Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



жүктеу 2.39 Mb.

бет9/22
Дата15.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

2. БАҚСЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ

Сөздің басы бісіміллә,

Бісмілләсіз іс қылма.

Бісміллә десең, Құдай бар,

Жын, бір шайтан көрінсе,

Сыртымнан әрі қуа-ай бер.


170

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Жер жүзіндегі әулие,

Күн көзіндегі әулие,

Мәшроптегі әулие,

Мағріптегі әулие,

Мекедегі әулие,

Мединедегі әулие,

Әулие біткен қолдай көр,

Мұдуар болсаң, жебей көр!

Жер жүзіндегі аруақ,

Күн көзіндегі аруақ,

Бұқардағы аруақ,

Аруақ болсаң, қолдай көр,

Модуар болсаң, жебей көр!

Ұлықпан әкім, оңдай көр,

Оң жолына бастай көр!

Жасаған сен жан Ие,

Өзің қолда, әулие.

Самарқанда бар дейді 

Сайыбір деген әулие.

Бабаларым дәм берген,

Өздеріңе қол берген.

Үлкен ата, ер аруақ 

Талай жерден жол көрген.

Әулиеге дем берген,

Айтар сөзге ем берген,

Жеті өлікке жан берген,

Жеті пірге қол берген.

Ақшора бабам, қолдай көр!

Жын атасы—Барлыбай,

Шақырғанға келдің бе-ей?

Жын атасы—ер Қойқап,

Шақырғанда, кел, сойқап!

Қойқап тауын өрлеген 

Қаптың тауын жерлеген,

Арқадан шайтан айдаған,

Жын-шайтанды байлаған,

Енді артыңа қарама!

Енді артыңа қарасаң,



170

171


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Қаптаған қара бұлттай,

Қайнап біткен бұлақтай,

Сайдан шыққан құла аттай,

Жеңсіз берен киінген,

Лашын құстай түйілген,

Қас қабағы бүрілген,

Жараған бүкір, мықынды,

Қара бұлттай кекілді,

Айдаһардай айды Орақ,

Айбалтасы қанды Орақ,

Қайдан келдің жауды орап?!

Жауланбай-ақ келіңіз,

Мына ауруды көріңіз,

Етер бұған ем бар ма?

Салар бұған дем бар ма?

Айтатұғын мал бар ма?

Шығатұғын жан бар ма?

Төңіректі болжаңыз,

Ақылменен толғаңыз.

Әуелі, Құдай, елді оңда,

Елді оңдасаң, ерді оңда.

Мұхамбеттей пайғамбар,

Айналайын, сен де оңда!

Кәләм шәриф мойныңда,

Дұғаларың қойныңда,

Төңірекке көзің сал,

Әлеумет отыр үйінде,

Санап жұлдыз батырған,

Сарғайтып таңды атырған.

Мың кісіге барабар 

Ақ сақалды бабаңыз,

Біздер сіздің балаңыз. 

Сәукеле қара сақалдым,

Патсайы шапан жамылған,

Қырға шықсам «қызым» деп,

Өрге шықсам «ұлым» деп,

Құралай көзі қызарған,

Қудай боп шашы ағарған.


172

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ақсақалды бабамыз,

Біздер сіздің балаңыз.

Алпыс отау қара жын,

Қайда кеттің, мұнда кел.

Атты келме, жаяу кел,

Қатты келме, баяу кел!

Енді сөйле, бәлгер,

Анықтап сөйле, дәрігер.

Үлкен жүзді білгішім,

Кіші жүзді жарғышым,

Болжай отыр, байғұсым!

Қайдан келдің сабылып,

Мінгендей атың шабылып.

Батырым, алып келіпсіз 

Жетпіс те батпан темірді. 

Жалғыз өзің жамылып,

Балалы қаздай ыңыранып,

Бәйтеректей бұралып,

Батыр терек, сен сөйле!

Түлкілі қара серігім,

Осындайға керегім.

Жасы кіші ауды алған,

Өжет кісі жауды алған.

Сөйлеші, енді, құлдық бас!

Сөйлемесең, байғұсым,

Болады саған жаман іс.

Ақ тұйғыным, бопам-ай,

Томағаң сенің күмістен,

Аяқ бауың жібектен.

Екі де бірдей баршын құс,

Бауырың шұбар аршын құс,

Құйту-құйту сары құс,

Жеген жемің бәрін құс,

Темір қанат қара құс!

Сексен сегіз құмарлым,

Тоқсан тоғыз тұмарлым.

Сол иығың сәукелем,

Оң иығың үкілім.

Қызыл да жирен ат мінген,


172

173


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Жал құйрығын шарт түйген.

Екі найза түйіскен,

Айқайлап жауға тиіскен.

Қызыл қалпақ киісіп,

Құйын жауға тиіскен.

Екі бірдей торы атым,

Құйысқанды құла атым,

Қызыл шұбар айдаһар,

Қара шұбар жолбарыс,

Маңдайыңның қалы бар,

Арқаңыздың жалы бар,

Өзі бір ерке болмаса,

Бой бермейтін жануар.

Бір мүйізің жер тіреп,

Бір мүйізің көк тіреп,

Соғу жерге барабар.

Балақ шудаң балқылдап,

Желке шудаң желкілдеп,

Азу бір тісін сақылдап,

Арқа басын тақылдап,

Айналайын, қарт бура,

Келші бермен жақындап!

Ай қожа мен күн қожа,

Сыйынған пірім, сен қожа.

Сыйынған қожа пірлері-ай,

Тентек қара ерлер-ай,

Буыны жоқ былқылдап,

Қайдан келдің сылқылдап?

Сары майдай толықсып,

Суытқан аттай бұлықсып,

Сол-сол, сол-сол-сол жатыр,

Жағасында соның қол жатыр.

Сонша қолдың ішінде 

Шойын құлақ деген алып жатыр.

Аспандағы көп пері,

Көп перінің ішінде 

Аты жақсы дәу пері.



174

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Су ішінде су пері,

Сұмырайға ұқсаған қу пері.

Жын ішінде жын пері,

Жынданбай-ақ жүр, пері.

Ай астында ақ пері,

Жеті пері келер ме,

Толықсып туған айдай боп?

Жеті ләскер жатыр ма

Өз алдына дардай боп?

Құдай досты Мұхамбет 

Шаһариардың досы екен.

Шайтан менен әзірейіл

Бәндеңізге қас екен,

Қастығы мұның осы екен.

Бісміллә десе дуа бар,

Жын-шайтанды қуа бар.

Аспандағы төрт атты,

Төрт аттының ішінде 

Қайраты артық бөрте атты.

Енді, сөйле, тор тайлым,

Әр нәрсеге оңтайлым.

Жан ағама жан жолдас,

Жан жолдасым жан қимас.

Қабырғаға қан қатса,

Қайрылар күнің қайда бар?!

Тұмсығыңа мұз қатса,

Бұрылар күнің қайда бар?!

Жан-жағына қараған,

Құлаштап шашын тараған,

Жауған қардай боратып,

Пердемен дүзін қараған,

Өркеші жоқ нар ма екен.

Судан шыққан сүйрік пе, 

Суырылып озған жүйрік пе?

Топтан шыққан тұлпарым,

Аздан шыққан сұңқарым,

Жануарым, сөйлеші!

Кәріп жанды қамшылап,

Сілекейің тамшылап,


174

175


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Аспандағы көп пері,

Көп перінің ішінде

Аты шулы көк пері.

Қаражал жазған қасқырым,

Таси берші, тасқыным!

Енді сөйле, елші қыз,

Елге хабар берші, қыз.

Ақбоз атқа мінші, қыз,

Үкілі балақ, сексен шоқ,

Бармағың бар, өкшең шоқ.

Енді сөйле, сұр тайлым,

Әр нәрсеге оңтайлым.

 

Базар кеткен бар таяқ,



Бұқар кеткен жексаяқ.

Отыз тісің тізіліп,

Аш белің сенің үзіліп,

Қайдан келдің жазған-ай,

Сен сөйлеші азғана-ай!

Кереге бойы кер жылан,

Керілмей-ақ кел, жылан.

Үй айнала сұр жылан,

Сумаңдамай жүр, жылан!

Алты жылан ат етіп,

Екі жылан қамшы етіп,

Алты құлаш ақ жылан,

Белдемеден соқ жылан!

Белдемеден сен соқсаң,

Сені алар жау жоқ жылан.

Екі құлаш үш жылан,

От орнындай ордалым,

 

Қырық мың саны найзалым,



Осындайға пайдалым,

Арбаң-арбаң жүр екен.

Адам жерді қуырған,

Адамыңнан қуылды,

Табаныңнан суырылды.

Шылатпай тұман ашылмас,

Жығылмай жүйрік басылмас.


176

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



3. БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Әуелі Алла, бісміллә,

Қолтықтай көр біздерді.

Алтын сандық шағыр ат,

Біздерге де бер мәдет.

Айналайын, Құдірет,

Ысламға пана Мұқамбет,

Сыйындым сізден бір мәдет.

Су басында Сүлеймен,

Жұмыла әулие қолдасаң,

Жүйрік аттай-ау деймін.

Сайрамда бар сансыз бап,

Ең үлкені—Арыстан бап.

Күн көзінде әулие,

Жер жүзінде әулие,

Машырақта әулие,

Мағирипте әулие,

Тауда жүрген әулие,

Таста жүрген әулие,

Көлде жүрген әулие,

Шөлде жүрген әулие,

Жаратқан Жаппар егемсің,

Тайғақ кешу тар жолда

Сиынғанда сіздерге,

Әбүйір бер әр жолда!

Жаңа келді Шарабас,

Алпыс қойдың терісінен

Бөрік шықпаған Шарабас.

Жетпіс қойдың терісінен 

Жең шықпаған Шарабас.

Тоқсан қойдың терісінен

Тон шықпаған Шарабас.

Жаңа келді дәу пері,

Жаңа келді су пері,

Жаңа келді ай пері.

Жаңа келді күн қожа,

Жаңа келді құлан шаш,

Екі иінімнен мықтап бас.

Жаңа келді теңге тай,

Ойдан келген он қожа,


176

177


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Қырдан келген қырық қожа.

Айналайын, Нұрқожа,

Сол қожалар ішінде,

Әсіресе, бір қожа,

Жаңа келді Жирентай,

Әулие, пірлер бәрі де

Астына бір-бір мінген тай.

Шақырғанда осынша,

Келмеймін деп қорқытып,

Көп шаршаттың пірлер-ай!

4. [ІСТІҢ БАСЫ БІСМІЛЛА…] 

Істің басы бісмілла,

Құранның басы бісмілла.

Өңкей көрген есімде

Жаратқан Жаббар бір Алла.

Айналайын, ей, Алла,

Сен қолдасаң, мен мұнда.

Әуеден көмір түсірген,

От жақпай темір пісірген.

Қау күрегі бақылдап,

Балға төсі шақылдап,

Ер Дәуіт пірім, сен қолда,

Сен қолдасаң, мен мұнда.

Тақ Сүлеймен, қолдай көр,

Сұнақ ата, оңдай көр,

Ата пірім емес пе ең.

Ер Мұқам, енді, сен, қолда,

Сен қолдасаң, мен мұнда.

Су аяғы—ер Қорқыт,

Пәлектті сен қорқыт.

Бақсы пірі емес пе ең,

Көзіңді сал, қолым тұт!

Бақсы баба, сен, қолда,

Мен сыйындым сіздерге,

Медет бергін біздерге.

Бере көргін бағымды-ай,

Құдай, медет бере гөр,

Ойнап тұрған шағымда-ай!

12-0139


178

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



5. [ҚОЙҚАПТА ЖАТҚАН ПЕРІЛЕР…]

Қойқапта жатқан перілер

Мен шақырдым, келіңдер.

Бәрекелде, ерлерім,

Тілеуімді беріңдер!

Әскері тұтар Қарабас,

Үйіліп қонар аралас.

Қобызыңды көтеріп,

Қойқаптан келші, Шарабас,

Тоқсан қойдың терісі

Тон шықпаған Шарабас,

Сексен қойдың терісі

Бөрік шықпаған Шарабас!

Тіпті қиын іс болды,

Кідіргенің жарамас.

Тоқсан қойдың терісі

Тон шықпаған Көкаман,

Сексен қойдың терісі

Жең шықпаған Көкаман,

Келші бері, Көкаман,

Заһарыңнан қорқамын!

Тоқсан тоғай қыдырған,

Балағын жеңіл сыдырған,

Келші бермен, жолбарысым,

Жан аямас жолдасым!

Жазылмай қалса бағиым,

Келмей ме менің намысым.

Арқадан келген, боз үлек,

Мойныңды сөз, үлек.

Есіктің алды құба тал,

Қайырып басын суға сал.

Атаңа нәлет Тілкөрнек,

Алдыма келіп ойын сал.

Көкенай деген жын келді,

Айқайлап бәрін алға сал!



178

179


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

6. [ЖЫННЫҢ БАСЫ ДОСЫБАЙ…]

Жынның басы Досыбай,

Жын шақырдым осындай.

Жын әулие келе ме,

Бір-біріне қосылмай.

Дауысым да саған не болды,

Қобызыма қосылмай?

Қарағай қобыз қолға алдым,

Абжыландай толғандым.

Бұ қобызым сынбады,

Ғаріп жаным тынбады.

Он бесімде жабысты,

Жиырмада табысты.

Көнбес іске көндірді,

Қу ағашқа төндірді.

Төбеге шыққан төрт атым,

Көк киімді бөрте атым.

Алты құлаш ала атым,

Ойбай, менің боз атым.

Yйде де бар он қожам,

Қырда да бар қырық қожам.

Әсіресе, жас қожам,

Толпы деген мыс қожам.

Кел Толпы, кел Толпы!

7. [ЖЫННЫҢ АТЫ—ҚАРАМАН…] 

Жынның аты—Қараман,

Енді қайда барамын.

Атамнан қалған Қараман,

Сеніменен боламын.

Үлгісіз көйлек пішпеймін,

«Алдалап» жолға түспеймін.

Айтқанымды қылмасаң,

Алдыңа, сірә, түспеймін.

Жын атасы—Жирентай,

Қолыңа жасыл ту алдың,

Найзаңды қанға суғардың.


180

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Дертті көріп қуандың,

Ақсақ қойдай маңыранып,

Соқыр қойдай жамыранып,

Зияндасты қатыннан

Бар Құдайым ажыратып,

Жын келеді, айдап ал,

Аяқ-қолын байлап ал!

Жын атасы—Жирентай,

Жал құйрығын түйген тай.

Айналайын, пірім-ай,

Қара сақал балталым,

Құй мақпалдан қалталым,

Зияндасым алмасаң,

Бір ай да болса жатқаным.

Ел емес едің, ер Дәу-ай,

Ерінбесең кел, Дәу-ай!

Қатты қайырым іс болды,

Көрсетші күшің енді-ай!

Арқадан келген Ақтөбет

Айлана үрген сақ төбет.

Төбетім үріп қашырған,

Жайына кетсін пәлекет.

Екі бетің албырап,

Қызыл тілің салбырап,

Сауулы інгендей ыңқылдап,

Өзінің сөзін мақұлдап,

Сарықыз келді жақындап.

Шақырдым, келгін, Сарықыз,

Келмегенге барыңыз.

Көмегіңді көп қылып,

Бәлені байлап алыңыз!

8. [ЖОЛ, ЖОЛ ЖАТЫР, ЖОЛ ЖАТЫР…]

Жол, жол жатыр, жол жатыр,

Жол жағалай қол жатыр.

Сол қолдардың ішінде

Саразбан деген ер жатыр.

Саразбанда сиық жоқ,


180

181


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Көкшолақта кекіл жоқ.

Арқадағы ауылдай,

Қырға біткен қауындай,

Бәрекелде, ерлерім,

Келіп ұршы дауылдай.

Егінші киген шекпендей,

Базардағы кетпендей,

Жаңа келді Дауылбай.

Қарсы алдынан қарасам,

Тұжырып қойған таяқтай.

Ту сыртынан қарасам,

Қырғиға қойған аяқтай.

Бүйірінен қарасам,

Белге асқан садақтай.

Толғанып жатқан жыландай,

Келіншек таққан қырандай.

Қара шұбар қабыланым

Абжыланды ат еткен,

Су жыланды сүт еткен.

Жәдігөйім, жарғышым,

Тінтуші қара байғызым,

Түйе басты шара көз,

Айналайын, жарғышым,

Қанға тоймас байғызым!

9. [ЖАЛҒЫЗ ШЫҚҚАН ТОБЫЛҒЫ…]

Жалғыз шыққан тобылғы

Жай шық болған қобызым.

Желмаяның терісі

Шарайна болған қобызым.

Жүйрік аттың қылынан

Жайшық қылған қобызым!

Жеті кенттің мақпалын

Тұмар қылған қобызым!

Айналайын, дәулерім,

Дулығалы су перім,

Бәрекелде, беклерім,

Тартшы бермен, дәулерім!

Баймөңке келді осында,


182

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Малайы бар басында.

Қырық жігіт қасында,

Айдаһары астында,

Айда бермен, шұбарым!

Нар күмістен тұмарың,

Шұбарым менің келмесе,

Тарқамайды құмарым.

Айда бермен, сексен шоқ,

Бармағың бар, өкшең жоқ.

Сірә, уайым қылмаймын,

Қуалар деп көңілім тоқ.

Айдаушы Қара, айдап кел,

Жүрмегенін байлап кел.

Шашау шығып қалмасын,

Бәрін алып жинап кел!

Баймөңкемдей ер қайда,

Ер Баймөңкем келгенде,

Зәлімдерге күн қайда?!

Айда бермен, Қарамыс,

Қарамыстың аузын шеш.

Мен шақырдым сіздерді,

Кісілердің атын шеш!

Айда бермен, Боқбасар,

Хайқайласа жау қашар.

Қырық байталды Құлашар,

Айдашы бермен, Құлашар!

Алпыс атты ауғаным,

Атын байлап сауғаным.

Араласып алып қал,

Аямайын жау малын.

Ауадағы ала атым,

Торып жүрген тор атым,

Шабуылшы сары атым,

Айда бермен, қара атым.

Аруақ қоймай тербеттім,

Бәрекелде, Күрбеттім!

Қиядан ұшқан сұңқардай,

Жүгіріп жүрген тұлпардай,



182

183


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Бәрекелде, Жирентай,

Келдіңіз бе теңдерім!

Жын келеді жиылып,

Аруаққа тігіліп.

Байлағалы келгенде,

Аяқ-қолы қалар бүгіліп.

10. [ҚҰДАЙ, АБЫРОЙЫН БЕРЕ ГӨР…]

Құдай, абыройын бере гөр,

Көзімнің жасын көре гөр.

Сенен медет тілеймін!

Сайрамда бар сансыз бап,

Сізден медет тілеймін!

Түркістанда Түмен баб,

Сізден медет тілеймін!

Отырарда отыз баб,

Сізден медет тілеймін!

Ең үлкені—Арыстан баб,

Сізден медет тілеймін!

Сунақ ата әулие,

Сізден медет тілеймін!

Қорқыт ата, әулие,

Сізден медет тілеймін!

Әулие ата Бүзірік,

Сізден медет тілеймін!

Шақпақ ата әулие,

Сізден медет тілеймін!

Тоқсан тоғыз машайық,

Сіздерден медет тілеймін!

Мынау шөңгең қадалды,

«Босатқын,—деп,—жанымды».

11. [АЙНАЛАЙЫН, ДӘУЛЕРІМ…]

Айналайын, дәулерім,

Айналайын, беклерім,

Бәрекелді дәулерім,


184

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бәрекелді билерім,

Айдаушы Қара, айдап қайт,

Қол-аяғын байлап қайт!

Шашау шығып қалмасын,

Бәрін алып жинап қайт!

Үлкен-кіші аға бар,

Бесікте жатқан бала бар,

Жан-жағыңа бармай қайт!

Түндігі ашық бейбақ бар,

Назар көзің салмай қайт.

Әскеріңді аралап,

Жаралы бір қалмасын,

Тастамай бәрін алып қайт!

12. [ЕЙ, АЙНАЛАЙЫН ҚҰДАЙЫМ-ЕЙ…]

Ей, айналайын, Құдайым-ей,

Пәндәңе берме уайым-ей,

Медет бер деп сұраймын-ей…

Елші-ай, боз-ай, елші-ай, боз,

Ел шетіне келші-ай, боз.

Алар болсаң, алып кел,

Жердің жүзін шалып кел,

Көрер болсаң, көріп кел! 



13. БІР БАҚСЫНЫҢ ҚОБЫЗЫНА 

ЖАЛЫНҒАН ЖАЙЫ

Қарағайдың басынан 

Қайырып алған қобызым.

Қызыл қыршын тобылғы

Шашақ қылған қобызым.

Желмаяның терісін 

Қапшық қылған қобызым.

Ортекенің мүйізін 

Тиек қылған қобызым.

Жүйрік аттың қылынан


184

185


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Ішек қылған қобызым.

Тасқа шыққан ырғайдан

Құлақ қылған қобызым!

Осы бойы

 

келмесе, 



Көтеріп жерге ұрайын.

Мен жайыма тұрайын,

Өз алдыма тұрайын.

Мен, мен едім, мен едім,

Мен кімдерден кем едім.

Бар құрбымнан кем болдым,

Қара жермен тең болдым.

Қаным қалды бір қасық,

Етім қалды көк сасып,

Ғарыпта жаным қу асып! 



14. [ДӘУЛЕРІМ ЕКІ БІРДЕЙ, АЙДА…]

Дәулерім екі бірдей, айда!—деймін,—

Қан ішер келмей Көбен қайда?—деймін.

Әлгі менің жарғышым,

Іштегі дертті алғышым,

Мен шақырдым сіздерді.

Келсе де бермен, жарғышым!

Көкеманым көкте ойнар,

Көлеңкесі жерде ойнар.

Алпыс қойдың терісі

Ау шықпаған Қорабай,

Жетпіс қойдың терісі

Жең шықпаған Қорабай!

Мен шақырдым сіздерді,

Келші бермен, жараңдар!



15. БАҚСЫНЫҢ ӨЛЕҢІ

Әй, шайтан, сенің нең бар аулақ жүрмей,

Жүр ме едің әлі күнге мені білмей?

Сазайыңды енді сенің тарттырайын,

Тұрсаң да «не қылады» деп сен күлімсірей.



186

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Әй, шайтандар, шайтандар,

Мынау өкпені алыңыздар!

Бұл қатынды өлтірме,

Бұған зиян келтірме,

Қатыны мұның біреу-ақ.

Үзеленіп қоймайсың,

Жалғыз көзді сен бейбақ!

Тілімді менің алмасаң,

Мекенге жылдам бармасаң,

Ізіңе сенің түсер-ақ 

Атадан қалған көп аруақ.

Жылдамырақ мұнан кетпесең,

Көзімнен менің кетпесең,

Үйтермін сенің шашыңды,

Кесермін, залым, басыңды!

Қой өкпесі сендерге жарамай ма,

Ол өкпені өкпеге санамай ма?

Өкпені алып жайыңа сен кетпесең,

Мен дағы тек тұрмаспын қарап жайға.

Қынаптан қылыш алармын,

Күркіреген көп дәумен

Үстіңе төніп қалармын,

Басыңды сүйтіп жоярмын.

16. [СӨЗДІҢ БАСЫ ПІСМІЛЛА…]

Сөздің басы пісмілла, 

Пісмілласыз іс қылма!

Пісмілла деген Құдай бір,

Жын, бір шайтан көрінсе,

Бір табан әрі қуады.

Жер жүзіндегі әулие,

Күн көзіндегі әулие,

Шам, Құдыстағы әулие,

Мысырдағы әулие,

Мекедегі әулие,

Мәдинедегі әулие,


186

187


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Әулие болғаның қолдай гөр,

Мүдүар болсаң жебей гөр!

Жер жүзіндегі аруақ,

Күн көзіндегі аруақ,

Бұқарадағы аруақ,

Аруақ, аруақ болсаң, қолдай гөр,

Бар болсаң, жебей гөр!

Үлкен-кіші өткендер,

Өз жолыңа бастай гөр!

Жасаған жан Ие,

Өзің қолда, әулие!

Самарқанда бар дейді

Саюм бір деген әулие.

Бабаларым барып,

Бір өзің қол берген.

Үлкен атам ер аруақ

Талай жерден жол көрген.

Әулиелер дем берген,

Айтар сөзге ем берген.

Жеті әулиеге жан берген,

Жеті періге қол берген

Ашүре баб, қолдай гөр!

Жын атасы—Бөрілібай,

Шақырғанда келдің бе-ей?

Жын атасы—ер Қойқап

Шақырғанда келмей ғап,

Қойқап тауын өрлеген,

Қаптың тауын жерлеген. 

Айдаһардай айды Орақ, 

Айбалтаңыз қанды Орақ,

Қайдан келдің жауды орап?

Жауланбай-ақ келіңіз,

Мына бір сырқат көріңіз.

Етер бұған дем бар ма,

Салар бұған дем бар ма?

Айтатұғын мал бар ма,

Шығатұғын жан бар ма?

Төңіректі болжаңыз,

Ақылменен толғаңыз.

Әуелі, Құдай, елді оңда,


188

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Елді оңдасаң, ерді оңда!

Мұқаметтей пайғамбар,

Айналайын, сен, оңда!

Кәлам шәріп мойныңда,

Дұғаларың қойныңда.

Төңірекке көзің сал,

Жұрт жиылып отыр оңға.

Санама жұлдыз батырған,

Сарғайып таңды атырған,

Мың кісіге парапар,

Ақсақалды бабамыз,

Біздер сіздің балаңыз.

Сәукеле қара сақалды,

Батшайы шапан жамылған,

Қырға түссем, «қызым» деп,

Өрге шықсам, «белім» деп,

Құралай көзі қызарған,

Қудай боп шашы ағарған,

Ақсақалды бабамыз,

Біздер сіздің балаңыз.

Алпыс отау қара жын,

Қайда барсаң, мұнда кел!

Атты келме, жаяу кел,

Қатты келме, баяу кел!..

Сөйлемесең, байғұс-ай,

Сізге болар ұят-ты.

Ақ тұйғын менің бөпем-ай,

Томағаң күмістен,

Аяқ бауың күмістен...

Қызыл шұбар айдаһар,

Қара шұбар жолбарыс,

Маңдайыңның қалы бар,

Арқасының жалы бар,

Бір мүйізің көк тіреп,

Бір мүйізің жер тіреп,

Айналайын, қарт бура,

Келші бермен жақындап!


188

189


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Айқожа мен Күнқожа,

Сыйынған пірім сен қожа.

Сана бір қожа пірлер-ай,

Тентек қара ерлері.

Буыны жоқ былқылдақ,

Қайдан келдің сылқылдап?

Сары майдай толықсып,

Суытқан аттай бұлықсып,

Сол, сол, сол жатыр,

Сол жағында қол жатыр.

Сонша қолдың ішінде

Шойынқұлақ деген алып жатыр.

Аспандағы көк пері,

Көк перінің ішінде

Аты жақсы дәу пері.

Су ішінде су пері,

Сұмырайға ұқсаған қу пері,

Жындаспай-ақ жүр, пері!

Ай астында ақ пері,

Күн астында көп пері,

Айда бермен, дәу пері!

Жеті пері келер ме,

Толықсып туған айдай боп.

Жеті ләскер жатыр ма,

Өз алдына дардай боп.

Құдай досты Мұқамбет,

Шадияр оның досы екен...

Айдаһар мен диюжан,

Шақырып келген жан.

Бес айнадан білгіздім

Үш ғадет аралығын...

Енді сөйле, тортайлым,

Әр нәрсеге оңтайлым.

Жан апама жан жолдас...

Табаны жалпақ піл ме екен

Судан шыққан су перім,

Суырылып озған жүйрігім...



190

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Сексен сегіз қосарлым,

Тоқсан тоғыз тұмарлым.

Сол иығымда сәукелем

Оң иығыңда сенің үкілім.

Қызыл жирен ат мінген,

Жал құйрығын шарт түйген,

Екі найза түйіскен,

Айғайласып жауға тиіскен.

Екі бірдей тор атым,

Құйысқан жетпес құла атым,

Аспандағы төрт атым,

Қанжығадағы қара перім,

Сен сөйле!

Сен сөйлесең, мен сөйлейін,

Кәріп жанды қамшылатып,

Сілекейін тамшылатып.

Атым шулы көк пері.

Қара жазған қасқырым,

Таси берші тасқыным.

Енді сөйле, елші қыз,

Елге хабар берші, қыз.

Ақ боз атқа мінші, қыз,

Енді сөйле, сары қыз,

Айтқан сөзің дәрі, қыз!

Үкілі балақ сексен шоқ,

Бармағың бар, өкшең жоқ.

Енді сөйле, сұртайлым,

Әр нәрсеге оңтайлым!

Базар кеткен бар таяқ,

Бұқар кеткен мың саяқ.




1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал