Литература:
1.
И. В. Никишина. Инновационные педагогические технологии и организация учебно -
воспитательного и методического процесса. – В.: «Учитель», 2006. – 37 с.
2.
Спб. Энциклопедия педагогических технологий.-К: «КАРО», 2001.-368 с.
3.
О. И. Чередникова. Информационные технологии в работе учителя русского языка и
литературы.-М: «Просвещение», 2003.-12 с.
Педагогика ғылымдары
Педагогические науки
ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІҢГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚҰ
ЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Абильмажинова Гульмира Амантаевна
Балалар үйі «Құлыншақ»,
тәрбиеші
Қ
арағанды қаласы, Қазақстан
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Түйін
Г.А.Абильмажинованың «Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың
құ
зыреттілігін арттыру» мақаласы сөздік қорды ойын технологиясы арқылы дамыту
жолдары қарастырылады.
Аннотация
Статья Абильмажиновой Г.А. «Формирование компетентности посредством игры у
детей дошкольного возраста» посвящена вопросам формирования речи, языка с помощью
игровых технологий.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт
Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде
баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен
түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру
ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық
іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында
адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін
жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды
қ
олдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген
қ
ызығушылығын арттырады. Сондықтан қазіргі педагогика ғылымы – баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда. Сол
технологиялардың бірі – ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы
дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен
тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда
пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретіндеқолданылады. Баланы тәрбиелеуде
ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін – өзі басқару қабілеті
жетіліп, қалыптасады.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол
ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен
байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік
дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды
дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау,
заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын
ұ
йымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану,
балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны
танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай
білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың
атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін,
қ
иялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен
қ
арым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-
тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген
жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі
етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды
қ
олдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата»,
«Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Ү
стел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы:
«Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата»,
«Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын
түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла»,
«Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын
дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде
сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар»
тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған
жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін
және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік,
ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал,
заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның
мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.
Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекерін ұйымдастыру
арқылы жүзеге асады. Себебі, 5 – 6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды,
зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шуғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында
баланың қарым – қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі, мінез – құлық қалыптасады. Ойын
баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола
отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның
дүниетанымы кең, жаны таза,жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.
В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін
емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани
байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын
дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады, көрнекіліктер тартымды
болса балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын
арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттерінің қосындысы, оны былай
көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял.
Зейін
Қ
ажетті ақпаратты алу және артығын ығыстыру үдерісін сипаттайтын маңызды
қ
асиет. Ол нақты қасиеттерге ие: көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы, таңдамалылығы,
бөлінуі, алмасуы және ырықтылығы. Айтылған қасиеттердің әрбіреуі бұзылса, баланың
мінез – құлқы мен іс – әрекетіне ауытқушылықтар болады. Зейін бөлу қабілеті нашар
дамыған, бала бір уақытта бірнеше жұмысты қатесіз орындай алмайды. Зейін ырықтылығы
жеткіліксіз, тағы басқа ауытқулар.
Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыстар қажет.
Мұндай жұмыс екі бағыт бойынша жүруі тиіс:
1.
Зейіннің негізгі қасиеттерін жаттықтыратын арнайы жаттығуларды
қ
олдану.
2.
Жеке тұлға қасиеті ретінде зейінділікті қалыптастыру жаттығуларын
қ
олдану.
Қ
абылдау
Қ
оршаған әлем туралы ақпараттың шамамен 80%-н бала көру арқылы қабылдайды.
Мектепалды даярлық жастағы балаларда көріп түсіну және қабылдаудың рөлі зор.
Балаларда барлық талдағыштардың түрлері едәуір қалыптасқан, олардың негізінде
сезімталдық түрлері дами түседі. Қабылдаудың дамуы мектепалды даярлық жасына дейінгі
балаларға объектінің қасиеттерін тануға, бір затты екіншісінен ажыратуға, олардың
арасындағы байланыс және арақатынастың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Ес
Мектепалды даярлы кезең есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамытуды
күшейтумен сипатталады. Ес мектепалды даярлық жастағы балаларда ырықты сипат
түрінде болады. Балалар өз алдарына есте сақтау міндетін қоя алмайды және ересектер
мұндай тапсырманы қайта жаңғыртпайды.
Сондықтан жаңа білім бала үшін қандай да бір маңызы болуы керек – осы ақпарат оның
қ
ызығушылығын қаншалықты оята алса, оны соншалықты жақсы есте сақтайды. Есті
дамыту және ынталандыру арнайы жаттығулар мен ойындар ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Артықова Т., Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Алматы, 2005 жыл.
2.
Сұңғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі. Қазақ тілі әдістемесі, 2009 ж, №3.
3.
Құ
дайбергенова
А.М.
Ойындар
–
коммуникативтік
компетециясын
қ
алыптастыру құралы. Қазақ тілі әдістемесі, 2009ж, №8.
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Ү
Ш ТҰҒЫРЛЫ ТІЛІМ, ЗАМАНАУИ БІЛІМ
Абуова Шара Ергалиевна
№34 «Таңшолпан» МДҰ,
ағылшын тілі мұғалімі,
Қазақстан
Түйін
Қ
азіргі жаһандану жағдайында басқа елдермен мәдениетаралық қарым-қатынаста
болу, әлемдік білім кеңістігіне ену үшін өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу
тетіктерін қарастыруда белсенді инновациялық технологиялардың тиімді әдістерін
тәжірбиеге енгізу арқылы мамандарды дайындаудағы басты мақсат- үштілді білім беру.
Аннотация
Активное вхождение в мировое образовательное пространство в условиях
глобализации современного межкультурного общения позволило через внедрение в практику
эффективных методов инновационных технологий повысить качество воститания
подрастающего покаления и подготовки высококвалифицированных специалистов,
владеющих государственным языком, языком межнационального общения и международным
языком, что является основной целью трехязычного образование.
«Қазақстаның болашағы қазақ тілінде». Қазақ тілі-біздің туған тіліміз, оны дамыту,
ө
скелең ұрпаққа таза, мінсіз жеткізу әр қазақ азаматының міндеті. Қазақ тілі әр кез
мемлекеттің бетке ұстары, елдің мақтанышы, ұрпақтың аманаты болып қалуы тиіс.
Қ
Р Президенті Н. Назарбаев: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің
біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деген
сөзінен тіл мәртебесі әр кез мемлекеттің назарында екенін ұғындық.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» да мемлекеттік тілдің дамуына ашылған жол. Десекте..., біз мемлекетіміздің
рухани дамуымен қатар оның экономикалық, саяси, ғылыми дамуының маңызы
алғашқысынан еш кем емес. Біз ұлт жанашыры бола отырып әлемдік жаһанданудан қалмай,
керісінше оза шабуымыз керек, сол үшін де оқу, еңбектену, жетілу, кемелдену, бірнеше тіл
білу адам, қоғам, дамуының негізгі факторы деп айтсам болады.
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Мемлекетіміздің шет елдермен ұлтаралық, мәдениетаралық, саяси экономикалық қарым-
қ
атынасымыз дамып келе жатқан қоғамда ұлтымыздың әлемдік қатынас тілі ағылшын
тілін жетік меңгеруі өте маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республикалық білім және
ғ
ылым қызметкерлерінің съездінде «Білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық
міндеттердің бірі-шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай, үш тілді (қазақ, орыс,
ағылшын) жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеу»- деп
атап көрсетті.
Бүгінгі күнде мемлекетіміздің білім беру саласында шет тілін оқыту жүйесінде үлкен
мақсат-міндеттер қойылуда. « Үш тұғырлы тіл» саясатының жүру үрдісі 2013-2014
жылдан бастап барлық білім беретін мектептердің 1 сыныбынан бастап ағылшын тілін
оқыту оқу бағдарламасына енсе, 2016-2017 жылдан бастап барлық білім беру мен тәрбиелеу
мекемелерінде, яғни мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту оқу жоспарына еніп отыр.
Сондықтанда мен мектепке дейінгі ұйымда ағылшын тілі мұғалімі ретінде ағылшын тілін
оқытудың алғашқы сатысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарының балалар үшін тиімді,
пайдалы, қызықты болуы үшін жауапты екенімді сеземін. Осы бағытта түйген ойларым
мен жинаған тәжірбиемде мектеп жасына балаларға шет тілін үйретуге әбден болатынын
және баланың танымдық дамуы үшін әсері мол екенін айтқым келеді.
Мектепке дейінгі білім-беру мекемелерінде ағылшын тілін үйретудің негізгі мақсаттары:
-
дамытушы-танымдық қабілетін ашу.
-
гуманды қарым-қатынас жасауға үйрету.
-
тілін дамыту.
-
ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілетін дамыту.
-
белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін шыңдау.
-
интелект қалыптасуына ықпал ету.
-
ө
зге елдің мәдениетімен таныстыру.
-
өз елі, тілімен қатар өзге елге, тілге құрмет көрсетуге тәрбиелеу
Оқу іс-әрекетінің нәтижелі болуы, балалардың материалды игеруі дұрыс қолданылған
оқу әдістемесіне тікелей байланысты, сондықтан да оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра
білу оқушыға да, оқытушыға да тиімді болмақ.
Ағылшын тілін оқыудың алғашқы кезеңдерін өте сауатты ұйымдастыра білуіміз
маңызды. Бұл жерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өткізу болашақта
балалардың тілді үйренуге қызығушылығын арттырып, тілді жетілдіруіне оң ынтасын
қ
алыптастырады, сонымен қатар барлық қабылдау дағдылары дамиды, білім алады. Бұл жас
шамасындағы балалар ағылшын тілін үйренуде ешқандай мақсатты көздемейді, сондықтан
да біз тек қызықтырып қана оқыта аламыз. Бұл жастағы балаларға не қызық? Әрине ойын,
қ
имыл-қозғалыс, сансыз сұрақтарына жауап. Осы ерекшеліктерін ескеріп, оқыту
бағдарламасында ойын технологиясын пайдалану, ән, ертегі, тақпақтар, санамақтар,
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
жұмбақтар мен жаңылтпаштар әрбір оқу іс-әрекет барысын ұйымдастыру дұрыс әрі
нәтижиелі болмақ. Оқу процесінде балалардың психологиялық ерекшелігіне тоқталсақ,
жиі эмоционалды көңіл-күйде болуы, назарының тез ауысуы, қимыл-қозғалысқа бейім, тез
жалыққыш келетінін ескерсек оқу іс- әрекетінің барысы да түрлендіріліп, соған бейім болуы
шарт.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың барысында грамматиканы түсіндіруді қажет
етпейді, сонымен қатар ұзақ әңгімелерден, ұзын күрделі сөйлемдерден аулақ болуымыз керек.
Оқыту ауызша негізде жүреді, сөздердің айтылуы, грамматикалық, лексикалық,
фонетикалық, тыңдап түсіну дағдылары сұрақ-жауап тәсілінен, қысқаша диалогтар,
тақпақтар, суреттерге қарап сөйлеу, ойындар ойнау, музыкалық сөйлеуден қалыптасады.
Дыбыстарды қайталату, ашық, қанық түсті дидактикалық, аудио, видео материалдарды
қ
олданып түрлендіруге болады.
Оқыту процесінде әдістемелік компоненттердің бірі аудио, видео материалдарды қолдану
білім берудің сапасын жаңартады. Ғылыми технологияның дамыған сатысында балаларға
арналған көптеген оқытытын электронды материалдар (интерактивті тақталарда
орындалатын жаттығулар), дискілер жетерлік. Кез-келген материалдың электронды
нұсқасын жасап түрлендіруге болады. Мысалы: «Менің отбасым» тақырыбына отбасы
суретін экранда көрсетіп таныстыру, бұл балалардың назарын бұрып қызығушылығын,
белсенділігін арттырады. Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыс жасай отырып
интернет арқылы балаларға ағылшын тілін үйрететін дамытушы бейнематериалдарды
тауып тапсырмаларын орындай отырып тілді дамытуға болады. Үнтаспадан ән
тыңдатып, тақпақтар қайталатып, қимылды жаттығулар жасау тыңдап-түсіну
қ
абілетін дамытады.
Ресейде шет тілін ерте жастан оқыту және оның методикасы 19 ғасырдың аяғынан 20
ғ
асырдың басынан бастап зерттеліп, казіргі күнге дейін жалғасуда. Осы уақыт ара
қ
ашықтығында көптеген ғылыми әдістемелік, теориялық, психологиялық, практикалық
материалдар жарық көрді. Қортындысында шетелдік педагогтар мен психологтары
Л.С.Высотский, Р.С.Рубенштен, Б.Уайт, Д.Пенфильд, Р.Робертс, Т.Элиот шет тіліне
ерте жастан оқыту баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосады деген
ортақ пікірге келді. Физиологтардың пікірінше « 9 жасқа дейінгі балалар шет тілін
меңгерудің маманы» деген « бұл кезеңнен кейін ми механизмдері қабілеті төмендеп ол өсе
келе азая береді.»
Жалпы білім беретін мекемелердің ағылшын тілін үйретудегі басты мақсаты:
- әлемдік қатынас тілінде шәкірттеріміз, болашақ мамандар кез-келген елде жұмыс
жасап, еркін жүріп-тұруына, өзге ұлт өкілдерімен белсенді қарым-қатынас жасап,
кез-келген елдің мәдениетімен таныса алуына мүмкіншілік жасау, халықаралық
достыққа тәрбиелеу.
|