Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции


ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке



Pdf көрінісі
бет11/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Арнайы  бір  шақта  баяндалып  отырған  әңгіменің  шағын  өзгертіп  баяндату. 



Мысалы: Мен......; 

 



Берілген әңгіменің жағын өзгертіп әңгімелету. Мысалы: біз тұратын үй...; 

 



Оқылған  әңгіменің  мазмұнын  оқушыларды  түгел  қатыстыра  отырып  баяндату 

(әңгіменің мазмұн желісі үзілмей толық қамтылу); 

 



Мәтіннен  іріктеп  алынған  сөздерге  морфологиялық  талдаулар  жасата  отырып, 

түбірлес сөздерді анықтату. Мысалы: Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады; 

 



Тілді  жақсы  білетін  оқушылар  үшін  белгілі  бір  сөйлемнің  құрамындағы  сөздерді 

синонимдермен алмастыруға болады. Мысалы: Біз ағаштың көлеңкесінде (саясында) 

демалдық; 

 



Мәтіннің  құрамындағы  сөйлемдердің  ретін  алмастыра  отырып,  ауыстырылған 

сөйлемдерді орын-орнына қою арқылы әңгіме құрастыру;  

 



Берілген мәтінге сүйене отырып, диалог құрастыру; 

 



Мәтіннен  іріктеліп  алынған  сөздердің  синонимдік,  омонимдік,  антонимдік 

сыңарларын анықтату;  

 



Мәтін  ішінен  қажет  мәліметті  бөліп  алу,  айыра  білуге  машықтандыру 

жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау; 

 



 Мәтінді    оқығаннан  кейін    мазмұнын  айту,  мәтін  бойынша  сұраққа  жауап  беру, 

жоспар  жасату,  бірнеше  бөлімге  бөліп  оқыту,  негізгі,  жанама  ойды  таптыру, 

қ

орытынды жасату; 

Кітаптағы  мәтіндердің  күрделілігі  сол  мәтіндермен  жұмыс  істейтін  оқушылардың 

білім  деңгейіне  сай  келу  керек.  Осыған  байланысты  мәтінмен  жұмыс  істеуді  түрлі 

ә

дістермен жүргізуге болады:  

Міне,  осындай  жұмыс  түрлерін  өткізе  отырып,  мәтіндермен  жұмыс  жүргізу  кезінде  

оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Есте болатын 

бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл 

дамыту  жұмыстарын  үнемі  түрлендіріп  отыру  қажет.  Өтілген  сөз,  сөз  тіркестерін, 

сөйлемдерді  үнемі  қайталап  отырмаса,  тез  ұмытылады.  Сондықтан  жаңа  сөздерді  үй 

тапсырмасын  тексергенде,  суретпен  жұмыс  жүргізгенде,  мәтін  оқығанда,  сұраққа  жауап 

бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн.   

Осылай шығармашылық процеске бастайтын шығармашылық көңіл-күй туады. 

Шығармашылық-  оқушыға  шын  ләззат,  қуаныш  сезімін  әкеліп,  жаңаны  жасау,  өзі 

жасаған тың дүниеден шабыт баспалдағына көтерілу болып табылады.  Шығармашыл тұлға 

бойында  батылдық,  еркіндік,  ұшқырлық,  сезімталдық  сияқты  қасиеттермен  қатар  ерекше  

ой  қызметі,  қиыншылықтарды  түсіну,  заңдылықтырды  анықтау,  шығармашылыққа  деген 

құ

штарлық басым болу  керек. 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Шығармашылық  -  оқушы    үшін  сұлулық  пен  әсемдіктің  мектебі.  Шығармашыл 

оқушының  ұстазы  да  шығармашыл  болуы  тиіс.  Білімді    терең  меңгеруде  мұғалім  мен 

оқушының біріккен еңбектері қажет. 

Шығармашылыққа баулу үшін ең алдымен психологиялық дайындықтан өткізу қажет. 

1.

 

«Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Үйрен » деп сенім білдіріп, еркін 

билеу керек; 

2.

 

Оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап көтермелеу. 

Оқушылар  басылымында  өлең  ,әңгімелер,  шығармаларының  жарық  көруіне 

көмектесу;  

3.

 

Шығармашылық  сәтте  құптаушылық  көзқарас  білдіру,  сезім  күйін  бақылау, 

қ

амқорлық таныту; 

4.

 

Ақын-жазушылардың,  өнер  адамдарының,  ұлы  адамдардың  шығармашылық 

дәстүрінен қызықты оқиғаларды әңгіме ету; 

5.

 

Педагог  өзін  қарапайым  жан  ретінде  таныта  білу,  оқиға,  сюжет,  образ  жасауда 

оларға сенім білдіру; 

6.

 

Оқушылар қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, оларды психологиялық 

еркіндікке  қамтамасыз ету; 

Шығармашылық  көңіл-күйдің  тууына  алуан  түрлі  тапсырмалар,  ойындар  ұсыну 

тиімді.  

Функционалдық сауаттылы тұлғаны қалыптастыруда: 

1.

 

Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу; 

2.

 

Ізденіске бағыттау; 

3.

 

Терең де, еркін ойлауға жетелеу; 

4.

 

Қ

абілеті мен еркін ойлауға үйрету; 

5.

 

Оқушы  интеллектісін дамыту; 

6.

 

Ә

р түрлі болжамдар жасату; 

7.

 

Шығармашылық іс-әрекетке жүйелі түрде  кірісу. 

Шығармашылық  ізденіс  –  көркем  шығарманы  түсініп  оқып,  жан-жақты  талдаулар 

жасауға жетелейді.  

Көркем мәтін бойынша дамытыла жүргізілетін  жұмыстар: 

-

 



Автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығармашылық жұмыс жүргізу; 

-

 



Автор идеясынан оқушы идеясына өрбіте жазылған шығармашылық жұмыс; 

-

 



Көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына өзгеріс 

ә

келмейтіндей «өз мәтінін» енгізу; 

-

 



Кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог, диалогын жазғызу; 

-

 



Көркем мәтінге  лирикалық шегініс жазғызу; 

-

 



Көркем мәтіндегі елеусіз деталь, штрихтарды оқушының сөйлетуі; 

-

 



Мәтіндегі кейіпкерлердің портерін өзі жасауы, тура мінездеуді толықтыру; 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



-

 

Автор  шығармасындағыдан  басқадай  тың  көркемдік  шешім  табу,  оқиға  құру 



т.с.с.  

Оқушыларды  функционалдық  сауаттылық  жетістіктерге  жетелеу,  әрі  үйрету  барысында 

мынадай нәтижелерді күтуге болады: 

 



Оқушы өз бетімен ізденуге болады; 

 



Білімді өз бетімен алуға болады; 

 



Оқушы  өзін-өзі басқаруы арқылы, өзіндік «мендік» қасиеті жоғары болу керек; 

 



Оқушының дарыны мен қабілетін дамып, анықталады; 

 



Функционалды сауатты тұлға қалыптасады. 

      Қорыта  айтқанда,  функционалдық  сауаттылықты  жүзеге  асырудың  басты  міндеті  - 

оқушылардың  теориялық  білімдерін  практикалық  тұрғыда  қолдануымен  қатар  тәуелсіз 

еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.      Оразахынова Н. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары//Қазақ тілі мен 

ә

дебиеті.-2013.-№2.-18-23б. 

    2.       Құрманова  Ж.  Оқушының  шығармашылық  іс-әрекетін  тиімді  ұйымдастыру  арқылы 

жеке тұлға қалыптастыру жолдары.- Өскемен,2014.-7-10б. 

    3.      Мұғалімге арналған нұсқаулық.-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.-

306 б. 

   4.      Аймауытов Ж. Бес томдық жинағы.Vтом.-1999.  – 301 б. 

 

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ 

 

Джакипова Аида Абдисатаровна 

КММ «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №31 орта мектебі, 

қ

азақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, 

Тараз қаласы, Қазақстан 

 

Түйін 

Осы  мақала  Абай  Құнанбайұлының  қара  сөздеріндегі  адамгершілік  пен  ар  –  ұят 

мәселесін  қазіргі  жас  ұрпақ  бойында  қалай  қалыптасқанын,  оны  қалай  түсінетіндіктерін, 

қ

андай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.  

 

Аннотация 

Это  статья  о  назиданиях  великого  казахского  поэта.  «Слова  назидания»  - 

фундаментальное произведение великого казахского акына и просветителя Абая Кунанбаева, 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



которое состоит  из 45 кратких  притч и философских  трактатов. В этой  прозаической 

поэме поднимаются проблемы национального воспитания и мировоззрения, морали и права, 

истории казахов. 

 

90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара 

сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, 

содан  туындайтын  даналық,  философиялық  түйіндерді  жинақтаған  публицистикалық 

ү

лгіде жазылған. Оның сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктері осы мақсаттан туады. 

Көлемі  шағын,  мазмұны,  мағынасы  мол,  терең  болып  келеді.  Кейбіреулері  сұрау-жауап 

түрінде, өзімен - өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.  

«Ақыры, ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара 

сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі 

жоқ  десе,  өз  сөзім  өзімдікі  дедім  де,  ақыры  осыған  бел  байладым,  енді  мұнан  басқа  ешбір 

жұмысым жоқ». «Бірінші сөзде» Абай қара сөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Ол 

осы «ойына келген нәрселер» туралы жазуды соңғы өмірін мақсат – мұраты тұтады. Сол 

арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді. 

Абайдың  қара  сөздерінің  жалпы  саны  қырық  бес.  Олардың  қайсысы  болса  да  сол 

дәуірдегі  әлеуметтік  өмірдің  күрделі  мәселелерін  сөз  етуге  арналады.  Кейбір  сөздері 

тақырыбы,  мазмұны  жағынан  бірін-бірі  толықтырып  отырады.  Абайдың  оқырманға  ой 

тастап,  тереңінен  толғаған  мәселесінің  бірі  –  адамның  адам  болуға  үйренуі,  естілікке 

ұ

мтылуы,  кәсіпке  мойынсұнуы,  дағдыны  дамыту  жайлары.  «Адам,  -  дейді  ол  «Он 

тоғызыншы сөзде», - ата-анадан туған есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, 

дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-дағы,  сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді 

болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке 

ө

зі  іске  жарамайды.Сол  естілерден  естіп  білген  жақсы  нәрселерді  ескерсе  жаман  дегеннен 

сақтанса, сондай іске жарайды, сонда адам десе болады». 

Адамның  естіген,  көрген  нәрселерін  есінде  сақтап,  өзіне  өмір  серігі  ете  білуінің 

жолдарын  ақын  «Отыз  бірінші»  сөзінде  айтады:  «Естілген  нәрсені  ұмытпастыққа  төрт 

түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, беркі болмақ керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я 

көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғу керек. Үшінші – сол нәрсені 

ішінен  бірнеше  уақыт  қайтарып  ойланып,  көңілге  бекіту  керек.  Төртінші  –  ой-кеселді 

нәрселерден  қашық  болу  керек.  Егер  бір  кез  болып  қалса,  салынбау  керек.  Ой-кеселдері: 

уайымсыз салғырттық ойыншы – күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық 

пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер». 

Бұл  сөздер  Абайдың  адам  тәрбиесіне,  оның  жас  ұрпақты  ойлы,  білімді,  есті  етіп 

тәрбиелеу мәселесіне айрықша көңіл қойғанын танытады. Осының  бәрін ақын адам өмірін 

мазмұнды ету үшін айтады. Ол үшін керек қасиеттер мен керексіз, адамның жақсы болуына 

бөгет  жасайтын  кеселдерді  ашып  көрсетеді.  Бірлік,  тірлік  деген  сөз  ұғымдарының  мәнін 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



түсіндіре отырып ол «Алтыншы сөзінде»: «Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес» десе, 

сол сөздің екінші жерінде: «Ырыс алды - тірлік» дейді. «Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден 

шықпағандық  па?  Жоқ,  ондай  тірлік  итте  де  бар...Жанын  қорғалатып,  жаудан  қашып, 

қ

орқақ атанып еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып еріншек атанып, ез атанып, дүниеде 

ә

лгі  айтылған  ырысқа  дұшпан  болады.  Тірлік  олар  емес,  көкірегі,  көңілі  тірі  болса,  соны 

айтады.  Өзің  тірі  болсаң  да,  көкірегің  өлі  болса,  ақыл  табуға  сөз  ұға  алмайсың.  Ал  ол 

еңбекпен ерінбей мал табуға жігер қыла алмайсың». 

Кеселді жалқау, қылжақбас, 

Ә

зір тамақ әзір ас, 

Сырты пысық, іші нас, 

Артын ойлап ұялмас, - 

болып жүріп, тірімін деме, онан да өлімнің өзі артық» дейді. Осы пікірін ақын «Отыз 

ү

шінші» және «Он сегізінші» сөздерінде де толықтыра түседі. Ол адам бойындағы ұнамсыз 

мінездерге  қоса,  мал  табудың  теріс  жолдарын  сынайды.  Мал  табудың  адал  жолын  өнерден 

іздеуге өсиет қылады. «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер 

жұтамайды»  дейді.  Жақсы  болудың,  жұрттан  озудың  жолын  да  Абай  өнер-біліммен 

байланыстырады.  «Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген 

нәрселермен  озады.Онан  басқа  нәрсемен  оздым  ғой  демектің  бәрі  де  ақымақшылдық»,  -  деп 

жазады. Ғылым – білім жайын сөз  

еткенде  Абай,  ең  алдымен  орыс  ғылымын  ауызға  алады.  Күн  көрістің  де,  мақсаты 

тіршіліктің  де,  мал  табудың  да  жолын  ол  орыс  өнерімен  байланыстырады.  «Орысша  оқу 

керек, - деп жазады ол «Жиырма бесінші сөзде», - хикметте, мал да өнер де, ғылым да – бәрі 

орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек 

керек...  Сен  оның  тілін  білсең  көкірек  көзің  ашылады...  Орыстың  ғылымы,  өнері  -дүниенің 

кілті». 

 

Қ

азақтың ел болуын Абай жас ұрпақты білім жолына тартуда деп түсінеді. Ол оқуға 

ықылассыз  халықты  өкіметтің  күшімен  көндіру,  жастарды  оқытуға  мол  қаражат  бөлу 

мәселелерін  алға  тартады.  Өкіметтің  күшімен  қазақтың  ұл,  қыздарын  еріксіз  түрде 

мектепке  беріп  оларды  ғылымның  әр  саласынан  мамандандырып,  ой  –  санасын,  жаңаша 

тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзгеріп психология, өзгеше наным – сенімдегі адамдар етіп 

шығарса ғана, елдің түзелетінін айтады. Сонымен бірге жұрттың бәрін қорқытып, зорлау 

мүмкін  емес.  Сондықтан  олардың  бірқатарына  ақшаның  күші  арқылы  балаларын  оқуға 

тартуға жағдай жасау керектігін де көтереді.  

 

Абай кезінде бала оқытудың өзі де қазақта үлкен даулы мәселе болатын. Кейбір көзі 

ашық азаматтар болмаса, жалпы халық баласын орыс мектебіне беруге қорқатын. Олардың 

ауыл  молдаларынан  сауат  аштырып,  тіл  сындырса,  қанағаттанатын.  Ал  Абай  өз 

шығармасында  қазақтың  ер  болуына,  мәдениетті  елдер  қатарына  қосылуын  ғылым  – 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



біліммен байланыстыра қарады да, жастарды оқытуды бірінші кезекке қойды. Сөйтіп, оын 

мемлекеттік шара есебінде көтерді.  

 

Абайдың қара сөздерінде қазақтың мақал – мәтелдерін мазмұны мен шығуы жағынан 

сынай  талдауға  да  орын  беріледі.  Өмір  сабағының  түйіні  есебінде  мақал-мәтелдердің 

жастарға  тәрбиелік,  өнегелік  мәні  барын  түсінген  ақын  оның  жас  ұрпақты  теріс 

тәрбиелейтін  үлгілерін  ашып  көрсетеді.  Ол:  «Мал  –  адамның  бауыр  еті»,  «Түстік  өмірің 

болса, күндік мал жи», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», «Ердің малы елде, 

еріккенде  қолда»,  «Өзіңде  жоқ  болса,  әкең  де  жат»  тағы  басқа  мақал-мәтелдерді  мысалға 

алады да,олар жайлы ойын былай түйеді: «Бұл мақалдардан не шықты?» Мәлім болды: қазақ 

тыныштық  үшін,  ғылым  үшін,  білім  үшін,  әділет  үшін  қам  жемейді  екен,  мал  үшін  қам 

жейді  екен;  бірақ  ол  малды  қалайша  табуды  білмейді  екен,  бар  білгені  малшыларды  алдап 

алмақ, яки мақтап алмақ екен, бермесе, оныменен жауласпақ екен. «Бесінші сөз». 

Осы ойын «Жиырма тоғызыншы» сөзде жалғастырады. «Жарлы болсаң, арлы болма» 

дейді.  Ардан  кеткен  соң  тірі  болып  жүргені  құрысын.  «Қалауын  тапса,  қар  жанады», 

«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ», деген – ең барып тұрған құдай ұрған сөз 

осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпенен өмір өткізгенше,  малды 

не жерден сұрау керек, не терден сұрау керек қой... 

«Атың  шықпаса,  жер  өрте»  дейді.  Жер  өртеп  шығарған  атыңнын  несі  мұрат?.. 

«Ата-анадан  мал  тәтті,  алтын  үйден  жан  тәтті»  дейді.  Ата  –  анасынан  мал  тәтті 

көрінетұғын  антұрғанның  тәтті  дерлік  не  жаны  бар.  Бұлардың  бәрінен  де  қымбат  ата-

анасын малға сатпақ - ең арсыздың ісі емес пе?, -дейді ол. 

Ақын  «қазақтың  мақалдарының  көбінің  іске  татырлығын»  да  көрсеткен.  Өз  де 

ө

леңдерінде,  қара  сөздерінде  көп  мақал  –  мәтелдер  жасаған.  «Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды 

қ

арның  тіленбей»,  «Азат  басың  болсын,  құл  –қолдан  келмес  іске  ұмтыл»  деген  сияқты 

Абайдың сөздері халық арасында мақал боп сіңіп кетті. Олар арқылы ақын елді еңбек етуге, 

кәсіпке үйренуге шақырды. Елді көтерудің, өзінің де қатарға қосылуының жолы еңбекте деп 

түсінді. Оның: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамдық 

қ

арызы  үшін  еңбек  қылсаң,  алланың  сүйген  құлының  бірі  боласың»,  -  деген  сөзі  де  осындай 

ғ

ибрат  ұсынады.  Абайдың  өзі  шығарған  нақылдарының  көбі  оның  «Отыз  жетінші»  сөзінде 

жинақталған. Онда: 

Бақпен асқан патшадан 

Мимен асқан қара артық. 

Сақалын сатқан кәріден 

Еңбегін сатқан бала артық. 

...Жаман дос – көлеңке. 

Басыңды күн шалса, 

Қ

ашып құтыла алмайсың. 

Басыңды бұт алса, 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Іздеп таба алмайсың. 

...Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, 

Адамның баласы – бауырың, - 

деген сияқты нақылдар бар.  

 

Абай  қара  сөздеріндегі  еңбек,  ғылым,  адамгершілік,  әділдік  т.б.  жөніндегі 

пікірлер оның ағартушылық, демократтық көзқарасын жан-жақты аша түседі.  

«Қара сөздер» Абайдың соңғы туындыларының қатарына жатады. 1900-1904 жылдар 

арасында  ауру  ақын  өндіріп  еш  нәрсе  жаза  алмаған.  Сөйтіп,  1904  жылдың  23  маусымында 

қ

айтыс болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет