Қай тұрғай.

Түрлен, қара бұлтым,

Мен де сенің ұлтың.

Дария шор!

Дария шор!



53. КӨКШЕНІ АРБАУ

Көкше десем көкшесің,

Ақша десем ақшасың.

Қонар жерге қонбапсың,

Қонбас жерге қоныпсың.

Қонақ қайтты, сен де қайт,

Бала бүркіт тырнағы.

Куф...Шық!



148

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



54. ТЕМІРЕТКЕНІ АРБАУ

—Темір, темір, теміреткі,

Пайғамбарым егін екті.

Егіні судан құрыды,

Сен де құры.

Теміреткі темірден

Тәзғұнә, тәкули, тәрһәкуһа

Қатирә, Куф... Шық!



55. БАЛАНЫҢ ИТ АУРУЫН АРБАУ

—Иттің аты елеуіт,

Елеуіттен телеуіт.

Бері бақпа, ары бақ,

Арба толы телеуіт.

Мұрнын қанатып, тісін қақ.

Куф...Шық!

56. [АЛСҰР, АЛСҰР, КҮЙТ-КҮЙТ…]

—Алсұр, алсұр, күйт-күйт,

Тұйғын, тұйғын, күйт-күйт.

Сұңқар, сұңқар, күйт-күйт,

Лашын, лашын, күйт-күйт.

Жетір, жетір, күйт-күйт,

Басар, басар, күйт-күйт.

Алақұс, алақұс, күйт-күйт,

Алаша тайдан ауып түс.

Ауыздағы отыз тіс,

Бірің шығып қалмай түс!


148

1. [БАҚСЫ…]

Бақсы жын шақырғанда белін байлап, жігіттерді сайлап, 

қай-қайдағы сұмдықты ойлап, есінеп, аузын ашып, түсі қашып, 

киімін тастап, белін байлап, отқа май салып, өзін-өзі аптап, 

жындарын жаттап, түсі құбылып, шарт жүгініп, қамшыны сай-

лап, желбауды байлап, пышағын қайрап, талтайып тұрады.

Дәретсіз келгенді ұрады, ойнағанда күліп қойсаң, «үйден 

шық» деп қуады. Аузына жұрт қараған соң өз білгенін қылады. 

Қобызын қолына алып, әл-мүнәжат сұрайды.

Қобызын қолына алады,

Қабағын түйіп қарады.

Қобызының қылына 

Қарағайдың шайырын

Әдейілеп жағады.

Ышқынып тартып ішегін,

Сонда бір әнге салады.

Күрілдеген дауысы

Талай жерге барады.

Бақсы ойнап жатыр,

«Қайда?» деп,

Естіген соң дауысын.

Көңіліндегі мұңы бар,

Баласы жоқ, кірі бар.

«Зікірін түсір» деп,

Әркім оған барады.

Шанағына қобыздың

Тентек күйді салады.

ІІІ. Бақсы сарындары



150

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

«Ақ сөйле,—деп,—жарықтық»,

Құлағына қобыздың

Бір топ үкі тағады.

Шанаққа түскен ақшаны

Жолдасы барып алады.

«Бақсы біліп қояд» деп,

Дәретін жөндеп алады.

Жын келгенде күркіреп,

«Қызып тұрсын дайын» деп, 

Отқа темір салады.

Жын атасы—Жирентай:

«Айдаушы, бермен айда» деп,

Қобызын бунап шалады.

Қыз-келіншек, жігіттер

Айыбымызды табар деп,

Қымсынып іші қалады.

Барлық жынын шақырып,

Айғайын сонда салады:

—Жын атасы Жирентай,

Талай бақсы мінген тай.

Ұятқа мені қалдырма,

Айналайын, Құрмантай!

Ішінде азық болып ең,

Тоқшылықта туғаным,

Кешікпегін, Сұрмантай!

Шақырдым сені Қарабас,

Еріншек едің сарамас.

Қанша жұрт қарап тұрғанда,

Кешіккенің жарамас.

Жолдасыңнан қалмай кел,

Көрінгенді айдай кел.

Зияндыны байлай кел,

Жан жолдасым Алабас!

Әй, қобызым, қобызым,

Әбден болжа доңызым.

Осы жолы келмесең,

Жөнін айтып бермесең,

Жылап жатқан науқасқа

Себеп тауып бермесең,


150

151


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Бір сен үшін мен сорлы

Жаным шығып тірілсем,

Өмірімде көрмеспін.

Осы жолы келмесең,

Айтқаныма көнбесең,

Шашыңнан алып сабармын,

Тірі болып өлмесем.

Қобызын тартып шабынып,

Пірлеріне жалынып,

Тері шығып бақсының,

Өзін өзі қағынып:

—Жандай досым Қаратас,

Сырласым едің Алатай.

Алпыс қойдың терісі

Ау болмаған Алатай.

Жетпіс қойдың терісі

Жең болмаған Алатай.

Барлық жыным жабылса,

Тең болмаған Алатай.

Қатарыңның ішінде

Кем болмаған Алатай.

Құлағың сенің қалқандай,

Мұрыныңа қарасам,

Сығымдаған талқандай.

Үміт еткен қанша жұрт,

Ойдағысын айта алмай.

Бал ашып беріңіз,

Талабын жұрттың қайтармай?!

Әй, Нұрманбай, Нұрманбай,

Мұрның сенің құмғандай.

Жер жүзіне сыймастан,

Қойқапқа кеттің, қу маңдай.

Менен көңілің қалды ма,

Шақырғанда келуші ең,

Оқ жыландай жел маңдай.

Қаһарлы едің қарымды,

Кетірме менің арымды,



152

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бұл науқасқа дауа қыл!

Аямағын мен үшін,

Жан досым, қолда барыңды.

Қобызымды қолыма ап,

Салып тұрмын сарынды.

Әй, Бияшбай, Бияшбай,

Бойың сенің құлаштай.

Атқа мінсең, кісідейсің,

Жер түссең, жалмауыздың тісіндейсің.

Өз айтқаныңа болмаса,

Басқа жанның сөзіне түсінбейсің.

Әлімбет-ау, Әлімбет,

Жер-жаһанға мәлім бе ед.

Зиянкесті өлтірген,

Басына қаза келтірген,

Кап тауына мәлім бе ед?

Мына көптің көңілі үшін

Кеселіне дауа ет!

Баласы жоқ пәндаға

Көзіңнің қырын сала кет!

Зияндыны ала бер,

Мына жатқан кеселді

Себебін тауып, дұға бер!

Айтқаныңнан шықпайды

Тау менен тас, қара жер.

Қобызымды қолға алып,

Болып тұрмын қара тер.

Дәретін алып, сыйынып,

Таза киім киініп,

Жолыңды тосып отыр ғой,

Дауасын сұрап мынау ел.

Күн көзінде әулие,

Жер жүзінде әулие,

Мағрыптағы әулие,

Машрыптағы әулие—

Соның бәрін айдағын,

Жаратушы бір Ие.

Осы кесел жазылса,

Алатыным бір бие.

Баласы жоқ ұл тапса,



152

153


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Иә болмаса қыз тапса,

Батамды беріп аламын,

Түйіншегін бір түйіп.

Қобызын тартып тағы да,

Жан-жағына қарайды.

Жын қабады білініп,

Қызып тұрған темірді

Тіліменен жалайды,

«Дақ салма» деп айтқын деп.

Ауырып жатқан кісіні

Бауырдақты қамшымен

Тарсылдатып сабайды.

Бақсы сонда ашынып, 

Қанын тартып ішіне,

Түсін жаман қашырып,

«Жынның келер уақыты» деп,

Көтеріліп басылып,

«Айдашы, бермен, айда» деп,

Желбауға барып асылып,

«Көк перім көкке тартар» деп,

Жаны қалмай асығып,

Шаңыраққа мінеді,

Кісіміз болып шашылып.

Әулиені шақырды,

Атын айтып бас ұрып.

Сайранда жатқан сансыз бап,

Отырарда жатқан отыз бап

Кіші Мекең дер еді.

Қазіретті Қаратау

Әулиенің кебі еді.

Түркістанда Түмен бап,

Ең үлкені Арыстан бап—

Бәрі де мұның жын еді.

Құл Қожа Ахмет Яссауи 

Әулиенің пірі еді.

Шаңыраққа мінеді,

Жындарынан тіледі.

«Айдаушы, бермен айда» деп,

Енді қайта жүреді.



154

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қарабура келді деп,

Бүкең-бүкең желеді.

«Тамақ бер» деп талтайып,

Тізесін бүріп шөгеді.

Дайындаған шөбі бар,

«Мінеки,—деп,—жолдасы»,

Құрмет етіп бақсыға,

Ауызына береді.

Күртілдетіп шайнайды.

Тұрып-тұрып азырақ,

«Бұқ» деп жынын төгеді.

Шықырлап тісін қайрайды,

Қара бура шабынып,

Аузынан көбік қайнайды.

Екі көзі жалтырап, 

Жанып тұрып қалтырап,

Үйдің ішін бүлдіріп,

Бура болып аунайды.

«Нысаппен,—деп,—нысаппен»,

Елдің бәрі шулайды.

«Жирентайым келді деп,

Тілеуді Құдай берді» деп,

Аспанға қарғып тулайды.

Пысқырып тұрып қорсылдап,

Жер тарпынып тұрмайды.

«Ақ басып кетер» деп,

Жүрегі қорқып суылдайды.

«Су ішер,—деп,—бұл Жирен»,

Бақыр алып бір адам,

«Моһо-моһо» деп зырлайды.

Ауырып жатқан кісіні

Бақсы барып тебеді.

Су ішкелі Жирені

Құрылдап жақын келеді.

«Так, жануар, так-так» деп,

Бақсыға суды береді.

Тұмсығымен бір түртіп,

Бақырда суды төгеді.

«Дақ салма,—деп,—жануар»,

Ел жауабын береді.



154

155


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Осы түрлі өнермен

Жирентай қайтып кетеді.

Өз әлінше науқасқа

Біраз себеп етеді.

Қобызды қолға алғанда,

Болмағын деп арманда,

Жолбарыс жыны жетеді.

Жолбарыс болып шабынып,

Түрі қашып қабынып,

«Дақ салма» деп шуылдап,

Бақсыны байлар жабылып,

Ыңыранып, қыңырсып,

Әркімді қабар қағынып.

Үйді барып жол қылып,

Күрілдеп тұрар шабынып.

«Сап-сап» дейді нысаппен, 

Елдің бәрі жалынып.

Үйді барып қозғайды,

Шаршамайды шалығып.

Бір қатынды бас салар,

Ашулы болып мауығып.

Бір әйелге асылып,

Күрілдеп тегін болмайды.

Жолбарыс келіп шөккен соң,

«Таптым» деп бала ойлайды.

Бақсы барып шөкпесін,

Осындай ерім етпесін.

Ойлағаны зайыбы,

Мақсаты қабыл болмайды.

Онан кейін бақсыекем

Қобызын алып қолына,

Қаратып елді жолына,

Тағы да біраз толғайды.

Қобызды тастап бақсекем,

Есікке қадам басады.

«Абжыланым келді» деп,

Құрметтеп есік ашады.

Елге қарап ысқырып,

Жалақтап тілі пысқырып,



156

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Отта жатқан темірді

Өз тіліне басады.

«Үй ішінде жау бар» деп,

Ақтарып жүріп шашады.

Үйдің ішін қарайды,

Ауырып жатқан кісіні

Тіліменен жалайды.

«Құйрығым» деп белбеуді

Ширатып алып қолына,

Елдің бәрін сабайды.

Ысқырғанда ширығып,

Халықтың есі қалмайды.

«Зиянды нарың бар ғой» деп,

Әр қатынды жанайды.

Абжыланын «ап-ап» деп,

Пышақтың жүзін жалайды.

Қобызын алып қолына, 

Тағы жынды шақырар.

«Алып Қара, келгін» деп,

Ойдағысын сапырар.

«Жан серігім сен едің,

Қай жынымнан кем едің,

Кешікпе!» деп бақырар.

«Мұнысы қандай екен?» деп,

Қайран боп жұрты отырар.

—Алып Қара шақырдым,

Келе қойғын, шырағым.

Қабыл еткін бұл елдің

Ойындағы сұрағын.

Басқа жанға бітпейді

Салпиған сенің құлағың.

Азуың сенің ошақтай,

Мұрыныңа қарасам,

Ойып қойған шошақтай.

Ауру халін көріңіз,

Себебін айтып беріңіз.

Нағып тұрсың ерініп,

Нашарды жаудан босатпай.

Танауыңа қарасам,

Үңірейіп кетіпті,



156

157


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Тәуіп барған қос аттай.

Аларып бақсы қарады,

Отырған жұрт нанады.

«Алып Қара келді» деп,

Келсапты қолға алады.

«Дақ салма» деп айтқын деп,

Өзін-өзі сабады.

«Алып Қара келді» деп,

Ауруға барады.

Ламекенге барам деп,

Арқалап оны алады.

«Дақ салма» деп шуылдап,

Ел дабырды салады.

Түскенін аударып,

Басқа жерге салады.

Алып Қара сонымен

Енді қайтып келеді. 

Шақырғанда, қобызбен 

Айдаушы Қара жетеді.

Барлығын айтып біртіндеп,

Содан үміт етеді.

«Келіп қалды кісім» деп,

Жұлқына бастап өтеді.

«Дақ салма» деп айдайды,

Беліне арқан байлайды.

Құшырланып, шабынып,

Ауруды шайнайды.

Керегені ұстап ап,

Үйді жұлқып ойнайды.

Қамшыны қолға алады,

Бір әңгіме болады.

«Зікірге бәрің отыр» деп,

Қирата елді сабады.

Елдің бәрі жүгініп,

Дөп-дөңгелек болады.

Қамшыны бақсы алып тұр,

Зікірді «ә» деп салып тұр.

Кімдер адал, кім арам

Ішін бәрін танып тұр.

Салдырлатып шығыршық,


158

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Асасын жерге қағып тұр.

Науқастанған кісіні

Ортасына алып тұр.

Бала табар-таппасын,

Әйелдерге назарын

Шын ақиқат салып тұр.

Қасына бақсы бармаған,

Назарын тауып салмаған

Әйелдер үні налып тұр.

«Дәретсіз мұнда келдің,—деп,—

Нитәніңді бөлдің»,—деп,

Қалжыңбастау жігітке

Жаласын тағы жауып тұр.

Қорыққаннан жігіттер

Бірін-бірі кимелеп,

Зікір салып зіркілдеп,

Үсті-үстіне үймелеп,

Шетке шыққан адамды 

Ортаға салар сүйрелеп.

Қара терге түседі,

Мешбетін кең түймелеп.

Бәз біреулер желігіп,

Айғайлап сонда кетеді,

Бақсымен біргелеп.

«Дақ салма» деп тұрады,

Қобызын шалып сөйлейді,

Тағы бір асқан жын келед.

—Айдаушы бермен, төрт бөрі,

Төртеуі де көк бөрі.

Жаным қалмай шақырдым,

Болып па ең маған өкпелі?!

Сыйынбасқа нәрім жоқ,

Сенсіз менің сәнім жоқ.

Тілегіңді тіледім,

Жаным бар да, тәнім жоқ,

Сұп-сұр болдым қуарып,

Етім бар да, қаным жоқ.

Зияндыны байлай кел,

Пайдалыны айдай кел.


158

159


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Саған қарап отыр ғой,

Үміт етіп мына көп.

Төртеуіңді шақырдым,

Сабыр етіп бірден кел.

Біреуіңіз тесіктен,

Біреуіңіз көлден кел.

Біреуіңіз жабықтан,

Біреуіңіз судан кел!

Мал сұраған біреу бар,

Жан сұраған біреу бар,

Мұдағасын айтып бер.

Қолдарыңнан келеді!

Сені басар жыным жоқ,

Асып туған сендер ер.

Отты сонда сабады,

Жыны келіп қалады.

«Бірінші бөрі келді» деп,

Шоқты тістеп алады.

Бір уыс күлді қолына ап, 

«Түпай-түпай» ұшықтап,

Ауырып жатқан кісіге

Демін сөйтіп салады.

«Екінші, енді, келгін» деп,

Жабыққа сонда қарады.

«Келіп қалды» деп айтар 

Екінші бөрі жабықтан.

—Аямағын жанымды,

Мына отырған халықтан

Біреуіңе мал керек,

Біреуіңе жан керек.

Сені күтіп көпшілік,

Жолыңды бағып тарыққан.

Жабықты жүрді жағалап,

Үйдің ішін аралап.

Қолына алып қамшысын,

«Айда-айда» деп сабалап,

Жүгінің бәрін ақтарды,

Қалмасын деп паналап.


160

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Әйелдерді сабады

«Бұзықтықпен жүрдің» деп,

*

..................... ақ жағалап. 



«Үшінші бөрі келгін» деді,

Ақырындап тесіктен.

—Сенен үміт етеді,

Атағын біліп естіген.

Осы үйдегі зиянды

Қаһарыңмен қалдырмай,

Адамдарды шалдырмай,

Айдап шыққын есіктен!

«Зияндыны шығар» деп,

Есікті ашып тұрады.

Үйдің ішін аралап,

Қамшыменен ұрады.

Жастау келген әйелді

«Жүрегің жаман екен» деп,

Арт жағында зіркілдеп,

Аяқпен басып тұрады.

«Бақсыекем тауып айтты» деп,

Отырған қанша халайық

Көңілін шындап бұрады. 

Өзінен басқа мықты жоқ,

Өз білімін қылады.

«Дауасын айтып бердің» деп,

Кеселдің халін сұрады.

«Дақ сал,—деп,—бақсыекем»,

Ауру мен сау қатын

Сыпыра жүріп ұрады.

—Төртінші, келгін,—деп айтты,—

Айналайын, Су бөрі,

Білесің бәрін қу бөрі.

Осы жерде қинадың,

Жақсылап кел, сен, бермен,

Жолыңда сенің жүрмін мен.

Қуат етіп бір сені,

*

 Түпнұсқада түсіп қалған.



160

161


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Қобыз алып қоқаңдап,

Кезіп жүрмін дүнияны.

«Көк бөрі келді» деді де,

Отыра қалды шоңқайып.

Екі көзін алартып,

Құлағын тігіп қалқайып.

Бір-екі ұлып әупілдеп,

Ауырып жатқан адамның

Қасына барды тоңқайып.

Тұмсығын тығып бұтына,

Жатты барып томпайып.

Түре келіп аздан кейін,

Үйдің ішін қарады.

Ауру-сауды аралап,

Әркімді бір жалады.

Отырғандыр ойлайды:

«Білгіш екен бұл бөрі,

Ойымызды табады».

«Зиянды иең бар-ды» деп,

Баз бір еркек, әйелді

Бас салып сонда талады.

«Жүрістері жаман ед»,

«Тапты» деп жұрт налады.

Әркімге істеп ем-домын,

Андан соң кетіп қалады.

Андан соң бақсы шақырды: 

«Бұл жаушы Қара келсін» деп.

«Мына отырған халықтың

Балын ашып бергін»,—деп.

Бұл жаушы Қара келеді,

Балын ашып береді.

Алғашында науқастың

Жөнін айта көреді.

«Жындарым айтып отыр» деп,

Бақсы жауап береді.

Қанша отырған халықтың

Ойын айтып береді.

Қобызын алып қолына,

11-0139


162

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ал, енді, сөзді төгеді:

—Бұл науқастың кеселі

Даладан,—дейді,—жабысқан.

Керіліп бір келін жатқан-ды,

Ішіне жел қарысқан.

Төсегінен болған жоқ,

Кез болыпты алыстан.

Ішін жаңа бір түртіп,

Кетіп еді арыстан.

Ішін ұстап басында,

Денесіне жайылған.

Жауырыны тұтасып,

Бар денесі ауырған.

Күннен-күнге ұлғайып,

Қабырға басы жабысып,

Ауырып содан қорынған.

Және бір тәуір болғанда,

Ескермеген абайлап,

Суық суға шомылған.

Дауасын тағы айтамын,

Қорықпағын мұныңнан.

Өмір жасың тіпті ұзақ,

Қорықпағын, әй, шырақ.

Айтпасыма қоймай тұр,

Кісілерім шымшылап.

Жалқы туған басында 

Бар екен қойда қара лақ.

Соныменен көшірем, 

Боласың сау тып-тым-ақ.

Ауруға мұны айтып,

Сау адамға барады.

Дені-қарны оның сау,

Арманы оның бала-ды.

Бір қатынға бақсыекем

Аларып сонда қарады.

«Ойнасымды айтар» деп,

Жерге кіріп барады.

—Арманың сенің бала ма,

Боз бастыға қарама.

Таза жүрсе жас әйел,



162

163


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Баласыз тегі қала ма?

Мен айтпай-ақ, шырағым,

Өзің айтшы ұялмай.

Кешікпей-ақ табарсың,

Түс көріпсің анада.

Күйеуіңмен қандай ең,

Тіліңді сенің ала ма?

Бір екі күн дем салғыз

Қара қасқа танаға.

Андан кейін бақсыекем

Бір жігітке қарады.

Тігілініп көздері

Қасына жетіп барады.

«Сайтанның бәрі сендей» деп,

Қамшыменен сабады.

—Арманың шіркін бар екен,

Көптен бері жабырқап,

Көңілің оты сол екен,

Кешікпей ет садақа.

Жаға-жеңі кірлеген 

Бір шапаның бар екен.

Пайда бермес өзіңе,

Өз денеңе тар екен.

Құдайы ғып шапанды,

Батасын оның аласың.

Қырсығынан ажырап,

Жұрт қатарлы боласың.

Не тілегің әзір боп, 

Адам болып қаласың.

Басын иді бір қатын,

«Бақсыеке, мені қара»,—деп.—

Көтермедім ешқандай,

Келгелі мұнда бала», деп.

Қабыл алып бір сөзін,

Қарады тәуіп және кеп.

—Келінім, бала табасың,

Жасың ұзақ, шырағым,



164

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Нақ жетпіске барасың.

Өсек айтып жолығыпсың

Екі ауылдың арасын.

Сүйреңдеме, ей, шырағым,

Содан зиян табасың.

Талығыңа қарадым,

Екі бала табасың.

Аласа бойлы қатыннан

Көз тиіп, содан қағасың.

Ебін тауып білінбей,

Сол қатынның шашынан

Аздап қиып аласың.

Шашын алсаң қатынның,

Алып маған келесің.

Тілімді алсаң, келінім,

Бір жақсылық көресің.

Үйіңде бар бір баспақ,

Зиянды екен сол саған.

Кешіктірмей баспақты

Бір адамға бересің.

Оны қойып сонымен,

Бір қатынға қарады.

«Түсіңнен шошып қапсың» деп,

Оған жапты жаланы.

—Сары қызың бар екен 

Өзіңе қатты зиянды.

Аса зарын таппасаң,

Таппассың, келін, баланы.

Үш күн ойнат бақсыны,

Бес күн оқыт молдаға.

«Сонда болса, болар» деп,

Көңілім саған еріп тұр. 

Ол әйелдің мұдасын

Осылай айтып беріпті.

«Науқастанып жүрмін» деп,

Бір еркек сонда келіпті.

«Жүрегіңнен таптың» деп,

Көк желкеден теуіпті.



164

165


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

«Дауасы болар енді» деп,

Тепкенін жақсы көріпті.

Кесел болу себебін

Бастан айтып беріпті.

Әулие деп бақсыны,

Барлығы бұған сиынды.

—Көп болыпты бұл кесел

Жабысқалы өзіңе-ей.

Көрсеткенін айтайын,

Құлағың сал сөзіме-ей!

Бар сүйегің сырқырап,

Көрінер жаның көзіңе-ей!

Екі саның бастырмай,

Салмақ түсер беліңе.

Абайламай кез бопсың

Жынның жатқан жеріне.

Анда-санда, шырағым,

Басың қатты шағады.

Майға қосып құрт ішсең,

Бұныңа аздап жағады.

Суық тисе денеңе,

Тырысып мойның қалады.

Ескермесең бұрыннан,

Ұлғайып күнде барады.

Оған дәрі айтайын,

Боз бұға мен сер бұға

«Зәптір» деген дәрі бар.

Анар менен жұм-жұма,

Үкіл-мәлік он сегіз,

Қырық болсын күшала.

Осының бәрін дайындап,

Соғымға сой бір тана.

Өз қолымнан естимін,

Барамын бір күн мен жана.

Бір қойменен көшірем, 

Ақысыз болсын мың қара.

Онан кейін бақсыекем

Бір кемпірге жетіпті.

Жалғыз ұлы кемпірдің



166

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Алғалы қатын кетіпті.

Көптен бері кешігіп,

Арада бір ай өтіпті.

«Амандығын айтқын» деп,

Бақсыдан үміт етіпті.

—Алдай қақ,—депті—сөз басы,

Қобызым, енді, қозғалшы.

Қайныңа бала кетіпті,

Қасында бар жолдасы.

Талығына қарасаң,

Жаман болмас бір басы.

Түнде жалғыз жатпайды,

Қасында бар ұрғашы.

Сай жағалап жүреді,

Болмас оған қыр басы.

«Осыдан үйге қайтсам,—деп,—

Әжем қандай боп жүр» деп,

Бір өзіңді сағынып,

Тыйылмайды көз жасы.

Балаң онда барыпты,

Құшақтап қызды жатыпты.

Құдай ұрып құдаңды,

Қайталап мал салыпты.

Берейін десе, малы жоқ,

Бермейін десе, жары жоқ,

Қайғыда сондай қалыпты.

Құдаңның құрысын бәйбішесі,

Жолдасы мен балаңның

Аударып атын алыпты.

Осы жаққа жете алмай,

Жарын тастап кете алмай,

Сол жақта жаяу қалыпты.

Аударып атын алған соң,

Қыз беретін ойы жоқ.

Тойға сояр салыпты,

Құдаң сондай тар екен.

Көңілі жақын өзіңмен 

Сол тараптың бәйбішесі

Бір жекжатың бар екен.

Тойға сояр ол күні



166

167


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Арықтау ғана тана екен.

Қиылған соң балаңыз,

Сол жекжатыңа барыпты.

Бастан аяқ жай айтып,

Жекжатыңа налыпты.

«Ақия банда пірім» деп,

Құйрығы шолақ, өзі ақсақ,

Қой, қозыға көп мінген

Бір кер тана алыпты.

Балаң бұған қуанып,

Жолдасымен екеуі

Бірі бастап, бірі айдап,

Енді қайта салыпты.

Шыққан күні жете алмай,

Жолға қонып қалыпты.

Шаршап келген жаяулап,

Бұлар ұйықтап қалыпты.

Сыпырып тастап бұйдасын,

Тана кетіп қалыпты.

Қайда барса оңалмай,

Балаң сөйтіп тарықты.

Ауру болған балаңыз

Жаяу іздеп тананы.

Жаныңда жаман жүрісің,

Кесірің тиіпті бұл күнде.

Әй, кемпірім, балаға

Бір лағың бар екен,

Меңсіз өзі ақ екен.

Үйден тамақ бермейтін,

Пейілің осы тар екен.

Ұрлап алып есіпсің,

Әр адамның үйінде

Ұсталмаған өмірде

Бір ала арқан бар екен.

Арқанды байла лаққа, 

Балаңды салма тұзаққа.

Құдайы ғып кетіргін,

Бермеген саған бірақ та,

Айтып отыр жындарым

Ақырындап құлаққа.


168

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Иіліп сәлем етеді

Жастау келген бір қатын.

Оқ жыландай жылмаңдап,

Порымдаған сымбатын

«Талығымды қара» деп,

Бақсыға айтты ол қатын.

Қобызын алып қодаңдап,

«Тауып бер,—деп,—ол жағын»,

Бақсы айтты қатынға:

—Екі бала тауыпсың,

Тоқтап қалған себебің

Пиғылыңнан тауыпсың.

Көңілдесіп жігітпен,

Бір орамал алыпсың.

Бей уақта, шырағым,

Өзен-суға барыпсың,

Сонымен тоқтап қалыпсың.

Қиын емес, шырағым,

Айтқаныма көнесің,

Бұл сөзіме сенесің.

Жігіттен алған орамал

Өзіне қайтып бересің.

Бір-екі күн түкірсем,

Түнде-түнде келесің.

Ақ көйлегің бар екен,

Құдайы ғып бересің.

Батасын алсаң бақсының,

Кешікпей-ақ баланы

Үсті-үстіне төгесің.

Аққұбаша жігіт-ті 

Көптен бергі сырласың,

Оны жақсы көресің.

Ол пиғылды тастағын,

Осы менің кеңесім.

Осыменен халықтың 

Балын ашып береді.

Қуанғаннан халайық

Енді қайтып жөнеді.

«Білгіш жақсы екен» деп,


168

169


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Мақұлдасып келеді.

Ойынға барған әйелі

Үйде жатқан еріне

Мақұлдата береді.

«Олай болса бақсыға

Қарта қой» деп күйеуі,

Көңілін қимай әйелдің,

Ризалығын береді.

Демін алып бақсыекем,

Басқа сөзге келеді.

Көшірем деп әйелді,

Бір бас тауып алады.

Қарала ғып бояуды,

Әлгі басқа жағады.

Қуыршақты істетіп,

Әр жеріне тығады.

Қатын менен бақсыекем

Жеті жолдың айрылған

Жеріне таман барады.

Бір жерінде ағы жоқ,

Қара қойды алады.

«Түпа, түпа!» ұшықтап,

Қамшыменен сабады.

«Қарама,—деп,—артыңа»,

Қатынға жауап қылады.

Мақұл көріп ол әйел,

Жеткенше үйге шабады.

Қойды өңгеріп бақсыекем,

Өз үйіне барады.

Бұл ойынның аяғы

Осыменен тынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет