Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции



Pdf көрінісі
бет16/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
 Оқу жылы барысында оқу – тәрбие үрдістерінде 

жаңашыл  бағыт  беретін  іс  –  шаралар  жоспарға  сай  көптеп  ұйымдастырылады. 

Мектептегі  барлық  шаралардың  заман  талабына  сай  жаңа  ақпараттық 

технологиялармен  өткізілуіне  мән  беріледі.  Даму  жоспарын  жасақтау  мақсатында 

мектептің бастапқы жағдайы жөнінде ізденіп, олардың оқу үдерісіне қатысты пікірлері 

мен  көзқарастарын  білу  бағытында  мектеп  басшылығымен,  мұғалімдермен, 

оқушылармен және ата - аналармен әңгіме, сұхбаттар, сауалнамалар өткізілді. Оларда 

мектеп  әкімшілігінің  жұмысы,  мектеп  мұғалімдерінің   көзқарастары  мен 

ұ

станымдары,  өз кәсіби міндеттерін атқару сапасы, оқушылардың білім алуы, олардың 

білім берудің әдіс - тәсілдерін өз бетінше талдауларына қаншалықты мүмкіндік берілген 

деген  сияқты  сұрақтар  мен  мәселелер  төңірегінде  ой  қозғалды.  Сауалнама 

қ

орытындысында  мектеп  мұғалімдерінің  мектептегі  ахуалға  көзқарастары, 

жұмыстарының  қаншалықты  ынталандырылуы,  қызметте  кездесетін  қиындықтар, 

олардың  шешілу  жайы  мен  жолдары,  жаңа  бастамаларға  деген  көзқарастары  деген  т.б. 

сауалдарға жауаптар алынды. Сол арқылы ХХІ ғасырдағы мектеп оқушысының бойында 

болуға  қажетті  дағдылардың  тізбесі  мен  сипаттары  анықталды.  Мектеп 

оқушыларының  көпшілігі  мектептің  келешек  дамуы  туралы  өз  ойларын  айтуда 

қ

иналатыны, өзі оқитын мектебі мен ұстаздарына  сенім білдіргенімен, мұғалімдерімен 

оқыту  мен  оқудағы  проблемаларды  талқылауға  дайын  еместігі  байқалды.  Оқушылар 

арасында түрлендірілген дебаттар, дөңгелек үстелдер, сабақта топтық жұмыс түрлерін 

ө

ткізу  арқылы  өз  келешегін  анықтап,  жоспарлауға  ұмтылатынына,  ұйымдастыру 

жұмыстарын  жүргізуге  тәрбиеленіп,  жауапкершіліктері  мен  көшбасшылық 

қ

абілеттерінің  артатынына көз жеткізуге болатынын ескере отырып, даму жоспарына 

маңызды  мақсаттар  қарастырылды.  Мектептің  болашақ  бағыттарын,  ұзақ  мерізімді 

мақсаттарын  анықтауда  әкімшіліктің  басымдығы  жоғары  екені  байқалады,  яғни 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



негізінен  мектеп  әкімшілігінің  ролі  басым,  мектеп  қызметкерлері  тек  әдістемелік 

жұмыстар бойынша өз пікірлерін білдіре алады. 

 

Жоғарыда  аталған  деректерді  басшылыққа  ала  отырып,  талдау  жұмыстарын 

жүргізген  кезде  мектептің  даму  жоспарына  мектептің  болашақтағы  оқыту  мен  оқу 

тәжірибесіне  өзгерістер  енгізер  алдында  мұғалімдердің,  оқушылар  мен  ата  -  аналардың 

пікірін  біліп  алудың  маңыздылығына  көз  жеткізіп,  мектептің  басшылығы,  әкімшілігі  және 

қ

ызметкерлері мектеп жұмысының алдағы уақыттағы бағыттары туралы шешім қабылдау 

ү

шін  бірлесе  жұмыс  істеулері  керек  деген  тоқтамға  келді.   Мектептің  даму  жоспарына 

енгізген  өзгерістер  ішінде  педагог  қызметкерлердің  кәсіби  дамуына  мақсатты  түрде 

басымдықтар  берілді. Негізгі  мақсаты  мұғалімдер  әр  сабақта  жаңа  әдіс  –тәсілдерді, 

модульдерді  қолдануы  және  өзара  тәжірибе  алмасуы,  оқушыларды  топпен  жұмыс  істеуге 

машықтандыру  жолдарын  меңгерту,  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін   жоғарылату  және 

жаңаша жұмыс істеуге ынталандыру болып табылды. Мұнан күтілетін нәтиже ең алдымен, 

оқу сапасы жоғарылайды, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оқушылар  арасында 

ынтымақтастық қалыптасады, сөйлеу дағдысы қалыптасады, бірін - бірі тыңдауға үйренеді. 

Жоспардың  «Педагог  кадрлардың  сауаттылығын  арттыру»  бөлімінде  мектеп 

мұғалімдерінін  нормативтік  құжаттарды  үнемі  басшылыққа  алып  жұмыс  жасауға 

машықтандыру  бойынша  жұмыстар,  ал  «Мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  көтеру» 

бөлімінде мастер класс, коучинг ұйымдастыру, менторлық жүргізу арқылы шығармашылық 

топтардың  (шығармашыл  ұстаздар  тобы  мен  «Асу»  шығармашыл  оқушылар  тобы) 

жұмысын  дамыту  үшін   іс-тәжірибесімен  бөлісу,  тренингтер  өткізу,  менторлық  жүргізу 

шаралары, 

мұғалімнің 

шығармашылық 

белсенділігін 

арттыру 

бағытында 

сауалнамалар,  сабақтарға қатысу, талдау, талқылау,  рефлексия жасау, кәсіби сайыстарға 

қ

атысу,  жас  мамандардың  жұмысын  басқару,  оларға  жан-жақты  әдістемелік  көмек  беру, 

тәлімгерімен тығыз байланыс орнату, кәсіби сайыстар ұйымдастыру, апталықтар өткізу, 

жаңа  үлгідегі  жабдықталған  кабинеттердің  (мультимедиалық  құрылғылар,  интербелсенді 

тақтаны  қолдану  т.б.)  мүмкіншіліктерін  пайдалана  білуді  үйрету  үшін        теориялық 

семинарлар, 

мастер 

класс, 

практикумдер 

ө

ткізу 

сияқты 

жұмыстар 

қ

арастырылған.  Сондай  -  ақ  сыныпта  оқушыны  және  сабақты  зерттеу  іс-әрекеттерін 

жүзеге  асыруға  үйрету  бағытында  тақырыптық  сауалнама,  «Lesson  Study»  тәсілін  енгізу, 

сабақтарға  қатысу  жұмыстарын  жүргізу   көзделген.  Мектептің  дамыту  бағытына 

байланысты  жаңаша  оқыту  тәсілдері  бойынша  мұғалімдермен  өткізген  коучинг 

сессияларын  қадағалап,  ақыл-кеңестер  беру  және  мұғалімдер  коучинг  бойынша  топтарға 

бөлініп,  жаңаша  сабақтың  ОМЖ  және  ҚМЖ  сабақ  жоспарларын  жасап,  ол  сабақтарда 

мүмкіндігінше   Lesson  study  түрінде  жоспарлауға  машықтандыру  жолдары  қарастырылды. 

Мектепте  өзара  тәжірибе  алмасу  мен  оқып-үйренуге  бағытталған  кәсіби  қоғамдастық 

құ

руда   қарым-қатынас  пен  біріккен  іс-әрекет  жүргізуге   ұйымдасқан  адамдар  тобын  құру, 

іскерлік  қатынастар  желісін  орнату,  кәсіби  ақпаратпен  алмасуларды  жүзеге 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



асыру,   оқушылардың  білім  сапасы  жоғары  нәтижеге  жету  үшін  бір  мектеп  шегінде  ғана 

емес, басқа мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған түрлі 

іс-шаралар  жопарланды.  Мектепте  үйлестіру  жұмысымен  айналысатын  қызметкерлер  өз 

ә

ріптестерімен  жұмыс  істеу  жөніндегі  кәсіби  дағдыларды  меңгерсе,  мектептің  қандай 

бағытта  дамып  жатқанын  айқын  түсінер  еді.  Сонда  ғана  мектептің  барлық 

қ

ызметкерлеріне  де  көшбасшылық  функция  атқаруға  мүмкіндік  беріледі.  Мектептің  жаңа 

перспективалық  жоспарын   жасақтауда  мектепте  бірлескен  оқу  мен  білім  қалыптастыру 

ә

дістерінің  әдістемелік амал - тәсілдерін кеңінен  қолданады, мұғалімдер өз әріптестерімен 

ө

зінің  сәтті,  сондай  -  ақ  сәтсіз  тәжірибелерімен  бөлісе  отырып,  себептері  мен 

факторларын  анықтап,  қызметтестерінің  іс  -  тәжірибесін  сын  тұрғысынан  бағалайды. 

Мектептің даму жоспарының «Педагог кадрлармен жұмыс» бөлімінде мұғалімдердің кәсіби 

біліктілігін  көтеру   мақсатында  деңгейлік  курстарда  білімін  жетілдіру  үшін  мұғалімдерді 

жіберу мақсатында мектепте шығармашылық тобы құрылып, ниет білдірген мұғалімдерге 

тапсырмалар  дайындалып,  сынақтар  алынып,  педагогикалық  кеңестің  шешімімен  ұсыну 

қ

олға  алынуда.  Жоспарда  әр  ұстаздың  өз  жұмысында  жаңа  әдіс  тәсілдерді  қатыстыра 

отырып  түрлі  іс  шараларды  жүзеге  асыруы  қарастырылған.  Онда  мұғалімдер  бір  -  біріне 

ілтипатпен  қарап,  жұмыста  кездескен  әртүрлі  проблемалардан  қорықпауға,  олар 

пікірлерімен  және  ресурстарымен   алмасу  мақсатында  бір  -  бірінің  сабақтарына  бейресми 

түрде қатысуға, жетістіктерді бірлесе талқылап, жаңа идеяларды  анықтауға  және оларды 

оқыту мен оқуда негіз етіп алуға басымдықтар берілген.  Идеялар авторының  мәртебесіне 

қ

арамай,  маңыздылығына  қарап  бағаланады.   Жас,   еңбек  жолын  жаңа  бастаған 

мұғалімдердің   жұмысы  үшін  ұжымдық  жауапкершілік  алу  басым  болады.  Мектепті 

реформалау жағдайында, оқып-үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи 

технологияларды  қолдануға  көшу  процесінде  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  арттыру 

мәселесіне баса көңіл бөлініп отыр. Бұл білім   беру сапасын арттыру негіздерінің бірі және 

бірегейі болып табылады. 

 

Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму жоспарында 

(Коучинг  өткізу,  «Lesson  study»  үдерісі,  Желілік  қоғамдастық,  Тәлімгерлік  сияқты) 

инновациялық, 

интерактивті 

ә

дістерді 

 пайдалану 

арқылы 

сабақ 

сапасын 

арттыру,  интернет жүйесімен байланысты жандандыру, жаңа ақпаратты технологияны 

меңгеру,   жоғары білікті және бәсекеге қабілетті құзырлы тұлға тәрбиелеу сияқты мақсат- 

міндеттер қарастырылған. 

Жаңалыққа  жаны  құмар,  өз  мамандығын  шексіз  сүйетін  мамандарға  тәлімгерлік 

жасап,  бағыт  бағдар  берудің  орны  ерекше.  Мұғалімдер  өз  әріптестерімен  өздері  сабақ 

беретін  пән  бойынша  және  мазмұндас  пән  бойынша,  бір  ұйымның  ішінде  немесе  бір  қатар 

басқа ұйымдардың өкілдерімен  желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін 

көздейтін  басқа  да  іс-шаралар  аясында   ынтымақтастық  орнатуының  маңызы  зор  болмақ. 

Мұғалімдер  әріптестерімен  ынтымақтастықта  оқу  ортасын  құру,  жүргізу,  басқару  және 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



жоспарлауға  үлес  қосу  үшін  өзінің  мүмкіндіктерін  барынша  жетілдіріп  отыруға  тиіс. 

Желілік   қоғамдастық  арқылы  әлемдік  үздік  тәжірибелерді  қорытып,  деректер  жинақтау, 

ө

згерісті  іске  асырудың  кешенді  жоспарын  құрып,  орындалу  кезеңдерін  белгілеу,  пайдалы 

тиімділігін зерттеп, ұжым талқысына салу және әдіс-тәсілдерін құру сиякты маңызды іс 

ә

рекеттер мектептің даму жоспарына енгізілуі шарт. 

Мектептегі оқу тәрбие үдерісінде осындай өзгерістерден аңғарғанымыз: Егер мектеп 

ә

кімшілігі  мен  ӘБ  жетекшілері  өз  жұмыстының  кейбір  салаларын  басқа  да 

мұғалімдермен   бөлісетін  болса,  күнделікті  жұмыс  ағымын  жеңілдетер  еді.  Оқу  орнын 

дамытуға  тырысатын  мектеп  басшылығының  атқаратын  жұмысының  көлемі  өте  көп 

болады.  Қазіргі  уақыт  сипатына  тән  әрі  жылдам,  әрі  адам  ойына  келмейтін  өзгерістер 

заманында   мектеп  әкімшілігі  мен  ӘБ  жетекшілері  өз  өкілеттілігін  бөлісу  арқылы 

мұғалімдерді,  жас  мамандарды  жақсырақ  таныр  еді.  Бұл  және  оларды  өзін-өзі  жетілдіруге, 

шығармашылыққа ынталандыру жолы да. Өкілеттілікті бөлісу әсіресе ұжымында өзін –өзі 

басқару  процесін  жетілдіруге  тырысатын  басшылар  үшін  аса  маңызды  болмақ.  Сауалнама 

мен  ашық  әңгімелер  арқылы  шешім  қабылдайтын  көшбасшы  мұғалімдер  қатары  неғүрлым 

көбейген  сайын,  жұмыс  ауқымы  да  соғұрлым  мол  атқарылатындығын,  мектеп  мәселелері 

туралы  «ойланатын»  мұғалімдер  қатары  көбейген  сайын,  басқару  қызметі  де  соғұрлым 

тиімді болатыны байқалады. 

Мектебіміздің  даму  жоспарына  өзгерістер  енгізу  үшін  анықталып  алынған 

тақырыпты  («Мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігі  –  білім  сапасын  арттыру  негізі»

нақты  және  маңызды  деп  ойлаймын.  Онда  көрсетілген  дамудың  басым  мақсаттары  мен 

күтілетін  нәтижелері  де  өзекті.Өйткені  бұл  тақырыптың  таңдалып  алуына  жоғарыдағы 

жасалған  жұмыстар  негіз  бола  алады.  Бүгінде  Қазақ  елін  дамыған  50  елдің  қатарына 

жеткізетін, терезесін тең ететін – білім болса, білім беру жүйесінің алдында болашақтың 

бәсекесіне  қабілетті  XXI  ғасыр    шәкіртін  тәрбиелеу  және  оқыту  үрдісін 

технологияландыру  мәселесі  тұр. Мектепке  өзгеріс  енгізу  үдерісі  көрсетілген  кезең  ішінде 

толық  жүзеге  асады  деу  қиын,  әйтсе  де  жоспарлаған  іс  шаралардың  уақытында,  сапалы 

жүргізіліп отырғанына қарап, жоспарланған іс шаралардың  орындалатынына  сенімім  мол. 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ 

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ 

 

Байкенова Панаргуль 

КММ №101 мектеп-лицейі, 

бастауыш сынып мұғалімі, 

Қ

арағанды қаласы, Қазақстан 

 

 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Түйін 

 

П.А.Байкенованың  «Бастауыш  сынып  оқушылардың    тілін  дамытудағы 

дидактикалық  ойынның  рөлі»  атты  мақаласы  ойын  технологиясын  қолдану  оқыту  және 

тәрбиелеудің айрықша әдісітері туралы. 

 

 

Аннотация 

 

Статья  Байкеновой  П.А.  «Роль  дидактических  игр  в  развитии  речевой 

деятельности учащихся начальных классов» посвящена использованию игровых технологий 

в учебном процессе

 

           Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу 

мұғалімдердің  басты  борышы.  Мұғалім  сабақты  түрлендіріп,  өмірмен  байланыстырып 

ө

туінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып оқу пәндері 

арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. 

Балаларды жай оқытып қана қоймай, тиянақты оқыту керек, оқырман болуға үйрету 

керек.  Бала  бойындағы  сауатсыздық,  жалқаулық,  ұқыпсыздық,  немқұрайлылық,   сабаққа, 

айтылып  жатқан  сөзге  зейін  қоймау,  берілген  тапсырманың  мәнісіне  мән  бермеу  сияқты 

ә

рекеттердің  олардың  бойында  мектепке  келген  күннен-ақ  басталатынын  ғалымдар 

анықтап отыр.  

 

Тіл  –  қай  ұлттың  болмасын  тарихы  мен  тағдыры,  тәлімі  мен  тәрбиесінің  негізі, 

қ

атынас  құралы.  Тіл  болмаса  сөз  болмайды.  Сөз  болмаса  адамның  тірлігінде  мән-мағына 

болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің адам өмірінде алар орны ерекше. Міне, осы орайда 

мемлекеттік  тіл  туралы  терең  ойлану  әрқайсымыз  үшін  парыз.  Жыл  өткен  сайын 

мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілінің  мәртебесі  өсіп,  абыройы  арта  түсуде.  Тіл  –  халықтың 

жаны.  Егер  тіл  құрыса,  халық  та  жер  бетінен  жоғалады.  Қай  елдің  болсын  өсіп-өркендеуі 

ө

ркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  оның  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуына, 

даму  бағытына  тікелей  байланысты.  Себебі  қазіргі  кезде  әр  адамның  болашағы  оның  алған 

білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі 

жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты 

дамыған,  шығармашылық  тұлға  қалыптастыруымыз  қажет.  Оқыту  мен  оқу,  үйрету  мен 

ү

йрену үнемі бір-бірімен астасып жатады. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге 

деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру қажет [1, 16].  

Оқу  процесінің  жеделдеуіне  байланысты  қазақ  тілі  пәнін  заман  талабына  сай, 

ә

ртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып тұр. Қазақ тілін оқытуда ойын 

түрлерін пайдалану баланың білімін тереңдете түсуге көмектеседі.  

Ойын  –  оқыту  және  тәрбиелеудің  әдісі  ретінде  айрықша  орын  алады.  Ойын  таным 

белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Ойынның  түрлері  өте  көп,оларды  әдіскер-ғалымдар 

дидактикалық,  грамматикалық,  лексикалық,  фонетикалық,  рольдік,  іскерлік  деп  бірнеше 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



түрге  бөліп  қарастырады.  Қай  сабақ  болмасын  баланы    ізденіске  баулу  керек.  Оны  жүзеге 

асырудың бірден-бір жолы – сабақ процесінде ойын түрлерін тиімді пайдалану.  

Сабақта ойынды тиімді пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, 

танымдық  белсенділіктерін  арттырып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  олардың  талабын 

ұ

штастырып,  ой-өрістерін  кеңейтуге,  іздену  қабілеттерін  дамытуға  әсерін  тигізеді. 

Балаларды    сабаққа  қызықтыру  үшін  концерт-сабақтар,  практикум-сабақтар,  жарыс 

сабақтары,  той  сабақтары  сияқты  сабақ  түрлері  мектептерде  өткізіледі.  Сабақта 

ө

ткізілетін  негізгі  материалдарды  жоғалтып  алмай,  оқытудың  әртүрлі  әдіс-тәсілдерін 

дұрыс меңгерген жөн. Балабақша тәрбиешінің іс-тәжірибесінің молдығы, шығармашылықпен 

жұмыс  істеуі  келешек  ұрпағымыздың  сауатты,  білімді,  жан-жақты  саналы  азамат  болып 

ө

суіне ықпалын тигізбек. Яғни, сабақтың  білімдік мазмұны мен тәрбиелік мәнін бірлікте 

қ

арау ұстаздың негізгі мақсаты.  

Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының қазақ тілін үйренуге, 

жете  меңгеруге  деген  ықыласын  арттырып,  пәнді  толық  меңгеруге  деген  қызығушылығы 

артады. Оқушылар білімді ойын арқылы да алады. Сабақта ойын арқылы білімін шыңдап, ой-

ө

рісін кеңейте алады. Оқушының жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар 

баланың  ақылын,  дүниетанымын  кеңейтеді,  мінез-құлқын,  ерік-жігерін  қалыптастырады 

және сабаққа қызығушылығын арттырады. Балабақшада баланың сабаққа қызығушылығы мен 

белсенділігін  қалыптастырудың  жолдары  да  сан  алуан  [2,  24].  Ойынның  түрлері:  ұлттық 

ойындар, сюжеттік рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, сахналанған ойындар, қимылды 

ойындар, үстел үсті ойындары, құрылыс ойындары. 

Ә

сіресе дидактикалық ойындар мен түрлі материалдар арқылы жүргізілетін ойындар 

кеңінен  пайдаланылады.  Әрбір  дені  сау  бала  туылғаннан  әр  нәрсені  зерттеп  білуге, 

ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсіну, қоршаған ортаны 

танып  білуді  қалайды.  Ал  оған  ойынның  атқаратын  рөлі  өте  зор.  «баланы  ойын  өсіреді» 

деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, ойын арқылы тұрмыс-

салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным түсінігі қалыптасады. 

Оқыту  процесінің  әртүрлі  сатысында  ойын  түрлері  танымдық  мақсатты  көздей 

отырып  әртүрлі  формада  қолданылады.  Заттың  түріне  қызығушылық  басым  болады. 

Сондықтан олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек. Жоғары топтарда ойын түрлері 

шығармашылық  мәнде,  мақсатты  түрде  жүргізіледі.  Сабақтағы  ойын  түрі  –  ұжымдық 

еңбек,  сондай-ақ  тәрбиелік  мәні  зор  тәсілдерге  жатады.  Ойын  барысында  оқушының 

қ

абілеті, іскерлігі көрінеді. Тәрбеиші әр баланың жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын 

баланы бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын қалыптастырады.  

Ойын  түрлерін  қолдану  арқылы  жаңа  тақырыпты  жеңіл  де  тиянақты,  нақты 

түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталады.  

Қ

азақ тілі сабақтарында ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдануға болады: 

1.

 

Тән дыбыстарды дұрыс меңгерту. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет