Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

1. БӘДІК

Бұл бәдік деген сөз—бұрынғы қазақ болғаннан бері қарай 

келе жатқан бір әдет. Біреу көш бәдік деп аузына не түссе, соны 

айта салады. Сол адамды «көш бәдік» дейді. Бұрынғы атам за-

манда біреудің бір малы құтырса, яки аты делбе болса, яки бір 

малына жылан, қара-құрт тисе, бәдік айтады екен. Ол бәдік 

айтқан реті мынадай болады, мәселен, әлгідей малы құтырған 

ауыл маңайындағы ауылдарға хабар айтады: «біздің ауылға 

келіңдер, кішкене той қыламыз» деп. Кешке қыз, келін, жігіт, 

бала жиылып келеді. Екі жігіт бір отырып, екі қыз, яки келін 

бір отырып өлең айтады. Кемпір-шал болса да жиылған адам-

ның бәрі аузына түскенін айта береді. Сондағы айтатындары:

—Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті,

Қара мақпал тоным барша әдіпті.

От оттамай, су ішпей жата берсе,

Бәдік емей немене бір кәдікті. 

Ай, көш!

Бәдік кетіп барады шатқа таман,

Жүген ала жүгірдім атқа таман.

Құдай оңдап бәдікті қолға берсе,

Итере сал кәпірді отқа таман. 

Ай, көш!


І. Бәдік

78

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бәдік бәдік деседі,

Бәдік желдей еседі.

Асқар-асқар тауларға,

Ағыны қатты суларға,

Айнала соққан құйынға,

Ай, көш десе көшеді. 

Ай, көш!

Көшер болсаң, ай, бәдік, Мекеге көш,

Кемпір миын мүжіген шекеге көш.

Көш айласын білмесең, мен айтайын,

Қойдан қойға жүгірген текеге көш. 

Ай, көш!


Көшер болсаң, ай, бәдік, Арқаға көш,

Қарағайды қақ жарған жаңқаға көш.

Көш айласын білмесең, мен айтайын,

Қойдан-қойға жүгірген марқаға көш. 

Ай көш!

Көшер болсаң, ай, бәдік, жыланға көш,



Құйрығы жоқ, жалы жоқ құланға көш.

Көш айласын білмесең, мен айтайын,

Жердің жүзін қаптаған тұманға көш. 

Ай, көш!


Жұрқаға көш! Ай, бәдік, жұрқаға көш,

Құлан, киік жайылған қырқаға көш.

Көш айласын білмесең, мен айтайын,

Күресіннен күл шашқан бұқаға көш. 

Ай, көш! 

Осындай қылып әлде неше рет айтып болған соң қайтарын да 

етек-жеңдерін сілкіп, «біз де көштік, сен де көш» деп етекте рі-

мен ұшықтап қайта береді.



2. БӘДІК

Ай, бәдік, енді көшсең, Арысқа көш,

Арыс емес, ар жағы алысқа көш.


78

79

БӘДІК



Кемпір сырын айтпайды теппесіне,

Қоймайды аудармалап кетпесіне.

Ай, бәдік, енді көшсең, айнаға көш,

Айнаны маған десең, айнала көш.

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Осы бір арамға байлана көш.

Ай, бәдік, көк дегенде айға көш,

Жұмалап Атбасындай сайға көш.

Айтпайды кемпір сырын шал байына,

Айтпайды шалдар сырын шалғайына.



3. [БӘДІК САМАР ЖАҚСЫ БИЕ АРҒЫМАҚ 

ҚҰЛЫН ТАБАР...]

Бәдік самар, жақсы бие арғымақ құлын табар, 

Тойдан қызық аулыңда бәдігің бар.

Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар,

Бәдік өркеш, наршалардан туады айыр өркеш.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Осының тілін күрмеп, қолына көш.

Бір бәдігім бар еді алыс деген,

Шақырсам да келмейді қамыс деген.

Тезек сырын айтпайды теппесіне,

Аудармалап қоймайды кеппесіне.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Осының барып жабыс шекесіне.

Енді көшсең, әй, бәдік, долыға көш,

Даңғыраған Ташкенттің жолына көш.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Мақта терген осының қолына көш.

Енді көшсең, әй, бәдік, ылаңға көш,

Шұбарала ысқырған

 

жыланға көш. 



80

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Қасы-көзі қиылған бұраңға көш.

Ауылымда бар екен төрт күн бәдік,

Сүтке салған тарыдай бөртсін бәдік.

Төсек салып береді жайластырып,

Аманбайдың үйіне көшсін бәдік.



4. БӘДІК

Бұрма бәдік,

Босағада бұралып тұрма, бәдік.

Босағада бұралып тұрсаң, бәдік,

Иесінің көңіліне келер, бәдік.

Бәдік қақшаң,

Бәдік десе біз келдік тақияшаң.

Бысмылда деп бәдікті біздер айтсақ,

Бәдігің өзі-ақ кетер дереу шапшаң.

Бұқпа бәдік,

Күндіз-түні жегені жұқпа бәдік.

Екеуінің ішіне кіріп кетіп,

«Ойбай өлдім» десе де 

Шықпа, бәдік.



5. БӘДІК

Бәдік-ау, бәдік құрғыр, бәдік қасқыр,

Қасқырдан қан тамызған қан басқыр.

Жолыңа мен садақа, Құдайым-ау,

Бәдікті темір торға салып, тас қыл.

Көш, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,

Сайлардағы малы көп байларға көш.

Парша тон, зер жағалы ішік киіп,

Ханның қызы отырған жайларға көш.

Көш, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,

Жау жасырынып жатырған тауларға көш.


80

81

БӘДІК



Таудан орын таппасаң, мен айтайын,

Тауларға бие жайған байларға көш.

Көш, бәдік, көше ғойса,

 

бәдік



 

құрғыр, 


Қайеріңде тұрады кәдік құрғыр.

Ұшырайын дегенде алма құрғыр,

Қуырдаққа жығылып мойны сынғыр.

Қу бәдік, ойға айдаймын, қырға айдаймын,

Жиде, талқан жесін деп сырға айдаймын.

Қу бәдік, жалғызбын деп қамықпағын,

Екі жігіт қосақтап бірге айдаймын.

Бәдік кетіп барады Мекесіне,

Ешкі арығын білдірмес текесіне.

Қыздардың да барып жабыс жүрегіне,

Үйіне жылап барсын шешесіне.

Бәдік самар, бәдік самар,

Арғымақ жақсы бие құлын табар.

Аулыңда тойдан қызық бәдігің бар,

Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.

Бәдік кетіп барады таудан асып,

Таудан ары бұлтпенен араласып.

Құдай оңлап бәдікті қолға берсе,

Шер-құмардан шығар ек сабаласып.

6. БӘДІК

Бәдік кетер дегенде, бәдік кетер,

Мың теңгелі қаракөк жылқы жетер.

Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,

Алды-артына қарамай өзі-ақ кетер.

Бәдік десең, біз келдік нарттай болып,

Тау жайлаған қаракөк аттай болып.

6-0139


82

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,

Өзі-ақ кетер жауыраған сарттай болып.

Бәдік кетіп барады таудан асып,

Таудан асып бұлтпенен араласып.

Құдай оңдап бәдікті қолға берсе,

Шер-құмарлар шығар ек сабаласып.



7. БӘДІК 

Бәдік самар, ендеше, бәдік самар,

Жақсы бие арғымақ құлын табар.

Тойдан қызық аулыңда бәдігің бар,

Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.

Бәдік кетіп барады таудан асып, 

Таудан асқан бұлтпенен араласып.

Ей, жігіт, бәдігімді ұстап берсең,

Шын құмардан шығар ем сабаласып.

Бұқпа бәдік, ендеше, бұқпа бәдік,

Жүрген жерің сенің де жұқпа бәдік.

Жаман бала ішіне кіріп алып,

«Ойбай өлдім» дегенше шықпа, бәдік.

Бәдік кетіп барады Сусамырға,

Жолда жатыр қайқайып қу қабырға.

Жатса жатсын қайқайып қу қабырға,

Алып барып тастайық бір адырға.

Сарттар сейіліп келеді үйегіне,

Үйім бар деп келеді түйегіне.

Тілімді алып жөніңе жүрсең, бәдік,

Бар да жабыс сұлу қыз білегіне.

Темір бәдік, ендеше, темір бәдік,

Балалардың шекесін кемір, бәдік.


82

83

БӘДІК



Кемір-кемір дегенге көп кемірме,

Бүйрек майын жегін де семір, бәдік.

Бәдік құрғыр тау-тауда тырқырайды,

Тауда жүріп түтіні бұрқырайды.

Бұрқыраған жеріне жетіп барсаң,

Жіліншігі сынғандай сырқырайды.

Бұрша бәдік, ендеше, бұрша бәдік,

Босағада бұралып тұрма, бәдік.

Босағада бұралып тұрсаң, бәдік,

Егесінің көңіліне келер, бәдік.

Есігінің алдында бір топ қамыс,

Арғы атасы бәдіктің бізбен таныс.

Егер менің тілімді алсаң, бәдік,

Бәдік айтқан жеңгеме бар да жабыс.

Есігіңнің алдында бір топ қоға,

Арғы атасы бәдіктің бізбен құда.

Тілімді алып бізбен жүрсең, бәдік,

Айтқан бәдік жеңгеме бар да құла.

Бәдік десе, біз келдік нарттай болып,

Жаз жайнаған қаракөк аттай болып.

Бес-алтауымыз қосылып бәдік айтсақ,

Өзі-ақ кетер жаураған сарттай болып.

Бәдік, бәдік дегенде бастай келдік,

Барша шапан астына жастай келдік.

Осы ауылда бір бәдік бар дегенге,

Етін алып, сүйегін тастай келдік.

Бір бәдігім бар еді, айда да жүр,

Ісін істеп орыстың пайдада жүр.

Сөйтіп менің тілімді алсаң, жігіт,

Алдыңа сап бәдікті айда да жүр.

Бәдік басын, ендеше, бәдік басын,

Бозша торғай басады жұмыртқасын.



84

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Сүлейменнің үйіне кіріп кетіп,

Шоқпар қылып алып шық омыртқасын.

Бәдік кетіп барады айға таман,

Жүген ала жүгірдім тайға таман.

Сізде айтыңыз бәдікті, біз де айтайық,

Итерейік кәпірді сайға таман.

Бәдік кетіп барады Мекесіне,

Ешкі арығын білдірмес текесіне.

Сіздер айтқан бәдікті мен де айтып,

Қондырайын жездемнің шекесіне.

Енді көшсең, ай, бәдік, айыңа көш,

Қысыр емген биенің тайына көш.

Егер менің тілімді алсаң, бәдік,

Мен сүйген жігіттің жайына көш.

Енді көшсең, ай, бәдік, айнаңа көш,

Маған десең айладан айнала көш.

Сөйтіп менің жөніме жүрсең, бәдік,

Бұл жездемнің мойнына байлана көш.

Ешкі сырын айтпайды лағына,

Қойлар түсіп су ішер бұлағына.

Бәдік айтып отырған тап мына мен

Қондырармын жездемнің құлағына.

Енді көшсең, ей, бәдік, тауларға көш,

Тау үстінде қызарған бауларға көш.

Сөйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Ата-ана тілін алмаған жауларға көш.

Енді көшсең, әй, бәдік, раңға көш,

Жер бауырлап сусыған жыланға көш.

Енді менің тілімді алсаң, бәдік,

Шәйі көйлек киетін бұраңға көш.

Бәдік кетіп баратыр жер жазыққа,

Жеті бидай алайын жол азыққа.



84

85

БӘДІК



Жеті бидай біреуі жерге түссе,

Басын байлап кетейін қу қазыққа.

Көшер болсаң, әй, бәдік, осы ауыл қартына көш,

Шүлдірмеген Жизақтың сартына көш. 



8. БӘДІК

Алғашқы айтқан бәдікті не деп айтар,

Қаршығаның қанаты бедер болар.

Бес-алты ауыз бәдікті біздер айтсақ,

Алды-артына қарамай жөнеп кетер.

Алғашқы айтқан бәдікті не деуші еді,

Қолдан сүйеп, қолтықтан демеуші еді.

Бес-алты ауыз бәдікті біздер айтсақ,

Алды-артына қарамай жөнеуші еді.

Бәдік салар,

Жақсы бие арғымақ құлын табар.

Тойдан қызық ауылыңда бәдігің бар,

Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.

9. БӘДІК

Айт дегенде, айтамын ау, бәдікті,

Қара мақпал тоным бар әдіпті.

От оттамай, жата берсе су ішпей,

Бәдік емей немене бір кәдікті.

Көш! Көш! Көш!

Әй, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,

Таппасаң одан жайлы, мен айтайын,

Тең түскен төрт құбыласы байларға көш.

Көш! Көш! Көш!



86

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



10. БӘДІК ( ГҮЛӘП)

Бәдікті баста десең, бастай келдік,

Басына барма шапан тастай келдік.

Жаңылсаң, жайлауыңды және айтайық,

Сүйегін етін алып тастай келдік.

Ай, гүләп, көшер болсаң, аспанға-ай көш, көш,

Аяғын әсіре тастап басқанға-ай көш, көш.

Ай, гүләп, көшер болсаң Арқа жаққа,

Құлақтары қамыстай арғымаққа көш, көш!

Жаңылсаң, жайлауыңды және айтайын,

Бермеген елдің шетін жау қалмаққа.

Ай, гүләп, көшер болсаң, ойларға-ай көш,

Шалқыған ай астында бауларға көш!

Таппасаң онан жайлау,

Шалқыған ай астында байларға көш.

Таппасаң онан жайлау, және айтайын,

Байлардың есігінде-ей күңіне көш, көш!

Ай, гүләп, көшер болсаң, пышаққа-ай көш.

Таппасаң онан жайлау,

Қойға жүгірген және айтайын,

Бермеген елдің шетін қыпшаққа-ай көш!

Ай, гүләп, көшер болсаң, итке-ай көш,

Онан жайлау таппасаң, және айтайын,

Сылаған шидей бойын жігітке көш.

Ай, гүләп, көшер болсаң, аққанға көш,

Ақ теңге айдарына таққанға көш!

Жаңылсаң жайлауыңды, және айтайын,

Қолға алып қу домбыра қаққанға-ай көш.

Ай, гүләп, көшер болсаң, жүзгенге-ай көш,

Қабағын-қасын керіп сүзгенге-ай көш!

Астында гүләпшаның сары кері,

Гүләптің біз бір жүрген дәрігері.



86

87

БӘДІК



Гүләптің көшпей тұрған бір жайы бар,

Көк лақ көшірмеге бере қойсаң,

Жарылқайын деп тұрған Құдайы бар.

11. БӘДІК

Бәдік кетіп барады таудан асып,

Таудан асып бұлтпен араласып.

Бәдікті ұстап бір қалмайсың,

Шер-құмардан шығайық сабаласып.

12. БӘДІК

Тағы боп бәдік самар, бәдік самар,

Арғымақ жақсы бие құлын табар.

Ауылыңда тойдан кейін бәдік табар,

Тұрмасаң хабарласып, Құдай табар.

Бәдік десе, біз келдік тақияшаң,

Бәдік түгіл қоймаймын кәдесін де.

Баланы бәдік болған, шығар шапшаң,

Бәдік кетіп барады аңғар бойлап,

Аңғардың екі жағы даңғыл қойдақ.

Қылмасам сен бәдікті қос масқара,

Мойныма тозып қалған шанаш байлап.

Бәдік кетіп барады кесекке айдап,

Кесетің екі жағы төсекке айдап.

Қылмасам сен бәдікті қас масқара,

Мойныңа салып кеткін сенек байлап.

Бар еді бәдігім, қамыста тұр,

Шақырсам да келмейді, алыста тұр.

Сұлуханды суға барған жерінде 

Ұстап алып, таң атқанша 

Жібермей алыста тұр.

Бәдіктің мен айтамын бір парасын,

Қыз тағар басына қарқарасын.

Бәдікті жиып-теріп дорбаға сал,

Бәдікті Сұлухан арқаласын.


88

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



13. БӘДІК

Көш-көш бәдік, көшкін бәдік,

Біздің елге қайдан келдің, сен, бәдік?

Өлеңменен зырлап өзіңді көшіремін,

Бұл балада нең бар сенің, бәдік?

Бәдік солар дегенге, бәдік солар,

Бәдік болған ауылда күнде базар.

Тойдан қызық ауылында бәдігім бар.

Бәдігім келмесе, Құдай табар.

14. БӘДІК

 

Әйел сырын айтпайды теппесіне,

Аудармалап қоймайды кеппесіне.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Пәленшенің бар да жабыс өкпесіне.

Бәдік самар, 

Жақсы бие арғымақ құлын табар.

Бәдік десе, біз келдік нарттай болып,

Алғашқы бәдікті не деп айтар?

Қаршығаның қанаты бедер болар.



15. БӘДІК 

Әу, бәдік, кетер болсаң, тауларға көш,

Қызарған тау ішінде бауларға көш.

Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,

Ат мініп арқыраған жауларға көш.

Әу, бәдік, көшер болсаң, қияға көш,

Қайымсыз қирап жатқан маяға көш.

Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,

Жартасқа жалғыз салған ұяға көш.


88

89

БӘДІК



Әу, бәдік, көшпек болсаң, жүргенге көш,

Жорытқан жорық іздеп сүргінге көш.

Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,

Бүлінген бүлдіргенсіз бүлгінге көш!

Әу, бәдік, көшер болсаң, алысқа көш,

Жан баспас құлан жартас алысқа көш.

Таппасаң көшер жерді, мен айтайын,

От жаққан ормандағы қашқынға көш!

Әу, бәдік, көшер болсаң, көшерге көш,

Көпірген аузы-басы есерге көш.

Таппасаң көшер жерді, мен айтайын,

Қақтыққан қалың қалмақ бес елге көш!

Әу, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,

Мұқтажсыз, мұғдарсыз байларға көш.

Таппасаң көшер жайлау, мен айтайын,

Қиғаш қас, қылымсыған қыздарға көш!

 

16. БӘДІК

Бәдікті баста десең, мен бастайын,

Түбіне шоқ айнаның із тастайын.

Бәдігі бұл баланың қай жерінде,

Суырып ақ тікендей алып тастайын.

Бәдік пісте,

Бәдікті көшірермін шаңқай түсте.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Осының жағын байлап, тілін тісте.

Бір бәдігім бар еді, қоныста жүр,

Қоныс ойнап, олына пұл ұстап жүр.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Осымен күні-түні жұлыс та жүр!

Бір бәдігім бар еді қамыста жүр,

Шақырсам да келмейді, алыста жүр.


90

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Сұлу қыздың мойнына жабыс та жүр!

Бәдік самар, тағы да бәдік самар,

Орамалға су құйсаң бір-бір тамар.

Тойдан қызық ауылыңда бәдігің бар,

Хабар салып тұрмасаң, Құдай табар.

Бәдік кетіп барады таудан асып,

Таудан асқан бұлтпенен араласып.

Бәдігімді ұстап бер қамаласып,

Шер-құмардан шығайық сабаласып.



 

17. [БОЛҒАНДА ҮЙДЕ БӘДІК, ШИДЕ БӘДІК…]

Болғанда үйде бәдік, шиде бәдік,

Болғанда болыс бәдік, би де бәдік.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Осыны сұлу керге

 

сүйре, бәдік.



Бір бәдігім бар еді, қияқта жүр,

Шақырсам да келмейді, ұяқта жүр.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Күні-түні осыны ұялт та жүр!

Қатқыл бәдік, қатқыл бәдік,

Кесектен ұстап алсаң, атқыл, бәдік.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Құшақтасып осымен жатқын, бәдік.

Әй, бәдік, енді көшсең, ұранға көш,

Жер бауырлап сусыған жыланға көш.

Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,

Ақ көйлекке сыймаған бұраңға көш!

Әй, бәдік, енді көшсең, инеге көш,

Жапырағы жайқалған жидеге көш.

Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Осының оң қолына түйрелей көш!



90

91

БӘДІК



Әй, бәдік, енді көшсең, айнаға көш,

Маған десең, айнаны айнала көш.

Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,

Белбеуіне осының байлана көш!



18. [ӘЙ, БӘДІК, КӨШЕР БОЛСАҢ, АРҚАҒА КӨШ…]

Әй, бәдік, көшер болсаң, Арқаға көш,

Жүгірген қойдан қойға марқаға көш.

Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,

Ағаштың жуан-жуан қартына көш!

Әй, бәдік, көшер болсаң, ұсаққа көш,

Жүгірген қойдан қойға тұсаққа көш.

Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,

Бермеген елдің шетін қыпшаққа көш!

Әй, бәдік, көшер болсаң, Ақанға көш,

Тірелген ақ отауда бақанға көш.

Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,

Ұрысқан бәйбіше мен тоқалға көш!

Әй, бәдік, көшер болсаң, қартына көш,

Боз үйдің көлеңкелі артына көш.

Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,

Бұқар мен Үргеніштің сартына көш!

Әй, бәдік, көшер болсаң, басына көш,

Боз үйдің көлеңкелі қасына көш.

Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,

Алатау мен Қаратау қасына көш!

Әй, бәдік, көшер болсаң, әліпке көш,

Әліптен ноқат-ноқат әріпке көш.

Таппасаң онан жайлау, тағы айтайын,

Бермеген елдің шетін әлімге көш!


92

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



19. [БІЗ КЕЛДІК БӘДІК ДЕСЕ ШАУЫП ОЗА…] 

 

Біз келдік бәдік десе, шауып оза,



Сарайда сарттың қызы терер қоза.

Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,

Бәдігің өзі-ақ кетер жындай тоза.

Бәдікті алғашқы айтқан не деуші еді,

Қолтықтан, қолдан алып демеуші еді.

Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,

Қарамай алды-артына жөнеуші еді.

Әй, бәдік, енді көшсең, ыраңға көш,

Жүгірген жер бауырлап жыланға көш.

Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,

Алмаған ата тілін анаған көш!

Айтпайды бидай сырын қылтығына,

Айтпайды сырбаз сырын мылтығына.

Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,

Осының бар да жабыс мықынына.

Айтпайды бидай сырын сабанына,

Айтпайды шошқа сырын қабанына.

Үйіне жете алмастай жаман болсын,

Осының бар да жабыс табанына.

Келеді сарттар мініп есегіне,

Келеді үйім бар деп кесегіне.

Барғанда аунай түсіп жата алмасын,

Осының бар да жабыс төсегіне.

Бәдік көрме,

Сайрамның орысы көп, түнде жүрме.

Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,

Осының жағын байлап, тілін күрме.

Бәдік бастап,

Алманың ағын жеймін, көгін тастап.

Бәдіктің алғашқысын біліп тастап,

Қоямын кейінгісін қайырып тастап. 


92

93

БӘДІК



20. [БӘДІКТІ АЛҒАШҚЫ АЙТҚАН 

КӨШ ДЕЙТҰҒЫН…]

Бәдікті алғашқы айтқан көш дейтұғын,

Ауылы қойы бардың дос дейтұғын.

Бәдікті бас жағынан біздер айтсақ,

Бәдігің сенің нағып көшпейтұғын.

Шошқа сырын айтпайды қабанына,

Бидай сырын айтпайды сабанына.

Тілімді алғашқыдай алсаң, бәдік,

Осының бар да жабыс табанына.

Әй, бәдік, енді көшсең, долыға көш,

Ташкеннің даңғыраған жолына көш.

Егер менің тілімді алсаң, бәдік,

Орақ орған осының қолына көш.

Бар екен ауылыңда төрт күн, бәдік,

Сүтке салған тарыдай бөріткен, бәдік.

Жоғарғының үйіне атты байлап,

Төменгінің үйіне кеткін, бәдік.

21. [МЕРГЕН БОЛСАҢ, 

ӘУЕЛІ ТОРҒАЙДЫ АТШЫ…]

Мерген болсаң, әуелі торғайды атшы,

Атып торғайды борбайлатшы.

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Осыны екі бүктеп ойбайлатшы.

Болғанда қоржын бәдік, қапта бәдік,

Қылады қарақалпақ апта бәдік.

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Осыны қара жерге тапта, бәдік.

Арасынан Бадамның шетіне көш,

Өгіздің арам өлген етіне көш.


94

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Oсының жылтыраған бетіне көш!

Бадамның арасынан кезіне көш,

Үйінің сықырлаған тезіне көш.

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Осының жылтыраған көзіне көш.

Бәдік үрме,

Сайрамның ұрысы көп, түнде жүрме.

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Осының жағын байлап, тілін күрме.

Бір бәдігім бар еді, алыста жүр,

Шақырсам да келмейді, қамыста жүр.

Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,

Күні-түні осымен алыс та жүр.



22. [БӘДІК БАСТАП…]

Бәдік бастап,

Ағын жеймін алманың, көгін тастап.

Құдай оңдап сол жауды қолға берсе,

Екеуіңе беремін «піскен бас» деп.

Енді көшсең, ей, бәдік, інгенге көш,

Жылқыны тоқым салып мінгенге көш.

Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Қараңғыда қарбалап жүргенге көш!

Жайсаң бәдік,

Жайлауыңды жау алды, нансаң, бәдік.

Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Жай табасың осыған барсаң, бәдік.

Бәдік кетіп Меккесіне,

Ешкі арығын білдірмес текесіне.

Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Қондыралық осының шекесіне.


94

95

БӘДІК



Енді көшсең, ей, бәдік, айына көш,

Қысыр емген биенің тайына көш.

Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Қойнындағы осының жарына көш.

Сарттар сырын айтпайды түнегіне,

Бура сырын айтпайды үлегіне.

Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Қондыралық осының білегіне.

Бәдік ала,

Дертке шипа бере гөр, Алла Tағла.

Осы ауылда бір бәдік бар дегенге,

Көшірейік деп келдік екі бала.

Ей, бәдік, енді көшсең, бүргенге көш,

Қараңғыда қарбаңдап жүргенге көш.

Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,

Ана тілін алмаған малғұнға

 

көш!


Темір бәдік,

Қу шекесін осының кемір бәдік.

«Кемір, кемір» дегенге көп кемірме,

Селкілдетіп қой дағы семір, бәдік.

Бәдік самаp,

Жақсы бие қазанат құлын табар.

Тойдан қызық ауылыңда бәдігің бар,

Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.

Бәдік құрғыр,

Жол үстінде шоңқайып оппа тұрғыр.

Алдыңда белдей болып бәдік жатыр,

Күтіп айтсаң болмай ма, Бабат ұрғыр.

Дүлдүл көкше,

Көк етікке жарасқан биік өкше.

Бәдігіңді қой дағы өлеңіңді айт,

Енді бәдік айтқанға шықсын көкше.



96

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Базардан алып келген мірілері,

Жанымда тұр мірінің ірілері.

Бәдігіңді қой дағы өлеңіңді айт,

Бәдік деген өлеңнің інілері.

2. БӘДІК АЙТЫСТАР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет