Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

28. ҰЗАҚБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Жақсының басы—бісмілла,

Құранның басы—бісмілла,

Алхамның басы—бісмілла.

Бісмілла деп тәу етсек,

Сіз—Мұқамбет, біз—үмбет,

Үмбетіңе жәрдем ет!

Қарағай қобыз мен алдым,

Оңды-солды мың шалдым.

Бес саусақты қыл кескен,

Көкіректі жын кескен.

Өкпе менен жүректен,

Бүлкілдеген бүйректен

Ат жібердім шабарға,

Шарымтай мен қабырға.

Мінгені Көрекенің маржан жал-ды,

Көрекен Балқияға хабар салды.

Қой көзді әсіре жайсаң

Қыз Балқия талықсып,

Ертемен хабар салды.

Маңдайында сексен шоқ,

Табаным бар да, өкшем жоқ.

Көтім бар да, бөксем жоқ.

Алпыс қойдың терісі

Ау шықпаған Көроба.

Жетпіс қойдың терісі

Жең шықпаған Көроба.

Жоғары жақта бар дейді

Ер Тотай әулие.

Төменгі жақта бар дейді 

Зілғара деген әулие.

Ал сыйындым сендерге,

Жәрдем бергей біздерге?!

Әлгі менің Пишугам,

Анда менің Пишугам.

Ақылымды алмай кел,

Ауруыңды шалмай кел,

Сыпайдың үйінде

Ойран ботқа салмай кел!



212

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Айда біздің сары орыс,

Сүймендерін сүйреткен,

*

... түйреткен,



Көзі шегір сары орыс.

Жын атасы—Жирентай,

Жын келеді апалай...

Үйдегі мен қырдағы,

Құбан менен Сырдағы

Арқаны сары жүндіге

Нағашылы-жиенді,

Келіп бізге хабар сал!

Ат жібердім шабарға

Ителгі мұндар, бермен кел!

Шақырайын жындарды,

Топалаң келген мұндарды.

Ташкен кеткен Жалғабай,

Бұхар кеткен Жалбағай.

«Жалбағай» деп шақырсам,

Жынның бәрі қалмағай.

Қатар да қатар қара нар,

Шын жібектен бұйдам бар.

Желкілдеген шудаң бар,

Ақыл білмес адам бар,

Шайнайтұғын адам бар.

Әлгі менің шұбарым,

Әшекейлі тұмар бар.

Шұбарым менің келгенде,

Тарқамайды құмарым.

Жер жүзінде әулие,

Күн көзінде әулие,

Машайықта әулие,

Мағрыптағы әулие,

Ал сыйындым сендерге,

Жәрдем бергей біздерге?!

Жәдігөйім, жарғышым,

Жарып бір ауруды алғышым.

*

 Түпнұсқада түсіп қалған.



212

213


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Айда бермен, Ағалмас,

Ағалмастан дем қалмас.

Ағалмастан қалған жын

Қараса да мал болмас.

Дүйсенбі бақсы атанған,

Үлкен бақсы бата алған.

Аузы қисық демесең,

Үлкен де бақсы атанған.

Көндірмеске көндірген,

Қу ағашқа төндірген. 

Айда біздің қара жын!

Ел шетінде жау бар ма,

Сүйреңдеген тіл бар ма?

Қазулы тұрған көр бар ма?

Бес жасымнан қағынған,

Он бесінде табылған.

Ұзын жолдың үстінде

Тапа бір түсте жабысқан. 

29. БЕРКӘЛІ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Ойдан келген он қожам,

Қырдан келген қырық қожам.

Аруана туар бұйдалы,

Арғымақ тұлпар кеуделі

Разы қылған бендені.

Айналайын, Көлмекем,

Сенсің менің бабакем.

Ауру болған адамға

Қожекем менің жар екен.

Мына бір мүскін адамның

Мұқтажы сізде бар екен?

Тарлау жерде табысқан, 

Ауру болған жабысқан.

Науқас жанын білетін

Ардақтарым данышпан.

Жеңді қара жарғышым,



214

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Тінтуші қара байғұсым!

Айып менен майыптан,

Зияндасқа зайыптан. 

Қоймай қарап дерт алған,

Бұ байғұсқа өрт алған.

Қанжарларым темірден,

Мойыны шынжырлым.

Келер күні бұ күнде

Бұ күннен соның қиын-ды.

Тарықтырмай жауап бер,

Мына бір мүскін сыйынды.

Салдым саған бұйымды,

Пайғамбарлар әулие,

Әулие мен әмбие,

Сыйынамын сендерге!

Қазалы болған мал бар ма,

Ренжитұғын жан бар ма?

Төгілетұғын қан бар ма,

Адамға түсетұғын төр бар ма?

Хабар берген түсімде,

Әгар болсам есен де.

Қожадан сұрап бал аштым,

Жөн білмесем адастым.

Садақа айттым жолыңа,

Аруақпенен жарастым.

Ауруды саған тапсырдым,

Рахым етсең дос қылдым,

Қарамасаң, бос қылдым.

Бұл мүскінге жәрдем қыл,

Қожекем, саған тапсырдым.

Жәрдемдес мүскін бендеңе,

Бенденің өзі де білмей ме.

Адам ұлы қимылдақ

Құдіретпенен жүргені.

Құдіреттің біреуге

Қаза жетіп өлгені.

Бұ мүскінге жәрдем ет,

Дертіңе жақсы пәрмен ет!



214

215


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

30. ДҮЙСЕНБІ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ 

Әуелі құдай, Әзірет,

Ал сыйындым құдірет.

Бір дегенде жар болғай,

Бабай өмір Ер Қорқыт.

Түркістанда Қожахмет,

Мединеде Мұхамбет,

Сіз—Мұхамбет, біз—үмбет,

Үмбетіңе дәрмен ет!

Екі қолға ерік салмай,

Қу ағашқа салсам зар,

Аруақтар қаптап өт.

Әуелі Алла—бісмілла,

Құранның басы—бісмілла.

Бісмілласыз іс бар ма?

Ал қызыл тілім сөйлеп қал,

Таба қылмай дұшпанға.

Бір Аллаға жад етіп,

Мен сыйынып көрейін 

Әбубәкір Сыдық пен

Омар менен Оспанға.

Тарттым қобыз «Алла» деп,

«Алла, ісін оңда» деп.

Қу ағашты мен тартып,

Ертеңді кеш зарлаймын.

«Бұрынғы өткен әулие—

Бәрі бірден қолда» деп.

Ал шақырдым жындарды,

Топалаң тигір мұндарды.

Үйдегі мен қырдағы

Құбан менен Сырдағы,

Арқасы сары жүн дағы,

Ал шақырдым жын тағы.

Жынды қылған Құдайым,

Кел бермен, жын мұндар!

Сенімен кеңес құрайын,

Кеңесіп ондан айтпаса,

Атаңның аузын ұрайын! 

Шақырайын көк Қабан,



216

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Басқан жері он табан,

Көлденеңі күл табан.

Ал шақырдым Шойтабан,

Бармағым бар, өкшем жоқ,

Шақырайын сексен шоқ.

Алтын айдар ................

*

Қудың аты сықылдым,



Қара қасқа ат мінген,

Жал-құйрығын шарт түйген.

Ал шақырдым, Темірқан,

Болжа деймін сендерге,

Ақ сөйлесең, керек де.

Қара басты қабақтым,

Лақа шортан тамақтым.

Ал шақырдым, Қараман,

Бұл ауруға ем қылғын.

Дүйсенбі отыр сағынған,

Абайлай кір дерттері.

Қатар-қатар қара нар,

Қайырылып келіп хабар сал!

Екі бірдей алпамыш—

Әже қурай, Дауылбай.

Темірден кісен тағынған,

Даусын да сағынған.

Ішіндегі бүйрек деп,

Кеудедегі жүрек деп,

Өкпе менен бауырдан

Қай жерінен ауырған,

Қарашы аңдап, Тәңір ұрған.

Он екі түрлі: Балқия,

Шақырайын Наркүміс.

Алма мойын Ақшұбар

Әлгі менің атбегім.

Тінтуші қара Жіпбике,

Болжа бір деймін сендерге.

Ақ сөйлесең, керек де,

Ана тұрған біздерге.

*

 Қолжазбада өшіп қалған.



216

217


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Шақырайын Көбенім,

Ілме қара именім.

Көзіңді сал, Көбен-ау, 

Мына бір тұрған ауруға. 

Бөтен емес, өз інім,

Дәуғара екі бірдей.

Айда деймін, қан ішер,

Келмей, Көбен, байла деймін,

Шұбар көл әсіре жайсаң.

Ақ Балқия былықсып,

Астыменен ойна деймін!

Арқада айдын сары,

Айдан астым.

Көлденең көк Жайықты

Жайлағаным миясын.

Құмырсқа бел Наркүміс,

Ақшұбарым былықсып,

Екі бірдей ойнағаны

Қатарда қан ішердей,

Қаным деймін қатарлап.

Және келді Нарым деймін,

Қолға алып ақ сүңгіні.

Сегіз аршын Көбенім,

Астыменен ойын сал.

Ал шақырдым Байғашты,

Салайық дертке қиғашты.

Сегіз аршын Көбенім,

Мұнда келіп хабар бер!

Дүйсенбі пенде бал ашты.

Шақырайын Құбарлан,

Дертке қарай жұмарлан.

Дерт мұңдарға көзің сал,

Алдында ауру бұларға.

Шақырғаным Көбелек,

Мойны ұзын, көзі көк.

Мұрындығы күмістен,

Бұйдасы бар шын жібек.

Асқар-асқар көрінген

Қатар-қатар қара нар.



218

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Нар алдына қарасам,

Найзадай қара жарты екен.

Алдындағы қара нар

Шудасына жабысқан

Топырақ па екен, 

Қар ма екен?

Көзің салшы ауруға,

Дауасы мұның бар ма екен?

Өңі жүнді сары ала,

Алпыс екі тамырдан

Жүз жиырма буулым

Өрен бойда жолықтым.

Бірін де қоймай арала,

Тас төбеден қыр ойна!

Көк жолынан тұр ойна,

Май табаннан шын ойна!

Жын атасын айтайын,

Былықсып астыменен,

Қамбармен ойна деймін!

Көбенім сегіз аршын, өзі жалғыз

Және келші шұбырта.

Алма мойын хабар берші,

Дерт келді енді біздің алдымызда.

Былықсып-ақ, Балқия,

Және келші екі елі.

Ердің жасы белде деймін,

Қарашаш Қамбарменен

Келді деймін.

Тартып тұр атының басын,

Көбенім-ай, қарашы!

Алпыс үйлі арабым,

Тоқсан үйлі торабым.

Есепсіз жүрген сан араб,

Санаусыз жүрген нән тораб,

Сан аруақ саппен кел!

Сан арабтың басы едім,

Мойны жуан қара сарт,

Сан аруақ санай берсең,

Саным көп саппен кел!


218

219


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Он арабтың ішінде

Сексен үйлі тобырым,

Берсе қата тоймаған.

Дерт қарасын көргенде,

Ерік алдына қоймаған.

Жалмауыз қара Обырым—

Аузындағы бұлбұлым. 

Желкедегі жеті адам—

Жетеуі бірдей дүлдүлім.

Омырауы төскейдей,

Ал шақырып көрейін,

Кілең қабылан манатым,

Тастан қайтпас бұлағым.

Кереге бойлы Кержылан,

Алты басты Абжылан,

Айдаһар түсті Саржылан,

Айдаһарым, тарт, жылан!

Буын-буын аралап,

Дерт бар болса, қуалап,

Ат жібердім шабарға,

Ер Шойлан хабарға.

Әлгі менің Ер Шойлан,

Шақырғанда кел, Шойлан!

Асқардан асқар қол шықты,

Қол ішіне қарсам,

Шұбар ала ту шықты.

Ту түбіне қарасам,

Қазандай қара бөрік бар,

Әлгі менің Ер Шойлан,

Шойланым батыр сол шықты.

Айда бермен, Шойланым,

Тас төбеден қыр ойна!

Дерт иесін қуалап,

Мықтап байлап алғайсың,

Құла атқа салғайсың.

Қайынды, күйеулі,

Нағашылы, жиенді

Қашып кетіп жүрмесін.

Мен кеткен соң дерттері



220

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қайтып келіп тұрмасын.

Алпыс екі ала аттың,

Тоқсан тоғыз торы аттың,

Өңкей қара көк аттың,

Кекілі кер аттың 

Мен шақырып көрейін.

Дерт көретін Мешкей де,

Босаға бойлы Бозжылан. 

Шақырайын ал, пері,

Ал көзіңді сал, пері!

Сексен қожа ішінде 

Сексен бесте бір қожа.

Қаралық мұндар жын бике,

Даусың бір жетсе, айғайла,

Көзің жетсе, қол бұлға.

Шақырамын сендерді,

Мына дертті сен болжа.

Өзен бір суды жағалап,

Боз жорға атын тапалап,

Сенің бір інің мен деймін.

Шақырамын сендерді,

Жақынырақ кел деймін.

Жазылмаса не дейін,

Серуен сексен көзді.

Ақ, Балқия, алдымнан

Шұбалаңдап бір өтсейші!

Келгенде әсем Бөшиім,

Көсеу салған Дүйсембі,

Сен өзің қу ағашты

Еңіретсейші...

Жын да болса сырласым-ай,

Өзімнің сырлас болған мұңдасым-ай,

Келдің бе аман-есен,

Толықсып құрдасым-ай!

Азулығы екі елі,

Қашқан қоян шекелі.

Шұбарым келсе дүрсілдеп,

Әулиедей көрсем деп.

Әлгі менің Шұбарым—

Мойындағы тұмарым.



220

221


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Мен шақырсам Шұбарды,

Қасқыр деген жау бар де,

Жеп қоймасын бұларды.

Алдына сал қарауыл,

Артына сал шыңдауыл.

Алдына-артына қарай бар,

Дерт баққаным осы ауыл.

Қой, қош-аман болыңыз!

31. АЯПБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ 

ЖЫН ШАҚЫРУЫ 

Бала бақсы атандым,

Үлкендерден бата алдым.

Қарағай қобыз алғаным,

Айқай сүрең салғаным.

Жын атасы—Қойлыбай,

Дертке шипа бере гөр,

Жаратқан Алла бір Құдай!

Есік алды майдан тал,

Майдан талға қосым сал.

Шақырғанда сал, Жүзей,

Бөгелмей тез келіп қал!

Ал, Қарамес, Қарамес,

Алпыс қойдың терісі

Ат болмаған Қарамес.

Жетпіс қойдың терісі

Жел шықпаған Қарамес.

Ақылымды алмай кел,

Шақырғанда, қалмай кел!

Сағым желдей сал, Жүзей,

Келе алмасаң, қал, Жүзей.

Су атасы Сүлеймен,

Мәдет сұрап тілеймін!

Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,

Жиырма сегіз машайық,

Қырық шілтен қолдай гөр,

Бәріңізден тілеймін!



222

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



32. ТІЛЕУІМБЕК БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ 

—Бекбау ата, бек Ағынай,

Бек сиындым сен ағағай.

Самарқанда сансыз бап,

Түркістанда Түмен бап,

Ең үлкені—Арыстан бап.

Бабалар бабы Арыстан бап,

Қожахмет Яыссауи,

Көк тонды ата әулие, 

Сыйындым сізге,

Бер медет! 

Уай, уай! 

Қаратаудың төсінде,

Жаңылмаймын есімде.

Көріп едім жасымда 

Қотыр бұлақ басында 

Сыйындым сізге, Зәңгі бап.

Сырда жатқан әулие,

Қырда жатқан әулие,

Қаратаудың қаптаған,

Тілеуін бермей жатпаған,

Бабай түкті Шашты Әзіз,

Ыбырайым ата Ысқақ бап,

Сыйындым сізге бер медет!

Уай, уай!

Әбдіжәлел әулие баптың

Тектісінің бірі сен едің.

Жалбарынып өзіңе,

Сыйынушы мен едім.

Әулие ата бабамыз,

Болғай да қабыл тобамыз!

Заты шәріп ғазизлер,

Сыйынбай қайтіп жатамыз.

Қармақтағы әулие,

Талай шал мен кемпірлер

Тілек тілеп сіздерден,

Зарлап барды әулие.

Береріне келгенде,



222

223


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Көзінің жасын көргенде,

Өзі түсін білгізбей,

Барлатпаған әулие.

Уай, уай!

Көлде жүрген әулие,

Шөлде жүрген әулие,

Күн көзінде әулие,

Жер жүзінде әулие!

Қамбар ата бабамыз,

Қырық шілтенге қосылған,

Дұшпаны талай тосылған,

Медет бер деп тіледім,

Қырық шілтен пірлерім,

Көтерген көңіл кірлерін.

Аруағыңды шақырып, 

Қиналып қатты терледім.

Уай, уай!

Албай Шоқан әулие,

Жалаңаяқ әулие,

Алауқан ишан пірлерім,

Біз сияқты ғаріпке

Медет берер күндерің.

Қарабура ата аруағы,

Ал, Байқозы аруағы,

Ал, Жидебай аруағы,

Ал ,Сеңгібай аруағы,

Жарылқап батыр аруағы,

Домалақ ене анамыз,

Дулат қожа бабамыз,

Орын алған ортадан 

Арғын бабам аруағы.

Үлкен үйде қалып ең,

Жоғары салық салып ең,

Найман атам аруағы.

Уай, уай!



224

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



33. БАЛА БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ 

Уай, уай, айналайын, Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.

Алды-артымды байқасам,

Қараңғы тұман уайым.

Қанатымнан қайырылтып,

Табанымнан тайрылтып,

Жасыған жездей майрылтып,

Туысқан, туған бауырдан

Тірідей мені айрылтып,

Көнбес бір іске көндіріп,

Қу ағашқа төндіріп,

Жаратқан Ие, неңді алдым?!

Уай, уай!

Болат, Бөкес аруағы,

Шәуетей тәуіп аруағы,

Қорқыттың күйі қобыздан

Күй шығарған бармағы.

Жасынан өткен іс еді, 

Келгендей көріп кісі еді.

Ишан абыз бақсының

Бәрінен өткен салмағы.

Кейбіреумен егескен,

Кейбіреумен теңескен.

Бала бақсы атанып,

Талай түскен қармағы.

Уай, уай!



34. ҮЙСІН БАЛЫҚБЕК БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Уай, Телбұшық, Телбұшық,

Шақырғанда кел, Бұшық!

Тоқсан қойдың терісі

Тон болмаған Телбұшық.

Сексен қойдың терісі

Жең шықпаған Телбұшық.

Жан-жағыңды шайқамай,

Алды-артыңды байқамай,



224

225


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Бейқам келме, сен Бұшық!

Уай, уай!

Ай, ер Домбай, ер Домбай,

Шақырғанда, кел, Домбай!

Мұңлы менен шерлінің

Ырымын шегіп бер, Домбай!

Сынық ине көрінсе,

Алтын дейсің антұрған!

Айтқаның келмей жаңылсаң,

Ұялып жүрме енді оңбай!

Уай, уай!

Біз сияқты сұмдарға

Осылардан жол қалды.

Аруағына сыйынып,

Қобызымды қолға алдым.

Жасынан көрген михнат,

Аллаға қылған мінажат.

Қара қыпшақ Қобыланды,

Медет бер деп тіледім,

Сыйындым сізге, сол қалды. 

Иелі кесел сөз келіп,

Дауасы болмай кешігіп,

Біздей қаріп сандалды.

Уай, уай!

Қобызын қосқан бәйгеге,

Халыққа болмай әйгілі,

Болат, Бөкес жындары

Көріпкел деп атанған,

Ғайып ереннен бата алған.

Бала бақсы тәуіпке

Халықтың берген сындары.

Айқай салдым, ақырдым,

Аруағыңды шақырдым.

Хабарсыз көңілім тынбады.

Жын атасы—Жирентай

Шақырғанда келмесе,

Сенімді хабар бермесе,

Сағымның осы сынғаны. 

Уай, уай!

15-0139


226

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



35. ҚАРА БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

—Ал, кел бері, кел бері,

Желден жүйрік жел пері.

Жолбарыстай айбаттым,

Жолды аяқтай қайраттым!

Жолың болсын, кел бері!

Аю мінез аңғыртым,

Алып мінез салғыртым,

Әңгүдігім, шалғыртым,

Бұқа мойын қабаным,

Қарынды, жалпақ табаным,

Көк жұлыным, қырсауым,

Көк есегім, мылқауым,

Керт басыңды ойламай,

Кежегеңді кекшитпей.

Келелі жауға кез болдым,

Келер болсаң, кел бері,

Жылан көзді Сымсығым!

Ұлдан туған ұлшығым,

Арбауығым, алдашым,

Жалмауыздай жалмашым!

Жеті жыл бойға жел берген,

Жеті өлікке дем берген,

Жолыңда тұрған кеселдер

Кезбас болып сенделген.

Жаңа перім Жанпозым,

Жаңа шыққан қамқорым,

Лек-легіңмен кел бері!

Жалғыз көзді Жымрайым,

Жалғыз аяқ сұмырайым,

Адам кеуде, аң бастым,

Ақ сайтаным, албастым,

Бірің қалмай, кел бері!

Сендер едің, сен едің 

Иеңнің жалғыз сенгені.

Сергелдеңді сырқатты

Сескендіре сермейін,

Семсерімді бер бері!



226

227


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Асу да асу бел еді,

Аса бір соққан жел еді.

Анау жатқан үлкені

Өрлей қонған ел еді,

Өлкенің суы сел еді.

Белдеуде тұрған кербесті

Екі енеге тел еді.

Осынау жатқан Көшербай,

Тәңірдің берген бағыңда,

Болып бір тұрған шағыңда,

Қай қасқаңнан кем еді?!

Ақылы мол кен еді,

Етек-жеңі кең еді.

Аузынан шыққан лебізі

Ағайынға ем еді.

Арту елмен кездессе,

Терезесі тең еді.

Ер дұспанмен белдессе,

Елінің қамын жер еді.

Жатқа намыс жібермес,

Екпінді туған ер еді.

* * *

Атаңа нәлет су пері,



Ерімді қор еткендей,

Өңменімнен өткендей,

Жебіріме жеткендей,

Жеті атама кеткендей,

Аузына дәм салғызбай,

Қолына қыран алғызбай,

Жауына қарсы барғызбай,

Құлдыққа бола туғандай,

Тұншықтырып буғандай,

Өркенімді өсірмей,

Өрісімді тарылтып,

Жүрісімнен жаңылтып,

Бақ-дәулеттен арылтып,

Не ақың бар ед ерімде?!

Осынша мазақ ететін,

Жетпіс жеті әкеңнің

Басы бар ма ед жерімде?!


228

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

* * *

Атаңа нәлет, су пері,



Сумаңдаған қу пері,

Қол-аяқты улаған

Тиген жері у, пері!

Жаның барда кет, пері,

Жер түбіне жет, пері!

Жындарым қаптап келеді,

Көрсетейін тепкіні!

Басыма шауып, сен жауыз,

Түбіме кеп пе ең жеткелі?

Жетпек болсаң түбіме,

Жеті бүзірік, қырық шілтен,

Ерлерден медет сұрайын!

Көрде жатқан әкемнің

Қу басымен ұрайын!

Жаныңды қылдай қылайын,

Қыл бұраумен бұрайын!

Сақалыңды бір талдап,

Шыңғыртып тұрып жұлайын!

* * *

—Ій-яу... ықық-ым... Ій-яу-ау!



Отырғанда көп жалқау,

Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!

Қалғып, шұлғып жабырқау,

Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!

Не боп кетті ойпырмау!

Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!

Бұзды-ау шырқын ій қалқау!

Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!

Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!

Қос пікірді ій-яу-ау!

Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!

Жазып алсақ есен-сау!

Ій-яу... ықық-ым... ій-яу-ау!

Болар сонда той тарқау!

Ій-яу... ықық-ым... Ій-яу-ау!


228

229


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

36. ТІНЕЙДІҢ ЖЫН ШАҚЫРУЫ:

—Әуелі, Құдай, пана-ай бер,

Ер тілеуін жанай бер!

Шәйт—Аббай Алаш, 

Шәйт—Аббай Алаш,

Лә—ләлә!


Жер жүзіндегі әулие-ай,

Күн көзіндегі әулие-ай,

Мағрұптағы, машруптағы әулие-ай!

Жүз жиырма төрт мың мың пайғамбар, 

Отыз үш мың мың сахаба,

Сексен сегіз серуер, 

Тоқсан тоғыз машайық,

Бәріңнен медет тіледім!

Қойқаптағы әулие,

Бабай түкті Шашты Әзіз,

Алдына дабыл төңкерген,

Артына сауыт бөктерген,

Алтайыдан бөркі бар,

Әрне қылса еркі бар.

Алпыс екі нөкерім,

Бермен қарап төңкеріл!

Көз бен белім—көзелім,

Шәмбіл белден су ішіп,

Қойқаптан әрі жерлерің,

Жатырмысың, ерлерім?!

 

37. НОҒАЙБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

О-о-о-ой!

Құмырсқаны қой қылып,

Құмға баққан бар ма екен?

Тасбақаны жарбитып,

Жолға мінген бар ма екен?

Құмырсқаны қой қылып,

Құмға баққан Мұхаммет,

Тасбақаны мінген Мұхаммет!



230

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



38. ШАҚАР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым,

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым,

Жалтаңдамай, жасқанбай,

Әбден де сөйле, доңызым!

Анық сөйле, ақ сөйле,

Дертті қуып денеден,

Арам тамақ қоңызым!

Ке-ге-ге, желігім,

Гекку-Гекку терегім,

Әрқашанда кезегім.

Тағы да досым Бостанай,

Қалма сен де қостамай! 

«О, о, оқо-қой, оқо-қой!»—дейді екен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет