Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции



Pdf көрінісі
бет12/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев. Қазақ әдебиеті, оқулық, Алматы: «Рауан», 1997ж. 

2.

 

Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов. Философиялық сөздік, Алматы, 1996ж. 

3.

 

М.Мырзахметов. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы: 

Рауан 1993ж. 

4.

 

С.Мұханов.  Жарық жұлдыз: Абай Құнанбаевтың шығармалары 

туралы. Алматы: 1995ж. 

5.

 

А. Құнанбаев «Сен де бір кірпіш дүниеге...» Абай туындыларының мектепке арналған 

хрестоматиясы, 1994ж. 

 

Ә

ЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНЕ ЕНУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

Ә

ДЕБИЕТ ПӘНІН  ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

Калмагамбетова  Гүлжамила Шынтасовна 

Ақтөбе қаласы №1 орта мектеп, 

қ

азақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 

Ақтөбе қаласы, Қазақстан

 

 

Аннотация 

Великий  ученый  и  педагог  А.Байтурсынов  сказал:  "Нет  ни  одного  метода  в  хорошем  и 

плохом  деянии.  Знать  один  качественный  метод  -  знак  профессионализма.  Преподаватель 

должен  знать  много  методов  и  должен  ими  пользоваться"  .  Педагогическая  инновация  -  это 

особая  сфера  научного  знания,  изучающая  процессы  развития  школы,  связанные  с  созданием 

новой  практики  образования.  А  инновационные  технологии  -  это  производство  нового  для 

системы  образования  компонента.  Любая  педагогическая  технология  должна  быть 

переосмыслена учителем и окрашена творческим и эмоциональным отношением к своему делу и 

искренней любовью к детям, ученикам. 

В статье отмечены способы обучения учащихся на уроках казахского языка и литературы 

критическому  мышлению,  в  процессе  анализа  художественного  произведения;  рассмотрены 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



возможности  интеграции  теории  в  практику;    обоснованна  значимость  критического 

мышления в развитии творческой компетентной личности.  

 

Елімізде  болып  жатқан  іргелі-іргелі  өзгерістер  мен  қайта  жаңғырулар  оның  білім  мен 

тәрбие беру жүйесіне де түбірлі өзгерістер мен мақсаттар әкелді. Ұлттық білім беру жүйесінің 

мақсаттары  мен  міндеттерін  құруда  айтулы  жаңарулар  жүріп  жатыр.  Білім  стардартының 

жасалунуы,  төл  оқулықтарымыздың  дүниеге  келуі,  мектептерді  жаппай  компьютерлендіру, 

инновациялық  технологиядан  іздену,  білім  мазмұнын  байыту,  әлемдік  білім  кеңістігіне  ену 

мақсатындағы  жұмыстар  сол  өзгерістің  куәсі.  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  Білім.  ғылым 

қ

ызметкерлерінің  II  съезінде:  "Сіздер  мен  біздер  тек  болашақ  буынды  ғана  емес,  жалпы 

адамзаттық  қадір-қасиеттердің  мән-маңызын  түсінетін,  жаны  да,  тәні  де  таза,  білімді 

патриот-азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің 

халқын сүюге тәрбиелеу - мұгалімнің саса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы", - деген 

болатын.  Олай  болса,  жеке  тұлға  бойында  Отанын,  туған  жерін,  өз  халқын  сүю  қасиеттерін 

қ

алыптастырып,  бойына  сіңіруде  мектептегі  әр  мұғалімнің,  соның  ішінде  қазақ  тілі  мен 

ә

дебиеті  пәні  өнімсіз  әдіс-тәсілдер  орнына  технологиялық  сабақтарды,  оқушыны  жеке  тұлға 

ретінде  қарастыра  отырып,  олардың  білімді  өз  ізденістері    арқылы  алуын,  өзін-өзі  оқытуын 

ұ

йымдастыруды өз істәжірибемде алдыға қойып келемін. Технологияның ең негізгі - мақсаттар 

жүйесі,  оның  қорытынды  нәтижесі.  Мақсат  -  ең  негізгі  компонент.  Ол  нәтижеге  жетуді 

айқындайды. Жоспар емес, оқу үдерісінің жобасы талап етіледі. Жоба дегеніміз - технологиялық 

карта, бағдарлама. Мұғалім іс-ірекетті емес, оқушы іс-әрекетті алдынғы қатарда тұрады, сол 

арқылы нәтижеге жету жобаланады.  

Технологиялық  сабақтарда сабақ құрылымы, оның негізгі элементтері оқушы мен мұғалім 

іс-әрекетін алгоритмдеуге құрылады, сабақтың кезеңдерінде негізгі мақсаттар жүзеге асуы тиіс.  

Сабақ  -  мұғалімнің  жеке  педагогикалық  шығармашылығы.  Она  жобалауда  мұғалім  сабаққа 

қ

ойылатын талапты ескереді, басшылыққа алады, сондай-ақ өз ізденісі, мүмкіндігін пайдаланады. 

Сабақтарда мына негізгі талаптар ескеріледі: 

-мақсаттар жиынтығы; 

-дидактикалық міндет, мақсаттарды түгел орындау, жүзеге асыру; 

-сабақтың ғылымилығы; 

-пенаралық байланыс; 

-проблема қоя білу, оны шешу (сабақта туатын проблема); 

-оқушылардың танымы, ойлау белсенділігі, қабілетті, дарынын дамыту; 

-оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеру, сол арқылы дербес қарым-қатынас жасау; 

-оқу жабдықтарын кешенді түрде пайдалану; 

-білімді бағалау, жинақтау, коррекция жасау; 

Ә

дебиетті  ұлағатты  адамдар  "адамтану  құралы"  десе,  әдебиет    пәнін  "адам  тәрбиелеу 

құ

ралы" дер едім. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастығы, өмірдің ең қымбаттысы, ен асылы - жақсылық пен 

ізгіліктің ұрығын себеді.  

Ә

дебиет пәні - өнер пәні, адамтану пәні дедік. Сонымен қатар, әдебиет пәні - жан-жақты 

ойлантудың,  терең  ойлаудың  пәні.  Ой,  ойлану,  ойланту  барлық  пәндерге  де  керек.  Ойсыз  өмір 

сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік ойлау, өзіндік пікірде 

жатыр.  Әдебиетті  оқутыда  мұғалім  оқушыларға  көркем  туынды  туралы  оқулық  авторы,  не 

ғ

алымдар  пікірін  қайталутыд,  не  соны  қаз-қалпында  мазмұндатуды  мақсат  етпеуі  керек,  ең 

бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікіріне, ойына көңіл бөлген жөн.  

Ә

дебиетте  дайын  формула,  жаттап  алатын  заңдылықтар  жоқ.  Егер  көркем  туынды 

туралы  оқушының  өз  қабылдауы,  өз  пікірі  туындаса,  соны  негізге  ала  отырып,  жаңа  білімді  

игертуге  іс-әрекет  жасалса,  мұғалімнің  әр  сабағы  нәтижелі  болады.  Дәстүрлі  оқытудағыдай 

берілетін білімді ең алдымен мұғалім түсіндіріп , сол түсінікті, сондай-ақ оқулықтағы ұғымды 

оқушы  қайталап беріп отырса, ол өнімсіз деңгей болып есептелінеді. Әдебиеттің әр сабағында 

оқушының  іс-әрекетті  бірінші  кезекте  тұруы  керек.  Ұлы  Абай  білім  алудың  жолы  туралы: 

"Білім, ғылымдың көбейтудің екі қаруы бар: 

1. ойлау, пікірлесу; 

2.  сақтау,  қорғау,  "сонда  білімнің  зораяды"  -  дейді.  Данышпан  Абай  да  "ойлау",  

"пікірлесуге"  ерекше  көңіл  бөлген.  Әдебиеттің  қай  сабағы  болмасын  өзіндік  ойлау,  пікірлесуге, 

Сократтың "исследуем" ұстанымына негізделсе, ол өнімді болмақ. 

Сабақты  жаңаша  түрде  өткізуге  мүмкіндік  береді.  Ең  басты  артықшылығы  -  берілетін 

білімді көзбен көре отырып қабылдауға қол жеткізеді. Дана қытай халқы: "Маған айтып берсең, 

мен  ұмытып  қаламын,  маған  көрсетсең,  мен  есімде  сақтаймын,  менің  өзіме  жасатсаң,  мен 

ү

йренемін" дейді екен.  Жаңа материалдың қаншалықты деңгейде игерілгендігін анықтау және аз 

уақытта  барлық  оқушы  білімін  бақылау  үшін  ACTIVote  тестілеу  жүйесімен  жұмыс  жасау  - 

сабақ  уақытын  тиімді  пайдаланудың  біржолы.    Қазіргі  кезде  интернет  желісінен    әдебиет 

сабағына  қатысты  бейнетматериалдарды  көшіріп  алу  мүмкінідігі  де  туып  отыр.  Өз  іс-

тәжірибемнен  айтатын  болсам,  әдебиет  сабақтарында  Мұқағалидың    өз  даусымен  оқыған 

ө

леңдерін тындату, Абай,  Шәкірім әндерін,  "Көксерек", "Қыз Жібек", "Абай", "Менің атым - 

Қ

ожа" т.б. фильмдерден үзінді көрсету арқылы көркем шығарманың түп нұсқасын  оқуға оқушы 

қ

ызығушылығының арттыруға болады. Менің ойымша, бұл - тіл үшін маңызды. Өйткені қазіргі 

мектеп  оқушысының  көркем  әдебиетке  қызығушылығы  төмен.  Ал  оқушы  тарапынан  көркем 

ә

дебиетті  оқымау  тіл  жұтандығына,  қарапайым  сөздердің  өзінің  мағынасын  түсінбеуге  алып 

келуде.  

Ә

сіресе, тіл және әдебиет сабақтарында белсенді технологиясы мен сын тұрғысынан ойлау 

бағдарламасының әдіс-тәсілдерін пайдалану қолайлы әрі оң нәтиже болып келеді. Белсенді оқыту  

технологиясының  "Миға  шабуыл",  "Аяқталмаған  сөйлем",  "Ашық  сұрақтар",  "Жұптық 

жұмыс",  "Өз  ұстанымынды  тап",  "Нақты  жауап",  "Пікірлер  шкаласы",  ал  сын  тұлғасынан 

ойлау  бағдарламасының  "Бес  жолды  өлең",  "Еркін  жазу",  "Топтау",  "Түртіп  алу",  "Болжау", 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



"Жұпқа  талқылау",  "INSERT",  "Семантикалық  карта",  "Т  кестесі",  "РАФТ"  сияқты  әдіс-

тәсілдері  сабақты  түрлендіріп  арттыруға,  бір  бірінің  және  өзінің  жұмысына  баға  беріп,  сын 

көзбен  қарауға  итермелейді,  сабақ  үстіндегі  оқушы  қызығушылығын  тудырып,  белсенділігін 

арттырады. Алайда бір әдісті үнемі қайталай бермей үшін мұғалім өзіне осындай белсенді әдіс-

тәсілдердің  тізбесін,  картотекасын  жасап  алғаны  дұрыс.  Бұл  кейбір  әдістердің  ұмыт  қалып, 

ендігі әдістердің жиі қолданылып кетуінен, оқушыны жалықтырып жіберуден сақтайды.  

Оқудың, білім алып іздеудің түпкі пайдасын қазақ халқы жіті білген, жете бағалаған. "Оқу 

-  шала  естіні  бүтін,  бүтін  естіні  данышпан  қылады".  Кемеңгер  халық  бала  тәрбиесіндегі 

ғ

асырлар бойы тұжырымын осылайша жалғыз ауыз  сөзге сыйғызыпты. Бағы  заманнан үйрету-

ү

лкеннен,  үйрену-кішіден.  Оқушыға  жан  құштары  ғана  емес.  Үйретушінің  де  талантты, 

табанды, талапшыл болғаны.  

Халқымыздың  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып,  әкеден  балаға  ауыса  отырып,  қазіргі  замаңға 

дейін келіп жеткен, ұлттық болмысын сипаттайтын өз жолы бар. Бұл жер - жаһандағы әрбір 

халыққа  тән.  Ата-баба  бір  күнде  қалыптасқан  жоқ.  Қазақ  халқының  өзімен  бірге  ұзақ  дәуірлер 

ішінде қалыптасып, сомдалды. Бұл ұзақ даму  процессінің нәтижесі. Адамды  жақсы ететін де, 

жаман  ететін  де  -  тәрбие.  Сондықтан  жеткіншек  ұрпақ  өз  халқының  рухани  қазынасымен, 

ұ

лттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен неғұрлым тереңірек сусындап өсуі керек. 

Заман ағымына орай, ақыл-ой озық, білімі мен ұлттық рухы күшті, өзің еркін ұстайтын 

тұлға  тәрбиелеу  -  бүгінгі  күннің  талабы.  Ұрпағымызға  өнегелі  тәрбие  беруде,  бойларындағы 

білім мен өнерге деген құштарлығын арттыруда, өз халкынынң беделін көтеріп, барын бағалап, 

жоғын  жоқтауына  ата-бабаларымыздың  тәлімдік  тәрбиелері,  ғұлама-ойшыларымыздың  ой-

толғамдары мен ұстанымдарының ықпалы зор.  

Ұ

лттық  тәлім-тәрбиесіз  қлттык  намыс  болмайды.  Осы  арайда  ұлы  ойшыл 

ғұ

ламаларымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына сүйенбей мүмкін емес. Ендеше, ойшыларымыздың 

ой-тебіреністеріне  назар  аударсақ,  Ж.Баласағұнның  "Ата-анадан  өсіп  ұрпақ  тараған,  жақсы, 

жаман  болса,  бала  -  солардан".  Яғни  ата-ана  да  -  адам,  сондықтан  олардың  да  қателесетін, 

ағаттық жіберетін кездерін еске салады және де "Арсыз - адамның қоры, адам өз атын кісілікпен 

көтереді",  деген  сөзінде  әр  ұлт  қадірін  білген  азаматтың  бірі  Ж.Аймауытов:  "Мен  халыққа 

кіндігіммен  байланып  қалғанмын.  Оны  үзе  алмаймын.  Үзу  қолымнан  келмейді"  -  дейді.  Сырым 

Датұлы: "Мен ағайынды екеумін: бірі - өзім, екіншісі - халқым" - дейді.  

Қ

азақ  халқының  осындай  дәріптеуге,  қастерлеуге,  дамытуға  тұрарлық  ұлттық  рухани 

және  материалдық  құндылықтары  туралы  ұлағатты,  құнды  ойларын  халық  игілігіне,  келешек 

ұ

рпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? 

"Білім  ұлттық  рухқа  байлану  керек".  Бұл  "Түркі  тілдес  халықтар  арасындағы  ең  үздік 

ә

лем  ақыны"  атанған,  ондағы  халықаралық  сыйлықтың  иегері,  Қазақстанның  халық  жазушы 

Мұхтар Шахановтың сөзі.  

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзіннің бет-бейнесін, ізгі 

дәстүрлерін  сақтау  жолындағы  күрес  ұлттық  сананы  сақтау  күресі  екенін  түсінетін  тұлға 

тәрбиелеуміз керек.  

Ұ

лттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата 

тарихын,  мәдениетін  және  ұлттық  салт-дәстүрлерді  меңгеруі    негізінде  қалыптасуын 

айтамыз.  

Ө

зімізді өзіміз бағалай білуге бет беру - ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды 

дамыту.  Ұлттық  құндылықтарды  іріктеп,  оқыту  процесінде  енгізу  арқылы  ұлттың  тұнып 

тұрған  асыл  мұралық  рухани  байлығынан  болашақта  ел  билейтін  ұрпақтарды  сусындап, 

отбасында  да,  мектепте  де  ұлтжандалылық  пен  отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз 

мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.  

Бүгінгі  таңда  XXI  ғасыр  табалдырығын  еркін  аттаған  азат  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  мен 

білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы 

қ

алыптастыру  көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Сондықтан  келешек 

ұ

рпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет.  

Ә

рбір  мәдениетті,  білімді  адам  өзіннің  кәсіптік,  дүниетанымдық  деңгейін  ұлттық 

мәдениетпен  ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу міндет. Білімді 

болғанмен  ұлттық  мәдениетті    игермеген  болса,  ондай  тұлға  ұлт  алдында  мәңгүрт, 

мәдениетсіз  болып  көрінеді  де,  халықтың  наразылығына  ұшырайды.  Кәсіптік-мұрагерлік  әдеп 

(мәдеинет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.  

Қ

азақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: "Ұлттық мәдениеттен 

жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы 

азамат шықпайды".  

"Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару 

деген сқз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын  әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. 

Тұрмыста  түйінді  мәселелерді  тез  шеше  білетін,  тұрмыстың  тұңғиық    теңізін  қалын 

қ

айратпен кеше білетін, адалдық жолда кұрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек 

бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.  Баланы мұндай адам қыла үшін 

тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек". Сондықтан 

да  қазақ  қоғамында  ықылым  заманнан  бері  ұстаздың  ролі  жоғары.  Қазір  заманауи  техниканың 

тілін  білген  адамды  ғана  жаңа  тұрпатты  педагог  дейтін  жаңсақтау  пікір    бар.  Бәсекеге 

қ

абілетті  тұлғаны  оқытып,  тәрбиелейтін  адамның  өз  халқының    тарихы  мен  мәдениетінен, 

ә

дебиетінен  хабары  болуы  тиіс.  Жаһандану  ғасыры  бізден  осыны  талап  етіп  отыр.  Шәкіртті 

ұ

лттық тұлға деңгейіне көтерілгендердің үлгісімен тәрбиелеу, сонымен қатар жаңашылдықтан 

да шет қалдырмау, бір сөзбен айтқанда жан жақтылық уақыттың педагогтарға қойып отырған 

талабы.  

Ұ

лттық  тұлға  деген  ұғым-тарихи  өлшем.  Яғни  тұрғыдан  ұлт  үшін,  халық  үшін  орасан 

маңызы зор, тарихи мен терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



тағдырында  айрықша  орны  болған  адамға  халықтың  өзі  осындай  ұлттық,  тұлғалық  деңгейге 

көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор мәні 

бар  тарихи  оқиғаларға  араласқан,  немесе  осы  тарихи  оқиғаларды  басқарған,  ұйымдастырушы 

болған,  немесе  асқан  ерлік  көрсеткен  азаматтар  -  халық  батырлары  атанған.  Ұлттың 

тұлғалары  атанған.  Қазақ  ұлтының  бағына,  тағдырына  орай  Тарих-ана  әр  ғасырда  жаужүрек, 

батыр  ұлдары  мен  қыздарын  мол  жаратқан.  Ұлт  содан  аман  қалған.  Жаһандану  ғасыры 

ұ

стаздардан да батылдықты талап етіп отыр. Басты мүддеміз -  ұлт үддесі болғанда ғана біз 

көздегенімізге жетеміз.  

Осыған  сәйкес  дамыған  елдердің  білім  беру  жүйесінде  білім  беру  философиясы  мен 

ә

діснамасын  жаңарту  үрдістері,  білім  беру  мазмұның  құру  әдістерінің  өзгеруі,  білім  беру 

мазмұнындағы    жетілдірлген  модельдердің  жасалуы,  білім  беруді  басқарудың  тиімді  тәсілдерін 

іздеу және т.б. үрдістер байқалуда.  

Оқытудын  дәстүрлі  өнімсіз  стилін  ығыстыру  және  оқушылардың  танымдық  белсенділігі 

мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу 

ә

лемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. 

Ол туралы ұлы  Абайдың жетінші қара сөзінде де айтылған. "Жас бала анадан екі түрлі 

мінезбен  туылады"-  деп  басталатын  қара  сөзде  "Дүниенің  көрінген  һәм  көрінбеген  сырын 

түгелдеп, ең, болмаса денелеп білмесе, адамдақтың орны болмайды" деген жолдар бар. Қазір XXI 

ғ

асыр.  Интернеттің  ғасыры.  Демек  қазақ  өз  қазанында  ғана  қайнап,  томаға  тұйық  күн  кеше 

алмасы  айдан  анық.  Оның  үстіне біздің  ғасыр  экономика  ғана  емес,  білім  саласынан  да  бәсекеге 

қ

абілеттілікті талап етіп отыр. 

Олай  болса,  білім  беруде  жоспарлаудан  бастап,  бағалағанға  дейін  ойластыруды  ойласақ, 

яғни сыни ойлауды ынтыландырудан  (түрткіден, тудырудан) бастап, она ары қарай жетелеп, 

дамытып, қолдану және бағалағанға дейін жобалау қажет.  

Педагогикалық ізденіс - мұғалімнің кәсіби қызметін жанартушы іс-әрекеттер жиынтығы 

(5,137-б). Сондықтан мен оқушыларды сыни ойлауға үйрете отырып, ізденімпаз, шығармашыл, 

дарынды,  дүниетанымы  жоғары  тұлға,  еліміздің  болашақ  азаматын,  қоғамның  бір  мүшесін 

қ

алымтастырсам деген мақсатта жұмыстансам деймін. 

 

Пайдалынған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жолдауы  "Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан" 

28.01.2012ж. 

2. М.Жұмабаев. "Педагогика".1991 

3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин "Психология и педагогика".-Москва, 2004 

4. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004 

5. С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. "Ұлттық тәрбие - құндылығы мол дүние". 2008ж. 

6. С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. "БАҚ және Ұлттық тәрбие". 2004ж. 

 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет