23. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Қаратауым дегенге, Қаратауым,
Тау басынан соғады қара дауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,
Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.
Қыз:
—Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,
Таудан арғы бұлтпенен араласып.
Енді екеуміз бәдікті тауып алып,
Шын құмардан шығалық сабаласып.
Жігіт:
—Жемір бәдік дегенге, жемір бәдік,
Қу қыздардың шекесін кемір, бәдік,
Ішіне семіз қыздың кіріп кетіп,
Же дағы бүйрек майын, семір, бәдік.
Қыз:
—Барады бәдік кетіп Мекесіне,
Білдірмес ешкі арығын текесіне.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттім, бар да жабыс шекесіне.
Жігіт:
—Кей бәдік Қаратаудан асып кеткін,
Қыздарды аулақ жерде басып кеткін.
96
97
БӘДІК
Бір табақ етегіне топырақ салып,
Көзіне көрген қыздың шашып кеткін.
Қыз:
—Көш, бәдік, үлкен таудың тасына көш,
Қаламдай сұлу жігіт қасына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттің шүйдесі үлкен басына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, ыстық үйдің пешіне көш,
Жұманың айт күнгі кешіне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың сұлу-сұлу шашына көш!
Қыз:
—Көш, бәдік, тон кигеннің қойнына көш,
Кішкене балалардың ойнына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттің жұдырығы зор мойнына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, қашқан қыздың соңына көш,
Қыздардың түнде жүрген жолына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Нәзік бел сұлу қыздың қолына көш!
Қыз:
—Көш, бәдік, бозбаланың ағына көш,
Орыстың абат қылған бауына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Кер ауыз жігітердің жағына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, ақын қыздың тіліне көш,
Сарттардың бауда ашылған гүліне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың баратұғын жеріне көш!
7-0139
98
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыз:
—Барады бәдік кетіп жер жазыққа,
Алыпты жеті бидай жол азыққа.
Сол жауды Құдай қолға берер болса,
Кетейік басын байлап қу қазаққа.
Жігіт:
—Сарттардың енді, бәдік, бөзіне көш,
Қыздардың өлең қылған сөзіне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың сұлусынған көзіне көш!
Қыз:
—Көш, бәдік, бай ауылдың құртына көш,
Әр жерде көшіп кеткен жұртына көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Ұрысқан батырлардың мұртына көш!
Жігіт:
—Көш, бәдік, қалың шөптің құрағына,
Қыздардың бар да жабыс құлағына.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қыздардың барып түскін тұрағына...
Қыз:
—Көш, бәдік, үлкен, кәрі кісіге көш,
Жігіттің ақ меруерттей тісіне көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Жігіттің жаңа өспірім ішіне көш!
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп сусамырға,
Қайқайып жолда жатыр қу қабырға.
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Кетейік басын байлап бір тамырға.
Қыз:
—Барады бәдік кетіп шатқа таман,
Тағы жүрдім мінгелі атқа таман.
98
99
БӘДІК
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Кәпірді итерелік отқа таман.
Жігіт:
—Бар екен бұрын заман бұқпа бәдік,
Жегені күндіз-түнде жұқпа бәдік.
Ішіне үлкен қыздың кіріп кетіп,
Десе де «ойбай өлдім» шықпа, бәдік.
Қыз:
—Бәдік шабар дегенге, бәдік шабар,
Арғымақ жақсы бие құлын табар.
Аулыңда тойдан қызық бәдігің бар,
Тұрмасаң хабарласып, Құдай табар.
Жігіт:
—Көш, бәдік, енді көшсең, сазыға көш,
Ораулы жаздыкүнгі қазыға көш.
Жайыңды онан көшер мен айтайын,
Қабаған қыз аулында тазыға көш!
Қыз:
—Барушы ек бәдік десе, шаба-шаба,
Суға салса, жібиді қатқан саба.
«Бәдігің көшпейтұғын қайдасың?» деп,
Келгенім көшіруге Құдай тоба.
24. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Бәдікке «бісмілдә» деп дүкен құрдым,
Бәдіктің бір сабағын сізге бұрдым.
Бәдігім бәдігіңе сай келмесе,
Шамы жоқ, айыбы жоқ жайға тұрдым.
Қыз:
—Ұстасаң, өлтіріңіз бәдікті сіз,
Біз дағы қу бәдікке кәдіктіміз.
100
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бәдікті Құдай оңдап қолға берсе,
Тебелеп өлтірейік бәдікті біз.
Жігіт:
—Тезек пе, не алма ма қапта тұрған,
Сарт па екен, не қазақ па қақпан құрған?
Бәдікті Құдай айдап қолға берсе,
Бәдікті итере сал отқа таман.
Қыз:
—Айтайын мен бәдікі бұрынғыдан,
Сайтанның қу бәдік те жолын қуған.
Бәдікті Құдай айдап қолға берсе,
Бәдікті итере сал суға таман.
Жігіт:
—Бәдікті біздер іздеп табайық та,
Таба алсақ аямастан сабайық та.
Бәдікті Құдай айдап қолға берсе,
Келместей қып ағашқа таңайық та.
Жігіт:
—Айтпай ма батыр сырын елегіне,
Айтпайды батыр сырын білегіне.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Бар да жабыс осы қыздың біреуіне.
Қыз:
—Қазақ жарлы келеді мал жағына,
Өзбек епті келеді тал жағына.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Бар да жабыс жігіттің таңдайына.
Жігіт:
Ей, бәдік, енді көшсең, тарыға көш,
Е, болмаса төбенің басына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың кесте тіккен қолына көш!
100
101
БӘДІК
Қыз:
—Әй, бәдік, енді көшсең, ерінбей көш,
Тәшкеннің даңғыраған жолына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің еңкейетін беліне көш!
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, бөріге көш,
Е, болмаса тұз түйген келіге көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың сүрме қойған көзіне көш!
Қыз:
—Әй, бәдік, енді көшсең, келіге көш,
Жігіттің жататұғын жеріне көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің сайрап тұрған тіліне көш!
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, Меккеге көш,
Жүгірген қойдан қойға текеге көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осы қыздың біреуін жетелей көш!
25. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп таудан асып,
Бұлтпенен таудан асқан араласып.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Бір келші екі қызбен сабаласып.
Қыз:
—Мен сені, бәдік болсам, тосар едім,
Көк итті көлеңкеден қосар едім.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік,
Екі көзін екеуінің ояр едім.
102
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, бұлаққа көш,
Алмаған ата тілін қу жаққа көш.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Бар дағы екі қызды оят та, көш!
Қыз:
—Барады бәдік кетіп бұлағына,
Білдірмейд ешкі арығын лағына.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Барып жабыс балардың құлағына.
Жігіт:
—Ендеше, көк тандықты, көк тандықты,
Аламын көк тандықтан көк сандықты.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік,
Алып кел жауырынан ұлтандықты.
Қыз:
—Бұл бәдік көшер ме екен бидай берсем,
Бидайды табақ-табақ сыйлай берсем.
Бәдікті бекерге айтып әуре болмай,
Бәдікті екеуіңе көшірмесем.
Жігіт:
—Барады бәдік көшіп сусамырға,
Қайқайып жолда жатыр қу қабырға.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік,
Бар дағы тезірек жабыс қу қыздарға.
Қыз:
—Барады бәдік көшіп айға таман,
Жүгірдім жүген алып тайға таман.
Реті бұл бәдіктің сіздердікі,
Жабыссын өздеріңе есен-аман.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, қыздарға көш,
Хал-жайын екі қыздың бір біліп, көш.
102
103
БӘДІК
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік,
Бар дағы екеуінің шекесін тес!
26. [ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Біз келдік бәдік десе, тұра шауып,
Ауылдың жүргізбеді иті қауып.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Кәпірді көшірейік ебін тауып.
Қыз:
—Бәдік самар,
Қазанат жақсы бие құлын табар.
Ауылымда тойдан қызық бәдігім бар,
Тұрмасаң хабарласып, Құдай табар.
Жігіт:
—Бәдік ала,
Бере көр-дертке шипа, Құдай Тала.
Осы ауылда бір бәдік бар дегенге,
Көшірейік деп келдік екі бала.
Қыз:
—Бәдік кетіп баратыр таудан асып,
Таудан асқан бұлтпенен араласып.
Сіз де айтыңыз бәдікті, біз де айталық,
Шер-құмардан шығалық сабаласып.
Жігіт:
—Бәдік кетіп барады сайға таман,
Жүген ала жүгірдім тайға таман.
Сіз де айтыңыз бәдікті, біз де айталық,
Итере сал кәпірді сайға таман.
Қыз:
—Бәдік құрғыр,
Тасбақадан жығылып мойның сынғыр.
104
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жардай болып алдыңда бәдік жатыр,
Көш деп айтсақ болмай ма жетең
құрғыр.
Жігіт:
—Арыс бәдік болғанда, қамыс бәдік,
Жиде бәдік болғанда, үй де бәдік.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Ақ тікенге қыздарды иле, бәдік.
Қыз:
—Темір бәдік,
Жігіттердің шекесін кемір, бәдік.
«Кемір-кемір» дегенге, көп кемірме,
Бүйрек майын же дағы семір, бәдік.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, айына көш,
Биенің қысыр емген тайына көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Қыздардың жататұғын жайына көш!
Қыз:
—Бұқпа бәдік,
Жегенің күні-түні жұқпа бәдік.
Екеуінің ішіне кіріп кетіп,
«Ойбай, өлдім» десе де, шықпа, бәдік.
Жігіт:
—Бәдік кетіп баратыр Меккесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Қыздардың бар да жабыс шекесіне.
Қыз:
—Бәдік кетіп баратыр бұлағына,
Ешкі арығын білдірмес лағына.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Жігіттің бар да жабыс құлағына.
104
105
БӘДІК
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, аршаға көш,
Кілем жауып жүк артқан наршаға көш.
Бұрынғыдай тілімді алсаң, бәдік,
Ана тілін алмаған қалшаға көш!
Қыз:
—Бәдік кетіп баратыр Меккесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Осының бар да жабыс шекесіне,
Жылап барсын үйіне, шешесіне.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, ыраңға көш,
Жер бауырлап жүгірген жыланға көш.
Сүйтіп менің тілімді алсаң, бәдік,
Ана тілін алмаған бұраңға көш.
Қыз:
—Көш, көш бәдік, көш бәдік, көш райға,
Ер-тұрманы жарасқан тұрымтайға.
Екі жастың тілеуін берсе Құдай,
Жолығармыз, шырақ-ау, келесі айға.
27. [ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ]
Жігіт:
—Бәдікті баста десең, мен бастайын,
Түбіне шоғайнаның із тастайын.
Бәдігі бұл баланың қай жерінде,
Суырып ақ тікендей ап тастайын.
Қыз:
—Айтқаным менің бәдік «оным» деген,
Бәдігі бұл баланың қолында екен.
Бәдікті көшірейік басқа жаққа,
Ауылым алыс емес, жолында екен.
106
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жігіт:
—Бәдігі бұл баланың дізесінде,
Түседі, бәдік айтсам, қыз есіме.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айтайық,
Балажан бәдік болған тізесінде.
Қыз:
—Біз келдік бәдік десе қоқандай боп,
Суырға қырман жайда топандай боп.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Жаураған ұзақ кетер тоқалдай боп.
Жігіт:
—Бәдік десе біз келдік шатырдай боп,
Қан тамған қылышынан батырдай боп.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Жоғалар аяғынан қатындай боп.
Қыз:
—Тағы да нелер болар, нелер болар,
Қанаты қаршығаның бедер болар.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Қарамай алды-артына жөнер болар.
Жігіт:
—Бәдік самар, ендеше, бәдік самар,
Жақсы бие арғымақ құлын табар.
Ауылымда тойдан қызық бәдігім бар,
Келемесең бұл бәдікке, Құдай табар.
Қыз:
—Не болды бұл бәдікке жасыл жауып,
Біреуін біреуінен артық жауып.
Бәдіктің көшпесіне қоямыз ба,
Арғынның толып жатқан масын жауып.
Жігіт:
—Не болды бұл бәдікке қызыл жауып,
Біреуін біреуінен ұзын жауып.
106
107
БӘДІК
Бәдіктің көшпесіне қоямыз ба,
Арғынның толып жатқан қызын жауып.
Қыз:
—Бәдік десе, біз келдік шауып оза,
Сарттың қызы шарбақта терер қоза.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Жоғалар аяғынан жындай тоза.
Жігіт:
—Тағы да қызыл анар, қызыл анар,
Су құйсаң орамалға, бір-бір тамар.
Қызы көптің ауылына барсаң, бәдік,
Мойныңа қалампырлап моншақ тағар.
Қыз:
—Бар екен осы ауылда он күн бәдік,
Үстіңе киген тоның он тілдәлік.
Ауылында бұл арғынның нең бар, бәдік,
Ауылына қара мұрттың кеткін, бәдік.
Жігіт:
—Астында бәдікшінің сұр тайы бар,
Бәдіктің көшпей жүрген бір жайы бар.
Бәдікті айдалаға көшіргенше,
Бәдіктің көшетұғын сізге ойы бар.
Қыз:
—Айтпайды ұста сырын күрегіне,
Айтпайды түйе сырын үлегіне.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс жүрегіне.
Жігіт:
—Айтпайды сарттар сырын палауына,
Айтпайды палау сырын алауына.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс танауына.
108
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыз:
—Тағы да зуаласын, зуаласын,
Қақсатар қарақалпақ дуанасын.
Бәдікті жиып-теріп дорбаға сал,
Сирағы ұзын мыналар қуаласын.
Жігіт:
—Бәдіктің мен айтамын бір парасын,
Қыз шаншар ел көшкенде қарқарасын.
Бәдікті жиып-теріп дорбаға сал,
Мойыны жуан мына қыз арқаласын.
Қыз:
—Енді көшсең, ей, бәдік, долыға көш,
Тәшкеннің дағыраған жолына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Жігіттің кетпен шапқан қолына көш!
Жігіт:
—Енді көшсең, әй, бәдік, айына көш,
Қысыр емген жылқының тайына көш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың жататұғын жайына көш!
Қыз:
—Бар еді бір бәдігім, қамыста жүр,
Келмейді шақырсам да, алыста жүр.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осымен күні-түні алыс та жүр.
Жігіт:
—Бар еді бір бәдігім құлыста жүр,
Қолына құлыс ойнап пұл ұстап жүр.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осымен күні-түні жұлыс та жүр.
Қыз:
—Мен сені, бәдік болсам, бағар едім,
Шошқаның баласымен қағар едім.
108
109
БӘДІК
Көзіме бәдік болып бір көрінсең,
Төбеңе жаңғақ қойып шағар едім.
Жігіт:
—Енді көшсең, ей, бәдік, ентелей көш,
Басын созып, аяғын келтелей көш.
Мойнына жоғарғының мініп алып,
Төменгіні, әй, бәдік, жетелей көш!
Қыз:
—Бәдік кетіп барады Көкшесіне,
Торының кежім жаптым бөксесіне.
Ақсаңдап ауылына жете алмасын,
Осының бар да жабыс өкшесіне.
Жігіт:
—Бәдік күрме, тағы да бәдік күрме,
Ұрысы көп Сайрамның түнде жүрме.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының жағын байлап, тілін күрме.
Қыз:
—Бәдік өзің, тағы да бәдік өзің,
Есіттің бе мынаның айтқан сөзін.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының шығарып кет екі көзін.
28. [ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ]
Қыз:
—Бәдік кетіп барады өзекпенен,
Ұрасың өзің тастап тезекпенен.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Бәдікті көшірейік кезекпенен.
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп сайлауменен,
Бекілер ауған түйе байлауменен.
110
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Шайтанды көшірелік айдауменен.
Қыз:
—Барады бәдік кетіп қабақпенен,
Ұрасың өзің тастап табақпенен.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Бәдікті көшірелік сабақпенен.
Жігіт:
—Қу бәдік көшер ме екен тары берсек,
Тарының табақ-табақ бәрін берсек.
Бәдіктің көшпесіне қоямыз ба,
Шуылдап жан-жағынан дари берсек.
Қыз:
—Бұл бәдік көшер ме екен бидай берсек,
Бидайды табақ-табақ жинай берсек.
Шайтанның көшпесіне қоямыз ба,
Жабылып жан-жағынан шулай берсек.
Жігіт:
—Біз келдік бәдік десе, шыға шауып,
Көшенің жүргізбейді иті қауып.
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ,
Бәдігің өзі-ақ көшер шипа тауып.
Қыз:
—Бәдік қақшаң,
Бәдік десе, жүгірдік тақияшаң.
Кешегі айтқан бәдіктің біреуі жоқ,
Сен жасырып қоймасаң, шығар шапшаң!
Жігіт:
—Айтқаным менің бәдік жасымда еді,
Бәдігі бұл баланың басында еді.
Бәдікті көптеп айтып көшірелік,
Ауылымыз алыс емес, қасында еді.
110
111
БӘДІК
Қыз:
—Айтқаным менің бәдік елімде еді,
Бәдігі бұл баланың белінде еді.
Шайтанды ептеп-ептеп көшірелік,
Ауылымыз алыс емес, шенінде еді.
Жігіт:
—Айтқаным менің бәдік баяғыда,
Бәдігі бұл баланың аяғында.
Кәпірді көмектесіп көшірейік,
Ауылым алыс емес, бұ жағында.
Қыз:
—Айтқаным менің бәдік жетімде еді,
Бәдігі бұл баланың бетінде еді.
Шайтанды бірлікпенен көшірелік,
Ауылым алыс емес, шетінде еді.
Жігіт.
—Бәдік кетіп тас қабаққа,
Қыздар әуес болады жас балаға.
Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық,
Шайтанды көшірелік басқа жаққа.
Қыз:
—Бар екен бұл ауылда екі күн бәдік,
Болады екі күннен соң көп күн бәдік.
Балада, бақыр ана нең бар, бәдік,
Ауылына қызы көптің кеткін, бәдік.
Жігіт:
—Ағаштың қатты-қатты қартына көш,
Боз үйдің көлеңкелі артына көш.
Балада, бақыр ана нең бар, бәдік,
Жалғандық, жамандық сартына көш!
Қыз:
—Таудағы қатты десең, аршаға көш,
Жүк артып, кілем жапқан наршаға көш.
112
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ес білмейтін балада нең бар, бәдік,
Ана тілін алмаған қалшаға көш!
Жігіт:
—Таудағы қатты десең, андызға көш,
Ойдағы жұмсақ десең, жалбызға көш.
Балада, бақыр ана нең бар, бәдік,
Ата тілін алмаған жалғызға көш!
Қыз:
—Осы ауылда бар екен үш күн бәдік,
Үстіңдегі шапаның үш ділдәліқ.
Балада ес білмейтін нең бар, бәдік,
Жігіті көптің ауылына кеткін, бәдік.
Жігіт:
—Жайсаң бәдік,
Жайлауыңды жау алды нансаң, бәдік.
Адамдай Мекке барған жай табасың,
Ауылына қызды ауылдың барсаң, бәдік.
Қыз:
—Келеді сарттар мініп есегіне,
Үйім бар деп келеді кесегіне.
Адамдай Мекке барған жай табасың,
Осының бар да жабыс төсегіне.
Жігіт.
—Ұқпа бәдік,
Күні-түні жегенің жұқпа, бәдік.
Қояды үкі тағып, қалампырлап,
Айналып бұл қыздардан шықпа, бәдік.
Қыз:
—Келеді сарттар мініп үлегіне,
Үйім бар деп келеді түнегіне.
Кетпенін шаба алмастан болсын қарып,
Осының бар да жабыс білегіне.
112
113
БӘДІК
Жігіт:
—Мынаның есіттің бе сөзін, бәдік,
Бүйте берсең, боласың өзің бәдік.
Үйіне қаріп болып жете алмасын,
Мынаның шығарып кет көзін, бәдік.
Қыз:
—Бәдік алма,
Бәдік кетіп барады шынар тауға.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік,
Бағын байлап, осының тілін жалма.
Жігіт:
—Көк қой бәдік,
Өз айтқаның өзіңе еп қой, бәдік.
Мақаудай жолда отырған болып қалсын,
Осының желбезегін жеп қой, бәдік.
Қыз:
—Бәдік-ай, көш,
Нармаядан туады биік өркеш.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының жағын байлап, көмейін тес.
Жігіт:
—Әй, бәдік, көшер болсаң, шетіне көш,
Арам өлген өгіздің етіне көш.
Адамға қарай алмай болсын мақау,
Осының жылтыраған бетіне көш!
Қыз:
—Әй, бәдік, көшер болсаң, басына көш,
Басын қой да, балғадай тасына көш.
Тып-тықыр үрген местей болып қалсын,
Осының қиғаш қара қасына көш.
Жігіт:
—Бәдік бассын,
Торғай басып жатады жұмыртқасын.
8-0139
114
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ішіне бұл қыздардың кіріп кетіп,
Алып шық шоқпар қылып омыртқасын.
Қыз:
—Айтпайды бидай сырын сабанына,
Айтпайды шошқа сырын қабанына.
Үйіне ақсай басып жете алмасын,
Осының бар да жабыс табанына.
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп бұлағына,
Ешкі арығын білдірмес лағына.
Үйіне, жылап барсын шырағына,
Осының бар да жабыс құлағына.
Қыз:
—Айтпады қатын сырын теппесіне,
Қоймайды аудармалап кеппесіне.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Осының бар да жабыс өкпесіне.
Жігіт:
—Айтпайды кемпір сырын шал байына,
Айтпайды шапан сырын шалғайына.
Тілімді ежелгідей алсаң, бәдік,
Қыздардың бар да жабыс таңдайына.
Қыз:
—Бәдік кетіп барады жар басына,
Сарттар сырын айтпайды арбасына.
Үйінде аунай түсіп жата алмасын,
Осының бар да жабыс жамбасына.
Жігіт:
—Құртпасам бұл бәдікті еңгілге айдап,
Еңгілдің екі жағы дөңгілге айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына тозып қалған зембіл байлап.
114
115
БӘДІК
Құртпасам бұл бәдікті ысқаға айдап,
Ысқаның екі жағы қысқаға айдап.
Қылмасақ бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына тырбаңдатып тышқан байлап.
Бұл бәдікті құртпасам егіске айдап,
Екі жағы егістің тегіске айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына тозып қалған кебіс байлап.
Қыз:
—Құртпасам бұл бәдікті ыстыққа айдап,
Ысықтың екі жағы қысыққа айдап.
Қылмасам бұл екеуін қас масқара,
Мойнына қыңсылатып күшік байлап.
Жігіт:
—Құртпасам бұл бәдікті аңғалға айдап,
Аңғалдың екі жағы даңғалға айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнында тозып қалған дамбал байлап.
Қыз:
—Құртпасам бұл бәдікті сасыққа айдап,
Сасықтың екі жағы тасыққа айдап.
Қылмасам бұл екеуін қас масқара,
Мойнына дырылдатып қаншық байлап.
Жігіт:
—Құртпасам бұл бәдікті егетке айдап,
Егеттің екі жағы бөгетке айдап.
Қылмасам бұл қыздарды қас масқара,
Мойнына әупілдетіп төбет байлап.
Осымен бәдікті бітіріп, бір ауыз өлеңмен орнын біреуге беріп
тұрып кетеді.
Ол айтқан өлеңі мынау:
—Мінемін кежім жауып шыбық керге,
Құралып бітер дәулет үмітті ерге.
116
МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР
Күтіп тұр сіз бен бізді әлдеқашан,
Берейік тұрып орын жігіттерге.
Достарыңызбен бөлісу: |