Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»


ҚАЗАҚ ҼДЕБИЕТІНДЕГІ КЕНЕСАРЫ БЕЙНЕСІ



Pdf көрінісі
бет11/44
Дата22.12.2016
өлшемі3,14 Mb.
#63
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44

 
ҚАЗАҚ ҼДЕБИЕТІНДЕГІ КЕНЕСАРЫ БЕЙНЕСІ 
 
Ибадулла Ж., 
zhuldiz.ibadulla@mail.ru 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетіАстана 
Ғылыми жетекшісі - Л.А.Серғазы                                  
 
          Кенесары  Қасымҧлы  (1802-1847)  -  мемлекет  қайраткері,  ҽскери    қолбасшы,  қазақ 
халқының 1837-1847 жылғы ҧлт-азаттық қозғалысының кҿсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. 
Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ҧрпағы, Абылай ханның немересі. Ол ҿзінің тегі жағынан тҿре 
тҧқымынан.  1802  жылы  Кҿкшетау  ҿңірінде  дҥниеге  келген.  Ордасын  Кҿкшетауға  тіккен 
Абылай  ханның  отыз  ҧлы  болған.  Абылайдың  ҽйелі  Қалмақ  ханы  Қалдан-Сереннің  туысы  - 
Хошу  мерген  ноянның  қызы  Топыш  ханымнан:  Қамбар  мен  Қасым  сҧлтан  туады.  Кенесары 
Қасым сҧлтанның бҽйбішесі Айкҥмістен: Саржан, Есенгелді, Кҿшек, Ағатай, Бопай мен бірге 6 
алты  ағайынды  болып  туған.  Ал  Кенесарының  інісі  Наурызбай  Қасым  сҧлтанның  екінші 
ҽйелінен ҿмірге келген. Тарихта Кенесары хан парасатты ҽмірші, ҽскери ҿнерді жетік меңгерген 
қолбасшы, жаужҥрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат, данагҿй де болған тарихи тҧлға. [1, 
5б.] 
             Азаттық ҥшін шайқаста Кенесары хан қырғыз манаптарының ҿзіне бағынуын талап етті. 
Алайда, патша ҽкімдерімен қҧпия байланыста тҧрған қырғыздар оған мойынсҧнбады. Кенесары 
хан  оларға  шабуыл  жасады.  Ҿз  жақтастарының  опасыздық  салдарынан  Кенесары  мен 
Наурызбай  дҧшпандардың  қолына  тҥседі.  1847  жылы  Кенесары  хан  Қырғызстанның  Жетіжал 
жотасының оңтҥстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғарында осылайша айуандықпен ҿлтіріледі. 
               Абылай ханның ҧрпағы Кенесары ханның ҧлт-азаттық кҿтерілісінде қандай қолбасшы, 
тарихта қандай ҧлы тҧлға болғандығы туралы орыс тарихшысы Н.Н.Середа ҿз зерттеулерінде: 
«Кенесары  хан  ҿз  жасақтарының  мҽртебелі  ҽміршісі  бола  білді.  Оның  рухы  дем  берген 
жауынгерлерге  еуропалық  ҽскер  қолбасшыларының  ҿзі  қызығар  еді.  Жортуылда 
жолындағының  бҽрін  жайпайтын  дала  дауылындай  екпінді  де  тегеурінді  Кенесары  хан  ешбір 
бҿгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра 
тҥсіп, кҿздеген мақсат жолындағы тосқауылдарды талқандар керемет кҥш бітіріп, одан сайын 
ҿршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы кҥллі осындай қасиеттерді кҿшпенділер биік 
бағалап,  оның  қаракет-қимылына  қатысушылардың  жҥрегі  басшысына  деген  шексіз 
сҥйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады»,-деп жазды [2, 33б.]. 
              Ал  енді  ағылшындық  Томас  Аткинсон  Кенесары  Қасымҧлы  туралы  былай  деп  жазды: 
«Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, 
шапшаңдығына кҿз ілеспейтін жігіттері ҿзінен кҥші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп 
шыға  беретінін  естігенім  бар.  Егер  білікті  офицерлері  болса,  қазақтар  ҽлемдегі  ең  ҽйгілі  атты 

 
81 
ҽскер  қҧрар  еді.  Оларға  тарихта  даңқы  асқан  Шыңғыс  хан  жиһангерлерінің  керемет 
қасиеттерінің бҽрі тҽн». 
              Ресейдің ҽскери тарихшысы В. Потто кезінде Кенесарыны қазақтардың Шамилі деп те 
атаған [4, 128б.]. 
             Кенесары  Қасымҧлының  ҿмірі  мен  азаттық  жолындағы  кҥресі  кҿптеген  ақын-
жазушылардың  шығармаларына  арқау  болды.  Нысанбай  ақынның  «Кенесары  -  Наурызбай 
дастаны»  1875  жылы  сҧлтан  Жантҿриннің  тҽржімасымен  «Орыс  географиялық  қоғамы 
Орынбор бҿлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды.  
           ХХ  ғасырдың  30-жылдары  М.Ҽуезов  «Хан  Кене»  пьесасын,  60-жылдары  И.Есенберлин 
«Қаһар»  романын  жазды.  1888  жылы  Ташкентте  «Кенесары  мен  Садық»  деген  атпен  шыққан 
Кенесарының  баласы  сҧлтан  Ахмет  Кенесариннің  естеліктер  жинағы  да  қҧнды  еңбек  болып 
табылады.  Кеңес  ҥкіметі  тҧсында  Кенесарының  кҥрес  жолына  іргелі  ғылыми  зерттеу  арнаған 
тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов саяси қуғын-сҥргінге ҧшырады. Кенесары Қасымҧлы тҧлғасына 
жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тҽуелсіз мемлекетке жеткеннен кейін 
ғана қолға алынды          [6, 128-132бб.]. 
Кенесары мен кҿтеріліске қатысқан батырлар туралы жырлардың біразының авторлары 
ел жадында сақталған. Олардың қатарында Нысанбай, Досқожа, Кҥдері, Кҿкбай т. б. Ақындар 
айырықша  орын  алады.  Бҧлардың  жырлары  ауызша  дҽстҥрдің  ҥлгісінде  шығарылып,  ел 
арасында ҧзақ жылдар бойы тҿгілте жырланып келген. Бір ғажабы: осы ақындар мҧрасына ауыз 
ҽдебиеті  ҥлгісінің  аясында  қарағанымызбен,  олардың  ҿзіне  ғана  тҽн  қолтаңбасын  кҿрмеу 
мҥмкін емес. Ондай ҿзгешелік – ең алдымен ақындардың ҿзі жырлап отырған оқиғаны, жалпы 
ел басына тҥскен қасіретті ҿз басынан кешіруімен байланысты. 
 
Шығармалардың  енді  бір  тобы  –  Кенесары  кҿтерілісіне  байланысты  шағын  ҿлеңдер. 
Олардың  жанрлық  сипаты  тҥрліше.  Арасында  жоқтау  (Наурызбайдың  Саржанды  жоқтауы), 
естірту  (Саурықтың  естіртуі),  қоштасу  (Наурызбайдың  ҿлердегі  сҿзі)  сияқты  тҧрмыс-салт 
жырының  нақтылы  тарихи  ситуациямен  толысып,  салт  пен  ҿмір  шындығының  нақтылы 
ҧштасқан тҥрін де кездестіреміз [3,14б.].  
           Кенесары  -  Наурызбай  туралы  ҽдебиет  қазыналарының  басында  атақты  Нысанбай 
жыраудың  «Кенесары  -  Наурызбай»  дастаны  тҧр. Бҧл  -  романға  бергісіз  аса  шебер  жазылған, 
ішінде  соғыстың  ғажайып  суреті,  батырлардың  мінездемесі  мен  іс-қимылы,  ең  аяғы  қару-
жарағы, атына дейін толық  сипатталған. Кҿз алдыңнан бейне кино лентасындай ҿтіп жататын 
жанды  қимылға  толы,  кей  жерде  сағынышы,  мҧңы,  ҿкішші  мен  жоқтауы  араласып  жататын 
психологиялық,  драмалық  қасиетке  бай  шығарманың біздің  кезіміздегі  алмағайып  саясатқа 
байланысты  кҿрмеген  қорлығы  жоқ.  Кенесары  атына  тиым  салған  да,  оған  да  тиым  салған, 
қҧлыптаған. 
Ықпалы кҥшті ер еді, 
Киімді бала тудырған. 
Абылайлатып aт қойған 
Дҧшпанды кҿрсе, 
 
Кҿп сағынтып келместей 
Кенекем, саған не болды? 
Кенекемді жауға қалдырып 
Кҿк бурыл саған не болды? - деп сағынады Нысанбай. 
 
Дастанды кейінгі, осы кҥнгі бір басылымда жырым-жырымын шығарып берген. Оның себебі 
тҥсінікті. Алайда шындықтың аты - шындық. Оны бҥркегеннен ешкімге пайда жоқ. Нысанбай 
дастанынан  соңғы  бір  ҥлкен  шығарма  -  «Наурызбай  -  Қаншайым»  шығармасы.  Бҧл  поэмада 
Наурызбайдың  сҥйген  жары  Қаншайыммен  кездесіп,  қосылу  тарихы  баяндалады  ғой.  Біздің 
бала кезімізде осы дастан хрестоматия, оқулықтарда басылып жҥрді: 
Абылайдан ару  Қасым туған, 
Еңсесі жауларынан басым туған, 
Туғанда анасынан қан шелгелдеп, 
Қызартып екі кҿзін ашып туған. 

 
82 
Анасы Наурызбайдың бҿлек еді, 
Қатардан ҿзі туған зерек еді. 
Дҥниеден қайран ерлер ҿтіп кетті 
Қазақтың баласына керек еді. [3, 111б.] 
Осыдан  қарапайым  соңғы  жол,  ҽсіресе  «керек  еді»  деген  сҿз  қандай  азынап  тҧр  десеңізші. 
Поэманың  авторы  белгісіз.  Мҧнда  Қаншайым  оң  жаққа  келін  болып  тҥскен  сҽтте  қайынағасы 
Кененің  кҿзі  тиіп  ҿлді  дейді  ғой.  Кененің  кҿз  сҧғы  сҧрапыл  ҿткір  болса  керек.  Наурызбай 
бақытсыздығы  Қаншайым  ҿлімінен  басталады.  Аяғы  белгілі,  не  ҥй,  жар,  бала  жоқ,  қыршын 
боздақ жиырма бес жасында мерт болған. Осындай авторлары белгісіз жеке-жеке ҿлең-жырлар 
ел аузында ҿте кҽп сақталған. 
 
Ҥшінші  бір  ҥлкен  шығарма  -  тҧңғыш  қазақ  журналисі  ҽрі  тамаша  ақын  Мҧхамеджан 
Сералиннің  «Топжарған»  («Жауыр  торы»)  поэмасы.  Мҧнда  сол  жылдарда  Торғай  ҿлкесін 
жайлап  отырған  Кене  хан  ордасын,  онда  болған  бір  оқиғаны,  яғни  топ  жарған  атап  кеткен 
тҧлпардың  Кенеге  қалай  келгені  жайыңда  айтылады.  Оқығандарға  белгілі  шығар,  халық  осы 
кезге  дейін  жатқа  айтады.  Осы  дастанда  -  «Топжарғанда»  Кененің  ҿз  тҧлпары  Кҿкбурылдың 
қайдан шыққанын да айта кетеді: 
Артқада Кҿкбурырдай жҥйрік бар ма? 
Болыпты би Наурызбай деген нарда. 
Кҿкбурыл би Наурызбайдан ҧрлап алып, 
Кенеге тарту еткен Ҧры Қарға [7, 208б.], - дейді. 
Қарға - Нҧрхан Ахметбековтың атақты  «Ҧры Қарға» поэмасының кейіпкері.  Нҧрхан  демекші, 
енді  бір  тҿртінші,  Кене  жайындағы  ҥлкен  шығарма  Н.Ахметбековтің  «Жасауыл  қырғыны» 
поэмасы.  Мҧның  баяғыда  ел  ішінде  айтып  жҥрген  нҧсқасы  ҿзгертіліп,  елуінші  жылдардағы 
саясатпен мҥлде қайта жазылған. Ондағы оқиғалар ҿңі айналдырылып, тапсырыспен керісінше 
жазылып еді. Оған ҿзім куҽмін. Болған оқиғадағы кейіпкерлер де сол Ҽлім ауылының адамдары 
еді.  Торғайда  «Байтабын  соры»  деген  жер  ҽлі  бар.  Бертін  келе  бҽрімізге  мҽлім,  Мағжан 
Жҧмабаевтың «Кҿкшетау» поэмасы, ондағы: 
Арқада Кҿкшетауға жер жетпейді
Басқа жер кҿңілді ондай тербетпейді, 
Арқада Кҿкшетауға жер жетпесе, 
Қазақта  Кенекеме  ер  жетпейді  [4,  218б.],  -дегенін  жҧрт  қазір  ҽнге  қосып  айтады.  Одан 
бері  келгенде  қазақтың  тағы  бір  ҧлы  ақыны  Ілияс  Жансҥгіров  осы  Кенесары  тақырыбында 
«Кҥйші» дастанын жазды. Оған Кенесарының Жетісу ҿлкесіне ауған кезінде болған. Бҧл кҿпке 
мҽлім ғажайып шабытты дастанның бір жерінде Кененің екі-ақ жолмен берілген портреті бар: 
Жанжалды ҥй арасы ҧшасынып, 
Арыстан отыр тҿрде тісі ақсиып,  дейтін. 
Ҥй арасы дегені қазақ арасы, ол оған араласпайды. Оның қиял-арманы алыста жатыр [2, 182б.]. 
Ілияс  Жансҥгіровтен  кейінгі  буында  Қалижан  Бекхожин  «Батыр  Науан»  поэмасын 
жазды. Бірақ, кҿп ҧзамай, соғыстың аяғын ала Кенесарыға қарсы науқан қайта басталып кетті 
де,  алдында  ғана  жазылған  Мариям  Хакімжанованың  «Мҽншҥк»  поэмасының  алғашқы 
нҧсқасымен  бірге  катты  сынға  ҧшырады. «Мҽншҥкте»  Бопай  қыз  туралы  сҿз  болған.  "Мен 
алпысыншы жылдардың ортасында Қызылжар қаласынан - жалпы солтҥстік ҿлкесінен оралып, 
бір  топ  ҿлең  жаздым.  Соның  ішінде  «Абайдың  ақ  ҥйі»  деген  ҿлең  бар  еді.  Цензураның  қалай 
ҿткізіп  жібергенін  білмеймін,  кітап  жарыққа  шыққан  соң,  сҿзге,  жазғырғандарға  қатты 
ҧшырағаным бар. Сондықтан сол ҿлеңнің ішіндегі бір шумақ 
Ҽлі кҥнге бір сҧрақ - мен аңғарман, - 
Сҧрап келем ҽліде адамдардан. 
Ҿзге жҧртың хандары жақсы болып, 
Біздің  хандар  қалайша  жаман  болған?  -  деген  сауал  еді.  Ол  кезде  ол  сҧраққа  жауап 
бермек тҥгілі, «олай» деп сҧрап не шаруаң бар? дегенге қалғанбыз [3, 124б.]. 
          Кенесары  Қасымҧлы  бастаған  ҧлт-азаттық  қозғалыс  қазақ  жерінде  ҥш  жҥздің 
халқын  тҥгелге  жуық  қамтыған  жҽне  ҧзақ  уақыт  бойы  жҥргізілген  кҿтеріліс  еді.  Оның  патша 

 
83 
ҿкіметінің отарлау саясатына қарсы бҧқаралық сипатымен жҽне қазақ халқының тарихында ірі 
прогресшіл  бағытымен  айқындалды.  Бҥгін  дербес  мемлекет,  қазақия  қағанаты  болып  тҧған 
шақта  -  оның  мҿңгі  шежіре  кітабы  ҽулие  дҧалығы  -  Кҿкшетауды  кҿздің  қарашығындай 
сақтауымыз керек.  
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
А.Ф. Рязанов. Кенесары. Алматы, 1993  
2.
 
Ақжолтай Ағыбай батыр. -Алматы, 2002. 
3.
 
Тарихи жырлар. Ҥшінші том. Кенесары – Наурызбай. Алматы, 1996. 
4.
 
Валиханов  Э. Кенесары хан - Алматы,  Арда, 2007.  
5.
 
Қасымбаев Ж. Кенесары хан. –Алматы, Қазақстан, 1993.  
6.
 
Ыбырай Е. Кенесары бастаған қазақ халқының ҧлт-азаттық кҥресі (1837-1847жж). 
7.
 
Қасымбаев Ж. Кенесары Қасымов. – Алматы, Аруна, 2005.   
 
 
8.
 
УДК 82-14 
ДУМАН РАМАЗАН ЖҼНЕ ОНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
Қасымова К. Ж., 
come_on_kamshat@mail.ru
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі – Р.С.Тҧрысбек 
 
 
Ҽдебиет  –  ар  айнасы    һҽм  ҽдемі  ҽлем,ҽсемдік  пен  сҧлулықтың  символы,  шындықтың 
шырағы,сҽулесі.  Ҽдеби  туынды  табиғатынан    қоғам-  кезең  кҿріністері  ғана  емес,ҿмір  –
уақыттың  шындық пен сырлары, адам ҽлемінің мың сан иірімдері, ең негізгісі – жазушы еңбегі 
мен шығармашылық жҧмыстың бейнет  –зейнеті, осы бағыттағы ізденіс арналары, зерттеу мен 
зерделеудің сыры мен сымбаты,кҿркемдік танымның тамыр-тынысы да танылады. 
   Арыдағы  –  «Авеста»  ҽлемінде,кешегі  –  Кҥлтегін,  Тоныкҿк  туралы  туындылардың  алтын 
арқауында  –дҽуір  дидарымен  бірге  ҿмір  шындықтары,  болмыс-  қҧбыластарының  мың  сан 
арналы  ирім  –сырлары  арқау  етілген.  Қорқыт  мҧралары  –  қоғам-кезеңнің,  халық  тағдырының 
кҿрініс –суреттерін мҧң- шермен де,жыр- сырмен де,кҥй-ҽуенмен де табиғи жеткізеді. 
 
Бҧл арна – ҽл –Фарабиден –Абайға,Ҽуезов ҽлеміне еркін еніп, кеше мен бҥгін ара қатынасын, 
дҽстҥр жалғасын, ондағы  ҧлттық сипатты кең кҿлемде кҿрсетті. 
      
Мҧның бҽрінен: ҧлт мҧраты, тарих тағылымы, ҿткен кезең – уақыттың ҥні мен сыры, 
жылнама  – шежіресі   кеңінен кҿрініс тапты. Бҧл кҿрініс жайыттар руханият ҽлемінен, ҽсіресе 
ақын –жазушылар мҧра –мирастарынан, ондағы шығармашылық жҧмыс табиғатынан кең орын  
алды. 
     Жазушы  еңбегіндегі  бейнет  пен  зейнет  туралы  қаламгерлер  қауымы  ҽр  кез-ақ  айтудай-ақ 
айтып,  жазудай-ақ  жазып  келген-ді.  Осы    орайда,  Сақҧлақ  би  айтқан:  «Адамның  басшысы  – 
ақыл,  жетекшісі  -  талап,  шолушысы  –  ой,  жолдасы  –  кҽсіп,  қорғаны  –  сабыр,  қорғаушысы  – 
мінез, сынаушысы  – халық» екенін ескерсек,  ҽдеби процесс табиғатының, жазушы еңбегі  мен 
шығармашылық жҧмыстың маңызы мен мҽні еселеп артары анық. 
     Қандай  да  болмасын  ірі  дарын  иесінің  шығармашылық  ҽлемін  тануда  шығармашылық 
зертхана мҽселесі  ерекше орын алды. Сҿз ҿнерінде ерекше орын алатын суреткер туындысың 
жазылу тарихымен қатар сол жазу ҥдерісінің шығармашылық шеберлігі. Сыншы мен ақынның 
ҿнер табиғатын байыптаудағы  эстетикалық таным  –білігі  ҥнемі ҥйлесімде  жҽне де пенделік 
сыйластығы да қашанда жарасым биігінде  бола бермейтіні жасырын емес. 
Кең  арналы  қазақ  ҽдебиетінің    табалдырығын    тоқсаныныншы  жылдардың  басында  аттап, 
бҥгіндері  қабырғалы    қаламгерге  айналып  ҥлгерген  Думан  Рамазанның    шығармашылығы 
туралы  кеңінен  кҿсілуге  болар  еді.  Бірақ  біз  негізгі    тақырыптан  ауытқымай,суреткердің 
шығармашылық зертханасы тҿңірегінде сҿз қозғап, ой ҿрбітпекпіз. 

 
84 
     Табиғат  зерттеушісі  Бюффонның:  «Талант  дегеніміз  –  тҿзім»  дегенін  ойға  алсақ,  жазушы 
еңбегі  мен  шығармашылық  процестің  ҿзіндік  белгілі  қасиеттері  барын,  оның  ҿзі  ақын  –
жазушылар  ҿмірінде  ҽр  тҥрлі  із  бедері,  бастау  –  арнасы,  кҿркемдік  қҧпиясы,  шежіре  –сыры  
болатындығын  ақын  аңғартады.  Ал  талантты  жазушы    Думан  Рамазанның  талант  туралы  ҿз 
тҧжырымы бар: Талант дегенді кҿзбен кҿріп, қолмен ҧстаған ешкім жоқ! Талант деген не нҽрсе 
ҿзі?!  Оны  мен  тап  басып  айтып,  дҽл  тҥсіндіріп  бере  алмаймын.  Бірақ  ҿзімше  шамалайтыным 
рас. Кез келген адамның бір нҽрсеге  бейімі,ерекше қабілеті  болады. Мҥмкін, талант дегеннің 
ҿзі сол шығар. Сол бейімді жетілдіре берсе, Қҧдай берген сол қабілет – қарымын шыңдай тҥссе, 
кез келген шығармашылық адамы бір нҽтежиеге жетеді ғой деп ойлаймын». 
Айталық,  «  Бальзак  пен  Достоевский  тҥнде  жазса,  Пушкин    мен  Паустовский  –  кҥз  айларын, 
Шиллер кҿктемді ҧнатады екен. Сол  секілді К.Паустовский  тек кҿлемі ҥлкен  параққа жазып, 
таза киініп, жинақы отырған. Вольтер жамбастап, я болмаса креслода шіреніп отырған жазған» 
[1,174].  Ал Думан Рамазан ҿзінің шығармашылық зертханасы  туралы былай  дейді: « Мен  бап 
таба алмайтын адаммын. Ерекше кҥтімді де қажетсінбеймін. Қалаған  уақытымда столға отыра 
беремін.  Ал  жазу  жазып  отырғанда  ешкімнің  мазаламауын,тылсым  тыныштық  орнағанын 
қалаймын. Шыбын – шіркей  жҥрсе міндетті тҥрде бҿлмеден  қуып шығамын, болмаса ҿлтіріп 
тастаймын.  Яғни,  ешкімнің  де,  ешнҽрсенің  деойымды  бҿлмегенін    дҧрыс  кҿремін.  Сонда  да 
қаламым  жҥрмей  қоятын  кездер  болады.  Ондайда  тез  тҧрып  кетемін  де,басқа  нҽрсемен 
айналысамын.  Ҿмірі  тҥнде  шығарма  жазған  емеспін.  Ҽр  нҽрсе  ҿз  уақытымен,  ҿз  кезегімен 
болғаны  дҧрыс  деп  ойлаймын.Тҥнде  адам  дем  алу  керек,яғни  ҧйықтау  керек.  Негізі  ҿзім  жай 
жатамын, он екіден бҧрын  жастыққа басым тиер кҥндер сирек, бірақ ерте тҧрамын. Ҿмірі онға 
дейін ҧйықтаған емеспін. Бҧл бала кезден келе жатқан дағды. Ал бір шығарманы бастап кетсем, 
бітіргенше тыным таппаймын. Таңертеңгі жетіден, кешке он екіге дейін тапжылмай жазу жазып 
отыра  беруім  мҥмкін.  Қаламмен  кҿркем  шығарма  жазбағалы  бес-  алты  жылдан  асты,  бірден 
компьютерге  тҥсіремін.  Ҽрі  ыңғайлы,  ҽрі  уақытыңды  ҥнемдейсің.  Ҧнамай  қалған  жері  болса, 
ҿшіріп  тастап  қайта  жаза  саласың,олпы  –солпы  сҿйлемдерді  де  тҥзей  салу  да  онша  қиынға 
соқпайды. Ал тамақ ішпей қалу деген ҽдет менде жоқ. Дҥние кҥйіп бара жатса да, таңертеңгі, 
тҥскі,кешкі  астарды  ҿз  уақытымен  ішкенді  ҧнатамын.  Егер  ерінбей  еңбек  етсен,  кҥндіз  талай 
нҽрсе  бітіріп  тастауға  болады  ғой.  Тек    бітпейтін  кҿп  сылтау  –себептерге  жҥгіне  бермесек 
болғаны.  Сондықтан  шығармашылық  зертханамда    ҿзгеше  ештене  жоқ.  Негізінен  болашақ 
шығарманы  миым  мен  ойымда  ҽбден  пісіріп  аламын  да,  содан  кейін  ғана  жазуға  отырамын. 
Кейде тез жазылады, ал кейде ҧзаққа созылып кететініде рас». 
     Бҧдан,  ҽрине  жазушының  еңбегінің,  шығармашылық  жҧмыстың  азап  –рахатынан  ҿзге  – 
Азаматтық    қҧндылықтарға,  Адам  ҽлемі  мен  еңбегіне,  ҿмір  -  тҧрмыс  сырларына    деген  
жауапкершілік,  қарыз  –парыз  ісі  терең  танылады.  Ҿмір  –  кҥрес,  еңбек  –  бақыт,  рахат 
турасындағы  жанкешті  сапар  да,  шығармашылық  жҧмыстың  рухани  олжа  –лҽззаты  да  басты 
назарда  тҧрады.  Ең  негізгісі,  қоғам  байлығы  –    Адамға  қызмет  ету,  мҽдени-  рухани  талғамын 
тҽрбиелеу, сол арқылы жазушы еңбегін,шығармашылықтың табиғатын таныту мҧраты айқын. 
   Осы  тҧрғыдан  алып  қарағанда,  жазушы  шығармашылығына  баға  беретін  оқырман  туралы 
Думан  Рамазан:  «  Менің  ойымша  ҥш  тҥрлі  оқырман  болады:  біріншісі,  шығарманы  оқиды 
да,одан  лҽззат  алады.  Яғни  шығармадағы  оқиғаға,  болмаса  тіліне,  яғни  кҿркемдігіне 
қызығушылығы;  екіншісі,  ол  да  оқиды,  қызығады,  айтады.  Жазушының  не  айтқысы  келгенін, 
идеясын, шығарма ҿзегін кҿргісі келеді; ҥшіншісі, шығарманы оқу арқылы салыстырмалы тҥрде 
кҿзге кҿрінбейтін нҽрселерді  іздейді. Менің ойымша, шығарма  осы  бар ҥшінші оқырманның 
ҥдесінен  шыға білу керек». 
     Жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  жҧмыстың  басты  белгісі  –  Еңбек  болса,  бҧл  бағыт  – 
арна  Алаштың  қайраткер  –    қаламгерлері  (А.Байтҧрсынов,  Ҽ.Бҿкейханов,    М.Дулатов,  
М.Жҧмабаев,    Ж.Аймауытҧлы,  Қ.Кемеңгерҧлы,    С.Сҽдуақасов  т.б.)ҧлт    мҧраты    мен    ҧрпақ  
ҧлағатын, тҽуелсіздік талаптарын ҽр алуан жанрда, кҿзқарас эволюциялары арқылы баяндады. 
Қазақ қаламгерлері,атап айтқанда С.Мҧқанов туындыларынан халық ҿмірі, тарихы мен тағдыры 
кҿркем  баяндау,  дерек  –дҽйектер  негізінде  кең  ҿріс  алса,  М.Ҽуезов  шығармаларында  қоғам  –
кезең  кҿріністері,  тарих    пен  таным  тоғысы  біртҧтас  сипат  алса,  І.Есенберлиннің  « 

 
85 
Кҿшпенділер»  трилогиясындағы  халықтың    дҽстҥрлі  мҽдениеті  тарихи  –  этнографиялық 
деректер негізінде кең ҿріс алды. 
 
 Думан  Рамазанның    ҿмірлік  принциптерінің  бірі  –  ҧлтқа  қызмет  ету,  ҧлттың  сҿзін  сҿйлеу. 
Кҿпшіліктің  кҿкейіндегі  билік  басындағыларға  жеткізу,  ҧлттық  мҽселелерді  кҿтеру.  Оның 
ойынша, Ел, Ҧлт, Тҽуелсіздік десе, Кенесары сияқты ҧлы тҧлғалар еске тҥседі. Думан Рамазан 
Кенесары  тақырыбын  неліктен    шиырлап  жҥргені  туралы  былайша  толғанады:  «Кенесары 
бабамызға бҥйрегім ерекше бҧрады. Елінің еркіндігі ҥшін атқа қонып, тҽуелсіздік ҥшін жанын 
қҧрбандыққа  шалған  адамды  қалай  қҧрметтемейсің?!  Егер  ҿзінің  жеке  мҥддесі  мен  қарақан 
басының  қамын  ойласа,  батыр  бабамыз  сол  кезде-ақ  шалқып  ҿмрі  сҥрер  еді.  Сондықтан 
Кенесары    бабамыздың  ҿмірі  мен  ерлігі  жас  ҧрпаққа  ҥлгі  –ҿнеге.  Ҿйткені  кез-  келген  ҧлтқа  
тҽуелсіздіктен артық бақ та, бақыт та жоқ. Ешқандай жҧмыр басты пенде елі бодандықта болса 
бақыттың  шынайы  тҽтті  дҽмінде  тата  алмайды.  Ендеше  тҽуелсіздік  жолында  қызмет  еткен, 
кҥрескен ҽрбір тарихи тҧлғаның есімі сол ҧлттың тарихында алтын ҽріптермен  жазылу керек. 
Ҿмірі  мен  еңбектері  лайықты    бағалануы  керек!  Міне  Кенесары  тақырыбына  келуімнің  бір 
себебі  осы...»    Қазақша  айтқанда,  ҧлттың  кҿкейіндегісін  басып  айту  –  қолына  қалам  ҧстаған 
ҽрбір қаламгердің міндеті. 
     Бҧл  тҧстардан  да  жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  жҧмыстың  алуан  ҥлгі–  ҿрнектері, 
ҽдеби  ҥрдіс  пен  қолтаңба  мҽнері,  ой  –сҿз  жҥйелерінің  сҧлу  –сиқырлы  сҽттері  бедерлі  ,кҿркем 
келісім қҧрайды. Ҿйткені,  ой  –маржан,  сҿз  –ҿнер болса, қалам  мен  қағаздың киесі  бар, иесі  – 
халық!  Руханият  мҧраты,  кҿркемдік  кҿкжиегі,  сҿз  қҧдіретінің  сыры  мен  сымбаты  да  осында 
болса керек.  
   Жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  жҧмыстың  сыры  мен  сымбаты:  «Беталыс»,    «Уақыт 
жҽне  қаламгер»,    «Сҿзстан»  сынды  ҽдеби  жинақтарға  енген  қазақ    ақын  -  жазушыларының  – 
«Біз қалай  жазамыз?» деген ортақ сҧрақ тҿңіріндегі жазбаларынан (мысалы, Д.Ҽбілов – « Ақын 
арманы» туралы сыр; М.Ҽуезов – «Абай» романынның жазылу жайынан; 
М.Қаратаев – «Сындағы соқпағым»; Т.Молдағалиев – «Ҿлең – менің ҿз анам»; Қ.Мырзалиев – 
«Жазушы ҽдеті жайында»; Р.Нҧрғалиев –  «Бір мақала хақында», т.б.) кеңінен кҿрініс тапқаны 
анық.  Мҧнда,  ҽсіресе  талант  табиғаты  мен  тағылым  –  тҽлімі,  қаламгер  қабілеті  мен  қасиеті, 
қысқасы жазушы еңбегі мен шығармашылық жҧмыстың сыр – сипаттары кеңінен орын алады. 
Тегінде,  «Жҧлдыз»,  «Атамекен»,  «Таң–Шолпан»,  «Жалын»,  «Тамыр»  т.б.  қоғамдық–ҽдеби 
басылымдардың басты мҧратын – Жазушы еңбегі мен шығармашылық ҽлем иірімдерінің қыр – 
сыры табынып, ден қоюшылар қатары кҿбейе тҥсері  хақ.  «Бастысы:  талап  – талғам кҥшейеді, 
мҽдени  мҧраға,  рухани  –  эстетикалық  туындыларға  кҿзқарас  ҿзгереді.  «Талант  –  тумастан» 
қағидасы алдыға шығады. Қалың кҿпшілікке керегі де осы» [2,6]. 
 
Ҽдеби  –  шығармашылық  еңбектің  тҥпкі  мақсат  –  мҧраты  да  осыған  табан  тірері  анық. 
Біздіңше, бҧл бағыт – арна жазушы еңбегінің қыр – сырын ашып, шығармашылық жҧмыстың 
мҽн – маңызын айқындауды мҧрат етсе: Талант табиғаты, Қолтаңба мҽнері, Шабыт шалқары, ең 
негізгісі  –  ақын  –  қаламгердің  бейнеті  мен  зейнеті  жаңа  қырынан,  соны  сипатымен  қалың 
кҿптің рухани талап – тілектеріне жауап берері хақ. 
 
Шығармашылық  зертхана  шабыт  ҧғымына  қатысты  пайымымызды  кеңейте  тҥседі.  Шабыт 
туралы  ҽркім  ҽртҥрлі  ҽңгіме  айтады.  Шабыт  деген  не  ҿзі?  Мҽселен,  М.Мағауин:  «Менің 
ойымша,  мына  ақындар  кешіре  жатар,  шабыт  дейтін  жоқ  нҽрсе.  Шабыт  деген  жоқ...  Шабыт 
деген,  егер  бар  болатын  болса,  ол  шағын  ғана  ҧшқын  болуы  керек»,  –дейді[3,102].  Ал  Думан 
Рамазан былай дейді: «Шабыт туралы да нақты анықтама бере алмаймын. Кейде жазу столына 
отырғанда ерекше кҿңіл кҥймен отырасың. Сол кезде қаламың да зырылдап жҥріп кеп кетеді. 
Мҥмкін, соны шабыттың келуі дейтін шығар. Кім білсін?! Біреулер шабытты шақырады дейді. 
Менде ондай тылсым қҧдіреті жоқ». 
 
Шығармашылық  зертхана  –  қазақ  ҽдебиетінде  кең  ҿріс  жая  қоймаған  арна.  Бҧл  ретте 
жекелеген суреткерлердің оқырман қауыммен болған  сҧхбатындағы жекелеген ой толғамдары 
немесе  ҿзінің  шығармашылық  зертханасы  жайлы  мақалалары  назар    аудартады.  М.Мағауин 
тілімен айтқанда  «Шығармашылық психологиясы ҿз алдына бір ғылыми сияқты. Оның ҥстіне 
оқырман қауым кҿркем шығармалардың қандай жағдайда жҽне қалай туғанын білгісі келеді». 

 
86 
 
Асылы,  ҽдеби  ҥрдіс  жҽне  шығармашылық  мҽселесі  –  Сҿз  ҿнерінің  сыры  мен  сымбатын, 
кҿркемдік, шеберлік жайын, тіл – стиль сипатын кең кҿлемде танып – талдайтын, зерттеу мен 
зерделеуге кең жол ашатын арналы сала, бедерлі бағыт. Кҿркемдік қҧпиясының алтын қақпасы! 
 
Жазушы еңбегі  мен шығармашылық  жҧмыстың арна алар,  алысқа тартар, биік белестерден 
жарқырай кҿрінетін тҧсы осы сҽт.  
Бҧл – талант табиғатының шырқау биігінің, бел – белесі. 
Абай айтқан асылдар: 
Ҿнер алды – қызық тіл. 
Тіл ҿнері – дертпен тең, – дертпен тең, – бҥгін де сҽулеті – салтанатты, ақиқат айнасы. 
Ахаң – Ахмет Байтҧрсынов: «Сҿзі жоғалған жҧрттың ҿзі де жоғалады» деп анық айтты. 
Сҽбең – «Кҽдімгі Сҽбит Мҧқанов» тамыршыдай тап басып таныған: Сҿз – халықтың қымбаттан 
қымбат кені, – екенін ҧлт мҧратынан, руханият ҿрісінен, ҿмір ҿнегесінен айқын аңғарамыз. 
Мҧның  бҽрінен,  ҽрине  Ой  мен  Сҿз  жҥйесінен  бастау  алатын  –  Жазушы  еңбегі  мен 
шығармашылық ҥрдіс иірімдерінің алуан ҥлгі – ҿрнектері ерең танылады. 
 
Жазушы еңбегі жҽне шығармашылық хақында сҿз еткенде – қалам мен қағаз киесі, алғашқы 
ҽсер,  ҽдет  –  дағды,  тақырып  пен  идея,  кейіпкер  мен  прототип,  еңбек,  тҽжірибе,  талант  т.т 
алдымен еске тҥседі. 
 
«Ҽдебиет – ардың ісі» деген белгілі қағида бар. Жапон жазушысы А.Рюнесконың қаламгерге 
қатысты  «Он  ережесі»,  онда:  «Кімге  жазушы  болуды  жазса  –  болады,  жазбаса  –  болмайды» 
деген ҿмірден алынған ақиқат жайттарда да мол тағылым бар. 
 
Осы  тҧста  Думан  Рамазанның  тағы  бір  ерекшелігін  айта  кетсек,  оның  кҿлемі  ҥлкен 
шығармаға  қалам  тартпайтыны.  Ол  туралы  жазушының  ҿзі:  «»Роман  жазайын  деп  отырсам, 
жазу барысында ҽңгімеге айналып кетеді. Бҧл бірнеше мҽрте қайталанды. Бір романда айтатын 
ойды,  қысқа  ҽңгімеге  сыйдырып  жіберу  қолыңнан  келсе,  кҿп  мыжи  берудің  не  керегі  бар?! 
Чехов  та  кҿлемді  шығарма  жазбаған  ғой!  Роман  жазбады  екен  деп,  оны  ҽлемдік  ҽдебиеттің 
алтын  тҿренен  ешкім  сҥйреп  шығара  алмас.  Тіпті  бірлі  жарым  ҽңгімесіме  –  ақ  ҽдебиет 
тарихында қалған адамдар бар. Оған қарағанда біз қалай болғанда да жҥзге тарта ҽңгіме жаздық 
қой! Менің де бҥкіл болмысым, табиғатым – ҽңгіме жанрына бейім екенін тҥсіндім. Тҥсіндім де 
шағын  жанрдың  шаужайына  жармастым.  Содан  айырылғым  келмейді.  Одан  айырылсам, 
бҽрінен айырылып қалатын сияқтымын». Мысалыға Ҽ.Нҧрпейісов ҽңгімені кҿп жазбаған екен. 
Керісінше, ҽңгіме жазайын деп отырса романға айналып кетеді екен. 
 
Жазушы еңбегі мен шығармашылық ҿзара байланысты, етене ҧғым – тҥсініктер. Бірін – бірі 
байытып, толықтырады. Ҧлтқа, руханиятқа қызмет етеді. Қалың кҿптің мҽдени – рухани талабы 
мен  талғамын  биіктетіп,  кҿкжиегін  кеңейтеді.  Тақырып  табиғатына  осы  тҧрғыдан  келсек, 
Ғ.Мҥсіреповтың: «Ҽдебиет – кҽсіп емес, ҿнер», З.Қабдоловтың «Ҽдебиет – сҿз ҿнері», Қ.Мырза 
Ҽлидің:  «Жазушылық  –  мамандық  емес,  тағдыр»  деген  қанатты  ойлар  мен  толғам  – 
толғаныстарындағы  шындық  сырлары  мол.  Бҧл  бағытта  қазақ  ақын  –  жазушылары  ҥлкен 
мектеп қалыптастырды, талай танымал туындыларды қалың кҿпшілікке тарту етті.        
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Сҿзстан. – Алматы: «Жалын» , 1982.- 174б. 
2.
 
Тҧрысбек  Р.  Жазушы  еңбегі  жҽне  шығармашылық:  Оқу  қҧралы.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2004. – 228 б. 
3.
 
«Жҧлдыз» журналы. 1997. № 12 -176 б. 
4.
 
Мағауин М. Мен: Мемуарлық роман. – Алматы: «Гаухар» баспасы, 1998. 
 
УДК 82-1 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет