Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/44
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44

Т. АЙБЕРГЕНОВ  ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҦЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КҾРІНІСІ 
 
Қасымхан Ф., feya-feruza_07@mail.ru 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 

 
87 
Ғылыми жетекшісі – С.Ш.Айтуғанова 
  
Қазақ  халқы  -  сан  қилы  кезеңдерді  бастан  кешірген  халық.  Кҿрнекті  ақын  Жҧбан 
Молдағалиевтің  сҿзімен  айтқанда  «мың  ҿліп,  мың  тірілген».  Ал  қазір  қанатын  кеңге  жайып, 
кҥннен кҥнге қарыштап дамып келе жатқан, барша дҥние жҥзі  халықтары кҿз тіккен егеменді 
ел болып отырмыз. Ҽрине, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тҽуелсіздіктің ақ таңы 
бізге  оңай  жеткен  жоқ.  Осы  жолда  қаншама  қан,  қаншама  тер,  қаншама  жас  тҿгілді.  Бҥгінгі 
біздің  ашық  аспан  астындағы  бейбіт  ҿміріміз  кешегі  қиын-қыстау  шақтарда  еліне  тірек  бола 
білген Алаштың аршын тҿс азаматтарының арқасы деп білеміз. Кейінгі ҧрпақ та олардың елеулі 
еңбектерін ҧмытқан емес. Ел басына кҥн туғанда қашанда демеу бола білген ҧлт зиялыларының 
жаңа заман ақындарының ҿлеңіне арқау болуы – жоғарыда айтылған ойдың айғағы болса керек. 
Қазақ  хандығының  негізін  қалаған  Керей  мен  Жҽнібек  хандардан  бастап  соңғы  ханымыз 
Кенесары  ерліктері  талай  туындыларға    тақырып  болды.  Одан  бертін  келе  халқымыздың 
сауатын  ашуға,  мҽдениеті  мен  ҽдебиетінің  дамуына  ҥлкен  ҥлес  қосқан  дара  тҧлғалардың  да  
халқына  қызмет  кҿрсету  жолындағы  еңбектері  қыл  қалам  шеберлерінің  шығармашылығынан 
кҿрініс тауып отырды. Осындай халық қалаулыларына ҿзінің поэзиясынан ерекше орын берген 
ақындарымыздың бірі – Тҿлеген Айбергенҧлы. 
Тҿлеген  Айбергенҧлы  алпысыншы  жылдары  елімізге  ҿзімен  бірге  сыршыл  лирикаға 
толы  поэзиясын  ала  келді.  Оның  шоқтығы  биік  шығармаларының  дҥниге  келуіне  қазақ  жері 
ҽсер етпей қойған жоқ. Жоғарыда айтқан ҧлт зиялылары ақын ҿлеңіне арқау болды. Солардың 
бірі – қараңғы халықтың сауатын ашуға ҥлкен еңбек сіңірген, халқымыздың тҧңғыш ҧстазы  – 
Ыбырай  Алтынсарин.    Ы.Алтынсаринның  халқымызға  еткен  еңбегі  ҧшан-теңіз.  Ақын  бҧл 
жҿнінде: 
Даласында қазақтың бірінші рет, 
Оқыттың жас ҧрпақты ашып мектеп. 
Бар кҥшіңді аямай елің ҥшін, 
Болдың  сен  бҥкіл  ғылым  нҧрын  тҿкпек  -  деп,  жақсының 
жақсылығын дҽріптейді. Ҿлең соңында ҧлы ҧстаз еңбегінің еш кетпегендігін жҽне аты ешқашан 
ҿлмейтіндігін тілге тиек етеді: 
Мақсатың орындалды қайғырма сен, 
Тілегің ҿмір бойы арман еткен. 
Бҥгінгі қуанышты ҿмір тарихында  
Жазулы 
атың 
алтын 
ҽріппенен 
– 
деген 
ҿлең 
жолдарында[1,185б.]  Тҿлеген  Айбергенҧлы  ҧлы  ҧстаздың  есімі  мҽңгі  ҿшпейтіндігін  айтса, 
белгілі ақын Қадыр Мырза Ҽли: 
Ел алдында аһ ҧрған 
Парызыңды ҿтедің. 
Адасқанды шақырған 
Тҥнгі  ауылдың  оты  едің  –  деп  [2,188б.]  Ыбырай 
Алтынсариннің  қараңғы  халыққа  сҽуле  болғандығын,  «қатты  ҧйқыдағы  ел  намысын  сол 
қоңырау  ҥнімен  оятқандығын»    аса  бағалайды.  Осы  екі  ақынның  қазақтан  шыққан  тҧңғыш 
энциклопедист ғалым Шоқан Уалиханов жҿнінде де ойлары бір арнада тоғысады. Мысалы, Т. 
Айбергенҧлы:  
Терең бойладың, 
Ой ойладың, 
Бермек боп білім еліңе. 
Қолдамады ешкім, 
Жалғыз кҥрестің,  
Ауырлық тҥсті беліңе – десе, Қадыр Мырза Ҽли: 
Балалық пен шалалық 
Бҧрыннан бір ҧйысқан. 
Жастық пенен даналық 

 
88 
Қалай сенде сыйысқан?!  
Қимағанмен Қҧдекең 
Қазақтарға «ҽліпті» 
Қалай надан деді екен 
Шоқаны  бар  халықты?!  –  деп  асқан  мақтанышпен  айта 
отырып, «қас қағым ҿмірде аз жасап, кҿп тындырған» Шоқанға «жҧлдыздан ескерткіш» орнату 
лайық деп санайды. Онысы орынды-ақ!  
Айналған қымбатына қалың жҧрттың, 
Жырыңнан балын жҧттым. 
Таңдаулы «Тар жол тайғақ кешуіңнен», 
Еліңе шын берілген жаныңды ҧқтым [2, 232б. ]. 
Бҧл  Тҿлеген  Айбергенҧлының  халқымыздың  ардақты  азаматтарының  бірі  Сҽкен 
Сейфуллинге арнаған жыр жолдары. Ҿлеңді оқи отырып, ақын жанын ҧққан ақын сезімдеріне 
сҥңгиміз.  Бҧл  ҿлең  қҧр  ҧйқасқа  қҧрылған  мақтау-мадақтау  емес,  ақынның  асқан  сыйластығы, 
ғашықтығы.  Тҿлеген  Айбергенов  ҿмір  сҥрген  замандағы  ақын  ағалар  буынына  кешегі  алаш 
зиялылырының еткен еңбегі мен айтқан сҿздері ҽсер етпей қойған жоқ. Оларды жырға қосып, 
ҿздерінің  поэзия  патшалығының  тҿрінен  орын  беру-  асылды  ардақтай  білген  сауатты 
адамдардың  ісі.  Надандықтан  ҧйқыға  кеткен халықты  маса  болып  оятқысы  келген,  сол  жолда 
қҧрбан болған Ахмет Байтҧрсынҧлының  еңбегін елемеу мҥмкін емес еді: 
Қазақтың, ҽсте, ҿлеңде 
Аз емес лағыл, 
Жақҧты... 
Ақмет, Ақаң, кемеңгер –  
Ана  тілінің  бақыты!  –  деп  Қадыр  Мырза  Ҽли  Ахмет 
Байтҧрсынҧлының  тіл  ҥшін  кҥрескендігін  дҽріптесе,  асыл  азаматтың  ҿмірден  ҿтуі  барша 
халықтың қабырғасын қайыстырды, қайғыртты. Бҧл жҿнінде Файзолла Сатыбалдыҧлы: 
Айрықша артық кҿрген ғазиз досым, 
Жоқ еді қысқада кек, ҧзында ҿшің. 
Алаштың қамын жеген азаматы ең 
Сҥйреген алға қарай қазақ кҿшін, - дейді [3, 18б.]. 
Ал,  Ғафу  Қайырбеков  «Ахаң  туралы  аңызда»  Ахмет  Байтҧрсынҧлын  пайғамбар  деңгейіне 
кҿтеріп, былай дейді: 
Ал содан бастады Ахаң, тілден бҽрін, 
Алғандай айдан қуат, Кҥннен жалын, 
Тазартты лас сҿзден, кір-қоқыстан, 
Нҽр қҧйды, тіл емдеудің білген заңын [4, 96б.]. 
Бҧл туындыны аңыз деп айту да қиын. Ҿйткені мҧнда айтылғанның бҽрі де шындық(пайғамбар 
деп кҿрсеткені болмаса).  
 Қазағымыздың  ҽдебиеті  мен  мҽдениетінің  дамуына  айтарлықтай  ҿз  ҥлесін  қосқан 
Сҧлтанмахмҧт Торайғыров  жҿнінде Ҽбділдҽ Тҽжібаев былай дейді: 
    
 
 
Сен бауырым, сҿнген жоқсың, 
Кҿнген жоқсың сенуге. 
Кең даламда аспаннан от тҿгуге  
Тҧрсың жанып қазағымның кҿгінде [5, 112б.]. 
Осылар  сияқты  арнау  жырлар  аз  емес.  Бҧлар  қҧрғақ  сҿз  емес,  ҧлы  тҧлғалардың  ҧлы 
істерін  дҽріптейтін  олардың  бізге  мҧра  болып  қалған  баға  жетпес  рухани  мирасын  келешек 
ҧрпаққа жеткізу, олармен таныстыру  мақсатындағы игі қадамдар.  
Алаш зиялыларының замандасы Кҿдек Байшығанҧлы сол кездегі Алаш азаматы кандай 
болу керек деген сҧраққа былай деп жауап береді: 
Алаштың азаматы қандай болар 
Елдің жаны ҿзіңе жандай болар. 
Ел ҥшін еміреніп, тебіреніп, 

 
89 
Айтқаны шекер менен балдай болар. 
Қанша артса да еселеп, кҿтеретін 
Кҿш басы жҥк артатын нардай болар. 
Бҥкіл елдің кҿзі менен кҿңілінде 
Тҿбесінде толқыған айдай болар [6, 56б.]. 
Он  тоғызыншы  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  жиырмасыншы  ғасырдың  бірінші 
ширегінде  елі  ҥшін  қҧрбан  болған  асыл  ерлердің  еңбегі  еш  кеткен  жоқ!  Олардың  бізге 
қалдырған рухани еңбектері ҽлі де ҿз қҧндылығын жоғалтқан жоқ, қазір де ҿте қҧнды. Сондай 
баға  жетпес  мҧралардың  бірі  -    «Абай  жолы»  роман-эпопеясы.  Қазір  де  «Абай  жолы  –  халық 
жолы» деген афоризм қалыптасып кеткен. Бҧл орынды да! Ҿйткені,  «Абай жолы»  – қазақтың 
кҿркем прозасын классикалық деңгейіне кҿтеріп, ҽлем ҽдебиетіне кҿркемдік қуат ҽкелген ҥздік 
туынды.  Ҽуезов  ҿзінің  роман-эпопеясында  қазақ  халқын,  оның  ҧлттық  дҽстҥрін  барлық 
қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып кҿрсетті. Осындай ірі тҧлғаның асылын 
ардақтай білген Тҿлегендей ақынның шығармашылығынан тыс қалуы мҥмкін емес еді. Ақын: 
 
 
 
 
 
Оқысам тарау «Абайдан», 
 
 
 
 
 
Хабардар болам талайдан. 
 
 
 
 
 
Тілімнің ҿңі бҧзылса,  
 
 
 
 
 
Сияқты  қарар  шар  айнам,  -  деп  Мҧхтар  Ҽуезовтың  бҧл 
шығармасы  тек  классикалық  деңгейдегі  туынды  ғана  емес,  сонымен  қатар  тҧғырлы  тілміздің 
таразысы етіп кҿрсете келе: 
 
 
 
 
 
Ҿзінің сҥйген халқы ҥшін, 
 
 
 
 
 
Арнаған бонда бар кҥшін. 
 
 
 
 
 
Аяулы сендей ағаға, 
Айтады  ҽр  жан  алғысын  –  деп,  халқының  қалаулы 
азаматының  абыройын  асқақтата  тҥседі  [1,  188б.].  Бҧл  жерде    ақын  ҥні  Несіпбек  Айтҧлымен 
ҥндес келеді. Несіпбек Айтҧлы: 
Жҥгіргенге тарлық етпес кең дала
Шын жҥйрікті анықтайды ар ғана, 
Сен қумадың біреулерше даңқты 
Даңқ сені ҿзі қуып келді аға – деп Тҿлеген Айбергенҧлының 
ойын дамыта тҥсетіндей [7, 56б.]. Ақынның осы сияқты арнау ҿлеңдері   шығармашылығының 
біраз бҿлігін қҧрайды. Жоғарыда айтылған ҧлт зиялыларынан басқа Қасым Аманжолов,  Ілияс 
Жансҥгіров, Ҽбділдҽ Тҽжібаев жҽне т.б. еліне елеулі азаматтарды ҿлеңіне арқау етеді.  
 
Біз жоғарыда ақын Тҿлеген Айбергенҧлының туындыларының дҥниеге келуіне себеп болған 
дара  тҧлғалар  жайында  сҿз  еттік.  Тҿлеген  Айбергенҧлының  ҿзі  де  кейінгі  буын  ақындардың 
шабытының  шыңдалуына  ықпал  етті  десек  артық  айтқандық  емес.  Бҧл  сҿзімізге  Мҧхтар 
Шахановтың мына бір ҿлең жолдары айғақ бола алады: 
 
 
 
 
 
Бҽйшешектің ғҧмырындай тағдыр кешкен мҽрт батыр, 
 
 
 
 
 
Ҿлеңінде ешбір ғасыр ҿшіре алмас ҿрт жатыр, 
 
 
 
 
 
Намысыңды дҽуіріңе еткізбедің қақпақыл 
 
 
 
 
 
Міне содан ҧлтымызды рухсыздан кҥзетіп, 
 
 
 
 
 
Сенің жырың шекарада ҽлі кҥнге сапта тҧр. 
 
 
 
 
 
Пайымдаймын, мойындаймын сен данасың мен бала, 
 
 
 
 
 
Ҧлтына кім жақын алыс, айқындайтын ел ғана [8, 87б.]! 
Бҧл  ҿлеңнен  Тҿлеген  Айбергеновтің  ҿлеңдерінің  жасампаздығын,  ҿршіл,  ҿміршіл  екендігін 
байқаймыз.  Тҿлеген  Айбергенов  жас  ақындарға  ҥлгі  болып  қана  қойған  жоқ,  ағалық 
қамқорлығын де таныта білді. Ақын ҿмірінің айнасы ҿлеңі емес пе?!  Бҧл сҿзімізге де дҽлелді 
ақын туындысынан байқауымызға болады: 
 
 
 
 
 
Сағындым, жаным, мен сені! 
 
 
 
 
 
Кҿркіңді жҥрген қуаныш қылып, 
 
 
 
 
 
Мендей ме екен бар ағаң... 
 
 
 
 
 
Шын інім болсаң, бас бҧрма, жаным, 

 
90 
 
 
 
 
 
Ҿсек- ғайбатқа бораған. 
 
 
 
 
 
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те, 
 
 
 
 
 
Адамның заңғар ҧлылығын, сен, сағынышымен есепте [1, 215б.]. 
Бҧл  заңғар  ақынның  Мҧхтар  Шахановқа  арнаған  ағалық  сыры,  сағынышы  еді.  Ақын  ҿз 
туындыларында  халқының  қалаулы  азаматтарын  ҥлгі  ете  отырып,  олардың  жалғасы 
болғандығын  мақтан  етеді.  Ҧлы  тҧлғаларға  ҿзінің  сырты  сҧлу,  іші  салиқалы  ойға  толы  сҿз 
сарайының тҿрінен орын бере отырып, ҿзінің де даралығын, даналығын танытады.    
 
Қазақстанның  халық  жазушысы  Ҽбіш  Кекілбаев  «шағын  он  ҿлеңімен  он  миллион  қазақты 
таң  қалдырған,  толғандырған»  дара  талант  иесі  Тҿлеген  Айбергенов  жҿнінде  былай  деп  сыр 
ақтарады:  «Т.  Айберргеновтің  теңізді  теңселтіп,    шалқарды  шайқалтардайқуатты  екпіні  қазақ 
поэзиясына  ежелден  тҽн  қасиеті,  бірақ,  соңғы  жылдары  қазақ  топырағында  ҽр  алуан  жақсы 
ақындар қанша кҿбейгенмен, осы бір қазақша айтқанда аруақты серпіп, арқалы ҿлең Қасымнан 
кейін кҿрінбей кетіп еді. «Мен марттағы найзағай кҥркірімін»  — деп ҿзі жазғандай,  кҥркіреп 
келіп,    «аймаңдай  алуан  дарынның»  кҿкірегіндегі  ҧшқынды  тҧтандыра  білген  Тҿлеген 
Айбергенов қазақ ҿлеңіне тҧтас бір дҽуір сыйлады...»  [9, 8б.]. 
 
 Тҿлеген  Айбергенҧлы  ҿзіндік  ерекшелігі,  ҽсемдігі,  сыршылдығы,  шыншылдығы  бар 
поэзиясымен ерекшеленеді. Оның ҿлеңдерін оқи отырып, ақынның Ғарифолла Қҧрманғалиевке 
айтқан мына бір керемет сҿзін қайта ҿзіне арнағың келеді: «Сендей саңлақ бҧл ҿмірге келер ме 
екен  қайтадан».  Иҽ,  бҧл  ҿмірге  ҽлі  де  сҿз  майталмандары  аяқ  басар.  Бірақ  Тҿлеген 
Айбергенҧлындай тҧлға қайталанбас! 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Айбергенов Т. Ҿлеңдер. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. – 280б. 
2.
 
Марзалиев Қ. Ҿлеңдер. – Алматы: «Атамҧра» баспасы, 2006. – 245б. 
3.
 
«Егемен Қазақстан» газеті. – Алматы, 2000ж. 
4.
 
Қайырбеков Ғ. «Кҿнсадақ». – Алматы: «Жас қазақ» баспасы, 1998ж. -198б. 
5.
 
Тҽжібаев Ҽ. Ҿлеңдер жинағы. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010ж. – 285б. 
6.
 
Байшығанҧлы К. Таңдамалы жинақ. – Алматы: «Алматы» баспасы, 2008ж. - 310б.   
7.
 
Айтҧлы Н. Ҿлеңдер. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 2000ж. -  280б. 
8.
 
Шаханов М. «Эверестке шығу» - Алматы: 1999 ж. – 300б.  
9.
 
 Кекілбаев Ҽ. «Кҿктемнің жазға ҧласар жайсаң шағы», Қазақ ҽдебиеті, Алматы, 2000ж.  
 
 
ҼОЖ 82 – 14 
ТҾЛЕН ҼБДІКОВТІҢ «БІЗ ҤШЕУ ЕДІК» ПЬЕСАСЫНДАҒЫ ГУМАНИСТІК 
ИДЕЯЛАР 
 
Қыдырбек Т., 
taskin-92@mail.ru
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі – А.Ҽ.Ҥсен 
 
 
Кҿркем  ҽдебиеттің  зерттеу  нысаны  адам  яғни  адамзаттың  табиғатын  тану  екені 
даусыз.  Ҽр  тҧлға  ҿзіндік  жаратылыс  бітім  болмысымен  ҿзгеден  ерекшеленеді.  Демек 
дҥниедегі  ең  таңғажайып,  сыры  мен  қыры  мол  қҧбылыс-адманың  жан  дҥниесі.  Оны 
ғылымның  ҽр  саласы  ҿз  тҧрғысынан  зерттеп,  зерделейді.  Осы  тҧстағы  кҿркем  ҽдебиеттің 
алар орны, салмақ-мҿлшері орасан зор болмақ, себебі сҿз қҧдіреті ең қалтарысы мол қҧпялы 
ҿмірдің  ҿзін  шебер  ашуға  арналған  кілт  сіпеттес  пе  деп  ойлаймын.  Сҿзіме  дҽлел  ретінде 
Тҿлен Ҽбдікҧлының  «Біз ҥшеу едік» пьесасын талдауды жҿн кҿріп отырмын. Бҧл шығарма 
қаламгердің  жалпы  қазақ  ҽдебиетіне  жол  салған  тың  сҥрлеу,  жаңа  ҿрісі  еді.  Т.  Ҽбдіков  аз 
жазатын, аз жазса да саз жазатын жазушы. Бірақ оның қайсібір шығармасын алмайық екінің 
бірі  бара  бермейтін  ҿмірдің  ең  ҿзекті,  ҽлеуметтік  мҽселелерін  қозғайтындығын  кҿреміз.  

 
91 
Ҽбдіков  шығармаларың  адам  мінезінің  қҧпия  сырларына  ҥңіліп,  философиялық  терең 
пайымдауларымен  оқырманның  назарын  бірден  ҿзіне  аударып,  жҥрек  тҥкпіріндегі  нҽзік 
пернелерін  аса  шеберлікепен  дҿп  басып,    дҽл  тауып  санадағы  сарсаң  ойды  шебер  сҿйлете 
білуімен  ерекшеленеді.  Пьеса  сахналық  қойылым  болғандықтан  оған  кейіпкерлер  қатысуы 
керек,  оған  сай  ҿзіндік  оқиға  желісі  болуға  шарт.  Бірақ  автордың  кейіпкерлер  қатары  тым 
сирек,  бар  болғаны  ҥшеу-ақ,  оқиға  желісі  де  айтарлықтай    кҥрделі  емес.  Сонда  бҧл  пьеса 
несімен  ерекшеленеді?  Бҧл  сҧраққа  жауап  беру  ҥшін  туындыға  назар  аударсақ.  Сахналық 
қойылымның басы Мҧрат атты жігіттің алыстан іс сапармен келіп, қонақ ҥйге бара жатқан 
жолында ҿмірдің нағыз қызығы мен шыжығын бірге бҿліскен достарының бірі Дариға есімді 
қыздың  ҥйіне  ат  басын  бҧруынан  басталады.  Жаны  ізгі  достардың  кездеспегеніне  сан 
жылдың жҥзі болған, аса ілтипатпен қауышады. Амандық-саулықтан кейін бір-бірінен ҿмір 
кҿштерінің  бет  алысын  сҧрасады.  Дариға  атақ-дҽрежеден  қҧр  алақан  емес,  докторлық 
диссертация  қорғаған.  Ҽңгіме  ҿткенді  еске  алуға  ойысқан  шақта  Мҧрат  бҧрынғы  достар 
жайлы  сҧрайды,  Дариға  оламен  мҥлдем  араласпайтынын  жҧмыс  бабымен  жуып-шайғысы 
келеді,  сондағы  айтар  уҽжі  адамдардың  қызмет  бабымен  ғана  араласатынында  деп 
тҥсіндіреді. Оның ойынша қызмет ауысқанда, орта ауысқанда достар да, араласатын ортаң да 
ауысып отырады. Ал Мҧрат оның бҧл ойына келіспей ҿмірді қалай қалыптастыру адамның 
ҿз  қолында  екендігін  тҥсіндіруге  тырысып,  оқиғадағы  жалпы  ой  тартыс  осы  арадан 
басталады. Мҧраттың айтуынша екі аяқты пендерер екі лагерге бҿлінбек, яғни мҧның ҿлшемі 
жақсылық пен жамандық деп аталатын бағзы қарсыластардың қайсысына олардың ҿмір сҥру 
қағидасының бағытталуында. Осы тҧстан-ақ бҧл кейіпкер ҿзін нағыз ақыл-ойдың кемеңгері, 
парасат  иесі  екендігін  аңғартады.  Екеу  ара  ҿткенді  еске  ала  отырып,  сонау  жалыны 
басылмаған  студенттік  жастық  шағындағы  достарының  ҿмірдің  жазылмаған  кіршіксіз  ақ 
парағындай  кҿңілдерінен  жҧрдай  болып,  бҧл  кҥнде  ҿмір  ағысымен  бірге  тҥрленіп,  мҥлдем 
басқа  біреулерге  ҿзгергендігін  сҿз  етеді.  Бірі  маскҥнем,  бірі  ханға  сҽлем  бермейтін  жҧмсақ 
креслоға жақсылап тҧрып жайғасқан жоғары лауазым иесі. Мҧрат адамдар арасына ізгілікті 
орнату ҥшін, бір-біріне деген мейірім мен махаббат керек екендігін алға тартса, Дариға сол 
махаббаттың  ҿзіне  селт  етпей  жҥргендерді  мысал  етіп,  осы  тҧста  ҿзінің  де  сол  ізгі 
қасиеттерден  сҽл  де  болса  жырақтап  қалғандығын  аңғартады.  Бҧған  Мҧраттың  айтар  уҽжі 
бҧл нағыз адал махаббат емес. Ол кіршіксіз, таза махаббатты екі адамның ортасында тҧрған 
таңғажайып шыны ыдысқа балайды. Егер біреуі қате қимыл жасап, ыдысты сындырып алса, 
бітті,  енді  ыдыс  жоқ.  Дариға  сол  оқыс  қимылдарға  барып,  абайсызда  шыны  ыдысын 
сындырып алған бақытсыз жандардың бірі еді. Бҧл уақиғаға Мҧраттың да қатысы бар, бірақ 
ол  парасат  биігінен  баға  беретін,  қара  қылды  қақ  жарған  турашылдығымен  кҿзге  тҥскен 
болатын.  Ҽңгіме  осы  тҧсқа  жеткенде  Дариға  Мҧратқа  қанжардай  қадалып,  бар 
бақытсыздықтың  басы  болған  бітеу  қалған  ескі  жараның  аузын  тас-талқан  етеді.  Мҧрат, 
Дариға,  Ҿмірбек  ҿмірдегі  нағыз  айырылмас  асыл  достар  еді.  Ҧстанымдары  бір,  бағыттар 
айқын  болатын.  Ол  осынау  ҿмір  деген  асау  толқында  оның  ырқына  кҿнбей  адалдық  атты 
аралға ерлік сапармен бет тҥзеу болатын. Бҧлардың артынан ерген ҿздері тҧстас қалаң қауым 
бар  еді.  Капитандары-Мҧрат  болатын.  Оны  барлығы  ҽулие  деп  атайтын.  Ҿмірдің  қаншама 
қиын-қыстау  кҥнінде  айналаға  нҧрын  шашқан  шуақты  кҥндей  немесе  тҥндегі  жолаушыға 
жолсерік  болар  темірқазықтай  адалдығынан  айныған  емес.  Ҽділдік,  адалдық,  тазалық, 
мейірім,  қайсарлық  сынды  асыл  қасиеттердің  бҽрін  де  бір  бойына  жинағандықтан  да  ол 
осынау атқа лайық еді. Жҽне ҿзгелерден де соны талап ететін. Тура сҿзден тайсақтап ҿтірік 
айту оның бітіспес ата жауы. Дариға мен Ҿмірбектің ҿмір жолдары тҥйісіп, бір арнада қатар 
ақты. Қатардағы бақытты семялардың бірі болды. Кенет Мҧраттың алдына тағдыр таразыла 
деп  кезекті  сиын  тартты.  Жанарыңды  тайдырмай  тіке  қарасаң  бар  бітім  болмысыңды 
кҿрсететін адалдықтың айнасына Дариға сызат  тҥсірді. Ҽрине бҧл Мҧратқа да оңай тимеді, 
қанаты  қайырылған  қыран  қҧстай  қҧсадан  қапа  болды.  Бірақ  жапанда  жалғыз  қалса  да 
ҿмірлік  мҧратынан  баз  кешетін  Мҧрат  емес.  Ҿмірбекке  Дариғаның  шалыс  басқан  қадамын 
айтып,  бар  шындықты  жайып  салды.  Ортадағы  шыны  ыдыстың  тас-талқаны  шығып, 
шаңырақтары  ортасына  тҥсті.  Ал  Мҧрат  олай  істемеген  жағдайда,  ҿз  арының  алдында, 

 
92 
досының  алдында  кҥнҽға  батар  еді.  Ҿмірдегі  жиған-тергенінен  тҥгел  айырылып,  тауы 
шағылары  кҥмҽнсіз  еді.  Араға  сан  жылдар  салып,  кездесуден  кейінгі  Дариғаның  Мҧратқа 
айтар ҿкпе-реніші де, ашу-ызасы да осыдан еді. Дариға содан қайтып шаңырақ қҧрған емес, 
жалғыздық қҧдайға ғана жарасқан. Сол себепті де ол ҿмірдің тепкісін кҿп кҿрді. Ел тҧрмай 
кҿше сыпырып, артынан жҧртпен бірге жҧмысқа кетті. Қысқасы ҿмірдің бар ауыртпалығын 
жалғыз арқалауға мҽжбҥр болды. Ол кінҽнің бҽрін Мҧраттың сол бір ҿзінен басқа ешбір жан 
тҿзбес турашыл қатаң қағидаларынан кҿрді. Мҧраттың берер жауабы да дайын еді....Мен сен 
екеуіңді  бірге  туған  бауырымнан  кем  кҿргем  жоқ.  Егер  туған  бауырымның  ҽйелі,  не  ҿзі 
ондай  опасыздық  жасаса,  мен  қарап  отыра  алмас  едім.  Ҿйткені  ол  менің  ҿз  басымның 
трагедиясымен  бірдей.  Сен  ҿмірбектің  кҿзіне  шҿп  салдың,  мен  оған  Ҿмірбектен  кем 
қайғырғам жоқ. Ҿмірде тазалық бар, адал жар, айнымас сҥйіспеншілік бар  деп кеңірдегімді 
жыртып, таласқанда жҧрт мені кҥлкі қылып, «кҿрсоқыр», «ақымақ», «қияли»деп қорлайтын. 
Сонда  мен  ормандағы  жҥз  жылдық  еменді  тірек  қылғандай,  іштей  сені  медет  қылып: 
«оттапсыңдар,  менің  ҿмірден  келтіретін  мысалым  бар»деп  зҽредей  де  алған  бетімнен 
қайтпаушы  ем.  Ал  сен...Ҿмірбектен  бҧрын  мені  ҿлтірдің...Сен  менің  арманымды 
талқандадың,  ал  ол  соққыдан  тҥзеліп,  қайта  адам  болу  маған  оңай  соққан  жоқ.  Екеу  ара 
талас-тартыс  осынау  ҿмірдің  тҧтқасы  сіпеттес  махаббат  деген  асыл  қасиеттің  қадір-қасиеті 
жайлы  болады.Таразының  бір  басында-мҽңгілік  махаббат,  екінші  жағында-ҿмірдің  кҥйкі 
тірлігі.  Екі  тараптың  да  айтар  уҽжі  кҿңілге  қонымдадай  кҿрініп,  санаң  сарсаң  ойға  тҥскен 
шақта, ҿзіңнің де солқылдақ тҧстарыңды танып, авторлық шеберлікке еріксіз тҽнті боласың. 
Дариға.(ызаланып). Қайдағы мҽңгі махаббат? Қайдағы шексіз адалдық сендегі?..Ҿмірде ащы 
шындық  дегеннің  болатынына  сенен  басқа  жҧрттың  бҽрінің  кҿзі  жетті.  Ал  сен  баяғы  бір 
ҽніңді  қайталай  бересің,  қайталай  бересің.  Ол  сенің  керемет  тазалығың  емес,  сенің  ҿмірді 
білмейтіндігің,  Мҧрат.  Ҽйтпесе,  қарамайсың  ба  тҿңірекке,  кҿзіңді  ашып.  Қайда  сол 
махаббатың?(залды кҿрсетіп). Бар ма мынау ҿмірде? 
Мҧрат.Бар.(ҿзімен  ҿзі,  сеніммен).  Бар  болғанда  қандай!  Қозы  мен  Баян  ше?  Лҽйлі  мен 
Мҽжнҥн, Ромео мен Джульетта ше?! 
Дариға.(Мҧратқа таңырқай қарап,басын шайқап). Осы ҿмірден келтіріп отырған мысалың ба? 
Мҧрат.(Дариғаға қарап). Мен ойдан алып отырғам жоқ. Бҧлардың бҽрі де ҿмірден алынған. 
Жер  бетіндегі  халықтар  мҽңгі  махаббаттың  бар  екенін  сендерге  дҽлелдеу  ҥшін,  ҽдейі 
солардың  атағын  аңызға  айналдырып,  тарихта  қалдырған.(Дариғаны  кекеткен  ҥнмен).  Бір 
халық айтса, сенбеуге болар еді, бірнеше халық айтқанда сену керек жолдас Скептик. 
Дариға.(Сҽл  дағдарып).  Жарайды,  айтқаныңның  бҽрін  шындық  деп  қабылдайық.  Топырағы 
торқа  болғырлар  махаббат  жолында  қҧрбан болып  кетіпті.  Ал  егер  олар  ҿлмей,  бір-бірімен 
қосыла қалғанда, не болар еді? Қарапайым ғана бір семьяға айналар еді, ештеңе тҿтеп бере 
алмайтын  кҥйкі  тірліктің  қажауынан  ҧлы  сезімдер  коррозияға  ҧшырап,  баяғы  жай  оғындай 
жарқ  еткен  ғажайып  махаббаттан  тҥк  қалмас  еді,  қалса  да  бізге  жетпес  еді.  Ҿлімнің 
арқасында  ғана  ҽлгі  махаббат  ауа  кірмейтін  вакуумға  сақтағандай,  уақыттан,  кеңістіктен, 
тіршіліктен тыс мҽңгілік ғҧмыр кешетін жағдайға тап болды. Егер Ҿмірбек екеуміз қосылмай 
тҧрып,  ҿліп  кетсек,  біз  де  сендердің  саналарыңда  сҥйіспеншіліктің  ҥлгісі  болып  сақталар 
едік. Біздің бақытсыздығымыз-тірі жҥргендігіміз. 
       Ҽрине, Мҧраттың ойына милион ине қадағандай,бар бақыттың, ізгі қасиеттердің бастауы 
болған  махаббаттың  ҿзін  ілікке  алғысыз  етіп  тастауымен  қоймай,  қайдағы  бір  ойға 
қонымсыз, адамдық ар-ожданды табанға салып таптаған, қитҧрқы іс-ҽрекетке барады. Беттің 
арын  белбеуге  тҥйіп,  Мҧратқа  жабысып,  бір  сҽттік  сезім  ҥшін  барын  салып  арпалысады. 
Оның  артында  нағыз  арсыз,  кҿрсе  қызар  кҿре  алмаушылықтың  кҿк  тҿбеті  аузын  арандай 
ашып, ентелеп тҧр еді. Яғни Мҧраттың кіршіксіз тазалығы ҿзінің ары мен намысын шоқтай 
қарып, жанын жегідей жегендіктен, кҥннің кҿзін кҿлегейлеуге тырысқан қҧбыжықтай, оның 
арына кҥйе жағу ҥшін, жанын саудаға салып, ҿз арын аямасқа бекінген. Бірақ бас қаһарман 
парасат  тауының  асқарына  кҿтерілген  биік  рухтың  адамы  болғандықтан,  бҧл  арада  да  ҿз 
ҽулиелігін тағы бір мҽрте дҽлелдеп, арсыздықтың азуын тас-талқан етеді. Мҧрат іркілместен 

 
93 
қоштаса  сала  қонақ  ҥйге  тартады.  Ал  Дариға  тағы  бір  мҽрте  ар  сотының  алдында  кезекті 
ҥкімін кҥткен қылмыскердей, арман мҥддесін қиратып, жермен жексен болып қала береді. 
     Кҿрністің  екінші  бҿлігі  Мҧрат  пен  Ҿмірбек  арасындағы  диалог  арқыры  ҿрбиді.  Екеуі 
«Қазақстан»қонақ ҥйінде, Мҧрат жол жҥруге дайындық ҥстінде. Аэропортқа жету ҥшін такси 
шақыртуға қоңырау шалады. Бірақ ҽзірге дайын кҿлік жоқ болғандықтан кҥтпеске шарасыз 
қалады.  Мҧраттан  кейін  телефон  тҧтқасын  алған  Ҿмірбек  ҥйіне  қоңырау  шалып,  ҽйеліне 
болған оқиғаға қатты қынжылып тҧрғанын айтып, қонақтан кешірім сҧрайтынын жеткізеді. 
Бҧлар  қонақҥйге  келмей  тҧрып,  Ҿмірбектікінде  қонақта  болған  болатын.  Масқарасы  сол, 
ҥстел  басынан  Дариға  мен  Ҿмірбектің  шаңырақтарын  ортасына  тҥсірген  опасыз  да 
табылады. Оны қонаққа шақырған Ҿмірбектің ҿзі. Мҧндай қиянатқа тҿзетін Мҧрат па, талай 
жанның  тамырына  балта  шапқан  тексіз  немені  қолындағы  рюмкесімен  періп  жібереді. 
Ҿмірбектің Мҧратты зорға қойғызып, қонақҥйге алып келген беті де осы болатын. Мҧрат ҿз 
ісіне  дҽн  разы,  дегенмен  осының  ҿзі  оған  аздық  ететін  секілді.  Мҧрат  ҥшін  адами  ізгі 
қасиеттері  қорғаудан  артық  ерлік  жоқ.  Тіпті  сол  жолда  қолына  қару  алып  соғысуға  да 
сақадай  сай.  Бҧл  жердегі  оқиға  желісінің  талас-тартысы  осылай  басталады.Ҿйткені  ҿмірдің 
батпағына  батып,  шылауына  шыланған  Ҿмірбек  ҥшін,  ескі  намыстан  гҿрі,  ертеңгі  жайлы 
орыны  мен  тҥкке  тҧрғысыз  жалған  атақ-даңқы  қымбат  еді.  Дариғамен  бірге  бҧл  да 
ҿзерген,тіптен  танымастай  болып  ҿзгерген.  Қҧдды  бір  екеуі  келісімге  келіп,  Мҧратты 
тығырыққа  тіреп,  жанын  жегідей  жейтін  сан-сапалақ  ойларға  салуға  уҽделесіп  алғандай. 
Келтірген  дҽлелдемелерімен  тҧжырымдамалары  да  бір-бірінен  айнымайтын  егіз  қозылар 
сияқты.  Мҧраттың  кҿзі  тая  бере  беті  бҥлк  етпестен,ҽлгі  арсызға  қоңырау  шалып,  кешірім 
сҧрай  бастайды.  Ҽңгімелерінің  ҥстінен  тҥскен  Мҧрат  ашудан  жарылардай  болып,  телефон 
тҧтқасына жармасады. 
Мҧрат(ҽлден уақытта жалт бҧрылып, столды салып қалып, ызалана айғайлап). Сендегі намыс 
қай  намыс?!  Сендегі  қорлық  қай  қорлық-айтшы  маған?  Қатыныңның  қойнынан  шыққан 
адамнан кешірім сҧрау қорлық емес пе сен ҥшін? 
Ҿмірбек. Біріншіден, кешірім сҧрау қорлық емес-ҽдеп. Екіншіден, сен айтып отырған оқиғаға 
ең  алдымен  Дариғаның  ҿзі  кінҽлі.  Оны  ешкім  зорлаған  жоқ.  Ҥшіншіден,  одан  бері  талай 
заман  ҿтті.  Қазір  менің  басқа  семьям  бар.  Ҿткеннің  бҽрі  ҧмытылған.  Бір  кездегі  достар 
қастасып, қастар достасып кетті... 
Мҧрат. Бҽрін ҧмытып,тапқан досың жаңағы жексҧрын ба? 
Ҿмірбек.  Ол  сен  ойлағандай,соншалықты  жексҧрын  адам  емес.  Оның  қоғамға  тҥсіретін 
пайдасы  екеумізден  кҿп.  Ол  ҥлкен  қызмет  атқарады.  Абырой,  беделі  биік,  білдің  бе?  Білім 
десең-білімі,  қабілет  десең  қабілеті  бар.  Жҧмысынан  қате  жібермейді.  Қайтіп  ол  сонда 
жексҧрын болады. Мҧның бҽрін сен жоққа шығаруға тиісті емессің...(Пауза). Кезінде ...рас, 
маған қиянаты болған шығар, бірақ жақсы-жаманды бір менімен ғана ҿлшеуге болмайды ғой. 
Мҧрат  (таңырқай,ҽрі  дағдарып).  Бҧл  не?...Сен  ҿзің  не  деп  тҧрсың?  Сен  енді  соны  маған 
жҥрегі таза, аяулы азамат еді дегің келіп тҧр ма? 
Ҿмірбек.(ойланып).  Олай  да  айта  алмаймын,  ҽрине.  Оның  эгоистігі де,  карьеристігі  де  бар. 
Бірақ...бҽрібір ол-іскер, жҧмыскер адам, яғни қажет адам. Ал оның ішкі дҥниесінің қараңғы 
тҥкпірінде  қандай  ой  жатқанын  ештеңемен  дҽлелдей  алмайсың.  Кҿңіліндегі  арамдығын 
жасыруға оның ақылы да, қулығы да(тамағын орып)былай жетеді. 
Мҧрат (Ҿмірбекке танымай тҧрғандай қарап).Сонда сенің ойыңша, арам болу айып емес, тек 
жасыра білсең, болды екен ғой. Бҧл ҥзіндіден ҧғарымыз, кезінде бір нанды бҿліп жеп, туған 
бауырынан  артық  кҿрген  жан  жолдасының,  адалдық  деген  ақ  тудың  астында  сенімді  серігі 
болған  қимас  достың,  тҥрін  адам  танымастай  етіп  ҿзгертіп  қҧбыжыққа  айналған  бейнесін 
кҿреміз.  Қас  дҧшпанның  қолтығына  кіріп  кеткен  сҧмпайы  сатқындай  еш  қымсынбастан 
соның  сойылын  соғып,  ҿмірде  ізгілікке  ғана  емес  айлакерлік  пен  қулық-сҧмдыққа  да  сену 
қажет  екенін  дҽлелдеуге  қҧлшына  кірісіп,  Мҧратты  мойындату  ҥшін  барын  салады.  Мҧрат 
парасат  тауының  асқарына  кҿтерілген  биік  рухтың  адамы  болғандықтан  Ҿмірбектің 
айтқанына кҿнгісі келмей, кҿр азабына тҥскендей қиналады. Ізгіліктің ғана ҽлемді қҧтқарып 

 
94 
қалатынына  сенетін  ол  байқҧс  арсыздықтың  жамылғысын  жҧлып  тастау  ҥшін  Ҿмірбекпен 
қайта-қайта айтысқа тҥседі. 
    Ҿкініштісі  ҽдемі  қағидалармен  жан-жақты  қаруланып  алған  зҧлымдықпен  тіресіп,  оны 
жығу оңай іс болмай тҧр. Ҿйткені бҥкіл ҽлемнің жаны кҿкпарға тҥскен, адамды алланың тҥзу 
жолына  салғысы  келген  Мҧраттың  ҿмірде  тек  ізгіліктің  нҧрлы  таңындай  дҥниеге  шуағын 
шашқан-адамгершілік,  имандылық,  мейірімділік,  тазалық  пен  махаббат  қана  ҥстемдік  етуі 
керек  деген  пікіріне  қарама-қарсы  ақыл-ойымыздың  егістігіне  тҥсіп,  оны  шегірткедей 
жалмаған  зҧлымдықтың  залым  нҿкерлері-арсыздық,  опасыздық,  сатқындық,  жауыздық, 
екіжҥзділік  пен  жағымпаздық  та  қатар  ҿмір  сҥруге  қҧқы  бар  екенін  дҽлелдеуге  тырысқан 
адвокаттай  Ҿмірбек  те  барын  салып  қорғайды.  Қонақҥйге  оп-оңай  орналасуы  тіпті, 
қолындағы  билеттің  ҿзі  де  сол  кҿмескі  жақтардың  кҿмегімен  келгенін  айта  келіп,  шақыра 
алмай  отырған  таксиіңнің  ҿзін  бір  қоңыраумен  10  минутта  алдына  ҽкелетінін  айтып, 
Мҧраттың қарадай қанын қарайтып шыбын жанын шырқыратады. 
     Екеуара  талас-тартыстың  аяғы  тағдырлары  бір-бірімен  мҥлдем  тҥйіспейтін  кереғар 
тҥсініктегі  достардың  қайтып  қайырылмастай  болып  қоштасуымен  аяқталады.  Ҿмірбек 
шығып  кеткеннен  кейінгі,  Мҧраттың  жыларман  қҽлге  тҥсіп,  кҿрерменмен  мҧңдасар  сҽті 
адамды еріксіз ой қҧшағына шомдырады. 
Мҧрат. Мінеки, менің майдандас достарым... игі жақсыларым... Осындай...Бҽрі білімді, бҽрі 
шешен;  аяқтыға  жол,  ауыздыға  сҿз  бермейді,  бірақ  кҿңілдері  мҧздай,  жҥректері  тастай. 
Жылытайын 
десең, 
жібітейін 
десең, 
маңдарына 
жуытпайды. 
Ҿзіңді 
ақымақ 
кҿреді...(Кҿрермендермен  сҿйлесе).  Ал,  біз  ше?  Ҿзіміз  ше?  Біреуді  кінҽлауға  бҽрімізде 
шеберміз.  Ҽділдікті,  адалдықты  ҿзгелерден  талап  етуге  қҧмармыз.  Ҽрине,  жҧрт  шетінен 
ақкҿңіл,  мейірбан,  ҽулие  болса,  ҿмір  біз  ҥшін  қандай  ғажап  болар  еді.  Бірақ  сол  шартты 
ҽрқайсымыз  ең  алдымен  ҿзімізден  неге  талап  етпейміз?  Ардың  тазалығын,  жардың 
тазалығын мансҧқ етіп, махаббат ҽлеміндегі алаяқтарға кҽрін тҿгетін сері ақын-жазушылар, 
сері режиссерлер, моралистер, сері педагогтар, тағы сол секілді данышпандар неге осыны ең 
алдымен  ҿздерінен  талап  етпеске?  Неге  врач  темекі  зияны  туралы  лекция  оқып  отырып, 
ҥзілісте коридорға шығып темекі тартады? Ҽйелінен кіршіксіз адалдықты талап ететін еркек 
неге  соны  ең  алдымен  ҿзінен  талап  етпейді?  Қарамағындағы  адамның  жасықтығын, 
қорқақтығын  жер  жебіріне  жете  сынаған  бастық  ҿз  бастығының  алдында  неге  қҧрдай 
жорғалайды? Неге? Неге? 
   Бҧл жазушының жалпы қауымға, қоғамға қойған сауалы еді. Сҿз жоқ бҥгінгі мынау 
тҥлкі заманда,сананы тҧрмыс билеген қу заманда, бҧл сҧрақ, бҧл тақырып ҿз ҿзектілігін 
жоғалтпасы ақиқат. Бар ҥміті селге кетіп, сенген қойым сен болсаң дегендей, ең жақын 
жандарын жоғалтып бара жатқан Мҧрат ҥшін, Дариғаның хабарласуы, ҿзінің бар қателігін 
тҥсініп, ҿткеннен сабақ алып, ҿмірдің жаңа парақтарын ашуға қҧлшынысы-ҿшкенінің 
жанғаны, ҿлгенінің тірілгені еді.    
 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал