Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды



бет12/12
Дата14.08.2023
өлшемі57,04 Kb.
#105237
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
№1 дерек

Ғұндардың шаруашылығы
Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған. Ғұндарда қолөнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген. Ғұндардың қолөнер кәсібі күшті болғаны соншалықты түрлі бұйымдар (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан) жасалды. Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған. Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.
Ғұн қоғамы
Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұдан басқа Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы болды. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.
Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды». (Бичурин Н.Я) Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды елағасы — бек биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі "Тәңірқұт "лауазымын иемденген. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен, мыналар көзделген: "Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күндері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан адамның сүйегін кім әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады". Ғұндар өз арасында қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы қылмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылы бара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Салт атты жауынгерінің қару-жарағы — садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Алайда, «ғұн державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан батыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-құла біріккен ел болды. Ішкі қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс Түркістанның солтүстік аймақтарында көшіп қонып жүрді.
Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I ғ. басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық материалдарға қарақанда олардың ескерткіштері Испания жерінен табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар гундар деген атпен белгілі.
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.
Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалект болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б.з. V ғ. Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауы тереңдей түсті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет