«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасынталдаңыз «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 ж 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды:
1) дыбыспен жаттығу;
2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3) оңайдан қиынға өту;
4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
«Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, сөйлеу туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру;
4) жазу дағдысын қалыптастыру;
5) сөздік қорын байыту;
6) коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
7) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;
8) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;
9) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;
«Әліппе» пәнінің мазмұны І жарт «Әліппе» арқылы жүзеге асырылады.
ЕСЛИ время есть!
Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
2
Жазуға үйрету жүйесіндегі «тактикалық немесе ритмикалық» және «карстер» әдістеріне талдау жасаңыз.
Жазуға үйрету жүйесінде әртүрлі әдістер: көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылды.
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау–қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады. Алайда, бұл әдістің бірнеше кемшіліктері бар екендігі дәлелденді. Үнемі қолдану арқылы оқушыларды жалықтырады.
Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жатады. XIX ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген. Бұл әдіс бойынша ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді. Бұл әдісті ересектерге пайданылған тиімді.
Міне, бұл көркем жазудың дәстүрлі әдісі болып табылады. Бұл әдістерді жекеше қолдану нәтиже бермейтіндігін байқап отырмыз. Нәтиже барлық әдісті қолдану ретімен пайдаланғанда ғана болады.
3
Бастауыш мектептің әр сыныбында оқушылардың каллиграфиясына қандай бағдарламалық талаптар қойылады
Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
1. әріптерді дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
2. әріптердің элементтерін тегіс, бірдей жазу;
3. әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45 º) жазу
4. әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықта бір қалыпты сақтап отыру;
5. бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
6. қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек (ж, м, т, ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).
7. дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы
Көркем жазуға әр сабақ сайын 5-7 минут бөлінеді. Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу жұмыстарының көлемі:
-1-2 сыныпта – 1-2 жол
-3-сыныпта – 3 жол
-4-сыныпта – 3-4 жол.
2 – 3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм.
№
Сұрақ- тапсырма
1
Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамытуға қойылатын талаптарды талап өтіңіз
Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше. Баланың даму әрекеттері оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесінде жүзеге асады.
Оқу үрдісінде тілді дамытудың негізгі 4 кезеңін жүзеге асыру көзделеді:
-баланың сөздік қорын молайту
-грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету,
-сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
-байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, қиналған жерлері мен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей болу керек.
Сауат ашу кезіңде сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдылану барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен кұбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.
2
Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдерін түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз
3
Бастауыш сынып оқушыларының ББД бақылау, тексеру және бағалау түрлері мен формалары туралы түсіндіріңіз.
БББ жеткешісі________________________ А.С. Таурбекова
Пәні: Әліппені оқыту әдістемесі
Оқытушы – дәріскер А.С. Таурбекова
№
Сұрақ- тапсырма
Балл
Жинаған балл
1
Кеcпе әлiппені қолдану жолдары мен қaжеттілігін түсіндіріңіз.